Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік тәрбие жасау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.
Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың, дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған. Ол тәрбиенің басқа түрлері - адамгершілік, эстетикалық, ақыл-ой, еңбек тәрбиелерімен байланысты. Сондықтан да біздің елімізде дене тәрбиесі процесінде жалпы тәрбие мақсатынан туындайтын педагогикалық міндеттер де шешімін табады.
Ден тәрбиесі білімі - дене тәрбиесі салаларының бірі; ол арнаулы білімді, қимыл-қозғалыс дағдылары мен іскерліктерді меңгеріп қамтиды.
Дене тәрбиесі мәдениеті - жалпы мәдениеттің бір бөлігі, қоғамның адам денесін жетілдіру саласында қоғамдық - тарихи практика процесінде жиналған табыстарының жиынтығы. Ден тәрбиесімәдениеті - дене тәрбиесі теориясының барлық ұғымдарының ішіндегі ең кең ұғым. Ол оғарыда қарастырылған ұғымдардың бәрінің мазмұнын қамтиды.
Дене тәрбиесі теориясы - адам денесін жетілдіру процесін басқарудың жалпы заңдары туралы ғылым. Ол педагогикалық ғылымдар жүйесіне енеді, психологиямен және педагогикамен, спорттың жекелеген түрлерінің теориясы және методикасымен тығыз байланыста болады.
Дене тәрбиесі теориясы спорттың жекелеген түрлерінің жалпы және өзіндік заңдылықтарын спортпен айналысатындардың әр түрлі құрамындағылармен сабақтар оқу және өткізу методикасын талдап жасау кезінде ескеріп отырады. Мәселен, спорттың жекелеген түрлері бойынша жүргізілген зерттеулердің мәліметтері мектеп жасына дейінгі балалармен сабақ өткізу методикасын талдап жасауға көмектеседі.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы - коммунистік қоғамның болашақ құрылысшысы - баланың дене тәрбиесінің жалпы заңдылықтары жайындағы ғылым. Балалар дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесі жүйесінің жалпы идеологиялық және методологиялық негіздерінен шығады және оның бір бөлігі болып табылады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің теориясы тәрбиелеу және оқыту процесінде баланың дамуын басқарудың жалпы заңдылықтарын танып біледі.
Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың орғанизмін шынықтыру болып табылады.
Ал, жақсы денсаулық барлық органдар мен организм жүйелерінің нормаға сай жұмыс істеуімен анықталады.
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесі теориясының қазіргі кездегі проблемаларын одан әрі дамыту қоғамдық өмір талаптарымен байланысты.
Өмірдің шапшаң қарқыны, ғылыми - техникалық прогресс, еңбектің алуан саласындағы сан түрлі шығармашылық іс-әрекет қабылдау, еске сақтау, ойлау процестерінің активтілігін, дәл және тез бағдарлауға және түсіп жатқан информация тудыратын реакцияға деген қабілетті талап етеді.
Осыған байланысты сәби жастан бастап балалардың дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру, денсаулығын нығайту және жан-жақты дамыту, мектепке және алдағы қоғамдық өмірге дер кезінде даярлаудыжүзеге асыру маңызды болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесі жұмыстарына әдістемелік тәрбие жасау
Мектепке дейінгі балалардың дене тәрбиесін ұйымдастырудың екі түрі бар. Бірінші түрі - мемлекеттік, балалардың дене тәрбиесі жұмыстары бала бақшаларда ұйымдастырылады. Екінші түрі - дербес, өз беттерімен, бұл кезде дене тәрбиесі жұмыстары отбасында жүргізіледі.
Дене тәрбиесі жұмыстарын мемлекеттік түрде ұйымдастыру мектепке дейінгі балалар мекемелерінде міндетті түрде ұйымдастырылуы керек. Кеңес үкіметі ыдырап, аумалы-төкпелі кезде көптеген бала бақшалар жекешелендіріліп кетті. Жекешелендірілген бала бақшалары өз қызметтік бағыттарымен жұмыс істемей, басқа коммерция, ақша табу бағыттарында жұмыс істей бастады. Қазіргі еліміз егемендігін алып, мемелекет экономикасы көтерілген, адамдардың барлығы жұмыстармен қамтамасыз етілген, кәсіпорындардың бәрі жұмыс істеген кезде балабақшалар санын қайтадан көбейту, жаңа бала бақшалар салу құрылыстарын жандандыру мәселелері күн тәртібіне көшті. Қалаларда бала бақшалар салына бастады.
Қазіргі кезде ата-аналары күні бойы жұмыста болғанда балалар бос қамалып отырмай, немесе жалданған бір тәрбиеші, бір мамандық иесінің ғана тәрбиесінде болмай, жоғары дәрежелі мамандардың қарауында болып, жан-жақты тәрбие, білім алулары керек болатын жағдай туды. Жоғары дәрежелі ұстаздар, өз кәсіптерін, мамандықтарын өте жақсы меңгерген адамдар күні бойы жұмыста жүрген жұмысшылардың,қызметкерлердің балаларын өте жоғары деңгейде тәрбиелеуге міндетті. Сол тәрбиенің бірі, маңыздысы - дене тәрбиесі. Сондықтан да біз келешек дене тәрбиесі мамандары мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесі жұмыстарын сауатты, білікті, әдістемелік дұрыс жолдармен іске асыруымыз керек.
Мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі сабақтары бала бақшалардағы балаларды оқыту және тәрбиелеуге арналған мемлекеттік бағдарламаның дене тәрбиесі бөліміндегі міндеттер, дене тәрбиесі жаттығуларының түрлері мен мазмұнына сай өткізіледі. Дене тәрбиесі сабақтарын бала бақшаның тәрбиешілері мен дене тәрбиесі әдіскерлері өткізеді.
Дене тәрбиесі сабақтарының әдістемесі балалардың жастарына, қозғалыс мүмкіншілігіне және бала бақшаның базасы мен спорттық құрал-жабдықтарына байланысты жүргізіледі.
2 жастағы балалардың қозғалыстарын жетілдіретін негізгі жаттығулар: жүру, өрмелеу, кедергілерден өту, доптармен, ойыншықтармен, шеңберлермен, гимнастикалық таяқтармен, секіртпелермен ойнайтын әр түрлі ойындар. Бұл жастағы ең тиімді сабақ түрі - ойын. Ойын арқылы балалар өздерінің қимыл қозғалыстарға деген сұраныстарын қанағаттандырады. Дене тәрбиесі жаттығулары сабақтары аптасына 2-3 рет өткізіледі.
2-3 жастағы балалармен сабақ жүргізу кезінде көбінесе сөз қолдану және көрнекі әсер ету әдістері қолданылады. Бұл жас кездерінде балалардың тілдері әбден шығып, сөйлескісі келіп тұрады. Балалардың белсенділігін, ықыластарын, қызығушылықтарын арттыру үшін бейнелі, жан-жануарларды бейнелеу тапсырмалары беріледі. Мысалы: тышқандар секілді ақырын-ақырын жүгіреміз, мысық секілді епті секіреміз, аюлар секілді қатты-қатты тарсылдатып аяқ басамыз т.с.с. бейнелеу тапсырмалары. Дене жүктемесі орташа, онша ауыр да емес, соншалықты жеңіл де болмайтындай ретте берілуі керек. Жүктемені қалай бергенімізді тамыр соғысы арқылы жеңіл бақылауға болады. Сабақтың басталуы мен аяқталуы кезіндегі тамыр соғысының айырмасы 10 соғу мин болса, онда жүктеме дұрыс берілген деп есептеледі. Одан көп болып кетсе жүктеме артық берілгені, аз болса жүктеме жеткіліксіз берілгені. Үш жастан асқан балалардың ойын әрекеттері күрделі және әр түрлі болып келеді. Көбінесе мазмұнды, сюжетті, бір адамның немесе жан-жануардың рөлдерін ойнау түріндегі ойындар ойналады.
3-4 жастағы балалармен сабақтар жүргізгенде ЖСЖ 130-140 соғумин, 5-7 жастағы балалармен 140-150 соғумин кем болмайтын қарқындылықпен жаттығуларды орындағанда ғана бала ағзасына жаттықтыру әсерінің тиімділігі болады. Біртіндеп жүрудің, жүгірудің, секірудің, лақтырудың, өрмелеудің, тепе-теңдік ұстаудың күрделі түрлері қолданылады.
Мектепке дейінгі жастардағы балалардың дене тәрбиесі кезінде барлық дене қасиеттерін дамыту міндеттері орындалады. Біріншіден, ептілік, қимыл үйлесімділігі қасиеттерін дамытуға назар аудару керек болады. Олар: тепе-теңдікті ұстай білу, дәлдік, ырғақтылық, әр түрлі қозғалыстар үйлесімділігі. Ойын кезіндегі қарапайым қимыл-әрекеттерді орындау, қайталау арқылы жылдамдық қасиеттері дамиды. Күш, күш төзімділігі қасиеттерін дамыту кездерінде алдымен іштің, арқаның, аяқтың, қолдың, табанның бұлшық еттеріне назар аудару керек. Күш жаттығулары аз ғана ауырлықта орындалуы қажет. Ол көбінесе өз салмағын басқару жаттығулары түрінде орындалады. Олар: орнында тұрып отырып-тұрулар, өрмелеулер, секірулер, секіртпелермен әр түрлі жаттығулар және т.б. қарапайым жаттығулар және ойын түрлерінде беріледі.
Жаңа жаттығуларды меңгеру кездерінде бөлшектеп емес, толық үйрету әдісін қолдану қажет. Жаттығулар техникасын бөлшектеп көрсеткенде бала мағынасын ұқпай қалады. Мағынасын ұқпаған соң ол жаттығуға деген баланың қызығушылығы жоғалады.

Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің амалдары
Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесінің негізгі амалдары - дене тәрбиесі жаттығулары. Дене жаттығулары қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастырады, дене қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ағзасына дене жаттығуларының тиімді, жақсы әсер етуі үшін дене тәрбиесінің қосымша амалдары табиғаттың сауықтыру күштері мен гигиеналық факторлар қолданылады.
Дене тәрбиесі жаттығулары. мектеп жасына дейінгі балалардың дене тәрбиесінің міндеттерін дұрыс орындау үшін үш топқа дене тәрбиесі жаттығулары қолданылады: 1) негізгі гимнастика; 2) қозғалмалы ойындар; 3) түрлі спорттық жаттығулардың қарапайым түрлері;
Негізгі гимнастика жаттығуларына жататындар: 1) балалардың әр мүшелеріне арналған жалпы дамыту жаттығулары, бұл жаттығулар спорт құралдарымен (доптар, кубиктер, жалаушалар, гимнастикалық таяқтар, булавалар т.с.с.) және құралдарсыз орындалады; 2) әр түрлі жүру, жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеу, еңбектеу, тепе-теңдік сақтау, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңартудың педагогикалық - әдіснамалық негіздері
Мектепке дейінгі мекемедегі ұйымдастырылған іс-әрекетінен жұмыс жоспарын құру және ұйымдастыру әдістері
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелердегі дене тәрбиесі сабағын тиімді жүргізудің мәселелерін теориялық тұрғыдан негіздеп, тәжірибе жүзінде әдістемесін талдау
Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық шарттары
Педагогика ғылымының дамуы және мектепке дейінгі педагогика пәні, зерттеу міндеттері
Мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Қазіргі мектепке дейінгі мекемелерде балаларды дене тәрбиесіне тәрбиелеудің теориялық негіздері
Мектепке дейінгі ұйымдарда дене тәрбиесін ұйымдастыру формалары
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу нысандары
Пәндер