Жоспарлаудың бiрiншi кезеңдері



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жоспарлаудың бiрiншi кезеңдері
2. Жоспарлаудың екiншi кезеңi
3. Жоспарлаудың үшiншi кезеңi
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қоғам алдында мектептің алатын орны ерекше. Қазақстан Республикасының егемендік алуы мектеп алдында қойылып отырған ізгі міндеттерді бұрынғыдан да биіктете түсті.
Еліміздің тәуелсіз мемлекет мәртебесіне ие болуы, Қазақстан Республикасының бүкіл халықтық референдумында қабылданған Конституциясының (1995, 30 тамыз) қабылдануы, қазақ тілінің мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілуі, Мемлекеттік білім Заңының Парламент мәжілісінде бекуі, жалпы білім беретін мектептің ұлттық моделінің қалыптаса бастауы, білім және ғылым министрлігі бекіткен Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты (1998, 21 тамыз) жас ұрпаққа білім беріп, тәрбиелеу ісіне жаңа талаптармен міндеттерді қойып отыр.
Өйткені еліміздің болашағы жас ұрпақ ұлттық сана-сезімі оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары, мәдениетті, парасатты, ар-ұжданы мол, дене күші мығым, еңбекқоры, іскері, бойында басқа игі қасиеттер қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеу- бұл бүгінгі күннің мектеп алдына қойған басты міндеті.
Жоғарыда аталып өткен Білім заңында, құрылымы мен мазмұны жағынан жаңартылған ұлттық білім беру жүйесінің жаңа моделі жасалды. Онда білім беру жүйесі төрт деңгейге бөлінгендігі көрсетілген. Олар: мектеп жасына дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білімге, жоғары кәсіби білімге, жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білім болып таралады. Жаңа модельге сәйкес орта білім беру жүйесі жалпы бастауыш кәсіби және орта білім беруді қамтиды.
Сонымен қатар мектеп ісіне аса құнды құжат мемлекеттік білім стандарты болып табылады. Бұл құжатта білім берудің әлемдік үлгілерін ескере отырып, Сондай-ақ, ұлттық ерекшеліктер басты назарға алынған. Білім стандартында базистік оқу жоспары және сол базистік оқу жоспарында ескерілген өлшеуіш жүйелері көрсетілген негізгі білім аясының стандарттары. Базистік оқу жоспары нормативтік құжат. Оған сәйкес типті оқу жоспары жасалған. Базистік оқу жоспары стандарттың ең басты межесі болып табылады.
Сонымен қатар мектеп өмірінде басқару процесінің мәні өте зор. Басқару үрдісі бүтіндей жүйені қамтамасыз ететін, оны жаңа жағдайға үйлестіретін, немесе жаңа жағдайға келтіретін және болып жатқан құбылыстарға әсер ететін процесс.
Жалпы алғанда басқарудың барлық түрлері де жүйелілігі мен оның элементтері арасындағы табиғи байланыспен басқаратын және басқарылатын буындар мен басқарушылық параметрлерімен сипатталады. Ал, мектеп ішіндегі басқару, өндіріс пен қоғамдық өмірдің басқа салаларына қарағанда өзгешелеу келеді, өйткені мұнда адамдарды орналастыру өзара қарым-қатынастарды байланыстыру, олардың ырғақты еңбек етуін үйлестіру - бұл істердің барлық жиынтығы мектептегі оқу-тәрбие процесін жетілдіре түсуге ықпал жасайтын нысаналы ұйымдастыру.
Басқару ісін мектеп табиғатына байланысты қарасақ, ол жалпы мемлекет алдындағы міндеттерді, мектептің нақтылы істерімен ұштастыру болып табылады.
Сондай-ақ, басқару ұстамдарының жүйесінде жоспарлау жұмысына жетекші орын беріледі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жоспарлаудың бiрiншi кезеңдері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жалпы алғанда бiрiншi кезеңде оқу - тәрбие процесiн басқарудың контуры жалпы жобасы белгiленедi. Бұл кезеңде атқарылатын iстер жиынтығы мектептердің барлық түрлерiне гимназия, лицей, жалпы негiзгi және орта мектептер қатынасты екендiгi байқалады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1. Алдымен, жоспарлау iсiне қажеттi материалдарын жинақтау, топтау және белгiлi бiр қалыптасқан жүйеге келтiру;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2. Жиналған материалдарды саралау, сұрыптау және талдау жасауға дайындау;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3. Белгiлi бiр мерзiмге арналған жоспардың мақсаты мен мiндеттерiн анықтау;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
4. Өткен оқу жылының басты - басты қорытындылары жайында нақтылы мағлұматтар, жаңа бағдармалар мен төл оқулықтарды толық игеру жолындағы iс-шаралары жөнiнде хабарлама - деректер;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
5. Ақпараттық технологияны, электрондық оқулықтарды оқыту процесiнде оңтайлы қолдана бiлу жөнiндегi мағлұматтары;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
6. Мектептi бiтiрген 11 сынып бiрыңғай ұлттық тестiлеу қорытындылары жөнiндегi нақты цифрлар мен фактiлер жағымды, жағымсыз;
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
7. Тестiлеу қорытындылары бойынша қай пәндерден үлгi тұтатындай табыстар болды, қандай олқылықтар кездестi, олардың орын алу себептерi деген сұрауларға жауап беретiн хабарлар жиынтығы болуы шарт.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жоспарлаудың екiншi кезеңi

Бұл кезеңде мектеп директоры бүкiл ұжым мүшелерi (мұғалiмдер, тәрбиешiлер, сынып жетекшiлерi, ата - аналар комитетінің басшысы, оқушылар комитетi) қатынасуы қажет. Өйткенi бұл кезеңде болашақ жылдық жоспардың бөлiмдерi мен бөлiмшелерi нақты белгiленедi.
Жыл бойы атқарылатын iс-шаралардың контуры (сұлбасы) айқындалады.
Осыған байланысты мектеп ұжымының әрбiр мүшесi және жобалау iсiне қатысы бар қоғамдық ұйымдар, өздерi тiкелей қатысып орындайтын салалар бойынша ұсыныстарын белгiлеп анықтауға тапсырма алады. Ұсыныстарды тапсыру мезгiлi белгiленедi.
Ұсыныстарды жинақтау iсi директордың оқу - тәрбие жөнiндегi орынбасарына тапсырылады. Жылдық жоспарда қамтылатын мәселелер схемасы көрнекті жерге iлiнiп қойылады.
Жыл бойы атқарылатын iс-шараларын жобалауда бүкiл ұжым мүшелерiн және оқу орнына қамқорлық жасайтын ұйымдардың өкiлдерiн қатынастыру, басқару барысындағы мектеп iшiндегi микроклимат пен демократиялық ақуалды барынша жақсарта түсудің сапалы жолы болатындығына мүмкiндiк туғызады. Бұл жұмыстар наурыз айының соңғы күндерінің бiрiнде өткiзiлуi дұрыс деп есептелiнедi.

Жоспарлаудың үшiншi кезеңi

Үшiншi кезең ең соңғы жауапты кезең болып саналады.
Жылдық жоспарды жобалау жөнiнде мектеп басшысы және комиссияға келiп түскен нақтылы атқарылатын iс-шаралары мен ұсыныстар, бөлiм-бөлiмге байланысты сұрыпталып нақтылы топталып өз орындарын табады. Осы тұста мектеп директоры, комиссия мүшелерi төмендегi шешушi мәселелерге аса жауапты түрде көңіл бөлулерi қажет.
Атап айтқанда олар:
а жоспарда қаралған iс-шаралардың, мектеп алдына қойып отырған мiндеттерiне маңызды ықпал жасап, бүкiл оқу - тәрбие құрылымын барынша жетiлдiре түсетiндей;
ә қабылданатын iс-шаралардың нақтылығы;
б қабылданып отырған iс-шаралардың бұрыннан белгiлi нұсқау - ережелердi жазып қою, декларативтi көп сөздiлiктен аулақтануы;
в мектеп пен ұжым мүшелерінің орындау мүмкiндiгiне сай келе бермейтiн iс-шараларының жоспарда орын алмайтындай болуы;
г белгiленген нақтылы iс-шаралары кей бiр ұжым мүшелерiне үйiп - төгiп тапсырма беруден сақтандыратындай;
д атқарылатын iс-шаралардың көлемi жағынан да мектеп пен ұжым мүшелерінің мүмкiндiгi, iс-тәжiрибелерi, қабiлеттерiне сай болатындай болулары қажет.
Жоғарыда көрсетiлген жоспарлау кезеңдерінің талаптарын орындау, iстің тиянақты, алда атқарылатын мiндеттердің нәтижелi орындалуына ықпал жасайтындығы айқын екендiгiн көру қиын емес.
Жылдың жоспардағы бөлiмдер мен бөлiмшелер мектептердің қай жерде орналасуы аз және көп сынып - комплектiлi болуларына қарамастан барлығына бiрдей қатысты екендiгiн еске аламыз. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері туралы
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлаудың жүйесі
Жоспарлау түсінігі, мақсаты және міндеті.
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Cалық менеджменті»
Қаржылық жоспарлаудың мәні
Cтратегиялық жоспарлау
Салықтық жоспарлау ұғымы, әдістері, этаптары
Кәсіпорынның қаржылық жоспарлаудың объектісі
Экономикалық жоспарлау туралы
Пәндер