Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дайындау
Мәтінді қабылдауға оқушыларды психологиялық дай - ындау.
Көркем шығарма жазушының сөзі арқылы жасаған көркем бейнесі, картинасы арқылы қабылданады. Шы - ғарманы оқыған кезде оқушыда елес (адамдардың портреті, табиғат картинасы т. б.) туады. Бұл оқушының сезімін де қозғайды. Балалар қояннан қорыққан қасқыр туралы оқығанда күледі. Бомба түсіп: -- Ей, тілсіз жануарлар. Мені, де, сені де балапанынан айырған американдық қарақшылар ... деген сөздерді оқығанда, көздеріне жас келеді. Осы ішкі көрініс айқындала түсу үшін, оқушының санасында осы бейне анық жасалу үшін шығарманы оқымас бұрын оқушылармен алдын ала дайындық жұмысы жүргізіледі. Бұл көбіне әңгіме түрінде үйьмдастырылады. Дайындық әңгіме оқығалы тұрған шығармадағы оқиғаға ұқсас, балалардың өз өмірінде болған оқиғаларды еске түсіру сияқты тәсілдермен өткізіледі.
Мысалы, М. Әуезовтың атақты Абай жолы романы кішкене балалардың түсінігіне сай келетіндей етіп, қысқартылып алынған Абайдың балалық шағын көрсететін үзінді оқулықта Бүлдірген тере барғанда тақырыбы арқылы беріледі. Осы мәтінді оқуға дайындау барысында мұғалім балаларға бүлдіргеннің қандай түрлерін білетіндерін айтқызып, оның қалай өсетіні, балалардың бүлдірген теріп керген-көрмегендері жөнінде әңгіме өткізеді. Сонан соң асау атты үйрету жайында балалардың білетін оқиғалары туралы әңгімелеседі. Осылайша, алдын ала әңгіме жүргізілгеннен кейін, Бүлдірген тере барғанда шығармасының мазмұнын білуге оқушылардың ынтасы артып, оны тереңірек ұғынуларына және әңгімеден молырақ әсер алуына жағдай жасалады.
Алдын ала жүргізілген әңгімеде мұғалімнің оқылатын мәтінде кездесетін жаңа сөздер мен қиын ұғымдарды түсіндіруді ұмытпағаны жөн. Әңгіменің ішіндегі түсініксіз сөздердің мән-мағынасын біліп алмайынша, оны оқығанда мазмұнын ұғу балаларға өте қиынға соғады. Ал оқулықтарда әрбір әңгімедегі осы түсініксіз болады-ау деген сөздердің барлығын теріп алып, мәтіндерлің аяғына сөздік ретінде бере беруге болмайды. Яғни оқулықты сөздікке айналдыруды оның қағидасы көтермейді. Мысалы, шет мемлекеттердегі балалар өмірінің қандай екендігінен мағлұмат беру мақсатында Егерде мен мэр болсам, Африкадан хат әңгімелері, сондай-ақ Джон -- негр баласы өлеңі сияқты материалдар беріледі. Осы шығармаларды оқымас бұрын ақ, қа - ра, порт, батырақ сөздерінің мәнін түсіндіріп алмай, оқуға кірісуден нәтиже шамалы болар еді. Сондай-ақ Советтік менің өз елім тақырыбының аса күрделі ұғымын күн ілгері нақты түсініп біліп алмаса, ондағы материалдардың қоғамдағы алып құрылыстар жөнінде жазылғанына, ол шығармалар тобы елімізді сүюге, оның ерекшелігін көрсететініне көңіл аудару мүмкін емес. С.Мұқановтың Өмір мектебі кітабынан үзінді Сорлылар, Қостағы өмір сияқты әңгімелерді оқымас бұрын Қазан революциясына дейінгі елдің балаларының жағдайы, панасыз балалардың халі жөнінде сөйлесіп, кедей балаларының жағдайы, өмірі туралы біраз түсінік беріп алмаса, әңгіменің мазмұны оқушыларға күңгірт қалады. Сондай-ақ Б. Майлиннің Күлпаш, Колхоз қорасында, Кедей теңдігі, т. б. с. с. шығармалардың әрқайсысының алдынан олардың қай кездегі оқиғаны баяндайтыны, сол кездегі елдегі жағдай жөнінде балалардың I -- II сыныпта оқығандары мен ата-аналарынан естігендерін еске түсіре, соларды пайдалана отырып, әңгіме өткізбей, бірден оқуға кірісуге болмайды. III сыныптағы Сырым ба - тыр әңгімесіндегі Сырымның, Тарас Шевченко әңгі-месіндегі Шевченконың кім екенін айтып, оның неге елін аңсағанына түсінік бермейінше, мәтінді сыдыртып оқып, оның мазмұнын балаларға қайта айтқызумен тынса, сабақтың білімдік те, тәрбиелік те әсері шамалы болып шығады.
Дайындық әңгіменің ұзақтығы оқылатын материалдың ауыр-жеңілдігіне байланысты.
Сонымен шығарманы оқуға дайындау жұмысы, біріншіден, балаларды оқылатын әңгіменің мазмұны мен ондағы кейіпкерлердің ісін саналы түсіне білуге дай - ындау, екіншіден, оқылатын әңгіменің мазмұнына қызықтыру, үшіншіден, ондағы түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру мақсатында жүргізіледі. Дайындық жұмысының да көздейтін түпкі мақсаты -- балаларға шы - ғарманы толық та саналы қабылдауға мүмкіндік туғызу. Дайындық жұмысында қандай әдіс-тәсілдер қолдануға болады:
а) Оқушылардың өздеріне әңгіме айтқызу. Кейбір шығармаларды оқуға дайындау барысында балаларға өздерінің басынан кешірген немесе естіп, көріп, оқып білген оқиғалары жөнінде әңгіме айтқызылады. Мұндай әңгіме балалардың ойы мен сезімін қозғауға жәрдем етеді. Мысалы, Ғ. Мұстафиннің Қырман үстіндегі ту әңгімесін оқуға дайындалуда егін жинау, астық тасу жұмыстарында балалардың болған-болмағандары анықталып, әңгімеге тартылады.
С. Мұқановтың Сең үстінде әңгімесін оқымас бұрын жазғытұрым өзендерде сең жүру оқиғасы, А. Кононовтың Шушь өзені бойында шығармасын оқу алдында балалардың коньки теуіп ойнауы т. с. с. әңгімеге арқау болады.
ә) Мұғалімнің әңгімесі. Кейбір жағдайларда, егер оқылатын материалды түсінуге қажетті фактілерді балалар білмейтін болса, мұғалімнің өзі кіріспе әңгіме айтып береді. Мысалы, Джон -- негр баласы шығармасымен танысуды жоспарлағанда мұғалім, Америкадағы теңсіздік жөнінде оқушыларды сендіретіндей мағлұмат беруге дайындалады. Осыған байланысты фактілер жинайды. Ондай фактілерді көбінесе күнделікті баспасөзден, әдеби шығармалардан алуға болады. Фактілер балаларды қызықтыратындай болғаны жөн, яғни балалар мұғалімнің әңгімесін тыңдай отырып, шы - ғарманы оқуға құмартатындай, оқығанша асығатындай жағдайда болғанда -- дайындық әңгіменің талапқа то - лық сай өткені.
б) Ұжымды түрде әңгіме айту. Біреу білмсгенді біреу біледі. Жеке оқушыдан гөрі сыныптағы барлық оқушының білетіні көп болады. Сондықтан кейбір жағддйда оқылатын материалға қажет - ті мағлұмат ұжымды түрде айтылатын әңгіме ұйымдастыру арқылы анықталады. Мұнда балалар өз беттерімен біреулері екіншілерінің айтқанын түзетеді, толықтырады. Мұғалімнің міндеті - балаларға басшылық жасау егер қажет болса, олардың айтқандарын қорыту.
Әнгіменің барысында бұрын оқылып өткен материалдардағы фактілерді немесе балаларға басқа кітаптардан күнделікті тәжірибелерінен белгілі фактілерді пайдаланған тиімді. Мысалы, Б. Майлиннің III сыныптағы
Күлпаш әңгімесін оқуға дайындалуда II сыныпта оқылып өткен, осы шығарманың, басқы бөлімдерінде әңгімеленген оқиғалар еске түсіріледі. Ю.Гагариннің Космосқа тартқан жол әңгімесін оқыр алдында ІІ сыныпта өтілген Ю Гагариннің Космоста мен не көрдім т.с.с материалдардан оқушылардың есінде қалған фактілер пайдаланылады.
в) Экскурсияда б а й қ а ғ а н д а р ы н пайдалану Оқушылардың әңгімесі болсын, мұғалімнің әңгімесі болсын қай-қайсысын да балалардың экскурсияда көргендерімен байланыстыру өте тиімді нәтиже бе - реді. Бұл айтылғанның бір әңгімені немесе өлеңді оқыр алдында арнайы экскурсия ұйымдастыру керек деген тумасқа тиіс. Бірақ мұғалім жыл бойы өтетін материалды қай кездерде өтетінін жоспарлап алғаннан кейін балаларға дүниетану материалдарына байланысты шығарма жаздыру үшін материал жинату мақсатында алуан түрлі экскурсиялар ұйымдастырады. Осы экскурсиядан кірген-білгендерін оқушыларға окулықтағы шы-ғармалармен танысу жұмыстарында пайдалануды үйретудің пайдасы мол. Мысалы, кейбір мұғалімдер балаларды көктемнің бас кезінде өзенге (жақын жерде: өзен бар жерлерде) экскурсия ұйымдастырып сеңнің түсуін бақылатады. Осы экскурсияның материалы ретінде (С.Мұқанов) әңгімесін оқығанда пайдаланылады немесе күзде оқушыларға айналадағы өзгерістерді байқату үшін далаға, орманға, егін жинау құралдарымен таныстыру үшін егістікке, қырманға т.б.с.с. жерлерге экскурсия ұйымдастырылады. Мұнда экскурсияның материалдарын оқулықтағы табиғат көрінісін суреттеген шығармаларды оқығанда пайдалануға болады.
г) Суреттерді қарау. Шығарманың мазмұнына сай суреттер берілсе, олар оқуға дайындық кезінде пайдаланылады. Мысалы, табиғатты бейнелейтін суреттерді шығарманы оқымас бұрын қолдануға болады. С.Мәуленовтың Қыс келбеті өлеңін оқымас бұрын тіл дамытуға арналған суреттердің ішінен Қысқы ойын, Қыс тақырыптарына берілген суреттерді көрсетуге болар еді. Немесе оқығалы отырған әңгіменің мазмұнына сай келетін суреттерді пайдалану (мысалы, М. Әуезовтың Бүлдірген тере барғанда әңгімесін оқуға дайындық кезінде Молдахмет Кененбаевтың Қашаған қуу картинасын көрсетуге болар еді). Жекелеген портреттер, суреттер, пайдаланылады (мысалы, Мейірімді тәрбиеші мақаласын оқыр алдында Н. К. Крупскаяның түрлі портреттерін пайдалануға болар еді). 3. Иманбаевтың Мысалдарын оқымас бұрын маса мен өгіздің, қасқыр мен кірпінің т.б.с.с. суреттерін қолданған тиімді. Мұнда есте болатын нәрсе -- оқулықта берілген су - реттерді алдын ала көрсетіп, оқылатын материалдардың мазмұнын айтып қоюға болмайды. Өйткені ол суреттер материал оқылып шыққан соң немесе оны оқу барысында материалдың мазмұны жөніндегі түсінікті тереңдете түсу үшін берілді.
д) Сұрақтар қою. Оқуға дайындық кезінде сұрақ қою тәсілінің қандай жағдайда тиімді болатыны алдын ала ойластырылады. Мұнда көп нәрсе материал - дың дауыстап немесе іштен оқылатынына байланысты болып келеді. Егер оқушыларға дауыстап оқылатын шығарманың алдында бірнеше сұрақ берілсе, ал олар осы сұрақтарға материалды бірінші оқығанда жауап дайындауға тиіс болса, мұндай жағдайда балалардың көңілі алаңдайды да, шығарманың ойдағыдай әсері болмайды. Сондықтан дауыстап оқылатын шығарманы оқуға дайындық кезінде алдын ала сұрақ берудің қажеті жоқ. Ал шығарма іштен оқылатын жағдайда оның мазмұны бойынша оқушыларға 2 -- 3 сұрақ беріп қоюға болады.
Мәтінге байланысты ұйымдастырылатын сөздік жұмысы. Оқу сабақтарында сөздік жұмысына әдейі кезең бөлінбейді. Алайда сөздік жұмысы сабақтың өн бойынан орын алады. Мәтінді дұрыс қабылдау үшін сөздік жұмысын жүргізбейінше мақсатқа жету мүмкін емес. Мы - салы, бірқатар оқушылар вокзал, перрон, метро, эска - латор т.с.с. сөздерді түсіндірмесе, ішінде осы сөздер кездесетін мақалаларды дұрыс қабылдай алмайды, оларда елес тумайды. Оқу барысында түсініксіз сөздер ғана емес, сондай-ақ сөз тіркестері де кездеседі (Мы - салы, әдісіңе ақылыңды жолдас ет т. б.). Сондықтан оқылатын шығармаларда кездесетін сөздердің мағынасын түсіндіру жұмысы мәтінді дұрыс қабылдау шартының бірі болып табылады.
Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру үш кезсңде жүргізіледі:
1) мәтінді оқуға дайындық кезінде;
2) шығарманы оқу барысында;
3) оқып болғаннан кейін.
Мәтінді оқуға дайындық кезінде шығарманың мазмұнын ұғынуға қиындық келтіретін сөздер түсіндіріледі. Бұл жөнінде жоғарыда айтылды. Мұнда тағы бір ескеретін жай: шығарманы оқымас бұрын онда кездесетін, мағынасы ауырлық келтіреді-ау деп ойға алған сөздердің барлығын тізіп алып, шетінен түсіндіре беру керек дсгсн ой тумасқа тиіс. Қейбір сөздердің мағынасы контекске қарай өзінен-өзі түсінікті болатынын ескеру қажст және оқымас бұрын көп сөздер мен ұғымдарды түсіндіре бергенімен, ұмытылып қалады да, оған қайта оралу керек болады.
Шығарманы оқу барысында екі-үш сөзбен қысқаша ғана түсіндірілетін сөздер немесе синоним арқылы түсіндірілетін сөздер іріктеліп алынады. Мысалы, III сыныпта Африкадан хат әңгімесін оқығанда құрма ағаштары, -- жеміс ағаштары, лашық -- үй, қаршадай -- кішкентай, дүмше молда -- шала молда, отаршылар -- қанаушылар т.б.с.с. Алайда оқу барысында сөз мағына-сын түсіндіруді өте байқампаздықпен жүргізу талабы қойылады. Өйткені оқып келе жатқан материалды үзіп тастап, сөзді түсіндіруге кірісу -- оқушының зейінін алаңдатып, мәтінге деген ынтасы мен қызығуын тежейді де, балалардың бірқатары онан әрі оқылған материалды тыңдамайды. Сондықтан сөз мағынасын оқу бары - сында түсіндіруге әуес болмаған жөн.
Ал өлең оқу барысында қиын сөздер мүлде түсіндірілмейді. Өйткені өлеңнің ырғағы, дауыс мәнері бұзылып, тыңдаушыға әсері азаяды.
Сөздерді шығарманың мазмұнын балалар әлде де тереңірек ұғыну үшін немесе оқушылардың сөздік қорын молайту мақсатында түсіндіру қажет болады. Мұндай сөздер шығарма оқылғаннан кейін, яғни шығарманың мазмұнын талдау барысында түсіндіріледі (мысалы, сол Африкадан хат әңгімесінен: азап шеңгелі, темір тегеуріні, плантация т. б.).
Сөздер мен бейнелі ұғымдарды түсіндіруде, мысалы, порт, батырақ сияқты сөздерді қалай түсінетіндерін Порт деген не, Батырақ деген кім? деп, сұрап өте шығуға болмайды. Мүғалім мұндай мәтінде кездесетін қиын сөздерді өзі әңгіме айтқанда, әңгімесінің ішіне, ал балалардың әңгімесін тыңдағанда, оларға қоятын сұрақтарының ішіне кірістіре отыруға тиіс.
Сөздік жұмысы мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен ғана бітпейді, сонымен қатар олжаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу, жаңа көріністерді байқау сияқты жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар оқушылардың ойын, тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады. Осы мақсатпен мұғалім түсініксіз сөздерді түсінді - румен және оны оқушылардың түсінген-түсінбегендерін тексерумен ғана тынбайды, сонымен бірге оқушылардың сөздік қорына енгізуге тиіс сөздерді алдын ала белгілеп алып, балалар сөйлегенде сол сөздерді кірістіре отыратындай жағдай жасайды.
Оқушылардың ойын, тілін дамытуда синоним сөздер - ді пайдалануға үйрету жұмыстарының ролі күшті. Ол үшін мәтінді оқуға дайындалу жұмыстары кезінде:
1. Мәтінде синоним сөздер бар ма, болса, олардың мағыналарын қалай ұғындыру керек, балалар жауаптарында ол сөздерді қолдану үшін, қандай сұраулар қою қажет -- осыларды анықтайды.
2.
Егер мәтінде синоним сөздер болмаса, ал мұғалім балаларға синоним сөздерді білдіргісі келсе, оны қалай
ұйымдастырған жөн: оқу барысында сөздің синонимін айтып түсіндіре ме, қорытынды әңгімеде кірістіре ме, сурет арқылы ма, әңгімелесу барысында ма осыларды қарастырады.
Сөйтіп, мұғалім мәтінді оқуға дайындалу кезінде, біріншіден, мәтінді дұрыс қабылдауға қажетті сөздерді, екіншіден, оқу барысында оқушыларға мағынасы ұғындырылатын сөздерді, үшіншіден, оқушылардың актив сөздігіне енгізілуге тиісті сөздерді іріктеп алады.
Міне, осылайша, оқу сабақтарының барлығының органикалық элементі ретінде жүргізілетін лексикалық жұмыс оқушылардың ойы мен тілін дамытудың ең маңызды шарты болып есептеледі.
Сөздік жұмысын жүргізгенде мұғалімнің есінде болатын жағдай -- сөздік жұмысын балалардың өз өмірімен, нақты елестерімен байланыстыру. Ол үшін оқу ба - рысында жаңа сөз кездескенде оқушыларда осы сөзбен байланысты қандай елестер барын ашуға тырысу керек. Егер ондай елестер жоқ және жеткіліксіз болса, мүға - лім затты немесе оның суретін көрсетеді, оған анық сипаттама береді. Психологтардың айтуынша, сөздік жұмысының әдістемесіндегі басты талап -- сөз бен ба - лалар санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру. Өйткені сөз бала санасында нақты елестің жеткілікті қорынсыз пайда болмайды.
Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру тәсілдері алуан түрлі. Оның ішіндегі бастылары:
1. Затты табиғи жағдайда бақылау немесе оны сыныпта көрсету, экскурсия ұйымдастыру.
2. Заттың өзін немесе суретін, түрлі картинкалар көрсету арқылы сөздердің мағынасын ашып түсіндіру.
3. Синоним сөздер қолдану: Қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік? сияқты сұраулар қою арқылы синоним табуға оқушылардың өздерін қатыстырып отыру.
4. Сөзді кейде морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірген де пайдалы. Мысалы, тетелестері сөзініңтүбірі қайсы? т. б.
5. Сөздерге анықтама беру арқылы жиі түсіндіріледі: аэродром -- самолет ұшып, қонатын алаң т. б.
6. Абстракциялық ұғымдарды түсіндіру үшін тұрмыстан мысалдар қелтіру, фактілер келтіріп, әңгіме айту. Мысалы,батырлық, қамқорлық, қайғы, адамгершілік.
7. Сөз мағынасын түсіндіруде техникалық құралдар қолдану. Бірақ мұнда диафильмдерді бастан-аяқ көрсетудің қажеті жоқ, үзінді ғана алу керек.
Мәтінді дұрыс қабылдауға байланысты жүргізілетін жұмыстың үшінші түрі -- шығарманы оқу. Мұнда көпшілікмұғалім шығарманың мазмұны күрделі, көлемі ұзақ болмаса, оны әуелі өзі дауыстап оқып шығады. Осыған орай, шығарманы алдымен тұтас оқыған дұрыс па, әлде бөліп-бөліп оқыған дұрыс па деген сұрақ туады. Шығарма бірінші рет оқылғанда оқушылар ондағы кейіпкерлердің істерімен танысуға тиіс. Егер бөлініп оқылса, балаларға оның мазмұнын түсіну оңай болмайды. Сондықтан шығарма алғаш рет тұтас оқылғаны жақсы. Шығарманың мазмұнын бір оқығанда-ақ тыңдаушылардың көкейіне қондырып, санасына жеткізу үшін, ол нақышына келтіріле, мәнерлеп оқылуға тиіс. Сондықтан оны әуелі мұғалімнің өзі оқиды немесе оқу техникасын меңгерген, мәнерлеп, дұрыс оқи алатын балаға оқытады. Бірақ әсіресе ырғағы қиын немесе жолдары ұзақ, бала демі жетіңкіремейтін өлендер, көркем фразалар мен сөз өрнектері қездесетін шығармаларды мұғалімнің өзі оқығаны жөн. Мысалы, В. Маяковскийдің Кім болам? өлеңін талапқа сай, әсерлі де асқақты үнмен оқып беру балаларға оңайға түспейді. Кейбір оқуға жеңіл қысқа үзінділер мен мақала стилімен жазылған шағын әңгімелерді шамалылау оқитын оқушыларға оқытуға болады. Ондай материалдарды оку арқылы балалар оқу дағдысына төселеді, келе-келе мәнерлеп оқитын болады.
Мәтінді оқушыларға бөліп оқытқанда оны кез келген жерден үзбей, әр бөлімді белгілі бір аяқталған ойды білдіргені дұрыс.
Шығарманы бір рет тұтас оқып шыққанда балаларда жалпы ұғым ғана қалыптасады, енді осы тұтас қабылдаудан бірте-бірте оның жеке бөліктерін талдауға көшу қажет. Бірақ қайталап оқуға кіріспес бұрын оқушылардың мәтінді алғашқы қабылдау дәрежесін тексеріп алған жөн. Мұғалім мәтіндегі негізгі фактіні анықтау үшін екі-үш сұрақ қояды. Жауаптарына қарай, әңгіменің қай жері күштірек әсер етті, баланың ой жүрісі қандай бағытта т. с. с. анықтайды.
Бастауыш мектеп бағдарламасы тілдің көркемдік құралдарымен практикалық таныстыруды да міндеттейді. Бұл міндетті орындау үшін бақылау жургізу керек. Мұндай жұмыстар мәтіннің мазмұнын талдау барысында, сонымен қоса жүргізіледі.
Шығарманьщ көркемдік қасиетін таныту жұмысы дұрыс жүргізілсе, оның мазмұнын толық та терең түсінуге жағдай жасалады. Бұл жұмыс өте күрделі, сондықтан мұғалімнен үлкен шеберлікті, жан-жақты ойластыруды (белгілі бір шығарманың құрылысы мен тіліне оқушылардың зейіндерін қандай жолдармен аудару ке - рек, кандай бақылаулар жүргізтуге болады, оқушыларға қалайда эстетикалық әсері күшті болу жағын ойластырған дұрыс т. б.) қажет етеді. Бұл тұрғыда оқу кітаптарында бірқатар тапсырмалар берілген. Дегенмен онымен ғана қанағаттанып қоймай, мұғалім өз тұрғысынан біраз жұмыстар іздестіруіне тура келеді.
Шығармаға жоспар жасау. Жоспар шығар - маның мазмұнын көрсететін уақиғалардың жүйесін білдіреді. Жоспар жасау жұмысы екі түрлі жолмен іске асады:
1) әңгімені бөлімге бөлу;
2) бөлімдерге ат қою, оны тәртіптеп жазу.
Оқушылар әңгімені бөлімдерге бөлу үшін, ондағы басты ойды және қосымша мәселелерді анықтайды.
Жоспар жасау шығарманың мазмұнын толық та те - рең түсінуге мүмкіндік береді. Бөлімдерге бөлу процесі шығарманы бір рет тұтас оқып шыққаннан кейін, қай - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz