Музыкалық өнер туралы
Музыка (гр. Μουσική от гр. μούσα -- муза) -- Музыкалық дыбыс, көркем бейнеге идеялы - қызу мазмұн iске асыратын көркемөнер бiр түрi. Адамның сезгiш қабiлеттiлiктердiң жұмысшы дамытуынан ажырағысыздың музыканың дамытуы тарихи контекстте тiптi - өзгеретiн мәдени шарттардағы музыкалық материалының адамын акустикалық игерудi жүрiс музыканың тарихының өте iргелi деңгейiн құрайды.
Музыкалық өнер туралы өте сезгiш өнерлердi ара-арасындалар туралы сияқты айтады. Поэзия немесе кескiндеме, мысалға, мүмкiн емес ғана емес деңгейде физиологиялық реакциялар, музыкамен қабылдансын қабылдана алады, керiсiнше парасаттың қосындысысыз шығарсын, және мұндай тыңдау және музыка тартуды көкжиек жеткiлiктi (нақтылы сарындар, дискотекадағы билары, сөздi бұзылыстары бар аурулардың ән салуы және логикалық аппараттың бұзылуымен арқылы тиiмдi ойлаудыажыратуды медитацияланатын тәжiрибе) кең. Музыканың нейрофизиологиялық әсерi баяғыдан дәрiгерлiкте қолданылды.
Музыка табиғи дыбыстардың әсерінен бастау алған болуы керек. Кейін сол музыканы адамдар жан-жақты дамыта түрлі аспаптар, кейін электроинструменттермен ұштасып ойлап шығара бастағаны айдан анық қой.
Музыканың пайдасы да зияны да бар. Музыка - адамды жындандырып, немесе адамға күш бере алады. Ол әрине, адамның қай жанрдағы музыка тыңдауына байланысты.
Музыкатану - музыка туралы ғылым, өнертанудың бір саласы. Музыкатанудың салаларына музыка теориясы (теориялық музыкатану), музыкалық тарихы (тарихи музыкатану), музыкалық этнография, музыкалық аспапты зерттеу ғылымы, музыкалық акустика, музыкалық психология және музыка сыны жатады. 20 ғасырдың 60 - 70 ж. музыканың қоғамдағы түрлерін зерттейтін ерекше пән ретінде музыкалық социология бөлінді. Теориялық музыкатану музыканың бейнелеу тәсілдерін, даму процесінде қалыптасқан негізгі заңдылықтарын, композициялық әдістерін зерттесе, музыкалық гармония, полифония, әуен, ырғақ, өлшем, аспаптану, форма сияқты, т.б. пәндер музыканың жеке элементтерін зерттейді. Тарихи музыкатанудың мақсаты - музыка өнерінің даму кезеңдерін музыканың түрлі салаларымен, қоғам өмірінің өзгерістерімен байланыстыра отырып зерттеу. Музыка тарихы музыкалық шығармашылықтың құбылыстарын зертеуде музыкалық-теориялық талдаудың нәтижелеріне сүйенеді. Сонымен қатар зерттелетін құбылыстың тарихи шарттылығын ескермейінше теориялық музыкатану қорытындылары толық және ғылыми дәлелді болмайды. Музыка тарихы музыканың жалпы тарихымен қатар жеке ұлттардың музыка тарихын, музыкадағы жанр мен форма (мысалы, опера, симфония, соната), орындаушылық өнер түрлерін (пианизм, скрипкалық өнер), музыкатанудың жеке салаларының (мысалы, гармония жайындағы ілімнің тарихы) тарихын қамтиды. Музыкатанудың маңызды салаларының бірі - ``музыка сыны''. Ол қазіргі замандағы музыка өнерімен қатар өткен заман музыкасындағы құбылыстарды да талдап, бағалайды. Музыкаға ғылыми тұрғыдан қараудың алғашқы көріністері Қытай, Үндістан, Грекия, т.б. елдерде пайда болды. Гректің көрнекті музыка теоретигі Аристоксеннің (Аристотельдің шәкірті, б.з.б. 4 ғ.) музыка құбылысын қарастырған еңбектері бар. Римнің философ-ғалымы Боэцийдің "Музыка жайында" (6 ғ.) атты трактаты орта ғасырдағы музыка теориясының дамуына әсер етті.
Музыкатануға мол үлес қосқандар[өңдеу]
Орта Азия ғалымдары (Әбу Наср әл-Фараби, 10 ғ.; Ибн Сина, 10 - 11 ғ-лар), араб, парсы, Византия теоретиктері. Қайта өркендеу дәуірінде полифония ережелері жүйеге келтіріліп, мажорлы-минорлы ладтар жүйесінің және гармония жөніндегі ілімнің негізі қаланды. 18 ғ-да Дж.Б. Мартинидің (Италия, 1781), Дж.Хокинс пен Ч.Бернидің (Ұлыбритания, 1776 - 89) музыка тарихына арналған ғылыми еңбектері жарық көрді. 19 ғ-да Г.Берлиоз, Р.Шуман, Р.Вагнер, Ф.Лист музыкалық эстетика және музыка сыны туралы еңбектерінде музыка теориясының мәселелерімен шұғылданды. 19 ғасырдың 2-жартысынан ұлттық музыкалық мектептер қалыптасып, өркендей бастады. 20 ғасырдың басында музыкалық фольклористика кең дамыды. ТМД елдерінде А.Д. Кастальский мен Е.В. Гиппиус орыстың, Д.И. Аракашвили грузиннің, В.А. Успенский өзбек пен түрікменнің, А.В. Затаевич, Б.Г. Ерзакович, А. Жұбанов қазақтың музыкалық фольклорын жинап, зерттеді. Музыкатану ғылымы 20 ғ-да өркен жайды. Жалпы көркемөнер және музыкатану ғылымымен Мәскеу қаласындағы Өнер тарихы институты, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласындағы Театр, музыка және кинематография институты шұғылданды. музыкатану мақсатында және әр елдің алдыңғы қатарлы музыкант-ғалымдарының өзара шығармашылық бірлестікте болуы үшін Мәскеу қаласында өткен ЮНЕСКО жанындағы Халықаралық музыкалық бірлестігінің 7-конгресі болды (1971). Осы мақсатта тұңғыш рет Алматы қаласында (1973) Азия елдерінің халықаралық музыкалық симпозиумы, ал 1974 ж. бүкілодақтық фольклорлық комиссияның халық музыкасын зерттеу жөніндегі пленарлық мәжілісі өтті. ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институтында қазақ музыка өнерінің тарихы мен даму мәселелері зерттелуде. Қазақ музыкатану ғылымы 20 ғасырдың алғашқы ширегінде қалыптасып, ұлттық мәдениеттің жеке түрі ретінде халық музыка шығармаларын жинап, зерттеу, музыкалық мұраларды кәсіби өнердің жаңа жанрларында шығармашылықпен пайдалану көзделді. Қазақтың музыкалық фольклорының алғашқы басылымдары - А.В. Затаевичтің "Қазақ халқының 1000 әні" мен "Қазақтың 500 ән-күйлері" атты екі кітабы. Кәсіби өнердің ауызша дәстүрін зерттеу саласында академик Жұбанов еңбектерінің ғылыми әрі танымдық маңызы ерекше. Оның "Құрманғазы" (1936, 1968), "ұасырлар пернесі" (1963, 1975), "Замана бұлбұлдары" (1963, 1975) атты кітаптарына 19 ғ. мен 20 ғасырдың 1-жартысындағы бірқатар көрнекті кәсіби халық композиторларының, әншілер мен музыкалық аспапта орындаушылардың өмірі мен шығармашылық туралы очерктер енген.
Музыкалық фольклорды жинау - қазақ музыкатану ғылымының негізгі міндеттерінің бірі[өңдеу]
ҚР ҰҒА-ның Әдебиет және өнер институты мен Алматы мемлекеттік консерваториясы өткен ХХ ғасырдың 20-80-жылдарына дейін 10 мыңға тарта ән мен күй жазып алды. Ерзаковичтің "Қазақ халқының ән мәдениеті" (1966) мен "Қазақ халқының музыкалық мұрасы" (1979) атты кітаптары музыкалық мұра және осы заманғы музыкалық шығармашылық туралы жүйелі зерттеу болып табылады. И.И. Дубовскийдің "Қазақ халық әндерінің ладтық құрылымы туралы мәселе" (1958), П.Аравиннің "Құрманғазының музыкалық стилі туралы мәселе" (1971), А.Байғаскинаның "Қазақ халық әндерінің өлеңдік өлшемінің эволюциясы мен музыкалық формасының даму логикасы" (1973), Ә.Мұхамбетованың "Қазақтың күйшілік өнері" (1974), С.Еламанованың "Арқаның әншілік дәстүрі" (1974), Б.Қарақұловтың "Қазақтың дәстүрлі музыкалық тілінің кейбір құралдары туралы" (1974), А.Темірбекованың "Қазақ кеңес халық әндерінің ладтық-ырғақтық негізі" (1975), Б.Байқадамованың "Домбыра музыкасындағы тематикалық стереотип туралы" (1976), С.Күзембаеваның "Қазақ музыкасындағы үндестіктің қалыптасуы" (1977), Қ.Т. Жүзбасовтың "Таулы Алтай қазақтарының музыкалық фольклоры" (1980), Қ.Ж. Төлеутаевтың "Балқаш маңы қазақтары әндерінің мелодиялық стилі" (1982) еңбектері қазақ халық музыкасының теория саласындағы зерттеулер. Халық аспаптарын зерттеу ісінде Б.Сарыбаев көп еңбек сіңірді. Ол ұзақ жылдар бойы ел аралап, тарихи, әдеби және археологиялық деректерді зерттеп, ұмыт болған 25-ке тарта музыкалық аспаптарды тапты. "Қазақтың музыкалық аспаптары" монографиясында (1980) халық музыка аспаптарына классификация жасады. Қазақ музыкасында жиі қолданылатын түрлі терминдер Б.Ғизатов құрастырған "Қазақша музыкалық-терминологиялық сөздіктен" (1981) орын алды. Қазақ музыкасының тарихы КСРО Мәдениет мин-нің Өнертану институты шығарған "КСРО халықтары музыка тарихы" (1966 - 85) атты алты томдығына кезең-кезеңімен жеке тараулар болып енді. Ғизатовтың "Құрманғазы атындағы қазақтың мемлекеттік академиялық оркестрі" (3-басылуы, 1984) атты кітабы тұңғыш халық аспаптар оркестрінің құрылуы және қалыптасу тарихымен таныстырады, Күзембаеваның "Әсемдікті жырлайық" (1982) атты кітабында таңдаулы опера және балет спектакльдеріне сипаттама берілді. Қазақ музыкатану зерттеулерінің маңызды мәселелері Әдебиет және өнер институты, Қазақстан Композиторлар одағы мен Алматы мемлекеттік консерваториясында өткізілетін "Музыкатану оқуларында" тұжырымдалды. Музыкатану саласына республикамыздағы жоғары оқу орындарында қызмет істейтін ғалымдадың да қосып жүрген үлестері елеулі. Т.Қоңыратбайдың "Көне мәдениет жазбалары" (1991) атты ЖОО арналған оқулығында қазақ музыкасының көне дәуірі алғаш рет сөз болса, автордың одан бергі жердегі "Қазақ халқының музыкалық фольклоры мен мәдениеті" (2003), "Ел мұрасы" (2004), "Қазақ музыкасының тарихы" (2011), "Әлем музыкасының тарихы" (2010) атты ҚР БҒМ грифімен жарық көрген оқулықтары да музыкатану саласына қосылған сүбелі үлес болды. [1]
Дереккөздер[өңдеу]
Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақ Энциклопедиясы
Ахметова М., Жұбанов А., Ерзакович Б., Советтік қазақ музыкасы, А., 1975
Қоспақов З., Ерзакович Б., Қазақ музыка фольклорының тарихнамасы, А., 1986
Қоңыратбай Т., Қазақ халқының музыкалық мәдениеті мен фольклоры, А., 1994
Кетегенова Н., Джумакова У., Казахская музыкальная литература, А., 1995
Музыка деген не? Адам өмірінде, қоғамда музыка қандай орын алады? ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz