Мектептегі 9-11 сыныптар оқушылар арасында әскери - спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Мектептегі 9-11 сыныптар оқушылар арасында әскери - спорттық ойындарды жүргізу және ұйымдастыру.

1. Мектептегі 9-11 сынып оқушыларымен өткізілетін әскери-спорттық ойындар мақсаттары мен міндеттері.
Жоғары сыныптардағы қозғалмалы ойындар негізінен жалпы дене даярлықтарын жоғарылату, сонымен бірге жасөспірімдердің арнайы спорттық даярлықтары үшін қолданылады.
15-17 жастық кезеңде (Х-ХІ сыныптар) ағзаның өсуі және дамуы жалғасуда екенін есте ұстаған жөн. Қаңқаның сүйектену үрдісі, бұлшық ет күшінің өсуі және ішкі ағзалардың дамуы әлі аяқталмаған. Жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйесі қызметінде кейбір ауытқулар, жоғары қозушылық байқалады. 15-17 жастағы жасөспірімдер мен қыздар ағзасының шыдамдылығы ересектерге қарағанда төмен.
Жасөспірім ұлдар денесінің салмағы бұлшық ет массасының ұлғаюы арқасында қосылады; салмаққа қатынасы бойынша бұлшық ет күштерінің дамуындағы кейін қалу оларда байқалмайды. Жасөспірім қыздардың бұлшықет жүйелері ұлдарға қарағанда баяу дамиды (атап айтқанда, иық белдеуі мускулатурасы әлсіз). Қыздар денесінің салмағы кеуде ұзындығы, жамбас белдеуінің дамуы есебінен еселенеді.
15-17 жастағы қыздар аяғы мен кеуде ұзындықтар қатынасын салыстырмалы бағалаудың көрсетуінше кеуде ұзындығы үлкейген сайын аяқтары ұлдарға қарағанда қысқа, сондықтан да олардың қадам жасаулары да қысқа. Ал дене салмағы мен өкпелердің өмірлік сыйымдылық салыстыруларының берілгендері бұл көрсеткіштердің қыздарда төмен екендігін көрсетеді.
Жоғары сынып оқушыларында абстрактілі ойлауға және өз әрекеті мен қоршаған орта әрекететін талдауға қабілеттіліктері айқын өседі. Көптеген бозбалар мен бойжеткендерде спорттың белгілі бір түрі бойынша сабақтарға қызығушылығы толығымен қалыптасады, сондықтан оларды спорттың таңдалған түрінде жетілуге мүмкіндік беретін қозғалмалы ойындар тартады.
Олар үшін қиындылығы бойынша маңызды, тәсілдер мен әрекеттерді орындауға құрылған қатысушылардың өзара қарым-қатынасы бойынша күрделенген қозғалмалы ойындар толығымен қол жетерлік және қызықты.
Дұрыс өткізлетін қозғалмалы ойындарды жүйелі ұйымдастыру айналысушылардың қозғалыс қабілеттерін жетілдіруге және дене даму динамикасына оң әсер етеді.
Бұл жастағылардың сүйек-бұлшық ет аппаратының дамуы әлі аяқталмағанын басты назарға ала отырып, ойындарда ұзақ бір жақты күш салуға жол берілмеуі тиіс. Сонымен бірге боз балалар мен бойжеткендер жүйке және жүрек-қан тамырлар жүйесіне зиян келтіретін жүгіруі, секіру және т.с.с бар ойындардағы жоғарылатылған жүктеме қарама-қарсы көрсетілген. Алайда жалпы дене дамуын жоғарылату және қозғалыс дағдыларын жетілдіру мақсатында жеткілікті ұзақ уақыт бойы қатысушылардың көп қайталанатын белсенді қозғалыстары бар ойындар өткізуге болады. Күш, жылдамдық, қозғалыс координациясы және шыдамдылық көрсетуді талап ететін ойын әрекеттеріндегі қыздардың дене мүмкіндіктері ұлдарға қарағанда төмен болатындығын ескерген жөн.
Жетекші жоғары сынып оқушыларының бойында қозғалмалы ойын сабақтарын шынайы іс ретінде қабылдайтындай қатынастарды тәрбиелеуі тиіс. Белгілі бір ойын сабаққа мақсатты бағыттылы түрде енгізілетінін және оқу-машықтандыру мәніне ие екендігін түсіндіріп өткен жөн. Ойын тапсырмаларын саналы орындай отырып, оқушылар қозғалмалы ойындарды үлкен қызығушылық пен үлгілі тәртіппен орындайды. Белгілі бір техникалық тәсілді, тактикалық әрекетті сәтсіз орындау жағдайында айналысушыларға қайталап жасауға мүмкіндік беру керек, осылайша жағымды нәтижеге қол жеткізудің тұрақты, бірбеткей машықтануға үйрету қажет.
Жастарды әскери-патиоттыққа тәрбиелеу, оны ҚР Қарулы Күштердегі қызметке дайындау- обьективті қажеттілік .
Жастарды патриоттық және интернационалды тәрбиелеу сыныптағы идеологиялық жұмыстың негізгі бағыттарының бірі.
Жыл сайын әскерге жақсы толықтырулар келеді. Жас жауынгерлер қысқа мерзім ішінде мамандықты және барлық әскери қызметті жетістікпен меңгереді, жауынгерлік уставтар талаптарын адал орындайды, бөлімшенің қоғамдық өміріне белсене қатысады.
Олардың өміріндегі қол жеткізілген жетістері оқу орындарында жастармен өткізілетін әскери-патриоттық тәрбие бойынша мақсаты бағытталған жұмыспен түсіндіріледі.
Әскери-патриоттық тәрбие Отанды қорғау бойынша қасиетті парызды орындау үшін қажетті жоғары психологиялық және моральды-жауынгерлік сапасын қалыптастырудың үздіксіз мақсатты бағыттылы үрдісі ретінде ұсынылады.
Жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу формаларының бірі Ұлан әскери-спорттық ойын болып табылады.
Ұлан жастар әскери-спорттық ойын ҚР ҚК-дегі қызметке даярлауға, әскери істер негіздерін меңгеруге, идеялық және дене шынығуындағы қазақтар мен қазақстандықтардың жауынгерлік және еңбек дәстүрлерінде жастарды тәрбиелеуде үлкен мәнге ие. Ол оқушылардың алғашқы даярлық бойынша білімдерін бекітуге,ержүректілікке, солдат пен еңбекқорға қажетті сапаларды тәрбиелеуге ықпал етеді.
Ойын енгізілген мектептер, арнайы орта оқу мекемелері бозбалалар мен бойжеткендердің жүректері мен ақыл-ойларына жағымды әсер ететіндіктерін сезеді.
Ұлан ойыны біройналатын, жеке немесе құрама командаларға арналған элизодтық іс-шара емес, жүйелі қорғаныс-көпшіліктік және спорттық ойындардың көпшілік формасы.
Ұлан жастар әскери-спорттық ойынды құқық бойынша ерліктің, ержүректіліктің, патриотизмнің мектебі деп атайды. Ол жасөспірімдерді патриотизм рухында тәрбиелеп қана қоймайды, сонымен бірге оны морольды және денесін шынықтырады, әскери қызметке жақсы даярлыққа, АӘД бойынша білім мен дағдыларды мықты нығайтуға ықпал етеді.
Әскери бөлімшелер, әскери оқу орындары, әскери комиссариаттар, жоғары және арнайы орта білім беру оргындары, азаматтық қорғаныс және ТЖ штаптакры, Отан дене мәдениеті және спорт қорғаныс ұйымдары, қызыл крест және қызыл жарты ай қоғамдарының бұйрық ету күштерінде Ұлан әскери-спорттық ойын барлық оқу мекемелері мен жастар ұйымдарында кең қолдауға ие болды.
АӘД-пен бірге Ұлан ойын жасөспірімдерге жас салдатты дайындау көлемінде қажетті білімдер мен практикалық дағдыларды меңгеру және бекітуге көмектеседі, осылайша АӘД қоғамдық формасы жүйелі сыныптан тыс қорғаныс-көпшіліктік және спорттық әрекеттегі бозбалалар мен бойжеткендерді көпшілік тарту арқылы Отанды қорғауға жастарды даярлау бойынша жұмыстардың комплекстік формасы болып табылады (5)

2. Мектептегі 9 - 11 сынып жасындағы мектеп оқушыларына арналған әскери-спорттық ойындар. Ұлан әскери-спорттық ойыны
Ұлан ойынын мектепте ұйымдастыру.
Әрбір жаңа оқу жылының басында қыркүйек айында барлық орта мектептер мен орта арнайы оқу орындарында, КТМ-де келесі жұмыстар жүргізіледі.
1-курс тобы, әрбір 9-сыныпта өткізілетін ашық жастар жиналысында оқушылардың Ұлан ойынына түсуі туралы сұрақ шешіледі. Жиналыс батальон штаб мүшелерімен және сынып жетекшілерінің қатысуымен өткізіледі.
Ойынға қатысу туралы сұрақты балалардың өздері шешулері тиіс. Әрбір ұландыққы төмендегі міндеттер жүктеледі:
Өз Отанның патриоты болу.
ӘҚК-дегі қызметке өзін-өзі даярлау ағашқа оннан кем емес тартыла білу, басқа нормативтерді орындау, атап айтқанда.
Үлгілі оқу, тәртіпті болу.
Инициатива көрсете білу, Ұлан ойыны командирлерінің бұйрықтарын жылдан әрі дәл орындау.
Ұқыпты сыртқы тұлғаға ие болу, үлкендерге сыйластықпе, қарау.
АӘД және әскери-спорттық жұмысқа арналған оқу - материалдық базаны құрудың және жетілдірудің белсенді қатысушысы болуы тиіс.
Жиналыста бөлімшелерді, взводтарды құру, командирлер мен ұрыс парағының редакторы тағайындалуы керек.
10-11 сыныптар, оқу орындарының 2-3 курстар взводтарында командалық құрамды қайта таңдау жүзеге асырылады. Батальонда тағайындалады: батальон камандирі, тәрбиелік іс бойынша орынбасры, штаб башысы және штаб мүшелері.
Камандалық құрамға таңдалынған ұландықтар әркім өз бағыттары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және оны орындағаны үшін батальон штабы алдында персанальды жауапкершілікке ие болады. Айына бір реттен жиі емес бөлімшелер, взводтар, ұрыс парақтарының редакторларын оқыту, күнтізбелік жоспар, сабақ кестесі өңделеді, Ұландық газетін ай сайын шығарады, өрт саптық даяарлық, азаматтық қорғаныс ТЖ, арнайы даяарлық, тактика және т.б бөлімшелерге ұландықтарды даярлау тарауларын оқытуды ұйымдастыру жүзеге асырылады.
Ойын батальонының штабы, взводтардың командалық құрамы жұмыс жоспарын өңдеп, бекітеді. Консульттанттар кеңесі және оқу орындарының коллективі ұландықтар барлық категориядағы актив оқуларын ұйымдастырады және өткізеді.
Батальон штабының басты міндеті - әрбір ұландықтың қорғаныстық - көпшілік жұмыста және спорта белсенді қатысуына қол жеткізу, әрбір взводта жыл бойылық жоспарлы жұмысты ұйымдастыру.
Взвод - ойынның негізгі бөлімшесі. Онда ойын қатысушыларымен бірге күнделікті, үнемі әскери - спорттық жұмыс өткізіледі. Сондықтан взводтағы ұйымдастырушылық жұмыс маңызды іс болып табылады. Взводтағы жұмысты үнемі, ретті түрде өткізу қажет, оның қорытындыларын мерзімді түрде жиналыстарда талқылау, взвод ұландықтарының барлық тапсырмаларды орындауын есепке алу.
Взвод камандирі Ұландыққа арналған бағдарламасы бойынша ұландықтарды сабаққ қатысуы, қалыптасқан нормативтерді, тапсырмаларды олардың орындауы, әскери-патриоттық және қорғаныстық-көпшілік жұмыстар көрсетілетін Ұландықтар взводының күнделігін жүргізеді.
Ойынға әдістемелік және педагогикалық жетекшілік ету үшін мұғалімдер, соғыс ардагерлері, жауынгер - интернационалисттер, запастағы жауынгерлер, ата-аналар, медициналық қызметкерлер, Отан белсенділері, ЖОО студенттері ішінен концультаттар Кеңесі құрылады. Кеңес төрағасы және бас консультант айына екі реттен кем емес инструктивті және әдістемелік сабақтар өткізеді, айына бір рет ойынның барлық бөлімшелері командалық құрамының оқуы ұйымдастырылады.
Директор ойынға ұйымдастырушылық - педагогикалық жетекшілігін жүзеге асырады, оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруге сынып жетекшілерін, тұтасымен педагогикалық ұжымды белсенді қатысуға тартады, ойынды материалдық қамтамасыз ету үшін батальон штабы, консультанттар кеңесіне көмек көрсетеді.
ҰЛАН КҮНІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Ол барлық салт-жоралардың орындалуымен апта сайын жүргізіледі. Белгілі бір күнде, сабақтардың нақты саны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген Ұлан күнін өткізу туралы бұйрық келесідегідей бірізділікте шығарылады:
Взводтар бойынша сапқа тұру;
Штаб басшысы ұландықтардың бар және сабаққа даяр екендігі туралы взвод командирлерінің баяндамасын қабылдайды;
Штаб басшысы батальон басшысына баяндайды;
Батальон командирі ойынға қатысушылармен амандасып, тапсырмалар береді;
Взводтар батальон бұйрық берумен мектеп жетекшілігі және педагогикалық ұжым алдында салтанатты маршпен ізет ете жүріп өтеді де, сабақтарына тарасады.
Жоспарға сәйкес әрбір взвод кестеде көрсетілген өздерінің нақты істерімен айналысады.
ОРТА МЕКТЕПКЕ АРНАЛҒАН ҰЛАН КҮНІНЕ НҰСҚАСЫ
Бірінші сағат дене даярлығы. Жасөспірім ұлдар - көпір ағашқа тартылуды машықтану, 100м қашықтыққа жүгіруге машықтану, кіші допты лақтыру. Қыздар - арқамен жата, кеудені көтеруге машықтану, жүгірудегі және кіші допты лақтыруға машықтану, взвод командирі жүргізеді.
Консультант - дене мәдениеті жетекшісі. Противогаздың жарамсыздығын анықтау және оны қолдану білігіне машықтану. Батальон командирінің белгілеуі бойынша 11сынып оқушылары жүргізеді. Консультант АӘД оқушысы 10 Б.
Бірінші сағат - 10 А сыныбының екінші сағат тақырыбы. Екінші сағат - 10 А сыныбының бірінші сағат тақырыбы 11 А.
Бірінші сағат. АКМ және ату қаруларының даму тарихы білімдері бойынша викторина АӘД оқытушысы жүргізеді.
Екінші сағат. Дене даярлығы. Жасөспірім ұлдар - жүгіруге және салмағы 700г гранатаны лақтыруға машықтану. Қыздар - жүгіруге және салмағы 500г гранатаны лақтыруға машықтану. Взвод командирі өткізеді. Консультант - дене мәдениеті жетекшісі.
11 Б. Бірінші сағат - 11 А сынып сабағының сағаты бойынша тақырып. Екінші сағат - 11 А сынып сабағының бірінші сағаты бойынша.
Сабақ аяқталған кезде батальон қайтадан сапқа тұрады, батальон командирі өткізілген сабақтың сапасына баға береді, осыдан кейін батальон қайтадан салтанатты маршпен жүріп өтеді.
Ұлан күні корытындылары бойынша әрбір взводта Ұрыс парағы шығарылуы тиіс. Күн жетістігі педагогикалық ұжымның, консультанттардың, жасөспірім ұлдар мен қыздардың жолдастық біріккен жұмыстарына тәуелді.
Ұлан ойынының басты мүшесі взвод болып табылатындықтан - Ұландықтардың ауыстырылмайтын көмекшілері сынып жетекшілерінің рөлі жоғарылайды. Ойын оқутышыларға былайша айтқанда қиын балаларға кілт табуына көмектеседі.
Батальонда Қ.Р. бұйрығы болуы тиіс.
МЫНА САЛТ ЖОРАЛАР БЕКІТІЛГЕН:
Ойынның жаңа қатысушыларын Ұлан қатарына салтанатты қабылдау.
Салтантты іс шараларды өткізу кезінде батальон жалауын алып шығу.
Ел өміріндегі Қ.К. атаулы даталарға алғыс, мадақтауларды жариялауға арналған ұландықтардың салтанатты сапқа тұруы.
Ескерткіштерде, мемориалды белгілерге құрметті қарауылды қою, оқу мекемелері, Қ.К. отан тарихындағы атаулы күндер.
Ұлан ойыны бойынша бұйрықты сап алдында жариялау.
ЕРЕКШЕЛЕНУ БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ФОРМАСЫ.
Киім формасы - А.Ә.Д. пәні бойынша мектептегі қалыптасқан форма. Сол жеңде кутки, шынтақтан жоғары - Ұлан ойынының шевроны, бөлім командирлерінде эмблема астында екі көк жолақ, батальон командирі орынбасарында - бір үлкен көк жолақ. Санитар дружиналары сол қолдарында қызыл крест эмблемасы бар таңғыш тығып жүреді.

Ұлан ойынының негізгі ережелері және мазмұны.
ОЙЫНҒА БАСШЫЛЫҚ ЕТУ.
Ұлан ойынының ұйымдастырушылары болып табыллады:
ҚР Қорғаныс Министрлігі.
БМ тәрбиелік және әлеуметтік құқықтық жұмыстар департаменті. ҚР Білім және Ғылым, денсаулық сақтау, спорт және т.б. министрліктер. Жергіліктерде ойынға жетекшілік жасау үшін Алау, Ұлан ойындарының штабтары мен бұйрық берушілері бекітіледі. Оның құрамына білім беретін органдарының өкілдері, әскери комиссариаттар, әскери бөлімшелер және т.с.с. енеді.
Штабтар ойынның ұйымдастырушылық және әдістемелік жетекшілігін жүзеге асырады, ұландықтарды даярлау және ойынды ұйымдастыру бойынша ұсыныстарды өңдеуді, бұйрықтарды дайындайды, жұмыс қорытындыларын шығарып, оқу жүргізеді және т.с.с.
Ұлан ойынының батальондағы және взводтағы даярлық мазмұны.
Ойын мазмұны болып табылады: арнайы тапсырмалар, әскери-спорттық жарыстар, эстафеталар, десанттар, операциялар, марш-лақтырушы, жергілікке арналған тактикалық ойындар және т.с.с.
Ойынның қатысушылары жыл бойы келесі тараулар бойынша білімдерін және практикалық дағдыларын тереңдетіп, жетілдіруге міндетті:
Отан күзетінде ҚР Қарулы күштері.
Тактикалық даярлық. Атыс даярлығы.
ҚР Қарулы күштер жарлықтары.
Саптық даярлық - Әскери топография.
Азаматтық қорғаныс және ТЖ.
Медико - санитарлық даярлық.
Дене даярлығы.
Әскери-қолданбалы, техникалық даярлық.
ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІ
Батальон командалық құралы, взводтардың ҚР Қ.К тарихын оқыту кезінде консультанттар кеңесі ойын қатысушылары төмендегілерге ұмтылатындай етіп бағыттауы қажет.
АӘД тақырыптары бойынша өз білімдерін бекіту, АӘД оқулық тақырыптарының танысу.
Бүгінгі таңдағы ҚР ҚК белгіленуімен, міндеттерімен, құрамымен таныстыруды жалғастырады.
Өз бойларында Қазақстандық патриотизм және интернационализм сезімдерін, Отанға және ҚК деген сүйіспеншілікке, әскери парызды мінсіз орындауға, жоғары тәртіптілікке және Отанды қорғау үшін жеке жауапкершілік даярлық сезімдеріне тәрбиеленеді.
Оқу жылы бойында Ұлан бұл тарауды оқыту кезінде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: викторина, ерлік сабақтары, олимпиадалар және т.б.
ҚР ҚК бойынша олимпиадаларды бірнеше кезеңде өткізу ұсынылады:
1. Егеменді Қазақстанның Қарулы Күштері.
2. Жалпы белгілену күштері, олардың құрамы мен белгіленуі.
3. Ауа қорғаныс күштері.
4. Мемлекеттік шекараны күзету күштері.
5. ВВС және ВМФ
6. Батырлық - патриоттық тақырыптарға тақпақтар және өлеңдер орындау.
7. Викторина - қосымшаланады.
Тактикалық даярлық.
Ұландықтарға қажет:
МСО ұйымдастыру, ұрыс әрекеттерінің негіздері, ұрыстағы солдат міндеттері бойынша білімдерін тереңдетуі;
Ұрыс басталған сәтте, қорғаныс кезінде, барлау жүргізуде солдаттардың әрекетінің орындалуындағы практикалық дағдыларды бекіту;
Қарсылас ұшақтары мен тікұшақтарына автоматтан от шашу және танктермен күрес тәсілдерімен танысуды жалғастыру;
Өз бойында ерлік, өзара көмекке даярлық, жауапкершілік, ұжымшылдық, жолдастыққа даярлық сезімдеріне қойылған тапсырмаларды орындауға тәрбиелеу.
Викторина нұсқасы қосымшаланады.
АТЫС ДАЯРЛЫҒЫ.
Ұландықтарға қажет:
Қолдан жасалған жарқыншақты бомба, АКМ материалдық бөлігі мен ұрыс қасиеттері бойынша білімдерін тереңдету.
Ату ережелері мен әрекеттерін орындау кезіндегі әрекеттердегі практикалық дағдыларды бекіту.
Ату қаруын сақтау және ұқыпты ұстау ережелерімен танысуын жалғастыру.
Өз бойында ұрыста сенімді болуға тәрбиелеу және оны шебер меңгеру қажеттілігін түсіну.
Атыс даярлығына оқыту АӘД сабақтарында, атыс үйірмелеріндегі және Ұлан ойын бағдарламасы бойынша сабақтар жүйесінде үнемі жүргізіледі. Снайпер операциясы ұсынылады, ол бес кезеңде жүргізіледі.
Ату бойынша ұйымдастырылатын жарыстар мен машықтандыруға арналған орындарды даярлау.
Апта сайынғы Ұлан күні барысында атыс даярлығы бойынша ретті сабақтарға ұландықтарды жаппай тарту.
Взводтардағы ату бойынша жеке-командалық бірінші болу жарыстарын, АКМ бөлік жұмыстарының және құрылымының білімдері бойынша конкурстар өткізу. Қорытынды кезең - толық құрамда барлық взводтардың қатысуымен батальон біріншілігіне пневматикалық қарудан ату бойынша жарыс. АКМ білімі және ату қаруының даму тарихы бойынша викторина нұсқасы - қосымшаланады.
ҚР ҚАРУЛЫ КҮШТЕР УСТАВТАРЫ
Ұландықтарға қажет:
Күндізгі және сағаттық солдаттар міндеттері, жауынгерлік тәртіптілік талаптары туралы білімдерін тереңдету.
Жауынгерлік сыпайылылықты қадағалау, жауынгерлік ізет көрсету, бұйрқтарду орындау кезіндегі әрекеттер, үлкендерге қатынас жасаудағы дағдыларды бекіту.
Ішкі және қарауылдық қызмет-міндеттерімен, әскери-қызметкерлердің жалпы міндеттерімен танысуды жалғастыру.
Өз бойларында ҚР Қарулы күштеріне деген сүйіспеншілікке, жоғары тәртіптілікпен орындаушылыққа, командирлер мен басшылардың бұйрықтарын мүлтіксіз орындау даярлығына тәрбиелеу.
Уставтарды оқыту кезінде олимпиада, конкурстар, викториналар өткізу ұсынылады.
ҚР ҚК уставтар мәніне викторина нұсқасы қосымшаланады.
саптық даярлық
Ұландықтарға қажет:
Сап элементтерін білу және сапқа тұрмас бұрын солдат міндеттерін білу.
Қарусыз біреулік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасындағы балалардың дене шынықтыру және спортпен айналысуға мотивациясын қалыптастыру әдістемесін ғылыми түрде негіздеу және тиімділігін анықтау
Сыныптан тыс сабақ түрлерін ұйымдастыру түрлері
Дене қасиеттерін қалыптастырып, дамытуда ең маңызды құрал ретінде спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындарын пайдалану
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстар
Сыныптан тыс жұмыстарда оқушыларға тәрбие берудің мүмкіндіктерін айқындау
Дене тәрбиесі бойынша сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру
дене тәрбиесі пәнінен оқушылардың кәсіби сапаларын теориялық және практикалық негіздеу
Дене тәрбиесі педагогикалық процесс
Дене тәрбиесі және спорт жұмыстарының жалпы жылдық жоспары
Дене тәрбиесінің жалпы мақсаты мен міндеттілігі жайлы жалпы
Пәндер