Мультимедиялық оқулық жасау негіздері


Жұмыс түрі: Курстық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:
- Мультимедиялық оқулық жасау негіздері
МЖ ( мультимедиялық жүйе) пен МОЖ (мультимедиялық оқыту жүйесі) ұйымдастырылған білім беруде және өзіндік білім алуда қолданыла алады. Ұйымдастырылған білім беру сөзінің астында - әр түрлі дәрежелі білім алатын оқу ғимараттарындағы оқу барысын, сонымен бірге салалы білімдендіру жүйелеріне кіретін өндіріс ұйымдарындағы (оқу-тренажерлік орталық, пункт, т. б) оқу барысы мағынасы түсіндіріледі. Ұйымдастырылған білім беру шеңберінде келесі МЖ және МОЖ пайдаланушыларының дәрежелері айқындалады:
- білім алушылар - оқушылар, студенттер, және оқу ғимараттарының тыңдаушылары, сонымен бірге квалификациясын жоғарылатушы мамандар;
- оқытушылар (инструкторлар), МЖ және МОЖ пайдалауымен оқу шараларын немесе дайындықтарды жүргізетін;
- нақты жағдайларда МЖ және МОЖ-нің жұмыс істеушілігін қамтамасыздандыратын - жүйелік администраторлар.
Үйренушілер МЖ және МОЖ пайдаланушыларының дәрежелік қорын құрады. Оқытушылар (инструкторлар) және жүйелік администраторлар олардың жұмысы үшін керек - жарақтарды жасайды және оның ұйымдастырушылық, техникалық, әдіскерлік қолдауын қамтамасыз етеді.
Оқытушылар (инструкторлар) мыналарды жасайды:
- оқушыларды бастапқы тестілендіру, дайын тапсырмалармен МЖ мен МОЖ -сін сәйкестендіруді;
- МЖ және МЖС функциялануын тексеруді;
- тапсырманың үйренушілермен орындалуын бағдарламалық графиктермен дайындауды;
- МЖ және МОЖ шеңберінде пайдаланылатын ұйымдастырылған және әдістемелік шараларды қолдайды;
- үйренушілердің МЖ және МОЖ-мен жұмыс жасауын бақылауды, оның нәтижесін талдау және бағалауды.
Жүйелік администраторлар төмендегілерді жүзеге асырады:
- МЖ және МОЖ-сін компьютерге жалғауды;
- МЖ МОЖ -сін пайдалану шартына туралауды;
- МЖ және МОЖ-сінің фунциялануын тексеруді;
- МЖ және МОЖ шеңберінде пайдаланылатын шараларға техникалық қолдау көрсетуді;
МЖ және МОЖ-сін пайдалану шарттары осы КБА түрлерінің мүмкіндіктерімен анықталады. Білім алушылық қажеттіліктерді қанағаттандыратын КБА түрлерін және нақты амалдарды таңдау, оқу барысында КБА-ны пайдалануға бел буған оқытушылар мен әдіскерлер арқылы жасалынады. Егер керекті өнімдер КБА айналымында табылмаса, жаңа КБА құрылымына тапсырыс беріледі. Қазіргі кезде КБА-ның жаңа өнімдеріне тапсырыс беру кең көлемде, өйткені білім алушылық қажеттіліктер өте жоғары дәрежеде, ал КБА толық тапсырмаларды шешуге мүмкіндіктері болмағандықтан осындай түрде жаңадан сұратулар болып отырады, жаңа өнімдерді жасау талап етіліп отырады. Бір мақсатта МЖ және МОЖ-ін құру және пайдалануға шарттар жасайық:
МЖ үшін бес негізгі шарттар айқындалады.
1. Бүтін алғанда МЖ қандай да бір курстың теоретикалық және технологиялық бөлімдерін қамтыған кең көлемді оқу материалдарын таныстыру үшін қолданылады. МЖ-тың мазмұны 30 сағаттан кем емес контакттік уақытқа сәйкес келеді.
2. МЖ көп мөлшеріне қатысты мөлшерлеп өңделеді. Осыған сай ішіндегі көрсетілген құжаттар да аз болып мінезделмеуі керек. Сәйкесінше тәртіптер ереже бойынша жоғарғы оқу орындарының бірінші төрт курсында оқытылады(яғни студенттерді мамандақытарға бөлудің басында) .
3. Егер оқу құралдары шығарылымдарының тапшылығына әкеп соқса КО мақсатты түрде құрылады.
4. МЖ бекем курстарды қолдау үшін пайдаланылады. Бекемділіктің астында реттеуге керекті уақыт кезінде курс мазмұнының және структураның өзгермейтіні түсіндіріледі. Стуктура мен мазмұнының бір қалыптылығы, яғни өзгермейтіні олардың өз актуалдығын сақтайтынын білдіреді. Корректировкаға қажеттілік олардың құрылуымен шақырылады және өзімен бірге МЖ-ның жаңару қажеттілігін туғызады(оның жаңа түрінің шығуы) . МЖ-та бекемділік курсының ең аз периоды 3 жылды құрайды. Әрине бұл кезең МЖ-тың түрінің өмір сүру уақытына бір бүтін өнім сияқты сәйкес келеді.
5. МЖ-ты оқу барысына енгізу жайлы шешім қабылдай отыра, МЖ көмегімен үйренушінің өзіндік жұмысымен теориялық және технологиялық дайындықтың негізгі бөлімі жасалып отырғанда оның орны бөлек екенін ескеруге болады, ал қиындық туғызған сұрақтар қосымша семинарлар мен оқытушылардың кеңес берулерінде шешіледі. Егер оқу барысының ұйымдастырушылары алдарына осы тәсілдес әдістеменің жасалуын мақсат етіп қойса, МЖ-ты таңдау КБА түрі сияқты негізделген болып табылады.
Анықталған шарттар арасындағы біріншісі және үшіншісі МЖ-тың интегралды мінездемесінен ағым алады. Екінші және үшіншілері оның құрылымының экономикалық мақсаты негізінде жасалынған. МЖ өңделуі - қиын және қымбат процесс, сондықтан пайдаланушылардың қысқа айналымына немесе аз өмір сүретін МЖ-ты тарату және қолдану өз құрылымына кеткен қаражатты ақтамайды. Бесінші шарт МЖ-тың педогогикалық мақсатта пайдалануын көрсетеді. Бұл шарт ДО (дистанциондық оқу) әдісімен жақсы келісетінін, негізгі іс әрекет үйренушінің өзіндік жұмысымен жасалатынын ескере кету керек.
МОЖ-нен МЖ-тың ерекшелігі мінездемесіне, оқу материалының толымдылығына, үлгісіне байланысты шектеулер қойылмайды. МОЖ КБА-ға қарағанда көлемі жағынан едәуір үлкен емес деп дәстүрлі қалыптасып кеткен. Ереже бойынша оның мазмұны 15 сағат контакттік уақытқа сай келеді.
МОЖ-нің құрылуына және пайдаланылуына мақсатты түрде қойылған тапсырмалардың келесі үш шарттарын қарастырайық.
1. МОЖ локальдық бөлімдер(тақырыбтар) курстары үшін пайдаланылады. Локальдік деген бөлім материалы мағыналы байланыста мінезделетінін білдіреді, бірақ басқа курс бөлімдерінің мағынасын әлсіз жасайды. МОЖ-нің бөлімінің басқа белгісіне басқа бөлімдер шеңберінде қолданылатын әдістерден ерекшеленетін, оның зерттеудің спецификалық әдісі жатады.
2. МОЖ-інде әр түрлі курстарда (тәртіптерде) қаралатын бөлімдер мен тақырыбтар қамтылады.
3. МОЖ - МЖ мазмұнына қарағанда аз ұзақтылықтан (бекемділік) тұратын оқу материалын қосады. Әдетте мұндай материал жеке мінезден тұрады, ал сәйкес МОЖ, МЖ-пен оның өмірін ұзарта отырып байланысады. Берілген шешімнің басқа жетістігі - көлемді МЖ-тың қайта жұмысынан МОЖ көлеміндегі кішігірім пакеттерді жаңарту оңай.
Компьютерлiк оқып үйрету жүйесiне қойылатын негiзгi педагогикалық талаптар
Компьютерлiк техниканың барлық салаға екпiндi енуi, соның iшiнде бiлiм беру саласына енуi компьютерлiк оқыту технологиясын және компьютердi бiлiм беру саласында колданудың психологиялық-педагогикалық негiзiн iргелi зерттеудi талап етедi. Компьютермен сұхбаттасудың интерактивтiк процессiн жєне компьютердiң көрнектiлiк мүмкiндiктерiн жоғары деңгейге көтеретiн жаңа ақпараттық технологиялардың бiрi мультимедиа (multimedia) құралы екеңдiгi белгiлi.
Оқып үйрету программалардың iшiнде имитациалық-моделдеушi программалары өмiрде, табиғатта болатын кұбылыстар мен процестердi көрнектi бейнелей алатындығы белгiлi. Оқыту процесiнде компьютерлiк оқыту программалары, ақпаратты iздеу және ақпаратты анықтамалық, оку процесiне арналған оқытушы орта - экспертгiк жүйелерi колданылады.
Осы күнде белгiлi компьютерлiк программаларды зерттей келе компьютерлiк окыту жүйесi оқытушы программалардың жеке дара түрiнен ғана емес, комплекстi, көп функционалды болу қажеттiгi, сонымен катар, компьютерлiк оқытушы жүйеге қойылатын негiзгi талаптар анықтайды.
Психологиялық-педагогикалық талаптар
Психология көзқарасы түрғы-сынан қарағанда компьютерлiк оқытушы жүйелерге қойылатын ең негiзгi талаптарға:
• керi байланысты ұйымдастыру;
• оқудың мотивациясын қалыптастыру;
• компьютерлiк оқыту жуйесi негiзiнде жеке оқыту;
• сұхбаттасуды жүргiзу жатады.
Оқушының компьютермен сұхбаттасуын ұйымдастыруға койылатын талаптарды қарастырайық.
Оқушы мен компьютер арасындағы оқыту сұхбаттасуын проектiлеуде оны симметрия параметрi бойынша бағалау маңызды. Компьютердiң функциясына оқу бағыты мен тақырыпты анықтау, сұхбаттасуды кұрастыруды жатқызсақ, сұхбаттасу ассиметриясы компьютердiң пайдасына шешiледi. Оқушыдан тек қана пассивтiк жауап қайтару талап етiледi. Мұны педагогикалық тұрғыдан дұрыс деп санауға болмайды. Сұхбаттасу қадамдарын бастауда оқушы мен компьютерге тең мүмкiндiк берiлуi керек. Оқушының сұхбаттасуды кез-келген уақытта бастауға мүмкiндiгi бар, ал компьютердiң кез-келген уақытта сұхбаттасуды бастауға мүмкiндiгi жоқ. Бұл жерде оқушының сұхбаттасуға дайындығы, оның сұхбаттасуға мұқтаждығы, сонымен бiрге компьютердiң сол сәтте сұхбаттасуды жүргiзу мүмкiншiлiгi сияқты факторлар iске қосылады.
Сұхбаттасуды құрастыруда оқушы өзiнiң iс-әрекеттерiнiң толық жарамдылығын түсiнiп, өз iс-әрекеттерiнiң субъектiсi ретiнде сезiнетiндей, орындайтын iс-әрекеттерiн кеңiнен жоспарлап, қажет болғанда оны логикалық соңына жеткiзе алатындай, немесе, ойын қандайда бiр критикалық нүктеге жеткiзiп, үйреншiктi деңгейде өзiн бағалай алатындай болуы керек.
Оқушыны сұхбаттасуға тарту мәселесiн шешуде мiндеттi түрде окушыда сол сәтте сұхбаттасу қажеттiлiгi бар ма екендiгiн анық-тап, сұхбаттасу оның ойын бұзбайтындығын ескеру қажет. Сұхбаттасудың бағытын анықтауда оқушының дайындық деңгейi ескерiлуi керек. Оқушының дайындық деңгейi тапсырманы орындаудың қандай кезеңiнде болғандығымен анықталады. Оқушының сұхбаттасуы өзiндiк максат емес, оның шектен тыс жиiлiгi өзiн-өзi ақтамайтындығын ескеру керек.
Оқып үйрету жүйелерде сұхбаттасудағы өзара байланысты ұйымдастыруда келесi ескерiлмеген жағдайлар кездеседi:
- компъютердiң шектен тыс көмек беруi, яғни оқушыға қате жiбергенде шешу жолын толық көрсету;
- жеткiлiксiз көмек, яғни тусiнiктеменiң және көмектiң оқушыға тусiнiксiз болуы.
Сондықтан, сұхбаттасуды ұйымдастыруда төмендегi жағдайларды ескеру керек:
- кездесетiн қиыншылықтың ерекшелiгiн анықтап, оқушыны ескерту;
- оқытушы программаның көмек беру мумкiндiгiмен оқушыны таныстыруды iске асыру қажет.
Оқушы мен компьютер арасындағы сұхбаттасу байланысын бұзатын негiзгi себептердiн бiрi - бағалау пiкiрлерде адекваттықтың болмауы. Адекваттықтың жоқтығы оқытушы программаларда оқушыны шектен тыс мақтау элементтерi. Егер оқушы еш қиындықсыз тапсырманы орындағанда компьютер оны мақтаса, оқушының жұмысқа жауапкершiлiгi төмендейдi.
Оқушының компьютерде беретiн жауабына қойылатын негiзгi талаптардың лингвистикалық аспектiлерiн қарастырайық.
1. Оқушының жауабы неғурлым қысқа болып, оның клавиатурадағы жұмысы азаюы керек, тышқан манипуляторының көмегiмен жауапқа қажеттi объектiнi белгiлеу «drag and drop» арқылы iске асырылу қажет.
2. Оқытушы программаның барлық, фрагменттерiне бiрдей қысқартулар, синтаксистiк таңбаларды қолдану, хабарды берудi шектеудiң аспектiлерi (мысалы, зат есiмнiң аттары тек атау септiгiнде жiктеледi) анықталады. Бұл шектеулердi оқушылар жақсы меңгеруi керек. Қысқартулар оқушыға тусiнiксiз болғанда, жылжыма көмек iске асырылуы орынды (компъютерде ескертуi механизмi - арқылы) .
3. Жауаптарды кодтау рұқсат етiледi. Бiрақ, бұл кодтар табиғи және тұрақты болулары керек. Қысқарту мүмкiндiгiн ескере отырып, олардың қолданылу және ундестiрiлу мумкiндiктерiн нақты дәл айтып кету қажет.
4. Барлық форматтық ережелер алдын ала толық ескертiлiп, айтылуы керек.
Оқушы мен компьютердiң сұхбаттасуын проектiлеуде дизайн теориясы (көркемсурет теориясының негiзгi принциптерi: пропорция, рет, акцент, бiр-тұтастық және тепе-теңдiк) ескерiлуi керек.
Пропорция принципi объектiлердiң өлшемдерi мен олардың кеңiстiктегi орналасуының ара қатынасына байланысты болады. Мәлiметтердi дисплей экранында ұйымдастыра отырып, логикалык байланысқан мәлiметтер айқын топталып, басқа мәлiметтер категориясынан ерекшеленуiне ұмтылу қажет. Мәлiметтердi реттi көрсету үшiн топтау GroupBox, Panel панельдерiн (1-сурет) колдану, табуляция, бос позиция пернесiн қолдану мүмкiндiктерi бар.
Рет деп, көздiң қозғалысын ескеретiн дисплей экранындағы объектiлердiң ұйымдастырылуын айтамыз. Оқуға әдеттенген көз, әдетте, қозғалысты сол жақ жоғары бұрыштан, экран бойынша, оңға қарай оң жак төменгi бұрышқа дейiн жылжиды. Сондықтан, бастапқы қабылдау нүктесi экранный сол жақ жоғары бұрышында орналасуы керек. Ал, жылдам көретiн тiзiмдер сол жағына келтiрiлiп вертикаль бойынша тегiстелуi керек.
Акцент деп, бiрiншi қабылдану керек ең маңызды объектiнi ерекшелеу принципi. Бұл принциптi сактағанда окушының көз қарасы акцент зонасына бағытталады. Мұндай акцент жасау үшiн әр түрлi құралдарды пайдалануға болады: ең маңызды мәлiметтi центрге орналастыру, оларды бос кеңiстiкте баска ақпараттан бөлек орналастыру, ашық түстердi колдану. Артық әшекейлеуден, түстердi қажеттен тыс көп пайдаланудан, артық кодтаудан және енгiзiлетiн акпараттың көлемi өте үлкен болуынан аулақ болып, экранның анықталған бiр бөлiгiнде түрлi-түстi бояудың көмегiмен көмектi арнайы ажыратқан дүрыс.
Критикалык ақпаратты, ерекше мәлiметтердi, өзгерiстi талап ететiн элементтердi, жоғары приоритеттi мәлiметтердi, енгiзу қателерiн, команданың салдары жайлы ескертулердi, есептi шешуге арналған нұсқауларды, ережелердi белгiлеу керек.
Негiзгi объектiге оқушылардың назарын аудару үшiн түстi дакты қолдану орынды, яғни, ең ашық түспен негiзгi объект, ал қосымша түспен оның қалған бөлiктерi белгiленедi. Егер түстер гаммасы суреттi қабылдау психологиясын есепке алмай құрастырылса, бұл негiзгi бөлiктi белгiлеудi қиындатады, көздi талдырады. Ашық түстер жабық фонда көрерменге жақындатылып, ал жабық түстер, ашық фонда алыстатылып көрiнедi. Эвристикалық ұсыныстар болған жағдайда түстi кәдiмгi бейнелеумен сәйкестендiру керек (яғни, қызыл- рұқсат жок, жасыл - рұқсат, сары - алдын - ала ескерту) .
Тұтастық принципi бейнелердiң өзара байланысты болуын, өлшемi, формасы, түсi бойынша дәл сәйкес келуiн талап етедi. Олар тiзбектi, функционалды, мәнi бойынша және т. б. ұйымдастырылуы мүмкiн. Мұнда окушыларды мәлiметтердiң орналасу принциптерiмен таныстырып өткен дұрыс. Бiркелкi мәлiметтер дараланған түрде, әр жоспарлы мәлiметтер әр түрлi көрсетулерi керек. Шек қою үшiн қарама-қарсы түстердi, ал ұксастықты беру үшiн ұқсас, бiрақ әртүрлi түстердi қолдану қажет. Берiлетiн ақпараттар дараланған және логикалы болу керек.
Тепе-теңдiк (баланс) принципi. бейнелердiң оптикалық салмағының бiркелкi таралуын талап етедi. Кейбiр объектiлер көзге ең ауыр болып, ал кейбiреулерi ең жеңiл болып көрiнгендiктен, бейнелеудiң екi жағына бұл оптикалық салмақты тең қылып бөлу керек. Ақпарат экранның бiр жағына жинақталмау керек, ақпараттың логикалык топтары кеңiстiкте дұрыс орналасып, тақырыптары центрленген болуы керек. Керi байланысты ұйымдастыруға қойылатын талаптарды қарастырайық. Компьютерлiк оқыту программаларында керi байланыстың негiзгi функциялары: оқушыны жiберген қатесi жайлы хабардар ету: қатенi түзету үшiн қажет көмек беру; оқушының жұмысының нәтижесiн бағалай отырып, оның мотивациясын арттыру функциялары жатады. Бұл функцияларды iске асыру үшiн объектiлi бағытталған программалауда керi байланысқа келесi талаптар қойылады:
1. Қате жiберiлгеннен кейiн мiндеттi түрде керi байланыс болуы керек, қате жiбергеннен кейiнгi жайлы хабардан дұрыс жауап бергеннен кейiнгi хабарға қарағанда үлкен педагогикалық манызы бар.
2. Kepi байланыстын, тиiмдiлiгi оқушыға қателердi тауып, оларды түзетуге көмектесетiн қаншалықты ақпараттың бар екендiгiмен анықталады. Сондықтан әдетте хабарландырудың мынадай типi «дүрыс емес» немесе «шешуде қате жiберiлген» тиiмдi емес. Мәлiметтер жеткiлiктi болу керек, жауаптың дұрыс еместiгiн түсiндiру керек, және сонымен бiрге соншалықты «қуатты» болмау керек (2-суреттi қараңыз) . Мұндай сұхбаттасуды программалауда төменгi программа үзiндiсiн колдануға болады.
Dim s as integer;
s= Msgbox (“Жауап дұрыс емес. Ойлан. ”)
3. Оқушы жаңа дұрыс емес жауапты енгiзгенде ғана немесе
көмек сұрағанда ғана қосымша мәлiмет беру керек.
4. Оқушыға жiберген қатесi жайлы мәлiмет бермес бұрын оны өз бетiнше түзетуге ұсыныс жасау тиiмдi.
5. Керi байланыс арнасы бойынша мәлiмет оқушының жас ерекшелiгi мен жеке бас ерекшелiгiне сәйкес болу керек.
6. Жаңа материалды оқудың алғашқы кезеңi кейiнгi кезеңiне қарағанда керi байланысты оқытуға үлкен єсер етедi.
7. Керi байланысты артық пайдалану оқушының өздiк жұмысын азайтып, онын iс-әрекетiн шектен тыс регламенттеп, шығарма-шылық iзденiс диапазонын азайтады.
8. Өздiк бағалауы төмен оқушылар, өзiне сенiмдi оқушыларға қарағанда керi байланыстын жиi болуын қажет етедi.
9. Керi байланыс арнасы бойынша мәлiмет бiрнеше секунд бойы берiлуi керек. Мәлiметгi 30 с кешiктiру және оданда көп кешiктiру оқытудың қорытындысына және оқушылардың компьютердiң көмегiне көзқарасына керi әсерiн тигiзуi мүмкiн. Бұл талапты iске асыруда Timer компонентiн және оның қасиеттерiн қолдану керек.
10. Сол мезеттегi және кешiгiңкiреген байланыстың єсерi шығарылатын есептiң типiне және шешу кезеңiне байланысты болады. Еске сактау есептерiн шешкенде сол мезеттегi керi байланыс тиiмдi ал, ұғып түсiнуге берiлген есептерде кешiгiңкiреген байланысты қолдану тиiмдi. Шығарылатын есептiң (моделiн) құрылысын жасауда сол мезеттегi керi байланыс, есептiң шығарылуын жоспарлағанда және оның дұрыстығын тексергенде кешiгiңкiреген байланысты қолдану тиiмдi.
11. Егер есеп күрделi болмаса немесе дұрыс жауап алар алдында көп қателерi болса, оқушылардың бiлiмiне катысты хабарландыруларда оларды көп мақтамау керек.
12. Дұрыс амалдарды бекiту функциясы пайда болады тек сонда ғана егер, бiрiншiден оқушыға қиын есептер берiлсе, екiншiден есептердiң шешуi оқушылар үшiн жетiстiк деп қабылданса.
Оқу себептерiн қалыптастыруға қойылатын талаптар
Компьютерлiк оқытушы программаларға қойылатын негiзгi талаптардың бiрi - мақтау мен үялту ара қатынастары психологиялық дұрыс болу керек. Оқушының iс-әрекетiн бағалаудың шешушi мәнi бар. Оқушының мотивациялық сферасына оқудағы жетiстiктер мен сәтсiздiктер үлкен єсер етедi.
Оку есептерiн дүрыс шешу оқушы үшiн үлкен бiр жетiстiк болып қабылдана бермейдi. Егер ол қиыншылықты жеңумен байланысты болса және ол сәтсiздiк жағдайды сезiнсе, окушылардың мотивациялық сферасының дамуына игiлiктi єсер етедi. Сондықтан, тапсырмаға берiлген дұрыс жауапқа мақтау киыншылықты туғызбайды дегенге негiз жок. Ол кейбiр кезде окуға керi єсер етуi мүмкiн. Әсiресе, оқушы жауапты бiрден бермей, тек бiрнеше қате жiберiп, оған сәйкес көмек көрсетiлгеннен кейiн ғана дүрыс жауапты бергенде мактаудан сак болу керек. Алайда, оқушыны қатесi үшiн шектен тыс кµп ұялтуға да болмайды. Ол оқушылардың танымдылық белсендiлiгiн тежеуi мүмкiн. Әсiресе, бағалаудағы дәстүрлi - «бiр» немесе «екi» деген баға қоюдан аулақ болу керек. Оқушының беделiне нұқсан келтiрмей отырып, егер мүмкiншiлiктер көп болса жiберген қателердi көрсету керек және оларды жою үшiн көмектесу керек.
Компьютерлiк оқытушы программа көмегiмен жеке оқыту
Қазiргi кезде компьютерлiк оқытуды ұйымдастыруда жеке оқытудың үш түрi бар:
бiрiншi - дәстүрлi оқыту, ерекшелiгi: оқытушылық єсер етудi тандау компьютермен анықталады.
екiншi - оқушылардың өзi өздерiне ұнайтын оқыту басқаруын таңдайды. Бұл жол оқушылар өздерiне қандай көмек керек, канша есеп шығару керек және қандай қиыншылықтарды жеңу керек және т. б. Компьютерде қарағанда жақсы анықтайды деген ұйғарымға негiзделедi.
үшiншi - аралас басқару: оқушылардың өзiнiң үйрену стратегиясын белгiлейдi. Егер оқушылар оқу тапсырмаларын нашар орындаса, онда оқытуды баскару процесiн компьютер толығымен өзiне алады.
Оқушылардың өздерiне шешiм қабылдауға мүмкiндiк беру: мы-салы, жаңа материалды оқуға кiрiсу немесе жаттығуларды өткен тақырып бойынша жалғастыру, сонымен бiрге түсiндiрудiң күрделiлiгi және көмектесудiң түрi жайлы шешiм материалдарды дұрыс түсiнуге мүмкiндiк туғызады. Оқыту жолын тандау оқушыға берiлген адаптивтi программаны iске асыруға жеңiл. Сонымен қатар мынандай жағдайларды ескеру қажет: оқушының өзi жайлы ойы адекватты емес, өздiк бағасы көбiнесе не төмендетiлген, не мүлдем жоғары болуы мүмкiн. Оқушылар оқытудың мақсатын дұрыс интерпретациялай алмауы мүмкiн және өздерiне оқытудың тиiмдi стратегиясын тандай алмауы мүмкiн. Олардың көпшiлiгi барлық күшiмен жұмыс iстемеуi мүмкiн. Кейбiр оқулықтарда материалды беру ретi қатал сақталғандықган оның мазмұнын беру ретiн бұзуға болмайды.
Жоғарыдағы жағдайларды тұжырымдай келе ескеру керек:
- оқушылардың дайындығы өте жоғары болған сайын, олардың қабiлетi де күштi, оқу процесiн басқарудың көп функцияларын оларға жүктеуге болады және оданда күрделi оқу мақсаттарын қоюға болады;
- егер оқушылар оқытудың жеңiл жолын жүйелi таңдаса, бұл олардың күрделi оқу тапсырмаларын орындай алмайды дегендi бiлдiрмейдi, бұл жағдайда аралас басқаруға өту тиiмдi, берiлетiн есептердi бiртiндеп қиындатып, көмек берудi азайту керек;
- егер оқушылар күрделi жолды тандап берiлген оқу есептерiн шығара алмаса, аралас басқаруға көшулерi керек, оқытушы программаның қадам өлшемiн азайтып, көмектi молайту керек.
Компьютерлiк оқытушы программа әсерлi емес, тиiмдi болу керек. Ол үшiн программа:
1. Педагогикалық психология мен дидактиканың негiзгi прин-циптерiн ескере отырып оқытудың мазмұнын құруға мүмкiндiк бередi;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz