Мектепке даярлық топтарында санау және есептеу әрекеттерін оқып-үйрету әдістері


Мектепке даярлық топтарында санау және есептеу әрекеттерін оқып-үйрету әдістері.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
I-тарау: Дайындық тобында санау есептеу әрекеттерін оқып-үйретудің
әдістемелік негіздері.
1. 1. Дайындық тобының бағдарламалық материалы . . . 6
1. 2. Дайындық тобында арифметикалық ұғымдарды оқыту
ерекшеліктері . . . 10
II-тарау: Балалар бақшасының даярлық тобында сан және есептеуді
үйрету жолдары.
2. 1. Жиынмен жұмыс істеу . . . 17
2. 2. Балаларды санның шартты белгілері ретінде цифрмен
таныстыру . . . 22
2. 3. 10 көлемінде реттік санау дағдыларын бекіту . . . 26
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Қосымша
Кіріспе
Жұмыстың көкейкестілігі:
Балалар бақшасында даярлық топ ерекше орын алады. Педагогтың міндеті, бір жағынан, балалардың алған білімдерін жүйеге келтіру және бұдан бұрынғы бүкіл тәрбиелеу және оқыту жұмысы нәтижесінде балалардың жалпы өсіп жетілу дәрежесін зерттеу болса, екінші жағынан, баланың жеке басын қайта қалыптастыруды талап ететін, балаларды психологиялық жағынан дайындау болып табылады. Осы кезеңде балалардың сана-сезімі мен мінез-құлқында болашақ оқушының өзінің оқуына, өз тәртібіне жауапкершілігін түсінетіндей өзгеріс болуы керек. Бала балалар бақшасында көп деген эмпирикалық білім алды, ал мектепке көшкенде барған сайын тереңдете берілетін ғылыми білім бірте-бірте ашыла береді де, мұның өзі абстрактілі ұғымдармен операциялар жасауға дайындықты талап етеді. Бұл тұста басты мәселе тек жеке функциялардың дамуы ғана емес, баланың санасындағы функционалдық байланыстар мен қатынастарға өзгеруі. «Сана әрбір жеке функцияның дамуында болып жататын жеке бір өзгерістердің қосындысы ретінде дамымай, өзінің ішкі құрылысы мен бөліктерінің байланысын әрбір жаңа кезеңде өзгерте отырып, бүтін бір нәрсе ретінде дамиды. Сананың дамуындағы әрбір функционалдық бөліктің тағдыры бүтіннің өзгерісіне байланысты болады, бірақ керісінше емес», - деп жазды Л. С. Выготский, сананың мұндай функционалдық өзгерісі жеке адамның дамуындағы басты және ең елеулі нәрсе болып табылады.
Даярлық топтағы балалар өздерін балалар бақшасында ересектер ретінде сезінеді. Мектепке көшуге дайындалған ересек балалардың бұл позициясы олардың өзіне деген қатынасын өзгертеді, оларға кішкентайлардың қарым-қатынасының өзгеретіні сияқты, басқа топта балаларға қарым-қатынасын өзгертеді. «Мен қазір тек ересек балалар тобындамын, келесі жылы даярлық топта боламын, сонан кейін мектепке барамын», - деп бала ең ересек бала болуды қиялдайды.
Өзінің тәрбиелеп отыған балаларының сана-сезімін қайта құру жөнінде дайындық топтың педагогы есінен шығармауы тиіс және белгілі бір дәрежеде өзара қарым-қатынас жүйесін өзгертуі керек. Балалардың өз бетімен ойлауын мадақтай отырып, өз күшіне сенімін, мүддесін таңдап алу тұрақтылығын мақсатқа бағытталғандығын тәрбиелей отырып, балаларды ерекше басы артық қамқорлықтан босату керек. Кішкентайлармен ересектердің алдындағы өз жауапкершілігін сезіне білуге балаларды төселдірген жөн. «Даярлық топтағы балалар ең ересектер; олар басқа балаларға үлгі көрсетіп, кішкентайларға қамқорлық көрсете білулері тиіс», - деп атап көрсетеді тәрбиеші. Балалардың жұмысымен, олардың үйдегі жұмысымен танысып отыру керек деп тәрбиеші ақыл-кеңес береді. Бұдан кейін әңгімелесу кезінде балалар көбінесе өздерінің аға-апалары жөнінде, олардың оқып жүрген қызық кітаптарын, шығарып үйренген қиын есептері жөнінде т. с. с.
3
мақтанышпен әңгімелеп береді.
Сондықтан дайындық тобының барлық программалық міндеттерін, оның ішінде элементар математика білімдер облысын қарастыруда бір жағынан, балалардың алған білімдерін қорытындылау және бір жүйеге келтіру тұрғысынан, екіншіден- балаларды мектеп жұмысына дайындау, білімдеріндегі сабақтастық байланыс тұрғысынан келу керек. Мектептегі жұмысқа дайындаудағы басты міндет балалардың ақыл-ойын дамыту, ақыл-ой операцияларын анализ, синтез, салыстыру, жинақтау, классфикациялау операцияларын игеру.
Сонымен даярлық топтың программасы балалардың алдыңғы топтарда алған білімдерін жүйеге салатын программа ретінде тек балалар бақшасы үшін ғана емес, балаларын 1класқа дайындағанда ата-аналар пайдалана алатын программа ретінде де ерекше маңызы болады.
Мектепке даярлық тобының режимінде аптасына 14 сабақ өткізу қарастырылған, оның екі сабағы балалардың элементар математикалық түсініктерін дамытуға арналады.
Алдыңғы топтардағыдай, алғашқы айда өткізілетін жұмыс ересек балалар тобының программалық материалын қайталауды және балалар бақшасына жаңа ғана келген балалардың білімдері мен дағдыларының деңгейін анықтауды қамтамасыз ететін сабақтарға арналады. Балалардың білімдеріндегі кейбір кемшіліктерді жою үшін сол балалармен қосымша сабақтар өткізу қажет болуы мүмкін. Алайда мұндай сабақтарды ұзақ уақыт өткізудің керегі жоқ: бірлесіп жұмыс істеу процесінде оқытып қана қоймай, сонымен бірге балаларды өзара оқытып үйретуге де болады.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру ″Балаларды математикалық өзара байланыстар мен тәуелділіктерді түсінуге қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыруға қалай жеткізуге болады? Олар қашан және балалар дамуының қай кезеңінде меңгеруі мүмкін?″ ─ деген сұрақтарға жауап береді.
Қысқаша тарихи шолуда бала санды қалай қабылдайтыны және өз дамуының алғашқы кезеңінде санауды қалай игеретіні жөнінде педагогикалық әр түрлі көзқарастары ашық көрсетілген. Сонымен жиынның әр түрлі класындағы жиынтық ретінде әрқайсысы жиынның өз жеке класының көрсеткіші болатын әр түрлі сандармен аталған қазіргі натурал сан қатары қалыптасты.
Демек, сан жиындар класының көрсеткіші және де класс ұғымы бұл ұғымның қалыптасуына нақты жиындар туралы, олармен орындалатын амалдар туралы түсініктер және жиын саны жағынан тең не тең емес болуы мүмкін деген ұғым жағдай жасайды. Санау бұл әрбір әрекетке тән белгілер: жиынның белгілі бір класы, көрсеткіші ретіндегі қорытынды сан түрінде мақсатты құралы есептеу және нәтиже операциясы бар әрекет.
Санау әрекетінің мәні мынадан тұрады: нақты жиын элементтері мен санның стандартты жиыны ретінде санның натурал қатарының мүшелері арасында өзара бір мәнді сәйкестік орнату.
4
Санау әрекетінің өзіндік ерекшелігі мынада: операциялар нақты жиынтықтармен, яғни әр түрлі анализаторлар арқылы қабылданатын жиындармен жанасады.
Зерттеу нысаны:
№9 бала бақшаның даярлық тобында санау және есептеу әрекеттерін үйрету әдіс-тәсілдері, жолдары, формалары.
Зерттеу пәні:
Мектепке дейінгі даярлық топтарда оқу жабдықтарын қолдану әдістері.
Мақсаты:
Курстық жұмыстың мақсаты №9 бала бақшасында аталмыш зерттеу тақырыбымды өз тобымда сабақ, ойын барысында жүргізіп, тәрбиешінің іс-тәжірбиесімен ұштастырып, оларды теориялық материалдармен біріктіре отырып көлемі 30-35 беттік курстық жұмысты жазып шығару.
Ғылыми болжамы:
Мектепке дейінгі білім беру мекемелерде математика сабақтарын өтудің соңғы әдіс-тәсілдерін, формаларын пайдаланып, балалардың математикалық білім деңгейін көтеру.
Зерттеу міндеттері:
1) Психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді оқу.
2) Озат тәрбиешінің тәжірбиелерімен танысу және оларға талдау жасау.
3) Зерттеу әдістерін анықтау.
4 ) Жаттығулар кешенін анықтап қарастыру жұмыстарының тиімді түрлерін және әдістерін анықтау.
Зерттеу әдістері:
Бақылау, әңгіме, анкета, ғылыми педагогикалық, психологиялық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, тест жүргізу, педагогикалық тәжірбие және балалардың қарым-қатынасын анықтау керек.
Зерттеу этаптары:
I этап: Қыркүйек, Қазан (2006ж)
Зерттеу тақырыптарын алып, тақырыпқа сай библиографиялық көрсет-
кішпен жұмыс жүргізу.
II этап: Қараша, Желтоқсан (2006ж)
Тақырыбыма сәйкес теориялық материалды жинап, курстық жұмыс-
тың кіріспесін жазып шықтым.
III этап: Қаңтар, Ақпан (2006ж)
Теориялық материалымды бала бақша тәжірбиесімен ұштастырып,
курстық жұмыстың II тарауын қосындысы мен қосымшасын бірік-
тіре отырып, жетекшінің рұқсатымен жазып шықтым.
5
I ─ тарау: Дайындық тобында санау және есептеу әрекеттерін оқып-
үйретудің әдістемелік негіздері.
1. 1. Дайындық тобына арналған бағдарламалық материал .
Дайындық тобындағы жұмыс негізінен балалардың алған білім қорын жүйеге салуға және айқындай түсуге бағытталған. Бұл жұмыс ересек балалар тобында жүргізілген жұмыстарға ұқсас білімдерді қамтиды.
″Жиындар″бөлімі. Балаларды жиындарды біріктіру, толықтыру, жиынның дұрыс бөлігін бөліп алу операцияларына, жиын, жиын элементтері терминдерін айыра білуге және оларды дұрыс пайдалана білуге жаттықтыру.
Балаларды элементтер саны көрсетілген топтарға жіктеумен немесе жиындарды тең қуатты ішкі жиындарға жіктеумен таныстыру.
Саны және санау. Он және одан да көп көлемде санай білу дағдыларын бекіту. Дауыстап санау; қолмен ұстап санау. Саны көп заттардың ішінен көрсетілген санға сәйкестеп, яғни көзді ашып және жұмып тұрып заттарды санап алу.
Балалар бірыңғай және әр текті заттар түрліше орналасқанда да, мысалы: дөңгелек бойымен, квадраттың ішіне, бір қатарға т. б. санай білулері тиіс. Он көлемдегі санның неше бірліктен тұратынын, яғни сандық құрамын білу. Мысалы: 8 дегеніміз - 1, 1, 1, 1, 1, 1, 1, 1.
Санды кіші екі санға жіктеуге болатынын және кіші екі саннан бір үлкен сан құрастыруға болатынын білу, бұған жиындардың бірігу операциясы негіз болады.
Он көлемінде реттік санау, "қанша?", "неше?" деген сұрақтарға дұрыс жауап беру, "нешінші?" деген сұрақты "қайсысы?" деген сұрақтан айыра білу дағдыларын игеріп алу.
Он көлеміндегі әрбір сан үшін алдыңғы және келесі санды білу. Он
көлеміндегі тетелес сандар арасындағы өзара-кері қатынастар, мысалы: жетіден алтыдан біреуі артық, алтының жетіден біреуі кем т. б. туралы білімдерін бекіту.
Натурал қатардың он көлеміндегі кез келген санынан бастап сандарды тура және кері ретпен атап шығу; аталған немесе цифрмен көрсетілген санға тетелес сандарды атай білу; аталған санның алдындағы алдыңғы және одан кейінгі келесі санды атау, дейінгі және кейінгі деген сөздерді түсіну.
Екі, үш, бес т. с. с. заттан тұратын топты санау. Осы топтардың әрқайсысындағы топтар мен заттарды, сондай-ақ барлық топтағы заттардың жплпы санын мысалы, әрқайсысында үш-үштен заты бар үш топты, не бары тоғыз жеке затты атау.
Бүтін затты екі, төрт тең бөліктерге бөлуге, мысалы: алманы, бөлке нанды, парақ қағазды т. б. кесуге жаттығу. Бүтіннің бөліктерін, әрқайсысын нұсқап көрсете отырып, дұрыс жарты, төрттен бір бөлігі немесе төрттен бірі, төрттен екісі атай білу, бұл атаулардың мәнін түсіну, бүтіннің бөлігінен үлкен, ал бөліктің бүтіннен кіші болатынын ұғынып алу .
Тәрбиеші балаларды цифрлармен таныстыруы тиіс .
6
Қосу мен азайтуға қарапайым есептерқұрастырып және шығаруға үйрету керек. Мысалы: көп санға аз сан қосылатындайқосу амалына, азайтқыш қалдықтан аз болатындай азайту амалына .
Балаларды есептің құрлымымен, яғни шарты, сұрағымен таныстыру, есепті балалардың өз тәжірбесіне сүйеніп құрастыру, мазмұны әр түрлі есептер, көрнекі материал қолданып құрастыруға үйрету. Екінші қосылғышты бір-бірлеп қосу және азайтқышты бір-бірден шегеру әдістеріне үйрету.
Балаларға есептеу әректінінің элементтерін үйретуде сан мысалдан ба, әлде арифметикалық есептерден бастау керек пе деген мәселе тәрбиешілер мен әдіскерлер арасында ертеден талқыланып келеді. Біреулер оқытуды есептеу әдістерін көрсету оңай болатындықтан, оқытуды сан мысалдан бастау керек десе, басқалары арифметикалық есептерден бастау қажеттігін дәлелдеуге тырысады. Қазіргі кезде балабақшаларда есептер мен сан мысалдарды бір мезгілде беріп, соған орай қарапайым есептер құрастыру жүзеге асырылып жүр. Мысалы, балалардың санды бірлікке арттыра және кеміте білу шеберліктеріне мынадай есептер беріледі: ″Бала 5 жалауша істеуі тиіс еді, ол 1 жалаушаны кем жасады. Бала неше жалауша жасады?″. Балалар есеп құрылымын талдайды да, арифметикалық амалдарды сан мысал түрінде жазады. Мектепке дейінгі мекемелердің жұмыс тәжірбиесінде балаларды арифметикалық амалдармен және есептеу әдістерімен олардың өз іс-әрекеттері бейнелейтін қарапайым есептер негізінде таныстыру қабылданған. Тәрбиеші өз үстеліне балалардың сол жағынан төрт ойыншық үйрек, оң жағынан екі үйрек қояды да, есеп құрастыруды ұсынады. Балалар есептің әр түрлі вариантын құрастырады, солардың бірін шығару үшін таңдап алынады. ″Аңшы ең алғаш төрт үйрек, сонан соң тағы да екі үйрек атып түсіреді. Аңшы барлығы неше үйрек атып алды?″ ─ деп сұрайды тәрбиеші. ″Төрт үйрекке екі үйректі қосу керек″, ─ дейді Асхат. ″Біз қалай қосамыз?″, ″Бір-бірден″. Тәрбиеші оған үстелде тұрған үйректерді алып қалай қосатынын көрсетуді ұсынады. Егер бала қиналатын болса, ол әдісті түсіндіре отырып, өзі көрсетеді. ″Төрт және бір ─ бес және тағы бір ─ алты″, демек төрт үйрекке екі үйректі қосқанда алты үйрек болады. 4+1+1=6.
Тәрбиешінің түсініктемесі неғұрлым көрнекі және дәл болған сайын балалардың жауаптары мен білімдері соғұрлым айқын. Балалар есептеу әдістері мен берілген сандардың өздерімен орындалатын амалдарды дифференциялай білуге үйренулері тиіс. Ал іс жүзінде мысалы мынадай есептің: ″Алаңда барлығы неше гүл өсіп шықты?″ ─ деген сұраққа жауап беру үшін, не істеу керектігін тәрбиеші сұрағанда балалар былай деп жауап береді: ″Төрт гүлге бір гүлді қоссақ ─ бес гүл, бес гүлге тағы бір гүлді қоссақ ─ алты гүл болады″, ─ яғни балалар арифметикалық амалдың тұжырымдамасын есептеу әдісі бойынша жеке-жеке екі арифметикалық амал түрінде тұжырымдайды. 4+1=5; 5+1=6.
Осыған орай бірнеше суретті есептерді көрсетіп, баланың логикалық ойлауын дамытуға да мысалдар келтіруге болады. ″Сөреде бірнеше кесе тұр
7
еді, екі кесені апам алды, бір кесені інім алды, сөреде тағы екі кесе қалды″. ″Сөреде барлығы неше кесе болды?″. 5-3=2; 3-1=2.
Мектепке дейінгі балалар реттік сан есімдердің мәнін түсініп, ″қанша?″ және ″нешінші?″ деген сұрақтарға дұрыс жауап бере білуі қажет. Даярлық тобында балаларды реттік есептеуге үйрету жөнінде үш сабақ өткізіп, оны кейінгі сабақтарда қайталау ұсынылады. Сабақтардың құрылымы әр түрлі болуы мүмкін. Мысалы, тәрбиеші үстелдің үстіне бес таяқшаны қатарластыра қойып қызыл таяқшамен алмастыруды тапсырады. Тапсырманы орындай отырып, балалар нешінші таяқшаны алмастырып жатқанын айту керек.
Бағдарламада сонда-ақ кейбір заттарды тең бөліктерге бөлуге болатыны жөнінде түсініктер беру де қарастырылған: екіге, төртке бөлу. Мысалы, алманы ортасынан, яғни әрқайсысы жарты деп аталатын екі бөлікке де бөлуге болады, сондай-ақ төрт бөлікке бөлуге болады. Кейіннен балалар квадратты, шеңберді бүктеп екіге, төртке бөліп оларды салыстыруға үйренуі керек. Балаларды қызықтырып, берілген тапсырмаларды орындаудың жолдарын іздестіруге ынталандыру үшін бірінші сабақта ойындық элементтердің көбірек болғаны жөн.
Мына төмендегі ойындар осы мақсатпен беріліп отыр.
1 ﴿ ″Динь-динь″ дидактикалық ойыны.
Мақсаты: Балаларды дыбыс арқылы санауға үйрету, араластырылып қойылған сандарды рет-ретімен оқуға үйрету.
Керекті материал: дискі - дөңгелек, дискінің ішінде шеңберлерде беске дейінгі дөңгелекшелер, ортасында сағат тілі бар. Әр балаға бір-бір дискіден беріледі, барабан, таяқша.
Мазмұны: Тәрбиеші балаларды дискінің құрылысымен таныстырып, әр дөңгелектің ішіндегі сандарын атап көрсетеді. Тәрбиеші сандарды атағанда әр бала сағат тілін тиісті санның тұсына апаруы керек. Сосын барабан соғуы арқылы сағат тілін тиісті санға қоюын сұрайды.
2 ﴿ ″Тиісті карточканы көтер″ ойыны.
Мақсаты: Саны бірдей, бірақ әр түрлі жерде орналастырылған заттарды айыра білуге үйрету.
Керекті материал: Саны бірдей карточкалар, саны әр түрлі карточкалар
Мазмұны: Тәрбиеші әр балаға бір-бірден карточка береді, сосын балалардың карточкасында қанша заттардан бар екенін сұрайды. Сосын бір санды атап сонша саны бар балаларды ортаға шақырады. Сандары бірдей балалар бір қатарға тұрғызылады, әр бала өз карточкасындағы сандарды атайды.
Шама. Айналадағы заттардың ұзындығын, енін, биіктігін, яғни шартты өлшеуіштерді пайдаланып өлшеуге үйрету.
Шартты өлшеуіштің көмегімен сұйық және сусымалы денелердің көлемін анықтауға үйрету, мысалы, графигіндегі судың мөлшерін кесемен өлшеу, қалтадағы жарманың шамасын крушкамен өлшеу т. б.
Балалардың ‹‹салмақ сезімін›› әрі қарай дамыта түсу, тепе-теңдікті
8
тағайындау, шартты өлшемдерді пайдаланып салмақты анықтау, көзмөлшерін әрі қарай дамыту, көзмөлшерімен анықтағандарын шартты өлшеуіштерді пайдаланып өлшеу арқылы тексере білуге үйрету.
Форма. Балаларға таныс геометриялық фигураларды дұрыс атай білуге дағдыландырып, олар жөніндегі түсініктерін бекіту. Мысалы: дөңгелек, овал, үшбұрыш, квадрат, шар, цилиндр, конус, білеу.
Жазықтықта түрліше орналасқан түзу сызықтардың кесінділерін сызуға және салыстыруға, оларды клеткалы қағазбен өлшеуге балаларды үйрету.
Тапқырлықты дамыту, бірнеше үшбұрыштан әр түрлі көпбұрыштар,
дөңгелек бөліктерін - бүтін дөңгелек құрастыра отырып, геометриялық фигуралардың түрін өзгерте білуге үйрету. Әртүрлі геометриялық фигуралардан құрастырылған суреттің күрделі композициясын талдай білуге үйрету. Өмірде күнбе-күн кездесетін заттар мен олардың бөліктерінің формасын талдауға үйрету; заттары формалары бойынша топтауға жаттықтыру.
Кеңістікті бағдарлау. Заттардың үй ішінде, ал кескіндердің парақ қағазда орналасуын анықтауға жаттықтыру.
Қозғалыс уақыты мен жолдың ұзақтығының арасындағы элементар тәуелділікпен таныстыру. Мысалы: жол неғұрлым ұзақ болса, онв жүріп өту үшін кететін уақыт соғұрлым көп.
Уақытты бағдарлау. Тәулікті анықтау және кеше, бүгін, ертең деген дұрыс пайдалануға жаттықтыру жұмысын әрі қарай жалғастыру, апта күндерін және олардың ретін анықтай білуге үйрету.
Балалардың уақыт сезімін дамытып жетілдіру; ұзақтықты анықтауға жаттықтыру, мысалы: бір минут, бес, он минут. Бір минутта, 10, 20, 30 минутта не істеуге болатынын көз алдына елестете білуге үйрету. Сабақты, ойынды, үй жұмысын бөлінген мерзім ішінде істеп үлгеруге дағдыландыру. Балалар: үстіміздегі айдың атауын білулері; жыл мезгілдерінің ретін, олардың әрқайсысының негігі белгілерін білуі тиіс.
Даярлық бағдарламасы мен алдыңғы топтар бағдарламаларын салғастыру балалардың білімдерінің кеңейе түсіп қоймай, айқындалатынын, бекітілетінін және жүйеге келтіретінін көрсетеді.
Даярлық топтың бағдарламасы мен I - ші сынып бағдарламасын салыстыру, мысалы: ″Нумерация″ мен ″Бірінші ондық″ тақырыптарын оқып үйрену кезеңдері, олардың сабақтастық байланысы бар екеніне және мектепте кейбір бағдарламалық міндеттердің қайталанатынына көз жеткізеді. Мысалы: сандардың натурал қатарының жасалуы; санның реттік және сандық мәні; n+1 натурал қатар қасиеттерін білу негізінде элементар есептеу әдістерін игеру; нақтылы жиындарды немесе түзу кесінділерін салыстыру негізінде сандарды салыстыру; есеп тексі мен сандық қатынастарға логикалық талдау жасау және есеп шығару үшін қажетті арифметикалық амалды таба білу; сан мысал бойынша өз бетімен есеп құрастыру; әр түрлі
9
топтарды санау және заттарды он-оннан санау; ұзындықты, кеңістік және уақыт қатынастарын т. б. оқып үйренуге байланысты әр түрлі шамаларды өлшеу.
1. 2. Дайындық тобында арифметикалық ұғымдарды оқыту ерекшеліктері.
Сандарды оқу, жазу және салыстыру.
Математиканың даярлық тобындағы теріс емес бүтін сандарды оқу, жазу және салыстыру негізгі мәселелердің қатарына жатады.
Сандарды оқу, жазу, салыстыру концентрлер бойынша оқытылады: ондық, жүздік, көп таңбалы сандар. Материалды бұлайша оқытудың өзіндік себептері бар. Атап айтқанда:
1) Алдыңғы концентрде қарастырылған сұрақтар келесі концентрде бекітіліп, әрі қарата тетеңдетіле, жаңа сұрақтармен байланыстыра енгізіледі.
2) Алдыңғы концентр бойынша игерген білім, білік және дағдылар келесі концентрді оқып үйренгенде негізге алынады.
3) Осы тақырыптың негізгі сұрақтарын бірнеше рет қайталау арқылы, оқушылардың білімі мен білігі жетіледі.
4) Әрбір жаңа концентрді оқып үйренгенде оқушылармен жүргізілген өзіндік жұмыстың көлемі артады.
5) Қарастырылған сандар аймағы біртіндеп кеңейіп, оқып-үйренген сандар туралы білім сандардың жаңа аймағына, яғни облысына қолданылады.
6) Материалды оқытудың осындай рет-тәртібі ондық санау жүйесінің ерекшелігіне мейлінше сәйкес келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz