Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі.
  2. Онтогенездегі психикалық даму проблемалары.
  3. Оқыту мен даму проблемасы.
  4. Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы
  5. Онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары
  6. Сәбилік кезең (2-айдан 1 жасқа дейін) .
  7. Ерте балалық шақ (1-3 ж. )
  8. Мектепке дейінгі жастағы балалық шақ (3-тен 6-7ж. )

Жас ерекшелік психологиясында әдістерді қолдану ерекшелігі.

Әдіс - бұл психикалық өмірдің белгілі-бір фактілері алудың құралы, инструменті.

Ұйымдастырушы әдістер:

а) көлденең кесу әдісі;

ә) тікелей кесу әдісі;

б) кешендік әдіс.

Алдыңғы сатылардың соңғы сатыларға әсерін зерттеу үшін және бір сатыдан екіншісіне өту мехнизмдерін зерттеу үшін зерттеудің лонгитюдті («көлденең») стартегиясы қажет, яғни бір зерттелушілер ұзақ уақыт барысында зерттелінеді.

Эмпирикалық әдістер:

а) бақылау; ә) эксперимент; б) психодиагностикалық әдістер (сауалнама, әңгіме, теттер, социометрия) ; в) іс-әрекет нәтижелерін талдау; г) биографиялық әдістер.

3. Мәліметтерді өңдеу әдістері:а) статистикалық; ә) сапалық.

4. Интерпретациялық әдістер: а) генетикалық; ә) құрылымдық.

Онтогенездегі психикалық даму проблемалары

Психикалық дамудың қозғаушы күштері проблемасы

Адам психикасындағы биолгиялық пен әлеуметтік факторлар. Баланың психикалық дамуының өзгешілігі мен тұлға қалыптасуы проблемасы жас ерекшелік психологиясында өзекті болып табылады. Бұл келесі мәселені шешеуден көрініс табады: психикдағы анықтаушы биологиялық па әлде әлеуметтік пе? Екі бағыт айқын бөлінеді:1) биологизаторлық; 2) социологизаторлық.

Шет елдік психологияда қазіргі күнге дейін бірқатар бағыттар үшін жетекші принцип ретінде адам психикасының биологизация болып келді, яғни әлеуметтік пенде ретінде адам психикасының сапалық өзгешелігін елемеу.

Психикалық дамудың биологизаторлық теориялары Европа мен Америкада 19 ғ. аяғы мен 20 ғ. басында пайда болды. Оның мәні: адам психикасы биологиялық шартталған, яғни психикалық ерекшеліктер (жаңа құрылымдар, интеллектуалдық қабілеттер, мінез туа берілген болып табылады) және даму осы туа берілген қасиеттердің пісіп жетілуі болып келеді. Даму кезеңдерінің алмасуы, қандай да бір психикалық процестер мен қасиеттердің пайда болу тәртібі, олардың даму барысында жететін деңгейлері - бұлардың барлығы алдын ала туқым қуалау арқылы анық болып келеді, яғни туқым қуалаушылық биологиялық фактор ретінде, психикалық дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылады.

Социлогизаторлық теорияларда, керісінше, психикалық дамудың жалғыз ғана критерийі әлеуметтік орта, сыртқы жадайлар болып табылады. Бала дүниеге келгенде «таза тақтайдай» болады, және де сыртқы жағдайлардың әсерінен адамға тән барлық психикалық сапалар дамиды.

Психикалық дамудың шарттары, бастаулары және қозғаушы күштері ұғымы. Баланың психикалық дамуының қозғаушы күштері проблемасын кеңестік те, шет елдік те психологтар қарастырған. Кеңестік психологтар үш негізгі ұғымды бөледі: 1) дамудың қажетті шарттары; 2) психикалық дамудың көзі; 3) психикалық дамудың қозғаушы күштері.

Бала психикасының дамуының қажетті шарттары деп келесі адамзаттық тектік ерекшеліктер қарастырылады: адамзат миы, адамзат дене мүшелері, адамға тән морфофизиологиялық факторлар және олардың жетілу ерекшеліктері.

Дүниеге келгенде бала өзгеше адамзаттық заттар дүниесіне тап болады. Осы оны қоршаған әлеуметтік орта бала дамуының потенциалды көзі болып табылады.

Баланың психикалық дамуы оның қоршаған ортаға биологиялық бейімделуі немесе теңесуі процеіс ретінде жүзеге аспайды, керісінше әлеуметтік тәжірибені иегру, процесі ретінде жүзеге асады. Белсенділік пен іс-әрекет - бұл баланың психикалық дамуының қозғаушы күші болып табылады.

Баланың психикалық дамуындағы іс-әрекеттің рөлі. Индивидтің қоғамдық-тарихи тәжірибені меңгеру процесі баланың белсенді іс-әрекеті барысында жүреді және бұл көрініс табады:

Баланың қоршаған дүниеге деген қатынасының ерекшелігінен: бұл оған деген белсенді, әрекеттік қатынас, заттарды белсенді иегру, олармен әрекеттену тәсілдерін үйрену.

Баланың айналасындағы балаларға деген қатынасының ерекшелігінен: бала өзінің айналасындағы адамдармен қарым-қатынас арқасында адам ретінде дамиды, бұл жерде тілді меңгеру елеулі мәнге ие. Үлкендерді балаларды тәрбиелей және оқыта отырып, оның іс-әрекетін ұйымдастырады және бағыт-бағдар береді. Олай болса, бала психикасының дамуының қозғаушы күші шындықты меңгерудегі оның үлкендермен бірлескен өз іс-әрекеті болып табылады.

Сонымен:

1) баланың психикалық процестері алдын ала анықталмаған, дайын түрде берілмеген;

2) бұл процестердің қалыптасуының өзі баланың заттық іс-әрекетінсіз мүмкін емес еді.

Жетекші іс-әрекет ұғымы (А. Н. Леонтьев, Д. Б. Эльконин) . Баланың психикалық дамуы үшін, оның дамуының әр сатысы үшін жетекші болатын іс-әрекетке ерекше мән беріледі.

Жетекші іс-әрекеттің белгілері:

1. Жетекші іс-әрекеттің астарында жоғарғы психикалық функциялар - танымдық процестер қалыптасады;

2. Жетекші іс-әрекеттің астарында тұлғалық құрылымдар қалыптасады;

3. Жетекші іс-әрекетке барлық басқа іс-әрекеттер бағынады (А. Н. Леонтьев) ;

4. Жетекші іс-әрекет баланы дәл қазіргі кезеңде даму бастауы болып келетін орта элементтерімен байланыстырады;

5. Жетекші іс-әрекетте дамудың берілген кезеңі үшін тән бала мен ересек адам қатынасы, ал ол арқылы- оның шындыққа деген қатынасы толықтай көрсетілген.

Оқыту мен даму проблемасы.

Оқыту мен даму проблемасын бірқатар оқымыстылар қарастырған, оларды үш топқа біріктіруге болады:

1. Бірінші тобы баланың даму процестерінің оқыту процестерінен тәуелсіздігі жайлы пікірді ұстанады. Оқытудың баланың белсенді дамуына қатысы жоқ, тіпті даму жетістіктерін пайдаланады. Даму циклдері әр қашанда оқыту циклдерінің алдында жүреді. Даму әр қашанда оқытудың алдында жүреді.

2. Екінші топ осы екі процесті бір тұтас ретінде қарастырады және келесі түрде белгілейді: оқыту даму болып табылады.

3. Оқымыстылардың үшінші тобы екі теорияны үйлестіруге талпынды: бір жағынан, даму процесі оқытуға тәуелсіз процес ретінде ұғынылады, екінші жағынан - оқытудың өзі дамуға тепе-тең. Зерттеушілердің үшінші тобындағы позитивті болып табылатындар:

а) екі қарама-қарсы көзқарастарды біріктіру;

б) екі негізгі процестердің өзара тәуелділігі, өзара әсер етуі идеясы;

в) баланың дамуы барысында оқытудың рөлін ұлғайту.

Л. С. Выготский осы теорияларды салыстырып, талдап және сынға ала отырып, ең маңыздысы ретінде мынаны анықтады: баланы оқыту мектептегі оқытудың алдында басталады. Мектептегі оқыту ешқашан да өз-өзіне басталып кетпейді, ал әр қашанда өз алдында бала дамуының белгілі бір сатысына ие. Мектептегі оқыту бала дамуының барысына қандай да бір жаңа нәрсені қосады. Оқыту мен даму ең алғаш рет мектеп джасында кездеспейді, бірақ іс-жүзінде баланың алғашқы күндерінен -ақ бір-бірімен байланысты.

Осылайша, екі сұрақ туындайды:

Оқыту мен даму арасындағы жалпы қатынас;

Осы қатынастың мектеп жасындағы спецификалық ерекшелігі қандай.

Берілген проблеманы шешу үшін Л. С. Выготский жаңа ұғымды енгізеді - «жақын даму аймағы». Дамудың екі деңгейін қарастыру қажет:

Баланың өзекті даму деңгейі -міндеттерді өз бетінше орындай алу қабілеті.

Жақын даму деңгейі - баланың өзбетінше іс-әрекетінің өзекті деңгейі мен оның үлкендердің немесе неғұрлым тәжірибелі құрбылыстарының жетекшілігімен атқаратын өз бетінше іс-әркетінің потенциалды деңгейінің арасындағы қашықтық.

Ескі көз қараспен салыстырғанда жақын даму аймағы жайлы ілім келесі тезисті ұсынады: «Дамудан озып кететін оқыту ғана жақсы болып табылады».

Сонымен:

1. Даму процестері оқыту процестерімен сәйкес келмейді. Даму процестері оқыту процесінің соңынан жүреді, ал оқыту процестері «жақын даму аймағын» құрайды.

2. Оқыту процесі тікелей түрде бала дамуы барысымен байланысты болғанымен де, олар біркелкі және бірі-бірімен қосарласа жүрмейді.

Баланың жас ерекшелік дамуын түсіну үшін жас ерекшелік сезімталдық жайлы мәліметтер болады, яғни әр жас өз бетінше сипаттайтын қоршаған ортаға деген сезімталдық.

Сензитивті кезеңдер - бұл қандай да бір психикалық сапалардың даму үшін қолайлы жағдайларды анықтайтын кезеңдер.

Психикалық дамуды кезеңдерге бөлу проблемасы

Берілген проблеманы талдау жас кезеңдерін бөлу үшін негіздерді анықтаудағы түрлі ықпалдарды қарастыруды ұйғарады. Бала дамуының кезеңдерінің барлық ұсынылған схемаларын Л. С. Выготский үш топқа бөледі:

1. Бірінші топ биогенетикалық заңға негізделген, осыған сәйкес онтогенез қысқаша түрде филогенезді қайталайды (С. Холл) .

2. Ғалымдардың екінші тобы жас кезеңдеріне бөлудің критерийлері ретінде қандай- да бір белгіні алады. Кемшілігі, тек бір ғана критерий ұсынылады, және де бұл бір кезеңде көрсеткішті және мәнді болған белгі келесі кезеңде мәнділігін жоғалтады, себебі даму барысында бірінші кезекте тұрған нәрселер, екінші кезекке ығыстырылады.

3. Үшінші топ: сипаттаушы принциптен бала дамуының өзінің мәнді ерекшеліктерін бөлуге ауысу. Бұл теорияның кемшілігі: олар дамудың эволюциялық концепциясына бағдарланады (дамуда ешқандай жаңа нәрсе пайда болмайды, мұнда тек о бастан берілген нәрселер ғана өсіп, ұлғаяды) .

Л. С. Выготский дамуды өзін-өзі итермелеудің үздіксіз процесі ретінде анықтайды және де ол, ең алдымен, алдыңғы сатыларда болмаған жаңа нәрсенің пайда болуымен сипатталады. Әр жас кезеңін сипаттайтын бір тұтас критерий қажет. Бұл криетрий ретінде әр жастың мәнін сипаттайтын жаңа құрылым болады.

Екінші критерий - бір жастан екіншісіне өту динамикасын есепке алу. Динамиканы анықтауда ең маңыздысы тұлға мен оны қоршаған әлеуметтік орта арасындағы қатынастарды есепке алу болып табылады.

Онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары

Нәрестелік және сәбилік кезеңдегі баланың психикалық дамуы

Баланың дүниеге келуі алғашқы дағдарыс. Оның мәні: тұрақты ортада өісмдік тәрізді тіршіліктен бөлек автономды өмірге өту.

0-ден 2 айға дейін нәрестелік кезең жалғасады. Бұл адам өміріндегі жалғыз ғана биологиялық кезең, осы кезеңде бала әлі де болса әлеуметтік пенде емес, себебі жетекші іс-әрекет жоқ. Бала келесі шартсыз рефлекстермен дүниеге келеді:

1) ағзаның ішкі ортасын реттеуші (демалу, қанайналым) ;

2) тамақтану (сору, жұту) ;

3) қорғаныс рефлекстері (көзді жыпылықтату, түшкіру, жөтелу) ;

4) бағдарланушы (басын күшті тітіркендіргішке бұру) ;

5) қозғалыстық (қамту, жүзу, адымдау, еңбектеу) .

Көптеген рефлекстер балаға өмір сүру үшін қажетті, себебі олар ортаға бейімделуді қамтамасыз етеді. Шартты рефлекстердің алғашқыларының бірі бала өмірінің 10 күнінде пайда болады - бұл тамақтандыруға деген рефлекс.

Танымдық дүниенің дамуы. Дүниеге келген кезде көру және есту анализаторлары толыққанды қалыптаспаған, бірақ қарқынды даму үстінде болады. 2-3 -ші аптада есту, 3-4-ші айда көру шоғырланады.

Эмоционалдық дүниенің дамуы. Үштен жеті аптаға дейінгі жаста балада «жандану кешені» пайда болады: анасын немесе басқа жақын адамды көргенде күлу, қозғалыс реакциялары, вокализация.

«Жандану кешені» балада алғашқы қарым-қатынасқа деген әлеуметтік қажеттіліктің пайда болғанын білдіреді. Берілген сапа - бұл баланың қалыпты психикалық дамуының алғашқы белгісі.

Сәбилік кезең (2-айдан 1 жасқа дейін) .

Баланың физикалық дамуының негізгі жетістіктері:

1. Қамту және манипуляциялау. Қамту - бұл заттарды қармап ұстап алу, манипуляциялау - бұл өз ыңғайына қарай заттармен әрекет жасау. Қамты мен манипуляцияның рөлі - бұл жаңа жетекші іс-әрекет - заттық-қарулық іс-әретке дайындалу.

2. Еңбектеу - бұл баланың алғашқы өз бетінше қозғалу түрі; оның рөлі- жаңа әсерлерді қамтамасыз ету.

Дамудың әлеуметтік жағдайы - үлкендерге толықтай тәуелділік, ол баланың органикалық қажеттіліктері мен жаңа әсерлерге деген қажеттіліктерін қанағаттандырады.

Сәбидің жаңа құрылымы- қарым-қатынасқа деге қажеттілік.

Жетекші іс-әрекет - эмоциялар, мимика көмегімен эмоционалды, тікелей қарым-қатынас.

Эмоционалды қарым-қатынастың тапшылығы «госпитализм» құбылысына әкеледі, яғни психикалық және физикалық дамудың тежелуіне.

Танымдық дүниенің дамуы. Көру және есту түйсіктері қарқынды қалыптасады (3-тен 4 айға дейін) . Көру қабылдауы шамамен 11 айда пайда болады. Ес ырықсыз және келесі түрлері басым болады: эмоционалды және қозғалыстық. Зейін ырықсыз. 1 жылдың аяғына таман көркем-әрекеттік ойлаудың алғашқы белгілері байқалады.

Сөйлеу пассивті. 7-8 айда тілді түсіне бастайды. 1 жаста оның пассивті сөз қоры 50 сөзден тұрады. 8 айда, көбінесе 1 жаста сөйлей бастайды, сөз қоры 2-15 сөзден тұрады.

Эмоционалдық дүниенің дамуы. 1 жас дағдарысы. Дағдарыстың мәні: баланың тікелей-эмоционалдық қарым-қатынастан жаңа жетекші іс-әрекетке - заттық-қарулық іс-әрекетке өтуі. Дағдарыстың көріністері: баланың теріс эмоционалдық реакциялары.

Ерте балалық шақ (1-3 ж. )

Физикалық дамудың негізгі жетістіктері:

1) заттық әрекет, яғни бала заттарды мағынасына сай пайдаланады;

2) тік жүру, өз бетіншелік артады және қолдары босайды.

Дамудың әлеуметтік жағдайы. Үлкендерге тәуелділік сақталады, олар балаға заттарды қолдану тәсілдерін ашады.

Осы жастағы жаңа құрылым. Сөйлеу. Көркем-әрекеттік ойлау. Сөйлеу- активті және пассивті. Активті сөйлеудің дамуы келесі заңдылыққа сүйенеді: 1, 5 жасқа дейін тіл баяу дамиды. Бала 30-40- тан 100 сөзге дейін игереді. Оларды сирек пайдаланады. 1, 5 жастан кейін бала бастамашыл бола бастайды. 2 жасқа келгенде оның сөз қоры 300 сөзге дейін ұлғаяды. 3 жасқа келгенде 300-ден 1, 5 мың сөзге дейін ұлғаяды.

Жетекші іс-әрекет. Заттық -қарулық іс-әрекет, осы іс-әрекет процесінде заттарды қолданудың қоғамдық өндірілген тәсілдерін игеру жүзеге асады.

Танымдық дүниенің дамуы. Қабылдау. Балада 1 жаста заттық қабылдау қалыптасады, бірақ тым шала түрде. Екі жасқа көшкен бала әлі де болса заттардың қасиеттерін анықтай алмйды, ал заттардың өзі айқын белгілерімен танылады. Үшінші жылда бала форманы, көлемді, түсті анықтай алады, үлгі бойынша көзше таңдау жасай алады. Сондықтан баланы негізгі түстермен, формалармен, көлемі бойынша заттардың арақатынастарымен таныстыру қажет. 3 жастағы бала 5-6 форма мен 8 түс жайлы елестетулерді игере алады.

Есту қабылдауы қарқынды дамиды. Зейін ырықсыз. Зейіннің көлемі аз. Ес ырықсыз. Негізгі рөлді қайталау ойнайды. Қозғалыстық ес басым. 1 -ден 3 жасқа дейінгі баланың ақыл-ойын тәрбиелеу, баланы заттармен әрекетті ұйымдастыру арқылы қоршаған дүниемен таныстыру болып табылады.

Эмоционалдық дүниенің дамуы. Тұлға қалыптасуының алғышарттарының, балада өзі туралы пікірдің қалыптасуы - өзіндік сана, өз «менін» саналы ұғыну.

Мінез-құлық жағдайға байланысты болып табылады, яғни бала дәл қазіргі сәтте пайда болған сезімдер мен тілектер әсерімен әрекеттенеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазіргі жас ерекшелік психологиясының мәселелері
Жас ерекшелік психологиясы жайында
Жас ерекшелік психологиясының негізгі мақсаттары мен міндеттері
СОВЕТТІК ЖАС ЕРЕКШЕЛІГІ ПСИХОЛОГИЯСЫ
Жас ерекшелік психологиясы онтогенездегі психикалық даму заңдылықтары
Жас ерекшелік психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Даму психологиясының пәні, міндеттері және әдістері
Шет тілін оқытудың психологиялық негізі
Жас ерекшелігі пәні, мақсаттары мен міндеттері
Психологиядағы зерттеу әдістері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz