Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 . Әскери қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түсінігі . . . 5
1. 1 Әскери қылмыстардың түрлері . . . 9
1. 2. Бастыққа қатысты күш қолдану іс-әрекеттері . . . 14
1. 3. Қашқындық. 22
2. Арнайы қызметтерді атқару тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар
Жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу
. . . 26
2. 1. Ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу 30
2. 2. Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі қызмет атқару қағидаларын бұзу. . . . . 32
2. 3. Машиналарды жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу 38
Қорытынды . . .
52
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
54
Қосымша . . . 55
КІРІСПЕ
Бұл курстық жұмыста. Еліміздің Қарулы Күштері - оқшауланған әлеуметтік тегу атты, ол қоғамның негізгі ажырамас бөлігі болып танылады. Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Әлеуметтік қайшылықтар қатты шиеленістен ыдырау процестері ұдайы асқынып жаатқан жағдайда әскерилер еңбегінің беделі мен қадірі шұғыл төмендеп әскерилер еңбегінің беділі мен қадірі шұғыл төмендеп әскери қызметшілердің құқық бұзушылық жасауы арта түседі.
Қылмыстық заңнама Қазақстан Республикасының Қарулы күштерін құрудағы жаңа үрдістерді және қазіргі жағдайда әскери құқық тәртібін нығайту қажеттілігін көрсетеді. Ол Қазақстан Республикасы Конституциясының әскери құрылысты реттейтін ережелеріне Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жалпы әскери жарғыларына, мысалы ҚР 1993 жылғы 9 сәуірдегі Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы заңына; Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 19 қаңтардағы ІІ-1897 Жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы заңына және ҚР 1993 жылғы 20 қаңтардағы Әскери қызметшілер және олардың отбасы мүшелерінің мәртебесі мен әлеуметтік қорғалуы туралы заңына және 2001 жылғы 20 наурыздағы Келісім-шарт бойынша әскери қызмет туралы заңына сәйкес келтірілген.
Қылмыстық құқық пен әскери заңнаманы бөліп қарастыруға болмайды. Бұл ерекшелік әскери қылмыстық заңнамаға қылмыстық құқықтың міндеттері менпринцептері туралы, қылмыстық жауапкершлік негіздерінің толық таралатынымен түсіндіруге болады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көзделген барлық қылмыс құрамдары бар іс әрекет қана қылмыстық жауапкершілікті тудырады. Қылмыстық заңда берілген қылмыс, кінә және оның нысандары түсінігі, іс әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар, қылмысқа қатысуы үшінжауапкершілік жағдайлары бүкіл қылмыстық заңнама үшін біртұтас болып келеді.
Қылмыстық және әскери қылмыстық заңнаманың біртұтастығы әскери қылмыс ұғымынан көрінеді.
Қазақстан Республикасы ҚК 437-бабында қылмыстың жалпы белгілері қайталанбай, тек қана әскри қылмыс объектісі мен субьектісінің ерекшеліктері көрсетіледі.
Арнайы орныдалған диплом жұмысында әскери қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаттамасы беріліп олардың мазмұнын ашуға бағытталған.
1.
Әскери қылмыстардың түсінігі және жалпы сипаттамасы
1. 1 Әскери қылмыстардың түрлері
Қазақстан Республикасын қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің ең маңызды функцияларына жатады және бүкілхалықтық іс болып келеді. Конституцияның 37-бабының 1-бөлігіне сай, ұлтына, әлеуметтік тегіне, тұрғылықты жеріне, мүліке лауазымды жағдайда, Қазақстан Республикасы қорғау нәсіліне, тіліне, біліміне, дінге қатынасына, кәсібінің тегіне және мінезіне, саяси және өзге сенімдеріне, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктерге жатуына қарамастан, оның әр азаматының ардақты борышы және міндеті болып келеді .
Қазақстан Республикасының азаматтары әскери қызметті заңмен белгіленген тәртіпте және түрлерде атқарады (Конституцияның 37-бабының 2-бөлігі) .
Қарулы Күштердің әскери жарғылары әскери бөлімдері, басқармалары, мекемелері және ұйымдарының әскери қызметшілері әскери қызметті атқаруының қатаң тәртібін тұралап анықтаған. Әскери тәртіпті бұзу, құқық бұзушылықтар жасау үшін, материалдық, әкімшілік және қылмыс жауапкершілігін көтереді.
Әскери қызметшілерінің қылмыстарды жасағаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының ҚК 18-тарауында (әскери қылмыстар) анықталған.
ҚК 403-бабына сай: "Әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасы басқа да әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы әскери қызметшілердің, сондай-ақ запастағы аза-маттардың жиындардан өту кезінде әскери қызмет атқарудың белгіленген тәртібіне қарсы осы тарауда көзделген қылмыстарды жасауы әскери қылмыстар деп танылады".
Заңның мазмұнынан әскери қылмыстар болып, әскери қызметті атқару тәртібін реттейтін қатынастарға (әскери қылмыстардың тектік объектісі) қиянат ететін қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер болып табылады.
Әскери қызметшілерінің әскери қызметті атқарудың белгілі тәртібіне озбырлық жасамайтын құқыққа, мысалы: қарақшылық, зорлау, бұзақылық және с. с. әскери қылмыстарға жатпайды және жауапкершілікті ҚК басқа тиісті тарауларының баптары бойынша тудырады.
Бөлек әскери қылмыстарының нақты объектісі болып - әскери қызметті өтудің бір немесе өзге жақтарын орнататын қатынастар келеді. Нақты объектісі бойынша әскери қылмыстарды алты топқа бөлуге болады:
1. Әскери қызметкерлерінің арасындағы бағынушылық тәртібіне және жарғылық қарым-қатынастарға қиянат жасайтын қылмыстар: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 437-бап) ; бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету (ҚК 438-бап) ; бастыққа қарсы күш қолдану әрекеттері (ҚК 439-бап) ; бір-бірінің бағыныштық қатынастары болмаған кезде әскери қызметшілердің арасындағы өзара қарым-қатынастардың жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 440-бап) ; әскери қызметшіге тіл тигізу (ҚК 440-бап) ;
2. Әскери қызметті өту тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстар: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тас-тап кету (ҚК 441-бап) ; қашқындық (ҚК 442-бап) ; дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 443-бап) ;
3. Арнайы қызметті атқару тәртібіне қарсы бағытталған қылмыстар: жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережесін бұзу (ҚК 444-бап) ; шекаралық қызмет атқару-дың ережесін бұзу (ҚК 445-бап) ; қарауыл (вахта) қызметін атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 446-бап) ; ішкі қызмет атқарудың және гарнизонда патруль болудың жарғылық ережелерін бұзу (ҚК 447-бап) ; қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызмет атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 449-бап) ;
4. Қаруды, оқ-дәрілерін, өзге әскери мүлікті күтіп ұстаудың тәртібіне және әскери техниканы пайдалану ерекшеліктеріне қиянат жасайтын қылмыстар: құрып бара жатқан әскери кемені тастап кету (ҚК 454-бап) ; әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 459-бап) ; әскери мүлікті абайсыздықта құрту немесе бүлдіру (ҚК 460-бап) ; әскери мүлікті жоғалту (ҚК 461-бап) ; айналадағыларға, сондай-ақ заттар мен нәрселерді ұстау ережелерін бұзу (ҚК 462-бап) ; машиналарды жүргізу немесе пайдалану ережелерін бұзу (ҚК 463-бап) ; ұшу немесе оған даярлану ережелерін бұзу кеме жүргізу ережелерін бұзу (ҚК 465-бап) ;
5. Әскери басқарудың қалыпты қызмет етуіне және Қарулы Күштердің мәртебесіне қиянат жасайтын қылмыстар: билікті теріс пайдалану, биліктің асыра қолданылуы немесе әрекетсіздігі (ҚК 452-бап) ; қызметке селқос қарау (ҚК 453-бап) ; жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 455-бап) ; әскери сипаттағы құпия мәліметтерді жария ету немесе әскери сипаттағы құпия мәліметтері бар құжаттарды жоғалту (ҚК 458-бап) ;
6. Қарулы Күштердің беделіне және әскери тәртіпке қарсы бағытталған қылмыстар: тұтқынға өз еркімен берілу (ҚК 456-бап) ; тонаушылық (ҚК 457-бап) ;
Әскери қылмыстардың объективтік жағы әрекеттерден, мысалы бастыққа қарсы күш қолдану іс-әрекетінде (ҚК 439-бап), әскери қызметшіге тіл тигізуде (ҚК 440-бап) немесе әрекетсіздіктен, мысалы: қызметке селқос қарағанда (ҚК 453-бап) тұруы мүмкін.
Өзінің құрылысы бойынша әскери қылмыстардың құрамдары - формальды (ҚК 442-бап), материалды (ҚК 462-бап) немесе формальды-материалды болуы мүмкін (ҚК 445-бап) .
Көптеген әскери қылмыстардың субъективтік жағы қасақана, мысалы: бөлімді немесе қызмет орнын өз бетімен тастап кету (ҚК 441-бап), қашқындық (ҚК 442-бап), әскери мүлікті қасақана құрту немесе бүлдіру (ҚК 459-бап) және басқалары. Кейбір әскери қылмыстар абайсыздықтан да жасалынуы мүмкін, мысалы: әскери мүлікті абайсызда құрту немесе бүлдіру (ҚК 460-бап) . Бөлек қылмыстар қасақана да, абайсыз да жасалынуы мүмкін, мысалы: бұйрыққа бағынбау немесе оны өзгедей орындамау (ҚК 437-бап), жауынгершілік кезекшілікті атқарудың ережелерін бұзу (ҚК 444-бап) .
Бөлек жағдайларда субъективтік жақтың қосымша сипаттары болып қылмысты жасау мақсаты мен себебі келеді, мысалы: дене мүшесіне зақым келтіру жолымен немесе өзге тәсілмен әскери қызметтен жалтару (ҚК 443-бап), жауға соғыс жүргізу құралдарын беру немесе тастап кету (ҚК 455-бап) және с. с.
Әскери қылмыстардің әскери, яғни әскерге шақыру бойынша не келісім шарт бойынша Қазақ-стан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрамаларында әскери қызмет атқарушы адам, осымен қатар жиындарды өтіп жатқан азаматтар.
1992 жылғы 22 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Заңының 4-бабына сай Қарулы Күштер өзіне: әскери басқару органдарын, Қарулы Күштердің түрлерін - құрлық әскери, ауаға қарсы қорғаныс әскерлерін, әскері - ауа күштерді, тылды, әскери - құрылыс бөлімдерін, әскери-оқу орындарды кіргізеді .
Өзге әскери құрылымдары ретінде шекаралық және әскерлік құқықтар, Республикалық Ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскерлері, азаматтық қорғаныстың басқару органдары мен бөлімдері.
Қазақстан Республикасының ҚК Ерекше бөлімі қарастырған құқыққа қайшы әрекеттерден әскери қылмыстар екі ерекшеліктермен - сұғынушылықтың ерекше объектісімен және қылмыстың арнайы субъектісімен айырылады.
Әскери қылмыстарды соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда жасау бағалау жағдайы болып келеді және өлім жазасына дейін көтеріңкі жауапкершіліктітудырады.
Қазақстан Республикасының "Қорғаныс және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы" Заңының 5-бабына сай Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері құрылуының ең маңызды қағидасы болып орталықтандырылған басқару және бірбастылық келеді. Соңғысы командирді (бастықты) бағыныштыларына қарағанда өкімді биліктің толықтығына бөлеуден және олардың әскери қызметті атқаруының барлық жақтары үшін оған жеке жауапкершілікті жүктеуден құралады. Қарулы Күштердің Уставына сай бір бастылық қағидасы командирге (бастыққа) бағынышындағыларға бұйрықтарды беру және соңғыларды осы бұйрықтарды сөзсіз орындауға міндеттеу құқығын береді.
Командир (бастық) - бұл бір немесе армия, флот, әскери құрылым, әскери бөлімше, әскери кеменің немесе олардың бөлімшелерінің оған тұрақты болмаса уақытша басқа әскери қызметшілері бағынатын әскери қызметші.
Командирлер (бастықтар) бір-бірімен қызмет жағдайына немесе әскери атақтарына қарай айырылады. Мысалы: әскери бөлімнің немесе оның құрамындағы бөлімшенің командирі өзінің қызмет жағдайына сай сол бөлім немесе бөлімшенің жеке құрамы үшін бастық болып келеді, ал әскери атақтарына сай генералдар мен офицерлер сержанттар, старшиналар, прапорщиктер, мичмандар үшін бастық болып танылады. Соңғылары өз кезегінде қатардағы сарбаздар мен матростар үшін бастық (командир) ретінде танылады.
Бұйрық қызмет мүдделерінде заңдар мен әскери жарғылардың талаптарына сай беріледі. Ол жазбаша немесе ауызша нысанда, телефон, радио немесе телеграф немесе біреуді жіберу арқылы және басқаша да берілуі мүмкін.
Бұйрық, басым көпшілік жағдайларда, бағынышты адамның әскери қызметі саласына жатады, бірақ та оның қызметтен тыс, көпшілік орындардағы және с. с. жерлердегі жүріс-тұрысына да қатысты болуы мүмкін.
Командир (бастық) бұйрығын орындамау - қауіпті әскери қылмыстардың бірі болып келеді және заң бұл үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырған.
ҚК 437-бабы бұл қылмысты: "Бағынбау, яғни бастықтың бұйрығын орындаудан ашық бас тарту, сол сияқты бастықтың белгіленген тәртіпте берілген бұйрығын бағыныштының, қызмет мүддесіне елеулі зиян келтіріп өзгедей әдейі орындамау" деп анықтайды.
Осы қылмыстың нақты объектісі болып - армия мен флотта бағыну тәртібін қатаң сақталуын қамтамасыз ететін әскери қарым-қатынастар келеді.
Объективтік жақ командир (бастықпен) бекітілген тәртіпте берілген бұйрықты орындамау, елеулі зиян болуында және іс-әрекет және салдары араларындағы себепті байланыста болып келеді. Бөлім, бөлімше жарғыға, жоғары тұратын бұйыруына сай өткізілген маңызды әскери шаралар сәтсіздікке ұшыраған жағдайларда зиян елеулі болып танылады.
Бұйрықты орындамау нысаны бағыныштының командирдың бұйрығын үзілді-кесілді орындамауында, әлде оның бұйрығын өзгеше орындаумауын, яғни, бұйрықты алған бағынышты адам оны орындаудан бас тартатыны туралы тікелей айтпаса да, іс жүзінде оны орындаудан бас тартқаны көрініс табуы мүмкін .
Қылмыстың субъективтік жағы - тікелей немесе жанама арам ниет түріндегі қасақана кінәмен сипатталады. Кінәлі ол бастық (командир) бұйрығын орындамағанын сезінеді, қызмет мүдделеріне елеулі зиян келтірілуі мүмкіндігін немесе оның болмай қалмайтынын алдын ала болжайды, осындай зиян болуын қалайды немесе саналы түрде жол береді, әлде оның туындауына немқұрайды қарайды.
Қылмыс субъектісі арнайы - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің бұйрықты берген адамға бағынышты болып келетін әскери қызметші немесе әскери міндетті адам.
ҚК 437-бабының 2-бөлігі адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан топпен (31-бапты қараңыз), осымен қатар ауыр салдары туғызған дәл осындай іс-әрекеттер үшін жауапкершілікті қарастырады.
Ауырсалдар ретінде бөлім, бөлімше, кеменің ұдайы жауынгершілік дайындығын қамтамасыз ету бойынша шаралардың олқылығы жауынгершілік техниканы бұзу, әскери бөлімге елеулі материалдық залал келтіру.
ҚК 437-бабының 3-бөлігі баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген іс-әрекеттерді соғыс жағдайында немесе жауынгершілік жағдайларда жасау үшін қарастырады.
ҚК 437-бабының 4-бөлігі ауыр салдары туғызған бұйрықты қызметке салақ немесе арам ниетті қарау себебінен орындамау үшін жауапкершілікті анықтайды.
ҚК 437-бабының 4-бөлігінің диспозициясынан бағынышты адамның бастық бұйрығын орындамауы абайсыздықтан, яғни қылмысты немқұрайлық немесе қылмысты менмендіктен болатыны шығады.
Кінәлі адам оның қызметке неқұрайлы қарағаны салдарынан бастық бұйрығы орындалмайтынын, яғни бұйрықпен бұйырылған әрекеттер жасалмайтынын болжамайды, осының себебінен ауыр салдар туындайды, алайда, қажетті ұқыптылық және сақтық болған ретте осыны болжау тиіс тұғын және осыны алдын ала болжай алатын. Немесе кінәлі адам қызметке жеткілікті дәрежеде адал болмауы себебінен ауыр салдар туындай алатынын болжаған, бірақ та осыған жеткілікті негіз болмай тұра ол олардың алдын алам деп ойлаған еді.
Құрылымы бойынша 437-баптың құрамы - материалды. Қылмыс елеулі зиян келтірілген немесе ауыр салдар туындаған сәтінде аяқталған болып есептеледі.
ҚК 437-бабының 5-бөлігі жауапкершілікті осы баптың төртінші бөлігімен қарастырылған іс-әрекеттерді соғыс уақытында немесе жауынгершілік жағдайда жасағаны үшін анықтайды.
ҚК 438-бабы жауаптылықты екі бөлек қылмыс үшін қарастырады :
1) бастыққа сол сияқты әскери қызмет бойынша өзіне жүктелген әскери міндетті орындайтын өзге адамға қарсылық көрсету немесе
2) оны осы міндеттерді бұздыруға күш қолдану және күш қолданамын деп қорқыту арқылы мәжбүр ету.
Бірінші және екінші қылмыстың да объектісі болып - бағыныштылық тәртібі және әскери қызметшілері арасындағы жарғылық қарым-қатынастар келеді. Қосымша объект - командир (бастықтың) сол сияқты өзіне жүктелген әскери міндетті орындайтын өзге адамның өмірі, денсаулығы, бас бостандығы.
Қылмыстың объективтік жағы - бастық немесе әскери қызмет міндеттерін атқаратын өзге адам ретіндегі белсенді әрекеттер арқылы білінеді, нақты алғанда, қарсылық көрсетуде немесе оны әскери міндеттерін бұзуға мәжбүрлеуде .
Қарсылық білдіру бұл - бастыққа немесе әскери қызмет міндеттерін атқаратын өзге адамға оларға жүктелген әскери қызмет міндеттерін жүзеге асыруға белсенді түрде кедергі ету.
Бастықты немесе әскери қызмет міндеттерін атқаратын өзге адамды мәжбүрлеу, күш қолдану немесе оны қолданам деп қорқытумен қосыла жасалатын және мақсаты болып көрсетілген адамдарды өз міндеттерін бұздыру, яғни қызмет мүдделеріне қарсы заңға қайшы әрекеттерді жасатуға мәжбүрлеу әрекеттерінен көрінеді. Мысалы:"дедовщина" жағдайларында екінші жыл қызмет ететін әскери қызметшілер сержанттар, старшиналар және с. с. күш қолдану арқылы қызметті бастап жатқан әскери қызметшілеріне қарағанда қызметті атқарудың қолайлырақ жағдайларына иемденеді.
Мәжбүрлеу - дене немесе психикалық зорлық (күш қолдану) арқылы жасалады.
Қаралатын қылмыстардың құрамы - формальды. Бастыққа қарсылық көрсету немесе оны қызметтік міндеттерін бұзуға мәжбүр ету, бастық әскери қызмет міндеттерін атқару мүмкіншіліктерінен айырылғаны- айырылмағанына қарамастан немесе заңға қайшы мәжбүрлеу әсерінен орындағанына (орындамағанына) қарамастан, кінәлі осы әрекеттерді жасаған сәттен аяқталған болып есептеледі.
Екі жағдайда да субъективтік жақ тікелей қасақаналықта болады. Кінәлі бастыққа сол сияқты әскери қызмет міндеттерін атқаратын өзге адамға қарсылық білдіріп тұрғанын немесе осы міндеттерін бұзуға мәжбүрлейтінін сезінеді, мәжбүрлеуін күш қолданумен түйістіреді немесе оны қолданам деп қорқытады және осы әрекеттерді жасауды қалайды.
Субъект арнайы - ол ретінде бапта көрсетілген әрекеттерді жасайтын бастықтың қарауындағы әскери қызметші болып келеді.
ҚК 438-бабының 2-бөлігі дәл осы әрекеттер үшін төмендегідей жауапкершілікті қарастырады:
а) адамдардың тобымен алдын ала келісу бойынша немесе ұйымдасқан топпен (ҚК 31-бабын қараңыз) ;
б) қаруды қолданумен;
в) денсаулыққа ауыр немесе орта дәрежедегі зиян немесе өзге ауыр салдар ұштасуымен.
Қару ретіндегі штаттық армиялық қару (винтовка, автомат, пистолет, граната, штык, кортик және с. с. ), сол сияқты аңшылық қару, финдық пышақ, кастет және зауытта немесе қолдан жасалынған, нысананы жоюға арналған өзге де оқ-дәрілі немесе суық қару түсініледі.
Осы қылмысты жасаудың ең қауіпті әдісіне -қаруды қолдану арқылы командирдің денсаулығына оқ-дәрілі немесе суық қарумен зиян келтіру, сол сияқты психикалық қорқыту - қаруды ашу және бастыққа қарай көздеу, қорқыту үшін ауаға қарай ату және мақсаты болып бастықты заңсыз әрекеттерді әскери қызмет мүдделеріне қайшы жасаттыруға бағытталған с. с. көрінісін табады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz