Мектеп менеджері іс-әрекеттерінің теориялық негіздері



Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Мектеп менеджері іс-әрекеттерінің теориялық негіздері
2. Менеджмент жүйесінде басқарудың жолдары
3. Басқару - - - - - - - субъектілердің өзара байланысы.
4. Мектептегі педагогтік ұжымның құрамы
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Мектеп менеджері іс-әрекеттерінің теориялық негіздері
Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, Республикамызды әлемдік білім беру кеңістігіне шығуды қарастыратын мемлекеттің қазіргі саясатын іске асыру білімге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті, ол талаптардың мақсаты білімнің, дағдының және машықтың жай ғана жинағы емес, осыларға негізделген тұлғалық, әлеуметтік, кәсіби біліктілік, яғни ақпаратты өз бетімен табу және оны тиімді пайдалана алу, құбылмалы дүниеде үнемді және пайдалы өмір сүру, сонымен қатар жұмыс істеу болып табылады.
Басқарудың негізгі ғылымы ретінде менеджменттің теориялық жағдайы олардың көпшілігінің өндірістік, шаруашылық-экономикалық және іскерлік пен кәсіпкерлік саласының басқа да ұйымдарын басқаруға арналатынын көрсетеді.
Білім - адам, қоғам және мемлекет мүддесінде тәрбие мен білім беру үрдісі ретінде отандық білім берудің қалыптасуында маңызды рөл атқарады.
Сол орайда менеджментті адамзат әрекетінің барлық саласында, соның ішінде педагогикалық ұжым мен жалпы білім беретін орынды басқаруда қолдануға болатынына көзіміз жетуде.
2005 жылдың 18 ақпанындағы Қазақстан жылдамдатылған экономикалық, әлеуметтік және саяси жаңару жолында Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: Қазіргі білім жүйесінсіз және кең, жан-жақты және жаңаша ойлайтын қазіргі менеджерлерсіз біз жаңа инновациялық экономиканы жасай алмаймыз, - деп атап көрсеткен болатын. Бұл ой Президенттің Әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 ел қатарына ену стратегиясы атты Қазақстан халқына Жолдауынан да көрініс тапты. Төртінші басымдылықта Н. Ә. Назарбаев: Білім реформасы - Қазақстанның бәсекелестікке шынайы қабілеттілігін қамтамасыз ететін құралдардың бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық жаңартулар талабына сәйкес келетін қазіргі білім жүйесі қажет, - деген болатын.
Менеджмент ағылшын тілінен аударғанда (management - басқару, жетекшілік ету, меңгеру) жеке тұлға мен ұжымның дене және зияткерлік әлеуетін тиімді пайдалануға бағытталған адамдар әрекетін басқару қисыны мен тәжірибесінің бірлігін білдіреді.
Соңғы жылдары басқару ғылымы ретінде менеджмент білім беру мекемесі мақсаттарына жетудің тиімділігін неғұрлым арттыратын құралдар мен тәсілдерді қарастыруға және қолдануға тырысады. Бұл - нақты міндеттерді шешуге бағытталған педагогикалық ұжым әрекетін басқарудың жаңа жолдарының пайда болуы мен дамуына жағдай туғызды.

Менеджмент жүйесінде басқарудың жолдары
- басқаруға үрдіс ретінде қарау жолы;
- жүйелі жолы;
- жағдаяттық жолы.
Басқаруға әрекет ұйымның мақсаттарына жетуіне бағытталған үрдіс ретінде қарау жолы бір уақытта іске асатын әрекет ретінде емес, өзара байланысқан үздіксіз әрекеттердің тізбегі - басқару қызметі ретінде қарастырылады.
Басқару әрекеті ішінен ерекшеленетіндер: жоспарлау, ұйымдастыру, реттеу, еңбек қызығушылығы, жеке орындаушыларға қатысты әрекеттерін басқару және реттеу, әрекетті бақылау, қабылданған шешімді бағалау және дұрыстау.
Басқарудың жүйелі түрі басқарушының ұйымдастыруды адамдар, құрылым, айнымалы қоршаған орта мен жаңа талаптар жағдайында алдына қойған мақсаттарға жетуге бағытталған мақсаттар мен әдіс-амалдар сияқты өзара байланысты бөліктер жиынтығы ретінде қарастыруды қажет етеді.
Жағдаяттық басқару жолы басқарудың түрлі тәсілдерді нақты жағдай анықтайтынына негізделеді. Нақты бір жағдайда ең тиімді тәсіл дәл сол жағдайға сәйкес қолданылатын тәсіл болып табылады. Аталған тәсіл өте тиімді, өйткені тәжірибеде қалыптасқан жағдайға және алға қойған мақсатқа жетудегі ерекшеліктерге байланысты басқару ғылыми тәсілдерді пайдалану бойынша нақты нұсқаулар беріледі.
Басқару ғылымы ретінде қазіргі менеджменттің ерекшелігі өмір сүруге және тәжірибеде қолдануға болатын тұжырымдамалар һәм жолдардың әр түрлі екендігін жоғарыда сипатталған тәсілдер көрсетеді.
Қазіргі жағдайда адамдар әрекетін басқару үрдісі жұмыс тәжірибесіне тікелей қатысты шынайы жағдайларда ғылымды (басқару саласында ұйымдастыру білімі негіздерін) қолдануды негізге алатын өнер деген пікір қалыптасқан.
Қазіргі мектеп - бүгінгі күн шындығымен бетпе-бет келген мектеп: балалар бүгінгі күн қандай болса, сол қалпында қабылдайды, олардың бүгінгі мақсаттары, құндылықтары мен қызығушылығы, жұмысқа өте қабілетті және өмір мен жұмыс жағдайларының өзгермелілігіне қарамастан бейімделуге қабілетті мұғалімдермен жұмыс істейді. Мектептің табысты дамуы мектеп басшысының не істеу керектігін, алға қойылған мақсатқа жету үшін қандай күш пен тәсілдерді қалай меңгергеніне тікелей байланысты.
Бұл жерде, әрине, жағдайды сараптаудағы жетекшінің өзі қалыптастырған әдістер мен тәсілдерді жүйелі қолдану, кез келген істе табысты қамтамасыз ету үшін адамдарды іске бастайтын шешім қабылдаудағы тәжірибесі көрінеді.
Басқарушының іс-әрекетінен көрінетін істі орындаушыларға олардың әрекеті барысында мақсатты әсер ететін басқарудың ерекшеліктерінің жиынтығы басқару стилі деп аталатыны аян.
Мектептің басқару әрекет стилі өз әрекетін, оның нәтижелерін сыни тұрғыдан өзі бағалай алатын және ұжымды сенімді қарым-қатынасқа бағыттайтын демократиялық стиль болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы білім дамуының қазіргі кезеңі білім мекемесі әрекеті саласындағы адам ресурстарын басқару жүйесінің органикалық элементі ретіндегі мұғалімнің кәсіби өсуін ұйымдастырудың қисындық үлгісін жасауға көшуіне мүмкіндік береді.
Білім жүйесінде басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету үшін мақсат, міндеттер мен білім беру мекемесінің барлық деңгейлеріндегі басқару әрекетінің мазмұнын анықтап алу қажет. Мектепті жаңарту жағдайында бақылау қызметін өзгерту қажет. Жаңа жағдайда бақылау тексеру мен оның қорытындысы бойынша шара қолданумен шектелмеуі тиіс. Ол көбіне аралық және соңғы қорытынды нәтижелері бойынша сарап жұмысын қамтамасыз етуге тиіс. Мектепті басқарудағы табыс басқару құрылымын дұрыс таңдауға байланысты.

Басқару - - - - - - - субъектілердің өзара байланысы.
Басқару құрылымында саналы және жоспарлы басқаруды ескеретін жүйелі жол байқалады.
Жүйелі жолмен мектепті басқаруда табысқа жету мынаған байланысты:
1. Мектеп жұмысын жоспарлау, мақсаттарды дұрыс қою, оларды маңыздылығына қарай дұрыс ретімен таңдау;
2. Мамандарды бөлу, міндеттерді бөлу, бөліктер арасындағы байланысты орнату және ол байланысты жұмыс істету.
3. Мектепішілік ақпараттар жүйесін және оның тиімді кері байланысын орнату.
4. Оқу-тәрбие үрдісінің қалыпты жүруі үшін материалдық-техникалық базаны құру.
5. Ұжымдағы қажетті моральдық климаттың болуы.
6. Мектеп басшылығы мен мұғалімдердің біліктілігі мен тәжірибесі және олардың педагогтік шеберлігін арттыру жүйесіне байланысты.
Басқару - - - - - - - субъектілердің мығым байланысы. Өзара байланыстың мәні тікелей және кері әрекеттің үздіксіздігінен, бір-біріне әсер ететін субъектілердің органикалық байланысының өзгеруінен тұрады. Сонымен қатар, өзара байланыс - өз ішінен бөлінетін біртұтас, өздігінен дамитын жүйе. Басқарудың мәні болатын өзара байланысты бұлайша қабылдау басқарушы мен басқарылатындардың өзара өзгеруін туғызуы мүмкін, өзара байланыс жасайтын субъектілердің өзгеруін және соның күйінің ауысуы ретіндегі сол үрдістің өзін қарастыруды қажет етеді.
Педагогикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіптік білім беруде білім білік және дағдыны бақылау
Жоғары оқу орындарында мектеп менеджерлерін басқарушылық қызметке даярлаудағы педагогикалық менеджменттің маңызын анықтау
Жүйелік бағдарламалауды жіктеу
Арнайы педагогика және қазіргі гуманистикалық білім беру жүйелері
Зерттеу пәні - Android жүйесінде бастауыш мектеп балаларына арналған дамытушы ойындар технологиясын оқыту
Мектепті басқарудың мақсаты мен міндеттері
Ұйымдарды басқарудың методикалық және экономикалық негіздері
Экологиялық мәдениет ұғымына берілген анықтамалар
«Қазақ тілі бойынша онлайн тестілеудің мобильді қосымшасын құру»
Педагогикалық менеджмент субъекті қызметінің мақсаты
Пәндер