Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың теориялық негіздері
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1 Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың теориялық негіздері ...9
1. Индикативті жоспарлаудың негізгі мақсаттары.
2. Индикативті жоспарлау жүйесі принциптері мен әдістері.
3. Индикативті орта мерзімді жоспарлауды ұйымдастыру.
2 Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың тиімділігін жолдарын талдау
2.1 Қ.Р - ның әлеуметтік экономикалық дамуын жоспарларын негізгі бағыт
тарын талдау
1. Қазақстандағы индикативтік орта мерзімді жоспарлау үрдісін талдау.
3 Қ.Р - ның әлеуметтік экономикалық дамуының 2009 - 2010 жылдарға арналған орта мерзімді жоспарын жетілдіру бағыттары.
Кіріспе
Иңдикативтік жоспарлау -- жалпы экономикалық дамуды алдын ала болжау яғни сол үшін тікелей бағыттарды анықтау деген сөз. Олар шаруашылық субъектілері үшін бұрынғы социализм кезіндегідей директивті (міндетті) емес. Онда мемлекет тарапынан шағын (азғантай) ғана міндетті тапсырмалар көрсетіледі және олардың орындалуын қамтамасыз ету үшін экономикалық механизм белгіленеді. Бұл механизмге арнайы жасалтан заңдар жүйесі мен экономикалық реттеуші тетіктер (рычаги) жатады. Оның құрамына бюджет, қаржы-қаражат, салық, кеден, несие, баға мен табыс, сыртқы экономикалық саясат, орталықтандырылған мемлекеттік инвестициялар, мемлекеттік тапсырыс жүйесі және т. б. кіреді.
Индивигаттық жоспарлаудың негізгі мақсаттары:
-Ішкі және әлемдік (дүниежүзілік) нарық конъюнктурасы, инвестиция не басқа шаралардың қожалық етуші субъектілердің экономикалық тетігіне әсер етуі, бюджеттік ассигаованиенің мемлекет ұсынған бағттары туралы ақпарат жүйесін қалыптастыру;
-мемлекеттік (ұлттық) бағдарламалар негізін құрайтын көрсеткіштеріді нарық субъектілеріне ұсыну. Бұл көрсеткіштер субъектілерге өз шаруашылық әрекеттерін іске асырғанда қажет болуы мүмкін;
-тауар өндірушілерді жаңа техника мен технологияны дамыту, басқа да ғылыми-техникалық прогресс табыстарын пайдалану мәсслелеріне бейімдеу (бағдар беру).
Индикативтік жоспарды қалыптастыру кері байланыс принциптерін жүзге асады: үкімет экономикалық саясаттың бас стратегаясы мен негізгі бағыптарын жасайды, макроэкономикалық көрсеткіштер түрінде индикаторлар құрамын (экономика тетіктерін) нақтылайды, олар келешекте субъектілердің шаруашылық әрекеттерін дамытуда есепке алынады; өз кезегінде шаруашылық субъектілерінің талап-тілектері мен көрсеткіштері республиканың (облыс, аудан) әлеуметтік-экономикалық, дамуының индикативтік жоспарын жасауда ескеріледі.
Елімізде орта мерзімді жоспарлау процесін ұйымдастырушы мемлекеттік оргон Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау минстрлігі басшылықты және заңнамада көзделген шекте қызмет атқарады. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеуді салааралық үйлестіруді, Қазақстан Республикасының экономикалық жоспарларын және Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарларын, мемлекеттік қаржыны, лицензиялау жүйесін басқаруды, орта мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған убликалық бюджеттің жобасын қалыптастыруды жүзеге асыратын орталық басқарушы орган болып табылады.
1 Мемлекеттік басқарудың индикативтік жоспарлаудың теориялық негіздері
1.1 Индикативтік жоспарлаудың негізгі мақсаттары
Қатаң директивтік жоспарлаудан бас тартын, нарықтық қатынастарға өту халық шаруашылығының бүкіл механизмінін әрекеттерін үйлестірудің жаңа нысандарын талап етеді. Мұнда мемлекеттік экономиканы басқарудағы шаралар, жеке бизнеспен, қожалық етуші субъектілермен өзара қарым-қатынас демократиялық принциптер негізінде индикативтік, ұсыным түріндегі жоспарлау арқылы құрылады.
Индикативтік (нұсқаулы, реттеуші) жоспарлау үрдісінде мемлекет бүкіл халықтың, ұлттың және елдің барлық аймақтарының сұранысын ескере отырып, экономикалық даму туралы әр түрлі бағдарламалар, жоспарлар жасайды. Онда шаруашылықтың ресурстармен толық қамтылған негізгі бағыттары мен көрсеткіштері нақтылы анықталады және солар арқылы барлық кәсіпкерлердің мүдделерін ескере отырып, олардың қоғамның стратегиялық даму жоспарларын орындауға ынталылығын арттыру көзделеді.
Индикативтік жоспарлау дегеніміз -- мемлекеттің әлеуметтік және экономикалық саясатына сәйкес ел экономикасының болашақ белгілі бір мерзімге бейімделіп жасалған параметрлер (көрсеткіш индикаторлар) жүйесінің қалыптасуы және соны жүзеге асыру үшін мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық үрдістерге әсер ететін шаралар жиынтығы.

1. Индикативті жоспарлау жүйесі принциптері мен әдістері.

Қазақстан Республикасыңда индикативтік жоспар алғаш рет экономиканы тұрақтандыру, дағдарысқа қарсы жедел шаралар қолдану мен әлеумеітік-экономикалық реформаларды тереңдету Бағдарламасына сәйкес жасалды (1994 -- І996 жж.). Бұған дейінгі қолданылып келген директивтік жоспарлаудан индикативтік жоспарлаудың басты ерекшелігі - оның нұсқау беруші, бағаттаушы сипатында.
Индикативтік жоспардың макрокөрсеткішттері бұрынғыдай, орталықтан жіберілген директивтік жоспардағыдай орындаушыларға үлестірле салынбайды, алайда қожалық етуші субъектілердің өздері бұл жоспарларды іске асыруға қатысуға ынталы, өйткені ол шаруашылықтың мақсаттары үшін жауап береді, болашақта дамудың жолын көрсетеді.
Әлеуметтік экономикалық даму процесінің бірлігі мен мақсаттылығын қолдау үшін жоспарлаудың жаңа жүйесі мына негізгі талаптарды қанағаттандыруы керек:
-экономиканы басқаруда шаруашылық салалары мен секторларын мүмкіндігінше толық қамтамасыз ету, оларды қойған мақсаттарға жетуге бағалау,
-нарық механизімін негізге ала отырып, шаруашылықтың өз қарекетін күнделікті реттеп отыруын жоғары дәрежеде қамтамасыз ету;
-шаруашылық салаларының экономикалық бастамаларын көрсетуге қажетті мүмкіндіктер беру;
-нарық механизмін баса пайдалануды үнемелі өндіріс процесіне саналы әсер етумен бірге қолдану, әрине, мұнда экономиканың жалпы тепе-теңдігі (сбалансированность) бұзылмауы керек;
-реттеу әсерлерінің (әрекеттерінің) өдістерін әр түрлі жағдайларға бейімдеу, яғни басқару нысанының сипатын меншік түріне және өндірістік маңызына қарай таңдап ала білу.
Дамудың индикативтік жоспары мына негізгі принциптерге сүйенеді:
-жоспардың стратегиялық мақсат пен ағамдағы даму міндеттерін жүзеге асыруға бағытталуы;
-жоспардың үздіксіздігі, яғни ағымдағы, орта мерзімдегі және ұзақ мерзімді жоспарлардың өз мезгілінде жасалуы;
-макроэкономикалық тепе-теңдікті қамтамасыз ету, жоспардың өндірістегі шығындарды азайтуға бағынышталуы;
-жоспар шешімдерін қабылдауға кешенді сипат беру;
-жоспарлаудың икемділігі және ыңғайлылығы, ол үдемелі, ұдайы өндіріс жағдайларының өзгеруін уақытыңда реттеп асыруға мүмкіндік береді;
-халық шаруашылығының басты, басым салаларын бақылауды қамтамасыз ету;
-қабылданған шешімдердің (көрсеткіштердің) ғылыми негізде дұрыстығын ескеру.
Әлеуметтік- экономикалық дамудың әр түрлі бағыттары бойынша стратегиялық мәні бар және мемлекеттің қуатын әсерін талап ететін жоспарлар жасағанда, оны қалыптастыруда және орындауда қатаң талаптар жоққа шығарылмайды. Олар әсіресе ұлттық бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты, кез келген индивкаттық жоспар мына бөліктерді қамтиды: тұжырымдамалық бөлім (әлеуметтік - экономикалық даму тұжырымдамасы), болжау бөлімі (әлеуметтік-экономикалық даму болжамы) және жоспарлы реттеуші бөлім (экономикалық реттеушілер жүйесі мен мемлекеттік мақсатты кешенді бағдарламалар). Мұнда алғашқы екеуі ұсыныс сипатында, ал үшіншісі -міндетті талап болып табылады.
Индивикативтік жоспарлар жүйесіне стратегиялық (ұзақ мерзімді), тактикалық (орта мерзімді) және ағымдық (бір жылға дейінгі) жоспарлар кіреді.
Стратегиялық жоспар 10-15 жылға арналып жасалады және экономикада құрылымдық қайта құруды жүзеге асырудың кезеңдерін, стратегиясын, мақсатын, артықшылықтарын анықтайды. Барлық елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, елдің дамуы, оның жетістіктері ғылыми түрде дұрыс жасалған стратегаялық жоспарларға, әсіресе олардың мезгілімен орындалуына байланыста болады. Стратегаялық жоспар мына тараулардан тұрады;
1,Әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдау.
2,Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы.
3,Негізгі махроэкономикалық көрсеткіштер.
4,Ұлттық бағдарламалар.
Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау өндіріс қуатынын жағдайын, экономика дамуының ішкі және сыртқы тенденцияларын, мемлекеттік реттеушілер жүйесі жұмысының нәтижелілігі мен әрекеттілігін, өндіргіш күштердің сапалылығы мен оның дамуын, сонымен бірге осыларға әсер етуші процестерді айқындап, оны әлемдік экономиканың дамуымен салыстыра көрсетуі қажет.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың тұжырымдамасы әлеуметтік-экономикалық саясатың стратегиялық мақсаты мен міндеттерін, басым бағыттарын сондай-ақ оларға жету жолындағы ұлтық бағдарламалар тізбесін анықтайды.
Шаруашылықты дамуынының ұзақ мерзімді басым бағыттарын тандау экономикалық саясатының басты және айқын кезеңі болып табылады. Дамыған елдер тежірибесі көрсетіп шығарғандай, артықшылықпен пайдаланатын бағыттар экономиканың дағдарысқа ұшырау кезеңінде шектеулі болуы тиіс.
Макроэкономиканың негізгі керсеткіштері арқылы экономикалық өсудің қарқыны, қоғамдық өндірістік құрылымы, халық шаруашылығның негізгі тепе-теңдіктері, мемлекетің, кесіпорының және халықтың қаржылық мүмкіндігі бағаланып, болжанады.
Стратегиялық жоспар ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды талдауға, жобалау есептері мен сараптау бағаларына (даму тенденцияларынан тұратын) негізделеді, ол мыналарды анықтайды:
-дамудың мақсаты және перспективті (болашақ) мүдделерінің жүйесі;
Стратегаялық жоспар
1 сурет.Стратегаялық жоспар
халық шаруашылығының басты, басым бағыттары ; және оны жүзеге асыру кезеңдері;
-экономикалық өсудің мүмкін қарқыны және макроэкономикалық үйлесімділіктер;
-экономикадағы құрымдылық өзгерістер;
-ресурс потекциялы, оны қолданған бағыттары мен тиімділігі;
-ішкі және сыртқы экономикалық саясатың негзгі бағыттары:
-шаруашылық жүйесіндегі негізгі ұсынылып отырған әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясының негізінде халық шаруашылығының басым бағыттары бойынша арнайы мемлекеттік инвестициялық және ұлттық даму бағдардамалары жүзеге асырылады.
Ұлттық бағдарламалар әлеуметтік-экономикалық стратегияны және оның дамуын жүзеге асыруда мемлекеттік реттеуді ұлттық мақсат пен міндеттерге сәйкес жүргізуге көмектеседі. Директивті және иңдикативті әдістің қосыңдысы ретінде ұлттық бағдарламалар кешенді шаралар жүргізетін жоспарлы құжат болып табылады. Онда ресурстар, орындаушылар және орындалу мерзімі, түрлі салалар мен қожалық етуші субъектілер меншіктің түріне қарай бір-біріне сәйкестендіріліп, байланыста қарастырылады. Ұлттық бағдарламалар ірі әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық және басқа да көкейкесті проблемаларды шешу арқылы тиімділігі жоғары ұлттық экономиканы қалыптастыруға бағытталады. Олар алға қойған мақсатқа толық жетуге қажетті мерзімді қамтиды.
Орта мерзімді және жылдық жоспарларды қалыптастырғанда ұлттық бағдарлама бөлек тарауға -- индикативтік жоспардың Экономикалық реттеушілер деген тарауына енгізіледі, сонымен бірге өндіріс өнімдерінің салалық жоспарларында, қызмет көрсетуде және мемлекет қажетін қамтамасыз етуге арналған бюджеттік сұраныстарда көрініс табады.
Қазақстан Республикасының болашақ он жылдыққа (2001-2010 жж.) арналған ұзақ мерзімді стратегиялық жоспары жасалып, әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық бағыттары бойынша нақтылы міндеттер мен басымдықтар анықталған.
Атап айтқанда, 2010 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық саланы дамуда мынандай негізгі мақсаттар алға қойылады:
-жекелеген секторларда орнықты әрі басқалармен бәсекелесе алатындай экономика қалыптастыруды жалтастыру;
-жалпы ішкі өнімнің (ЖӨ) көлемін кем дегенде екі есеге көбейту;
-экономиканың аса маңызды салаларында ұлттық капиталдың үлесін артыруға қол жеткізу;
-халықтың әл-ауқатын анағұрлым арттару.
Бұл міндеттерді орындау шартты түрде үш кезеңде жүзеге асырылады.
Бірінші кезеңде ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттар -- экономиканың жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз ету және еліміздегі халықтың тұрмыс деңгейін арттыру көзделеді.
Екінші кезең ұзақ мерзімді мақсаттарға -- экономика мен халықтың тұрмыс деңгейін құрылымдарына сапалық өзгерістер енгізуге бағытталады.
Үшінші кезеңде әлеуметтік-экономикалық мақсаттар -- елімізде экономиканың, әлеуметтік саланың және экологиялық жағдайдың тұрақты дамуға көшуге белгіленеді.
Ұзақ мерзімді стратегиялық жоспар бойынша елімізде бәсекелестігі зор экономика құру, соның негізінде қазақстандық үлгі (модель) қалыпттастыру көзделеді. Онда мемлекет экономикалық дамуға белсенді араласып, оның "локомотиві" ролін атқаруы тиіс. Соның нәтижесінде: ірі-ірі жүйелі құрылымды компаниялар, өнеркөсіптік-қаржылық топтар құрылып, олар аймақтық, мүмкін болса, дүниежүзілік деңгейге көтеріледі;
-орталық және жергілікті басқару органдарының функциалары толық бөлініп анықталады;
-отандық кәсіпорындар бәсекелестік мүмкіндігін арттырып, шетел компанияларымен ішкі және сыртқы рыноктарға еркін араласады. Әсіресе импорт алмастыру мен экспорттақ жағдайларда белсенділік көрсету маңызды.
Стратегиялық жоспарда қойылған мақсаттар жан-жақты сараланып, оған әр түрлі бағыттар бойынша жету жолдары көрсетілген. Онда саяси-әлеуметтік (демографиялық даму, білім және денсаулық реформалары, жұмыспен қамту, халықты әлеуметтік қорғау), өнеркәсіптік технологиялық және агроиндустриалдық санаттар, көлік инфрақұрылымы, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаны қорғау, ақша-несие, салық-бюджет және инвестициялық саясаттар, мемлекеттік меншікті басқару, саяси және әкімшілдік басқару жүйесін реформалау, жергілікті басқару органдарын жетілдіру мәселелері қамтыған.
Қазақстан Республикасының дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының преспективалық бағыттарын анықтау арқылы оның бәсеклестік мүмкіндіктерін арттырады. Сонымен қатар ол әрбір министрліктер мен ведометволардың, ұлттық компаниялардың, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының стратегиялық жоспарларының базасы болып саналады.
Орта мерзімді (5 жылға дейінгі) индикативтік жоспарлар Қазақстан Республикасы әлеуметтік - экономикалық дамуының индикативтік жоспары тұжырымдамасына сәйкес жасалады. Онда мемлекеттік экономикалық саясаттың негізгі тактикалық мақсаттары мен бағыттары және оларға жетуде мемлекеттік ықпал ету жолдары көрсетіледі. Сонымен бірге мемлекеттің, кәсіпорындардың және халықтың жоспарланған мерзімге шамамен бөлінетін ресурс мүмкіндіктері анықталады. Мысалы, 1996-2000 жылдарға арналған экономикалық дамудың негізгі мақсаты экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету және осы тұрғыда халықтың әл-ауқатын көтеру болып табылады. Бірінші кезеңде -- 1996 - 1998 жылдары республикада өндірістің құлдырау процесін тоқтату және оны тұрақтандыру мүмкіндіктері, екінші кезеңде -- 1999 -- 2000 жылдары өндірістің тұрақты өсуін және халықтың тұрмыс дәрежесін қалпына келтіру көзделеді. Орта мерзімге арналған жоспар ұзақ мерзімге арналған жоспарлардағы параметрлерді нақтылап, берілген уақыт кезеңінің мақсаты мен міндетіне жету шараларын анықтайды. Ол кең көлемдегі көрсеткіштер деңгейінде жасалып, шаруашылық салаларына (эвеноларына) бағдар мен ұсыныс ретіңде қызмет етеді.
Орта мерзімді жоспар жасау барысында әлеуметтік-экономикалық дамудың өз кезеңіне сай, стратегиялық-тактикалық мақсат-мүддені іске асыруға бағытталған экономикалық реттеушілер жүйесі анықталады.
Орта мерзімді жоспар мына тараулардан тұрады:
1.Әлеуметтік-экономикалық жағдайды талдау.
2.Экономикалық саясатың негізгі бағыттары.
3.Әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері.
4.Экономикалық реттеуіштер.
1.Әлеуметтік-экономикалық дамуды талдау барысында дұниежүзілік экономикалық даму үрдістері мен Қазақстан экономикасының жай-күйі анықталады.
Қазіргі уақытта дүниежүзілік экономикада оң үрдістер (процестер) нығаюда, ал Азиядағы, Латын Америкасындағы және Ресейдегі қаржы дағдарыстарымен байланысты 1997-1998 жылдардағы құлдыраудың салдары толығымен жойылды. 2000 жылы жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсу дәрежесі 1999 жылмен салыстырғанда дүниежүзілік экономикада 4,7 пайызға, АҚШ-та 5,2 пайызға, Еуроаймақта 3,5 пайызға, дамушы елдерде 5,4 пайызға жетті. Алайда, болжам бойынша, шикізат бағасының өсуі, рынок дамуының әлемдік сипаты әсерінен алдан уақытта (2004 ж.) бұл қарқын Америка және Еуроаймақ бойынша аздап төмендеуі мумкін (3,0 -- 2,5 пайыз), бірақ Жапонияда және дамушы елдерде бұл көрсеткіш 0,8-1,0 пайызға дейін артады деп жобалануда. Тұтасымен алғанда, онтүстік-азиялық аймақ бойынша құлдыраудың ізінше шұғыл жанданудан кейін, бұл елдер экономикасының жай-күйі жетілу деңгейде орнықты болып қала береді.
Қытай бұрынғы қарқынын бәсеңдететін емес, оның ЖІ - - Ө-і 2000 жылы 7,0 пайызға артады деп күтілуде.
Ресейдің 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған стратегиялық жобасында ЖІӨ-нің өсу қарқынын он жыл мерзім ішінде жылына орта есеппен кем дегенде 5-6 пайызға жеткізу көзделген.
Қазақстан экономикасының жай-күйі де түзеліп келеді. 1991 -- 1995 жылдары ЖІӨ мөлшері жылына орта есеппен 6,7 пайызға қысқарып отырса, 1996-2000 жылдары оның орташа жылдық өсімі 1,4 пайызды құрады. Осы жылдар ішінде экономиканың барлық нақты салаларында өндіріс көлемі үдемелі түрде ұлғаюда.
Сонымен қатар дүниежүзілік экономикада соңғы екі жылда жаңа және ерекше қауіпті күштер пайда болды, мұны көптеген елдер өз бастарынан өткізді. Бұл дүниежүзілік қаржы рыногына ғылыми сипат беру және американдық экономиканы күйретуге қабілетті орасан мол ақша қаражатының бақылаусыз ауысуы болып табылады. Мысалы, бірқатар мамандар қазір дүниежүзілік қаржы жүйесінде 300 трлн доллар мөлшеріндегі капитал еркін қозғалыста деп есептейді. Ол икемді және тиімді, көбінесе жалдаптық, қаржылық жұмсалымдарды іздейді.
Экономикалық саясаттың басты мақсаты - жедел экономикалық дамуды қамтамасыз ету. Ол үшін экономикалық ілімнің талаптары бойынша тауарға немесе өндірілетін өнімге жаңа қасиеттер беру, озық және жаңа технологиялар мен өндіріс әдістерін енгізу, жаңа энергия мен шикізат көздерін игеру, өндірісті ұйымдастыруда монополиялық элементтердің әсерін азайту немесе жою жолдарын табу қажет. Сонда ғана шетелдік компаниялармен бәсекеге түсе алатын өнім өндіруге болады.
Осыған сәйкес еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2001-2005 жылдарға арналған индикативтік жоспарында мынадай мақсаттар мен басымдықтар көрсетілген. Олар: макроэкономикадағы тұрақтылық, өңдірісті интенсивтендіру және бәсекеліктікті артыру, ғылым жеткіліктері мен жаңа технологияларды, соның ішіңде инцустриялық-ақпаратты технологияларды өндіріске енгізу, кедейлік деңгейін қысқарту және адами ресурстарды дамыту, адамдардың қалыпты тіршілігін қамтамасыз ету, тұрмыс деңгейін жоғарылату, моральдық және әдептілік сапаларын тәрбиелеу, аймақтардың дамуын теңестіру. Экономикалық саясатын негізгі бағыттары әлеуметтік-экономикалық дамудың стратегаялық жоспарының, ұлттық бағдарламаның, жоспарлау мерзімінің басында қалыптасқан экономикалық және саяси жағдайды ескере отырып, негізгі мақсат-мүддені мерзімдік тұрғыда нақтылауды көздейді, сонымен қатар дамудың ең тиімді жолын таңдап алуға мүмкіңдік береді.
Қазақстан Республикасы әлтеуметтік-экономикалық дамуының 2001 -2005 жылдарға арналған индикативтік жоспарының негізгі бағыттары мен көрсеткіштері 17 тараудан тұрады. Онда макроэкономиканың жай-күйі мен перспективалары, мемлекеттік мүлікті басқару және жекешелендіру, бағалы қағаздар рыноган, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын, ғылым мен технологаяларды, шағын кәсіпкерлікті дамыту, кедейлікпен күрес және халықты әлеуметтік қорғау, тұрғын халық демографиясы, жұмыспен қамту, еңбек ресурстарын дамыту, әйелдердің экономиканы дамытуға қатысуы, білім беру, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды басқару, мәдениетті, туризм мен спортты, инфрақұрылмыды дамытудағы мемлекеттік және салалық бағдарламалар қамтылған.
Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдардағы әлеуметтік- экономикалық дамуы индикативтік жоспарының негізгі бағыттары мен көрсеткіштерінің сипаттамасы
Макроэкономикалық болжамда ақша-несие саясаты, банк жүйесін және несиелік қатынастарды дамыту, қаржы рыногын жетілдіру, салық-бюджет саясаты, инвестициялық және сыртқы экономикалық, баға және монополияға қарсы саясаттар анықталады.
2001 -- 2005 жылдардағы ақша-несие саясатының негізгі мақсаты -инфляцияны төмен деңгейде ұстап тұру, банк жүйесін дамыту және жетілдіру. Қаржы рыноганың тұрақтылығын сақтау халықтың сенімін арттырудың және оның жинақтарын қаржы секторына тартуды жандандырудың ажырамас шарты болып саналады. Салық-бюджет саясатының мақсаты мемлекеттің өзіне жүктеген функциялары мен қойған міндеттерінің іске асырылуын қаржылық тұрғыда
көрсеткіштері өзара сәйкестікте алынады. Нарық жағдайында жоспарлау жүйесі өзара байланысты қамтамасыз ету болып табылады.
1.3 Индивикатты орта мерзімді жоспарлауды ұйымдастыру

Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы-Үкіметінің келісімдеріне, өзгеде нормативтік құқықтық кесімдерге, Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің ережесіне сәйкес жүзеге асырады. Министрлік мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тулға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы жазылған мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланклері, сондай-ақ заңнамға сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы минстрлігінің Қазынашылық органдарында және банктерде шоттары болады. Министрлік он төрт департаменттен тұрады. Олардың ішінде тікелей орта мерзімді жоспарларды дайындау қызметін Экономикалық саясат және қамдау департаменті атқарады. Департаменттің негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
1) ҚР Үкіметінің мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттары бойынша ұсыныстарды дайындау;
2) шешімдер, бағдарламалар, заңнамалық құжаттардың жобаларына юмикалық талдау жасау;
3) ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуын болжамдау, экономикалық талдау жасау және реформалардың жүзеге асырылуын бағалау;
4) Министрліктің бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысын қамтамасыз ету.
Департамент бекітілген заңдылықтарға сай келесі қызметтерді атқарады:
1) ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарын дайындау мен жүзеге асыруды методологиялық және ұйымдастырушылық тұрғыда қамтамассыз ету;
2)экономикалық саясаттың негізгі бағыттарын қосатын орта мерзімді парларды орталық және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен дайындау;
3)экономикалық зерттеулер саласында ведомствоға қарасты ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру;
4)елдін әлеуметтік-экономикалық дамуына мониторинг жургізу;
5)ұлттық есептер мен болжамданған баланстар жүйесін үйлестіру мен дайындауды жүзеге асыру;
Облыстардың орта мерзімді жоспарларын әзірлеудің және бекітудің тәртібі. Облыстардың орта мерзімді жоспарларын әзірлеу екі кезеңде жүзеге асырылады. Бірінші кезеңде жергілікті уәкілетті органдар:
-алынған материалдар мен экономикалық жоспарлау жөніндегі аудандық және қалалық бөлімдердің ұсыныстары негізінде экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде Облыстардың орта мерзімді жоспарларының ірілендірілген параметрлерін әзірлейді және жоспарланатынның алдындағы жылдын 20 ақпанына дейін бюджет комиссиясына ұсынылатын Республикалық орта мерзімді жоспардың жобасына енгізу үшін Министрлікке ұсынады;
-жоспарланатынның алдындағы жылдың 10 наурызына дейін жергілікті уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімді жоспарларының жобаларын тиісті жергілікті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
-жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырына дейін жергілікт уәкілетті органдар облыстардың орта мерзімді жоспарларының жобалары Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлар министрінің бұйрығымен бекітілген кестеге сәйкес Министрлікпен және басқа мүдделі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен келісуді жүзеге асырады;
-жоспарланатынның алдындағы жылдың 15 маусымына дейін облыстың (қаланың) әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттары және облыстың (қаланың) орта мерзімді кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының аса маңызды көрсеткіштерінің болжамы жергілікті атқарушы органның бекітуіне енгізіледі.
-Екінші кезеңде қолданыстағы және әзірленетін өңірлік бағдарламаларды тізбелерін, басым жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларда (бағдарламаларды) қалыптастыру және өңірді дамытудың болжамда бағалауды нақтылау, Облыстың орта мерзімді жоспарының бөлімдерін түзету жүргізіледі:
1) жоспарланатынның алдындағы жылдың шілдесінде жергілікті уәкілетті органдар Облыстардың орта мерзімді жоспарларын пысықтауды жүзеге асырады және оларды облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің қарауына енгізеді;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, Астананың әкімдіктері 15 қазанға дейін мүдделі орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдармен келісілген облыстардың орта мерзімді жоспарларын алдағы қаржы жылына арналған тиісті жергілікті бюджеттердің жобаларымен бір мезгілде тиісті мәслихаттардың бекітуіне ұсынады.
Ұлттық компаниялардың даму жоспарларын әзірлеудің және бекітудің құрылымы, тәртібі. Ұлттық компаниялар өздерінің даму жоспарларын жылжымалы негізде жыл сайын үш жыл мерзімге әзірлейді (Ұлттық компаниялардың жоспарлары).
Ұлттық компаниялардың жоспарлары мынадай бөлімдерді қамтиды:
1) ұлттық компанияны (даму институтын) дамытудың жай-күйі туралы баяндама;
2) ұлттық компанияның инвестициялық бағдарламасы;
3) дамудың аса маңызды көрсеткіштерінің болжамы.
2 сурет. Ұлттық компаниялардың жоспарлары
Ұлттық компаниялар жоспарлары бөлімдерінің құрылымы, нысандары көрсеткіштерінің тізбесі Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
Ұлттық компаниялардың жоспарларын әзірлеу және бекіту мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
1) Министрлік бекіткен Ұлттық компания жоспарының нысандары, көрсеткіштер тізбесі және құрылымы негізінде жоспарланатынның алдындағы жылдың қаңтарында ұлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иелену және пайдалану құқықтарын жүзеге асыратын мемлекеттік оргондар ұлттық компания жоспары жобасының әзірленуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
2) салалық мемлекеттік органда қаралғаннан кейін Ұлттық компанияларының жобасы жоспарланатынның алдындағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей Министрлікке тапсырылады;
3) жоспарланатынның алдындағы жылдың мамыр-тамызында Ұлттық компаниялар жоспарларының жобалары бюджет комиссияның шешімдерін және Экономиканы дамытудың жоспарланатын кезеңге арналған аса маңызды көрсеткіштерінің болжамын ескере отырып нақтыланады;
4) жоспарланатынның алдындағы жылдың тамызында Ұлттық компаниялар жоспарларының жобалары заңнамада белгіленген тәртіппен мүдделі мемлекеттік органдармен, соның ішінде Қазақстан Республикасының қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттігімен (табиғи монополиялардың субъектілері болып табылатын және Қазақстан нарығында басымдық жағдайға ие ұйымдар үшін) келісіледі;
5) жоспарланатынның алдындағы жылдың төртінші тоқсанында үлттық компаниялар акцияларының мемлекеттік пакеттерін иеленуді және пайдалануды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар Ұлттық компаниялардың жоспарлары жобаларын Қазақстан Республикасының Үкіметіне бекіту (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бекітуге ұсыну) үшін енгізуді қамтамасыз етеді.
Орта мерзімді жоспарларды әзірлеуді әдіснамалық және ақпараттық қамтамасыз ету.
Орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ өзге мемлекеттік органдардың орта мерзімді жоспарларды әзірлеу кезіндегі жұмыстарына әдіснамалық басшылықты және оларды үйлестіруді Министрлік жүзеге асырады.
Министрлік өзінің шешімдерімен бағалар дамуының және тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісі серпінінің болжамдық көрсеткіштерін анықтауды қоса алғанда, орта мерзімді жоспардың тиісті бөлімдерін қалыптастыру жөнінде әдістемелік ұсыныстар әзірлейді және бекітеді.

2.1 Жоспарлау жүйесі, принциптері мен әдістері
Жоспарлау жүйесі қоғамда экономикалық заң талаптарын жүзеге асыру негізінде қолданылатын ұйымдастыру формалары мен әдістерін жиынтығы болып табылады. Оның құрамына бір-бірімен өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық деңгейдегі болашақ және ағымдағы жоспарлары кіреді. Бұл жоспарлардың мақсаты, оларды жасау әдістері және екі бағытты қамтиды.
2 сурет. Жоспарлар жүйесі
Біріншісі - республикалық және аймақтық дәрежедегі мемлекеттік индикативтік жоспарлау. Оған тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге жөн сілтеуге бағытталған ғылыми болжаулар, бағдарламалар, басқа да жоспарлы құжаттар жатады. Индикативтік жоспарлау мемлекеттің әлеуметті экономикалық дамуының мақсаттары мен басымдықтарын, оларға сәйкес келетін параметрлер (индикаторлар) жүйесін және оған жетудің жолдары көрсетеді.
Екінші бағыты - шаруашылық (фирмалық) жоспарлау. Жоспардың бұл түрі әрбір қожалық етуші субъектінің және оның өнімдері мен қызметтері пайдаланушылардың мүдделерін қарастырады. Бұл жоспарлар мемлекет бағдарламалар мен жобалауды ескере отырып жасалады.
Қазақстан Республикасында экономикалық жоспарлау жүйесі ұзақ мерзімді "Қазақстан-2030" стратегиясына негізделген. Осыған сәйкес Үкімет стратегиялық жоспарлау агенттігімен бірлесе отырып, 15 жылға арналған өндіргіш күштерді дамыту және орналастыру үлгісін жасайды.
Теория жүзіңде және өмірлік тәжірибеде мазмұнына, мерзіміне және басқа да ерекшеліктеріне қарай жоспардың бірнеше түрі кездеседі
1. Мазмұнына қарай, экономикалық саясат пен кәсіпкерлік әрекетін байланысты жоспарлар мынадай түрлерге бөлінеді:
-стратегиялық жоспарлау, мұнда елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын жүзеге асыру бағыттары мен әдістері, қожалық етуші субъектілердің мақсаты мен міндеттері көрсетіледі.
Олардың даму жолдары, түрлендіру мен қайта құру әрекетері ұзақ мерзімге есептеледі. Ол жаңа шешімдер мен мүмкіндіктер іздестіруге итермелейді:
-тактикалық жоспарлау, бұл нарықтың өзгеру жағдайын ескере отырып орта мерзімді стратегиялық мақсаттардың шешілуін көздейді;
-қауырт (оперативті) жоспарлау, мұнда қолда бар мүмкіндіктер өте
қысқа мерзімде (жыл, маусым, ай, он күн) жүзеге асырылады.
2. Жоспарлар қамту келеміне қарай темендегідей болып бөлінеді:
-қойылған мәселеге қатыстыстылардың бәрін қамтитын жоспарлау (кеше немесе халық шаруашылығы байынша);
-тек белгілі мәселені не мөлшерді, жеке теориторияны қамтитын бөлшектік жоспарлау;
2 ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz