Музыкалық өнер, оның білім, тәрбие және дамыту мүмкіндіктері



Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Музыкалық өнер, оның білім, тәрбие және дамыту мүмкіндіктері

Жоспары:
1. Музыка өнерінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы рөлі
2. Ежелгі кезеңдегі музыкалық тәрбие
3. Музыкалық тәрбие беру
4. Музыкалық өнерді дамыту мүмкіндіктері

Музыка өнерінің мақсаты - өскелең ұрпақты терең ұлттық өнер қазыналарымен сусындату, дүниежүзілік үздік музыка өнерінің шығармаларына баулу, олардың әсемдік пен эстетикалық көзқарасын кеңейте отырып, оған деген аялы қатынасын орнату. Көркем талғамын қалыптастыру, сұлулықпен әсемдік дүниесіне өз тарапынан ойлы пайымдауларын білдіруге тәрбиелеу. Бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі қоғам дамуындағы жалпы адамзат құндылықтарына деген, адамның өзіндік дара қызметіне деген үндеуді сипаттайтын бүгінгі жағдайды айқындау болып табылады. Тәрбие деген жаңа көзқарас болып жатқан өзгерістерге қарай педагогикалық процестің жаңа сапасын, тәрбие процесінің әлеуметтік саласының өзіндік ерекшелігін болжайды. Аса маңызды өзгерістер жағдайында жеткіншектердің санасында қарама-қайшы процестер дамиды. Тапқырлық, іскерлік, ынтымақтастық, кәсіпқойлық, кейбір кезде тіпті паригматизммен, руханилықсыз қасиеттермен жиі жанасады. Қалыптасқан әлеуметтік қоғам өміріндегі жағдай, іскерлік қасиеттері жоғары адамгершілік қасиеттерімен (парасаттылық, адалдық, әділеттілік т.б.) адамның адамгершілігін сыйлай білу үйлесімді келген тұлғаны қалыптастыруды міндеттейді.
Міне, осыған байланысты жеткіншектердің музыкалық тәрбиесі - әлеуметтік қоғам өмірінде мағызы арта түсуде.
Қоғам өмірінде жеткіншектердің музыкалық тәрбиесі мен білім алуында халықтың мәдени мұрасының, кәсіби музыка үлгілерінің рольі ерекше.
Адамның адамгершілігі кіші жастан қаланып, олардың қалыптасу процесі көбінесе мектеп жылдарында қалыптасқаны аян.
Тұлғаның адами түрғыдағы қалыптасуында өнердің маңызы да ерекше, кіші сынып жасынан бастап баланың табиғи түрде әсемдікке әсерлене білуі, көркем дүниелерге талмсануы, сұлулықты сезіне білуі қалыптаса бастайды.
Қазіргі бүгінгі қоғамда жеткіншектерді тәрбиенің мазмұнын халықтық ғасырлар бойы тарихи даму барысында жинаған өнер туындыларымен сапаландыру қажеттілігі туындайды.
Халықтың дамуында нақты тирихи жағдайлардан қалыптасқан халықтың аса бай мәдени мұрасы міндетті түрде кең көлемді пайдалану қажет. Халықтың және дүниежүзі музыканың алатын қазынасында құнды педагогикалық идеялар және ғасырлар бойы тексерістен өткен тәрбиесінің тәжірибесі көрініс тапты. Бұл дамумен бірге бүкіл әлемдік педагогикалық ой-пікірді байытып, сапасын арттырады.
Музыка өнері - адамзат қауымының пайда болуымен бірге қалыптасып, қоғам дамуының барлық сатысында өмірлік мәні зор тәрбиелік қызмет атқарып, бүгінгі күнге жеткен сарқылмас рухани қазына. Қоғамдағы мәдениеттің деңгейіне, өндірістік қатынастардың, өндірістік күштердің дамуына сәйкес, оның мақсаты мен мазмұны, сипаты, әдіс-құралдары, тәрбие формалары белгілі бір өзгеріске ұшырап отырды. Музыка өнерінің дамып, қалыптасуына жасалған ретроспективтік талдау және археологиялық мәліметтер музыкалық тәлім-тәрбиенің қоғам дамуының деңгейіне тікелей байланысты болғандығын дәлелдейді. Музыкалық тәлім-тәрбие адамзат қауымының түрлі іс-әрекеттерінде, ойын-сауықта, еңбек ету әрекеттерінде берік орын алып отырды. Ол қоғамның мәдениетін, әлеуметтік тәжірибесін жеткізудің құралы болуымен қатар, сол қоғамның дамуына, музыкалық білімнің жинақталуына, адамдардың өмір әрекеттерінің түрленуіне байланысты әлеуметтік категория ретінде өзі де үнемі дамып, қалыптасу үстінде болды. Музыкалық білім беру педагогикасы қоғам дамуымен біте қайнасқан өзіндік даму тарихы бар ғылым саласы. Аға ұрпақтың жинақтаған тәлім-тәрбие тәжірбиесі ұрпақтан ұрпаққа жеткізіле келе, қоғамның, мәдениеттің дамуына, әлеуметтік тәжірибенің бай қорының жасалуына ықпалын тигізді. Сөйтіп, өткендегі музыкалық білім беру тәжірбиесі және кейінгілердің оның дамуына жасампаздықпен өз үлесін қосып, белсенділікпен меңгеруі бірысында бірте бірте дербес ғылым саласы ретінде қалыптаса бастады. Музыка өнері жеке тұлғаның дамып, қалыптасуында аса маңызды роль атқарады. Музыка адам санасына, жүйке жүйесіне ықпал ететін ерекше психофизиологиялық құбылыс болып табылатын дыбыстар арқылы бейнеленеді. Ал ол дыбыстар - түрлі биіктік пен күштіліктегі жай дыбыстар емес, адам сезімін бейнелеуші, реттеуші сұлулық заңына сәйкестенген әсерлі әуен өрнектері. Әуен-саздың жеке тұлғаның дамып, қалыптасуындағы әсер-ықпалына адамдар өте ерте кезде-ақ назар аударған. Адамзат қоғамының дамуының ең алғашқы кезеңдерінің өзінде оны идеялық-психологиялық қару ретінде қолдана білген.
Музыкалық білім мен тәрбие беру адамзат өркениетінің ең терең тамырларынан бастау алады. Адамзаттың сан ғасырлық серігі болып келген музыка өнерінің тәлім-тәрбиеде алатын орнын, әсер-ықпалын, қоғам мен мәдениеттің дамуы процесінде қалыптасқан әлеуметтік, музыкалық-педагогикалық тәжірибені ой елегінен өткізіп, таразылау оның қалыптасып, даму кезеңдерін қарастыруға тікелей байланысты. Өнердің осы түрінің адамның жан-дүниесіне ықпал ету механизмдері мен оның табиғатын танып білуге ерте кездің өзінде-ақ антика ғұламалары назар аударған. Тарихи-археологиялық деректерге қарағанда, музыка ежелгі грек қауымының өмір тіршілігінде айтарлықтай орын алған және олар музыкалық тәлім-тәрбиеде назар аударарлық тәжірибе жинақтаған. Ерте пифагоризм (б.э.д VI - IV ғ. ғ.) теориясында адамның жан-дүниесінің музыка арқылы тазаруын білдіруде catarsis ұғымы қолданылғаны белгілі. Б.э.д VI ғасырда өмір сүрген философ әрі математик Пифогор музыканың акустикалық заңдарын ашқан. Ал б.э.д. III ғасырда механик Ктесибий бүгінгі орган аспабының көне үлгісі сулы саз аспабын (гидравлос) ойлап шығарған. Ежелгі грек елінде белгілі бір музыкалық тәлім-тәрбие жүйесінің қалыптасқандығына ұлы Гомердің Илиада, Одиссея поэмаларының мазмұны; лира, кифара аспабында ойнап, ән салып тұрған грек вазаларындағы суреттер, статуэткалар; бүгінгі музыка теориясында қолданып жүрген көне терминдер (музыка, мелодия, гармония,
гамма және т.б.); Дамон (Перикл мен Сократты музыкаға үйретуші), Платон, Аристотель сияқты ғұламалардың музыка, музыканың әсер-ықпалы жөнінде жасаған пайымдаулары; музыкалық аспаптарда ойнап үйрену мектептерінің, музыканың оқытушы арнайы ұстаздарының болуын мысалға келтірсек те жеткілікті. Музыка өнері, музыкалык тәлім-тәрбие жөніндегі мағлұматтарды Африка, Латын Америкасы, Шығыс елдерінің тарихи ескерткіштерінен де байқауға болады. Бұның бәрі дүниенін түкпір-түкпірінде ерте кездердің өзінде музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің формалары мен оны ұйымдастырудың амал-жолдарын жөнінде жалпы және дерексіз білім, тәжірибе жинақтаудың алғышарттарының қалыптаса бастағанына көз жеткізеді. Қоғам мен мәдениеттің, білім мен ғылымның дамуына қарай музыкалык-педагогикалық ой-пікірлер де қанат жайып, өркендей түсті.
Музыкалық тәрбие ұғымы қоғамдық құбылыс ретінде кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында алғанда ол музыкалық іс-әрекетте жинақталған тәжірибені педагогикалық ықпал ету негізінде кейінгі ұрпаққа меңгерту, жалпы музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады. Ал тар мағынада түрлі деңгейде музыкалық тәрбие беру (жалпы және кәсіптік) мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталған арнайы ұйымдастырылатын іс-әрекетті білдіреді.
Музыка - қоғамдық сананың формасы ретінде адамдардың эмоционалдық сезіміне тікелей ықпал етуші эстетикалық тәрбие құралы. Музыкалық шығармаларды аспаптарда ойнап үйрену, орындау жеке тұлғаның эстетикалық, эмоционалды-сезімдік, құндылықты сана-сезімін дамытып, қалыптастырады, әсемдікті қабылдап, сезінуге талпындырады. Ол эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты болып табылатын жеке тұлғаның эстетикалық талғамын, эстетикалық идеалын қалыптастырады, болмыстағы құбылыстар мен өнер туындыларындағы әсемдікті саналы түрде қабылдай білуге үйретеді және өздік шығарымпаздық қабілеттерін дамытады. Адамгершілік тәрбие бүгінгі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер барысында ең басты көкейкесті проблемаға айналып отыр. Музыкалық шығармаларда өмір құбылыстарының сан қырлы бейнеленуі, поэзия мен музыканың өзара байланыста болып, бірін-бірі толықтыра келуі бала жанына жағымды ықпал етеді. Рухани қазынаның мөлдір бастау-бұлағынан жас кезінен нәр ала білген бала адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңіріп өседі. Сөйтіп, қоғамдық, педагогикалық маңызы жоғары адамгершілік тәрбие мақсаттарын жүзеге асыруға қолайлы жағдай туындайды.
Музыкамен шұғылдану барысында еңбек тәрбиесі міндеттері жүзеге асырылып отырады. Бір жағынан, тыңдалатын музыкалық шығармаларды қабылдау, есте сақтау қабілеттері дамытылса, екінші жағынан, ән салған кездегі дауыс аппаратының іс-қимылы немесе музыкалық-ырғақтық қозғалыстар жасау сияқты еңбек процестері жүріп жатады. Бұндай іс-әрекеттер өз кезегінде оқушылардьщ ынта-ықыласымен еңбектенуін, тәіртіптілігін, іске деген жауапкершілікті қарым-қатынасын талап етеді, әрі тиянақтылықпен еңбек ету іскерліктерін қалыптастырады.
Ән салу, музыкалық шығармаларды түрлі аспаптарда орындау физиологиялық процесс болғандықтан, балалардың дене тәрбиесіне, денсаулығына жағымды ықпалын тигізеді. Осындай іс-әрекетпен жүйелі түрде шұғылдану өкпедегі оттегі алмасуын белсендіріп, дауыс аппаратының, дем алу органдарының шымыр да, икемді жетілуіне, жалпы денсаулығының жақсы болуын қамтамасыз етеді. Ән салу, музыка тыңдау адамның тонусын, яғни жүйке жүйесі мен бұлшық еттерінің физиологиялық жағдайдағы күш-қуатын арттырады. Отырып немесе түрегеп ән салу процесінде дене бітімін, басты, қолдарды дұрыс ұстауға дағдыландыру сияқты талаптардың қойылуы балалардың дене қозғалысы мәдениетін қалыптастыруға көмектеседі. Музыкалық есту қабілеттерін дамытуға бағытталған жүйелі түрде жүргізілетін жаттығулардың да мәні зор. Ондай жаттығулар жасау барысында оқушылар тек дыбыстардың биіктігі мен ұзақтығын, тембрін, күшін бір мезгілде немесе бір ізділікпен сабақтаса естілетін дыбыстар кешендерін ажырату қабілеттерін иеленеді. Сөйтіп, есту рецепторларының қызметі белсендіріледі.
Басқа да өнер түрлері сияқты музыка - танымдық процестерді белсендіру құралы. Музыкалық шығармаларды тыңдау, ойнап үйрену, орындау барысында оқушылардың өмір тәжірибесі байытылады, болмысты байыптау өресі кеңейеді, ойлау процестері жеделдетіледі. Музыкамен қарым-қатынаста болу әуен-саздың өзара байланысын, мәнерін, бірізділіктегі құрылымын (әуенді образды қабылдау), олардың кешенділігін (тембр мен гармонияның мәнерлілігін қабылдау), сонымен қатар шығарманың түрлі фактураларының айырмашылықтарын (гомофония, полифония) танып білуге көмектеседі. Оқушылардың музыкалық іс-әрекеттерінде дамитын ойлаудың осы сферасы олардың болмысты тануына көмектеседі, дүниетанымын кеңейтеді, ақыл-ой қабілеттерін жетілдіреді. Қиялдың, фантазияның дамуы - тәлім-тәрбиенің маңызды жақтарының бірі. Осы ретте бала қиялын шарықтатып, арман-мақсатының ересін биіктетуде, шығармашылыққа жетелеуде музыканың маңызы зор. Педагогика - жалпы және арнайы білім беру саласында теориялық, практикалық іс-әрекеттің негізі болып табылатын білім берудің мазмұны, формасы мен әдістері туралы ғылым. Осыған сәйкес белгілі бір білім саласы бойынша педагогикалық проблемаларды зерттейтін музыкалық білім беру педагогикасы сияқты бөлімдерінің болуы заңды құбылыс.
Музыкалық білім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыка сабағында оқушының шығармашылық белсенділіктерін үйірмелер арқылы дамытудың түрі мен әдіс-тәсілдері
Оқушылармен жүргізетін музыкалық жұмыста кездесетін өнердің жақын түрлерінің өзара байланысы
Мектеп жасына дейінгі есту қабілеті зақымдалған түзету тобының балаларына музыкалық ырғағын қалыптастыру
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Музыка сабағы - өнер сабағы
Балалар бақшасындағы балалардың музыка арқылы ұлттық дүниетанымының қалыптасу моделі
Авторлық мектептің педагогикалық технологиялары
Естияр тобы балаларының музыкалық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері
Мектептегі музыкалық тәрбие әдістемесі
Жасөспірімдерге эстетикалық тәрбие берудің мәселелері
Пәндер