Мектеп жасына дейінгіі балаларға білім беру жұмысының құралдары мен оқыту ісі
Мазмұны
Кіріспе
І-тарау
Мектеп жасына дейінгіі балаларға білім беру жұмысының құралдары
мен оқыту ісі.
0.1. ҚМТҚ-пәнін оқыту ісіндегі көрнекіліктің маңызы және мәні.
1.2. Көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану қажеттігі.
ІІ-тарау
ҚМТҚ сабақтарына оқу жабдықтарын жасау және қолдану жолдары.
0.1. Тәрбиешінің математика сабағына көрнекілік дайындау әдістемесі.
2.2. Матемтика сабақтарында көрнекі құралдарды қолдану жолдары
Қорытынды
Әдебиет тізімі
Қосымша
Математиканы оқыту барысында оқу жабдықтарын қолдану
1. КІРІСПЕ
ЖҰМЫСТЫҢ КӨКЕЙКЕСТІЛІГІ
Бүгінгі заман ХХІ ғасырдың көш басы, бүкіл дүниежүзілік прогрестің дамыған шағы. Біз қанша дамып, басқа өмір саласындағы жетістіктерге жетсек те, бала тәрбиесі бір сәт те назардан тыс қалмауы тиіс. Бала- Ұрпақ-Өркен деген ұғым ерекше ескеріліп, бүгінгі күннің алға қояр ең маңызды мақсаты да, жан-жақты бала тәрбиесі болуы тиіс.
Демек, жан-жақты жетілген азамат дайындау қоғам алдындағы міндет болғандықтан, мектепке дейінгі ұйымның да негізгі мақсаты баланың жеке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, адамгершілікке баулып, білімге деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру керек.
Балабақшадағы тәрбиелеу мен оқыту ісінің бір ерекшелігі көрнекіліксіз іске аспайды. Сондықтан да тәрбиешілер әрбір тәрбие сағатында негізінен көрнекілікті басшылыққа ала отырып еңбек етеді.
Олай болса, әр тәрбиеші тәрбие жұмысын өзінің кәсіби шеберлігіне, іскерлігіне, ізденімпаздығына қарай топтағы балалардың жеке басының қасиеттерін, қаблетін ескере отырып ұйымдастыра алады.
Сонымен қатар, балабақшадағы оқыту ісі сабақ мазмұнына байланысты
алуан түрлі әдіс- тәсілдерді кеңінен қолдануды қажет ететіні белгілі. Сондай әдістердің ең ұтымдыларының бірі-балалардың байқау-көру қаблетін дамыту үшін сабақта қолданылатын көрнекі және дидактикалық құралдарды пайдалану. Бұл негізінен тәрбиешілердің ізденісіне,әдістемелік жаңалықтарды іске асыруына байланысты болып келеді. Мысалы, балабақшада көрнекі құрал ретінде заттың өзін пайдаланған тиімді. Бұл балалардың қабылдауына жеңіл болып, олардың сабаққа деген белсенділігін арттырады.
Балабақшада балаларға ғылым негіздерінен алғашқы мағлұматтар беріледі.
Бағдарламада көрсетілген оқу материалдары бойынша пайдаланатын көрнекіліктер балалардың жас ерекшеліктеріне, білім деңгейіне сәйкес болуы қажет. Сабақта балалар өздеріне берілетін білімді қабылдау белсенділігін арттырумен бірге ойын да (салыстыру, талдау, жинақтау, қорытындылау, жүйелеу) жетілдіреді, яғни қабылдау мен ойлаудың себеп-салдарлық байланысы қатар дамиды. Сондықтан балабақшадағы негізгі мақсат - балаларға бағдарламалық оқу материалдарын сапалы, жүйелі меңгерте отырып, оларды ғылым негіздерімен қаруландыру. Сондай-ақ балалардың қоғамдық өмір жөніндегі ғылыми көзқарасын қалыптастырудың, өздігінен еңбек ете білуге үйретудің, алған білімін тәжірибемен ұштастыра білу дағдыларын жетілдірудің пәнаралық байланыс жүйесін сақтаудың мәні өте зор. Мәселен, оқу материалының тақырыбына сәйкес тәрбиешінің көмегімен балалар өздері дайындаған көрнекі құралдарды сабақ үстінде пайдалану балалардың танымдық қабілетін арттыратынына әлденеше рет көз жеткіздік.
2. Зерттеу обьектісі:
Бала бақшадағы соңғы оқу техникасын
зерттеу және оны өмірде қолдану.
3. Зерттеу пәні:
Жалпы балабақшада оқу жабдықтарын қолдану.
4. Мақсаты:
Курстық жұмысымның мақсаты №9 балалар бақшасында
аталмыш зерттеу тақырыбымды өз тобымда сабақ, ойын
барысында жүргізіп, тәрбиешінің іс-тәжірибесімен ұштастырып, оларды теориялық материалмен біріктіре отырып, көлемі 20-25 беттік курстық жұмысты жазып шығу.
5. Ғылыми болжам:
Мен балабақшадағы бар көрнекі құралдарды, оның
ішінде техникалық оқыту құралдарын, тәрбиешінің өз
қолынан даярланған оқыту құралдарын дұрыс әрі тиімді
пайдаланған кезде,тәрбиешінің сабақ беру деңгейі және
балалардың осы пәнге деген қызығушылығы көтеріледі
деген үміттемін.
6. Зерттеу міндеттері:
1. Психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқу.
2. Озат тәрбиешілердің тәжірибелерімен танысу және оларға талдау жасау.
3. Зерттеу әдістерін анықтау.
4. Жаттығулар кешенін анықтап қарастыру, жұмыстың тиімді түрлерін
және әдістерін анықтау.
7. Зерттеу әдістері:
Бақылау, әңгіме, анкета, ғылыми педагогикалық, психо-
логиялық және әдістемелік әдебиеттерді оқыту, тест.
Сонымен қатар, педагогикалық тәжірибе және балалардың
қарым-қатынасын анықтау керек.
8. Жұмыс этаптары:
1. (Қыркүйек-қазан) Зерттеу тақырыбымды алып, тақы-
рыпқа қарсы библиографиялық көрсеткішпен жұмыс
жүргіздім.
2. (Қараша-желтоқсан) Тақырыпқа сәйкес теориялық материалды, курстық жұмыстың тақырыбына сәйкес жаздым.
3. (Қаңтар-ақпан) 2007 ж. Теориялық материалдарды балабақша тәжірибесімен ұштастырып, курстық жұмыстың ІІ-тарауын қорытындысы мен қосымшасын біріктіре отырып, жетекшінің рұқсатымен жазып шықтым.
І-тарау
Мектеп жасына дейінгі балаларға білім беру
жұмысының құралдары мен оқыту ісі.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін білім беру жұмысы уақыт талабына сай белгілі бір формаларда қалыптасты. Коменский, Песталоцци дидактикасындағы мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін білім беру жұмыстарының формалары мен құралдарын отбасындағы тәрбие жағдайына, отбасында жүзеге асырылатын еңбек процестеріне қолдануға тиімді болғанымен, көп ретте балалар мекемелеріндегі тәрбие процестерімен байланысты болып келетін Оуэн, Фребель дидактикасы мен педагогикасынан өзгешелеу еді.
Тәрбие жағдайларының үнемі өзгеріп отыруы балаларға білім беру жұмысының формалары мен құралдарының да өзгеруіне ықпал етеді. Сондықтан білім беру жұмысының формаларын да, сондай-ақ құралдарын да даму барысында алып қарастырған жөн. Олардың ескірген, сонымен қатар, жаңа сипаттарын да көре білу қажет. Өйткені мұның өзі тәрбиенің жаңа міндеттері мен жағдайларынан туындайды.
Балаларға білім беру жұмысын орың көздеген мақсатына орай сан алуан құралдар арқылы жүргізуге болады. Ол программалық сипатқа сәйкес келмейтін баланың тек жалпы дамуын ғана мақсаттұтатын жұмыс болуы әбден ықтимал. Онда білім беру жұмысы ойын, еңбек және ересек адамның баламен жеке қарым-қатынасы және т.б. жағдайларда орындалуы мүмкін.
Бірақ ортақ мақсаттармен қатар білім беру жұмысын белгілі бір арнаға салып
Бағыттап отыратын нақты мақсаттар да бар.Мәселен, баланың тілін дамыту немесе айналадағы дүние бағдарын кеңейту, музыкаға бейімділігін дамыту қажет. Бұл нақты талаптарды жүзеге асыру үшін балаларды оқыту қажет.
Білім беру жұмыстарының құралдарын қарастыра отырып, біз мектеп жасына дейінгі балаларға қатысты дидактика ұғымымен кездесеміз (дидактикалық ойындар, дидактикалық метод, дидактикалық материал). Мұны айрықша атап өткен жөн. Дидактика талаптары тәрбие процесінің жалпы барысынан оқытуға байланысты жүргізілетін білім беру жұмысын бөліп көрсетуге көмектеседі.
Сол үшін балалармен өткізілетін білім беру жұмыстарында болып жататын, сондай-ақ едәуір қызығушылық туғызатын сан алуан жағдайларға тоқталып жатпаймыз,тек дидактткаға тікелей қатысы бар құралдарды ғана сөз етпекпіз.
Білім беру жұмысының дидактикалық құралдарын екі топқа бөлуге болады: бірінші топқа тән сипат-мұнда оқытуды ересек адам жүргізеді, екінші топта үйрету ықпалы дидактикалық материалға, білім беру міндеттерін ескере отырып құрылған дидактикалық ойынға беріледі.
Бұл айырмашылық принципті сипатқа ие әрі балаларға қойылатын талаптарды да айқындап тұрады.
Оқыту ролі ересек адамдарға тиесілі болатын дидактикалық жағдайлардағы оқытудың сипатын қарастырып көрелік.
Мұндағы ең басты нәрсе ересек адамның балалар тобына, балаға тигізетін психологиялық әсері болып табылады. Ересек адам мен жас баланың бірлескен іс-әрекетіне жағдай туады. Егер ересек адам балаға неғұрлым жақын болса, ол соғұрлым үлкен нәтижеге жетеді.
Бұл жерде бала белсенділігіне тиісті рольді де әбден толық анықтап алу керек.
Фребель жүйесін сынауға байланысты бала белсенділігінің ролі жөнінде қызықты пікірлерді Л.Н. Толстой мен К.Д. Ушинскийден табамыз. Осынау ой-толғамдарда мынадай пікір бар: баланы өзінің балалық мүмкіндіктерінің шамасына қарай дербес ойлайтын, өзіндік пікірлері бар, өз күшімен бірдеңе жасауға қабілетті жан ретінде емес, баланы тек қана ықпал ету обьектісі ретінде ғана көретін жерде ересек адамның ықпалының құны жойылады; ал баланың қабілеті назарға алынып, ересек адам соған сүйеніп отырған жағдайда басқаша тиімділік алынады.
Екінші топтағы білім беру жұмысының құралдары автодидактизм принципіне негізделген. Мұрдағы оқыту ықпалы дидактикалық материалға, дидактикалық ойынға, оқыту сипатындағы ойын-тапсырмаларға көшеді. Бұлар дидактикалық процесті автоматты түрде жүргізіп,баланың күшін бағыттап, оның өз бетінше үйренуіне мүмкіндік жасайды.
Мектепке дейінгі оқытудың ең әйгілі құралы дидактикалық ойын кезінде бала есептеуге, сөйлеуге және басқаларына ойын ережесін сақтапотырып үйренеді. Ересек адамға тек ойын барысын бақылап, оған түзету енгізу ғана қалады. Құралдың бұл тобына балаларға тапсырма беру принципі бойынша жүргізілетін білім беру жұмысы да жатады.
Бұл жерде баланың білім мен іскерлікті меңгеру процесі оның бойындағы өз күшіне байланысты болады. Осындай әдістер арқылы балалар өз бетінше оқуды, хат жазу мен есептей білуді де игере түседі деген пікір айтылып жүр.
Мұнда ересек адамның ролі жанама түрде: методикалық оқу-ойындарына дайындық, бұл ойындардың жағдайын ұйымдастыру, тапсырмаларды ойын процесінде алмастыру, жеке-жеке сабақтарда көрінеді.
Білім беру жұмысының осындай сипатында балалардың дербестігіне толық сүйену, ересек адамның тікелей ықпалын жою,оның қызметін жанама маңыз атқаратын операциялар қатарына қосу тенденциясы барынша айқын байқалады. Осындай ойын-оқулардың қызу процесінен алатын әсер де,әрине,жағымды болады: баллық балалар ойынмен байсалды айналысады, тапсырмалар шеңбері де мұндай ойындарды дидактикалық тұрғыдан мазмұнды ете түседі.
Өз бетімен оқып үйрену принципі Монтессоридің дидактикалық материалында толық көрініс тапты. Бұл материалдың өзі баланың еңбегін бақылаужасап,оның қатесін көрсетеді. Осындай материал арқылы өз бетімен оқып үйрену ересек адамның бақылауымен жүзеге асып жатады.
Автодидактизмге тән сипат балаға көп немесе аз шамада өз бетімен оқып үйренуге мүмкіндік беру болып табылады. Дидактикалық ойын кезінде мұны ойын ережесі, ойын әрекеті, оқу-ойын тапсырмаларында-мұндай тапсырмаларды орындауға арналған нұсқау, айтылған әрекет,дидактикалық материалда-оларға әсер ету ықпалы әсер ету ықпалы бағыттап отырады.
Балалардың бәрі мұндағы жағдайлар кезінде дербес болу мүмкіндігін пайдалану үшін белсенділік таныта ала ма деген заңды сұрақ туады.
Бұл жерде ересек адамның ролдін енжар деп атауға болады. Дидактикалық ойындар кезінде бақылау балаларға тиісті, ересек адам ең жақсы болғанда ойнапжатқан балалармен бір деңгейде, яғни, ойын ережесі мен ойын әрекетінің шеңберінде ғана әрекет жасай алады.
Оқу-ойын сабақтарында ересек адамдар үлесіне тапсырма беру және оның орындалуы мен қйыншылықтар байқалған жағдайда жеке сабақтарды бақылау қалады.
Ол тікелей білім беру және іскерлікке үйретумен айналыса алмайды, бала тек тапсырмада айтылған жолмен ғана жүруге тиісті. Монтессоридің дидактикалық материалын қолдану кезіндегі ересек адамның ролі, міне осындай.
Әрине, мәселе бала белсенділігін асыра бағалауда немесе ересек адамның балаға жасайтын белсенділігін кемітіп көрсетуде емес. Мәселе дидактикалық процеске қандай талап тұрғысынан келуде және оның алдына қандай міндеттер қоя білуде: дидактикалық процесс баланы белсенді ете түсе ме әлде міндеті баланың кейбір мүмкіндіктерін ашып көрсетумен ғана шектеле ме?
Мұндай дидактикалық процесс қандай нәтижелерге қол жеткізе алатындығын байқап көрелік.
Ағылшын мектептеріндегі 5-7 жас аралығындағыбалаларды оқуға, жазуға, есептей білуге үйрету осы жуйе арқылы жүзеге асуда әрі оның нәтижесі де жаман емес. Балалардың шағын ғана тобы жақсы оқи білу деңгейіне дейін көтерілді. Олар жеті жасқа қарай едәуір күрделі текстерді оқи алады. Балалардың басым бөлігі орташа деңгейде жүреді,яғни қарапайым тексті оқуды игереді. Саны 5-8 адамдық балалар тобы оқуды игеруге қабілетсіз болып шығады.
Осы нәтижелерді әдеттегіге санауға болар еді, бірақ балалардың бәрі бірдей оқуды жеңіл игеріп кете алар емес, біреулеріне бұл үшін көп уақыт қажет, екіншісіне аз уақыт керек.
Алайда осы деректер негізінде балалар негізгі мектептің тиісті тобына ауыстырылады: күштілері күштілер тобына, әлсіздері әлсіздер тобына бөлінеді.
Баланың бұл бөгетті жеңуіне жағдайлар жасалған ба? Мұндай жағдай жоқ. өйткені мектептің келесі сатыларындағы ықпал ету әдісі де баланың өз бетімен оқып үйренуіне негізделген.
Осы жолмен құрылған дидактикалық процесс балалардың қабілеттерін, олардың мүмкіндіктерін айқындайды, бірақ балалардың дамуын белсенді түрде жүргізіп, бағыттай алмайды.
Баланың тіпті жақсы да жетілдірілген әдістермен өз бетімен оқып үйреніп алу жолымен жетуге қабілеттілігі оның дамуындағы шынайы мүмкіндіктерді аша бермейді. Біздің уақытымыз педагогикадан жас ұрпақты адамзат жинақтаған зор тәжірибені меңгеруге, әсіресе жинақталған бұл тәжірибенің қарқыны өте өлшеусіз өсіп отырған кезде меңгеруге барынша көңіл бөлген жөн.
Міне, осыған орай мектеп жасына дейінгі педагогика балабақшадағы білім беру жұмысының құралдарына белгілі талаптар қояды: бұл құралдар балалардың жас ерекшеліктері мен мүмкіндіктеріне сәйкес болып қоймай, сондай-ақ жеке топтардағы әрбір баланың дамуына қатысты алғанда жеткілікті түрде тиімді болуы қажет. Өйткені әңгіме балабақша педагогикасы туралы қоғамдық тәрбие жөнінде болып отыр. Балалардың бір бөлігі белгілі бір сала бойынша жеткілікті дами алмайды деген ұғыммен келісуге болмайды. Білім беру жұмысының құралдарына қойылар маңызды талаптардың бірі, демек, бұл құралдардың осы топтағы бүкіл балаларға қатысты жағынан ықпалды жүргізілуі болмақ.
Бар баланы түгел қамтуға және бұл жағдайда олардың қабілеттерін ескеруге мүмкіндік беретін ықпал ету әдісін айқындау қаншалықты маңызды екені әбден түсінікті.
Балабақшадағы балаларға білім беру жұмысында ересек адам балаларға тек білім мен іскерлік қана емес, сондай-ақ балаларға белсенді түрде ықпал етіп, білім мен іскерлікті игерудің әдістерін де беретін оқытудың осындай құралы үлкен тиімділікке жеткізеді деп ойлаймыз.
Балалар тіл дамыту, есептеп шығару, сурет салу, құрастыру және басқаларынан білім беру мен іскерлікті тек харакеттің осы түрлерін оқып үйренген кезде ғана алады. Бұл жағдайларда білім мен іскерлік түріндегі тәжірибе барша баланың игілігіне айланып, олардың дамуына игі әсер етеді. Бұл міндеттерді балалардың ерекше дарындылығымен байланыстыруға болмайды. Дені сау балалардың бәрі де ересек адамдар тарапынан оқытып үйретілген кезде, егер де бұл оқяту балалардың белсенділігіне сүйеніліп, белсенділікті пайдаланып жүргізгенде дамудың белгілі бір деңгейіне көтерілуге қабілетті.
Осы заманғы педагогика мен психологияның ересек адамдардың оқыту ықпалын икемдету жөнінде жеткілікті деректері бар.
Бірақ осы тектес құралдарды жасау үшін бала психикасының ерекшілігін, ең әуелі баланың еліктеуге бейімділігін және оның харакетіндегі еліктеушілік пен дербестік элементтерінің арасалмағындағы ерекшеліктерді ескеру қажет.
И. М. Сеченов: ...Еліктеу дегеніміз, жалпы адам атаулыға тән қасиет, тіпті адам ғұмыр бойы еліктеуден арыла алмайтыны анық... Бала санасына сіңіп қалған әлдебір дыбыс пен әуен, ол үшін үлгі ретінде де қызмет атқаратыны сөзсіз. Соған өзі кейінен іштей еліктеп отырып, қашан соған ұқсас әуен тудырғанша тыным тапайды...,-деп жазады.
И. П. Павлов еліктеу рефлексі туралы былай дейді: ...осы арқылы біздің бәрімізде балалық шағымызда-ақ жеке бастық және әлеуметтік күрделі мінез-құлқымыз қалыптасады.
Еліктеу балалардың тіл үйренуіне, әр түрлі іскерлікті меңгеруіне көмектеседі. Баланың даму процесінде еліктеу неғұрлым күрделі де саналы сипатқа ие болады.
Текст қарастыруға байланысты 30-жылдардың өзінде-ақ Л. С. Выготский баланың еліктеу іс-әрекетінің бағасын ала алмай жүргені тек дербес шешілуге тиісті міндеттердің бағалануы дұрыс емес екендігі жөнінде мәселе қойды. Бала коллектйвтік іс-әрекетте еліктеу көмегімен, ересектердің басшылық етуімен көп нәрсені істей алатындай жағдайда боладыәрі түсінікті де дербес істей алады,-деп жазды ол.
А.В.Запорожецтің Еркін қозғалысты дамыту деген кітабында оқытуға байланысты осы процестің өзіндік ерекшеліктері сөз болады. Оқыту атауларының,-деп жазады ол,-ең даулы мәселелерінің бәрін біз, әлбетте, еліктеуге әкеп телитін секілдіміз. Бір жағынан, балаға тапсырмаларды орындаудың дайын әдісін беріп, оны қателік жіберуден сақтандыратын және баланы қажетті нәтижеге тікелей әкелетін интенсивті басшылық жаңа білімдер мен іскерлікті меңгеруді өте жеңілдете түседі. Екінші жағынан, белгілі дәрежедегі дербестік, ұсынылатын мазмұнға дұрыс бағдар жасау білімді жеткілікті түрде толық та терең игеріп алуды қамтамасыз етеді.
Дидактикалық процесс ересек адамның балаларды білімдерді, іскерліктерді игеріп алуға белгілі бір жолмен әкеліп, оларда материалды игеру тәсілі түріндегі еліктеу харакетін туғызуынан тұрады.
Бірақ оқыту ісі де еліктеуге сүйене отырып сонымен бірге балалардың дербестігін де дамытып отыруы да тиіс.
Балалардағы дербестіктің көрінісін түсінуде біз К. Д. Ушинскийдің ой-пікірлеріне, Л. Н. Толстойдың Ясная Поляна мектебінде балалардың
Тілін дамыту жөнінде жүргізген тәжірибесіне, Н. К. Крупскаяның тұжырымдарына сүйендік. Осы орайда біз өз пікірін айта білу, өз сөзімен сөйлей білу, өз әдісімен жауап беру сияқты балалардың қабілетіне-денсаулығы дұрыс дамып келе жатқан бүкіл балаларға тән қабілетті ескердік.
Біздің тәжірибелеріміздің нәтижесінде оқыту процесіндегі еліктеу мен дербестіктің ролі онан әрі айқын бола түсті.
Оқытуды ұйымдастыру кезіндегі тағы да бір маңызды факторды ескерген жөн. Ересек адам жас мөлшері шамалас балалар коллективін оқытады, оның ықпал ететін обьектісі әрбір жеке бала ғана емес, біртұтас балалар коллективі болып табылады. Мұндай коллективте даму дәрежесі, мүмкіндіктері, әр түрлі деңгейдегі балалар болатыны сөзсіз. Оқыту процесінде балалардың біріне-бірі әсер-ықпалы айрықша көрінеді, егер бұл мүмкіндікті дұрыс пайдалана білсе, балаларды оқытатын ересек адам өз күш-жігеріне жетуде елеулі көмекке ие болады, ересек адамның бір баламен жұмыс жасағанына қарағандағы мұның тиімділігі де үлкен. Бірақ бұл егер балалар коллективі алдына балалардың күш-жігерін біріктіріп, жалпы талпыныстарын туғызып сол арқылы оларды белсенділікке жұмылдыратындай міндеттер қойылғанда ғана іске асады.
Осы аталған жағдайлардың бәрі сақталғанда оқыту ісі ұйымдасқан форманы талап етеді. Күннің белгілі бір уақытында өтіп жататын балалардың бүкіл тобымен өтетін сабақтар осындай формаға жатады.

Педагогика оқулығының көрнекілікке арналған тарауының ақырында былай делінген: Көрнекіліктің психологиялық мәнінен басқа, оның логикалық және теориялық-білімдік жөнінен де маңызы зор. Танып білудің бұлағы-адамның қоғамдық ісімен байланысты материалдық болмыс. Сондықтан заттар мен құбылыстарды тану процесінде заттың өзінен, фактілерден бастап үйрену керек. Мұнсыз ұғымдарды қалыптастыруға, жалпылауларды саналы түрде жасауға болмайды. Біз баланы абстрактылы түрде ойлауға дағдыландыруымыз керек, бірақ оны нақтылы өмірді тікелей бақылау арқылы дағдыландырып, абстракцияны конкретті негізде жасата білуіміз керек. Сонан кейін балалардың оқып білген жалпы қорытындыларын-ережелерді, заңдарды, теоремаларды берік білу жағын қарастыру керек, ол үшін бұл ережелерді, заңдарды, теоремаларды бала практикалық жұмыстарға: есеп шығаруға, жаттығуларға, өздігінен творчестволық жұмыстар істеуге, тұрмыс мәселелеріне пайдаланатын болуы керек.
Психология оқулығында былай делінген: Болмысты танып білу айналадағы дүниені түйсіну, сезу, қабылдау процесінен басталады, бұл бізге жеке нақтылы нәрселер жайында, олардың арасындағы сыртқы қарым-қатынас жайында білім береді.
Математиканы оқып үйренуде балалар бірқатар білім алып, бірсыпыра математикалык ұғымды меңгеруі керек.
Математикалық материалды игеру балалардың дерексіз түрде ойлауының дамуына байланысты. Академик И. П. Павловтың көрсетуі бойынша дерексіз түрде ойлаудың физиологиялық негізі-бірінші сигналдық системаның жұмысы, яғни тікелей сезімдермен байланысты болатын сөздің жұмысы.
Тәрбиешінің айтқаны түсінікті болу үшін оның сөзі не айналадағы болмысты тікелей қабылдауға негізделуі, немесе балалардың бұрын алған ұғымына негізделуі қажет. Сондықтан балабақшадағы тәрбиеші математиканы оқытқанда көрнекілікті мүмкіндігіншен кең түрде қолдануы керек, сонда баланың сөйлеу, ойлау қабілетінің дамуына, оның оқу материалын терең де саналы меңгеруіне жағдай туады. Математиканы оқытуда таным процесінің қалапй іс жүзіне асырылатындығын мысал келтіріп қарастырайық. Мұнда мынадай реттілікті сақтау керек: жаңа материалды үйретудегі бірінші қадам (баспалдақ) үйретілетін материалдың көрнекі түрде қабылдануы болу керек.
Мысалы, 20 көлемінде оннан аттап азайтудың әдісін ұғындыруда, айталық,12-ден 5-ті шегеру үшін 12 тастан әуелі екі тасты, сонан кейін бұдан қалған 10 тастан 3 тасты шегеру керек екендігін есепшотты (көрнекі құралды) пайдаланып түсіндіреміз.
Балалар материалды көріп отырып қабылдауды, көру арқылы түсінеді. Бұл процесс тәрбиешінің айтып түсіндіруі мен қатарласа жүреді. Бұдан кейін мұны балалардың өздеріне шыбықтарды пайдаландырып орындатамыз;
ақырында оқушылар түсіндірілгенді қайталап айтып шығады.
Ойлаудың келесі кезеңі-қабылдау, сезу жолымен алынған деректерді өңдеп түрлендіру болады. Тәрбиеші балаларға осы әдісті тек ойдағы бір нәрселерді шегеру үшін қолдануды ұсынады, мысалы қолда жоқ 12 алмадан 5 алманы шегеруді ұсынады. Ақырында дерексіз мысал береміз: 12-ден 5-ті шегеру. Осыдан соң түсіндірілген әдісті ұқсас мысалдарға (14-6; 11-4) қолданып, балалар азайтқыштың бірліктері азайғыштың бірліктерінен артық болатын жағдайда екі таңбалы саннан бір таңбалы санды азайтудың ережесін қорытып айтып береді.
Балалардың дерексіз түрде ойлау дағдысының дамуына қарай жұмысты бірден абстрактылы көрнекіліктен (елестету, еске түсіру әрекетінен) бастау керек, өйткені бұл кезде осылай етуге қажетті материал балаларда жеткілікті мөлшерде жинақталған болады.
Көрнекі құралдарды пайдаланғанда мынадай негізгі талаптар орындалуы тиіс.
1. Көрнекілікті тек көрнекілік үшін қолданбай, белгілі бір мақсат үшін қолдану керек. Мысалы, 10-нан аттап қосқанда, көрнекі құрал қосу әдісін түсіндіру үшін және балалар оны алу үшін қолданылады, ол тек математика сабағында көрнекі құрал қолдануға тиісті деген жалпы талаптан тумайды.
2. Математиканы оқығандағы түпкілікті мақсат баланы дерексіз түрде ойлауға дағдыландыру мақсаты болу керек; көрнекі түрде қабылдау-бұл дерексіз түрде ойлауға дағдыландырудың алғашқы сатысы ғана болып табылу керек.
Тәрбиеші көрнекілікті шектен асырып қолдануға тиіс емес. Бала дерексіз сандарға амал қолдана алатын жерде, көрнекі құралдар қолдану артық жұмыс болып табылады.
Бірақ өткен материалды қайталау кезінде тәрбиеші балалардың бір мәселені шала ұққанын байқаса, тағы қайта түсіндіру үшін көрнекі құралдарды пайдаланатын жағдайлар болады.
Сонымен, тәрбиеші көрнекі құралды қолданғанда екі түрлі ұшқарылықтан:
1) көрнекі құралға мән беруден;
2) оны орынсыз жерде қолданудан сақ болу керек.
Балабақша бөлмесінің қабырғаларында көрнекі құралдардың барлығы бірдей ілініп қойылады; сурет, таблица сықылдылар программа бойынша оқылған кезде ілінсе, жыл бойына сол қал пында тұра береді. Көрнекі құралдарды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz