Музей ісі және есткерткіштерді қорғау



Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Музей ісі және есткерткіштерді қорғау.

Жоспар.
І.Кіріспе.
ІІ.Негізгі бөлім

1. Тарихы мен дамуы
2. Түрлері және қызметі
3. Қазақстандағы мұражай тарихы
4. Музeй типтері
5.Қазақстандағы мұражайлардың негізгі бағыттары
ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланған әдебиеттер

Мұражай, музей, (грек тілінде museіon - муза сарайы) - тарихи-ғылыми дерек ретіндегі ескерткіштерді, өнер туындыларын, мәдени құндылықтарды, т.б. мұраларды сақтап, жинақтап, ғылыми-танымдық қызмет атқаратын мекеме.Мұражай заттық және рухани құндылықтарды танытуда, ғылыми тұрғыда зерттеп, оның нәтижелерін насихаттауда, осы негізде тәлім-тәрбие беруде маңызды рөл атқарады. Мұражай ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына ықпал ететін ғылыми мекеме ретінде өскелең ұрпақтың тәрбиесіне, тарихи сананың қалыптасуына ықпал етеді
Тарихы мен дамуы
Мұражай алғашында бағалы бұйымдар мен заттар, мәдени жәдігерлерді сақтайтын қазыналық қор ретінде қалыптасты. Мұражайдың қалыптасуына көне замандардағы коллекциялар негіз болды. Ежелгі Рим шешені Марк Туллий Цицерон: "коллекция - шашыранды заттарды бір топқа біріктіру" деп түсіндірді. Коллекциялау ісіменАристотель, Рим патшасы Юлий Цезар, т.б. айналысты. Еуропада тарихи мұражайлар 16 - 18 ғасырларда пайда болды. Мұражайдың қалыптасуы ұлттық сана-сезімді оятуға, мәдени-саяси идеяларды (ой-сезімді) насихаттауға көмектесті. 1820 жылы Германияда өнер мұражайлары құрылды. 1811 жылы Ресейде - Феодосияда, 1825 жылы Одессада, 1828 жылы Керчьте археологиялық бағыттағы және әскери-тарихи мұражайлар құрылды. 19 ғасырда этнографиялық зерттеулердің дамуы нәтижесінде этнографиялық мұражайлар құрылып, олар ғылыми-зерттеу орталықтарына айналды. Олар: Будапешт (1872), Стокгольм (1874), Париж (халықтану мұражайы, 1877), Роттердам (1883) қалаларында құрылған этнографиялық мұражайлар. Ашық аспан астындағы алғашқы этнографиялық мұражайлар Скансенде (Стокгольм, 1891), қасиетті Мартинде (Словакия, 1893), Софияда (1893) Брюссельде (1897), Краковта (1910), Арнхемде (Нидерланд, 1912) құрылып, ірі ғылыми ізденістермен айналысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Түрлері және қызметі
Музейұғымы антика дәуірінде ежелгі Грекияда ерекше салтанатпен безендірілген, жиын жасауға арналған сәнді ғимараттары мусейсон немесе музалар храмы деп аталған.Музейлердің қорында ең бастысы заттық және бейнелеу, өнер туындылары, жазбаша деректер сақталады.
Қазіргі таңда әлемдік музейлердің бірнеше түрлері бар. Олар:
1.Тарихи музейлер - тарих ғылымдардың жүйесімен біріктірілген музейлер жатады: тарихи, археологиялық, нумизматикалық, тарихи-революциялық, әскери-тарихи, тарихи-экономикалық, ағарту және білім тарихы, арнайы тарихи
2.Өнертану музейлері - өнер және өнертану тарихына жататын музейлер. (бейнелеу өнері, сурет галереялары,мүсін),қолданбалы өнер музейлері, қолөнер, гравюра кабинеттері, театр, музыка, киноөнері
3.Жаратылыстану тарихи музейлері - жаратылыстану ғылымдарына жататын музейлер,оларға биологиялық, ботаникалық (өсімдіктану), жануартану, геология, минералогия, палентология, антропология (адамтану) және экологиялық музейлер жатады.
4.Техникалық музейлерге - техника ғылымдар және өндіріспен байланысты музейлер: политехникалық, техникалық, авиация, байланыс, тау-кен ісі, темір жол көлігі, жеке кәсіпорындар музейлері, техника ескерткіштері т.б.
5.Әдебиеттану музейлеріне әдебиетке, жазушылардың өмірі мен қызметіне байланысты музейлер.
6.Мемориалдық музейлер маңызды топты құрайды.
7.Кешенді музейлер - екі не одан да көп негізгі салалары байланыстыратын музейлер: тарихи-өнертану, тарихи-сәулет, ауыл-шаруашылық музейлері (жаратылыстану ғылымы мен тарих салаларының бірігуі) ж.т.б.
Қазақстандағы ақпарат құралдары мен мерзімді басылым беттерінде соңғы кездері музей ұғымының орнына мұражай сөзі аудармасын қолданып жүр. Алайда, мемлекеттік терминологиялық комитеттің шешімімен мұражай емес, ғасырлар бойы әлем жұртшылығы қолданып жүрген халықаралық нұсқада музей болып аталатын болды.
Республикамыздағы музейлер бағытының ең басты міндеті - мәдени және рухани мәдениетімізді сақтау, дамыту және қолдау болып табылады.
Музей пәні - әлеуметтік жағдаймен байланысты заңдылықтарды және музейлер жүйесін, арнайы мамандандырылуға сәйкес деректерді, сондай-ақ, қоғамдаға және табиғаттағы дамуын зерттейді.Музей тарихи қоғамдық институт ретінде, музей жүйесін және әлеуметтік талаптар мен түрлі салаларға тәуелді ұйымдастырылуын зерттейді. Музейдегі зерттеу - музей заттарының коммуникативті жүйелерін (сақтау режимі, консервациялау, реставрациялау тәсілдері) толық анықтау болып табылады. Аталмыш жағдай музей заттарын зерттеп, жүйелеуде маңызды рөл атқарады.
Музейлердің қызметінің негізгі бағыттары: қор сақтау, экспозиция және көрмелер ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу, экскурсия ұйымдастыру бағыттарына жүргізіледі.
Музей құрылымына музей ісінің теориясы, тарихы (музей тарихнамасы), деректану, ғылыми зерттеудегі ғылыми әдістер жатады. Объективті тұрғыдан алсақ, музей басқа ғылымдармен байланысты -тарих, археология, этнография, әдебиеттану, жануартану, өнертану, геология, өнертану және т.б. арнайы және қосалқы ғылыми пәндермен.100-ден аса музейге арналған журналдар:ЮНЕСКО-да Халықаралық музейлер кеңесі шығарған журналдар: The museums journai (Ұлыбритания), Museum news (АҚШ), Musees de France (Франция) және т.б. Сол кездерде бұрынғы КСРО-да Советтік музей, Музейное дело в СССР және т.б. түрлері де жарық көрген.2002 ж. желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенттік мәдениет орталығы көненің көзіндей, тарихтың өзіндей болған жәдігерлерді насихаттау үшін Қазақстан музейлері мәдени-танымдық және ғылыми-әдістемелік журнал шығара бастады. Алғашқы мұражайлар қазақ даласында 19 ғасырдан бастап қалыптаса бастады. 1830 жылы 12 қараша күні Орынбор генерал-губернаторы граф П.П. Сухтелен жергілікті халықты және тұрғындарын өлкенің табиғатын, тарихын мен этнографиясын бейнелейтін жәдігерлерді губерния орталығында ұйымдастырғалы жатқан мұражай үшін табыстауға шақырады Бұл шақыру қала тұрғындары мен жергілікті халық өкілдерінің қолдауына ие болып, нәтижесінде ашылғалы отырған мұражай үшін түрлі жәдігерлер жинала бастады. Олардың арасында ескі қару-жарақ, үй тұрмысы және этнографиялық бұйымдар, кітаптар мен портреттер болды. Жинастырылған жәдігерлер негізінде 1831 жылы Неплюев әскери училищесі жанынан Орынбор губерниялық мұражайы ашылды. Мұражайы ұйымдастырау жұмысына және оның жәдігерлері қорының қалыптасуына 1830-1838 жылдар аралығында Орынбор қаласында қызмет жасаған орыстың белгілі ғалымы Владимир Иванович Даль (1801-1972) қосқан үлесі ерекше. Орынборда өткізген 8 жылын аралығында В.И. Даль Орал, Гурьев, Бөкей ордасына және т.б. жерлерге жыл сайын сапарға шығып қазақ халқының тұрмысы, фольклоры мен этнографиясы жайында көптеген деректер жинастырда. Орынбор мұражайының алғашқы қорын жергілікті табиғатты бейнелейтін жәдігерлер мен өлкені мекендейтің халықтардың үй тұрмысы және этнорафиялық бұйымдары, аздаған ескі жару-жарақтар құрады. Олардың арасында түрлі ыдыс-ақ, киім-кешек және тарихта белгілі адамдардың жеке заттары да болды. Атап айтсақ, олардың арасындағы ханы Жәңгірдің жұбайы Фатима ханымның күміс шалып тоқыған матадан тіккен шелекауыз жеңді ұзын кең көйлегі ,қынай бел пішіліп, күрең қызыл барқыттан тігілген алтын, күміс жіптермен кестеленген тірсек жең, шолақ төбе құндыз бөрігі көксауыр етектері және Жәңгірдің өзі мұражайы сыйлаған қымбат тастармен өрнектеліп тігілген сәукеле мен шапан қазақ халқының киім-кешек үлгілерінің сол кезеңдегі жетістіктерін көрсетеді.1833 жылы Орынбор мұражайы қорында: геологиядан - 972, ботаникадан - 1575, зоологиядан - 30 жәдігер, кітапханасында - 5 шығыс, 35 басқа да халықтар тілдердегі кітаптар, орыс және шығыс тіліндегі 7 қолжазба, 9 гравюра, 9 портрет болды.

Қазақстандағы мұражай тарихы
Мұражайлардың қор жинақтау жұмысында далалық экспед., ғылыми институттармен бірлескен жұмыстардың нәтижелері кеңінен қолданылады. Қазақстанда мұражай тарихы 1830 жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын сипаттайтын мұралар негізінде 1831 ж. Неплюев әскери училищесі жанынан губерниялық мұражай ашылды. Бұл мұралар қазіргі таңда ҚР Орталық Мемлекеттік мұражайының негізгі қорын құрауда. Қaзақстанда 1913 ж. - 3, 1927 ж. - 6, 1937 ж. - 19, 1939 ж. - 25, 1970 ж. - 29 мұражай болса, қазіргі таңда мұражай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Музейлердің қор жұмысы
Мектеп музейін ұйымдастыру және оның кейбір мәселелері
Мұражайтану ғылыми пән ретінде
Музей ұғымының теориялық негіздері
Қазақстан музейлерінің бүгіні мен ертеңі
Мәдени саясаттың модельдері
Музей түсінігі
Пәндер