Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
Жоспар
І Кіріспе.
ІІ Негізгібөлім
1. Бастауыш сынып оқушыларының дене тәрбиесі
2. Оқу күні ішіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шаралары
3. Мектептен тыс дене тәрбиесі мен спорт жұмыстарының түрлері
4. Жазғы демалыс лагерьлеріндегі спорттық-сауықтыру жұмыстары
ІІІ Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Кіріспе
Мектептің міндеті - оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғана емес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардың өмір бойғы әдеттеріне айналуы керек. Ол үшін дене тәрбиесі сабақтары қызықты, әсерлі көңілді өтуі тиіс.
Оқушылармен оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесі-сауықтыру шаралары: сабаққа дейінгі гимнастика, сергектік сәттер, ұзартылған үзіліс кезіндегі дене тәрбиесі жаттығулары мен қозғалмалы ойындар.
Бұл жұмыстарды атқару мынандай міндеттерді орындауға көмектеседі: оқушылардың қозғалыстары белсенді болады, денсаулықтары нығайтылады, қимылдары жетіледі, әдемілендіреді, жаттығулардың керектігін ұғынады, ақыл-ой және ағзаның жұмыс қабілеттіктері жақсарады, тәртіпке және ұйымшылдыққа деген дағдылары қалыптасады.
Дене тәрбиесі жаттығулары , гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу , жұмыс тәртіптері.
Оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігімен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл әрекеттерге үйрету. Бағдарламада берілген барлық спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу.
Мектептен тыс дене тәрбиесі және спорт жұмыстарын мектеп ұжымы оқушылардың ата-аналарымен бірігіп, аудандық, қалалық білім беру бөлімдері, басқармалары ұйымдастырады.
Мектептен тыс дене тәрбиесі жұмыстары әр түрлі ұжымдарда мекемелерде, жұмыс орындарында өткізіледі. Ол мекемелер: балалар және жасөспірімдер спорт мектебі, жаздық сауықтыру лагерьлері, еңбек-сауықтыру лагерьлері, стадиондар, дене сауықтыру кешендері, спорт клубтары, бассейндер, спорт базалары, жергілікті тұрған жерлердегі аула спорт клубтары. Бұл мектептен тыс жұмыстар, оқу және сыныптан тыс жұмыстарды толықтырады. Жаттықтыру түрлері әр түрлі болып келеді. Спорт түрлерін таңдауға балалардың мүмкіншіліктерін кеңейтеді.

Бастауыш сынып оқушыларының қатарына I-IV сыныпта оқитын 7-11 жастағы оқушылар жатады.
Бастауыш сынып жасындағы оқушылардың дене тәрбиесі міндеттері төмендегідей:
- денсаулықты нығайту, шынықтыру, жан-жақты дене дамуына көмектесу, жалпақтабандылықтың алдын алу, бала ағзасының жағымсыз сыртқы орта әсеріне қарсылық күшін қалыптастыру;
Таза ауада дене тәрбиесі жаттығуларымен айналысу, ойнау, секіру, лақтыру, шаңғытебу, жүгіру баланың бұлшықеттерін дамытады, жүрек-қан тамыры жүйесін, тыныс алу жүйесін, сүйек-тірек аппаратын т.б. ағза жүйелерін нығайтады, шынықтырады. Баланың мүсін, тұлға түзулігі қалыптасады. Сондықтан мектептің міндеті - балаларды дене тәрбиесі мен жүйелі, белсенді шұғылдандыру;
- дене тәрбиесі жаттығулары, гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыстәртіптері;
- оқушылардың өмірге керек қозғалыс ептілігі мен дағдысын қалыптастыру, оларды жаңа қозғалыстарға, қимыл-әрекеттерге үйрету. Бағдарламада берілген барлық негізгі спорт түрлерінің жаттығуларын дұрыс орындай білу;
- дене қасиеттерін дамыту. Гигиеналық дағдылар, күн тәртібі туралы арнайы білім беру. Ол білімдер: дене тәрбиесі жаттығуларының ағзаға пайдалы әсері, гигиеналық ережелер. Тамақтану, демалу, жұмыс тәртіптері;
- бастауыш сыныптарда қимыл үйлесімділігі, ептілік, икемділік қасиеттерін дамыту;
- жігерлікке, батылдыққа, қажырлылыққа, тәртіптілікке, еңбексүйгіштікке, көпшілдікке, мәдениеттілікке тәрбиелеу. Дене тәрбиесі жаттығулары, әр түрлі қозғалмалы ойындар осы қасиеттерді дамытады;
- қозғалыс кездерінде және қозғалмайтын статикалық жаттығулар кезінде мүсін түзулігін, тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін отырғанда, тұрғанда, жүргенде, жаттығулар жасағанда тұлғаны түзететін арнайы жаттығулар беріп отыруымыз керек;
-оқушыларды бастауыш сыныптардан бастап Президенттік сынама сынақтары жаттығуларын меңгеруге, орындауға дайындай бастағанымыз жөн;
-оқушылардың дене тәрбиесі мен спортқа деген ынтасын, қызығушылығын оятып, оларды спортпен тұрақты, жүйелі шұғылдануға дағдыландыру керек.
Мектептің міндеті - оқушыларды дене тәрбиесі жаттығуларымен мектепте ғанаемес, үйде де тұрақты айналысуға әдеттендіру. Ол әдет оқушылардың күн тәртібінде әбден қалыптасуы қажет. Осы кезден бастап дене тәрбиесі жаттығуларын орындау олардын өмірбойғы әдеттеріне айналуы керек.
Дене тәрбиесі әдістемесінің ерекшеліктері.
Оқушылар көп қимылдағысы келеді. Біркелкі ұзақ ойындарды жалықтырып жібереді. Сондықтан да ойындар, жаттығулар әртүрлі, қысқа демалу аралықтарымен өткізілуі қажет.
1 - сынып оқушылары шыдамсыз, өздерін тоқтата алмайды, ықыластары тұрақты емес. Бірте-бірте оларға жаттығуларды кеңістікте орындау түрінде бергенде ойланып, еске сақтап орындауға қызығып, ықыластана бастайды.
Бастауыш сынып оқушыларына дене қуаты дамыту жаттығуларын бергенде, ұл балалармен, қыз балалардың дене даму ерекшеліктерін ескеру қажет. Ұлдардың салмағы, бойлары үлкен, кеуделері кең, өкпенің тіршілік көлемі жоғары болады. Бұлшық еткүштері қыздарға қарағанда дамыған. Олар тез жүгіреді, ұзаққа, биікке секіреді, алысқалақтырады, олар күшті, әрі шыдамды. Сондықтан 2-сыныптан бастап ұлдарға ауырлық көтергенде, ұзаққа жүгіргенге, секіргенде, лақтырғанда көбірек жүктеме беруге болады. Қыздарға 3-сыныпта ұлдарға қарағанда көбірек бірқалыпты, ырғақты, би жаттығуларын беруге болады.
Дене тәрбиесі сабағын жүргізудің төмендегідей ерекшеліктері бар:
1. Бастауыш сынып оқушыларына негізгі үйрететін жаттығулар табиғи қимыл әрекеттерді жетілдіру түрінде болып келеді. Олар: жүру , жүгіру, секіру, лақтыру, өрмелеут.с.с.
2. Бір сабақ кезінде оқу материалын меңгеру және жетілдіру үрдісінің 2-3 міндетін ғана орындаса жеткілікті болады.
3. Сынып төмен болған сайын сабақ бұлшықеттерін нығайту және түзу тұлға қалыптастыру жаттығуларын беруге айрықша көңіл бөлу қажет.
4. Әрбір сабақта міндетті түрде қозғалмалы ойындар ойнату керек. 3,4 - ші сынып оқушыларымен сабақ өткізгенде ойын жаттығулары сабақтың 50% уақытын алса дұрыс болады.
5. Оқушыларға негізгі жаттығулардың техникасын үйреткенде, оны дұрыс және нақты орындауға көп көңіл бөлу керек. Оқу үрдісі кезінде жаттығуды үйрету және жетілдірумен бірге дене қуаты қасиеттерін дамытуға бірдей көңіл бөлген қажет.
Балалардың қимыл әрекеттерді еске сақтау қабілеттері 7-12 жас аралықтарында тез дамиды да, 13 жастан әрі қарай баяулай бастайды. Қимыл әрекетке үйрету әдістерін қолданғанда көбінесе толық орындау әдісін пайдаланамыз. Жаттығуды бөлшектеп үйретуді анда-сандағана, қосымша түрде қолданамыз. Қозғалыс тапсырмасын берген кезде балалар дұрыс түсіну үшін нақты не істейтінін, қалай орындау керектігін айту керек. Мысалы, ұста, жетіп ал, допты ойыншыға тигіз жәнет.с.с. 2-3-ші сыныптарда қимыл жиілігін дамыту жаттығуларын көбірек берген дұрыс болады. Жылдамдықты дамыту жаттығуларын қысқатүрде 6-8 секунд уақытқағана беру қажет.
Бастауыш сынып оқушыларымен дене тәрбиесі сабақтарын жүргізгенде негізінен білім беру міндеттеріншешеміз. Олміндеттер : қимыл қозғалыс түрлерін меңгеру, дене тәрбиесі негіздері және салауатты өмір салты туралы негізгі теориялық мағлұматтар беру.

Осы жұмыстардың мазмұнын ойластыру, әдістерін белгілеу, ұйымдастыру үшін төрт түрлі мәселені шешу, ескеру керек:
1. Оқушылардың жас ерекшеліктері мен дене дайындығы деңгейін ескеру.
2. Күні бойы орындалатын оқу, жұмыс, қозғалыс сипатын ескеру.
3. Орындалатын жаттығулардың ағзаға әсерін ескеру.
4. Жаттығуларды орындайтын жерді, уақытты, оқушылардың киім түрін.
Төмендегідей жағдайларды дұрыс ойластырғанда ғана оқу күні ішінде жүргізілетін дене тәрбиесі - сауықтыру шаралары оқушы ағзасын сауықтырады, педагогикалық тиімді әсер береді:
- өткізілетін жер санитарлық-гигиеналық талапқа сай болғанда;
- мектептің педагогикалық ұжым мүшелері ұйымдастыру жұмыстарына көбірек қатысқанда;
- сабақтан жаттығуларға, жаттығулардан қайта сабаққа ауысу физиологиялық заңдылықтарды есепке ала орындалғанда;
- жаттығу дұрыс көрсетілсе, қысқа дұрыс түсіндірілсе, оқушылар ұғатын терминдер қолданылса;
- сауықтыру шараларының қозғалыс тығыздығы,жүктемесі дұрыс орындалса;
- оқушыларды қызықтырып,еліктіріп әкететін әсерлі жаттығулар, қозғалмалы ойындар ойналса.
Күн тәртібі ішіндегі дене тәрбиесі - сауықтыру шараларына жеке-жеке тоқталып, оқушылармен орындау сипатын, тәртібін түсіндіре кетейік.
Сабаққа дейінгі гимнастика. Күнделікті бірінші сабақтың алдында 8-10 жаттығудан құрастырылып, төменгі сыныптарда 4-6 минут уақыт ұзақтығында жүргізіледі.
Міндеттері: а) оқу күнін ұйымшылдықпен бастау; ә) оқушылардың ағзасын оқу жұмысына белсенді дайындау; б) сабақта жақсы, дұрыс, көңілді, сергек отыруға дайындау негізінде орталық жүйке жүйесіне жақсы әсер ету.
Жаттығу жасайтын топтарды ұйымдастырғанда жас ерекшеліктеріне байланысты 1-2, 3-4, 6-8, 9-11 сыныптар деп, жастары жуық сыныптардың оқушыларын бірге топтастырған жаттығулар 2-3 жеті орындағаннан соң балалар жалығып кетпеуі үшін өзгертіліп отырылуы керек.
Сергектік сәттері. 3, 4-ші теориялық сабақ өткізіліп жатқан кезде, 4-6 жаттығулардан тұратын, 2-3 минутте орындалатын қимыл-әрекет түрлерін сергектік - сәттері деп атайды.
Міндеттері: а) шаршаған оқушы ағзасын белсенді ету; ә) оқу қызметін ары қарай жалғастыруға жұмыс қабілеттілігін жоғарылату.
Сабақ өтіп жатқан кезде, 20 минут пен 30 минут аралығында, сабақ ортасында жүргізіледі. Жаттығулар парталардың ортасындағы аралықта орындалады. Бір-бірлеріне қолдары, аяқтары тиіп кетпеу үшін қимыл амплитудасы азырақ жаттығулар беріледі. Оқушылар жалығып кетпес үшін жаттығулар түрлерін өзгертіп отыру керек.
Ұзартылған үзілістегі дене тәрбиесі жаттығулары мен қозғалмалы ойындар.
Бұл жаттығуларды, қозғалмалы ойындарды үлкен үзіліс кезінде ашық алаңда, күн жаңбырлы кезде, суық түскенде мектептің дәлізінде, кең жерлерде өткізеді.
Міндеттері: а) ағзаның жұмыс қабілеттілігін жоғарылату үшін белсенді қозғалу; б) сыныппен бірге белсенді қозғалысқа деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру; в) белсенді ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz