МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫ ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫН КӨТЕРУДЕ ЖАҢА ҚАДАМДАР ЖАСАДЫ



Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
МҰНАЙ КОМПАНИЯЛАРЫ ЖАНАРМАЙ БАҒАСЫН КӨТЕРУДЕ ЖАҢА ҚАДАМДАР ЖАСАДЫ
10 Февраль 21:13

Алматы. 10 ақпан. ҚазТАГ - Әділ Орманов. Өткен аптада ПетроҚазақстан сауда үйі (СҮ) мұнай өнімдеріне бағаны 25-50% көтерді. 3-ші ақпанда ОҚО әкімдігіне ПетроҚазақстаннан хат түсіп, ол хатта кәсіпорын жанармайға көтерме бағаның 25-50% көтерілетінін хабарлаған. Кәсіпорын жанармайларға мынадай бағалар белгіледі: (литріне) Аи-92 бензиніне -75 теңге деңгейінде, Аи-80 - 55 теңге, дизель отынына - 61 теңге.
Мұндай әрекет жанармайға шекті баға белгілеу жөніндегі меморандумды бұзу болып табылады. Жаңа деңгейде бөлшек сауда нарығын белгіленген шекарада ұстап тұру мүмкін емес. Сондықтан, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Берік Оспанов өндірушіні райынан қайтаруға бар күшін салатындығы жайында журналистерге уәде берді.
Оның үстіне, Б.Оспанов бағаның бұл өсімін негізсіз деп, осылайша сауда үйінің өзін агрессивті сипатта ұстап отырғанын байқата кетті. Алайда, аймақ әкімі орынбасарының сөзі қаншалықты әсерлі болар екен?
2009 жылдың қараша айында жанармайға бағаны әкімшілік жолмен реттеген соң ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қазақстанда мұнай өнімдерін қымбаттатуға кінәлі адамдарды табуға тапсырма берді. Елбасының айтқанындай, бағамен ойнайтындарды міндетті түрде жазалау керек, -деп атап өтті К.Мәсімов.
Ал желтоқсан айында Кәрім Қажымқанұлы жанармай бағасына мемлекеттік бақылау жасау тетігі заңмен бекітіледі деп хабарлады. Менің ойымша, жанармай нарығындағы жағдайды бақылауға алған сияқтымыз, ал егер қандай да бір аймақта бұлай болмайтын болса, сіздер маған айтыңыздар. Бірақ, мендегі ақпарат бойынша, Аи-9293 бензині бойынша баға бүкіл республика бойынша 82 теңге деңгейінде тұрақталған. Аи-80, 92, 93, дизель отыны - осылардың барлығы біздің бақылауымызда болады. Бұл 2010 жылы да, 2011 жылы да, ары қарай да солай болады, -деп атап өтті үкімет басшысы.
Солай бола тұра, әділетті немесе экономикалық жағынан негізделген баға белгілеу үшін үкімет әзірге ешнәрсе істеген жоқ. Оның үстіне, үкіметтің әрекетін сараптау, оның көп жағдайда, әдейілеп пе жоқ басқаша ма, нарықтың монополиялануына ықпал ететіндігін көрсетіп отыр.

Олигополия елінде

ҚР жанармай нарығында олигополияның қалыптасқанын ҚазТАГ 2009 жылдың қазан айында-ақ айтқан. Материалдың негізгі қорытындылары мынадай болған:
- жанармай нарығы нарықтағы өзге ойыншылардың мүдделерімен есептеспестен тек қана өздерінің пайдаларын көбейтуге ұмтылып жатқан аса ірі ойыншылардың келісімінің қаупінде тұр;
- бұл - ірілеу ойыншылардың өзінен майдарақ кәсіпорындарды жұтып қою қаупін тудырады;
- жазалау келісімі, әдейілеп болмаса да, тек ірі ойыншыларға тиімді бағаның
белгіленуіне ықпал етеді;
- осының салдарынан, бұған қажетті ресурстары бар ірі ойыншылар арасында баға соғыстары орын алуы мүмкін;
- мұндай негативті сценарий орын алса, онда аса ірі ойыншылар жанармай нарығын толықтай бақылауға мүмкіндік алып, кішірек кәсіпорындар монополистердің ұсынған барлық талаптарына көнуге мәжбүр болады;
- ҚР үкіметі жанармай нарығын бақылап, орын алып жатқан өзгерістерге жедел ықпал етуге қауқарсыздығын көрсетті.
Өткен 3 айдың ішінде үкімет экономикалық тәсілдерді қаперге алмастан тек әкімшілік тәсілдермен ғана әрекет жасады. Нәтижесінде Аи-80, Аи-9293 маркалы бензиндерге, дизель отынына шекті баға белгілеу туралы меморандумға қол қойылды.

Тауар-ақша-тауар

Микроэкономика көзқарасымен қарайтын болсақ, бензин - сұраныс икемдігі аз тауар болып табылады. Кез-келген икемдігі аз тауардағы сияқты, жанармайға сұраныс қисығы үнемі вертикальді болады. Бұл дегеніңіз, тіпті бағаны елеулі дәрежеде көтергеннің өзінде ол тұтыну көлемін соншалықты көп азайта қоймайды. Сатушы көзқарасымен қарасақ, бұл - идеалды тауар: үнемі сұранысқа ие, ол үшін нақты ақша береді. Бұл - капиталдың жылдам айналып, кірістің бір бөлігін салықтан жасыруға мүмкіндік береді.
Қазақстанның жағдайында бензиннің субституты, яғни, оны алмастыратын балама тауарлары жоқ. Сығылған газбен жүретін автомобильдер тек халқы аз, бірақ табиғи газға бай Маңғыстау облысында ғана кең таралған. Оның өзінде де тек Ақтауда ғана.
Биоотындарды өндіру мәселесі де мардымды емес. Дағдарыс салдарынан биоотын өндіру көлемі күрт түсіп кетті. Оның үстіне, биоотынның өзі бензинге тікелей бәсекелес бола алмайды. Өйткені, оның құрамының 95% бензин де, тек 5% ғана спирт (этанол). Бұдан бөлек, компанияның баға саясаты жанармай нарығындағы жағдайды дәлме-дәл қайталап тұр: компанияның май құю стансаларындағы баға кәдімгі жанармай стансасындағы бағамен бірдей.
Дизель отыны да бензинді тікелей алмастыра алмайды. Өйткені, дизель отынымен жүретін автомобильдер саны 15% аспайды. Және дизель отынының бағасы да бензинмен бірге өзгереді.
Сондықтан бұл жерде баламаны қызмет көрсету деңгейінде іздестіру керек. Мүмкін бұл алмастырушы қоғамдық көлік болар ма еді? Алайда бұл жерде де айқын проблемалар бар.
Қазақстанда жолаушылар қоғамдық көлікте жүруді соншалықты жақтыра қоймайды. Көлік компаниялары лайықты сападағы қызмет көрсетуге қауқарсыз. Мәселе мынада, көліктен түсетін кірістердің елеулі бөлігі кәсіпорын кассасын айналып өтеді. Сондықтан олардың қолында ең қарапайым тәртіп жасауға қажетті қаржы жоқ.
Қоғамдық көлік тек мына жағдайда, егер автоәуесқойлардың 20-25% астамы қымбат бензин сатып алуға мүмкіндігі болмай, автобусқа ауысып мінген кезде ғана жеке көлікке балама бола алады. Бұл - жанармай тұтыну көлемін азайтып, компанияның табысының азаюына елеулі ықпал етеді.
Болашақта осы жағдай ғана бензинге бағаның өсуіне шек қоятын сияқты. Бұның қандай баға боларын айту қиын. Бірақ, оның жүз теңгеден жоғары болатындығы айқын. Сатушылар да осы деңгейге ұмтылуда.
Кез-келген өзге тауарлар сияқты жанармай нарығы да үш бөліктен тұрады: өндіріс, көтерме және бөлшек сауда. Олардың әрқайсысы өз ережелерімен жұмыс істейді. Үкіметтің жұмысын саралай отырып оның жария әрекеті тек бөлшек сауда және бөлшек саудаға жақын нарыққа ғана бағытталғанын байқауға болады. Олар: жанармайға шекті бағаны белгілеу, жанармай құю стансаларымен жұмыс, жанармай құю стансаларын шектелген жанармай өнімімен қамтамасыз етуге әрекет.
Соңғы кездері үкімет көтерме нарықпен айналыса бастады. Бұның ішінде ең жексұрындық әрекет - операторлық қызметке тиым салуы болды. Бұның неге алып келуі мүмкін екендігі жайында төменде айтылған. Өндіру нарығы ҚазМұнайГаз ҰК (ҚМГ) иелігіне берілген.
Бұл нарықты өзара әрекетте қарастырмай, үкімет тыныштық пен табыстылық көрінісін жасамақ болып, ол үшін әлдебір большевиктік тәсілмен жұмыс істейді. Ол тек сыртқы жағдай мазасын ала бастағанда ғана: баға тым көтеріліп кеткенде, тұтынушылар тарапынан айқын наразылық біліне бастағанда, президенттің қатты сынынан соң қимылдай бастайды. Бензин жетпей, оның бағасы қатты көтерілген өткен жылдың қараша, желтоқсан айларында осылай болды. Көктемге қарай егін егу науқаны басталған наурыз айында да осылай болады.
Өткен жылдың желтоқсан айында үкіметтің шешімімен жанармайға шекті бағалар белгіленді. Бұған сәйкес, Аи-80 - 62 теңге, Аи-9293 - 82 теңге, жаздық дизель отыны - 67 теңге болды. Бірақ, осы жерде қатаң көтерме бағалар белгіленген жоқ. Осының нәтижесінде ірі сатушылар нарықтан майда, тәуелсіз жанармай құю стансаларын (ЖҚС) ығыстырып шығаруға мүмкіндік алды. Бұл былайша орын алды: Аи-9293 бензиндерінің көтерме бағасы 77-78 теңге деңгейінде белгіленді. Бұл майда стансаларды қысымға ұшыратты. Несиелер мен қарыздарды төлеген соң 5 теңгелік маржадан ЖҚС-қа ешнәрсе қалмайтын болды. Базалар өз ЖҚС-тарына отынды төмендетілген бағамен босатады. Болмаса жоғарыдағы кәсіпорын ЖҚС шығынының бір бөлігін өз мойнына алады.
Осындай әділетсіз бәсекелестіктің арқасында ЖҚС ұстау пайдасыз болып қалды.Осының өзі ЖҚС қожайындарын одан бас тартуға мәжбүрледі. Өз кезегінде бұл ЖҚС-тің бағасын түсіреді. Осылайша бөлшек сауда желісін ұлғайтқысы келген кәсіпорынға ол арзанға түседі.
Жанармай қорының ЭМРМ тарапынан әділетсіз бөлінуі бұл жағдайды одан ары ушықтыра түсті. Қалалардағы жұмыс істемей тұрған ЖҚС-тар бұл саясатты айқын көрсетеді.
Шығыс Қазақстанда ЖҚС қожалары желтоқсанда Қазақстанның президенті мен бас прокурорға өтінішпен шығып, бензиннің кейбір маркаларына шектелген бағаларды енгізу туралы шешімнің шағын ЖҚС қожалары үшін кемсітушілік сипаты бар екендігін мәлімдеді.
5 теңгелік маржа несие, жалақы, салық төлеуге қажетті төлемдерді ақтамайды, -деді ҚазТАГ-қа ШҚО кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі қауымдастықта. Майда кәсіпкерлер мұнай өңдеу зауыттарына тұмсығын да тыға алмайды. Зауыттардан аймақтарға арзан отынды тікелей сату деген жоқ. Егер майда ЖҚС қожаларын белгіленген 82 теңге деген бағамен саудалауды мәжбүрлесе, олар отырып қалады.
Қазіргі жағдайдан тек ҚМГ және Гелиос сияқты ірі компаниялар ғана ұтады, -деген пікір білдірді қауымдастықтағылар.

Бағаны көтерудегі алғашқы қадамды неге ПетроҚазақстан бастады?

Тұтынушылардың көпшілігіне бұл компания барынша белгісіз.
Тұтынушылар CNPC-тің - Қазақстан нарығында жұмыс істейтін Қытайлық мұнай корпорациясы екендігін біледі. Олар ҚазМұнайГаз-дың қазақстандық ұлттық компания екендігін де біледі. Айтпақшы, ол ішкі нарықтың мүддесін қорғауы керек.
Ал ПетроҚазақстанның қазір аталған екі холдингке тиесілі екенін тұтынушылардан көп адам біле бермейді. Және әлдебір қиын проблемалар туа қалған жағдайда басқы құрылымдар бұл компанияны құрбандыққа шалып жіберуі әбден ықтимал. Болмаса оның басшылығын саудагерлігі, жеңіл пайда тапқысы келгені үшін айыптай салады. Және бұл жағдайда, компанияның шынайы қожайындарының беделіне ешқандай нұқсан келмейді.
Оның үстіне, CNPC де, ҚазМұнайГаз да жанармай нарығында қолайсыз сәт орын ала қалған жағдайда, жанармай бағасын бұрынғы деңгейде ұстап қалып, экономиканы құтқарушылардың рөлінде көрінуі мүмкін. Ең соңында, барлық жанама белгілері бойынша, екі холдинг те картельдік келісімнің қатысушылары болып табылады. Бұны бәсекелестікті қорғау жөніндегі агенттіктің (БҚА) өзі растап отыр. Және екеуі де монополиялық кіріс алғысы келіп отыр.

Бұл сала қаншалықты маңызды?

Енді математикамен айналысайық. Универ инвестициялық тобы сараптамалық зерттеулер бөлімінің бастығы Дмитрий Александровтың деректері бойынша, ҚР жанармай нарығында пайдаланылатын отын жылына 4 млн тонна шамасында. Бұл - 5,3 млрд литрге тең. Машиналардың әртүрлі маркадағы бензиндерді тұтынатындығын ескергенде бензиннің 1 литрінің орташа бағасы 79,7 теңге. Осыдан барып Қазақстандағы жанармай нарығының жылдық көлемі 420 млрд теңге немесе $2,855 млрд екендігін есептеп шығаруға болады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік маркетингтің мәні
Мұнай сферасындағы маркетинг
Физика сабақтарының нарықтық нақыштары
Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау
Жарнаманың тарату құралдары
Атырау мұнай өңдеу зауыты
Бірлескен кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары» (БК «Транс - Сервис» ЖШС мысалында)
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау әдістері
Мұнай - газ саласындағы импортығыстыру саясаты
Экономикалық даму деңгейінің көрсеткіші
Пәндер