Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар



Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 124 бет
Таңдаулыға:   
3. Лекциялар конспектілері
1 - тақырып. Мемлекет және құқық туралы негізгі ұғымдар (1 сағат)
1. Құқық негіздері оқу курсының жүйесі
2. Мемлекет туралы негізгі түсініктер
3. Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
4. Құқықтың қайнар көзі
Адамзат қоғамының қалыптасуының, ондағы тәртіптің, бірліктің, татулықтың кепілі мемлекет пен құқық. Олар материалдық және рухани қажеттіліктердің жемісі. Сондықтан мемлекет пен құқық туралы оқып білу, адамның әсіресе жастардың әлеуметтену, құқықтық әлеуметтену үрдістерінің, құқықтық санасының, құқықтық мәдениетінің кеңеюі мен тереңдеуіне, азаматтық қасиеттерінің дамуына ықпал жасайды.
Құқық негіздері сияқты құқықтық пәндердің ең басты санаттары мен ұғымдарының бірі ол мемлекет пен құқық. Мемлекеттің ең басты құқықтық нормативтік кесімі, ең негізгі Заңы Конституция болып табылады. Мемлекет қоғамдық ұйымның саяси формасына сәйкес келеді. Оның пайда болуы қоғамның ішкі дамуына байланысты болады.
Мемлекеттің пайда болуы туралы теориялардың ішінде таптық теория жетекші орынға ие. Алайда осы қоғамдық институтты таным үдерісіне елеулі үлес қосқан басқа да теориядар тарихтан белгілі (теологиялық, патриархалдық, келісім, зорлық, органикалық, психологиялық).
Мемлекет белгілері:
1) Тұрғындардың аумақтық жағынан ұйымдасуы. Мемлекетті билік бір аумақтағы барлық тұрғындарға бірдей қатысты (құрлық, жер қойнауы,су, әуе кеңістігі т.б.) Бұл азаматтық институтын туындатады. Аумақ пен тұрғындар - мемлекеттің бар болуының қажетті материалдық алғышарттары.
2) Қоғамды басқарудың аппаратының бар болуы. Мемлекет өз органдары мен мекемелер жүйесі арқылы қоғамды басқаруды іске асырады, саяси биліктің белгілі бір режимін бекітеді және жүзеге асырады, өз шекарасын қорғайды.
3) Мемлекет қоғамдық өмірді құқықтық негізде ұйымдастырады.
4) Мемлекет билікті дербес ұйымдастыруды ұсынады. Мемлекеттік тәуелсіздік - бұл осы мемлекеттің ел ішіндегі басқа да биліктерден, сондай-ақ халықаралық қарым-қатынастарда егемен болуы.
5) Фискалды органдардың болуы (мемлекеттің қаржылық-экономикалық негізі ретінде салықтардың алынуы).
Мемлекет - елдің барлық аумағына мен оның халқына бірдей таралатын, елдің ресми өкілі ретінде танылатын және қажет болған жағдайларда мәжбүрлеу шараларына бара алатын жария саяси билік ұйымы.
Мемлекет функциялары - оның қызметінің негізгі бағыттары. Олар мемлекеттің ішкі мән-мазмұнымен анықталады. Мемлекет қызметінде таптық, жалпы әлеуметтік бастаулар да болады. Мемлекет функциялары ішінен ішкі және сыртқы, уақытша және тұрақты дегендерін бөліп атауға болады. Экономикалық, саяси, мәдени және басқа да түрлері бар.
Мемлекет механизмі - мемлекеттік билік жүзеге асырылатын, қоғамды басқаратын мемлекеттік органдар жүйесі.
Мемлекеттік функцияларды жүзеге асыру үшін арнайы мемлекеттік аппарат құрылады. Мемлекеттік аппарат - билікті жүзеге асыру үшін тиісті өкілеттіктермен қаруланған мемлекеттік органдардың жиынтығын көрсететін мемлекет механизмінің бөлігі.
Мемлекет механизмі құрылымына мемлекеттік аппараттан басқа мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар кіреді. Мемлекеттік мекемелер - экономикалық, әлеуметтік, мәдени, құқық қорғау т.б. малаларда мемлекет функцияларын орындау бойынша тікелей практикалық әрекет жасайтын мемлекеттік ұйымдар. Мемлекеттік кәсіпорындар - өнім өндіру немесе онымен қамтамасыз ету, қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін қызмет көрсететін және түрлі жұмыстарды орындау мақсатында шаруашылық қызметті іске асыратын мекемелер.
Мемлекеттің ішкі мән-мазмұнына байланысты оның формасы айқындалады. Оның қасиеттерін сипаттайтын үш жағы бар.
Басқару формасы - мемлекеттік биліктің жоғарғы органдар ұйымы, лоардың пайда болу тәртібі, оларды қалыптастырудағы халықтың қатысуы деңгейі. Басқару формасының негізгі екі түрі бар: монархия және республика.
Мемлекеттік құрылым формасы - мемлекеттің ішкі бөлінісі және олардың өзара қарым-қатынасы. Құрылым формасы бойынша унитарлық, федеративті және конфедеративті болып бөлінеді.
Саяси режим - мемлекеттік биліктііске асырудың амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы. Мемлекеттік режимнің демократиялық және антидемократиялық түрлерін атап көрсетуге болады.
Құқықтың пайда болуы мемлекеттің пайда болу себептерімен айқындалады. Мемлекетаса маңызды әлеуметтік нормаларды құқықтық нормаларға айналдыра отырып қамтамасыз етеді, сондай-ақ құқықтың жаңа нормаларын белгілеу бойынша қызметті жүзеге асырады.
Құқық - мемлекет белгілеген жалпыға міндетті, белгілі бір өзін-өзі ұстау мәнері ережелерінің жүйесі, оның көмегі арқылы жеке тұлғаның және қоғамның аса маңызды мүдделері жүзеге асырылады. Құқық нормаларымен қоса қоғамда қарым-қатынасты реттеуші ретінде мораль нормалары, діни нормалар т.б. қызмет жасайды. Алайда құқық басқа әлеуметтік нормалардан мемлекет тарапынан шығатындығымен ерекшеленеді; құқық нормалар жалпыға бірдей міндетті; жазбаша түрде ресімделген, бекітілген.
Құқық қоғамдық қатынастарды реттей алу үшін сыртқы көрінісі болуы керек. Құқықтық доктринада құқықтың қайнар көзі, яғни жеткізу амалы және құқықтық нормаларды бекіту секілді ұғым пайдаланылады.
Құқықтың келесі қайнар көздері белгілі: 1) құқықтық дәстүр - мемлекет рұқсат бергендәстүр; 2) заңдық прецедент - келешекте осы тектес барлық істерді шешуде үлгіге айналған сот немесе әкімшілік органның шешімі; 3) нормативтік келісім - құқықтың түрлі субъектілері арасындағы келісімнің құқықтық нормалары; 4) нормативтік-құқықтық акт - құқық нормаларынан тұрады және алдын-ала шектелмеген жағдайларды реттеуге бағытталған және үздіксіз қолданылады. Барлық нормативтік-құқықтық актілер заңдар мен заңға тәуелді актілерге бөлінеді.
Заң - жоғарғы заңдық күші бар, қатаң белгіленген ерекше тәртіпте қабылданған, құқықтың барлық салаларының негізгі нормаларын белгілейтін.және аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық акт. Заңдар конституциялық және ағымдағы болып бөлінеді.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге Президент, Үкімет, министрліктер. Мемлекеттік комитеттер, жергілікті билік органдарының актілері жатады.
Құқықтық норма - құқықтың бастапқы элементі. Құқық нормаларының құрылымына мына элементтер кіреді:
1. гипотеза - осы норма қолданысқа енетін нақты өмірлік жағдаяттарды нұсқау;
2. диспозиция - гипотезада санамаланған жағдайларға қатысы бар болғанда субъектілердің бағынуға тиісті өзін ұстау ережелері;
3. санкция - егер субъектілер диспозицияның нұсқауларын орындамаған жағдайда мүмкін болатын жазалау түрі мен шаралары.
Барлық заң нормалары бір-бірімен тығыз байланысты және бір жүйені құрайды. Құқық жүйесі оның ішкі құрылымы, оның салалар мен институттарға бөлінісі.
Құқық саласы - біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Аса ірі салалар аясында оған тәуелді салалар іштей бөлінеді. (мысалы, конституциялық құқық, оның тәуелді саласы сайлау құқығы). Құқық институты - салалар аясында түрлі қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар тобы. (мысалы, констиуциялық құқықта азаматтық институты, отбасылық құқықта неке институты т.б.). Құқық салаларын материалдық және іс жүргізу деп бөледі. Біріншісітікелей қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларынан тұрады (азаматтық, қылмыстық, еңбек). Екіншісі ұйымдастырушылық қатынастарды реттейді (азаматтық прцессуалдық, қылмыстық іс жүргізу, әкімшілік-іс жүргізу құқық). Ешбір мемлекеттің құқықтық жүйесіне енбейтін халықаралық құқық - құқықтың ерекше саласы болып табылады.
Құқықтық қатынастар ұғымы заң ғылымының негізгі ұғымдарының бірі болып табылады. Бұл - субъектілердің бір-біріне деген құқықтар мен міндеттемелерден көрініс табатын, ішкі мазмұнында құқық субъектілері арасында заңдық байланысы бар құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Құқықтық қатынасқа қатысу үшін болашақ қатысушылардың барлығына және әрбіріне заңмен белгіленген немесе танылған белгілі бір қасиеттерінің болуы керек. Бұл қасиеттердің жиынтығы тұлғаның немес ұйымның құқық субъектілігі ұғымын құрайды. Оған жататындар:
Құқық қабілеттілігі - субъектінің заңмен белгіоенген құқық пен міндеттемелерге ие болу мүмкіндігі. Субъектіде туғаннан бастап пайда болып, өмірден қайтқан соң аяқталады;
Іс-әрекет қабілеттілігі - тұлғаның заңмен белгіленген құқықтар мен міндеттемелерді өз іс-әрекеті арқылы ала алу және іске асыру мүмкіндігі;
Заңдық деректер - құқық нормасының гипотезасында қарастырылған құқықтық қатынастардығ пайда болу, өзгеру және тоқтатылу негіздері. Олар оқиғалар, яғни адамдардың еркінен, санасынан тыс жағдайлар мен іс-әрекеттер, яғни адамдардың саналы әрекеті болып бөлінеді. Іс-әрекет заңға сәйкес немесе заңға қайшы болуы мүмкін.
Құқықбұзушылық - іс-әрекетке және құқықтық қабілетті тұлғаның жасаған заңға қайшы әрекеті. Құқықбұзушылықтың белгілері: заңға қайшылық, қоғамға зиян келтіру, кінәлілік, іс-әрекетте немесе әрекетсіздікте көрініс табуы.
Құқықбұзушылықтың құрамы - оның құрылымын сипаттайды. Бұл - заңдық жауапкершілікке негіз болатын заңдық деректердің жиынтығы. Құрам элементтеріне мыналар жатады:
Объект - құқықпен реттелетін және қорғалатын қоғамдық қатынастар.
Объективті жағы - құқықбұзушылықтыңсыртқы көрінісінің мінездемесі. (заңға қайшы әрекет, оның зиянды салдары, әрекет пен оның салдарының арасындағы себектік байланыс, орын, уақыт және басқалары)
Субъект - өз іс-әрекетіне жауап беруге қабілетті жеке немесе заңды тұлға.
Субъективті жағы - қасақана немесе байқаусыз формасында орын алған құқық бұзушылықтың, кінәнің ішкі жағының мінездемесі.
Барлық құқықбұзушылықтар қоғамдық зиян деңгейі мен сипатына қарай қылмыс және құқыққа қарсы әрекет болып бөлінеді.
Заңдық жауапкершілік - құқықбұзушылық жасаған тұлғаларға белгіленген іс жүргізу тәртіпте заңда көзделген мәжбүрлеу шараларын қолдану. Құқықбұзушылықтың түріне байланысты қылмыстық-құқықтық, әкімшілік-құқықтық, азаматтық-құқықтық, тәртіптік жауапкершілік болып бөлінеді.

Ұсынылатын әдебиеттер
1. Дулатбеков Н.А., Амандықова С.К., Турлаев А.В. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері: Оқк құралы.- Астана: ИКФ Фолиант, 2000.
2. Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық негіздері. Оқу құралы жауапты редактор Г.С. Сапаргалиев, Алматы: Жеті Жарғы, 1999.
3. Турлаев А.В. Құқық негіздері. - Қарағанды: АРКО баспасы, 2004.
4. Сапарғалиев Г. Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері: оқулық Г. Сапарғалиев.-толықтырылған 3 басылымы - Алматы: Атамұра, 2003.

СӨЖ бақылау тапсырмалары (о.-2,8,9,11)
1. Ғылымдар жүйесіндегі құқықтың алатын орны.
2. Мемлекеттің пайда болу теориясы.
3. Заңдық жауапкершілік және оның түрлері.

2- тақырып. Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының негіздері (2сағат)
Жоспар
1. Конституциялық құқық - Қазақстан Республикасының жетекші құқық саласы ретінде.
2. Қазақстан Республикасының Конституциясы - мемлекеттің Негізгі заңы.
3. Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері.
4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері.
5. Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі.
Конституциялық құқық құқық саласы секілді конституциялық құрылымның негіздерін, азамат пен адамның құқықтық мәртебесін, мемлекеттің саяси-аумақтық ұйымдасуын, жүйесін, құрылу тәртібін, мемлекеттік үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметтерінің негізгі принциптері мен құзырлылығын бекітеді.
Конституциялық-құқықтық норма деген мемлекеттің қоғамдық қатынастарын реттейтін, мемлекеттік үкімет пен қоғамды басқаруды ұйымдастыру жөніндегі жеке және қоғамдық мемлекет белгілеген немесе ықпалшара жасаған жалпыға міндетті тәртіп ережесі.
Орындаған қызметтеріне қатысты оларды келесі түрлерге классификациялауға болады: - құқық беруші - барлық мемлекеттік органдарға өкілеттілікті белгілейді; тыйым салушылар - қатал белгіленген тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған ереже; міндеттейтіндер - әрекет етуге міндеттерін белгілейді немесе олардың нұсқамаларына қатал түрде сәйкес келгенде ол әрекеттерден тыйылуды мінндеттейді.
Конституциялық құқықтың негізгі институттарының бірі - конституциялық-құқықтық қатынастар. Мемлекеттік үкімет пен мемлекетпен жеке қатынасты іске асыру барысында туындайтын бұл ерекшелікті қоғамдық қатынастардың мазмұны нақты конституциялық-құқықтық нормаларда қарастырылған міндеттерді орындау мен құқық пайдалану бойынша әр түрлі субъектілердің заңды өзара әрекеті болып табылады. (Конституциялық құқық көздерінің санына жататындар: 30.08.1995 ж. ҚР Конституциясы, республиканың конституциялық заңдары, Парламент немесе ерекше жағдайда Президент қабылдаған (ҚР Конституциясы 53 бабының 4 тармағы) кәдімгі заңдар, заңды күші бар Президенттің жарлықтары, атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері, ҚР мойындаған халықаралық-құқықтық шарттар.
Конституция- бұл конституциялық құрылымның негізін реттейтін мемлекет пен қоғамның негізгі заңы , жеке адамның құқықтық жағдайының негіздері, мемлекеттік құрылудың негіздері мен мемлекеттік үкімет пен жергілікті өзін-өзі басқаруды іске асыру.
Осылайша, конституция мемлекеттің басты негізгі нормативтік актісі болып табылады. Онда қоғам өмірінің негізгі барлық саласын реттейтін нормалар бар, ол барлық қолданыстағы заңның нормативтік базасы болып табылады.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған. Ол егеменді Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі 28.01.1993 жылы қабылдаған бірінші Конституциясының орнына келді, 7.10.1998 жылғы Конституциялық заңмен қолданыстағы Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар қабылданған болатын.
ҚР конституциялық заңдылығының құрылу кезеңі келесі конституциялық актілерді қабылдаумен белгіленген: 1) кеңестік кезең - 21.11.1917 жылғы Алаш партиясының бағдарламасы; 6.10.1920 жылғы Қырғыз АССР еңбекшілерінің құқықтарының декларациясы; 1926 жылғы Конституция жобасы; 1937 және 1978 жылғы Қазақ ССР Конституциясы. 2) 24.04.1990 ж. Қазақ ССР Президентінің постын бекіту туралы ; 25.10.1990 жылғы Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы декларациясы. 3) 10.12.1991 жылғы Қазақ ССР атауының өзгеруі туралы ҚР Заңы; 16.12.1991 жылғы Мемлекеттік тәуелсіздік туралы Заңы. 4) 28.01.1993 жылғы ҚР Конституциясы. 5) ҚР 30.08.1995 жылғы Конституциясы. 6) ҚР 7.10.1998 жылғы ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Заңы.
ҚР Конституциясы оның құрылтайшы сипаты мен 9 бөлім бойынша жинақталған 98 бабын көрсететін кіріспеден тұрады . Онда негізгі мәселелерінің 3 блогы көрсетілген: 1) республиканың конституциялық құрылымының негіздері. 2) жеке бас мәртебесінің құқықтық негіздері. 3) мемлекеттік үкімет органдарының жүйесі мен жергілікті өзін-өзі басқару негіздері.
Конституцияның нормативтік-құқықтық акт ретіндегі ерекшеліктері оның мынандай заңды қасиеттері: Конституцияның 4 бабының 2 тармағында бекітілген жоғары заңды күші; Республиканың барлық аумағына конституцияның тікелей әрекет етуі; қабылдануы мен оған өзгерістер мен толықтырулар енгізудің ерекше тәртібі; конституцияның ерекше қорғалуы.
Конституцияны мынандай түрлерге классификациялауға болады:
1) сыртқы нысаны: а) жазылған (Ресей, АҚШ), б) жазылмаған (Англия, Дания);
2) өзгеріс пен толықтырулар енгізу тәртібі: а) икемділігі, б) қаттылығы;
3) қабылдау тәсілі: а) елдің өкілетті заңды органы қабылдаған, б) бүкіл халықтық дауыс беру жолымен, в) октроирлі (қабілеттілігі)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АДАМДАРДЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Жеке тұлға мен мемлекеттің өзара байланысы, азаматтардың бір-бірімен құқықтық байланыстарын мемлекет заңды түрде - құқық, бостандық пен міндеттер секілді азамат пен адамның құқықтық мәртебесіне міндеттейтін түрде белгілейді.
Жеке бастың құқықтық мәртебесі - азамат пен адамның құқық, бостандығы мен міндеттерінің жиынтығы, сонымен қатар мемлекет нормативтік құқықтық актілермен бекіткен заңдылық кепілдіктерді іске асыру.
Тұлғалардың құқықтық мәртебе құрылымына мынандай құрылым элементтері кіреді:
1. Азаматтық институты;
2. Тұлғаның құқықтық мәртебесінің негізгі принциптері (адам мен азаматтың тең құқықтылығы; адамның құқық пен бостандығынан айырылмауы; гуманизм; азаматтың құқығы мен бостандығына кепілдік беру);
3. Адам мен азаматтың конституциялық құқықтары, бостандығы мен міндеттері;
4. Азамат пен адамның құқығы мен бостандығының конституциялық кепілдігі;
5. Тұлғаның құқықтық қабілеттілігі мен қабілетсіздігі. Оларды қарастырып көрелік:
ҚР 20.12.1991 жылғы Азаматтық туралы Заңы келесі анықтамаларды құрайды: мемлекет пен тұлғаның өзара құқықтар мен міндеттерінің жиынтығын көрсететін, тұлғаның мемлекет пен тұрақты саяси- құқықтық байланысы.
Азаматтық принциптері - оның басты мазмұны мен оның маңызын көрсететін бастау. Оған жататындар:
1. Азаматтық оның алу негізі мен басқа жағдайларға қарамастан бірыңғай және тең азаматтық принцип.
2. Қос азаматтылық мойындалмайды.
3. Азаматтықтан өз еркімен шығу және бостандық принциптері.
4. Қан құқығы принципі- туған кезде берілетін азаматтық. Құқықтық почвасы - ата-анасының азаматтығына қарамастан мемлекет аумағында туса азаматтық беріледі.
5. Қазақстаннан тыс жерлерде азаматтарды кепілдікпен қорғау принциптері.
6. Басқа мемлекетке азаматты беруге жол бермеу құқығы.
ҚР Азаматтық туралы Заңының 10 бабына сәйкес азаматтық тууы бойынша , ҚР мемлекет аралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша азаматтық қабылдау нәтижесінде, азаматтық туралы заңда қарастырылған басқа негіздер бойынша беріледі.Азаматтыққа қабылдау мүдделі адамның сұранысы бойынша ҚР тұрақты жағдайда 5 жылдан кем тұрмаса іске асырылады. Мұндай жағдай ҚР азаматымен некеде тұрған адамдар үшін, республика алдында ерекше еңбегі бар адамдарға тең саналғандықтан міндетті емес, және ҚР аумағынан саяси сарынмен мәжбүрленіп кетірілген азаматтар мен олардың ұрпақтары үшін де міндетті емес.
Азаматтық одан шыққан және оны жоғалтқан жағдайда тоқтатылады. Азаматтықты жоғалту келесі жағдайда жүргізіледі: жеке адамның шет елде мемлекеттік үкімет органы мен басқару органына қызметке тұрған жағдайында; егер де азаматтық әдейі жалған ақпарат пен құжаттар тапсыру нәтижесінде алынған болса; ҚР мемлекет аралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша; егер де жеке адам ҚР тыс жерде тұрақты тұрса және консулдік есепке себепсіз 5 жыл шамасында есепке тұрмаса.
ҚР Президентінің азаматтыққа қабылдау, азаматтықты қалпына келтіру, азаматтықтан шығу мен азаматтықты қорғау мәселелерін шешуге ерекше құқығы бар.
Конституциялық құқық пен бостандықты мазмұнына қарамастан мына топтарға бөлуге болады: 1) жеке басының құқығы мен бостандығы; 2) әлеуметтік, экономикалық және мәдени; 3) саяси.
Әр адамға жеке бас құқығы туғанда беріледі және азаматтықпен байланысты болмайды. Оған өмір сүруге құқық сияқты құқық жатады (ҚР Конституциясының 15-бабы), жеке бас бостандығына (16-бап), қадір-қасиетіне қол сұқпау (17- бап), жеке басқа қол сұқпау (18- бап), ар-ұят бостандығы (22-бап) және басқалар.
Әлеуметтік-экономикалық құқық адамға жақсы өмір мен әлеуметтік қорғауға құқық береді. Бұл құқық еңбек бостандығына (24-бап), жеке меншік құқығына (26-бап), демалуға құқық (24-бап), зейнеттік қамтамасыз ету (28-бап) және басқалар. Мәдени құқықтарға тегін орта білім беру (30-бап), шығармашылық бостандық (20-бап).
Саяси құқықтарға бостандық бірлестігі құқығы (32-бап), мемлекет істерін басқаруға қатысу (33-бап), сайлау және сайлану (33-бап), сөз бостандығы (20-бап).
Жеке адамның конституциялық міндеттері республика Конституциясы және заңнамасымен белгіленген құқықтық талап түрінде бекітілген міндетті тәртіп пен іс-шара түрлерін орындау. Олар ҚР Конституциясының 34,35, 36, 37 және 38-баптарында айтылған. Мысалы, әрбір адамның Республика Конституциясы мен заңнамасын сақтауы.
Азамат пен адамның құқық пен бостандығына конституциялық құқық - ҚР Конституциясы мен заңнамасымен белгіленген мемлекет органдары мен оның лауазымды тұлғаларының, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтардың жеке адамның құқығы мен бостандығын нақты іске асыру мен қорғауды қамтамасыз ету және қолайлы жағдай жасауға бағытталған міндетінің жиынтығы. Жалпы, мемлекеттік және ерекше кепілдіктерге бөлінеді. Жалпы кепілдік - саяси , материалдық, рухани кепілдіктерге бөлінеді. Мемлекеттік кепілдеме - ҚР Конституциясы мен басқа нормативтік құқықтық актілерінде бекітілген азамат пен адамның құқықтары мен бостандығын қорғауды тікелей қамтамасыз ететін саяси құрал мен жағдай жүйесі. Құқық пен бостандық кепілдігіне барлық мемлекет үкіметі органдары қатысады (Президент, Конституциялық Кеңес, Үкімет, Парламент, Прокуратура және т.б.). Құқық пен бостандықтың ерекше заңды кепілдігі ҚР Конституциясының 13,14 және 16- баптарында анықталған.
Құқықтық қабілеттілік және қабілетсіздік құқықтық мәртебе элементі ретінде - бұл тұлғаны құқық субъектісі ретінде және оның заңды құқығы мен міндеттері барын мойындау.
Шет ел азаматтары ҚР заңнамасы бойынша құқықтық жағдайы бойынша республика азаматтарына теңестірілген. Бұл 12-баптың 4-тармағында көрсетілген - шет елдер азаматтары мен азаматтығы жоқ азаматтар Қазақстан Республикасының құқық пен бостандықтарын пайдаланады, сонымен қатар егер Конституциямен, заңдармен және халықаралық шарттармен көрсетілмесе, біздің азаматтар үшін белгіленген міндеттерді орындайды. Сонымен қатар республикада заңды күші бар Президенттің 19.06.1995 жылғы ҚР шет ел азаматтарының құқықтық жағдайлары туралы Жарлығы әрекет етеді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
ҚР Конституциялық құрылымы - адамдардың қоғам мен мемлекеттегі экономикалық, саяси, әлеуметтік және рухни қатынастарын көрсететін қоғамдық қатынастарға негізделетін Конституция жүйесіне бекіту.
Конституцияның 1-бабында Қазақстан Республикасы егеменді, демократиялық, зиялы (зайырлы), құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып жарияланған. ҚР егемендігі басқа мемлекеттердің егемендігін бұзбай ішкі және сыртқы мәселелерді өзі шешуді көрсететін тәуелсіздігін көрсетеді. Егемендікті нормативтік қамтамасыз етуді 25.10.90 жылғы Қаз ССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация орындайды, 9 бап егемендіктің экономикалық негізін бекітеді: егемендіктің негізін құрап, республиканың ерекше меншігіне ҚР аумағындағы жер мен қазба байлықтары, су, әуе кеңістігі, басқа табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи құндылықтары, барлық экономикалық. ғылыми-техникалық потенциал - барлық ұлттық байлықтар жатады .
Сонымен қатар демократиялық саяси режим (түзім) ҚР заңнамаларына бекітіледі. Конституцияның 3-бабына сәйкес мемлекеттік үкіметтің жалғыз табыс көзі болып халық саналады. Ол өзінің үкімін тікелей және мемлекеттік органдар жүйесі арқылы Конституцияда белгіленген түрмен іске асырады. Демократизмнің басты құрамы халықтық басқару, үкімет бөлу, саяси плюрализм, ұлттық егемендік, жергілікті өзін-өзі басқару болып табылады.
ҚР зайырлы мемлекет деп жариялау Республикада ресми мемлекеттік діннің болмауын, мемлекеттің барлық діндерге тең қарауын білдіреді. Дін мемлекеттен толық бөлінген, діни негізде саяси партиялар қызметтеріне жол берілмейді. Мемлекет діни бірлестіктердің қызметтеріне араласпайды, олардың дамуына кедергі жасамайды.
Әлеуметтік мемлекет - саяси ұйым, оның басты міндеттері адам өміріне лайықты жағдай құру, әлеуметтік теңдік принциптері құқығын бекіту болып табылады. Әлеуметтік қатынастар еңбек, білім беру, денсаулық сақтау, демалыс, зейнетақылық қамтамасыз ету және т.б. мәселелерді қамтиды.
Құқықтық мемлекет лауазымды адамдар мен азаматардың мемлекеттік органдар үшін міндетті құқықтық құсқамалары белгілерімен сипатталады; мемлекет пен тұлғалардың өзара жауапкершіліктері; заңның басымдылығы; үкімет бөлу принциптерін іске асыру; заң басымдылықтары; сот үкіметтерінің тәуелсіздігі және басқалар.
ҚР Конституциясы басқарудың республикалық нысанын белгілейді. Мемлекет басында бүкіл халық сайлаған Президент тұрады. Ол Қазақстан халқының аты мен барлық мемлекет атынан сөйлеуге құқылы.
ҚР мемлекеттік құрылым түрінде біртұтас мемлекет болып табылады. ҚР біртұтас мемлекет ретінде бір азаматтық, бір заңдылық, бір мемлекеттік аппарат құрылымы, әкімшілік-аумақтық қоныстың сатылы жүйесі барымен сипатталады.
Конституция республика қызметтерінің негізін құрайтын прннциптерді белгілейді: қоғамдық келісім; саяси тұрақтылық; барлық халық пайдасы үшін экономикалық дамыту; қазақстандық патриотизм; мемлекеттік өмірдегі ең маңызды мәселелерді референдум немесе Парламентте дауыс беруді қоса алғанда шешу.
ЖОҒАРҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҮКІМЕТ ОРГАНДАРЫНЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ
ҚР конституциясына сәйкес Үкіметтің жалғыз көзі болып халық табылады, халық өз үкіметін мемлекеттік органмен іске асыруды табыстайды.
Мемлекеттік органдар - белгіленген заңнама тәртібімен құрылған, мемлекеттік басқару мен бақылау қызметтерін орындауға уәкілеттіленген мемлекеттік мекемелер.
Конституциялық принциптерге сәйкес ҚР мемлекеттік үкіметке бөліну заңдылық, атқарушы және сот тармағы жүйесінде мемлекеттік үкімет органдары түрлерге бөлінеді.
Мемлекеттік үкімет органдары жүйесінде басты рөл Президенттікі. Ұйымдастыруға қатысты ол өзерікті, мемлекеттік үкімет тармақтарының біреуіне де кірмейді, олар арасындағы арбитр болып табылады. Оның құқықтық мәртебесі Конституция нормаларымен және ҚР заңдарымен анықталады. ҚР Президенті туралы 26.12.1995 жылғы Конституциялық заңға сәйкес - мемлекет басшысы Президент ҚР ел іші мен халықаралық қатынастарға таныстыратын жоғары лауазымды адам.
Заңнама Президентке кандидат адамға келесі талаптарды қояды: туғаннан азамматтығының болуын, жасы - 40 жас емес, республикада тұрақты 15 жылдан аз тұрмаған, мемлекеттік тілді еркін сөйлейтін. Президент уәкілеттілігі 7 жыл. Бір адам екі мезгілден көп қатарынан Президент бола алмайды.
Президенттің конституциялық қызметтері ҚР Конституциясының 40 бабында құрылған:
Мемлекетің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтау және Қазақстанды ел ішінде және халықаралық қатынастарда таныстыру;
Президент - азамат пен адамның құқығы мен бостандығының, Конституцияның халық пен мемлекеттік үкімет бірлігінің бейнесі мен кепілдігі;
Мемлекеттік үкіметтің барлық тармағының келісілген қызметін және халық алдындағы үкімет органдарының жауапкершілігін қамтамасыз ету. Бұл қызметтердің дамуы мен нақтылануы Конституция мен басқа заңнама актілерде бар.
ҚР жоғарғы атқарушы органы болып Үкімет табылады. Бұл мемлекеттің атқарушы үкіметі жүйесін басқаратын алқалық орган. Үкімет мемлекеттік басқару мәселелерінің Конституцияға, 18.12.1995 жылғы ҚР Үкімет туралы конституциялық заң мен басқа заңнамаға сәйкес болуын шешеді .
Үкіметті ҚР Президенті құрамында Премьер-министр, оның орынбасарлары, басқа лауазымды министрлар бар құраммен құрады. Премьер-министрді Президент Парламенттің екі Палатасының келісімімен тағайындайды. Өзі тағайындалғаннан кейін 10 күн мерзімінде Премьер-Министр Президентке Үкіметтің құрамы мен құрылымы туралы ұсыныс енгізеді.
Үкіметтің кең түрдегі өкілеттілігі бар, оның ішінде:
- мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын, оның қорғаныс қабілеттілігін, қауіпсіздігін, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуі мен оларды іске асыруды қамтамасыз етеді;
республикалық бюджеттің жобасы мен оның орындалуына есеп беруді әзірлейді;
Мәжіліске заң жобалары мен оларды орындауды қамтамасыз етуді енгізеді;
Мемлекетік меншіктілікті басқаруды ұйымдастырады;
Республиканың ішкі саясаты мен басқа қызметтерін өткізу бойынша іс-шараларды әзірлейді;
Үкімет ҚР Конституциясының, заңдардың, Президент актілерінің, басқа нормативтік құқықтық актілердің негізінде және орындалуы үшін нормативтік және жеке қаулылар шығарады. Премьер-министр жеке актілер болып табылатын және құрамында норма құқығы жоқ өкім шығарады.Үкімет Қаулысы мен Премьер-Министрдың өкімінің барлық республика аумағында міндетті күштері бар.
Республиканың жоғарғы өкілетті органы болып Парламент табылады. Оның құқықтық жағдайы Конституция нормаларымен, басқа заңнама актілермен анықталады, оның ішінде маңызды орын ҚР 16.10.1995 жылғы ҚР Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы Конституциялық заңға беріледі.
Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенатта қоғамның ұлттық-мәдени және өзге де елеулі мүдделерінің білдірілуін қамтамасыз ету қажеттілігі ескеріліп, Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.
Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл. Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбiр үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Бұл орайда олардың кезектi сайлауы бұлардың өкiлеттiк мерзiмi аяқталғанға дейiнгi екi айдан кешiктiрiлмей өткізiледi. Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі.
Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрақты тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы жиырма беске толған адам Мәжіліс депутаты бола алады. Республика Парламенті депутаттарын сайлау конституциялық заңмен реттеледі. Парламенттiң депутаты Қазақстан халқына ант бередi.
Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын бақылайды. Мәслихаттарды жалпыға бiрдей, тең, төте сайлау құқығы негiзiнде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге халық сайлайды. Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Республика азаматы бiр мәслихаттың ғана депутаты бола алады. Мәслихаттардың қарауына мыналар жатады: аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әлеуметтiк бағдарламаларын, жергiлiктi бюджеттi және олардың атқарылуы туралы есептердi бекiту; өздерiнiң қарауына жатқызылған жергiлiктi әкiмшiлiк-аумақтық құрылыс мәселелерiн шешу; заңмен мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жергiлiктi атқарушы органдар басшыларының есептерiн қарау; мәслихаттың тұрақты комиссияларын және өзге де жұмыс органдарын құру, олардың қызметi туралы есептердi тыңдау, мәслихат жұмысын ұйымдастыруға байланысты өзге де мәселелердi шешу; Республика заңдарына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету жөнiндегi өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асыру. Мәслихаттың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын Республика Президенті тоқтатады, сондай-ақ мәслихат өзiн-өзi тарату туралы шешiм қабылдаған ретте де оның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылады.Мәслихаттардың құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi, олардың депутаттарының құқықтық жағдайы заңмен белгiленедi.
Парламент құзырына кіретіндер:
палаталардың бірлескен отырысында іске асырылған құзырлылық;
палаталардың бөлінген отырысында іске асырылған құзырлылық;
Сенаттың ерекше құзырлылығы;
Мәжілістің ереше құзырлылығы;
Басқа палатаның қатысуынсыз өз еркімен шешілетін палаталар құзырлылығы.
Парламент сессиясы палаталардың бірлескен және бөлінген отырыстары түрінде өтеді.
Парламент қызметтерінің негізгі бағыттары заңдарды әзірлеу мен қабылдау болып табылады. Заңдылық үдеріс келесі кезеңдерде болады: 1) заң жобасын енгізу (заңдылық бастама Мәжілісте іске асырылады); 2) заң жобасын Мәжілісте қарау; 3) заң жобасын Сенатта Мәжіліс депутаттарының жалпы санынан көп дауыспен мақұлданғанын қарау, бұл жағдайда Сенаттың депуттарының жалпы санынан көп дауыс жинаған заң жобасы заңды болады; 4) Заңға Президенттің қол қоюы; 5) заңды ресми түрде жариялау.
Жергілікті мемлекеттік басқаруды жергілікті өкілетті және атқарушы органдар іске асырады. Олардың құқықтық жағдайлары ҚР Констиитуциясының 8 бөлімі мен ҚР ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы 23.01.2001 жылғы Заңымен анықталған.
Жергілікті өкілетті органдар - мәслихаттарды - тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұратын азаматтар сайлайды. Депутаттар саны ҚР Орталық сайлау комиссиясымен анықталады. ҚР 20 жасқа толған азаматы депутат болып сайлана алады.
Мәслихаттардың жүйесі облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардан тұрады. Мәслихаттар тиісті аумақтың әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламаларының орындалуын, жергілікті жерлерде Конституцияның, заңдардың, Президент пен Үкімет актілерінің орындалуын, республикалық және жергілікті органдар арасындағы байланысты, халықты жергілікті істерді басқаруға тартуды қамтамасыз етеді.
Жергілікті атқарушы органдар бірыңғай атқарушы органдар жүйесіне кіреді, атқарушы үкіметтің аумақтың даму мүддесі мен талаптарының үйлесуін жүргізуді қамтамасыз етеді. Атқарушы үкімет органдарының жүйесіне жергілікті жердегі әкімдер мен әкімдіктер, басқармалар, бөлімдер мен комиссиялар және басқа бөлімшелер мен қызметтер кіреді.
Облыс, республикалық маңызы бар қала мен астана әкімдерін лауазымдарына Премьер-Министрдың ұсынуы бойынша республика Президенті сайлайды.
Басқа әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері лауазымдарына ҚР Президенті анықтаған тәртіппен сайланады немесе тағайындалады.
Сот үкіметінің органдары - бұл Жоғарғы сот пен жергілікті соттар кіретін ҚР сот жүйесінің құрам бөлігі. Арнаулы және төтенше соттардың мекемелеріне республикада тыйым салынған.
Жоғарғы сот ҚР барлық сот жүйесін басқарады және төменгі тұрған соттардың қызметтеріне соттық бақылау жасайды. Жоғарғы соттың төрағасы, сот алқасының төрағалары мен тұрақты судьялары болады. Жоғарғы соттың судьясы ҚР Жоғарғы сот Кеңесінің ұсынысына негізделген ҚР Президентінің ұсынуы бойынша сайланады.
Жоғарғы сот соттылыққа жататын сот істерін қарайды; республика соттарының құқықтық сотқа жіберудегі заңдылықтарды сақтауларына сот тәжірибесін зерттейді; сот тәжірибесінде заңнаманы қолдану мәселесі бойынша түсінік беретін нормативтік қаулыларды қабылдайды.
Облыстық судьялар мен соларға теңестірілген соттарды Жоғарғы сот Кеңесінің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды. Төменгі тұрған соттардың судьяларын Президент білікті әділет алқасының ұсынысына негізделген Әділет министрлігінің ұсынысы бойынша Президент тағайындайды. Тұрақты судьяларды Парламент Сенаты сайлайды немесе лауазымдарына Президент тағайындайды.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ
Сайлау құқығы объективті мағынада - мемлекеттік үкімет органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары сайлауын өткізу барысында туындайын қоғамдық қатынастарды реттейтін, құқықтық нормалардың жиынтығы. Субъективті мағынада - бұл мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару сайлауларына, сайлауға (ынталы сайлау құқығы) және сайлануына (пассивті) азаматтың қатысу мүмкіндігіне мемлекеттік кепілдік.
Сайлау жүйесі - принциптер белгілейтін, солардың негізінде сайлаулар іске асырылатын заңды нормалардың жиынтығы. Ол ұйымдастырудың тәртібі мен сайлау өткізуді анықтайды, мемлекеттік үкімет органдарын құру мен жергілікті өзін-өзі басқару барысында туындаған қатынастарды реттейді.
Азаматтардың сайлауға қатысу принциптері - бұл сайлау құқығының негізгі басы, онда қоғам мен мемлекет істерін басқаруға (ҚР Конституциясының 33 бабы) азаматтардың қатысу құқығын іске асыру негізі жатыр.ҚР сайлау құқығының негізгі принциптері: жалпылық, теңдік, тік және жанама сайлауға дауыс берудің құпиялығы. Бұл ҚР Конституциясы мен ҚР 28.09.1995 жылғы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы Конституциялық заңында бекітілген.
Жалпыға ортақ сайлау құқығы - ҚР анықталған жасқа жеткен, жынысына, ұлтына, шығу тегіне, дін ұстанымына және т.с.с қарамастан барлық азаматтары сайлауға және мемлекеттік үкіметтің сайлау органына сайлана алады. Жалпыға ортақ сайлау құқығы активті және пасссивті болып бөлінеді. Активті - ҚР 18 жасқа жеткен азаматтарының сайлауға қатысып дауыс беруге қатысу құқығы. Пассивті- Республика азаматтарының Президенттікке, Мәжіліс парламенті мен Мәслихат депутаттығына Конституцияда белгіленген шектеулермен сайлана алулары.
ҚР Парламентінде депутаттардың тікелей және жанама сайлаулары анықталған. Тікелей сайлау құқығының принциптері Президент, Парламент мәжілісі мен Мәслихаттың депутаттары, Республиканың жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін азаматтардың тікелей сайлауларымен түсіндіріледі. Жанама сайлау құқығы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауына сайлаушылар қатысады, яғни Мәслихат депуттары болып табылатын ҚР азаматтары.
Сайлау құқығына ҚР азаматтарының теңдігінің принципі, сайлаушылардың Президентті, республиканың Парламент Мәжілісі мен Мәслихат депутаттарын тең негізде сайлауға қатысуы және әрбір сайлаушы тек бір ғана тізімге енгізіледі, бұл сайлауда тек бір рет қана дауыс бере алады, бірде-бір сайлаушы басқа сайлаушылар алдында ешқандай артықшылыққа ие болмайды.
Құпия дауыс беру сайлаушының өз еркімен дауыс беруін бақылауды, сонымен қатар сайлаушы еркіне қысым жасау мүмкіндігін болдырмайды.
Сайлау жүйесі дауыс беру нәтижесіне байланысты кандидаттар арасында мандаттарды бөлу тәсілімен түсіндіріледі. Бұл мағынада мажоритарлық және пропорционалдық жүйе көрінеді.
Қазақстан Республикасының Президентiн конституциялық заңға сәйкес жалпыға бiрдей, тең және төте сайлау құқығы негiзiнде Республиканың кәмелетке толған азаматтары жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзiмге сайлайды. Республика Президентi болып тумысынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған, мемлекеттiк тiлдi еркiн меңгерген әрi Қазақстанда соңғы он бес жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Республика Президентiнiң кезектi сайлауы желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiледi және ол мерзiмi жағынан Республика Парламентiнiң жаңа құрамын сайлаумен тұспа-тұс келмеуге тиiс. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi. Егер кандидаттардың бiрде-бiрi көрсетiлген дауыс санын ала алмаса, қайтадан дауысқа салынады, оған көп дауыс алған екi кандидат қатысады. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың ең көп дауысын алған кандидат сайланды деп есептеледi.
Парламент Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде (азаматтар сайлауға қатыспайды) іске асырылады. Сенатты республиканың тиісті облыс, республикалық маңызы бар қалалар мен астаналардың барлық өкілетті органдары депутаттарының бірлескен отырысында ҚР әр облыс, республикалық қалалар мен астаналарынан екі адамнан сайланған депутаттар құрайды. Сайлаулар сайлаушылардың бірлескен отырысында жүзеге асырылады. Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мәслихаты мен астаналардың барлық мәслихаттарынан сенім білдіретін сайланған депутаттар санынан 50% артығы қатысулары қажет. Дауыстарды санау мен дауыс беру қорытындысын анықтаған кезде сонымен бірге көпшілік дауыс берген мажоритарлық жүйе қолданылады.
Парламент мәжілісі депутаттарын сайлау кезінде араласқан сайлау жүйесі қолданылады. Мәжіліске сайлану қорытындысы бойынша депутаттық мандаттарды бөлу барысына ҚР-ғы сайлауға қатысқан 7 % кем емес сайлаушылар дауысын иеленген партиялар ғана қатыса алады. Дауыс беру партиялық тізім бойынша жүргізіледі, және әрбір партия оған дауыс бергендердің тепе-тең санына қарай орын иеленеді.
ҚР сайлауға дайындалу мен оны өткізуді, бірыңғай жүйе қалыптастырушы мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Мемлекеттік сайлау органдарының бірыңғай жүйесіне: республиканың орталық сайлау комиссиясы (ОСК); аумақтық сайлау комиссиялары; округтік сайлау комиссиялары; учаскелік сайлау комиссиялары енеді. Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі бес жыл.
ОСК Республиканың сайлау комиссияларының бірыңғай жүйесін басқарады және тұрақты әрекет етуші орган болып табылады. ОСК құрамында ҚР Президентінің ұсынымы бойынша Парламент Мәжілісі лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын төраға, хатшы және комиссия мүшелері болады. ОСК төрағасы мен хатшысының жоғары заң білімі болу керек.

Ұсынылатын әдебиеттер
1. Амандықова С.К. Қазақстан Республикасының Конституциясы: мән және заң табиғаты. Қарағанды 2000.
2. Бәйішев Ж. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы, 2001.
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы Ғылыми-құқықтық түсініктеме Сапарғалиева Г.С. редакциясы бойынша. Алматы, 2004.
4. Көбеев Е.Қ. Конституциялық құрылым негізі - Қазақстан Республикасының конституциялық құқығының жетекші институты. Көбеев Е.Қ. - Қарағанды: ҚарМУ, 2000.

СӨЖ үшін бақылау тапсырмалары (о.-1,4,5,13; д.-1,2,3,5,6,7,9,10)
1. ҚР Конституциясы - мемлекеттің негізгі Заңы.
2. ҚР конституциялық-құқықтық құрылымы.
3. ҚР сайлау жүйесі.

3-тақырып. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және соты (1 сағат)
Жоспары
1. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері.
2. Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі.
Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері.
Мемлекет қоғамды саяси ұйымдастырудың ең үздік түрі, онда өз субъектілерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған әртүрлі қызметтер бар. Мемлекет теориясы және құқығымен танылған оның негізгі қызметтерінің бірі азаматтардың құқықтары мен бас бостандықтарын, меншігін, құқықтық тәртібін, және адамның басқа да тұрмыстық маңызды құндылықтарын қорғау болып табылады. Осы бағыттағы жұмысын мемлекет еркіне беру, нұсқама және тыйым салуларды белгілеп құқықтық нормалар арқылы жүзеге асырады. Құқықтың көмегімен мемлекет адамдарды дұрыс қылықтар жасауға итермелеп, саналық мінез-құлқына әсер етеді. Қылықтар заңды және заңсыз болуы мүмкін, осыған байланысты мемлекет:
1) құқықтық нормаларды бұзуға дейін және одан тыс - субъектіні құқықтық мінез-құлқы шегінде ұстауға;
2) заң бұзу кезінде - заңға қайшы әрекеттерге (әрекетсіздік) тыйым салу, олардың жағымсыз салдарларын болдырмау;
3) заң бұзылғаннан кейін - жазықтыны әшкерелеу, оны құқықтық жауапкершілікке тарту, бұзылған субъективтік құқықты қалпына келтіру бойынша шаралар қолдану.
Құқық бұзышулық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық шығармашылықтың түрлері
Республикасының құқыққа қарсы жекелеген әрекеттері үшін қылмыстық жауаптылық туралы заңдары
Мемлекетті басқарудың теориялық астары
Бас бостандығынан айыру мемлекеттік мәжбүрлеу түріндегі қылмыстық жазасының жалпы сипаттамасы
Нормативтік актілердің күші
Мемлекет және құқық теориясының түсінігі әдістері
Мемлекет және құқық теориясының пәні
Мемлекет және құқық теориясы пәні
Әкімшілік процестің субъектілері
Мемлекеттің ішкі функциялары
Пәндер