МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ ТУРАЛЫ


МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МҮМКІНДІКТЕРІ
Жиенбаева С. Н. - п. ғ. д., профессор;
Абдурахманова М. - магистрант (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Қазіргі білім берудің мақсаты білім, білік, дағдымен қаруландыру ғана емес, солардың негізінде дербес, өзгермелі қоғамда лайықты өмір сүріп, жұмыс жасай алатын, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке - ақпаратты өзі іздеп тауып, ұтымды пайдалана алатын, жоғары мәдениетті қарым-қатынасқа түсе алатын тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр. Қазақстан Республикасындағы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамытудың тұжырымдамасында білім берудің негізгі міндеті - білімдік шоғырланудан нәтижеге бағытталған құзыреттілік тұрғыға көшу деп көрсетілген.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңында», «Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылға дейінгі білім беру бағдарламасында» мектепке дейінгі білім беруде жаңа рухани-мәдени құндылқтарды игеруге, ұлттық сананың қалыптасып, ақыл-ойының, интеллектуальдық дамуын қамтамасыз ететін, болашақ бастауыш мектептегі оқу әрекетіне дайындық ретінде танымдық құзыретін қалыптастыру қажеттілігі туындайды.
Мектепке дейінгі ұйымдағы оқу үдерісін ұйымдастыру базалық білім, білік, дағдылар, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтар негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың түйінді құзыреттілігінің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Осыған сәйкес мектепке дейінгі балалардың бойында қоршаған ортаға қызығушылық білдіруге, экологиялық білімді меңгертуге танымдық құзыреттілікті қалыптастыру басым бағыттарының бірі болып табылады.
Психология ғылымында «құзыреттілік» ұғымына қатысты нақты түсініктер қалыптасқан. Сонымен қатар бұл ұғым іс-әрекетті жүзеге асыруда білім, білік, дағдыны қамтиды (А. Н. Журавльев, Н. Ф. Талызина, Р. К. Шакурова және т. б. ) . Олай болса психология ғылымында «құзыреттілік» танымдық (когнитивтік), пәндік-практикалық және жеке өзіндік тәжірибелер жиынтығы ретінде түсіндіріледі. Жас ерекшелігіне қарай балалардың құзыреттілігі өткен кезеңдегі психикалық деңгейіне, мәдени-тарихи, этникалық және әлеуметтік-экономикалық формалардың әсер ету дәрежесіне тікелей байланысты болады. Осылайша ересек топтағы ерекшелігі коммуникативтік құзыреттілік қалыптастыру мүмкіндігін анықталады. Білім беруді жаңарту негіздерінің бірі ретінде құзыреттілік тұрғыдан келуді жақтаушылар күтілетін нәтижелер тұжырымдамасын құруда. Бұл тұрғыдағы көзқарасты Б. Д. Эльконин өз еңбегінде былай көрсетеді:
- «құзыреттілік» ұғымы тек танымдық (когнитивтік) және технологиялық құраушы ғана емес әрі мотивациялық, әлеуметтік және мінез-құлықтың, яғни оқыту нәтижелерін (білім, білік, дағды), құндылық бағдар жүйелерін қамтиды;
- құзыреттілік - алған білім, білік, тәжірибе мінез-құлық тәсілдерін нақты жағдаятта, нақты іс-әрекет жағдайында жұмылдыру қабілеті;
- құзыреттілік ұғымында «нәтижеден» қалыптасатын білім мазмұны интеграциясы;
- құзыреттіліктер тек білім беру мекемелеріндегі оқыту үдерісінде ғана емес, яғни дәстүрлі және дәстүрден тыс білім алу жағдайында да қалыптасады.
Психология ғылымының «кәсіби маңызды сапа» немесе «іскерлік және тұлғалық сапа», сонымен қатар белгілі үш таған: білім, білік, дағды ретінде де түсіндіріледі. Елімізде 2000 жылдың басында «құзыреттілікке бағдарланған білім беру мен дамыту» тұжырымдамасы ресімделіп, бұл жұмыстың көптеген қолдаушылары мен келісімге келмейтін қарсыластары да пайда бола бастады. Осы тұжырымдамаға қатысты пікірталас әлі күнге дейін басылмай, таласты пікірлердің тууына себепкер болуда. Сондықтан бүгінгі еліміздің білім жүйесінде әлеуметтік, экономикалық, қоғамдық-саяси өмірге белсенді араласуға дайын, құзыретті тұлғаны қалыптастыруда оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жалпы ұлттық деңгейдегі жаңа мазмұнмен қамтамасыз етуде құзыреттілік тұғырының маңызы зор. «Құзыреттілік» ұғымы дәстүрлі педагогикалық зерттеулерде кәсіби құзыреттілік немесе маман құзырлылығы ұғымдарымен қатар қолданылып келді. Ал, қазіргі зерттеу жұмыстарында «құзыреттілік» тек маман біліктілігі мен мамандыққа ғана қатысты емес, сонымен бірге ақпараттық, әлеуметтік, мәселені шешу, коммуникативтік құзыреттіліктері зерттеу пәніне айналуда. «Құзыреттілік» ұғымының тағы бір маңызды жағына тоқталар болсақ, ол тек өз кәсібін жетік білетіндерге немесе үлкен адамдарға ғана қолданылатын мінездеме емес, сонымен қатар студенттерге, мектеп оқушыларына, тіпті мектепке дейінгі жастағы балаларға да берілетін мінез-құлық сапасы болып табылады. Сол себепті мынадай қорытындылар шығаруға болады: құзыреттіліктің жас ерекшелігі шегін анықтауда қиындықтар туындайды. Қазіргі зерттеушілер маман ретінде, құзыреттілікті мектепке дейінгі балалар мен бастауыш сынып жасындағы балалардың маңызды мәселесі ретінде қарастыруда. Қазіргі таңда құзыреттілікті тұлғаның күрделі мәденижиынтық іс-әрекеті түрлерін жүзеге асырудағы қабілеттілігі деп түсінуге болады.
Бүгінгі мектепке дейінгі білім беру нәтижесі ретінде мемлекеттік міндетті білім беру стандарт бойынша денсаулық сақтау, таным, қарым-қатынас, әлеуметтік және шығармашылық құзыреттілік деп белгіленген. Соның ішінде танымдық құзыреттілік қоршаған ортамен таныстыру, математикалық түсініктерін қалыптастыру, сенсорлық тәрбие беру негізінде қалыптасатындығы негізге алынған. Біз соның ішінде танымдық құзыреттіліктің мәнін ашуды жөн көрдік.
Таным, ол әрекеттің мақсаты мен түрткісін анықтайтын тұлғаның ақпараттық қорын құрайтын қоғамдық-тарихи үрдіс философиялық категория болып табылады. Философиялық сөздікте: таным - заттардың эмоциялық мазмұнын немесе ақиқатты табу мақсатындағы заттардың күйін, жағдайын меңгеру болып табылады. Психологиялық сөздікте таным Педагогикалық сөздікте таным - әлем туралы шынайы білімдерді алуға деген субъектінің шығармашылық іс-әрекеті деп жазылып, сыртқы орта туралы ақпарат алу тұрғысынан берілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz