Мектепте технология пәнін оқыту



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Мектепте технология пәнін оқыту
2. Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Технология пәнін оқытуда - еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Негізгі мақсатымыз - Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде .
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән Еңбекке баулубүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену - Ы. Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс - қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған . Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.
Болашақ кәсіпкер:
- өз өндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі;
- азаматтық нарыққа қатыса алады;
- өз өндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы;
- жұмыстың сапасына жауап беруші.
Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс-тәсілдерді қамтамасыз етуді шешу
- мектептің материалдық - технологиялық базасына, аймақ ерекшелігіне байланысты. Сонымен бірге оқушыларды кәсіби еңбекке баулу мүмкіншіліктерін зерттеу арқылы іске асыру технологиясын жасау.
Ата-ана, ауыл әкімшілігі мектеп ұжымымен бірігіп, жастарды кәсіпкерлікке баулуға бағытталған оқу-тәрбиелік шығармашылық орта құруы қажет.
Еңбек тәрбиесі - барлық тәрбиенің қайнар көзі.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішу, тігу қолөнер шеберлігін меңгерту арқылы ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелей аламыз. Өйткені, оқушы алған теориялық білімін іс жүзінде қолдана отырып, оны өмірімен, өзінің іс-әрекетімен байланыстыра білгенде ғана, өзіне де пайдасын тигізе алады. Технология сабағы арқылы оқушыны іскерлікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сезініп, қабылдауға үйретеміз. Біздің негізгі ұстанымыз: Сөзден - іске көшу.
Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу, көркемдеу қол өнер шеберлігін меңгеру арқылы жас ұрпақты адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты жүргіземіз.

Мектепте технология пәнін оқыту

Экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдерде телекоммуникацияның және ақпараттық технологияның өзгеруіне байланысты технологиялық революция жүруде. Сондықтан қазіргі нарықтық заман шығармашылықпен жобалау және жоспарлай білуді, жаңа технологияны қысқа мерзімде игеруді және жауапты шешімдерді жылдам қабылдауды талап етеді. Осыған байланысты жас ұрпақты ң заман талабына сай бір емес . бірнеше мамандықты игеруіне тура келеді, ал оған дайындық мектеп қабырғасынан басталуы тиіс.
Еңбекке баулу - мұғалімнің оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық технологиямен таныстырып, олардың перспективалық көзқарасын қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға,шеберханаларды ұтымды пайдалануға, сапсы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді. Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті игереді. Игеру ісі мұғалім тарапынан техникалық - технологиялық мағлұмат беру белгілі бір техникалаық операциялардың орындалу әдістерін көрсету кезінде жүзеге асады. Мұғалім сабаққа дайындық барысында оның мақсатын, мазмұнын, құрылымын жоспарлайды, оқытудың әдістері мен түрлерін қарастырады. Осының бәрін қамтитын сабақ жоспары мынадай элементтерден тұрады:
* Сабақтың тақырыбы ( оқушыларға берілетін техникалық-технологиялық білім мен біліктіліктің көлемін қамтиды)
* Сабақтың мақсаты (білім, тәрбие мен даму аспектілерін қамтитын міндеттердің кешенімен таныстырады)
* Материалдық - техникалық базасы (жабдықтар, саймандар, материалдар, көрнекі құралдар, технологиялық карталар).
* Сабақтың құрылымы мен мазмұны оның мақсатына сәйкес белгіленеді, әрбір элементті орындауға жұмсалатын уақытты шамамен анықтауға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде шығармашылық еңбекке, еңбек тәрбиесіне ерекше көңіл бөлуде. Шығармашылық ойлау қабілеті кез келген адамда бар. Бұл әсіресе жас өспірімдерге тән қасиет. Психолог мамандар адамның бойындағы шығармашылық ойлау қабілетін бала кезінен қалыптастыру керек деп есептейді.Технология пәні оқушыларңа кең көлемде білім бере отырып, олардың қабілеттерін жетілдіре түсуге, белгілі бір кәсіпке бейімделуіне көмектеседі. Қазір көптеген мектептерде ірілі - ұсақты темір, ағаш өңдейтін станоктар бар. Оқушыларға тек оларды тиімді пайдалануды үйрету кекрек. Оқушылар орындайтын еңбек екіге бөлінеді;
а) еңбек сұраныс бойынша жасалып , еңбекақы төленеді;
б) өзіне қызмет көрсету , мектеп қажеттіліктері, т.б. ( өзі үйрену үшін, еңбекақы төленбейді ).
Еңбекті оқушылардың білімдеріне және технология мен техника негіздеріне сүйене отырып ұйымдастырады. Сол үшін мұғалім оқушылардың физикадан, математикадан, сызудан, суреттен алған білімдерін пайдаланатынын ескереді.
Еңбекті ұйымдастырудағы мұғалімнің міндеті:
* еңбек обьектілерін таңдау;
* материалдық-техникалық базаны нығайту:
* санитарлық нормалар мен қауіпсіздік техникасын сақтау:
* ұйымдастырудың тиімді түрлері мен әдістерін анықтау;
* нәтижелерді бақылау, есепке алу:
* оқушылардың өзін-өзі басқару топтарын құру;
* көрмелер ұйымдастыру.

Оқушылардың өзін-өзі басқару тәжірибесінде жұмысты топ жетекшілері атқарады. Оладың қызметі - топтың еңбек процесін ұйымдастыру, сапаны бақылау, талдау.Мұнымен бірге олар еңбек нәтижелерін бағалайды.
Жұмыс барысы кезінде еңбек қауіпсіздігі мен санитарлық ережелерді қатаң сақтау жөнінде талаптар қойылады және олардың орындалуын ерекше назарда ұстау керек.
Яғни:
* сабақ өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету:
* өндірістік - санитарлық еңбек қауіпсіздігіне қатысты ережелер мен нұсқамалар;
* талапқа сай аспаптармен жұмыс істету;
Технология сабағында оқушыларды еңбекке баулу, олардың жеке және жас ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі.Оқу материалының мазмұны қазіргі заман талабына сай ғылыми - техникалық жетістіктердің даму деңгейіне жақындатылған болуы тиіс.Оқу материалы оқушыға түсінікті болуы тиіс. Ол үшін әртүрлі әдістемелік құралдарды жиі қолдану кекрек.Оқушылардың жүктемесін олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып берген дұрыс әрі ол қарапайым болғаны дұрыс.
Еркін тақырыптағы сарамандық жұмысты орындау кезінде оқушыларды қабілеттеріне байланысты үш топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа, өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін жақсы білетін , жаңа тапсырмаларды орындауға қызығушылықпен кірісетінжәне алғашқы қиындықтардың өзінде-ақ ешбір қысылмастан мұғалімнен көмек сұрайтын оқушылар жатады. Бұл топқа сурет салуға, жалпы өнерге бейімділігі бар оқушылар жатады.
Екінші топқа,өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін сенімсіз бағалайтын оқушылар жатады. Аздаған қиындықтардың өзінде-ақ олар көмек сұраудан қысылады және не істерін білместен жұмыстарын тоқтатады. Мұндай оқушыларға көбірек көңіл бөліп, оларға өз күштеріне деген сенімділік ояту керек. Олардың еңбегін бағалау кезінде тіпті ең шағын жетістіктерін атап өтіп, жұмысқа деген құлшынысын ояту керек. Оларға ауық-ауық көмекке келіп, олардың жұмыстарының сәтті орындалып келе жатқандығын айтып, көңілдерін көтеріп отыру керек.
Үшінші топқа, өз мүмкіндіктерін бағалай алмайтын оқушылар жатады.Олар өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Олар кез келген жұмысқа белсенді және сеніммен кіріседі.
Алайда алғашқы қиындықтардың өзінде бұл қиындықтардан қалай өтуге болатыны туралы ойламастан тоқтайды. Мұғалімнен көмек сұрамастан, өздеріне басқа жұмыс беруін өтінеді. Егер мұғалім басқа жұмыс бермесе, жұмыс істеуін тоқтатады. Бұл жағдай жұмыс істеп жатқан басқа оқушыға кесірін тигізуі мүмкін. Сондықтан мұғалім оларға өздері сұраған жұмысты беріп алғашқа қиындықтар кездескенде мұғалімді шақырулары тиіс екндігін түсіндіреді. Оқушы жұмысқа толық кірісіп кеткенше оның қасында болып, оған көмектесуі қажет.
Мұғалімнің негзгі міндеттерінің бірі - оқушылардың үш тоқсан бойы алған білімдерінің және төртінші тоқсанда орындаған шығармашылық жұмыстарының нәтижелерін қорыту.
Мұғалім оқушылардың бойында еңбек сүйгіштік қасиетін және еңбекке деген дұрыс көзқарасын қалыптастырады.
Мұғалім оқушыларды еңбектенуге, алға қойған мақсатына қол жеткізуге және өз еңбегінің нәтижелерін көре білуге үйретуі тиіс.
Мұнсыз қандай еңбек болмасын өз мағынасынан айырылады.
Мұғалім оқушыларды ептілікке, аспаптармен жұмыс істей білуге, бірлесіп жасаған еңбекті бағалауға үйретеді. Жұмыс кезінде бір - біріне көмектесу керектігін түсіндіреді.
Технология сабағыпда оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру басты орын алады. Неге десеңіз, әрбір жасалған бұйым сапасы жағымен қоса эстетикасы жағынан да тартымды болуы тиіс. Оқушылар бұйымды дайындауға үлкен құлшыныспен кірісуі тиіс.
Мұғалімнің басты міндеті - оқушыларды шығармашылық жұмысқа дайындау және оларды қызықтыру.
Оқушыларды тапсырмаларды орындауға дайындау үшін педагогикалық ұйымдастыру, техникалық-экономикалық дайындық пен психологиялық-педагогикалық талаптар сияқты шарттар орындалуы тиіс.
Ұйымдастыру кезеңінде мұғалімге қойылатын талаптар:
* еркін тақырып бойынша оқушылар таңдап алған жұмыс процесін басқару;
* жұмыстың ұжымдық, топтық және жеке түрлерін жолға қою, оқушыларды қауіпсіз еңбекпен қамтамасыз ету;
* оқушылардың ой - өрісін үнемі кеңейтіп отыру;
* жұмыс орындарында санитарлық - гигиеналық нормалар мен қауіпсіздікті сақтау.
Басты талап материалдық - техниклық базаны дайындау болып табылады:
* еңбек құралдарын, өңделетін материал мен оның технологиялық процесін оңтайлы таңдау;
* жұмыс орнын тиімді жабдықтау;
* оқушы еңбегін нормалау.
* оқушы еңбегінің мазмұны.
Мұның бәрі жобалық оқытудың шығармашылық элементтеріне жатады.
Әдістемелік талаптар:
* еңбекті ұйымдастыру формаларын таңдау;
* еңбекке үйрету әдістері мен жолдары;
* оқушылар еңбегін ұйымдастыру.
Мұғалім сарамандық жұмысты оқу әдістемелік материалдардың көмегімен өткізуі тиіс. Бұл үшін ол қосымша әдебиеттерді, бағдарламаларды пайдалануы және әр түрлі ғылыми негіздер мен еңбекке үйрету бағдарламасы арасындағы өзара байланысты есепке алу керек.
Ол үшін мыналар қажет:
* жаңа жарияланымдарды пайдалану;
* оқушыларды жас ерекшеліктері мен жалпы мектеп шеберханасының жабдықталуын есепке алу;
* жұмысты алдын ала жоспарлау ( еңбек құралдарын таңдау, жұмыс уақытының және асаптар таңдаудың нақты жоспарын жасау);
* еңбекке үйретудің басқа тәрбиелік шаралармен үйлесімділігін қамтамасыз ету.
Жалпы білім беретін саладағы технология пәнінің бір міндеті - оқушылардың табиғатқа және табиғи байлыққа күтіммен қарай білуін, яғни, оқу - еңбек қызметінде белсенді экологиялық бағыт ұстануын тәрбиелеу. Осыған байланысты еңбек сабағында құс ұясының және құстарға жем беретін аспалы жем салғыштарды жасатудың үлкен тәрбиелік маңызы бар.
Бұл еңбек процесінде 5 сынып оқушылары сызу пәнімен, оның шарттарымен алғаш рет танысады. Яғни, осы бұйымдардың эскизін , технологиялық картасын сызудың ережелерін сақтай отырып орындайды.
Оқушыларды еңбекке баулудың жолы сан алуан. Соның бірі - оқушыларға экономикалық тұрғыдан білім беру. Экономикалық білім берудің бастауы - үнем мен ұқыптылық. Мектеппен қоса отбасында да экономикалық білім беру баланы еңбекке саналы түрде қарауға, еңбекті тиімді түрде ұйымдастыра білуге, табыс пен пайданы анықтай алуға үйретеді. Оқушыларға тапқан табысты кәдеге жаратуды, қоғамдыұқ тұтыну қорларын пайдалануды үйрету керек. Сондай - ақ оқушыларға өмір сүру үшін табыстың қайдан келетінін түсіндіру шарт.
Мектепте еңбекке үйрету апталығын өткізуге болады. Бұл іс - шара сыныптан тыс жұмыстың маңызын арттырып, оқушыларды ынталандырады.

Технология пәнінен жаңаша оқытудың әдіс-тәсілдері

Технология пәнін оқытуда - еңбек етудің алғышарттарын үйрену арқылы оқушыны жек тұлға ретінде тәрбиелеу мақсаты көзделеді. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында, оқушыларға берілетін тәлім-тәрбие үрдісін жетілдіру, жұмыс мәдениетін, адамдар арасындағы адамгершілік қарым - қатынастарды жаңарту, еңбек біліктілігін қалыптастыру арқылы еңбекке өнімділігін арттыруға ынталандыру міндеттерін мұғалімге жіктейді. Жас ұрпақты қоғамдық өмірге, отбасындағы қызметке, кәсіпке даярлау, үнемі өзгеріп отыратын әлемде өмір сүретіні туралы түсінікті қалыптастыруды міндеттейді. Елбасы Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында: Негізгі мақсатымыз - Қазақстанның әлемнің елу дамыған елдерінің қатарына енуі делінген. Сол себепті, әр оқушыға оның қабілеттеріне сәйкес келетін білім беру өрісі қажет.
Адамға ең бірінші өмірлік қажеті - еңбек екенін уақыт дәлелдеуде .
Адам өмірі үшін аса қажетті, әрі өмір бойы тоқтаусыз білім беретін пән Еңбекке баулубүгінгі технология оқу пәні үнемі жетілдіруде.
Біздің елімізде еңбекке үйрену - Ы. Алтынсарин 1887-1888 жылдары орыс - қазақ мектебін алғаш ашқанда басталған . Оқушыларды кәсіпкерлікке, қазіргі заман талабына сай басқару, білу, ұйымдастыру, іске асыру жұмыстарына бейімдеу басшылыққа негіз болады.
Болашақ кәсіпкер:
- өз өндірісінен түскен қаржыны жұмсай алатын жеке меншік иесі;
- азаматтық нарыққа қатыса алады;
- өз өндірісінде жұмыс беруші, ұйымдастырушы;
- жұмыстың сапасына жауап беруші.
Ұжымның жұмыс нәтижесінде өзіне пайда келтіретін әдіс-тәсілдерді қамтамасыз етуді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Технология» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
ТЕХНОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА КІРІКТІРУ ӘДІСТЕРІН ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
Информатиканы бастауыш сыныптарда оқытудың мақсаттары
Дүниетану пәнін оқытуда қазіргі кезде қойылатын талаптар
Информатиканы оқытудың нақты мақсаттарын анықтау
Мектепте информатика пәнін оқытудың әдістемелік жүйесінің ерекшеліктері
Негізгі мектепте планиметрия курсын оқытуды ақпараттық технология негізінде жетілдіру әдістемесі
АКТ пәнінің оқытудың мақсаты мен міндеттері
Технология пәні мұғалімінің оқытуды ұйымдастыруға дайындық жұмыстары
Орта мектепте технология пәнін оқытудың психологиялық-педагогикалық негіздері
Пәндер