Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда логикалық тапсырмалардың пайдалануы.

Қазіргі таңда жас ұрпаққа тәрбие берудегі басты мақ-сат ұлттық рухы жоғары, өз Отанын, туған жерін сүйе бі-летін азамат тәрбиелеу. ХХІ ғасыр жеткіншегі дене, руха-ни ойлау жағынан жан-жақты, өз-өзіне басшы, кез-келген сәтте шешім қабылдай алатын жеке тұлға болуы тиіс. Оған "Еліміздің білім беру жүйесінің Қазақстанның бәсе-кеге нақты қабілеттілігіне қол жеткізудегі негізгі міндет-тері - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назар-баевтың 2006 жылғы 1 наурыздағы "Қазақстанның әлем-дегі бәсекеге қабілеттілігі 50 елдің қатарына кіру стра-тегиясы" атты Қазақстан халқына жолдауы" негіз болады.
Бұл үшін тәрбиешінің шығармашылдығы, жаңашылдығы, көп ізденісті қажет етеді.Ал мектепке дейінгі оқытуда білім, білік дағдыларымен қатар тәрбие жұмыстарының сан алуан, қызықты, тартымды, баланы қажытып алмайтындай жұмыс түрлерін жүргізу тәрбиешіден шеберлікті талап етеді.
Мектепке дейінгі шақта бала бойына білім мен білік-тілікті, шығармашылық пен ізденімпаздықты, қабілеттілік пен іскерлікті, еңбек сүйгіштікті, танымдық қасиеттерді жинақтап дамыту барысында табиғатпен тереңірек таныстырудың ерекше орны бар екенін мәлім. Бала өмірінің алғашқы жеті жылы - денсаулықтың, ақыл-ой, адамгершілік, еңбек және экологиялық дамудың негіздері қаланатын өте маңызды кезең.
Балаларды табиғатпен таныстыруда алдымызда мнандай мақсат тұрады: балалардың табиғатқа деген көзқарасын дамыту,өлі және тірі табиғатпен таныстыру, ол туралы өз ой-пікірін айтуға үйрету. Өз өлкеміздің аң-құстарын, өсімдіктерін таныту, қорғауға, әсемдігін көруге, сезінуге, пайдасын түсінуге тәрбиелеу.
Міндеттері: 1. Болашақ табиғат жанашыры болатын ұрпақ тәрбиелеу.
2. Мектепке дейінгілердің экологиялық көз қарастарын
кеңейту және жүйелеу.
3. Тәжірибелер жасау және алған нәтижеден
тұжырым шығаруға үйрету.
4. Шығармашылықты, елестету мен ойлауды дамыту.
Баланы мектеп жасына дейінгі кезеңнен өзі өсіп-өне-тін ортасын, қоршаған табиғатын бағалай білуге және оларға дұрыс қарауға үйретудің маңызы зор. Ол үшін оқытудың бүкіл үрдісіне экологиялық білімдерді енгізген жөн. Күштемеу, сүйіспеншілік, шындықты білуге талаптану және парасатты мінез-құлық сияқты адамдық қасиеттерді тану үрдісінде балалар адамның табиғат алдындағы жауапкершілігін түсіне біледі. Күштемеу деген табиғатқа жасалып тұрғанның кез-келгеніне мейлі ол ағаш, көбелек, бұтақ болсын оларға ешбір зиян келтірмеу керек дегенді білдіреді. Балалар тірі атаулының бәрін бағалай білуі тиіс. Табиғатқа деген сүйіспеншілікті тек оның әсемдігімен масаттану және тынығуға жиі бару деп түсінбеу керек. Балалардың өздері де ағаштар отырғызуға, бұлақтардың көзін ашуға, ұя жасауға қатысып, табиғатқа зиян келтіретін тұрмыстық қалдықтардан құтылудың тәсілдері туралы сұрақ-тарға жауаптар іздейді.
Сайф Сарай: - "Ағаштың жемісін жеймін десең, түбіне балта шаппа..." - деген екен. Жас бала тамылжыған табиғатқа, әсем әуенге, айналадағы әсемдікке қызығады, содан әсерленеді, көркемдікті түсініп, оның мәнін түсі-неді, әсемдікті танып, талғауды үйренеді. Мысалы: Балаларды гүлдермен таныстыру кезінде, олар олардың түрлерімен, пайдасымен тапсырмалар арқылы танысып, хош иісімен далаға берер әсемдігін көреді, сезінеді. Осы сұлулықты бұзғылары келмейді. Оны елестету арқылы парақ бетіне өз қиялдарынан бейнелеп салады.

Жоспарлы - прогностикалық оқыту үрдісінің біріккен сұлбасы

Тіл дамыту
Сауат ашу
Саз тәрбиесі
"Табиғатпен таныстыру арқылы айнала қоршаған ортаны тануға деген қызығушылықты дамыту"
Айналамен таныстыру
Көркем
әдебиет
Сурет
Қарапайым математи
калық түсініктерді қалыптастыру
Ойын
әрекеттері
Экология
Еңбек
қызметі
Мектеппен байланыс

Өлі және тірі табиғат нысандарына деген қызығушы-лық өте ерте жастан қалыптаса бастайды. Балалар бәрін байқайды: орман алқабындағы еңбекшіл құмырсқалар илеуін қалың шөптегі кіп-кішкентай өрмекшіні, ағаш басындағы ұяларды т.б.
Балалардың көңілін табиғаттағы маусымдық өзгерістер, түстердің ашықтығы, әр түрлі дыбыстар, иістер тартады. Олар өздеріне жаңа әлем ашады: барлығын қолмен ұстап қарауға, иіскеуге, егер жағдай болса дәмін көруге тырысады.

Баланың айнала қоршаған табиғатқа қызығушылығын ескере отырып, экологияға деген сүйіспеншілік, қорғаушылықты тәрбиелеу керекпіз. Ең маңыздысы біздің табиғатты сүюіміз және соны балаларға жеткізуіміз, біз та-биғатсыз өмір сүре алмайтынымызды балаға түсіндіру. Қазіргі таңда балалардың дамуында экологиялық біліктілігіміздің, жаңа технологиялардың маңызы ерекше. Экологиялық тәрбие адамгершілік тәрбиесімен өте тығыз байланысты. Әсемдіктен сусындау, оны қабылдау, түсіне және сезіне білу адамгершілік негіздерді қалыптастыруға көмектеседі. Оның міндеттері күрделі де сан алуан. Экологиялық тәрбие балалардың сезімдері мен санасына ықпал жасап, көзқарастары мен нанымдардың орнығуына жәр-демдесе отырып, оның дүниетанымын қалыптастыруға елеулі үлесін қосады. Тіпті балаларға табиғаттағы адамдар еңбегінің маңыздылығын көріп, бағалауды үйретеміз.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде, мақсатты серуендер мен саяхаттарда ойындарды қолдану көп жетістіктерге жеткізді. Ойын тәр-биешілер мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзін – өзі тану сабақтарын табиғат аясында ұйымдастыру ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат туралы ұғымды қалыптастыру
Балалар бақшасындағы балаларды табиғатпен таныстыру бағдарламасының мазмұны
Балалардың табиғатпен таныстыру туралы түсінік қалыптастыру және олардың маңызы
Қоршаған ортамен таныстыру ұйымдастырылған оқу іс әрекетінде қолданылатын дидактикалық ойындар және оның маңызы
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық тәрбие беру
Мектепке дейінгі балаларды туған жердің табиғатымен таныстыру және экологиялық тәрбие беру
Мектеп жасына дейінгі балаларды табиғатпен таныстыруда дидактикалық ойындарды қолдану
Мектеп жасына дейінгі балаға экологиялық тәрбие беру маңыздылығы
Табиғатпен таныстыру кезінде балалармен серуенді ұйымдастыру
Пәндер