МЕКТЕПТЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
МЕКТЕПТЕГІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
1. Эксперимент деген не?
2. Эксперимент деңгейлері
3. Проблеманың қойылымы
4. Эксперимент тақырыбын қалай таңдау керек немесе көкейкестілігі
5. Жобаның мақсат, міндеттері
6. Әдістемелік міндеттер
7. Эксперимент бағдарламасы

Эксперимент деген не?
Эксперимент - белгісіз және анық емес нәтижелермен түсіндірілетін ғылыми-зерттеу жұмысы.
Білім беру жүйесінде эксперимент деген түсінік-іздену, іздену жұмыстары, тәжірибе, тәжірибелі эксперименттік жұмыс, зерттеу жұмыстары т.б.
Педагогикада эксперимент деп нені атайды ?
Эксперимент- болжауды (гипотеза) тексеру.
Эксперимент-бір ізденушімен шығарылған әдістеме немесе жаңа шарттармен жасалған технология , өлшем жүйесі.
Эксперимент- білім мекемесіндегі іздену жұмыстары.
Эксперимент-мектепті басқарудағы, балаларды дамытудағы, тәрбиедегі, жаңа технологияларды апробациялау және бағыттау, бақылау.
Эксперименттеу ,демек ол даму, қазіргі уақытта білімдегі принциптерді дамыта алатындар және білім саласында ізденушілер.
Эксперименттік алаң- бұл болашақта мектептің дамуына жол сілтейтін , бірақ қазіргі уақыттағы қажеттілігі байқалмайтын процесс.
Эксперименттік жұмыс білім мекемесіндегі кешенді көп функциялы әдістердің әртүрлі міндеттерді шешуді және шығармашылық қабілет деңгейлерін көрсетеді:
Модификациялық- белгілі әдіс - тәсілдерді өзгеіске ұшыратып, түрлендіріп, жаңашаландырып көрсету.
Комбинаторлық- жаңа элементтерді танымал бұрынғы әдістермен кіріктіру. ( бұл тиімді эффект береді немесе жаңа технология туындайды)
Радикалдық - (инновациялық) принципті түрде жаңашылдықты тудыратын наваторлық жағынан қарау,бұрын - соңды қайталанбаған жоба.
Эксперимент деңгейі
Зерттеу жұмысының сұрау деңгейі мен білімінің дамуы үшін нәтиженің маңыздылығы деңгейімен анықталады. Бір ғана білім беру ордасында бірнеше эксперимент жүргізілуі мүмкін. Мысалға қазіргі таңдағы көкейкесті мәселе бейіндік білім беру және бейін алды дайындау. Бейін алды дайындау бірнеше деңгейде өтуі мүмкін.
Республикалық, облыстық - Қазақстан субъектілік деңгейінде бейіндік оқытуды енгізуді басқару.
Облыстық,қалалық - оқушылардың бейін алды дайындығын ұйымдастырушы білім ордаларының тығыз байланыс моделдерін құру және апробациялау.
Қалалық, аудандық - бейіндік, бейін алды дайындау бойынша оқушылардың оқудағы нәтижелерін бағалау жүйесін құру.
Мектепішілік - білім ордасында бейін алды дайындықты оқушы іске асыруына арналған жеке оқу жоспарын құру және апробациялау.оқушылардың бейін алды дайындығы үшін таңдалынған курс бағдарламалары, оқыту әдістемелері, формалары мен мазмұны, моделдері жасалуы керек.
Егер сіз өлкелік - эксперименттік аймақ мәртебесін таңдасаңыз, онда эксперименттің проблемалық шешімдері өлкетану бағдарламасын дамытудағы білімге арналуға міндетті. Ал егер басқасын таңдасаңыз, қалалық - аудандық деңгейге сай бағдарлама құрасыз.
Белгілі бір білім ордасында эксперименттік аймақ ашу үшін, басқару ұйымдары міндетті түрде ұсыныс жасаған авторлардың эксперименттік құжаттарына экспертиза жүргізу керек.Эксперименттік аймақ ашу үшін сұраныс жасалынып, таңдалынған эксперименттік жұмыс бойынша бағдарлама құрылуы керек.
Бұл екі құжатта эксперименттің толық мазмұны ашылып, негізгі сұрақтары алдын - ала өтетін экспертизаға ұсынылады.
Егер бұл документтердің біреуі жоқ болса немесе эксперименттік жұмыстың нәтижесімен болмысын толық деңгейде көрсете алмаса, онда эксперт материалдарды толықтыру үшін қайтарып тастауы мүмкін.
Автор эксперттік топтың құрамына ене алмайды. Сұраныстың және бағдарламаның алдын - ала экспертизасы - эксперименттік істің құндылығын болжайтын процесс. Сұраныс - бұл ұсынылып отырған эксперименттік жұмыстың жарнамасы,сондықтан ол сұраныс берушілердің ойынан шығуы тиіс.Ұсыныс жасаушы автордың жобасын іске асыру үшін, нақты уақыт берілуі керек және материалдық - техникалық қамсыздандыру керек, экспериментке дейінгі жағдайымен салыстырылып отыруы керек.
Экспертиза жүргізуші маманның міндеті:
- жобаның ерекшілігі
- белгілі технологиялардың ұсынылуы
- жобаның жаңалығы
- ұсынылатын мониторингі
- бағалау механизмі
- жобаның болжамы
- жобаның нәтижесі
Эксперттерге нақты сараптама жасау үшін төмендегі сұраныс және бағдарлама мәтінін төмендегі ұсынытарға бағыттай отырып жасауға болады:
Сұраныс ережесінің мазмұны
· білім жүйесін дамыту үшін эксперименттің маңыздылығы
· экспериментке келісім берген нақты білім ордасы туралы мәлімет заңды және факты бойынша мекен - жайы, байланыс телефоны, электронды поштасы
· автор туралы мәлімет аты-жөні, қызметі, жұмыс орны, пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны, басқа да байланыстары
Эксперименттік бағдарлама құрылымы:
· эксперименттік жұмыстың тақырыбы
· эксперименттік жұмыстың мақсаты
· негізгі идеялары
· гипотезасы
· экспериментті бастаудағы қажетті басқарушылық - ұйымдас-тырушылық, педагогикалық және басқа шарттар негіздері
· эксперименттік шығармашылықты қамтитын, оқу- методикалық жоспарлары, зерттеу жұмыстары, нәтижелерді қамтамасыз ететін бақылау әдіс-тәсілдері және эксперимент этаптары, олардың мазмұны мен мерзімі
· алдын-алу өнімі эксперименттік жұмыстың нәтижесінде алынған ғылыми, оқу-методикалық және басқа өнімдер
· эксперименттің идеясын таратуда, практикалык қорытындысында пайда болуы мүмкін жағымсыз жағдайлар және білімдегі кемшіліктер мүмкіндігі
· эксперимент нәтижелерін тарату мүмкіндіктері
· қажетті қаржыландыру көзі және материалды- техникалық , ғылыми, кадрлық есеп
Проблеманың қойылымы:
Сұраныстың кіріспе бөлімінде Ұсыныстың қай негізге сүйенетіндігі, Негізгі идеялары, Эксперименттің концепциялық негізі т.б, эксперименттің көкейкестілігі берілуі керек. Сіз осы жобаның көмегімен қандай нақты проблемены шешетініңізді ұсынасыз. Эксперименттік бағдарламаны іске асыру үшін проблеманы білу маңызды. Проблема Сіздің сұраныс берушілеріңіздің (білім алушылар) қажеттілігін шешу керек. Бірақ, егер сіздің кадрларыңыздың потенциалы, мектебіңіздің материалды - техникалық базасы жоқ болса, ол проблемаға жатпайды. Бұл эксперимент қандай жалпы педагогикалық проблеманы шешетінін нақтылау керек. Ол үшін статистикалық дәлелдер, үкімет органдарының өкілдерінің құжаттары (әсіресе локальды ), нақты қандай міндеттерді шешетіндігіңізді анықтаңыз.
Проблеманы суреттеу барысында:
· сіздің шешкелі отырған проблемаңызды сол оқу орнының міндеттерімен логикалық байланыстыру
· сіздің қолда бар ресурстарыңызбен нақтыланған мерзімде, барлық проблемаларды шешуге шамаңыз жететіндігіне сенімді болуыңыз керек
· қосымша материалдардың көмегімен проблемалардың санын нақтылайсыз: статистикалық мәліметтер, мониторингтер, мамандарды зерттеу т.б.
· проблемаға реалистік көзқараспен қарау: барлық проблеманы бірден 2-3 жылда шешіп тастаймын деп ойламаңыз.
Алдын - ала баға беру немесе сұранысқа экспертиза жасау
Бұл процесс барысында, сіз ұсынған проблеманың барысын болжау және анықтау жүргізіледі. Сіз эксперименттік жұмысты ұйымдастыруды жоспарлай отырып, белгілі бір өнім продукт құрудың нәтижесін қарастырасыз.
Құжаттарды толтыру барысында мынадай ұсыныстар береміз:
- Сөйлемдері қысқа, және сол саладағы маман емес адамдарға түсінікті болу керек, ғылыми терминдерді пайдаланбау керек.
Эксперимент тақырыбын қалай таңдау керек немесе көкейкестілігі
Сіз экспериментті бастау үшін негіз болған проблемалар ортасын анықтадыңыз (мысалы ):
· ұсынылған эксперименттік тәжірбиелік жұмыстың қажеттілігі қандай сұраныстан туындайды
· дәстүрлі жолдан шығып жаңаша ізденуге мәжбүрлейтін қарама - қайшылықтар
Енді эксперимент тақырыбын құрастырамыз.Тақырып - эксперименттік зерттеудің бейнесі. Бір проблеманы эксперименттік жұмыста бірнеше тақырыппен көрсетуге болады. Сондықтан тақырыпты нақтылап алу керек.
Тақырып-1
Проблема: Ауылдардан жаппай көшу салдарынан мектептердің жабылуы
Имитациялық моделдеу негізінде түрлі жастағы топтарды оқытуды өткізу әдістемесін құру
Тақырып-2

Пәндік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Арнайы химиялық тек химияны оқыту кезінде
Демонстрациялық тәжірибелерді таңдау
Мектептегі әдістемелік жұмыстың мазмұны мен түрлері
Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың тәсілдерін зерттеу
Химияны оқытуда зертханалық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
Физикалық оқу эксперименттің түрлері
Шет тілін оқытуда жекелендірілген тәсілдің теориялық негіздері
Мұғалімнің міндеті зерттеу іскерліктерін зерттеу бойынша қызметті ұйымдастыру
Химиядан сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
Бастауыш мектеп оқушыларының ғылыми - зерттеу жұмыстарын ұйымдастырудың маңызы
Пәндер