Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мұстафа Шоқай және Түркістан легионы
8 ҚЫРКҮЙЕК, 2011 7:13 PM8 ПІКІР

Соңғы уақыттарда, атап айтқанда Қазақстанның тәуелсіздігінің 20 жылдығы кең көлемді тойланып жатқанда, тәуелсіздік тарихының символ тұлғасы Мұстафа Шоқайға жала жабушылық көбейе бастады. Олар Шоқай сынды қазақ халқының мақтанышы болған тарихи тұлғаға нацисттермен бірге істескен, әсіресе Түркістан легионын құрып берген сатқын деген жала жабуға күш жұмсауда. Мұның шындыққа ешқандай қатысы жоқ екенін деректер көрсетіп отыр. Біз бұл мақалада Шоқай және Түркістан легионының қалай құрылғандығына деректер негізінде жан жақты тоқталамыз.
ІІ. Дүниежүзілік соғыс кезінде Гитлердің нацистік партиясының басқаруындағы Германияның соғысқұмарлығы Шоқайдың Париждегі күнделікті өмірінің толықтай өзгеруіне себеп болды. Неміс армияларының Польшаны басып алуы Еуропада соғысқа жетелейтін керістікті жағдайдың тууына жол ашты. Мұнымен тек Шоқайдың ғана емес, бүкіл Еуропа елдерінің, әсіресе Германияға көршілес Франция халқының тұрмыс-тіршілігі астаң-кестең болды. Осыған мезгілдес неміс армиясы мен кеңес армиясы жаулап өзара бөлісіп алған Польшаның астанасы Варшавада "Прометей Одағының" жұмыстарының тоқтап қалуы заңды еді. Алайда әлі соғысқа араласпай бейбіт жатқан Францияның өзінде аласапыран жағдай қалыптаса бастады. Соғыс қаупіне байланысты бұл елдегі босқындардың барлық шығармашылық іс-қимылдары тоқтап қалды. Олардың ішінде Шоқайдың 1929 жылдан бері үздіксіз шығарып келе жатқан "Яш Түркістан" журналы да бар еді.
Жи-жиі Париждегі Ұлттық Кітапханаға барып, әсіресе саяси тарих пен философия туралы кітаптарды оқыды. Осы кітаптар арқылы Германия мен кеңестердің діттеген мақсаттарын және мұнда қаншалықты табысқа қол жеткізе алатындықтарын болжауға тырысты. Әсіресе екі мемлекеттің басшылары, атап айтқанда Гитлер мен Сталиннің әлемдік билік құмарлықтарының адамзатқа қандай ауыртпалықтар әкелетіндігі туралы сауалдың жауабын іздеп шарқ ұратын.
Шоқайдың ойынша олардың екеуі де адасқан озбырлар еді. Олар жаратылысынан саясат пен зұлымдықта бір-біріне тең түсетін. Олардың арасындағы дара айырмашылық - біреуінің нацист, ал екіншісінің интернационалист болуы еді. Басқа бір сөзбен айтқанда Гитлер тек неміс халқының атасы, ал Сталин болса халықтардың атасы еді. Шоқай бұлардың бірінің ажалы екіншісінің қолынан болады деген ойда еді. Егер олар әлемді билеу үшін ауызбірлігі жасайтын болса, онда оларға ешкім қарсы тұра алмас еді. Бірақ Шоқай олардың достықтарының өткінші екендігіне сенді.[[1]]
Ал Парижде үнемі кездесіп тұрған Ресейлік босқындарының көпшілігі қаланы тастап кеткен болатын. Олардың көбі Франция мен Германия арасында бұрқ етуі ықтимал соғыстан бас сауғалап Португалия арқылы Америка Құрама Штаттарына қарай аттанған еді.[[2]]
Соғыс қаупін Шоқай да сезіп жүрді. Алайда Францияны тастап кетуді ешқашан ойламады. Өйткені ол қиын-қыстау күндерінде өзіне құшағын ашқан Францияны туған отаны деп есептеді. Сондықтан оның пікірінше, соғыстан қорқып Францияны тастап кетуге болмайтын еді.[[3]]Ол елде бір соғыс өрті шыға қалған жағдайда оның қиыншылықтарына француз халқымен бірге төзуге тәуекел етті.[[4]]
Сөйтіп Шоқай Францияда қалды. Өйткені, онын жүрегінде Франциянын ерекше орны бар еді. Ол оның отаны еді. Франция ол үшін шынында да бостандықтар, теңдіктер және бауырластықтар елі еді. Ол 1941 жылы 27 желтоқсанда көз жұмғанда тек қазақ халқы үшін емес, француз халқы үшін де құрбан болды деуге негіз бар. Өйткені сол кезде жансауғалап АҚШ-қа кетіп қалғанда нацисттерге тұтқын түспей аман қалар еді.
Ақырында соғыс Францияаға шашырады. 1940 жылы сәуір айында алдымен Данияға және соңынан Норвегияға шабулдаған неміс армиясы мамыр айында Бельгия мен Голландияны жаулап ала бастады. Енді соғыс Францияның шекараларына таяды. Франция қосындарын неміс шабулдарына қарсы Мажинода шоғырландырып қорғаныс шебін құрды.[[5]]
Осындай жағдайда Парижді тастап, Бордо қаласына кетуге дайындық жасаған достары бірге кетуге қайта ұсыныс жасаса да, Шоқай оған келіспеді. Өйткені ол қандайда бір қасіретке душар болатын болса да, Парижден кетпеуге бел байлаған еді. Неміс басқыншылығына қарсы қолданған дара сақтық шарасы - архиуі мен онша құны жоқ акцияларын бір банктің сейфіне сақтау болды.[[6]]
Бір күн күтілмеген бір шақыру алды. Бір неміс өкімет қызметкері кездесу үшін өзін Берлинге шақырып жатқан еді.[[7]]Бұл шақырту Шоқайды қатты алаңдатты. Өйткені немістердің өзін Берлинге не үшін шақыртқандықтарын түсіне алмады. Немістер Польшаны басып алмас бұрын "Прометей Одағы" жұмыстары кезінде нацисттерге қарсы екенін айқын көрсететін мақалалар жазған еді. Сондықтан ол нацисттерге қарсы екендігімен танылған болатын. Сол себепті немістердің бұл кездесуде өзінен не сұрайтындықтарын немесе қандай салада пайдаланытдықтарын жорамалдап білгісі келген еді. Бірақ ешқандай бір қорытындығыға келе алмады. Екінші жағынан шақыртуды қабылдамай кездесуге бармайтын болса, Францияны қол астында ұстап тұрған немістер керек болған жағдайда оны өз ықтиярынсыз-ақ Берлинге алғыза білетін еді.[[8]]
Сонымен Шоқай Берлинге келді. Берлинде өзін шақыртқан неміс өкіметтік қызметкерлері Шоқайға Кеңестердің әскери күші туралы мәлімет сұрауға шақырғандарын айтты. Бірақ Шоқай бұл туралы ешқандай мағлұматы жоқ екендігін, кеңестердің тек Түркістан аймағының ғана қызықтыратынын, кеңестер туралы одан артық ешнәрсе білмейтіндігін айтты. Шоқай Берлинде бір апта болғаннан кейін Парижге оралды. Енді көңілі орнына түскен еді. Өйткені немістердің өзімен ешқандай жұмысы қалмаған еді.[[9]]
Бірақ бұл тыныштық ұзаққа созылмады. Осы кездесуден шамамен екі ай өткен соң, атап айтқанда 1941 жылы 22 маусым күні Германия Кеңестер Одағына қарсы соғыс ашты. Сөйтіп Шоқайдың өмірінің ең тыныш және жайбарат күндері аяқталды.
Ол осы хабарды әрі тебіреніспен және әрі таңданыспен қарсы алды. Сонда алғаш ойына оралған неміс армиясында жас офицерлердің қарт офицерлерге басым түскені болды. Өйткені Шоқай Берлинде жүрген кезінде неміс армиясында Кеңестер Одағына қарсы соғыс ашып-ашпау туралы тартыс болып жатқандығын естіген болатын. Жас офицерлер ағылшындармен болған шайқастарда ұшыраған жеңілістердің орнын большеуиктерге қарсы соғыста жеңіске қол жеткізіп толтыруды жақтады. Ал қарт тәжірибелі офицерлер болса, күш-қуаты туралы жеткілікті мағлұматтары жоқ Кеңестер Одағымен соғыспау керектігін алға тартты.[[10]]
Шоқай үшін немістердің кеңестерге қарсы соғыс ашуы күтпеген уақиға еді. Дегенмен ол мұны Түркістанның Мәскеудің бұзауынан құтылуына оңды әсер етеді деген пікірде еді. Сондықтан қатты тебіреніп, толқыды. Жұбайымен Париж орталығына бара жатып жол бойы дамылсыз сөйледі. Аракідік қолдарын аспанға көтеріп жазу жазған секілді ым-белгілер жасады.[[11]]Зайыбының айтуынша Шоқай маңызды шешім қабылдар алдында кезінде үнемі осылай ететін еді. Шоқай бұл жағдайды пайдаланып қалу керектігін және бұл үшін жиналып мәселені талқылау керектігін айтып жатты.[[12]]
Осындай ойларға шомылған Шоқай мен жұбайы қала орталығына жасаған серуендерінен үйлеріне қайтты. Үйлеріне кіргеннен сәл ғана уақыт өткен соң үш неміс әскері келіп Шоқайды тұтқынға алды. Сол күні Парижде тұтқындалған жалғыз ол емес еді. Парижде тұрып жатқан кеңестерге қарсы орыс босқындарының алда келген өкілдері де тұтқындалды. Олардың барлығы Компиен лагеріне қамалды.[[13]]
Негізінде бұл лагерьді абақтыдан гөрі немістердің үкіметтік қызметкерлерінің білімін арттыру лагері деуге болады. Лагердегі жұмыстар Ресейлік босқындардың кеңестер туралы мәліметтерінен пайдалануға бағытталды Немістер осы мақсатта босқындар арасында Кеңестер Одағы туралы конфренциялар мен талқылаулар ұйымдастырды. Шоқай да лагерьде Түркістан туралы бір баяндама жасады.[[14]]
Шоқайдың Түркістан туралы баяндамасы тыңдаушыларға өте ұнап, осы тақырыпта тағы бір баяндама жасауы сұралды. Шоқай мұны шын ықыласпен қабыл алды. Бірақ лагерьде екінші баяндаманы жасайтындай ұзақ уақыт қала алмады. Өйткені Шоқайдың баяндамасын жалғыз тұтқындар ғана емес, лагерьдің неміс басшылары да ұнатқан еді. Олар кеңестерге қарсы мұндай бір баяндаманы радио арқылы түркістандықтарға қарата жасауын сұрады.[[15]]Жалпы алғанда Шоқай бұл ұсынысқа оң қарағанмен радиодан сөз сөйлеуге бірден келісе қоймады. Өйткені оның ойынша, Түркістанның жергілікті халықына арнап сөз сөйлеу мен Түркістаннан тыс жерде шетелдіктерге баяндама жасау арасында үлкен айырмашылық бар еді. Түркістандықтарға өз отаны туралы баяндама жасайтын кезінде бар нәрсеге өте мұқият болып, әсіресе өлкенің саяси шындықтары туралы қателіктерге бой ұрмауы керек еді. Олай болмаған жағдайда баяндаманың пайда орнына зиян келтіруі мүмкін еді.[[16]]
Сол себепті немістерге тұтқынға түскен түркістандық әскерлермен кездесіп олардың ұлттық мәселелердегі ой-пікірлерін біліп алу қажет еді. Содан кейін ғана түркістандықтарға арнап бір баяндама жасауға болар еді.[[17]]
Шоқай Берлинге қарай аттанбас бұрын екі күнге үйіне соқты. Берлин сапары үшін керекті дайындықтарын жасады. Түні бойы жазу машинкасымен жазу жазды. Ол таңертең ертемен Парижге кетті. Келгеннен кейін тағы да жазды.[[18]]Ол шілде айының орталарында Парижден Берлинге қарай әскери көлікпен жолға шықты.[[19]]
Шоқай Берлинге бара жатқанында кеңес дәуірінде өскен түркістандық жастармен алғаш рет кездестіндіктен өте толқып тұрған еді. Бұл кездесулер, әсіресе 1922 жылдан бері шетелде Түркістан туралы жазған мақалаларындағы тұжырымдарының дұрыс бұрысын анықтауға мүмкіндік беретін еді. Сол мақалаларында Түркістаннан шалғай жерде, Еуропаның кіндігінде тек кеңес баспасөзінде орын алған мәліметтерге сүйене отырып, қорытындылар мен тұжырымдар жасаған еді. Түркістанға бара алмағандықтан, олардың қанша дәлдікпен айтылғанынан бейхабар еді. Тұтқындармен сөйлескен кезінде осы мәселені анықтауға тырысатын еді. Сондай-ақ немістерге тұтқынға түскен түркістандықтардың толықтай кеңес жүйесінде білім алып өскен жастар болуы да оны қызықтыруда еді. Сол тәрбиенің түркістандық жастарды қандай сипатта қалыптастырғанын байқау мүмкіншілігіне қол жеткізетін еді.[[20]]
Шоқай әсіресе олардың өзі туралы не ойлайтындықтарын білгісі келді. Бірақ жастардың өзі туралы білетініне күмәнді еді. Ол бұл туралы ойларын былай ортаға салады: "...Тұтқындармен кездесетін болғандықтан толқып тұрмын. Олармен түсінісетін ортақ бір тіл таба аламыз ба? Алайда сол жастар мен туралы еш нәрсе білмейді. Еш нәрсе де естімеді. Менің шетелдегі іс-әрекеттерімнен де бейхабар. Сондықтан да өте толқып тұрмын."[[21]]
Бірақ Шоқай Берлинге келгенінде соғыс тұтқындарымен бірден кездесуге мүмкіншілігі болмады. Лагерлерге барып аралау үшін алты апатадай күтуіне тура келді.[[22]]Шоқайға лагерлерді көріп қайту үшін неліктен дереу рұхсат берілмегендігі туралы қолымызда ешқандай дерек жоқ. Дегенмен, бұған немістер басып алған кеңес территорияларын басқару туралы НСДАП[[23]] мен Сыртқы Істер Министрлігі арасындағы билік тартысының себеп болғандығы даусыз.
Кеңестерге соғыс ашпастан бірнеше ай бұрын аталған екі мекеме бір-бірінен хабарсыз Кеңес Одағына басып кіру жөніндегі дайындық жұмыстарына бастады. Бұл тұрғыда алғашқы жұмыстарды НСДАП-тың Сыртқы Саясат Кеңсесі бастатты. 1941 жылы 31 наурыз күні бұл кеңсеге қарасты "Шығыс Мәселелері Орталық Саяси бюросы" құрылды және оның төрағалығына Альфред Розенберг тағайындалды. 1941 жылы 20 сәуір күні Шығыс Еуропа аймағы мәселелерінің орталық атқару қызметкері деген лауазым аты алған Розенберг өзінің жұмыс тобын жасақтай бастады. Соның алғашқы қызметкерлері арасында профессор Герхард фон Менде мен Георг Лейбрандт секілді есімдер орын алды.[[24]]Сонымен Розенберг неміс армиясы басып алатын кеңес жерлеріндегі болашақ неміс билігінің жоспарларын жасай бастады.[[25]]
Розенберг басшылығындағы бюроның ресми бір мекемеге айналуы соғыс басталғаннан кейін, Шоқайдың Берлинге аяқ басқан күндерге сәйкес келді. 1941 жылы 16 шілде күні Гитлердің қатысуымен бір маңызды жиналыс өткізілді. Бұл жиналыста Кеңестер Одағынан басып алынған аймақтармен айналысатын жаңа бір министрліктің құрылуы мен өкілеттіліктері туралы шешім қабылданды. "Басып Алынған Шығыс Елдері Министрлігі" деген ат берілген осы жаңа министрлікке ертеңіне Розенберг министр болып тағайындалды. Сөйтіп Шоқайдың аралауға тілек білдірген тұтқын лагерлерінен жауапты болған және қысқаша Шығыс министрлігі (Остминистериум) деп аталған бұл жаңа министрлік 1941 жылы 17 шілдеден бастап өз жұмсына бастады.[[26]]
Шығыс Министрлігінің ұйымдық құрылысы ауқымды және қызық сипатта еді. Саясат, экономика және әкімшілік секілді үш негізі бөлімнен тұратын министрліктің саяси бөлімі тақырыбымыз тұрғысынан көбірек маңызды болғандықта ол туралы тоқталамыз. Бұл бөлімнің басына "министрал директор" яғни министірге тікелей бағынатын директор деген лауазыммен Розенбергтың жақын қызметтес жолдасы Лейбрандт тағайындалды.Саясат бөлімі де өз ішінде он салаға бөлінді. Олар төмендегідей болатын:
1. 1. Жалпы саясат, бастығы - Сыртқы Істер Министірлігінен Отто Бройтигам,
2. 2. Остланд,[[27]]бастығы - Сыртқы Істер Министірлігінен Петер Клайст,
3. 3. Украина, бастығы - СС Обер-фүрер[[28]]Вилгельм Кинкелн,
4. 4. Ресей,[[29]]
5. 5. Кавказ,[[30]]бастығы - фон Менде,
6. 6. Мәдениет,
7. 7. Қоныстану,
8. 8. Баспасөз,
9. 9. Жастар ісі,
10. Әйелдер ісі.[[31]]
Соғыстан алдыңғы кезеңде Германияның Сыртқы Істер министрлігі де кеңестерге қарсы жүргізілетін соғысқа байланысты дайындық жасады. Бірақ бұл жөнінде НСДАП-тың да жұмыстар жүргізіп жатқандығынан бейхабар еді. Екі мекеме арасындағы осындай байланыссыздық уақыт өте келе бәсекеге айналды. Бірақ дайындықтарына бұрыннан бастаған және Гитлердің қолдауына ие Розенберг басып алынатын кеңес территорялары турасында өкілеттік алуда Сыртқы Істер министрлігін қатардан шығаруда табысты болды.
Қолда бар деректер Германия Сыртқы Істер министрлігінің Кеңестер Одағын жаулап алуға бағытталған алғашқы ұйымдық жұмыстарын 1941 жылдың сәуір айында бастағандығын көрсетеді. Сол айда министрлікте басып алынатын кеңес жерлері мәселесімен айналысатын бір Ресей комитеті құрылды. Бұл комитеттің төрағалығына елшілік кеңесшісі Георг Гросскоф тағайындалды. Бірақ Ресей комитетінің жұмыстары НСДАП-тың Шығыс мәселелері Орталық Саяси бюросының жұмыстарынан артта қалды. Өйткені одан бұрын жұмыстарына бастаған аталмыш бюро Кеңестер Одағы жөніндегі мамандардың көпшілігін өз құрамына жинап алған еді. Осы себепті Гросскофтың фон Менде мен Лейбрандт секілді мамандарды Ресей Комитетіне алу ұмтылысынан бір нәтиже шықпады. Сондықтан Гросскофтың жұмыстары жаулап алынатын Украина, Кавказ және Қырым секілді аймақтарда құрылатын неміс әкімшілік органдары үшін Сыртқы Істер Министрлігі қызметкерлерінен басқарушы кадрлардың тізімін дайындаудан әріге бара алмады.[[32]]
Гросскофтың Ресей Комитетінің міндеттері мен жауапкершіліктерінің аясы Кеңестер Одағымен соғыс басталғаннан кейін белгіленді. Соғыс басталғаннан бір апта өткеннен соң Вернер Отто фон Хентиг кеңестердің оңтүстік-шығыс халықтарының (кауказдықтар, қырғыздар, татарлар тб.) мәселелерінен жауапты қызметкер болып тағайындалды.[[33]] Ресей Комитеті сондай-ақ "Винета" Шығыс кеңсесінің үгіт-насихат істерінің бір бөлімін міндетіне алып, Кеңестер Одағының орыс емес халықтарына қатысты брошүралар дайындай бастады. 1941 жылдың 16 тамыз күнгі бір құжаттан аңғарылғанындай, Ресей Комитеті кеңес армиясынан тұтқынға түскен татар, өзбек, қазақ секілді шығыс халықтарына арнап "Шығыс Түрік" атты бір брошура дайындауға кірісті. Мұны Сыртқы Істер министрлігі Ресей Комитетінде жұмыс істейтін қазандық Ғалимжан Идриси жасады.[[34]]
Қорытындылай келе, мынаны айтуға болады: Шоқай шілде айының ортасында Берлинге келген кезде[[35]]тұтқындармен жүздесу мәселесінде билік таласына тап болды. Шамасы Шоқайдан радио арқылы түркістандықтарға қарата сөз сөйлеуін сұраған Шығыс министрлігі де, Ресей Комитеті де емес еді. Шоқайға мұндай өтініш жасаған нацистік өкіметтің Үгіт-Насихат Министрлігіне қарасты "Винета" ұйымы болуға тиіс. 1941 жылдың көктемінде листоука, брошура және грампластинкалар арқылы кеңестерге қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу үшін құрылған "Винета" ұйымы радио хабарларымен айналысатын еді. Соғыстан бір аптадай бұрын орыс, украин, кавказ және түрік-татар халықтарының он шақты өкіліне қызыл армия қатарындағы жауынгерлерді әскерден қашуға шақырған үндеулерді оқытып, грампластинкаларға жазды. Бұл пластинкалар кейіннен радиодан жарияланды.[[36]]
Міне осы жағдай бізді Шоқайдан түркістандықтарға қарата радиодан сөз сөйлеуін сұраған мекеменің "Винета" ұйымы болуы тиіс деген қорытынды шығаруға жетеледі. Бірақ Шоқай мұнда сөз сөйлемес бұрын түркістандық тұтқындармен кездесуді қалады. Ал мұндай кездесуді іске асыратын "Винета" ұйымы емес еді. Кездесуге рұхсатты беретін өкімет органы Шоқай Берлинге келген кезде жаңа белгіленіп жатқан еді. 17 шілде күні Шығыс Министрлігінің құрылуымен бірге кеңес тұтқындары жөніндегі билік Гросскофтан Розенбергке өтті. Сонымен Шоқай Берлинде Гросскоф басқаруындағы Ресей Комитетінің түркістандық тұтқындарға жауапты қызметкері фон Хентигтен емес, Розенбергтің Шығыс министрлігінің кеңестік түркі халықтарынан жауапты қызметкері фон Мендеден рұхсат алатын болды. Ал Шығыс министрлігінің болса тұтқындар мәселесінде Ресей Комитетіне қарағанда басқаша жоспарлары бар еді. Шоқай бұл жоспарлардың жүзеге асырылуын күтуге мәжбүр еді.
Негізінде Шығыс министрлігінің соғыстың бастапқы кезеңінде тұтқындарға қатысты ешқандай жоспары жоқ еді. Олардан жәрдем отрядтарын жасақтау болса еш ойға алынбаған еді. Нацисттер тек тұтқындарды кейбір ережелер бойынша бөлумен болды. Тұтқындар арасында анықтаған коммунисттік партияның жоғары лауазымды басшылары мен жоғары дәрежедегі мемлекеттік қызметкерлерін, еврейлер мен азиялықтарды өлтіріп тастап отырды. Сонымен қатар азиялық мұсылман тұтқындардың сүндетті болуы оларды еурейлермен шатастыруларына себеп болды. Сондықтан, мыңдаған тұтқын өлді.[[37]]
Шынтуайтына келгенде кеңес армиясынан тұтқынға түскен түркі тектес және кавказдық мұсылман әсерлерді неміс армиясында немесе қандай да бір ресми қызметте қолдану нацистік идеологияға қайшы еді. Өйткені нацисттердің адамдарды нәсілге қарай бөлу категориясы бойынша татарлар мен Орта Азияның түркі халықтары "төменгі сатыдағы азиялықтар тобына" кіретін. Олар нацисттердің пікірі бойынша слауяндардан да төмен нәсілге жатады. Тіпті олар адамнан да төмен жек көрінішті бір мақұлық (untermensch) еді.[[38]]Осы себепті неміс-кеңес соғысының бас кезеңінде немістерден кеңес тұтқындарын пайдалану туралы ешқандай ой жоқ еді. Бұл пікір соғыс басталғаннан кейін ғана қалыптаса бастады.
Бұл арада Германияның Кеңестер Одағына шабул жасауы басқа елдердегі украин, кавказ, түркі тектес Ресейлік босқындарды да қозғалысқа түсірді. Олардың жүректерінде Германияның соғыста жеңіске жетуінің отандарының кеңестік бодандықтан құтылатындығы туралы үміт оты жанды. Осы себепті босқын жетекшілері арасында кеңестердің жеңілісін жеделдету және отандарының саяси келешегін қалыптастыру жұмыстарында белсенді рөл атқару үшін неміс өкіметімен біргестесу ынтасы оянды.[[39]]Осы мақсатта әртүрлі елдердегі неміс елшіліктеріне өтініштер түсті. Аталмыш өтініштерде неміс өкіметіне кеңестерге қарсы соғыста ерікті түрде жәрдем етуге дайын тұрғандықтары аталып өтілді. тілегі білдірілді. Олар неміс өкіметінен бұл көмектің қарымтасында елдерінің тәуелсіздігін қамтамасыз етуін сұрады.[[40]]
Екінші жақтан кеңес армиясы қатарында соғысып жатқан кейбір орыс емес әскерлердің соғыспастан немістерге өз еркімен беріліп жатқаны байқалды. Кеңес армиясында олардың көпшілігіне орыс тілін білмегендіктері үшін екінші сорттағы әскер ретінде қаралуда еді. Олардың бір бөлігі әскери жаттығу көрместен тіпті қолына қару берілместен майданға жіберілген еді. Немістерге өз еркімен берілген әскерлердің қатарында кеңестік режимге қарсы әскерлер де болды.[[41]]
Босқын жетекшілерінің неміс армиясына жәрдемші болу өтініштері және кеңес армиясы қатарындағы кейбір жауынгерлердің неміс армиясына бүйірлерінің тартуы неміс армиясы құрамында кеңестік әскерлерден ерікті көмекші отрядтар жасақтау пікірін туғызды. Бұл пікір Шығыс министрлігі, Қарсы Барлау және Сыртқы Істер министрліктері тарапынан қолдау тапты. Бірақ бұл пікірдің алғаш рет кімнен қашан және келгендігі белгісіз.[[42]]
Осындай дамушылықтарға байланысты Шығыс министрлігі тамыз айында тұтқындармен айналысатын бір комиссия құрды. Бұл комиссияның басына НСДАП-тың "СА" полкінен штрумбанфүрер Гейбель тағайындалды. Бастапқыда бұл комиссияға тұтқындармен ұлттарына қарай айналысу үшін жеті адам кірді. Татар, башқұрт және фин тұтқындар үшін Ахмет Темир, Түркістанның өзбек, қазақ, қырғыз және түрікмен тұтқындары үшін Уали Каүм, солтүстік кауказдықтар үшін Али Кантемир, азербайжандар үшін Мехмет Бей,грузин және армиян тұтқындар үшін екі кісі және Мұстафа Шоқай белгіленді. Мұсылман және түркі тектес тұтқындармен байланысты қызметкерлердің төрағасы болып тағайындалған Шоқай өзіне көмекші және аудармашы ретінде Уәли Каюмды таңдады. Комиссия мүшелеріне міндеті тұтқындарды ұлтына қарай анықтау және тұтқындармен сөйлесіп мәлімет жинау қызметі жүктелді.[[43]]
Тұтқын комиссиясы алғашқы жұмысына бастау үшін 26 тамыз күні Ганофер маңындағы Өрбке және Берген-Белсен тұтқын лагерьлеріне қарай жолға шықты. Шоқайдың Берлинде бір жарым ай жатып тебіреніспен күткен кездесулері ақырында жүзеге асты. Бірақ лагерьлерге жеткенінде Шоқай күтпеген бір жағдаймен кездесті және бұл оның көңілін су сепкендей басты. Лагерьлерде тұтқындар қиын жағдайда өмір мен өлім арасында арпалысып жатқан еді. Азық, сусын және баспана тапшылығы ең жоғары деңгейде еді. Бұл аз болғандай неміс әскерлерінің нацистік әсіре нәсілшілдіктен туындаған қан-құйлы зұлымдығына тап болып жатты. Нацистік әскерлер әсіресе татарлар мен түркістандық тұтқындарды қит етсе атып тастаудан тайынбайды. Бұл жағдайларға куә болудын Шоқайға ауыр тигені соншалық, оларды көргенше өліп кеткенді артық санады. Кейіннен жұбайына жасырын түрде жіберген хатында[[44]]соғыс тұтқындарының жүрек сыздатар ауыр жағдайын егжей-тегжейлі баяндады. Оның айтуынша, неміс әскерлері тұтқындарды мазақ ететін және ұнамсыз болмашы бір әрекеті үшін атып тастайтын еді. Аштық әбден өзекке түскен әскерлер өлген жолдастарының жүректері мен бауырларын жеп тірі қалудың амалын жасауда еді. Жұбайына жолдаған хатында Шоқай өзі куә болған мұндай жан түршігерлік көрініс алдында өзінің адам екендігінен ұялғандығын атап өтті.[[45]]
Осылайша Шоқай лагерлердегі алғашқы күннен-ақ нацисттермен бірге кеңестерге қарсы Түркістанның саяси құқтары үшін күресудің мағынасыз және тіпті зиянды екендігін аңғарды. Соған қарамастан өзі де тұтқын сипатында болғандықтан, тұтқын комиссиясындағы қызметін жалғастыруға мәжбүр болды. Бірақ өз қалауынан тыс атқаратын бұл қызметіндегі басты мақсаты - неміс армясының Кеңестер Одағына қарсы жүргізіп жатқан соғысында жеңіп шығуын қамтамасыз ету емес, тұтқындардың ауыр жағдайын біршама да болса жақсарту болды. Ол бүкіл жұмыс уақытын, тіпті өмірінің қалған бөлегін осы мақсатқа арнады.
Шынында да соғыстың алғашқы апталарында тұтқындардың жағдайы сұмдық ауыр еді. Өйткені бастапқыда лагерлерде жиналған жүз мыңдаған тұтқындардың мәселелері мен қатар кеңестік шығыс халықтарынан шыққан тұтқындардан көмекші отрядтар ұйымдастыру ісі де ойластырылмаған еді. Бұл кезеңге байланысты жасалған зерттеулер де лагерьлерде азық-түлік жеткіліксіздігі мен барактардағы денсаулыққа зиянды лас жағдай салдарынан, сондай-ақ нацисттердің нәсілшілділдігінен туындаған зұлматынан мыңдаған тұтқынның өлім құшқанын растайды.[[46]]
Шоқай тұтқын лагерьлерінде кездерінде көптеген мұсылман тұтқынның орынсыз нақақ атылып тасталынуына кедергі болды. Әсіресе сүндетті болуларына байланысты мұсылман тұтқындарды немістердің еврей деп ойлап, атып тастау оқиғаларының азаүында елеулі рөл атқарды.[[47]]Шоқай бір жолы лагерьлерді аралап жүргенінде отыз бес мұсылман тұтқының тек қана сүндетті болғандықтары үшін атылайын деп тұрғандығын көрді. Ол дереу бұл іске араласып, әскерлерді ажал аузынан арашалап қалды.[[48]]Сондай-ақ алдағы уақыттарда да бұған ұқсас қателіктерге жол бермеу үшін бұл мәселе жөнінде неміс басшыларын хабардар етуге тырысты. Шығыс министрлігі, Неміс Қарулы Күштері қолбасшылығы және СД өкілдері қатысқан бір жиналыста мұсылмандардың сүндетке отырғызу дәстүрі туралы мағлұмат берілді. Бұл мағлұматты кімнің бергендігі туралы ешқандай дерек болмаса да, Шоқайдың бұл жиналыстың өткізілуінде үлкен ықпалы болуы әбден мүмкін. Неміс ғалымы Мүхлен 1941 жылдың тамыз айынан бастап сүндетті болғандықтары үшін мұсылмандарды атып тастау оқиғаларының сейеуілдегенін айтады.[[49]]
Шоқайдың тұтқындардың ауыр жағдайын жақсарту туралы қолында ешқандай билік жоқ еді. Қолынан келер тек шара - немістердің басшылық орындарына баяндама хат жіберіп, бұл жағдайдың жақсартылуын сұрау ғана еді. Қуә болған уақиғаларының әсерінде қала отрырып ауыр сындарды тілге тиек еткен бір баяндама дайындады. Онда былай деді: "Сіздер, немістер, өздеріңізді Еуропаның ең өркениетті және мәдениетті халқы ретінде көресіздер. Егер сіздердің мәдениеттеріңіз менің осы көргендерім болса, мен де сіздерге тұтқындардың басындағы дәл сондай ауыртпалық және апатпен әдіре қалуларынды тілеймін.[50] Сіздер ХХ-ғасырда, Шыңғыс ханның ХІІ-ғасырда жасағынан да бетер іс жасап жатырсыздар." Ол бұл баяндамасын Уәли Қаюмға неміс тіліне аудартып тиісті офицерлерге тапсырды. Баяндаманы алған офицер Шоқайға ойын шектен тыс батылдықпен білдіргенін айтты. Бұған Шоқай "Егер сіз осыған байланысты мені атып тастайтын немесе дарға асатын болсаңыздар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде антифашистік
ІI- ші дүние жүзілік соғыс кезіндегі Түркістан легионы
Мұстафа Шоқай және Түркістандық легионерлер мәселесі
Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі
Мұстафа Шоқай.Өмірі.Зерттелуі
Мұстафа Шоқай және Түркістанның біртұтастығы идеясы
Шоқай және Түркістан легионы туралы шындық
Мәжит Айтбаевтың шығармашылық ғұмырнамасы
Мұстафа Шоқайұлы-тарихи тұлғалығын зерттеу
Польша жеріндегі Түркістан легионы
Пәндер