МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 94 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

АННОТАЦИЯ . . . 4

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 5

КІРІСПЕ . . . 6

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудың теориялық негіздері . . . 11

1. 2 Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдаланудың мүмкіндіктері . . . 32

1. 3 Мектепке дейінгі ересек топ балаларының байланыстырып сөйлеуін дамытуда ертегілерді пайдаланудың шарттары . . . 37

2 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЕРЕСЕК ТОП БАЛАЛАРЫНЫҢ БАЙЛАНЫСТЫРЫП СӨЙЛЕУІН ДАМЫТУДА ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЕРТЕГІЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2. 1 Ертегілердің түрлері және олардың мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуға тигізетін әсері . . . 48

2. 2 Мектепке дейінгі ересек топ балаларына қазақ халық ертегілерін оқып беру мен баяндаудың әдіс-тәсілдері . . . 54

2. 3 Мектепке дейінгі ересек топ балаларының байланыстырып сөйлеуін дамытуда ертегілерді пайдаланудың тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының нәтижелері . . . 65

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 76

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 78

ҚОСЫМШАЛАР

АННОТАЦИЯ

Мектепке дейінгі балалардың ойлау дәрежесі мен қарым-қатынас жасау белсенділігінің қалыптасуына жағдай жасап, мектепке дейінгі мекемелерде берілетін білім сапасын жаңа заман талаптарына сай іріктеу мен меңгерту міндеттері олардың тілін жан-жақты дамытуға тікелей байланысты.

Осыған орай мектепке дейінгі ұйымдарда берілетін білім мазмұнын жаңарту, оқытуды белсендірудің жаңа әдістемелік жүйесін жасау, ең алдымен, әрбір баланың жан-жақты жетілуіне, ақылының өрістеп, ой-өрісінің кеңеюіне, іс-әрекет белсенділігінің артуына, қабылдағыштық қабілетінің қалыптасуына, нәтижесінде бала тілінің жоғары деңгейде дамып, тіл көркемдегі толысып, сөздік қорының молайып, коммуникативтілік құзыреттілігінің қалыптасуына қызмет етуі тиіс.

Ғалымдар мектепке дейінгі балалардың тілінің дамуында ауыз әдебиеті үлгілерінің, көркем әдебиеттің мәнін, психологиялық негізін және т. б. жүйелеген.

Баланың тілін дамытудың негізгі бағыты - жеке тұлғаны қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани дүниесінің баюына ықпал етіп, тілін қалыптастыру арқылы коммуникативті-тілдік құзыретінің жоғары деңгейге жетуіне жағдай жасау.

Жалпы байланыстырып сөйлеуді қалыптастыруды ғылыми тұрғыда зерттеудің педагогикалық, психологиялық қорытындылау нәтижелері келесідей тұжырым жасауға негіз болады:

- тіл мен ойлау өзара тығыз байланысты;

- сөз дербес заттың жеке атауына берілген таңба емес, ол үнемі зат және құбылыстың сыр-сипатын ашады, сол үшін де ойлау әрекетінің нәтижесі болып табылады;

- қазақ халық ертегілерімен таныстыруда балалардың тек сөздік қорлары дамып қана қоймайды, сонымен қатар ұлттық құндылыққа деген сүйіспеншілігі қалыптасады.

Баланың қазақ халық ертегілерінен алған өнегесі мен тәрбиесін, білімін өмірде қолдана білуі, оларды түсініп, салыстыруы, өз ойын ертегілердегі көркемдегіш құралдар арқылы көркем, әрі анық жеткізе білуі байланыстырыпсөйлеу тілін қалыптастырудың нәтижесінде жүзеге асады.

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. Алматы, 2003ж. -40б.

2. Назарбаев Н. Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауы. Астана, 2012.

3. Қазақстан Республикасының мемелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Негізгі ережелер. ҚР МЖМБС 1. 001-2009. Ресми басылым. Қазақстан Респуликасы Білім және ғылым министрлігі. Астана.

4. Мектепке дейінгі ересек жастағы (5 жастан 6 жасқа дейінгі) балаларды тәрбиелеу мен оқытуға арналған «Біз мектепке барамыз» бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 21 қыркүйектегі № 439 бұйрығымен бекітілген.

Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі . Жаңа жүзжылдықтың қарсаңында өзіндік дара даму жолын айқындап алған Қазақстан Республикасы өскелең ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа үлгілерін қалыптастыруды басты міндет етіп қойып отыр. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының жаңа кезеңге өту жағдайында сапалы білім беруді қамтамасыз ету күн тәртібінде тұрған маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Қазақстан халқына жолдауында негізгі бағыттардың бірі ретінде білім және кәсіби машық - заманауи білім беру жүйесінің негізгі бағдары деп көрсетілген. Онда «бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек» делінген. Және «қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ балаларымыздың, жалпы барлық жеткіншек ұрпақтың функционалдық сауаттылығына да зор көңіл бөлу қажет. Балаларымыз қазіргі заманға бейімделген болуы үшін бұл аса маңызды» деп баса айтылған. «Бүкіл әлемдегі сияқты, Қазақстан да мектепке дейінгі білім берудің жаңа әдістеріне көшу керек» делінген [1] .

Елбасының халыққа жолдауындағы білім саласына қатысты өрісі кең мақсаттардың орындалуы білім берудің барлық деңгейлеріндегі мамандардан үлкен жауапкершілік пен қажырлы еңбекті талап етеді. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту - баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, оның толыққанды қалыптасуы үшін даму ортасын құратын үздіксіз білім берудің бастапқы деңгейі» деп көрсетілген Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында [2] . Бұл дегеніміз білім беру сапасын заман талабына сай арттыру ең алдымен балабақшадан басталатындығын көрсетеді. Осыған байланысты соңғы жылдары мектепке дейінгі ұйымдарда баланың толыққанды өсіп-жетілуіне ерекше көңіл бөліне бастағаны белгілі. Оны елдегі мектепке дейінгі ұйымдарға деген тапшылық деңгейін төмендету жөніндегі түбегейлі шараларды қабылдауды көздеген Елбасының «Балапан» бағдарламасынан айқын байқауға болады. Бағдарлама сондай-ақ, мектепке дейінгі білім беру қызметінің сапасын арттыруды қамтамасыз етуді де басты міндет етіп қойған. Мұнымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарда мамандар тапшылығы мәселесін шешу де жолға қойылған, яғни соңғы жылдары «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына мемлекет тарапынан білім гранттары көптеп бөлініп жатыр. Бұл тек мамандар тапшылығын жоюды шешіп қана қоймай, осы сала бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарының жүргізілуін де мақсат еткен ауқымды шара болып табылады. Бұл мәселенің ғылымға тікелей қатысы бар екені белгілі. Қазіргі таңда елімізде мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша ғылыми еңбектер жоқтың қасы.

Зерттеу жұмыстары балабақшаларда білім берудің дәстүрлі әдістеріне қоса баланың ерте дамып-жетілуіне ықпал ететін оқытудың жаңа әдістерін пайдаланудың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тисі.

«Балалардың мектепалды дайындығына талаптың жоғары деңгейде қойылуы, оларды мектепке дайындаудың алғышарты болып табылады. Тіл қатынас құралы болғандықтан, алдымен баланың тілін дамыту мәселесіне баса назар аудару қажет» [3, 3-б] .

Қазақстан Республикасының мемелекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында «Коммуникативті-тілдік құзыреттілік» бөлімінің кіші саласының бірі байланыстырып сөйлеу деп көрсетілген. [4, 5-б]

Байланыстырып сөйлеуі жақсы дамыған баланың сауаттылғы да жоғары болады. Байланыстырып сөйлеуі нашар қалыптасқан баланың әдетте кейбір оқу пәндері бойынша үлгерімі төмен болатындығы белгілі.

Сөйлеу дегеніміз - адам психикасының жоғарғы бөлімдерін дамыту құралы. Баланы ана тілінде сөйлеуге үйрете отырып, ересектер оның интелекті мен эмоциясының дамуына мүмкіндік береді, мектепте жақсы оқуға дайындайды.

Мектепке дейінгі ересектер тобындағы (5 - 6 жас) баланың тілі анық, түсінікті болуы тиіс. Себебі дәл осы жаста дыбыстарды меңгеру процесі аяқталады. Тілдік белсенділігі артады: бала сұрақ қойып, үлкендердің сұрағына жауап беріп қана қоймайды, өз сезімдері мен ойын жан-жақты, ауқымды әңгімелеп бере алады.

Баланы ана тілінде еркін, жатық, байланыстырып, көркем сөйлеуге үйретуде ұлттық құндылықтарды пайдаланудың маңызы зор. Ал ұлттық құндылықтарымыздың бірегейі халық ертегілері болып табылады.

Ертегілер қазақ халқының рухани өмірінде маңызды орын алған. Себебі, ертегілердің сюжетінен халықтың тұрмыс-тіршілігі, жалпы бүкіл болмысы көрініс тапқан. Ертегілер бала тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде пайдаланылып келген. Алайда бүгінгі ақпараттық технология дамыған заманда оларды пайдалану қарқыны біраз бәсеңсіп қалғандай. Қазіргі таңда балаларға ертегілерді теледидардан, ақпараттық технология құралдарынан көрсету қолайлы болып қалды.

Қазақ халық ертегілері - баланың жан-дүниесін, ой-өрісін байытып, тапқыр, алғыр, ойшыл етіп тәрбиелеуге мүмкіндік беретін баға жетпес мұраларымыздың бірі. Олар баланың түсінуіне, есте сақтауына жеңіл, әрі сюжеті қызықты, тартымды, тілі орамды, бейнелі болғандықтан, баланың көркем тілі мен байланыстырып сөйлеуін дамытуда кеңінен, мақсатты түрде пайдалансақ ұтарымыз мол.

Ғылыми-педагогикалық және оқу-әдістемелік т. б. әдебиеттерге жасалған теориялық талдаулар нәтижесінде мектепке дейінгі мекемелердегі оқу-тәрбие үдерісінде бұл мәселе арнайы толық зерттелмегендігін және осы негізде балабақша тәрбиешілерінің біліктілігін арттырудың шарты ретінде арнайы зерттеулер жүргізуді талап ететіндігін дәлелдедік. Яғни, зерттеу жұмысын жүргізуден бұрын қазақ халық ертегілерін мектепке дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда пайдаланудың тиміділігін жүйелі зерттеп, арнайы ғылыми нәтиже шығарып, ұсыныстар берген зертттеу жұмысының жоқтығын анықтау барысында қазіргі уақытқа дейiнгі зерттелген еңбектерге мейлінше толыққанды талдау жасауға әрекеттендік.

ХІХ ғасырда балалар әдебиетінің атасы Ы. Алтынсарин, белгілі әдебиеттанушы А. Байтұрсынов, ғалым әрі ақын М. Жұмабаев тілдің ерекшеліктері, баланың ана тілінде сауат ашуының артықшылықтары, оқыту ісінде халық ауыз әдебиетінің алатын орны турасында құнды пікірлер айтып, зерттеу еңбектерін жазды. Ал балалар әдебиетінің өкілі, педагог С. Көбеев байланыстырып сөйлеуді дамыту мәселесін жалғастырған .

Мектепке дейінгі педагогика ғылымының дамуына өзіндік үлесін қосқандардың бірегейі журналист, публицист, педагог-тәлімгер, аудармашы Нәзипа Құлжанова.

Мектепке дейінгі педагогика ғылымы мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету, сөздің дыбыстық құрамын меңгерту мәселелеріне жете көңіл бөліп, бұл жұмысты ақыл-ой тәрбиесімен бірлікте қарастырған Б. Б. Баймұратова болды.

Қай кезде де баланың тілін дамыту көкейтесті мәселелердің бірі болып саналады. Себебі, осы мәселелерді әр қырынан зерттеу және оның нәтижесін тәжірибеге енгізу бүгінгі күнге дейін ғылыми тұрғыда жүзеге асырылып келеді.

Мектепке дейінгі педагогиканы Р. Қ. Аралбаева, Ф. Жұмабекова, С. А. Мұсаева, С. А. Козлова, Т. А. Куликова т. б. ғалымдар зерттесе, мектепке дейінгі тәрбие және тіл дамыту мәселелерін А. Б. Бақраденова, А. К. Меңжанова, Ә. С. Әмірова, Х. Храпченкова, Г. Ж. Меңлібекова, М. С. Сәтімбекова, Т. А. Левченко, Н. С. Сайлауова т. б. еңбектеріне арқау етті.

ТМД елдері бойынша мектепке дейінгі балалардың тілін дамыту меселесін В. Н. Полосухина, Р. М. Рахимова, С. С. Сакиева, Ш. Н. Алиева, К. С. Тюрина, В. Г. Захарченко, З. П. Плохий, Н. Н. Ханина т. б. қарастырды.

Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамыту мәселесі бойынша орыс және шетел ғалымдары Ф. А. Сохин, О. И. Соловьева, Л. Б. Фесюкова М. М. Алексеева, В. И. Яшина, Л. С. Выготский, А. М. Бородич, С. П. Рубинштейн, А. М. Леушина, А. М. Деменьтева, М. М. Конина, И. Е. Тихеева, В. Г. Захарченко, П. Я. Гальперин, А. А. Люблинская зерттеулер жүргізді.

Тіл дамытудағы көркем әдебиет пен ертегілердің рөлі мәселесі З. А. Гриценко, Л. М. Гурович, Л. Б. Береговая, И. К. Зимина, Н. С. Карпинская, Л. Д. Короткова т. б. зерттеу еңбектерінен көрінді.

Бұл аталған еңбектердегі тұжырымдар бойынша бала тілінің дамуында ауыз әдебиеті үлгілері мен көркем әдебиеттің алатын орны ерекше болып табылады. Солардың негізінде зерттеу жұмысымыздың теориялық, тәжірибелік, әдістемелік өзектілігі анықталады.

Біздің зерттеу тақырыбымызбен орайлас, яғни баланың тілін дамыту мәселелері бойынша жазылып, зерттелген бірқатар докторлық, кандидаттық, магистрлік диссертациялар қорғалғандығын анықтадық:

Метербаева Кулбаршын Метербайқызы «Қоршаған дүниемен таныстыру арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыру (5-7 жас) » кандидаттық диссертация, 2005ж. ;

Ханина Надежда Николаевна «Формирование правильности речи детей старшего дошкольного возраста» кандидаттық диссертация, 2000ж. ;

Мендаяхова Қуанышкүл «Байланыстырын сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (мектепалды даярлық топтары мен 1-сынып) » докторлық диссертация, 2009ж. ;

Жанабилова А. К. «Тіл дамыту жұмыстарының инновациялық технологиясы» кандидаттық диссертация, 2005 ж. ;

Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ ертегілерімен қатар көбінесе баланың түсінуіне жеңіл, құрылымы күрделі емес орыс халқының ертегілері оқылатындығы белгілі. Сондықтан да біздің көздегеніміз қазақ халық ертегілерін де бала тәрбиелеу, тілін дамыту, ой-өрісін кеңейту мақсатында пайдаланудың артықшылықтарын белгілеп, оларды қолданудың жаңаша әдістерін көрсету болды. Сондай-ақ әдістерді күнделікті білім беру үдерісінде ұйымдастыру әдістемесінің жоқтығы бізге зерттеу мәселесін айқындап берді, нәтижесінде зерттеу тақырыбымызды «Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытуда ертегілерді пайдалану жолдары» деп алуымызға негіз болды.

Мектепке дейінгі мекемелерде төмендегідей қарама-қайшылықтардың бар екендігі белгілі:

- қазіргі таңда баланың тілін дамыту мәселесі бойынша біраз зерттеулердің жүргізіліп жатқандығына қарамастан, ол зерттеулердің нәтижелері мектепке дейінгі мекемелерде толық пайдаланылмайды;

- қазақ халық ертегілері баланың тілін дамытуда тиімді құрал деп есептелсе де, мектепке дейінгі мекемелерде осы мақсатта жеткілікті дәрежеде жүзеге асырылмайды.

Зерттеудің нысаны: Мектеп жасына дейінгі ұйымдағы педагогикалық үрдіс.

Зерттеудің мақсаты: Мектеп жасына дейінгі балалардың байланыстырып сөйлеу тілін дамытуда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың жолдарын айқындау және оның тиімділігін эксперимент арқылы дәлелдеу.

Зерттеудің міндеттері:

- мектепке дейінгі ересек жас балаларының байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруда ертегіні пайдаланудың теориялық негіздерін зерделеу;

- мектепке дейінгі мекеменің оқу процесінде халықтық ертегілерді қолданудың рөлін анықтау;

- қазақ халық ертегілерінің негізінде байланыстырып сөйлеудің қалыптасу ерекшеліктерін анықтау;

- мектепке дейінгі балалардың тілін ертегілер арқылы дамыту тәжірибесіне талдау жасау.

- сабақта және күнделікті қарым-қатынаста қазақ халық ертегілерін пайдалану мүмкіндігін эксперимент жүзінде анықтау;

- мектепке дейінгі ересектер тобы балаларының байланыстырып сөйлеуін дамытуда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың әдіс тәсілдерін қарастыру;

- педагогикалық эксперимент арқылы балалардың байланыстырып сөйлеуін дамыту деңгейінің өзгеру динамикасын бақылау.

Зерттеудің теориялық мәні мен ғылыми жаңалығы.

- мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытудың ғылыми- теориялық негізінің анықталуы;

- мектепке дейінгі ересек топ балаларының байланыстырып сөйлеуін дамытуда қазақ халық ертегілерін пайдаланудың ғылыми педагогикалық негізінің айқындалуы;

- мектепке дейінгі ересек топ балаларының байланыстырып сөйлеуін дамытуда қазақ халық ертегілерін пайдалану шарттарының анықталуы;

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелерін ересектер тобы балаларының тілін дамыту сабақтарында пайдалану үшін мектепке дейінгі мекеме тәрбиешілеріне ұсынуға болады.

Зерттеу әдістері: психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді зерттеу мәселесі тұрғысынан талдау, жинақтау, қорыту, мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу бағдарламаларын, әдістемелік құралдарды зерделеу; зерттеу бойынша мектепке дейінгі оқу-тәрбие үдерісін бақылау, тәжірибелік-экспериментті ұйымдастырып (сауалнама, тестілеу, бақылау, сұхбаттасу, әңгімелесу), тиімділігін тексеру.

Зерттеудің құрылымы: кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

1 МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ - ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Мектепке дейінгі балалардың тілін дамытудың теориялық негіздері

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі балаларды көрнекілік арқылы тілін дамытудың теориялық негіздері
3 жас кезеңіндегі балалардың сөйлеуін дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамыту жұмысы
Ересектер тобындағы балалардың айналамен танысу сабағында көрнекілік арқылы тілін дамытуды ғылыми-педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Мектепалды даярлық тобындағы балалардың сөздік қорын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың қоршаған дүниені танып білуі арқылы сөздік қоры молайту
ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Сюжетті-рөлдік ойындар арқылы 4-5 жастағы балалардың тілін дамыту
Ерте жастағы балалардың танымдық белсенділігін қазақ халық шығармашылығы құралдарымен дамытудың мәні
Байланыстыра сөйлеуге үйрету
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz