Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   
  1. Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары және бағдарламаны іске асыру тетігі

5. 1. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Мектепке дейін тәрбиелеу мен оқыту сапасын жоғарылатудың негізгі бағыттары мыналар болып табылады:

  • мектепте оқыту үшін қажетті практикалық дағдыларды, жеке тұлға мәдениетінің негіздерін қалыптастыру үшін жағдай жасау;
  • мемлекеттік тілді оқу, олардың физикалық және психикалық денсаулығын сақтау және нығайту;
  • мектепке дейінгі білім беру бағдарламасымен қамтуды біртіндеп көбейту арқылы балалардың білім алуына бастапқы тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету;
  • мектепке дейінгі әр түрлі білім беру мекемелер жүйесін сақтау және дамыту (оның ішінде мемлекеттік емес) (1 сурет) ;
  • жалпы дамыту, түзету, мектепке дейінгі құрастырылған ұйымдар, барлық түрлі және әр типті жалпы білім беретін және арнайы (тузету) мектептер; әр түрлі психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік және оңалту орталықтар, мектептен тыс ұжымдар жанында нашар қамтылған отбасылар балалары үшін мектепке дейінгі мини-орталықтардың жұмысын ұйымдастыру;
  • мектепке дейінгі мекемелерде және жалпы білім беретін мектептерде балалардың мектепалды дайындығын қамтамасыз ету, бұл міндеттерді шешу үшін педагогтардың біліктілігін арттыру (2 сурет) ;
  • балалардың, оның ішінде соматикалық және психикалық дамуында кемістігі бар балалардың өзін-өзі іс жүзінде көрсету үшін даму ортаны құру және жеке тұлғаны қалыптастыруға жеке бағытталған мектепке дейінгі мекеме моделін іске асыру үшін жағдай жасау;
  • мектепке дейінгі және мектепте білім алудың сабақтастығын қамтамасыз ету;
  • мектепке дейінгі білім беруде инновациялық процестерді қарқындату;
  • облыстағы мектепке дейінгі білім беру ахуалының мониторинг жүйесін құру.

1 сурет. Шығыс Қазақстан облысындағы балабақшалар жүйесі мен құрамының серпіні (2005-2010 ж. ж. )

2 сурет. Мектептер мен бала бақшалалар топтарындағы балалар санының серпіні (2005-2010 ж. ж. )

  1. Жалпы орта білім беру

Жалпы орта білім беру үш сатыны көздейтін 12 жылдық оқытуға көшуді жүзеге асыратын болады.

І-саты - жалпы бастауыш білім беру, оқыту ұзақтығы - 4 жыл, 1-4 сыныптар. Оқу 6 жастан басталады. Білім мазмұны ерте жастан (2- сыныптан бастап) шетел тілін және информатика негіздерін оқытумен толықтырылатын болады. І-сатыдағы оқыту мен тәрбиелеу негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын одан әрі игеру үшін балалардың оқу, жазу, есептеу практикалық дағдыларын, қарапайым тілдік қарым-қатынас тәжірибесін, жеке гигиена және салауатты өмір салты негіздерін қалыптастыруды көздейді.

ІІ-саты - жалпы негізгі білім беру, оқыту ұзақтығы - 6 жыл, 5-10 сыныптар. Білім беру процесі оқушылардың ғылым жүйесінің базистік негіздерін игеруге, оларда тұлғааралық және этносаралық қарым-қатынастағы мәдениеттілікті, өзін-өзі анықтауды және кәсіби бағдарды қалыптастыруға бағытталады. Таңдауы бойынша оқу пәндерін игеру, бейіналды даярлық енгізу үшін оқу жоспарының вариативті бөлімі кеңейтіледі.

ІІІ- сатының бағдарламалары білім берудің мазмұнын саралап жіктеу, интеграциялау және кәсібилендіру негізінде әзірленетін болады. Оқушылардың кәсіптікке дейінгі тереңдетілген даярлануын жүзеге асыру үшін әлеуметтік-гуманитарлық, жаратылыстану, технологиялық және басқа да бағыттар бойынша бейінді оқытуды енгізу ІІІ- сатының түбегейлі жаңашылдығы болып табылады.

12 жылдық білім беруге көшу кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады. 2008-2009 оқу жылы бірінші сынып оқушылары жаңа бағдарламалар бойынша оқи бастайды. 2009-2010 жылдан бастап 5-ші және 11-ші сыныптар 12-жылдық білім беруге көшеді.

Сондай-ақ, мыналар көзделеді:

- Мұғалімдер, мектеп және білім беруді басқару органдары басшыларының білім беру мазмұнына негізгі құзыреттер мен өмірдің әр түрлі салаларындағы құзыреттер ретінде енгізілген құзыретті ұстанымдарының теориясы мен практикасын игеру.

- Білім берудің жаңа мазмұнына сәйкес келетін, мектеп оқулықтарын әзірлеу бойынша өткізілетін конкурстарға мектептің таңдаулы мұғалімдерін тарту, оның ішінде, өңірлік компонентті ескеріп, құрылатын «Оқулық» ғылыми-әдістемелік орталығымен тығыз әрекеттестік жасау.

- Оқушылардың ағымдағы сыртқы және қорытынды аттестациялау жүйесін жетілдіру, оқушылар мен мұғалімдердің Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) нәтижелі қатысуын қамтамасыз ететін, мектептегі білім беру сапасының менеджмент жүйесін құру.

- Ауылдық балаларды мектептегі оқуға дайындау мәселесін шешуге көмектесетін ауылдық жерлерде “мектеп - балабақша” жаңа кешендердің құрылысы.

- Ақпараттық технологияларды, қашықтықтан оқытуды толық енгізуге қол жеткізуге мүмкіншілік беретін жаңа буынды қазіргі заманның компьютер техникасымен мектептерді қамтамасыз ету.

- Мектепте білім берудің материалдық-техникалық базасын жақсартуды қамтамасыз ету, осы заманғы жиһаздармен, оқу-көрнекі құралдармен жабдықтау.

- Ауыл өмірінің мәдениетін қалыптастыратын орталықтар - шағын кешенді мектептер жүйесін сақтау және кеңейту. Шағын кешенді мектептерде, осы үлгідегі мектептердегі білім сапасын арттырудың негізгі бір жолы ретінде, біріктірілген сыныптарды барынша қысқартып, біртіндеп жою.

5. 3. Арнайы білім беру ұйымдары

- мемлекет тарапынан ерекше қамқорлыққа мұқтаж балаларды орталықтандырылған электронды есепке алатын жүйені құру;

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды уақтылы анықтау, орналастыру және әлеуметтік қолдау бойынша қорғаншылық пен қамқоршылық органдар жұмысын жетілдіру;

- балалар үйіне және интернат мекемелеріне басқару және педагогикалық білікті кадрларды іріктеуге бақылауды күшейту;

- дамуында мүмкіншіліктері шектеулі балалардың арнайы және медициналық-педагогикалық қолдауын қамтамасыз ететін мекемелердің материалдық-техникалық базасын жетілдіру.

5. 4. Бастауыш және орта кәсіптік білім беру (БжОКБ)

- бастауыш және орта кәсіптік білім берудің (БжОКБ) мемлекеттік және мемлекетті емес оқу орындар жүйесін кеңейту;

- техникалық, кәсіптік және орта кәсіптік білімнен кейінгі білім жүйесіне көшу;

- бір қатар кәсіптік мектептерді кәсіптік лицейлерге қайта ұйымдастыру;

- бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің білім беру қызметтерінің спектірін кеңейту;

- бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие процесін және оқу шеберханаларының материалдық-техникалық жабдықталуын жетілдіру;

- оқу жоспарларының өңірлік құрамдас бөлігін, оқу бағдарламаларын, кәсіптік-біліктілік сипаттамаларын жаңарту;

- арнайы пәндер бойынша оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін, электронды құралдарын мақұлдау бойынша педагогтар мен эксперименталдық алаңдардың шығармашылық бастамасын дамыту;

- бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің штаттық кестелеріне директорлардың ғылыми-эксперименталдық жұмысы жөніндегі орынбасарлары, әдіскерлер лауазымдарын енгізу;

- үш жақты шарт бойынша жұмысшы кадрлар мен мамандарды даярлауға көшу;

- бастауыш және орта кәсіптік білім беру мекемелерінің бітірушілеріне біліктілік беру бойынша тәуелсіз орталық құру;

- бастауыш және орта кәсіптік білім беру ұйымдары мен оқу орындары жетекшілерінің жыл сайынғы рейтингісін енгізу.

  1. Білім беру жүйесін ақпараттандыру

Білім беруді ақпараттандырудың өзекті мәселелері:

  • облыс мектептерінің және білім берудің басқа да мекемелерінің қазіргі заманғы компьютер техникасымен жеткіліксіз жабдықталуы;
  • электрондық оқу бағдарламалары және құралдарымен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
  • оқу-тәрбие процесінде оқушылардың компьютерлік технологияларды пайдаланып іздену, зерттеу сипатындағы өз бетімен жұмысының жеткіліксіз қолданылуы;
  • білім беру мекемелерінің қызметінде оқушылардың қызығушылығын, бейімділігін және қабілеттерін, олардың даму деңгейін, кәсіби шеберлігінің компьютерлік диагностикасын құру жүйесінің жоқтығы;
  • білім беру мекемелерінің жаһанданған ақпараттық ресурстарына, бірінші кезекте Интернет желісіне кіру құралдарымен жеткіліксіз жабдықталуы.

Перспективалар:

- салалық ақпараттық жүйені құру;

- барлық білім беру ұйымдары мен мекемелерін қазіргі заманғы компьютерлік техникамен және телекоммуникациялық құралдармен, лицензияландырылған бағдарламалармен қамтамасыз ету;

  • оқушылардың өз бетімен, жеке, топтық жұмыстарын, компьютерді пайдаланып іздену және зерттеу сипатындағы практикалық және зертханалық жұмыстар көлемін көбейту мақсатында оқыту жұмысының дәстүрлі формасын қайта қарау;
  • оқушылардың жеке ерекшеліктер, бейімділіктер, қызығушылықтар және мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері деңгейінің компьютерлік диагностикасын өткізу;
  • білім беру жүйесінде инновациялық процестерді ақпараттық және бағдарламалық қамтамасыз етуді құру жұмыстарын ұйымдастыру;
  • оқу процесіне интернеттегі дидактикалық материалдар қорын тарту;
  • компьютерлік тестілерді, білім беру сапасын бақылау және мониторингтің диагностикалық әдістемелерін құру және қолдану;
  • мемлекеттік, орыс және шетел тілдерін үйренуде компьютерлік қолдауды қамтамасыз ету;
  • жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану және енгізу саласында педагогикалық және басқару кадрларды даярлау және қайта даярлау;
  • басқару ақпаратын жедел жинау, сақтау және талдау үшін компьютерлік жүйені құру;
  • электрондық оқу басылымдарын әзірлеу және енгізу процестерін жетілдіру, облыс өңірлерінде ақпараттық ресурстық білім беру орталықтарын құру. Білім беру мекемелеріндегі тәрбие процесі

- «Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінде оқушы-жастардың Кешенді тәрбие бағдарламасы» және «Шығыс Қазақстан облысы жалпы білім беру ұйымдарының тәрбие бағдарламасы» іс-шараларын толық іске асыру үшін барабар жағдайлар жасау;

- қазақстандық отан сүйгіштікті, төзімділікті, жоғары мәдениеттілікті, адам құқықтары мен бостандығын құрметтеуге тәрбиелеу;

- оқушыларды жалпы адамзаттық құндылыққа, адамгершілік тұрғыдан өзін-өзі дамытуға бағытталған еркін, ізетті тұлға ретінде тәрбиелеу;

- білім алушылардан білім мен санатшылыққа табынуды, оқу қажеттілігін, табысты танымдық қызмет тәжірибесін қалыптастыру;

- балаларды адамдар арасындағы ізгілікті қарым-қатынас орната білуге бағытталған зорлықсыз рухында тәрбиелеу;

- балаларға өмірде өз орнын анықтай білетін қабілеттер мен бейімдерін, олардың жеке тұлғалығын, шығармашылық әлеуетін дамытуда пәрменді қолдау көрсету;

- адамға тұрмыста қажетті, көшеде, қоғамдық жерлерде, өндірісте қажетті мінез-құлқы нормаларын қалыптастыру;

- білім беру мекемелерінде тіршілік әрекетінің демократиялық салтын қалыптастыру, жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту процесін педагогикалық қолдау құралдары мен формаларын эксперименталдық іздестіруді жалғастыру;

- балалар ұйымдары мен бірлестіктері қызметін жетілдіру және олардың өркенденуіне тиісті жағдай жасау;

- әлеуметтік ортамен, мектептен тыс мекемелермен байланысты қамтамасыз ету.

  1. Қосымша білім беру

Қосымша білім беру мекемелер жүйесін дамыту және олардағы оқушылар құрамын көбейту(3- сурет) ;

  • көрсетілетін қызметтер номенклатурасын кеңейту;
  • мемлекеттік емес бос уақытты ұйымдастыру мекемелерін құруға және әрі қарай дамуына жәрдемдесу;
  • әр деңгейлік пен жылжымалық принципі негізінде қосымша білім берудің мазмұнын жаңарту, қабілеттері ерте дамыған балаларды оқыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау;
  • қосымша білім беру мекемелеріндегі педагогтарды қайта даярлауды қамтамасыз ету.

3-сурет. Қосымша білім беру мекемелері жүйесінің дамуы (2005-2010 ж. ж)

  1. Педагог кадрларының біліктілігін арттыру

Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру

Педагог кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру саласында:

- орта мектептің 12-жылдық білім беруге көшу жағдайында мұғалімдерді қайта даярлауды жүзеге асыру;

- педагогтар мен жетекшілердің аттестаттау және қайта аттестаттау жаңа жүйесін, мұғалімнің педагогикалық қызметін сертификаттауды енгізу;

- еңбекті ынталандыру және педагогтарды жер-жерлерде тұрақтандыру тетіктерін жетілдіру;

- білім берудің жаңа мазмұнын, оқыту технологиялары мен оқыту әдістемелерінің өзгергенін ескере отырып, білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен басшыларын қайта даярлауды және біліктілігін арттыруды жүзеге асыру;

- «Өзін-өзі тану» курсын көпшілікке енгізу үшін мұғалімдерді даярлау жүйесін құру;

- білім берудегі менеджмент бағдарламасы бойынша білім беру ұйымдарының жетекшілерін даярлауды жүзеге асыру көзделеді.

Білім беру бағдарламалары инновациялық педагогикалық технологияларды, іздену, зерттеу және шығармашылық қызмет дағдыларын, оқытудың ақпараттық және қашықтықтан оқыту технологияларын меңгерген көп тілді мұғалімдер даярлауға бағытталатын болады.

5. 9. Балалардың дарындылығын дамыту

  • әртүрлі әдістердің кең спектрі негізінде балалар дарындылығын анықтау мен диагностикалаудың кешенді ұстанымдарын іске асыру;
  • дарынды балаларды оқытуды ұйымдастыруда үш түрлі нұсқаны кеңінен қолдану:
  • жекелей оқыту - дарынды балаларды оқытатын арнайы білім мекемелерін құру;
  • дәстүрлі оқу орындарында (балабақшада немесе мектепте) дарынды балалар үшін арнайы қоса-жекеше оқыту топтары (сыныптар) ;
  • қоса оқыту - дарынды балаларды «табиғи ортада», яғни өз құрдастарынан оқшауламай бірге оқыту;
  • жеделдетілген оқыту қарқынына бағытталған арнайы топтар мен сыныптар құру арқылы ақыл-ой, әлеуметтік және дене дамуының деңгейі жоғары балалар үшін нақты білім беру мекемелерінің мүмкіндіктерін есекеріп «жеделдету» стратегиясын қолдану;
  • дарынды балаларды дамыту проблемаларын шешуге бағытталған, дәстүрлі оқу жоспарын арнайы біріккен курстармен толықтыратын «көлденеңінен кеңейту» шаралар жүйесін енгізу;
  • дарынды балаларды оқытуда оқу процесін дараландыру, проблемалық оқыту, танымдық әрекетін ұйымдастыруда оқушылардың бастамасын қалыптастыру мақсатында зерттеу ұстанымдары принципін іске асыру;
  • пәндер бойынша олимиадалар, интеллектаулдық-шығармашылық ойындар, конкурстар, зерттеу жобалар, фестивальдар мен жарыстардың рәсімі мен мазмұнын жетілдіру;
  • «балабақша-мектеп-колледж-жоғары оқу орны» дарынды балаларды оқыту жүйесінде үздіксіздікті жүзеге асыру;
  • «Дарынды балалар» облыстық ақпараттық деректер банкін қалыптастыру;
  • «Дарын» тәжірибелік алаңдарымен жұмыс түрлерін жандандыру мен жетілдіру және облыста олардың санын көбейту;
  • облыста дарынды балаларды анықтау, дамыту және қолдау проблемаларын шешу аясында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту;
  • «Дарын» Шығыс Қазақстан аймақтық ғылыми-практикалық орталығы психологиялық қызметін және Шығыс Қазақстан облысы білім беру мекемелерінің қызметін үйлестіру.

Мазмұны:

Кіріспе

І-ТАРАУ. ҚР-дағы білім беру жүйесі

1. 1 Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.

1. 2 Білім беру деңгейін көтеру үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен шаралар.

1. 3 Білім беру саласындағы әлеуметтік-экономикалық кемшіліктерді жою мен шара қолдану.

1. 4 Білімді жастардың болашағы - жоғарыға өрлететін жол.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасын әлемдік қоғамдастық нарықтық экономикалы мемлекет ретінде таныды. Тәуелсіздігінің қысқа тарихи кезеңінде еліміз әлемдік қоғамдастыққа ықпалдаса отырып, экономикада айтарлықтай өсуге қол жеткізді.

Осы орайда, қоғамдық даму деңгейінің, елдің экономикалық қуаты мен ұлттық қауіпсіздігінің өлшемдері ретінде білім беру жүйесінің, адам ресурстарының рөлі мен маңызы арта түседі. Қоғамдық қатынастар жүйесіндегі өзгерістер білім беруге, одан ұтқырлықты, жаңа тарихи кезеңнің болмысына барабар әрекет етуді және экономиканың даму қажеттіліктеріне сай болуды талап ете отырып әсерін тигізеді.

Жедел өзгеріп отыратын әлем мен ақпарат легінің ұлғаюы жағдайында іргелі пәндік білім міндетті, бірақ ол білім берудің жеткілікті нысанасы болып табылмайды. Қазақстандық білім беру жүйесі оның әлемдік білім беру кеңістігінде лайықты орын алуына мүмкіндік бермейтін ескірген әдіснамалық базасы, құрылымы мен мазмұны жағдайында дамуын жалғастыруда. Білім беру мазмұны фактологиялық күйінде қалып отыр және оқитындарды қоғам өміріне құзіретті, жауапты әрі шығармашылық тұрғыдан қарастыра отырып даярлауға бағдарланбаған. Өңірлік деңгейде білім беруді басқарудың біріздендірілген жүйесінің болуы, білім беру бөлімдерінде мамандардың штат санының жетіспеушілігі білім беруді басқарудың тиімділігіне кері әсер етеді.

І-ТАРАУ. ҚР-дағы білім беру жүйесі

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту. Көптеген дамыған елдер мектепке дейінгі білім беруге тең қол жеткізу үшін мүмкіндіктер жасайды. Ал, Қазақстанда 2000 жылмен салыстырғанда мектепке дейінгі ұйымдардың саны 12 бірлікке (1%), ал олардағы балалардың контингенті 25 421 балаға (18, 7%) өсті, бұл мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту сұранысының өсуі мен осы сұраныстарды қанағаттандыру мүмкіндіктері арасындағы теңсіздікті айғақтайды (1 кесте) . Нәтижесінде мектепке дейінгі ұйымдардағы 100 орынға 105-тен 130-ға дейін баладан келді. Тұтастай алғанда, республика бойынша 22 мыңға жуық бала мектепке дейінгі ұйымға орналасу үшін кезекте тұр, бес-алты жастағы 127 мың бала мектеп алды бағдарламамен қамтылуға тиіс.

1 кесте. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту

Жылдар
Желі
Контингент
Жылдар: 2000
Желі: 1144
Контингент: 135287
Жылдар: 2001
Желі: 1167
Контингент: 146375
Жылдар: 2002
Желі: 1162
Контингент: 153965
Жылдар: 2003
Желі: 1156
Контингент: 160708

Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінде 16, 3 мың педагог қызметкер еңбек етуде, олардың 38, 7%-ының жоғары білімі, 52, 8%-ының арнаулы орта педакогикалық білімі, 6, 4%-ының аяқталмаған жоғарғы педагогикалық білімі бар. Мектепке дейінгі ұйымдар педагогтерінің 40%-ының ғана жоғары және бірінші санаттары бар, ал 31, 2%-ының санаты жоқ.

1999 жылы Қазақстанда балалардың міндетті мектепалды дайындығы еңгізілді, бұл балаларды мектепалды дайындық бағдарламасын қамтуға әсер етеді (1 диаграмма) .

1 диаграмма. Балалардың мектепалды дайындықпен және мектепке дейінгі оқытумен қамту көрсеткіштері

Жалпы орта білім беру. Жалпы білім беретін мектептегі реформалардың шетелдік тәжірибесі оқытудың мерзімін 12-13 жылға дейін ұзартуды, жоғарғы сатыдағы оқушылардың оқудағы жетістіктері мен кәсіби оқытуды сыртқы бағалау жүйесін еңгізуді көздейді.

Қазақстанның жалпы орта білімі жалпы білім беретін мектептер санының көбеюімен әрі демографиялық және көші-қон процестеріне орай жекелеген өңірлерде шағын жинақталған мектептердің өсуіне ықпал еткен оқушылар контингенттінің азаюымен сипатталды (2 кесте) .

2 кесте. Жалпы орта білім беру

Оқу жылы
Мектептер саны
Оқитындар контингенті
Оқу жылы: 2000/2001
Мектептер саны: 8109
Оқитындар контингенті: 3043, 3
Оқу жылы: 2001/2002
Мектептер саны: 8171
Оқитындар контингенті: 3019, 5
Оқу жылы: 2002/2003
Мектептер саны: 8164
Оқитындар контингенті: 3095, 6
Оқу жылы: 2003/2004
Мектептер саны: 8260
Оқитындар контингенті: 3026, 2

Бастауыш және орта кәсіптік білім беру. Дамыған елдердегі кәсіптік білім беру жағдайына жасалған талдау кадрларды даярлау процессіне қатысу үшін жұмыс берушілерді көтермелеу тетіктерінің, сондай-ақ кәсіптік білім берудің сапасын реттеудің институтционалдық негізінің бар екенін және кәсіптік бағдарламалардың аса ұтқырлығы мен кірігуін айғақтайды. Қазақстан Республикасының бастауыш және орта кәсіптік білім беру жүйесі 722 оқу орнынан, оның ішінде жалпы оқушылар контингенті 341, 3 мың адам 307 кәсіптік мектеп пен 415 колледжден тұрады.

Кәсіптік бастауыш білім беретін оқу орындарында оқитындардың контингенті 2000 жылдан бастап 2004 жылға дейін 10, 3 мың адамға ұлғайды.

4 кесте. Бастауыш пен орта кәсіптік білім беру

Оқу жылы
КМ (КЛ) саны
Оқитындардың контингенті
Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны
Оқу жылы: 2000/2001
КМ (КЛ) саны: 306
Оқитындардың контингенті: 88, 3
Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны: 75, 4
Оқу жылы: 2001/2002
КМ (КЛ) саны: 312
Оқитындардың контингенті: 88, 1
Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны: 72, 1
Оқу жылы: 2002/2003
КМ (КЛ) саны: 312
Оқитындардың контингенті: 89, 6
Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны: 82, 3
Оқу жылы: 2003/2004
КМ (КЛ) саны: 307
Оқитындардың контингенті: 98, 7
Мембюджет қаражаты есебінен оқитындардың саны: 91, 3

Жоғарғы оқу орнындарының 41 мың адамды құрайтын профессор-оқытушы құрамының 2520-сы ғылым докторы және 11610-ы ғылым кандидаты. 1 тұрғынға шаққандағы студенттердің саны 2000-2001 оқу жылындағы 257 адамнан 2003-2004 оқу жылында 439 адамға артқан (5 кесте) .

5 кесте. Жоғарғы оқу орнында білім беру

Оқу жылы
Жоғарғы оқу орындар саны
Оқитындардың контингенті
Мемлекеттік тапсырыс
Оқу жылы: 2000/2001
Жоғарғы оқу орындар саны: 181
Оқитындардың контингенті: 440715
Мемлекеттік тапсырыс: 21970
Оқу жылы: 2001/2002
Жоғарғы оқу орындар саны: 182
Оқитындардың контингенті: 514738
Мемлекеттік тапсырыс: 25265
Оқу жылы: 2002/2003
Жоғарғы оқу орындар саны: 173
Оқитындардың контингенті: 590982
Мемлекеттік тапсырыс: 25465
Оқу жылы: 2003/2004
Жоғарғы оқу орындар саны: 180
Оқитындардың контингенті: 655661
Мемлекеттік тапсырыс: 26465

2000 жылы қабылданған «Білім» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында жоғарғы білім беру мамандықтарының жіктеуіші жетілдірілген. Оқу процесінің технологиялы болуын қамтамасыз еткен бастауыш курстардың біріздендірілген білім беру бағдарламалары мен қоса жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары әзірленді. Жоғарғы білімге даярлық мамандықтары мен бағыттарының пәндері 7000 үлгі оқу бағдарламаларымен қамтамасыз етілді.

Педагок кадрларды даярлау, кайта даярлау және біліктілігін арттыру.

Педагог мамандықтары бойынша базалық даярлықты оқитындар контингенті 167 мың адамнан астам және жылына 22 мыңнан астам мұғалім шығаратын 34 жоғарғы оқу орны 19 педагогикалық мамандық бойынша жүргізді. Педагогтерді даярлауға арналған мектепттік білім беру тапсырысы: 2001 жылғы 5655 грант пен кредиттен 2004 жылы 6075-ке дейін өсті.

  1. Қазақстандағы жастар мәселесін әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарастыру.

Жақында ғана еліміз алғашқы мүше жасын атап өтті. Бірнеше жылдар бойы аңсаған егемендікке қолымыз жетіп, бүгінгі ұрпаққа оның қиындығы мен қуанышын көру бұйырған. Сонымен қатар мемлекетіміздің жеке отау болып, іргетасын қалап, алаулаған жалауын көтеру мен бірге, сол туды құлатпай, бүкіл әлемге паш етіп, дамыған елдер алдында бас имей, ғасырлар бойы әрбір шаршы метр жерін шоқпарымен қорғаған ата-бабалар аруағына кір келтірмей, елімізді алға апарар ұрпақ өсіріп, тәрбиелеу міндеті қоса жүктеліп отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығыс Қазақстан облысының білім беру жүйесін дамыту
Семей ядролық сынақ полигонының проблемалары
ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУДЫҢ 2009-2011 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ӨҢІРЛІК БАҒДАРЛАМАСЫ
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
АЙМАҚТЫҢ ТҰТАСТАЙ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ
Ішкі туризм туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының туристік зоналарына қысқашы сипаттама
Бағдарламаға қатысушыларды қоныстандыру аймақтары
Денсаулық саласын талдау
Алматы облысында 2007-2011 жылдарға арналған туризм даму бағдарламасының анализі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz