МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
Жиенбаева С. Н. - п. ғ. д., профессор;
Омарова М. - магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жан-жақты дамыған білімді, өз ісіне және өзгенің ісіне әділ баға бере алатын жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында, 2011-2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген. Бұл межелі міндет мектепке дейінгі ұйымке дейінгі кезеңнен басталып, жаңа бағыттары қарастырылуда.
Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі білім жаңа мазмұнмен байытылып, мектепке дейінгі ұйымке дейігі баланың қабілеттерін дамыту, оның бойында түйінді құзыреттіліктерді қалыптастыру міндетін шешуге бағытталған. Қазіргі әлемдік өркениетте экономикалық жағдайға сәйкес білімдік мақсаттарды стандарттау, білім берудің бағыты тұлғаның құзыретін жалпы дамыту және жеке жағдайда түйінді құзыреттілігін қалыптастырудың қажеттілігі айқындалып отыр.
«Балапан» бағдарламасында «Мектепке дейінгі ұйымке дейінгі ұйымдардың тапшылығын азайту жөнінде 2009 жылдың аяғында қабылданған шаралар балалардың қамту көрсеткішін 37-ден 38, 7 %-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді: республикада қосымша 17 155 орынға арналған 404 мектепке дейінгі ұйымке дейінгі ұйым қосымша іске қосылды». Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 -2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы «Мазмұнды жаңарту, кадрлармен қамтамасыз ету 2015 жылға қарай МЖБС-ның жетекші білім салаларына сəйкес 5 оқу бағдарламасын жаңарту жоспарлануда. Əрбір оқу бағдарламасы үшін оқу-əдістемелік кешендер əзірленеді (жыл сайын 5 бірліктен, барлығы 25) . » делінген.
Осы міндеттерді жүзеге асыруда тұлғаны дамытуға, оның әлеуетін анықтауға, дербестігін қалыптастыруға бағытталған дәстүрлі сабақ жүйесінің орнына ізгіліктік философия, психология және педагогиканың идеяларын біріктірген тұлғалық-бағдарлы оқыту жүйесі келуде. Аталған жүйе адамды субъект, өз өмірін жасаушы қалыптастыруға мүмкіндік береді; балаларды белсенділіктің барлық түрін (танымдық, әлеуметтік, шығармашылық және т. б. ) жауапкершілікпен жүзеге асыруға үйретеді. Адамзат баласының алға қарай сатылап өркениетке жетуі әр адамның іс-әрекеттегі жаңашылдығына, жаңаны ойлап табуына, шығармашылық болмысына байланысты. Шығармашылық мәселесі адамзатты ежелден - ақ толғандырып келген және қазіргі күнге дейін түбіне жеткен жоқ. Берілген сұрақтың философиялық шешімі шығармашылықты жаңа дүниенің туындысы деп қарастырып, шығармашылық акттың мәнін түсіндіргісі келеді.
Тұлғаның іс-әрекетіндегі шығармашылық теориялық таным деңгейінде, ойлаудың жоғары сатысында іске асатындығы В. Бердяев, М. М. Бахтин, Э. Г. Юдин, А. Спиркин, М. Попани, Ә. Нысанбаев, Д. Кішібеков, Г. Нұрышева т. б. ғалымдардың еңбектерінде, адамның ақиқат өмірдегі өзін-өзі тануға ұмтылуы, өздігінен ізденуінен туындайтын жаңа тұлғалық сапаларының көрінуі деп тұжырымдалған. Оның ішінде В. Бердяев адамның шығармашылық дамуы іс-әрекет арқылы өзін-өзі тануы, өзін-өзі жетілдіру тұрғысынан түсіндіреді. А. Г. Спиркин шығармашылықты келесі түрде анықтайды « . . . бұл практикалық және ойлау қызметі, керемет әрі қайталанбас құндылықтар жасау, жаңа фактілерді, қасиеттерді, заңдылықтарды, сондай-ақ зерттеу әдістерін анықтау осы қызметтің нәтижесі болып табылады. Бұл жағдайда мынаны атап өту қажет: мәдениет тарихи жағынан алғанда жаңа болып келсе, жаңалық обективті әрі әлеуметтік жақтан маңызды болғаны, ал егер ол автор үшін ғана жаңа болса, жаңалық субъективті әрі қоғамдық маңызға ие болмағаны». Автор бұл анықтамада шығармашылық процестің объективтілігін бөліп көрсетеді. Біз шығармашылық, адамның процесс барысында қоғамдық маңызы бар жаңаны танитын, ашатын, ойлап табатын, жасап шығаратын қызметі деген жалпыға танымал көзқарасты қолдаймыз. Шығармашылықтың мәні жаңаны, озатты, ілгерішілдікті көре білу деп анықтама бергенді қолдамаймыз. Біздің ойымызша жаңаны көру, іздестіруге түркі болады, ал шығармашылық әрекет жаңаны жасауды көздестіреді. Шығармашылық негізінде өнімді қызмет деген ұғыммен келісе отырып, сонымен қатар біз кез-келген шығармашылық процесс өзіне қайта құру әрекетін де кірістіреді, әр жасампаздығының өзіндік ерекшелігі болды деп есептейміз.
Қабілеттің табиғаты мен шығу тегі туралы екі түрлі көзқарас белгілі: олардың бірі (Р. Декарт, Г. В. Лейбництен басталады) қабілеттіліктің туғаннан пайда болатынын сипаттап, бұл ақылдың қасиеті деп түсіндіреді. Басқасы (Дж. Локк және оның ізбасарлары) өз өмірінің сыртқы шарттарына тәуелділігі туралы тезистен шығады. Біз ғалымдардың пікірінен қабілетті дамытуда іс -әрекет пен тәрбие беруде шешуші рөлді тану қажет деп есептейміз, бірақ олардың табиғи негіздерін бағаламауға болмайды, ересек топтағы балалардың қабілетін дамытуға байланысты педагогикалық іс- әрекетте баланың және оның дарындылығының табиғи ерекшеліктерінің өзіндік даралығына сүйену керек. Әрбір ересек топтағы балалардың мүмкіндігін тиімді қолдану педагогтар мен ата-аналардың өзекті практикалық есебі.
Шығармашылық қабілеттерді қалыптастырудың маңызды шарты ересек топтағы балалардың өздерінің мотивациясының болуы керек. бұл олардың әдістемелік, психологиялық және әдістік білім, ересек топтағы балалардың адамзат мәселелеріне қызығушылығының бағытталуымен танысуынан келіп шығады. Осы негізде ересек топтағы балалардың белгілі бір дәрежедегі санының оқу сабағы мен сабақтан тыс уақытта педагогикалық іс-әрекетке қатыстырылуы болып табылады. Осыған орай, біз шығармашылық еңбек әрекетінің мәнін интегративті шебер әрекет (А. М. Новиков) деген түсінікпен байланыстырдық. «Бәрін істей алу дегеніміз не? Бұл қажеттіліктері итермелейтін адамның өз бетімен жағдаятта бағдарланатынын, оны тани білетінін (сонымен қатар қажетті жаңа білімдер алып), объективті заңдар мен жағдайларға сәйкес әрекеттің мақсатын дұрыс анықтай алатынын, қалыптасқан жағдайға, мақсатқа сай нақты әрекет құралдары мен тәсілдерін анықтай алатынын, еңбек ету барысында оларды жетілдіріп, түпкі мақсатына қол жеткізе алатынын білдіреді. Шынында, біз бұл жерде іс-әрекеттің жалпы, тұтас, психологиялық сызбасын келтіріп отырмыз. Барлық аталған компоненттер бірлігінен тұратын осындай іс-әрекетті шартты түрде біріккен (интегративті) деп атайық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz