Мектеп және білім беру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мектеп және білім беру

Жапония елінде оқу жылы сәуір айында басталады және ол триместрлерге бөлінген. Бірінші триместр 20 шілдеде аяқталады, содан соң оқушылар жазғы демалысқа шығады. Екінші триместр 1 қыркүйектен желтоқсан айының соңына дейін жалғасады, ал үшіншісі - қаңтар - наурыз айлары аралығында болады. Бір сыныптан басқа сыныпқа ауысу бір апталық көктемгі демалыс кезінде жүргізіледі.
Жапонияда мектеп мұғалімі - ежелден бері ер адамдардың мамандығы болып есептеледі.
Жапония мектептерінің көбісінде асхана жоқ, оқушылар сыныпта тамақтанады.
* * * *

Чехияда демалыс қыс және жаз мезгілдерінде болады. Жазғы демалыс 2 айға созылады.
Чехия мектептерінде бағалау бес балдық жүйе бойынша жүргізіледі, алайда, бір қызығы, бестік ең төмен көрсеткіш болып саналады, ал бірлік керісінше - үздік баға.
Чехия елінде мектеп мұғалімдерінің көбісі бірнеше пәннен сабақ береді. Мәселен, бір педагог дене шынықтыру мен математика пәндерінен сабақ берсе, енді бірі - чех тілі, ән және химияны оқытады.
* * * *
Финляндияда егер оқушының сабақ айтуға ниеті болмаса, оны шақыруға болмайды. Бұл елде оқушының өз сыныптастары алдында кемшіліктерін көрсету тиімсіз болып есептеледі.
Фин мектептерінде сыныпта бірден екі оқытушы жұмыс істейді - мұғалім мен оның көмекшісі.
Финляндия мектептерінде оқушылар әр сабақтан соң далаға шығуға міндетті.
* * * *
Куба мектептерінің жоғары сыныптарында білім алатын оқушылар қандайда бір мамандықты меңгере бастайды. Қалалық мектептерде білім алатындар 5-7 аптаға ауыл шаруашылық жұмыстарға шақырылады.
* * * *
Швецияда мектеп директоры оқу жылының аяқталуын күтпей-ақ, дарынды оқушыны келесі сыныпқа ауыстыра алады, бірақ ол үшін ата-ананың рұқсаты қажет.
* * * *
Қытай еліндегі университеттерде бір сабақ бар болғаны 40 минутқа созылады.
Қытайда балалардың қысқы демалысы желтоқсан айының соңынан ақпан айының басына дейін жалғасады. Бұл уақытта елде Жаңа жыл мейрамы тойланады.
* * * *
Ирландияда 6-15 жас аралығында балалар міндетті түрде мектепке барулары қажет. Ал студенттерге сабаққа қатысу ерікті.
* * * *
Норвегия мектептеріндегі оқушылар жас мөлшеріне қарай бірнеше топқа бөлінген - бастауыш сыныптар, 14 жастағы жасөспірімдер және 18-дегі жастар. Бір қызығы, олардың бәрі әр ғимаратта білім алады.
8-сыныпқа дейін Норвегия мектептерінде оқушыларға баға қойылмайды.

ЖАПОН МЕКТЕБІНДЕГІ ЖАРҚЫН СӘТТЕР
ЖАЗҒАН: ZHASORKEN.KZ · ҚЫРКҮЙЕК 25, 2012
Өзгенің өнегесі
Жапон мектебіндегі жарқын сәттер

Алматыда жапырақтар сарғая бастаған. Күздің белгісі. Ал Жапонияда бұл мезгіл мүлдем басқаша. Үш тоқсаннан тұратын оқу жылы көктемде, сәуірдің 1-інде басталған. Қыркүйек айы келсе де, ағаштар сарғаймайды. Тек қазан туа үйеңкі жапырақтары күрең түске боялады. Күн сайын нөсер төгеді. Тайфун мезгілі де осы кез. Біз елдің Кансай аймағындағы әйгілі Осака жеріне сапар шектік. Осаканың Сэннан уезi, Таджиричоу кентiнiң бастауыш мектебiн көру үшін.
Жапонияда қонақүйлер, мейрамханалар мен асханаларға аяқ киімді ауызғы бөлмеде қалдырып кіреді. Бұл әдет мектептерде де сақталған. Аяқ киімді арнайы сөреге қойып, мектеп ішінде киюге арналған тәпішкені аяғымызға сұқтық. Шағын дәліз бойы жағалай қол жуғыштар мен ілінген сүлгілер. Айнадай тазалық бірден байқалады. Мектеп директоры Китаура мырза жапон дәстүріне тән қонақжайлылықпен қарсы алды.
Директормен бірге мектептің ішін аралап, Куматани сан жетекшілік ететін 1-сыныптың 1 тобына кіріп, оқушылармен жүздестік. Бүлдіршіндер қазақ ауылындағы балалар өмірі жайында, олардың қандай кітап оқитыны туралы, қазақтың ұлттық ойындары жайлы сұрақтар қойды. Біз кокуго (мемлекеттік тіл) сабағының үстінен түсіппіз. Оқушылар қағазға жазған сөз таңбаларын көрсетіп жатыр. Бәрі шетінен алғыр, тәртіпті.
Бұл мектептің сыныптарынан бөлек оқушылардың өз қолымен ас пісіруге, іс тігуге арналған бөлмелері және конструкция кабинеті бар. Соның барлығын Канмури сан көрсетеді, - деді директор. Мектеп басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Канмури Йошими ұзақ уақыт ұстаздық қызмет атқарған тәжірибелі мұғалім екен. Бізді еңселі де кең акт залына, одан соң спорт залына бастап барды. Қыста және тайфунды күні болмаса дене шынықтыру сабағы көбінесе даладағы аумағы ат шаптырым алаңқайда өтеді.
Қызыл бас киімді 1-3 сыныптың балалары жаттығып жатыр. Мектеп қабырғасына таяу сөрелер қойылған. Сөрелердің үстінде бэнтоу (тамақ салынған қорапша) мен сусын бөтелкелері тұр. Үзілісте оқушылардың тамақтануға көп уақыт кетірмеуі үшін ас-суын қолжетімді жерге дайындап қою үрдісі барлық бастауыш мектепте бар. Оқушылар жүгіріп, секіргенде қолындағы қызыл түсті аспап шықылдаған дыбыс шығарады. Канмури мырзадан бұл аспапты не үшін ұстайтынын сұрадық.
- Бұл - тарихы көнеден басталатын наруко деп аталатын аспап. Наруконы кезiнде самурайлар қорғаныс ретiнде қолдарына ұстап жүрген. Бұл жай ғана құрал емес, ритуалдық мәнi бар зат. Ертеде далада жүрген баланы алып құс тұмсығымен бүріп алып кеткен оқиғалар болған. Наруконың шыртылдаған дыбысынан құс үркеді екен. Бір жағынан дене шынықтыру сабағында бұл құралды қолына ұстағанда балалар өзін самурай сияқты сезінері сөзсіз.
- Канмури сан, енді мектептің тарихы туралы айтсаңыз...
- Мектебіміз 1906 жылы ашылды. 2006 жылы мектептің 100 жылдығын атап өттік. Мерейтойға осы мектептен білім алған елге есімі белгілі жазушы, депутат, өнер адамдарын шақырдық.
- Үш жылдық бастауыш мектепті бітірген соң оқушылар қайда оқиды?
- Жапонияда бастауыш мектеп түлектері оқуды алты жылдық орта мектепте жалғастырады. Одан кейін үш жылдық жоғары мектеп бар. Университетке он екі жылдық оқуды аяқтап, арнайы емтихан тапсырған соң түсуге болады. Қазір Таджиричоу бастауыш мектебінде 559 бала бiлiм алып жатыр.
- Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ағылшын тілі мектептің оқу бағдарламасына енгізілді. Жапон бастауыш мектебінде шет тілі қалай оқытылады?
- Жапон мектептерiнде сабақ тек мемлекеттiк тiлде жүредi. Мемлекеттік білім беру бағдарламасына сәйкес Таджиричоу мектебінде ең көп сағат саны кокуго (мемлекеттiк тiл) пәнiне бөлiнген. Бiрiншi сынып балалары бұл сабақты аптасына 9 сағат, жылына 306 сағат оқыса, математикаға 136 сағат бөлiнген. Екiншi сынып балалары кокугоны аптасына 9 сағат, жылына 315 сағат оқиды. Ал математикаға жетiсiне 5 (жылына 175 сағат) бөлiнген. Шет тiлi жалпы бiлiм беру бағдарламасына сәйкес орта мектепте бесiншi сыныптан бастап үйретiледi. Оның өзi де аптасына 1 сағат қана! Бұл жапон балалары ағылшын немесе басқа да шет тiлдерiн бiлмей қалады деген сөз емес. Бізде өскелең ұрпақтың шет тілдерін меңгермей қалу қаупі жоқ. Жапонияның оқу бағдарламасында баланың ана тілінде таза сөйлеуі мен ұлттық тәлім тәрбиеге қанығуына басты мән беріледі.

- Мектептің ту етіп ұстайтын ұраны бар ма?
- Таджиричоу бастауыш мектебiнiң ұраны - Джирицу-юджоу-кэнкоуқағидасына негізделген. Яғни, адам болуды өзiң ойла, айналаңа мейiрiмдi бол, денсаулығыңды сақта! Бұл жапон педагогикасындағычитокутай ұғымынан шығып отыр. Читокутай ұғымын талдайтын болсақ,чи - сана негiзi, бiлiм, ал току - рухани, парасат негiзi болса, тай - зат, пiшiн. Бұл үшеуiнiң мекенi - бас, жүрек, дене. Бұл тек оқушыларға ғана қатысты нәрсе емес, біз ұжымдық тәрбиеге үлкен мән береміз. Мектеп басшылығы таңғы және түскі ас кезінде мұғалімдермен, оқушылармен бірге тамақтанады. Бұл оқушылармен еркін қарым-қатынас жасауға мүмкіндік береді. Мектеп бір жағынан білім ордасы болса, екіншіден үлкен отбасы емес пе?
- Жапонияда үлкен кітапханаларға мектеп оқушылары көп барады екен. Қалалық кiтапханаларда бүлдiршiндердiң кiтап оқуына жайлы болуы үшiн көрпелер төселген арнайы бөлме де жабдықталған ғой?
- Бұл мектептiң балалары әр сәрсенбi, жұма күндерi сыныпта 10 минут кiтап оқиды. Таңғы оқулар деп аталатын бұл шарадан бөлек әр бала аптасына бiр мәрте мектеп кiтапханасында көркем әдебиет оқиды. Мектеп кітапханасында қажетті әдебиеттің бәрі бар. Бүлдіршіндер үшін кітапханада жағдай барынша жасалған. Балдырғандар өздерін үйіндегідей сезіну үшін жайлы бөлмелер арнайы жабдықталған.
- Жапонияның тарихи орындарынан да оқушыларды көп көрдік...
- Ежелгі самурай сарайларына, мұражайларға оқушылар жиі барады. Алған әсерлерін әдеби шығарма түрінде хатқа түсіреді. Хайку өлеңін құрастыратын балалар да бар. Алыс аймақтағы мұражайларға оқушыларды шинкансэн деп аталатын пойызбен немесе кемемен апарамыз.
- Қарияларға қамқорлық сабағында оқушылар не істейді?
- Елге еңбегі сіңген ақсақалдармен жүздесiп, әңгімелеседі. Балалар қарттардың үйіне барып, шаруасына қолғабыс тигiзедi. Ал қариялар оқушылардың сабағын көріп, кейде бірге ойнайды да. Жапонияда баланы болашақ мамандығына бүлдіршін кезінен баулиды. Өзіңіз байқағандай, роботтарды жасау орталықтарында оқушылар өте көп. Жас ұрпақ ғылым мен техниканың негізін осылай меңгереді.
- Еңбекке баулитын тағы қандай пәндер бар?
- Егiстiкте орақ орып, келсаппен күрiш түюге де бастауыштан баулимыз. Орақ ұстау арқылы күрішші болудың қызығы мен қиындығын сезінеді. Ауыл шаруашылығы, үй шаруашылығы, тұрмыстану сияқты пәндер арнайы оқытылады. Бұл сабақтарда оқушылар жақын ауылдарға барып, шаруаларға көмектеседі, күтушісі жоқ қарияларға қолқабыс жасайды. Үй шаруашылығы деген сабақта оқушылар тамақ пісіру, іс тігу, қолөнер бұйымдарын жасау сияқты отбасына қажетті нәрселермен шұғылданады. Мектепте отбасы жұмысына арналған кабинет жабдықталған. 3-сынып балалары Отбасы тәрбиесi деген сабақты осында өтеді. Аспаздық мектебінде ас пісірсе, Қолөнер бөлмесінде іс тігіп, үй шаруасына бейімделеді. Оқушыларды әкімдікке де апарамыз. Қала басшысының орынтағына отырып, шаһарды басқару ісімен осылай танысады. Кемемен балықшылар ауылына да барып тұрады.
- Мектепте тазалыққа зор мән берілетінін дәліздегі қолжуғыштар мен санитарлық заттардан байқадық.
- Дұрыс айтасыз. Жапонияда тазалық мәселесі алдыңғы орында тұр. Дезинфекциялайтын сұйықтықпен сыныптағы парталарды сүртіп тұрады. Бұл - баланың ауырмауы үшін қажет қарапайым қағиданың бірі. Мектепке кіргенде оқушы алдымен дәліздегі қолжуғышқа сабынмен беті-қолын жуып, тісін тазалайды. Мектептің барлық құрал-жабдықтарының мұнтаздай болуын жіті қадағалаймыз. Мектепте Демалыс бөлмесі де бар. Жапонияның ауасы ылғал, күзде күн көпке дейін ысып тұрады. Сондықтан күннің ыстығында, әсіресе дене шынықтыру сабағында қызуы көтерілген бала болса, арнайы қызметші Демалыс бөлмесіне жатқызып, маңдайына салқын шүберек басады. Алда-жалда бір баланың іші ауыра қалса, жедел-жәрдем шақырмаймыз, үйіне қайтармаймыз, Демалыс бөлмесінде дәрігер маман қажетті ем-домын жасайды.
- Мектепте қандай үйірмелер жұмыс істейді?
- Жапония балаларының 76 пайызы мектептен тыс дзюку деп аталатын кешкі мектепке барады. Оған қоса ән, би, каратэ, шет тілін, музыкалық аспапта ойнауды үйрену, қолөнер тәрізді түрлі үйірмелерге қатысады. Осы үйірмелердің барлығы Таджиричоу мектебінде ашылған.
- Ұланның оқырмандарына қандай тілек айтасыз?
- Қазақстан деген мемлекет бізге бейтаныс емес. Әлемдегі қарқынды дамып келе жатқан атақты ел. Қазақ батыр, қонақжай халық ретінде белгілі. Қазақ пен жапон балаларының арасын байланыстырғаны үшін Ұлан газетіне алғыс айтамыз. Болашақта Таджиричоу мектебінің оқушылары Қазақстанға барып, қазақ ауылын көретініне сенемін.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғалы бері он жылдан астам уақыт өтсе де, жан-жақты реформалар жүргізу үрдісі аяқталған жоқ. Тәуелсіздік жылдарының алғашқы күнінен бастап дамыған елдерден үлгі алуға тырысқан ҚР-сы өз ішіндегі жаңашылдықтарды басқа елдермен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы енгізіліп келеді. Америка Құрама Штаттары сондай елдердің ішінде ең маңызды орынға ие. Әрине, екі жақтың достық қарым-қатынастарын былай қойғанда, олардың арасында жер мен көктей айырмашылық бар. Бірақ өз дамуына септігін тигізетін мұндай қарым-қатынастарды жасаспасқа болмайды.Қазіргі таңда Америка құрама Штаттары КСРО ыдырағаннан кейінгі қалған вакуумды толтыруға белсенді түрде тырысып-ақ жатыр, оның бірнеше себебі бар, АҚШ өз ықпалын бұрынғы Ресей ықпалымен ауыстырғысы келеді, әрі стратегиялық маңызы бар энергетика қайнар көздеріне бай, әрі әлі даму сатысындағы бұл аймақ қандай да болмасын ықпалға тез іліккіш болып тұр.
Осындай жағдайларда өсіп-өрбіп келе жатқан еліміздің өз тәуелсіздігін сақтап қалуына, сонымен қатар АҚШ сияқты ірі державамен серіктестік деңгейінде қарым-қатынас жүргізуіне таңданбасқа болмайды.
Қазақстан қоғамының трансформациясы жағдайында мемлекет алдында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін қалыптастыру өзекті мәселесі пайда болды. Бұл мәселені қарастыруда Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесін реформалау үрдісін зерттеу керек. Бұл жерде өтпелі кезеңді басынан өткізіп жатқан елдер үшін білім жүйесін реформалау жаңа құбылыс болып табылмайтындығын атап кету қажет. Мұндай реформалау білім жүйесінің жақсаруын, даму динамикасын, эволюциясын көрсетеді және әрдайым болып тұрады.
Қазіргі Қазақстанда жоғары білім мәселесі экономикалық жағдайға тікелей байланысты. Бірақ, бұл мәселені шешуде тек қаржылық-экономикалық жағдаятқа ғана сүйенуге болмайды. Білімді реформалауға кешенді түрде қарап, әлеуметтік, экономикалық және мәдени факторларды да ескеруі керек.
Әрбір әлеуметтік институт, соның ішінде білім беру жүйесі қалыптасқан жағдайларға бейімделуі тиіс, өйткені ол оның өмір сүруіне қажетті шарт болып табылады. Біздің еліміздегі білім беру жүйесінің реформасы басқа да өтпелі мемлекеттердегіей жоғарыдан жүргізіледі.
Әлем кеңістігіндегі болып жатқан өзгермелі жағдайлар білім беру жүйесіне де өзіндік әсерін тигізіп отырғаны белгілі.
Елімізде жүргізіліп жатқан білім саясаты әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бағдарланған. Әлемдік білім кеңістігіндегі жалпы білім берудің басымдылық мақсаты-өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң шешім қабылдай алатын тұлға дайындау болып отыр.
Осы орайда Австралияда қабылданған ХХІ ғасырдағы ұлттық мектептердің Аделаида декларациясында: Австралияның болашағы әрбір азаматтың білімді, әділетті және ашық қоғамда өнімді әрі толыққанды өмір сүру үшін қажетті білімдерді, біліктерді, түсінісулер мен құндылықтарды игеруіне байланысты делінген.
Еліміздегі білім беруді дамыту ісі жаңаша көзқарастар мен сондай бағыттарға негізделіп отырғаны мәлім.
Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында: Ұлттық бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімділік деңгейімен айқындалады деп айтылған. Осы тұрғыдан Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасында: Орта білім берудің мақсаты-жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетілген.
ХХІ ғасырдың басындағы адамзат қоғамының түр сипаты және дамуының бағыттары төмендегідей ғаламдық масштабтағы құбылыстармен айқындалып отыр:
1. Барлық адамзатқа ортақ гуманитарлық, экономикалық проблемалардан туындайтын қарама-қайшылықтардың көбеюі.
2. Қоғамдық-экономикалық қарым-қатынас жүйесіндегі жаһандану және ірі геосаяси өзгерістер үрдісінің кеңеюі.
3. Ақпаратқа, білімге, көп мәдениеттілікке негізделген қоғамның құрылыуы.
4. Постиндустриалдық, ноосферлық, даму деңгейіне өтудің жылдамдауы.
5. Адам капиталы құнының артуы.
Қазіргі кезеңде елдердің бір-бірінен салыстырмалы тұрғыдағы артықшылығы, бәсекелестік күш-қуаты олардың табиғи ресурстарымен емес көбінесе адам капиталымен, инновациялық технологияларды және ақпарат ағымын ұтымды пайдаланумен анықталып отыр. Дүниежүзі көлемінде постиндустриалдық қоғамға көшудегі білім беруді жаңарту қазіргі заманғы маңызды әлеуметтік құндылықтар мен қоғамдық бағыттар жүйесін дұрыс қалыптастырудың шешуші жағдайы есебінде көрінеді. Білім құндылықтары тұлғанық, қоғамның және табиғаттың игіліктеріне сәйкестендіріліп, ашық, вариативті, рухани және мәдени қаныққан толерантты, отаншылдық және шынайы азаматтықтың қалыптасуын қамтамасыз ететін жүйеге бірігуі тиіс. Білім беру экономикаға мамандар даярлау емес, қоғамның интеллектуалдық және мәдени деңгейін көтеру, оның бәсекелестік қабілеттерін инновация мен демократиялық прогреске лайық дамыту, өмірдің қазіргі заманғы стилін қалыптастыру құралына айналуы тиіс.
Адамзат дамуының осындай кезеңінде әлемнің 100-ден аса елі өздерінің даму стратегиясы есебінде Тұрақты даму тұжырымдамасын қабылдап отыр. Бұл елдерде жоғары мемлекеттік деңгейдегі Ұлттық тұрақты даму кеңестері құрылып, өзіндік жоспарлары жасалған. Тұрақты даму мәселесіне Қазақстанда да тиісті көңіл бөлініп, 2000 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі БҰҰ ДБ-мен бірлесе отырып, 2001-2004 жылдарға арналған тұрақты дамудың құрылымдық шарттарын нығайту бағытында арнаулы бағдарлама қабылдады. Осы бағдарлама аумағында қазір ХХІ ғасырдың күн тәртібіндегі тұрақты даму атты Ұлттық комиссияны құру жоспарланып отыр.
2000 жылы сәуір айында Декарда өткен білім жөніндегі Әлемдік форумда баршаға білім беру стратегияларын жүзеге асырудың 10 жылдық қорытындысы жасалып, білімді адам дамуының негізгі факторы деп есептейтін тұжырымды одан әрі тереңдетті. Форумның Декарлық әрекеттер шектері Баршаға білім беру: біздің міндетімізді орындау атты негізгі құжатында білім алу адамның негізгі құқықтарының бірі деп атап көрсетіліп, ол тұрақты дамудың, елдер ішіндегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың, олар арасындағы қарым-қатынастың кілті болады және ХХІ ғасыр экономикасы мен қоғам өміріне тиімді қатысудың міндетті құралы деп атап көрсетілді.
Әлемдік тәжірибе білім беру ұлттық немесе ғаламдық саясаттың жеке саласы болып есептелмейді, ол адам құқығын сыйлауға, жақсы тұрмыс пен тиімді басқаруға, қазіргі қоғамның әлеуметтік, экономикалық, саяси, экологиялық тұрақтылық даму процестерінің негізгі шарты және сенімді құралы, әлеуметтік құбылыс пен процесс, әлеуметтік жүйе, ұлттық бірегейлік пен рухани мәдениетті сақтау және дамытудың бірден-бір кепілі есебінде дәлелденіп отыр.
Тұрақты даму талатарына сәйкес білім беру жүйесінің құрылымын және мазмұнын дамытудың басты бағыттары негізінен төмендегідей сипатта анықталуда:
* Жеке тұлғаның, қоғамның, мемлекеттердің, қоршаған табиғи ортаның, сонымен қатар бүгінгі және келешек ұрпақтың мүдделері мен қажеттіліктеріне үйлесімді болуын қамтамасыз ету.
* Ғылым мен технологияның, нарықтық экономиканың өзгермелі және өскелең талаптарына сәйкес үздіксіз, пәрменді, дамымалы және үнемі жетіліп отыруға бейімді болуын қамтамасыз ету.
* Адамзат қоғамының мол ауқымы, кең спектрлі, көпвекторлы полимәдениетті сипатына сәйкес ашықтығын, демократиялығын, интеграциялауға бейімді болуын қамтамасыз ету.
Жер көлемі кең, халқы аз, табиғи байлығы мол, бірақ білікті ұлттық мамандары және өндірістік жаңа технологиялары қалыптасып үлгермеген Қазақстан мемлекетінің жаһандану үрдісіндегі бәсекелестікке төзіп, саяси-экономикалық, рухани-әлеуметтік іргелі және түйінді проблемаларын шешуші, ел ішінде және басқа елдермен бейбіт өмір сүруді, яғни тұрақты даму жолына түсуді қамтамасыз ету үшін ең пәрменді және сенімді құрал есебінде отандық білім жүйесін дамытудың өзектілігі ерекше екендігі анық.
Осы мақсаттарда төмендегідей іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс:
Білім жүйесіне мемлекеттің идеологиялық және экономикалық саясатында басымдылық беру,оны ұйымдық-құрылымдық жаңару, қаржылық, ғылыми-әдістемелік, материалдық, ақпараттық, технологиялық базасын нығайту, мамандармен қамсыздандыру, құқықтық-нормативтік, әлеуметтік статусын көтеру, бүкілқоғамдық қолдау жүйесін қалыптастыру.
Білім жүйесінің ішкі мүмкіндіктерін ашылуын және олардың пәрменді қолданылуын қамтамасыз ету, білім жүйесіне жинақталған оңды іс-тәжірибені талдап, пайдалану, білім мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің технологияларын жетілдіру, басқарудың, білім сапасын арттыру мен бағалаудың және білімге ынталандырудың пәрменді әдіс-тәсілдерін жүзеге асыру.
Білім жүйесіне мемлекет тарапынан тікелей әсер ету-оның негізінен материалдық-техникалық базасын нығайту, экономикалық-материалдық ресурстарын жетілдіру мен жаңғыртуға келіп саяды. Ол әрбір елдің мемлекеттік басқару саясатында білімді дамытуға дер уақытында басым бағыт берілуіне, елдің экономикалық мүмкіндіктеріне байланысты.
Көптеген дамыған елдер өткен ғасырдың ортасында-ақ білімді дамыту мәселесін мемлекет саясатының басым бағыты есебінде белгіленеді.
Өкінішке орай, Қазақстанда жалпы ішкі өнімге шаққанда білім беруге жұмсалған мемлекеттің қаржы шығыны 1990-2003 жылдары аралығында қауырт қысқарды. Айталық, 1990 жылы ол ІЖӨ-нің 8,2% құраса; 1995-4,5%; 2003-3,1%-ге дейін төмендеген.
Қазақстан Республикасында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білім мазмұнын жаңарту контекстіндегі мектеп кітапханалары қызметінің жағдайы мен мәселелері
Басты өзгеріс - мұғалімдердің және басшының, оқушылардың оқуы мен үлгеріміне жауапкершілікпен қарауы
Шағын жинақты мектептердің жай-күйі мен негізгі проблемалары
Түрлі елдердегі және Қазақстандағы қазіргі білім беру жүйесі
Білім беру ұйымдарында мұғалімдердің кәсіби даярлығын дамыту
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Мектептің әдістемелік жұмыс жүйесін ақпараттандыру
Мектептің оқу тәрбие процесін басқару
Жалпы білім беретін мектепті басқарудың ғылыми-педагогикалық негіздері
Пәндер