Антикалық зерттеушілер жұмыстарындағы мотивация мәселелері



Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

1. Антикалық зерттеушілер жұмыстарындағы мотивация мәселелері;

2. Инстинктер теориясы;

3. А.Маслоу бойынша адам қабілетінің классификациясы;

Мотивті адамның белсенділігінің себептері ретінде түсіндірудің алғашқы талпыныстары антикалық дәуірден басталады. Аристотель өзінің "жан туралы" трактатында жан функцияларының ішінен "бір нәрсеге" деген немесе "бір нәрседен" адамның ұмтылысын бөліп көрсетеді. Платон мотивтердің шиеленісін жанның ақылды бөлігі мен ашкөз бөлігі арасындағы күрес ретінде қарастырылады.

Мотивация туралы теориялар ежелгі грек философтары мен теологтары ілімдеріндегі рационализм жәнеиррационализм бағыттары мен бірге дамыды . XIX - ғасырдың ортасына дейін ықпалы басым болған рационалистік позициясы бойынша, адам жануарларға еш қатысы жоқ ерекше жаратылыс ретінде қарастырылады. Тек адам ғана санаға, ақыл-ойға, ерік-жігерге ие бола алады. Бұл бағыт бойынша мотивацияның қозғаушы күші - адамның ақыл-ойы мен санасы және еркі мен байланысты.Иррационализм негізінен жануарлар әлемі туралы ілім болды. Мұнда жануардың адамнан ерекшелігі оның жүріс тқрысы еріксіз, санасыз биологиялық жоспарда жүзеге асып, органикалық қажеттіліктерге сүйенеді.

Мотивация туралы психологиялық теориялардың дамуында XVII - XVIII ғасырда жоғарыдағы аталған идеялар (рационалистік, иррационалистік) негізіне құрылған екі теорияның маңызы зор болды.

Бірінші, адам іс - әрекеті мен жүріс-тұрысын рационалистік тұрғыдан түсіндіруші "шешім қабылдау"теориясы - экономика саласына математикалық білімдердің енгізілуіне байланысты адамның экономикалық жүріс-тұрыстық шешім қабылдауы. Кейіннен, бұл адам іс-әрекетінің барлық сферасында қатыстырылды.

Екіншісі, адам іс-әрекеті мен жүріс-тұрысын иррационалдық тұрғыда түсіндіруші "Автомотизм" теориясы-осы ғасырдағы механика жетістіктері нәтижесінде пайда болып, кейіннен тірі организмнің сыртқы әсерге тума, автоматты, механикалық жауабын қарастыратын рефлекс идеясымен жалғасты. Бұл теориялардың бірі - адам, екіншісі-жануар жүріс-тұрысын түсіндіруге бағытталған, бір-біріне тәуелсіз, жеке және философиялық ілімдердің екі үлкен лагеріне негізделген, жеке адамның мотивациясының ғозғаушы күші туралы бұл теориялар XIX - ғасыр аяғына дейін өмір сүрді.

XIX - ғ екінші жартысы барлық ғылымдар саласы үшін күрделі жаңалықтарға толы болды. Соның бірі - Ч. Дарвиннің "эволюциялық теориясы". Ч.Дарвин өз ілімі арқылы осы уақытқа дейін адам мен жануарды анатомиялық, физиялогиялық, психологиялық тұрғыда өзара сыйыспайтын екі үлкен топқа бөліп қарастырып келген бағыттар арасында ғылыми негізделген көпір орнатты. Ол алғаш рет осы екі тірі жаратылысты жүріс-тұрыстық және мотивациялық тұрғыдан бір-біріне жақындастырып, әсіресе, қажеттіліктер менинстинктердің эмоционалды-экспрессивті түрде көрінуінде екеуіне де ортақ формалар болатынын анықтады. Осы теория ықпалымен адам және жануар жүріс-тұрысының формаларын зерттеу қарқыны есе түсті.

Жануарлардың жүріс-тұрысын зерттеуде В.Келлер, Э.Торндайк, адамдардағы инстинкті зерттеуде З. Фрейд, У.Макдауголл, И.Павловтың теорияларын айтуға болады. Бұл теорияларды бұрын қажеттіліктерді тек жануар жүріс-тұрысына тән деп есептесе, енді оны адам жүріс-тұрысынан қарастырып, адамға тән қажеттіліктер түрін анықтау басты орын алды. Адамның мотивациялық қозғаушы факторы ретінде органикалық қажеттіліктер мен инстинктерін сипаттады.

Біздің ғасырымыздың 20-шы жылдарында шетел психологиясында "инстинк" түсінігі, неғұрлым әйгілі түсінік болды. Осындай мәні бойынша биологи ялық иррационалдық теориялардың бірі - З.Фрейд пен У. Макдауголл негізін салған "инстинктер теориясы"

олар адам жүріс-тұрысыныңқозғаушы күштерінің себебін тума инс тинктерден іздеуге батыл қадам жасады. З.Фрейд бойынша ,мұндай инстинктер саны үшеу: өмір сүру, өлім, агрессивтілік инстинктері.

У.Макдауголл инстинктінің негізгі санына қатысты ретпен белгіленген ұғымды кеңейтіп және оны инстинктіден тұратын жиынтықты ұсынды: өнертапқыштық, құрылыстық, әуестік, қашушылық, кезеңдік, төбелесушілік, ата-аналық, жек көрушілік, өзін кем тұтынушылық, өз-өзін сендірушілік инстинктісі. У.Макдаугоол өзінің кейінгі жұмысында негізінен органикалық қажеттілікке тиісті тағы сегіз инстинктіні қосты. Ұсынылған инстинктер санының көбеюіне қарамастан, оның теориясының негізі жануар лардың жүріс-тұрысы менұқсастықта қолданылды.

З.Фрейд бойынша мотивация биоэнергетика емес, психоэнергетиканы көрсетеді, бұл жүріс-тұрыстың психикалық себептілігін бейнелейтін оның динамикалық сипаттамасы. Ол құрастырған мотивацияның бастапқы 3 компаненті бар: "Ішкі Мен"-жеке адамның өзіндік санасы. "Сыртқы Мен"-санадан тыс құмарлық. "Жоғарғы Мен"-өмір әрекеті барысында жеке адамның санадан тыс игерген моральдік стандарттары тыйымдары, ынталандырулады. Жеке адамның бағытталған белсенділігі болып жоғарыда аталған компоненттердің арасындағы қарама-қайшылықтардың нәтижесі табылады.

Мотивация механизмдерін зерттеу бихевиористік мектепте орталық орыналған. Мотивация мазмұнын анықтау үшін бихевиоризм ілімінде "драйв" деген арнайы түсінік енгізіледі, яғни ол адамды немесе жануарды белсенді болуға мәжбүр ететін стимул немесе қозғаушы . Өзінің психологиялық мазмұны бойынща инстинк түсінгімен сай келеді.

Осы проблеманы необихевиористік К.Халл, Э.Толмен, Б.Скинер және басқалары шешуге тырысады. Олар ұсынған S-R формуласының моделі аралық элементтер қатарымен толықтырылған.

Бұл жерде сана жүріс-тұрысты итермелеуші және реттеуші элемент ретінде көрінеді. Стимул тек сыртқы қозғаушы ғана емес,сонымен қатар ішкі "қажеттілік"ретінде қарастырылады.

Мотивациялық теориялардың дамуының келесі күрделі кезеңі xx ғ.30-шы жылдарынан басталды. Бұл тек адам мотивациясының қозғаушы күшін түсіндіруге бағытталған мотивацияның арнайы психологиялық теориялары. Бұл сол кездегі психология ғылымындағы негізгі психологиялық бағыттардың немесе мектептердің ғылыми зерттеу жұүмыстары мен тікелей байланыста дамыды.

Гештальт психологиясының өкілі- К.Левиннің "мотивацияның динамикасы"теориясы. К.Левин мотивация динамикасын алғаш индивидуалды жүріс-тұрыста ,кейіннен коллективті жүріс-тұрыста қарастырды. Өз теориясындағы "өріс"ұғымын "психологиялық кеңістік"ұғымымен сәйкестендірді. К.Левин концепциясы бойынша адам жүріс-тұрысының негізгі қозғаушы күші -өмірлік психологиялық кеңістіктегі адамдардың мотивтерінің ішкі шиеленісі. К.Левин және Э.Толмен көзқарастары негізінде жүріс-тұрыс екі өзгермеліден: а) бір нәрсені күту: ә)мотивтерге айналатын құндылықтар ретінде қарастырылады.

К.Левин бойынша, адам өзіне-өзі берген тапсырмалар негізінде "квази қажеттіліктер"-соны орындауға деген қажеттілік пайда болады. Ол қойылған мақсатқа жетуге бағытталған,іс-әрекетте шынығатын шиеленістер жүйесін шақырады. Ал, егер де жаңа тапсырма енгізсе, онда бұл іс-әрекет қайта оралуына деген ұмтылысты туғызады.

Психологиядағы мотивацияға байланысты күрделі теориялардың бірі, америкалық психологтар Д.Макклелланд, Д.Аткинсон және неміс психологы Хекхаузен ұсынған іс-әрекет түрлеріндегі - "табысқа жету мотиві". Д.Аткинсон және К.Берчтің "аисторическая и афизологическая" мотивациялық теориялары.

"Үшінші күш" ретінде танылған жеке тұлғаны зерттеудің тағы бір бағыты "өркендеу теориясы" деп аталады. Бұл теорияны гуманистік психология өкілдері А.Маслоу, К.Роджерс және К.Голдштейн ұсынды. Өркендеу теориясы адамның жетілуге тапынуын өз мүмкіндігін жүзеге асырылуын белгіледі.

А.Маслоудың мотивацияның "тұлғалық"теориясының негізінде өз-өзін актуализациялау концепциясы жасалған. Негізгі еңбектері: "Мотивация и личность"(1954,1957). А.Маслоу осы уақытқа дейін адамның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инновациялық оқыту жағдайындағы педагог креативтілігін дамыту
Мотивацияның мәселелері
Савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Жастық шақ кезеңдері
Мотивацияның психологиялық теориялары
Л.С Выготскийдің, А.Б. Запарожец, С.Л. Рубинштейн, А.Н Леонтьев, П.К Анохин П.В Симонов еңбектерінде эмоцияның теориясы
Студенттердің оқу әрекетінің мотивациясын арттыру мәселесі
Заң психологиясының даму тарихы
Мотивация теориясын дамытқан ғалымдардың негізгі теориялары
Дарынды балаларды дамытудың маңызы
Пәндер