Мектептің педагогикалық ұжымы және оның ерекшеліктері туралы қазақша реферат



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мектептің педагогикалық ұжымы және оның ерекшеліктері туралы қазақша реферат
Оқушылар ұйымы - балалар мен жасөспiрiмдердiң өз ерiктерiмен белгiлi бiр мақсат қойып, бiлiм дағдылары мен пайдалы істерді игеруде ұйымдық түрде арнайы топқа бiрiккен шығармашылық әрекеттерiнiң үрдiсi болып табылады. Ондағы тәрбие мәселелерінің маңызы мен әлеуметтік мәніне Луначарский А.В., Крупская Н.К., Макаренко А.С., Сухомлинский В.А., Блонский П.П., Лебединский В.В., Бабанский Ю.К., Болдырев Н.И. т.б тоқталып өткен.
Оқушылар ұжымындағы өзін-өзі басқару жүйесінің негізін салушы американдық педагог Э.Джилль болды. Бұл жөнінде ол өзінің "Мектеп республикасы - Republicofshcool" (1897) атты еңбегінде баян етеді. Солардың бірі Ұлыбританияда пайда болған "скауттар" атты балалар мен жасөспірімдердің бірлестіктері болып табылады.
1907 жылы Британия Корольдiгiнiң қолдауымен, Лондон қаласында тұңғыш скауттар ұйымының Құрылтайы өтедi. 1921 жылы Дүниежүзiлiк скауттар ұйымы құрылды. Оған 63 мемлекеттiң (Патшалы Ресей, Америка, Германия, Италия, Франция, Швеция, Индия т.б) өкiлдерi мүше болды.
Патшалы Ресейде Царское Село (Пушкин қаласы) қаласында 1909 жылы тұңғыш Скауттар ұйымы тұсауын кестi. 1914 жылы Ресей Императоры Николай II "Русский скаут" атты қоғамдық ұйымды құру жөнiндегi Патша Жарлығына қол қойды.
Кеңес үкіметі және социалистік даму бағытын ұстанған мемлекеттерде (Болгария, Куба, Германия, Венгрия, Вьетнам т.б.) балалар мен оқушылардың ұжымдық топтасуларының аса белсенді көріністері - пионер ұйымының құрылуына негіз болды.
Пионер ұйымы туралы Үлкен Кеңес Энциклопедиясында: "...Бүкілодақтық В.И.Ленин атындағы пионер ұйымы балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі басқаратын, бұқаралық коммунистік қоғамдық бірлестік болып табылады.."делінген. 1945 жылдары "тимуршылар" атты мектеп оқушыларының қайырымдылық қозғалысы бүкiл одақты шарпыды.. Пионер көсемдері мен белсенділерiн дайындау барысында бүкiлодақтық "Артек" пионерлер лагерiнiң маңызы өте зор болды.
Мектептегi оқушылар ұжымының негiзгi қалыптастырушы күшi - оқушы балалардың қоғамдық қарым-қатынасы. Балалар арасындағы қарым-қатынас, мектеп оқушылар қауымының қоғамдық пiкiрiн қалыптастырады. Оқушылардың өмiрге және мектептегi педагогикалық ықпалдарға деген көзқарастары олардың жас ерекшелiктерiне қарай әр түрлi сипатта дамиды.
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары В.А.Сухомлинский,
Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Тәрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық педагогика ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін іздеумен бірге қарастырылды. Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. В.А.Сухомлинский, Н. К. Крупская, С. Т. Шацкая, А. С. Макаренко және т.б. Тәрбиешілер ұжымы болуы ксрек, -- ден жазды. А. С. Макаренко -- тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде жәнс біртүтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбис процесі болуы мүмкін емес.
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің педагогикалық жүйесінде практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның езіңдік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті. Тәжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта оның қызметінің идеялары мен концепцияларын бағалау болмақ деген.
Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің ішкі механизмін ашуға арналған Н. С. Дежиннова, В. А. Кераковский, Л. И. Новикова, Р. X. Жакуров жөне т.б. еңбектер жарияланды.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық жене кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып ссептеледі.. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тэрбиелеуде. Педагогикалық ұжымның көсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мөдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық жөне дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен анықталады. Өзінің мәні педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оку орындарының ұжымы оқушьыарға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай педагошкалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады.
Мұғалімдер ұжымның педагогикалық қызметі оқуіпылар ұжымымен өзара тығыз өрекеттестікте өрбиді. Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске асырылуына тікелей тәуелді болып келеді. Басқару ілімінің категориясы ретінде педагогикалық ұжым басқарушы, ал оқушылар ұжымы басқарылушы болады. Ал қазіргі әрекет пен қатынастың субъектісі ретінде жеке тұлғаға баса назар аударылған жағдайда педагогикалық және оқушылар ұжымы басқарудың да, өзін-өзі дамытудың да субъектісі болып отыр. Мұғалімдер ұжымы езінің орасан зор интеллектуалдық, тәрбиелік күш-қуаты бойынша балалар ұжымына ғана емес, өз ұжымына қатыстылығына байланысты да тәрбие субъектісі ретінде әрекет жасайды.
Педагогикалық ұжымның басты ерекшслігінің бірі ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көп қырлылығын атау керек. Қазіргі мұғалім пән мұғалімі, сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі, қоғамдық жұмыстар сияқты қызмсттерді атқарады. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән. Өзінің кәсіптік міндеттерін шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегінен шығып кетеді. Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогика-ландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылық өкілдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру түтас алғанда педагогикалық ұжымның ажырамас қызметіне айналады. Көптеген мұғалімдердің педагогикалық өрекетіне зерттеушілік қызметі тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші -нормативті қызмет жасымен яюктелмейтін, педагогика-лық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар мен технологияларға баға беріп, игеріп және практикада қолдануға қаблетті педагог.
Ұжымдық жұмыс формаларын мыналар құрайды:
Педаготкалық лекторийлер ата-аналардың назарын белсенді тербиелік мәселелерге аударуды мақсат түтады. Жұмыстың бұл формасы ата-аналарды тәрбие теорияларын жүйелі білімдерімен қаруландыруға бағытталынады.
Сынып бойынша педагогикальщ білім беру деп аталатын жұмыс формасын 1 -- 11 сыныптан бастап қолға алу қажет. Өйткені педагогакалык ағарту жұмысын осы кезден бастау тиімді. Оның алғашқы сабағын мектеп директоры немесе орыкбасарлары бастап бергені жөн. Педагогикалық білім беруде параллель-сыныптардың ата-аналарын біріктіруге болады.
Көптеген мектептерде педагогикалық білім университеттерітабысты жұмыс істейді. Білім берудің бұл формасы лекциялық курстан және семинар сабақтарынан түрады. Бұндай күрделі жұмыс формасына барлық ата-аналар аудиториясы дайын болмауы мүмкін. Сондықтан да бұл жұмыс формасын аса сақтықпен практихаға енгізу керек.
Мектептерде ата-аналардың тәрбие проблемаларына арналған жылдьщ қорытынды ғылыми-практикальщ конференцияларын өткізу дәстүрге айналған. Конференцияға Балаларды еңбекке тәрбиелеу, Жақсылыққа апарар ең тәте жол -- имандылық арқылы және т.б. тақырыптар таңдап алынып, мектептс ол проблема жыл бойы теориялық және практикалық қырынан зерттеледі. Осындай жағдайда ғана конференция өз атына лайық қорытынды болып шығады.
Ашып есік күндері немесе ата-аналар күні үлкен дайындықты қажет етеді. Әдетте оны тоқсанның басында, немесе каникул күвдерінде өткізген тиімді. Бұл күнге мектеп арнайы тақырыпқа сай безендіріледі, кезекшілік ұйымдастырылып, мерекелік бағдарлама түзіледі. Мерекенің құрылымын мына үлгіде түзуге болады.
Мәжіліс залында ата-аналар үшін 1-11 сыныи оқушыларының концертін ұйымдастыру. Концертте үздік өнер көрсеткен сыныпты, жекелеген оқушыны атап өтуге болады.
Сыньштардағы кездесулер. Оқупіылар бұл жайында ата-аналарына қалай оқып, қалай жүріп тұратындығын айтады, үйренген дағдылары мен шеберліктерін көрсетеді.
Бастауыш сынып оқушылары кәдесыйлар дайындап ата аналарға тарту етеді;
Үздік суреттер, Үздік қолөнер шебері, Фото мерген, Өнертапқыштар мен конструкторлар және т.б. көрмелерге қатысу;
Спорт зал, спорт алаңында ата-аналар комитетіңің жүлдесіне жарыстар ұйымдастыру;
Мәжіліс залында көркем фильмдер көруді ұйымдастыру. Ата-аналарға арңалған Менің атым Қожа, Алты жасар Алпамыс, Көксерек және т.б. фильмдерді ұсынуға болады.
Мерекені ұйымдастырудың нұсқалары көп болуы мүмкін, ең бастысы оларды ұйымдастырғаңца ата-аналар-дың назарьш мектепке, тәрбие жұмыстарьша аудару болуы керек.
Сынып ата-аналарының жиналысы -- дәстүрлі жұмыс формасы болғанымен оны өткізудің әдістемесі жетілдіруді қажет етеді.Сынып жиналысын ұйымдастыруда, оның проблемалық тақырыбын айқымдап алудың маңызы зор. Мысалы Балаларды тәрбиелеуге қиындықпен бетпе-бет келу көмектеседі ме әлде одан жалтару кемектеседі ме? деген тақырыпты таңдап алған соң, оны өткізуге дайындауда ата-аналармен алдын ала сұрақ-жауап өткізуге болады.
Педагогикалық ұжымның ендігі бір ерекшелігі оның жоғары денгейде өзін-өзі басқара алуында. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссиялар, қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып дербестік пен белсенділік дамытады. Педагогикалық ұжым мүшелерінің, оның басшыларының қызметтік міндеттері, қызметтік нүсқаулары арқылы дәл айқын-далуы да ұжымның ұйымдасқандық сипатын нығайтады. Педагогикалық ұжымның келесі ерекшелігі оның қызметіыің үжьшдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер жекелеген мұғалімдердің, әсіресс орта жөне жоғары сынып мұғалімдерінің іс- әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, оқушы-лардың білімін бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса онда ол табысқа жеткізбейді. Мұғалімдердің біртүтастығы олардың құндылық бағдар-лары мен сенімдерінен көрінеді, дегенмен бұл жағдай педагогикалық технологияның бірсарындылығын білдірмейді. Балаға деген махаббат, оны оқытуға деген ынта, оқушы тұлғасына деген құрмет педагогикалық шығармашылық, оптимизм, жалпы және косіптік мәдениет мұғалімдердің іс-әрекетінің біртүтастығын материалдық негізін қүрайды.
Педагогикалық ұжым өмірінің еркешеліктерінің қатарында белгілі бір педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауын атауға болады. Бұл жағдай мұғалімнің шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытьш, кәсіптік дамуын арттыруға уақыт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеткіншектердің тіл мәдениетін қалыптастыру мәселесінің практика жүзінде шешілуі
Сынып жетекшісінің мектеп әкімшілігі және пән мұғалімдерімен жұмысының мазмұны
Педагогикадан мемлекеттік емтиханға дайындық
Педагогика. Оқулық
Педагогиканың жалпы негіздері
«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәнінен оқу әдістемелік нұсқауы
Орындалған жаттығуларды талдау әдіс
Тәрбиенің құндылық тұжырымдамасы
Ұжым алдындағы мақсатты - перспективаны тандау
Дене мәдениеті және спорттың теориясы мен әдістемесі
Пәндер