Мектепке дейінгі ұйымда дене тәрбиесін оқыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

«Бәйтерек» балабақшасы

Мектепке дейінгі ұйымда дене тәрбиесін оқыту

D:\01 bet.JPG

Дайындаған: дене тәрбиесі пән жетекшісі Адильханова. А

Ақшұқыр-2014 жыл

Мектепке дейінгі ұйымда дене тәрбиесін оқыту

Кіріспе

XXI ғасырдағы дамыған ел - дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Н. Назарбаев

Мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыстағы негізгі міндеттердің бірі - дене тәрбиесін дұрыс жүргізу болып табылады.

Дене тәрбиесі - жалпы тәрбиенің құрамды бөлігі. Ол денені жетілдіруге, яғни денсаулықтың және дене дамуының және дене әзірлігінің жоғары деңгейіне жетуіне бағытталған.

Мектепке дейінгі жастағы балалар дене тәрбиесінің теориясының басты міндеті - өмір қорғау және денсаулық нығайту, балалардың организмін шынықтыру болып табылады.

Мектеп жасына дейінгі балалардың дене жағынан тәрбиелеудегі жұмыстың мәнді жағы - тұлғаны дұрыс қалыптастыру.

Сонымен қатар балаларға тұрмыста және дене тәрбиесі сабақтарында қажетті жеке қоғамдық гигиена дағдыларын дамыту қажет.

Дене тәрбиесі балаларды ақыл - ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді болуларына ықпал етуі тиіс.

Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде дене тәрбиесінің мазмұны мына құралдардан тұрады: дене жаттығулары, табиғаттың сауықтырушылық күші, гигиеналық және әлеуметтік - тұрмыстық факторлар.

Дене жаттығуы - дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, баланың жан - жақты жетілуіне ықпал етеді.

Дене тәрбиесінің негізгі мазмұны денені жаттықтыру болып табылады. Олар мынандай түрлерге бөлінеді; 1) таңертеңгілік жаттығу, 2) қимыл - қозғалыс ойындары және спорт ойындарының элементі бар ойындар, 3) спорттық жаттығулар, 4) қарапайым туризм.

Балабақшадағы дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері: 1) тәрбие сағаты, күн тәртібі бойынша сауықтыру шаралары (таңертеңгілік жаттығу, қимыл - қозғалыс ойындары, серуендегі спорттық жаттығулар, сергіту сәттері, спорттық мерекелер, ойын - сауықтар ), 3) балалардың өз бетінше козғалу қызметі.

Жоғарыда аталған жұмыстың барлық түрі бір - бірімен байланысты және бірін - бірі толықтырып отырады. Жинақтала келіп, белгілі бір қозғалыс тәртібін құрайды.

Дене шынықтыру балаларды үйлесімді дамытып жетілдіреді, денсаулығын сақтап нығайтады. Дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырып, қимыл - қозғалыс қабілеттерінің негізін салып, оларды өмірде белсенді болуға, елін қорғауға дайындайды.

Кез келген сабақтың міндеттерін орындау, оның тиімділігі балаларды ұйымдастыру жұмысындағы, яғни негізгі бөлімнің жаттығуларының үйлесімділігі, жаңалығы, оқу материалының күрделілігі, материалдардың жабдықталуы, сабақтың өтетін орны қолайлы тәсілдерді анықтаумен байланысты.

Мектепке дейінгі балалар үшін сабақ түрі әр түрлі ( екі жастан алты жасқа дейін ) .

Дене тәрбиесі сабақтары - оқу - тәрбие жұмыстарының ең негізгісі түрі болып есептеледі. Сабақтық мақсаты - жаңа қимылды үйрену, бұрынғы өткендерді бекіту, дене сапасын тәрбиелеу. Олар төменгі және орта топтарда 20 - 25 минуттан аптасында 3рет, ал мектепке дейінгі топтарда 30 - 35 минуттан өтіледі. Сабақ үш бөлімнен тұрады: кіріспе, негізгі, қорытынды. Кіріспе бөлімде жүру, жүгіру, би жаттығулары жасалынады. Негізгі бөлімде негізгі қимылдар мен қозғалыс ойындары сияқты жалпы дамытушы ойындар ойналады. Қорытынды бөлімде бәсең қимылды ойындар немесе қарапайым жүру орындалады.

Таңғы жаттығу - балабақшадағы ең маңызды сауықтыру шараларының бірі. Ол ағзаның белсенділігі мен жұмысқа қабілетін арттыруға арналған. Төменгі топтарда оның ұзақтығы - 5-10 мин. Дайындық тобында 12 - 15 мин. Ол үш бөлімнен тұрады: кіріспе (жүру түрлері), негізгі (негізгі бұлшықет бөлімдерін дамыту жаттығулары), қорытынды (қарапайым жүру) .

Дене тәрбиесінің мезеті - тіл дамыту, математикалық сабақтарында зейінді аудару үшін қажетті ақыл - ой жұмысын арттыру қолданады. Ол 2-3 жаттығумен 2-3 минут созылады.

Дене тәрбиесі демалысы айына 1-2 рет төменгі топтарда 20-30 мин, жоғарғы және дайындық топтарда 45-50минуттан өтеді. Бұл жерде дене тәрбиесі сабақтарынан айырмасы еркін қимыл қарастырылған, ол үшін көңілді эстафеталар өтеді.

Дене тәрбиесі мерекелері жылына екі рет орта дайындық топтарында өтеді. Оған балалар алдын ала дайындалып, үйренген спорт ойындарын, жаттығуларын, билерін пысықтайды. Мерекеде соларды ортаға салады. Ұзақтығы 1-1, 3 сағат.

Дене тәрбиесін оқыту әрбір жастағы топтарға арнайы дайындалған түрде беріледі. Нәрестелік және төменгі топтардағы тапсырмалар баланы қызықтыратындай болуы керек, яғни нәтижесі көрінуі қажет. Бала қызығуын арттыру үшін халық ойындарын қолданган дұрыс. Ортанғы топта үйрету өзіндік ерекшелікке ие. Балалар үлкен төзімділік көрсетіп, қимылды есте сақтауға тырысады. Сондықтан тәрбиеші тапсырманы аса жақсы түсіндіреді.

Жоғарғы дайындық топтарда тәрбиеші жаттығуды әрдайым орындап, көрсете бермейді. Үйрету өткен сабақпен, салыстыру, талдау, талқылау арқылы түсіндіріледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дене тәрбиесі мерекелері мен сауықтарының бала өміріне маңызы
Мектепке дайындық
Балабақша тәрбие бағдарламасының ерекшелігі мен қазіргі кезде қолдану жағдайын теориялық тұрғыдан негіздеу
Дене жаттығуларының сипаттамасы
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі
Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру
Мектепке дейінгі мекемені басқару пәнінің ОҚУ БАҒДАРЛАСЫ
Қазақстан Республикасының білім беру саясаты, оның дамуы мен құрылымдық жүйесі
Бала тәрбиесінде халықтық педагогиканың бағыттары
Білім беру жүйесінің құрылымы мен принциптері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz