Мінез-құлықтың пренатальды кезеңде дамуына жалпы сипаттама



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Мінез-құлықтың пренатальды кезеңде дамуына жалпы сипаттама.

Осы кезеңде эмбрион болашақ қозғалыс актілерінің элементтері болып табылатын қозғалыстарды жасай бастайды. Олар әлі қызметтік мәнге ие бола алмайды, өйткені жануарлар әлі ортамен контактіге түспейді. Этолог А.Д. Слонимнің зерттеулері бойынша ұрықтың қозғалыстары бұлшықеттік іс-әрекетпен байланысты физиологиялық үрдістердің координациясына әсер етеді.
П.К. Анохиннің жүйелік генез концепциясы бойынша "Қызметтердің дамуы жеке мүшелерде үнемі таңдамалы, фрагментарлы өтеді, бірақ үнемі бір фрагменттің екіншісімен сәйкестігінде және үнемі жұмыс жасайтын жүйені соңғы жасау қағидасы бойынша өтеді".
Эмбрионалды жетілу және эмбрионалды тәжірибе мәселесін қарастырайық. Американдық ғалым Цин-янг Куо ұрықтың қозғалыстарын болашақ мүшелер ұрығының жаттығулары ретінде қарастырды. Қозғалыстық қызметтердің дамуы мен жетілуі, оның пікірі бойынша, соның арқасында жұмыртқадан шыққан балапанда өмір сүруге бағытталған реакциялар жиын-тығы болатын, "эмбрионалды тәжірибені" жинақтау жолымен өтеді. Инкубацияның үшінші тәулігінде-ақ бастың кеудеге қарайғы және одан артқа қарайғы қозғалыстары пайда болады, ал тағы бір күннен кейін бас жан-жаққа бұрыла бастайды және осы жаңа қозғалыстар алдыңғыларын ығыстыра бастайды. Бұның себебі мойын бұлшықеті өсуінің бастың өсуінен артта қалуы, яғни Куо бойынша, - "анатомиялық фактордың" әсер етуі. Тітіркендіргіштерге де, ұрықтың қозғалыстық реакцияларына да тән кең генерализацияны бақылай отырып, ол туа берілген жүріс-тұрыс жоқ деген қорытынды жасады. Қырық жыл өткеннен кейін Куо жүріс-тұрыс қалыптасуының тектік шарттанған алғышарттары ұрық дамуының нақты жағдайларына тәуелді түрліше іске аса алатындығын көрсетті. Сонымен бірге, ол эмбрионалды үйренуді дәстүрлік түсінуде қарастырудың қажет еместігіне нұсқайды, себебі эмбрион жүріс-тұрысының дамуында өзіндік стимулдандыру мәнді рөл атқарады. Бірақ одан кейінгі зерттеулер тактильдік және проприоцептивті стимуляция моториканың дамуында бағынышты рөл атқаруы мүмкін екендігін көрсетті. Әрине, жүріс-тұрыстың туа берілген негізін елемеу қате болып табылады, себебі үйрену бос орында өтпейді, ол белгілі-бір тектік ұрықтың дамуы, яғни онтогенездегі түрлік тәжірибенің іске асуы болып табылады.
Жүріс-тұрыс эмбриогенезінің тұқымдық негізі жаңадан туылғандардың жүріс-тұрысы бірден "дайын түрде", алдын-ала болатын "эмбрионалды үйренусіз" көрінген кездегі жағдайларда айқын көрінеді. Бұл жаңадан туылғандардың емшек іздеу және сору қозғалыстары, дыбыстық реакциялары және т.б.
Бұның барлығы - эмбрионалды жаттығусыз қызметтердің пренаталды жетілуінің нәтижесі болып табылады. Тектік бағдарламалардың рөлін көрсететін мысал ретінде кенгуруды алуға болады, оның ұрығы жағымсыз гидротаксистерді пайдалана отырып, анасының құрсағынан шыққаннан кейін бірден анасының қалтасына кіріп алады.
Толыққанды үйрену эмбриогенездің тек аяқтаушы кезеңдерінде ғана кездеседі, сондықтан "эмбрионалды үйрену" ұғымын "эмбрионалды жаттығу" ұғымымен алмастырған жөн.
Л. Кармайкл қызықты эксперимент жүргізді. Ол амблистоманың (құйрықты амфибия) эмбрионын, оның өсуіне кедергі жасамайтын, бірақ қозғалуға мүмкіндік бермейтін, ацетон-хлороформның ауыртқызбайтын қосындысында өсірді.
Бұдан кейін осындай жануарларда, даму барысындағы арнайы жағдайлардың болуына қарамастан, локомоторлы қабілеттіліктер қалыптыға сәйкес болды. Ол жүзуге деген қабілеттіліктің қалыптасуы эмбрионалды үйренуді қажет етпейді, ол анатомиялық дамуға тәуелді болады деген қорытынды жасады.
Сенсорлық қабілеттіліктер мен қарым-қатынас элементтерінің пренаталды дамуы. Сенсомоторлы белсенділік - бұл бірыңғай үрдіс болып табылады, бірақ эмбрионалды кезеңде қозғалыстық компонент алғашқы болып келеді және эндогенді негізде пайда бола алады. Эмбрионның дамуы мен оның рецепторлары қалыптасуының шамасы бойынша өзіндік стимуляция формасында көрінетін (дененің бір бөлігі екінші бөлігіне тиеді, сөйтіп екіншісінің қозғалыстық белсенділігін туындатады) сенсорлық, стимуляция біршама көп мәнге ие болады.
30-жылдардың бас кезінде Д.В. Орр мен В.Ф. Уиндл спонтанды қозғалыс белсенділігімен қатар қозғалыстың рефлекторлық жүйесі де дамитындығын көрсетті. Мысалы, тактильдік тітіркендіргішке жауап ретіндегі қанаттың қозғалысы. Олар тауықтың эмбрионында нервтік жүйенің моторлық құрылымдары сенсорлықтан бұрын пайда болатындығын, ал сыртқы тітіркендіргіштерге алғашқы реакциялар спонтанды қозғалыстардан кейінгі тек 4-ші күні ғана пайда болатындығын анықтады.
Көру мен есту эмбриогенездің соңғы кезеңдерінде ғана пайда болады. Мысалы, есту мүшесі инкубацияның 14-19-шы күнінен кейін қалыптаса бастайды, бірақ қатты шыққан дауыстарға реакциялар 5-ші күннен бастап-ақ байқалады. Осы кезде күшті жарықтық әсер етулерге де реакцияларды туындатуға болады. Жарық пен дауыс бұл кезеңде, оптикалық немесе дауыстық ақпараттарды тасымалдаушы ретінде емес, бұлшықеттерге немесе теріге әсер ететін физикалық агенттер ретінде ғана қабылдана алады. Американдық ғалым Г. Готтлибтің мәліметтері бойынша, биологиялық белсенді сигналдармен (мысалы дауыстармен) әсер ету эмбрионның сезім мүшелерінің дамуына жағымды әсер ете алады.
Эмбриогенездің соңғы кезеңдерінде есту мүшесі ата-аналық особтың дауысын ажырату үшін қажетті даму деңгейіне жетеді. Мысалы, кайраның балапаны жұмыртқаны жарып шыққанға дейін 3-4 күн бұрын ата-анасының дауысын ажырата алады. Егер аудиотаспаға әртүрлі үлкен особтардың дауысын жазып алсақ, онда жұмыртқадан шыққаннан кейін балапандар "ата-аналық особқа" бағытталуды таңдайды. Ата-анасының дауысын тану ата-ана мен балапанның дауыс шығару ырғақтарының сәйкестігінің негізінде іске асатындығы анықтады: балапанның іздегеніне жауап ретінде жұмыртқа басып отырған құс аздап көтеріледі, жұмыртқаның орнын ауыстырады және өзі дауыс шығарады. Яғни эмбрионның кинестикалық түйсінуі акустикалықпен сәйкестенеді (Б. Чанц). Шын мәніндегі эмбрионалды үйренудің (шартты рефлекторлы жолмен) нәтижесі дамудың пренаталды кезеңінде-ақ индивидуалды тану болып табылады. Осылайша, эмбрион мен ата-аналық особтың арасында алғашқы коммуникация жасалынады.
Көріп отырғанымыздай, эмбриогенезде тектік шарттанған компоненттердің дамуы жолымен жаңадан туылғанның жүріс-тұрыс элементтерінің қалыптасуы негізінде, сондай-ақ эмбрионалды тәжірибені жинақтаудың негізінде постнаталды өмірге дайындық өтеді.
Бірақ эмбрионның негізгі сыртқы әлеммен байланысы тек анасының организмі арқылы ғана іске асады және дамуының құрсақ ішіндегі кезеңінде сүтқоректі психикасының дамуы үшін үлкен мәнге ие бола алмайды. Эмбрионның психикасы - бұл қалыптасу үрдісіндегі психика болып табылады. Эмбрион - бұл әлі толыққанды жануар емес, ол қалыптасып келе жатқан организм. Толыққанды өмір сыртқы ортамен белсенді өзара әрекеттестіксіз мүмкін емес. Эмбриогенездің барысында осы өмірге тек дайындық жүреді. Эмбриогенездің ерте кезеңдерінде психикалық бейнеленудің (психика элементтерінің бастапқы формасы) алғышарттары қалыптасады. Тек эмбриогенездің соңында ғана сыртқы әлеммен байланыстарды орнатуға мүмкіндік беретін мүшелер мен мүшелер жүйесі қалыптасады және психикалық бейнелену туындайды.
Сонымен қатар, жұмыртқаның ішіндегі әлі жарып шықпаған балапандардың арасында да акустикалық қарым-қатынас болады, бұл жұмыртқадан жарып шығу үрдісіне әсер етеді. Жұмыртқадан шығудың нәтижесінде бір мезгілде жуықтап алғанда бір сағатта өтеді. Эксперименталды тұрғыдан бұл эффект инкубацияның біршама ерте кезеңіндегі жұмыртқаларды жұмыртқадан шығудың алдында ғана тұрған балапандар бар жұмыртқалардың жанына қосып қою жолымен дәлелденді, Бұл "артта қалғандардың" жұмыртқадан шығуын бірнеше сағатқа жеделдетуге алып келді.

Өмірге келу - бұл ортаның мүлдем басқа жағдайларына түсетін жануар өміріндегі қайталау пункті. Бірақ, жаңа жағдайларда жүріс-тұрыстың туа берілген элементтерінің жетілуі және олардың постнаталды, индивидуалды тәжірибесімен қосылуы жалғаса береді.
Ерте постнаталды кезең особтың өмір сүруі үшін ерекше үлкен мәнге ие, себебі осы кезеңде организмнің қоршаған ортамен маңызды өзара қатынастары қалыптасады. Бірақ, жануарлардың кейбір түрлерінде (личинкалық жолмен дамитын төменгі омыртқалылар) жас особтар үлкен особтардан тек дене құрылысы мен өмір сүру жағдайымен ғана емес, сонымен қатар жүріс-тұрысымен, орын ауыстыру және тамақтану тәсілдерімен ажыратылады.
Жануарлардың постэмбрионалды кезеңі, сонымен қатар толық жетіліп және толық емес жетіліп туылуы бойынша ажыратыла алады. Құстардың ішінен толық емес жетіліп туылғандарға - қарғалар, жыртқыш құстар, сүтқоректілерден -кемірушілер мен жыртқыштар жатады. Толық жетіліп туыл-ғандарға құстардан балапандайтындар (тауықтар, үйректер, қаздар), сүтқоректілерден - тұяқтылар жатады. Толық жетіліп туылғандарда, ұзақ уақыт бойы ата-анасының қамқорлығы мен көмегін қажет ететін толық емес жетіліп туылғандарға қарағанда, өмірге келгеннен кейін бірден өз бетінше күй кешеді. Осыған қарамастан толық емес жетіліп туылғандықтың өзі жануарларды үлкен бейімделу мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге қабілетті болып табылады.
Академик Л.А. Орбели бұны толық жетіліп туылған балапандар қалыптасқан күйде ортаның әсерлеріне түсе бастайтындығымен, және олардың салыстырмалы түрде ортаның зиянды әсерлеріне аз түсетіндігімен түсіндірді. Бұнда жүріс-тұрыстың ары қарайғы прогрессивті дамуының мүмкіндіктері кездейсоқ шектелген. Толық емес жетіліп туылған балапандар біршама пайдалы жағдайда болады: оларда нерв жүйесінің дамуы толығымен аяқталмаған, және олар жүріс-тұрыстың әлі даму барысындағы туа берілген формаларын қоршаған ортаның әсерлеріне түсіреді. Нәтижесінде жүріс-тұрыстың бұл формалары туа берілген және жүре қалыптасқан компоненттердің ортаның нақты жағдайларына сәйкес қиылысуының негізінде мәнді деңгейде модификацияланады. Осы көзқарастың тұрғысынан жануарлардың толық емес жетіліп туылған түрлерін біршама прогрессивті деп есептеу қажет, өйткені оларға ортаның өзгермелі жағдайларына үлкен бейімделулік тән болып табылады.
Ұрпаққа қамқорлық. Ұрпаққа қамқорлық жануарлардың әртүрлі түрлерінде әрқалай көрінеді. Кейбір жануарларда ұрпаққа алғашқы қамқорлық болады, яғни ұя мен тамақ алдын ала дайындалады, бірақ аналық особ тіпті ұрпақпен кездеспейді. Мысалы, соналар жұмыртқаларын өздері жарақаттаған жәндіктерге салады, және оларды кішкене індерге тығып қояды, ұрпаққа жасалатын қамқорлық осымен аяқталады. Келесі түр -бұл ұрпаққа пассивті қамқорлық жасау. Ол ата-аналық особтар жұмыртқаларды немесе жас жануарларды өз денесімен бірге (қалталарда, қыртыстарда) алып жүретіндігімен анықталады. Бұл тікентерілілерге, шаянтәрізділерге, моллюскаларға, өрмекшілерге бірқатар балықтарға (теңіз аты, теңіз инесі), қос-мекенділерге (повитуха бақасы), төменгі сүтқоректілерге (ехидна, қалталылар) тән. Және ұрпаққа қамқорлық жасаудың соңғы түрі - белсенді қамқорлық, оған ұя жасау, тамақтандыру, жылыту, қорғау, тазалау, сонымен қатар ұрпақты тамақ табуға және оны тануға үйрету мен жаулардан қорғану кіреді. Ұрпаққа белсенді қамқорлық жасау ұзақ уақытты және үлкен энергия шығындауды талап етеді, бұл осы түрлерге өмірге көп ұрпақ алып келуге мүмкіндік бермейді.
Ерте постнаталды кезеңдегі инстинкттер. "Каспар Гаузер" әдісі үйренудің инстинкттердің көрінуіндегі рөлін айқындауға мүмкіндік берді. Сүтқоректілердің балаларын (немесе балапандарын) шеттетіп өсіруінде туылғаннан бастап моторлық элементтердің дамуы, балапандар жаттығу мүмкіндігінен ада болғандығына қарамастан, нормадан ауытқусыз өтеді, ал жүріс-тұрыстық актілер мәнді ауытқуларға кездеседі. Локомоциямен, тамақпен, көбеюмен, комфортты әрекеттермен байланысты, өмір сүру үшін ерекше маңызды қозғалыстар зерттелді. Осы қозғалыстардың ұзақтығы, жиілігі, бағыттылығы, координацияланғандығы, "жасалып өтілгендігі" және жетілгендігі, олардың басқа жүріс-тұрыстық актілермен, сондай-ақ басқа жануарлардың әрекеттерімен сәйкестігін айтпағанда, көп немесе аз деңгейде бұзылған болып табылды. Американдық ғалым Э. Гесстің қараңғы жерде жұмыртқадан шыққан, одан кейін көру алаңын 7° оң жаққа қарай ауыстырған призматикалық көзілдірік кигізілген балапандармен жүргізген эксперименттері өте қызықты. 4-ші күнгі бақылау балапандарды эксперименттік балапандармен салыстыру екі топтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар неврологиясы пәнінен оқу - әдістемелік нұсқау
Пренатальды кезең анықтамасы
Тұлғаның психикалық дамуы
Өзін-өзі тану тұлғаның өзін- өзі жүзеге асыруының шарты ретінде жайлы ақпарат
Аутизм түрлері
АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
Медициналық генетикалық кеңес беру негіздері
Тұқым қуалайтын аурулар диагностикасы
Жануарлармен адамның психикалық әрекетін салыстыру
Агресиялық мінез-құлық табиғатына психологиялық талдау
Пәндер