МИКОЗДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

МИКОЗДАРДЫҢ СИПАТТАМАСЫ

Микоздар-адамдардың, жануарлардың, өсімдіктердің арасында кең таралған аурулар. Дегенмен, мұндай инфекциялар соңғы жылдарға дейін (15-20 жыл бұрын) айтарлықтай аландатушылық туғызбады. Қазіргі кезде саңырауқұлақтар қоздыратын аурулар жиі кездесе бастады және өте ауыр түрде көрініс беретін болды. Оның әртүрлі себептері бар, соның ішінде ең маңыздысы-иммундық жүйе қызметінің бұзылуы, науқастың иммундық қорғанысының зардаптануы. Иммундық тапшылықтың жиі кездесуі өз кезегінде (таңқаларлық болып көрінседе) медицинаның, биологияның жетістіктерімен байланысты. Бірінші кезекте- антибиотиктер индустриясының дамуы, медицинада және шаруашылықтың көптеген салаларында кең пайдалану; сүйек кемігін және басқа агзаларды трансплантациялау; сәулелермен, гормондармен емдеу ж. т. б. Осындай жағдайларға байланысты әлсіз вирулентті шартты патогенді саңырауқұлақтар инфекция қоздыра бастады. Мысалы Саndidа, олар ауруханаішілік індет қоздыруға себепкер бола бастады. Ұдемелі АИВ (ВИЧ) -инфекция кезінде дамитын микоздар ұлкен қиындық туғызып отыр. Осындай ауруларда кандидалар, криптококтар, гистоплазмалар, пневмоцисттар өте ауыр оппортунистік инфекциялар қоздырады. Иммунды тапшылыққа шалдыққан ауруларға өсімдіктерде (томатта) ауру қоздыратын саңырауқұлақтар жұққан жағдайда өліммен аяқталу тіркелген. Иммундық жұйе қызметі кұрт төмендеген ауруларда ең ауыр зардаптану дамиды. Осындай ауруларды «тірі Петри табақшасымен» салыстыруға болады, өйткені науқастың организмі бұл кезде патогенді, шартты-патогенді микробтар, бірінші кезекте- саңырауқұлақтар, үшін қоректік ортаға айналады.

Саңырауқұлақтар адамдарда 4 топқа бөлінетін аурулар қоздырады:

  1. Аллергиялық аурулар. Микогенді аллергия кең таралған, ауыр тұрде өтеді. Ауруларда жоғарғы сезімталдық (ауру емес) дамиды.
  2. Саңыраукұлақтармен улану. Улы саңырауқұлақтарды ас тағамдарымен пайдалану асқазан-ішек жолдарының зақымдануына, кейбір жағдайда бауыр қызметінің толық тоқтауына соқтырады (саңырауқұлақтық токсикоз) .
  3. Микотоксикоздар (мицетизм) . Саңырауқұлақтармен біріншілік улану организмге кейбір зең саңырауқұлақтар өндіретін екіншілік метоболиттер- байланысты. Организмге тағамдармен, ауамен түскенде олар ауыр асқынулар қоздыруы, кейде өлімге әкелуі мүмкін. Осындай токсиндерді көбінесе Аspergillus flavis Aspergillus parasitus(афлотоксин) ; Fusarium (зеараленон, фузаренон X ж. б. ) өндіреді, Ғиsarium graminerum дәндік дақылдарда паразиттік тіршілік етеді («мас нан» ауруын қоздырады) ; Claviceps purpurea өндіретін микотоксин эрготизм ауруын қоздырады (астан улану) .
  4. Микоздар- патогенді және шартты патогенді саңырауқұлақтар қоздыратын терінің, шаш, тырнақ, әртүрлі тіндер мен ағзалардың аурулары. Зақымданған ошақтардың орналасуына байланысты келесі микоздарды ажыратады:
  • к фатомикоздар (беткейлік микоздар) -терінің беткейлік қабаттары және шаш зақымданады.
  • эпидермомикоздар, эпидермофитиялар, дерматомикоздар-эпидермис, шаш және тырнақтар зақымданады.
  • теріастылық (субкутанды) микоздар-тері, тері астылық майлы қабат, бұлшықет, фасциялар (шандырлар) зақымданады;
  • терең микоздар(жүйелік) -иммунды-тапшылыққа шалдыққан адамдарда дамиды, шартты-патогенді саңырауқұлақтар қоздырады.
  • оппортунистік микоздар-иммундық қорғанысы әлсіреген ауруларда дамиды, сапрофитты және шартты-патогенді саңырауқұлақтар қоздырады.

Беткейлік микоздардың коздыргыштары

Беткейлік микоздарды кератомикоздар (сапрофитиялар) және дерматомикоздар (дерматофитиялар) деп екі топқа бөлу ұсынылған. Екі топқа да жататын аурулар тұрғындар арасында кең таралған, көбінесе жиі қайталанатын созылмалы тұрде өтеді.

Кератомикоздардың қоздырғыштары

Олар келесі ауруларды қоздырады:

Түрлі түсті ( кебек тәріздес, шұбар) теміреткті, малассесиоз.

Қара пьедра (пьедрамоз)

Ақ пьедра (трихоспороз)

Түрлі түсті теміреткі қоздыргышы -Malassezia furfur

Malassezia туыстатығына саңырауқұлақтардың 17 тұрі жатады, солардың арасында медициналық маңызы бары Маlassezia. furfur Ол адамдардың 90% - да терінің қауіпті микрофлорасы деп саналады; Патогенділіғі төмен, микрофильді.

Морфологиясы. Ашытқы тәріздес, бір полярлы бүршіктенетін дөңгелекше әллипс пішінді жасушалар, мицеллалық тұрге (псевдомицелиялар) айналу қабілетілігі бар.

Колониялар сипаты (дақылдық қасиеті) . Колониялары жылтыр, қоңыр тұстен сарғыш тұске дейін пигменттелген. Сабуро ортасында - колониялары майда, күңгірт түсті. Дақылдандыру нәтижесі табысты болу үшін зерттеу затын стандартты орталарға сепкеннен кейін бетіне зәйтүн майын тамызады. Бір аптадан кейін май қабатының астында өсінді тіркеледі.

Клиникалық көріністері. Дене терісінде (кеуде, арқа, қарын, иық, мойын, кейде бас терісінде) қабынбаған қызғылт- сары, ашық-қоңыр, қызарған дақтар пайда болады. Дақтарды сүрген кезде майда қайызғақтар түседі. Кесел ұзаққа созылады.

Ақ пьедра қоздырғышы-Trichosporon beigelli

Саңырауқұлақтардың бұрынғы атауы - Т. cutaneum Т granulosum Т. сегebrioforme, Т. giganteum, Т. ovoides, Pbeurococcus Ьеіgеllі (справаочная микологическая лаборатория - Ғиngus Теsting Labогаtогу- ҒТL; университет штата Колумбия, США) . Тгісһosporon туыстастығын мұқият қайта тексеруден кейін (Сгиеһо еt. аl., 1992 ; Нооg еt. аl., 1995 ) аурудың негізгі қоздырғышының аты (Т. Ьеіgеllі), және де беткейлік микроздарга ақ пьедраға қатысы бар саңырауқұлақтардың тұрлері (Т. cutaneum Т. оvoides, Т. linkin, Т. ) анықталды.

Морфологиясы. Т. Ьеіgelli ашытқы тәріздес саңырауқұлақ. Гифалары септаланған, түссіз. Қалыпты жағдайда оваль пішінді, көптеген артроконидиялар және аз мөлшерде псевдогифалар, бластоконидиялар тұзеді.

Дақылдық қасиеті. Сабуро ортасында колониялары ақ, қоңыр, сары, сұр түсті болуы мүмкін. Беті - тегіс, жіңішке, әжім тәріздес, немесе қатпарлы, немесе бархыт сияқты (штамдық айырмашылығына және өсу жағдайына байланысты) болады.

Негізгі клиникалық коріністері. Ақ пьедра - негізінде тропикалық аймақтың тұрғындарында кездесетін ауру. Саңырауқұлақ шаш талшықтарының инфекциясын қоздырады, оларда көптеген ақ- сары тұсті жұмсақтұйіндер пайда болады, шаш ішінде оваль пішінді артроспоралар табылады. Сирек жағдайда онихомикоз тіркеледі. Диссеминирленген инфекция дамыған жағдайлар тіркелген, әдетте ол иммундық тапшылыққа шалдыққан адамдарда (қанның қатерлі аурулары, күйікке шалдығу, орган алмастыру) өліммен аяқталады.

Қара теміреткі (Ехophiala wernekii) және қара пьедра (Рiedraia hortae) қоздырғыштары

Оқулықтарда, медициналық әдебиеттерде (соның ішінде «Патогенді шартты-патогенді саңы- рауқұлақтар анықтауышында» 2001) аталған ауру қоздырғыштарының микроморфологиясы, дақылдық қасиеттері, қоздыратын аурулардың клиникалық симптомдары т. б. бойынша әртұрлі ұстанымдар бар, немесе мәліметтер мұлдем жоқ. Сондықтан, біз тек қана қара теміреткі және қара пьедра ауруының қоздырғыштарының атауларын келтірумен шектелдік. Және де бұл аурулар тропикалық аймақтарда кездеседі, әрі зертханалық диагноз қою, емдеу және алдын алу принциптері басқа микоздар кезіндегідей.

Дерматомикоздардың қоздыргыштары

Әпидермофития қоздырғыштары өте жұқпалы келесі ауруларды қоздырады: трихофития, микроспория, таз (фавус), руброфития, әпидермофитияны. Дерматомикоз қоздырғыштары шаш талшықтарының ішінде, эпидермис жасушаларында өсіп-өніп, кератинді бұзады да тері және оның тері , құрамында кератиннің көп мөлшерде болуы, тезтерлеушілік, терініңбаздануы, эпителияның баяу тұлеуі әсер етеді (1-кесте) .

Кесте1.

Адамдарға патогенді дерматофиттер

Микоздар

Дерматофиттер

Саныраукұлактардын тұрлері

Инфекция көзі (резервуалды)

Микоздар:

Микроспория

Дерматофиттер:

Антропофильдылар

Саныраукұлактардын тұрлері:

Мicrosporum audouinii Microsporum ferrugineum

Инфекция көзі (резервуалды):

Адамдар

Микоздар:

Зоофильдылар

Дерматофиттер:

Місгоsporum canis Microsporum gallinae

Саныраукұлактардын тұрлері:

Мысықтар. иттер, ұй құстары

Микоздар:

Геофильдылар

Дерматофиттер: Місгозрогum соокіе Місгозроrum gурsеиm Місгозрогиm fulvum Місгозроrum nanum
Саныраукұлактардын тұрлері:

Топырақ

Микоздар:

Трихофития

Дерматофиттер:

Антропофильділер

Саныраукұлактардын тұрлері: Тгісһорһуtоn tоnsuгаnз Тгісһорһуtоп violaseum
Инфекция көзі (резервуалды): Адамдар
Микоздар:

Зоофильділер

Дерматофиттер: Тгісһорһуtоп verrucosum
Саныраукұлактардын тұрлері: Ірі қара мал
Микоздар:
Дерматофиттер:
Саныраукұлактардын тұрлері:

Тгісһорһуton equinum Тгісһорһуtоп mentagrophytes var mentagrophytes

Инфекция көзі (резервуалды):

Жылқылар Кеміргіштер

Микоздар:

Аяқ басының, тшрнактың, эпидер- мі фитиясы (о іихомикоз) шап. тырнақ

эпидермофитиясы (онихомикоз)

Дерматофиттер:

Антропофильділер

Саныраукұлактардын тұрлері:

Тгісһорһуtоп mentagrophytes vаг. Interdigitale

Инфекция көзі (резервуалды): Адамдар
Микоздар: Еруdermophyton floccosum
Микоздар:

Аяқ басының және т. б. рубофитиясы

Дерматофиттер:

Антропофильділер

Саныраукұлактардын тұрлері: Тгісһорһуton rubrum
Инфекция көзі (резервуалды):
Микоздар:

Таз (фавус-парша)

Дерматофиттер:

Антропофильділер

Саныраукұлактардын тұрлері: Тгісһорһуton schocnleinii
Инфекция көзі (резервуалды):

Мұндай аурулар дұние жұзінің барлық аудандарында кең таралған. Қоздырғыш су бассейндерінде, моншада, шаштаразда тұрмыстық заттар (сүлгі, тарақ, аяқ киім, жөке және т. б. ) арқылы жұғады. Саңыраукұлақтардың ауру немесе ауру белгісі жоқ тасымалдаушы жануарлардан жұққан жағдайда пайда болатын кеселдің ұлесі өте жоғары.

Эпидемиологиялық маңыздылығына қарай дерматомикоз қоздырғыштарын 3 топқа бөледі:

Антрофильділер - адамдардың паразиттері, инфекция көзі - ауру адам. Кейде симптомсыз тасымалдаушылар да инфекция көзі болуы ықтимал.

Зоофильділер - жануарлардың паразиттері, инфекция көзі - жануарлар (мысық, ит, ірі қара мал, жылқы, қой, шошқа, үй құстары, кеміргіштер және маймылдар) .

Геофильділер - топырақта сақталады, саңырауқұлақтармен ластанған топырақпен жанасқанда жұғады. Бұл саңырауқұлақтар, әрине, жануарлардың жұнінен, терісінен, өлігінен топыраққа тұсіп, ұзақ уақыт сақталады.

Микроспория қоздырғыштары

Микроспория қоздырғыштары - Місгоsporum туыстастығына жататын саңырауқұлақтар. Микроспорумдардың 20-дан астас тұрлері бар, олардың 11 адамдар ұшін патогенді. Ең көп таралған қоздырғыш М. саnis болып табылады, ол 70-80% жағдайда мысықгардан (сирек жағдайда иттерден) жұғады. Екінші кезекте эпидемиологиялық қауіп туғызатыны- М. Ғегrugineum, ол микроспорияға шалдыққан науқастардан (3-10% жағдайда) беріледі. Сонымен, жиірек кездесетіндері: М. саnis, М. Ғеггugineum, М. аudouinii 1- кесте) .

Міcrosporum canis - зооантропофил

Микроморфологиясы. Гифалары септаланған тұссіз, көптеген микрони-диялары бар, олардың жоғарғы шетіндегі конидиясы әдетте иілген пішінді. Мицелиялары бамбук тәріздес; хламидоспоралары және алмұрт немесе тұйреуіш пішінді микроконидиялары сирек кездеседі (42- сурет) .

Дақылдық қасиеті. Картофельді немесе картофельді-декстрозды агарда колониялары әдетте ұлпілдек ақ, сұр тұсті, кейде шеңбер типті жолақтармен сарғыш-қызғылт тұсті болып келеді. Колонияны теріс жағынан қарағанда сары тұсті болады (кейбір штамдарда пигментациялану дамымайды) .

Місrosporum ferrugineum - антропофил.

Микроморфологиясы. Мицеллиясы бұтақталған, сирек жағдайда септаланған, кейде жетілген дақылдарда тарақ пішіндес хламидоспоралары болады. Макроконидиялары және микроконодиялары жоқ (43- сурет) .

Дақылдық қасиеті. Колониялары полиморфты, тері тәріздес, радиальды қатпарланған, шамалы кұмбез пішінді. Колонияның астыңғы жағы қоңыр - сарғыш тұсті болады.

Міcrosopum audouinii - антропофил (бұрқетпе тұрде жиі таралды) .

Микроморфологиясы. Гифалары септаланған, тұссіз. Сирек жағдайда макро- және микроконидилар тұзеді. Макроконидиялары - көлденең перделі және тікенекшелері бар, ұршық пішінді. Көбінесе интеркалярлы (гифа ішінде), немесе терминалды хламидоспоралары бар тарақ тәріздес және стерильді гифалар кездеседі.

Дақылдық қасиеті. Картофельді немесе, картофельді- декстрозды агарда колониялары жайпақ, барқыт сияқты ұлпілденген, ақшыл-сұр немесе сары-қоңырлау тұсті. Колонияның астыңгы жагында п. тмент болмауы мұмкін, немесе бозғылт қызыл, сарғыш- қызыл немесе сары-қоңыр тұсті болады.

Негізгі клиникалық көріністері. Инфекцияның жасырын кезеңі - 5-7 кұн. Бұл кезде саңырауқұ- лақтар протеиназалық, кератинлитикалық, липолитикалық белсенділігінің көмегімен эпидермиске енеді (бірақ бозальдық мембранадан өтіп кетпейді) . Шартты тұрде микроспорияны бастың шашты бөлігі терісінің микозы және кеуденің, қол-аяқтың жатық терісінің микозы, клиникалық диагноз қою мұмкіндігі бар беткейлік және терең (ірінді - инфильтративті) микроспория деп бөледі. Зақымданған ошақтарда шаш қысқалап кесіп тастағандай ( қырықтық теміреткі) кұңгірт-сұр тұсті болады.

Зақымданған ошақтатері сұрлау қабыршақпен жабылған, кейде асбесттәріздес тығыз қабыршақты ұлбірмен жабылады, оларды алып тастағанда шамалы қызарған жері ашылады. Зақымданган ірі ошақтардың айналасында майда ошақтар табылады. Науқастардың 5-7%- да микроспорияның тереңтұрлері дамуы мұмкін. Қазіргі кезде ірі ошақтар пайда болуы жиілеп кетті, ол тиімсіз ем-шаралар қолданумен және қосалқы аурулардың болуымен байланысты деп есептейді.

Трихофития қоздырғыштары

Трихофития қоздырғыштарыиа Тгіchophyton туыстастығындағы саңырауқұлақтар жатады. Трихофитондардың коптеғен тұрлері және варианттары бар, бірақ еңтаралғандары: антропофильді тұрлері

  • Т. verrucosum, Т. tonsurans және зоофильді тұрлері - Т. verrucosum (ірі қара мал), Т. equinum (жылқылар), Т. mentagrophytes, var mentagrophytes (кемірғіштер) . Ауру өте жұқпалы. Ол әсіресе ауылдық жерлерде ветеринарлардың, мал шаруашылығы жұмыскерлерінің арасында кең таралған; ал қалаларда - көбінесе мысықтардан жұғу байқалады.

Тгіchophyton tonsurans - бұл саңырауқұлақтың тұрлік атауының кқөптеғен синонимдері бар.

Микроморфологиясы. Гифалары тұссіз, септаланған, бірнеше рет бұтақшаланған, әртұрлі пішінді (шар, тамшы, тұйреуіш тәрізді), бірнеше микроконидиялары болады. Көлденең пердесі көп, өте ірі кейде иілғен макроконидиялары сирек кездеседі. Хламидоспорасы - өте көп болады.

Дақылдық қасиеті. Колониялары ұн сияқты, кейде майда дәнді; ақшыл, сарғыш-қоңыр тұсті, астыңғы жағынан қарағанда сарғыш-қоңыр тұстен қызыл тұске дейін пиғменттелғен.

Тгісһорhyton violaceum

Микроморфологиясы. Өсу фазасына қарай миңелияларының құрылысы және боялу тұсі әртұрлі болады. Алғышқыда миңелиялар жұқа, теғіс, септаланған. Макро- және микроконидиялары жоқ. Кейіннен айналмалы бұтақшаланған тұрге ауысады, хламидоспоралары болады, реңі әртұрлі сия көк тұске боялады .

Дақылдық қасиеті. Колониялары - сия көк (фиолетовый) тұсті, тері сияқты, бұқырмалы, ақшыл радиальды қатпарланған, ұлпілдеген жерлері болады. Сабуро агарында баяу өседі. Колонияның астындағы агар өте сирек жағдайда пигменттеледі.

Тгісһophyton mentagrophytes

Трихофитондардың бұл тұрінің екі вариантын ажыратады.

Антропофильділер - Т. mentagrophytes var interdigitale (аяқтың және тырнақтың созылмалы микозы

  • эпидермофитияның ең жиі қоздырғышы болып табылады) .

Зоофильділер-Т. mentagrophytes(аяқбасының, терінің, бастыңшаштыжерінің, сақалдың, тырнақтың ауыр микозға ұшыраған кезінде табылады) .

Микроморфологиясы. Гифалары септаланған, тұссіз. Гифаларда байлам немесе жұзім тәрізді шогырланып орналасқан шар тәрізді көптеген микроконидиялары бар; кейде спиральды гифалар пайда болады. Сирек жағдайда жасушасының жоғарғы жағы жұмырланған, көптеген колденең перделері бар тұйреуіш тәрізді макроконидияларды байқауға болады.

Дақылдық қасиеті. Сабуро ортасында және картофельді агарда колония-лары ұнтақшадан дәнді тұрге дейін болады: антропофильділерде-ақ ұнтақ, жұмсақ; зоофильділерде - сарғыш-қызыл тұсті. Колонияның астыңғы жағы сары тұстен қоңыр, қызыл тұске дейін пигменттелген, пигментаңия болмауы да мұмкін.

Тгіchophyton rubrum - аяқ басы мен тырнақтардың трихофитиясын (руброфитиясын) қоздырады. Жиі жaтдайда терінің созылмалы инфекңиясын қоздырады. АҚШ-та Т. rubrum- ды адамдардың дерматоmикоздарының негізгі қоздырғышы деп санайды.

Микроморфологиясы. Гифалары тұссіз, септаланған, гифаларда жағалай («масақ») тәрізді орналасқан тұйреуіш пішінді микроконидиялары болады. Макроконидиялары өте ірі, сигар пішінді, септаланған. Хламидоспоралар, артроспоралар сирек кездеседі, бірақ пайда болган жағдайда олар өте ауқымды жинақталады.

Дақылдық қасиеті. Колониялары әртүрлі болады, көбінесе ақтүсті үлпілдеген, колонияның астыңғы жағы қызыл шарап түсті пигменттелген. Штамдарына байланысты пигмент әртүрлі болады (сары, қызгылт, қызғылт- қоңыр, көкшіл), кейде пигменті жоқ. Жетілген колонияның беткейі қабырғалы болып келеді.

Trichophyton schoenleinii негізінде балаларда терінің, шаштың (таз -фавус), тырнақтың созылмалы микозын қоздырады, буындарда, сүйекте инфекцняның лuмфогенді тәсілмен дамуымен сипатталады. Осындай саңырауқұлақтар демациялық топқа жатады, яғни олар меланин түзеді, сондықтан олардың жасушалық қабырғасы және колониялары қара қоңыр түсті болады.

Споротрихиоз қоздырғышы-Sporothrix schenckii

Споротрихоз Шенк ауруы деп аталады. Оның қоздырғышы диморфты саңырауқұлақ Sporothrix schenckii кең таралған. Көбінесе жұмысы топырақпен, ғұл өсірумен (раушан тікенекшелерімен зақымдану кезінде) айналысатын ауыл шаруашылық жұмыскерлер ауырады. АҚШ -тың 15 штатында (1988 ж. ) сфангалық мұкпен байланысты бұрқетпе тіркелген. Sporothichum schenckii дің бұрын бірнеше атаулары болды- Sporotrichum tropicale Sporotrichum indicumт. б.

Микроморфологиясы. Споротрихтың таза дақылының микроскопиялық сипаты өсу жагдайы мен сатысына байланысты болады. Мицелиялық сатыда гифалары тұссіз жалпақтау, септаланған және бұтақталған. Конидия ұстаушылары жіңішке, гифадан тура бұрышты бағытта пайда болады. Конидиялары екі типті:тұссіз, конидия ұстаушыда топтасып орналасады (гұл топшасы сияқты) және қалың қабырғалы қоңыр тұсті, тікелей гифаларда орналасады. Ашытқылық сатысы-дөңгелек немесе жұмыртқа пішінді, бұршіктері бар ашытқы жасушалары массасының пайда болуымен сипатталады.

Дақылдық қасиеті. S schenckii диморфты саңырауқұлақ. Тыгыз орталарда (Сабуро, картофельді орталар) өсіп өнудің екі сатысы өтеді; мицелиялық және ашытқылық.

Мицелиялық сатысы кезінде колониялары алғашқыда қоңырлау тұсті, 1-2 аптадан кейін қоңыр қара тұсті; беткейі жұқа қатпарланған, ылғалды. Біріншілік себіндіде ауалы мицелиялар болмайды. Ашытқылы сатысында жұрек ми тіндерінен дайындалған 5% -ды қанды агарда колонияларының беткейі ақ немесе ақшыл қоңырлау тұсті болады.

Негізгі клиникалық көріністері. Аурудың кең таралған тұріне созылмалы терілік немесе жарқаттанған жерде біріншілік зақымдану ошағы пайда болатын тері астылық микоз жатады. Осындай ошақтардан саңырауқұлақ лимфогенді жолмен таралып организмге кең жайылып (15-20 % жағдайда) висцеральды споротрихоз қоздырады. Біріншілік өкпе споротрихозы дамуы мұмкін. Зақымданған жерлер қатайған, ауырмайды, қатайған жерлер ашық жараға айналуы ықтимал.

Хромобластомикоз қоздырғышы

Хромобластомикоз (хромомикоз, веррукозды дерматит, Педрозо ауруы) терінің және тері асты шелмайының (әдетте аяқтың) созылмалы грануломатозды микозы.

Қоздырғыштары-Fonsecaea pedrosoi және Ғоnсесаеа соmракtа диморфты саңырауқұлақтар деп есептеледі. Қоздырғыштарының қатарына Сladophialophora Rhinosladediella, туыстарына жататын саңыраукұпақтар да енген болатын. Дегенмен, олардың Ғоncecaea туыстастығынан едәуір морфологиялық айырмашылығы бар, сондықтен оларды қоздырғыш ретінде тарихи тұрғыдан қарайды. Рһіаlорһога vеггисоsа- демациялық саңырауқұлақ, Жапония және Оңтұстік Америкада хромобластомикоздың негізгі қоздырғышы болып табылады.

Микроморфологиясы. Ғ. реdгоsоі саңырауқұлағы ең жиі бөлініп алынатын қоздырғыш. Гифалары қоңыр тұсті, септаланған. Ашытқылық сатысы болмайды. Конидия ұстаушыларының вегетативті гифалардан айырмашылығы шамалы ғана болады. Конидияұстаушының ұшында алдымен 2 «тісшелер» біріншілік споралар, ал олардан қосымша екіншілік споралар пайда болады (конидиялар), нәтижесінде кұрделі конидиялық басы тұзіледі. Колонияның тізбекшелері пайда болуы мұмкін.

Дақылдық қасиеті. Картофельдік агада, Сабуро ортасында колониялары баяу өседі. 5-10- тәулікте майда сұрлау колониялар пайда болады; 10-15-тәулікте олар көкшіл - сұр тұсті ұлпілденген колонияға айналады. Жетілген колониялары (21-30-тәуліктен кейін) - қара-қоңыр немесе қаратұсті. Колониялар асты - қара пигменттелген.

Негізгі клиникалық көріністері. Хромобластимикоз ауруы жер шарының кез келген өңірінде кездеседі, дегенмен, бұл ауру тропикалық, субтропикалық аймақтарда жиірек тіркеледі. Әдетте аяқ- қол терілері зақымданады, бірақ зақымдану ошақтары бетте, кеудеде, қарында, ішкі ағзаларда да болуы мұмкін. Біріншілік ошақ (қоздыргыштың енген жері) - ол терідегі қызарған тұсті қайызғақтанған төмпешік (тұйін) . Айлар, жылдар өткеннен кейін онымен қатар осындай ауырмайтын тұйіндер пайда болуы ықтимал, сондықтан зақымданған ошақ тұсті қырық қабат (капуста) сияқты көрініс береді. Хромобластомикоздың 5 клиникалық тұрлерін ажыратады: тұйіндік, ісіктік, веррукозды дерматит, таңдақтық және тыртықтық. Зақымданған ошақтың мөлшері ұлғайып 10-20 см-ге жетеді (бұткіл тізені немесе өкшені қамтиды) . Өте ауыр жағдайларда кұпсектік (слоновость) дамиды. Кейде зақымдану ошағы организмнің басқа жерлеріне ауысуы ықтимал.

Мицетома қоздыргыштары

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Микоздардың диагностикасы
Балауса саңырауқұлактарын сапасын сараптау және санитарлық бағалау
Саңырауқұлақтардың жіктелуі
Антидене титрлары
Саңырауқұлақтарға қарсы заттар
Ауруханашылық инфекциялар, себептері мен алдын алу
Лабораториялық жануарлар
Лабораториялық жануарларға сипаттама
Медициналық биотехнология. Кітап
Түбі жадағай шыны колбалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz