Мұхаммедханафия Уалиханов


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мұхаммедханафия Уалиханов

1835жылы қараша айында сұлтан Шыңғыс Уалихановтың жанұясында қазіргі Көкшетау болсының, Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген. Баласын анасы - Зейнеп Шорманова еркелетіп, Шоқан деп атаған, содан бері өмірінің соңына дейін осылай аталып кеткен. Уалихановтың жанұясында, яғни отбасында Шоқаннан басқа алты ұл, төрт қыз болған. Оларға қарағанда Шоқан өзінің ақылы, зеректігі, табандылығы және қабілеттілігімен ерекшеленеді. Жас Шоқанның ақыл-парасаттық дамуына әжесі - Айғаным үлкен ықпал жасады. Әжесі білімді әйел, сонымен қатар орыс және қазақ халықтары арасындағы достықты нығайтуға елеулі үлес қосқан жан.

Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Шыңғысұлы Уалиханов 1835жылы Құсмұрын бекетінд едүниеге келген. Шоқан Абылай ханның шөбересі, текті әулеттің яғни ақсүйектер отбасынан шыққан.

Уәли Абылай ханның екінші әйелі, қарақалпақ бегіің қызынан туған ұл болатын. Ал Абылай хан барлығы 12 әйел алған, одан 30ұлы, 40қызы болған.

Балалыр ерекше ержетіп Шыңғыс сұлтан мен Зейнептің тұңғыштары 1835жылдың қарашасында, тура қай күні екені белгісіз, Құсмұрын қорғанында округтің аға сұлтанының резиденциясы саналатын ағаш үйде туылды. Балаға мұсылманша Мұхаммед Қанапия есімі беріледі. Шешесі оны жайшылықта өзінше Шоқан дейтін. Шешесі қойған осы жалған ат кейіннен жұрттың бәрі білетін шын атына айналып кетті. Уалихановтардың төңірегіндегі жарамсақтар бір ауыздан кішкене төре айнымаған ұлы бабасы деп жамырайтын. Бесікке көз салған ағайындары да «Айнымаған Абылай» деп таңдана дауыстайтын. Ел арасында Шоқанның жасына жетпей сөйлегені жайында аңыз бар.

Уәлихановтар ханның әдет-ғұрпын сақтайтын. Сәби бір сөз айтқанға дейін бесікке бөлінетін. Бір жолы емшекке тойып алған сәби Шоқан ұйықтап жатқанда үйіне қонаққа келіпті. Олардың алдына сүрленген жылқы еті тартылған кезде кенеттен ұйқысынан оянып кеткен Шоқан бесіктен қолын созып: Әу, қонақтар мені аш қалдырып жүрмеңдер. Ең болмаса еттен бір асатсаңдаршы. Қонақтар сасып болса керек, алайда ішінде ақылгөй ақсақалдарының бірі баланы бесіктен алдына алып, оған бір кесек жылқының сүр етін беріпті. Оны жеп қойған Шоқан тағы да талап етіпті. Нағыз хандық мінез ғой бұл! Хан күшті әрі қайырмасы болуға тиіс. Бала Шоқан халық алдында осындай кейпімен сақталған. Адамдарды қорлап, ол үшін бәрібір жазаланбайтынын мақтаныш тұтады екен. Тіпті ол әкесін де сыйламай аға сұлтан Шыңғысты мазақтайтын болыпты, оның көзінше боқтық сөздерді бұрқыратып айта беріпті-міс. Мейірбан, ақ көңіл Шыңғыс қатігез де қиқар ұлын жөнге салмақ болса да, надан Шепе Шоқанға ара түсіп, ұлы Абайдың шөбересі тап осылай өсуге тиістігін көлденең тарта беріпті. Шоқан төрт жасында өз бетінше оқи алатын болған. Ол әкесі салдырған Құсмұрын қазақ мектебінде де ерте барған. Сауатты қазақтар ол кездері, әдетте «түрік» жазуы саналатын шағатай-қыпшақ әрпімен жазатын. Шоқан араб тілін бала кезінен білетін, соның арқасында оған Шығыс әдебиетінің есігі ашылды. Шоқанның алғашқы балалық әсерлері қазақ сұлтаны семьясының, округ билеушісінің, ұлы Абылай ұрпағының-кейде үйден аттап шықпасқа тұтқындалуымен, кейде даладағы Россияны көрнекті жақтасына жасалуы ықтимал шабуылдан күзетумен офицерлері менсолдаттар ортасында, орыс қорғанына өтуіне де байланысты.

Қағазы мен қарындашы қолынан түспейтін. Оның сурет салуға әуестенуі де тегін емес еді. Құламұрын қорғанына келген әскери топографтар көп тұрақтайтын. Олардың қара сиямен, жолдардың, өзендердің, қорғанның ішкі-сыртқы жобасын сызып, бау бөктерлерінің суретін салып, құдықтардың орналасқан жерлерін белгілеуі Шоқанды қатты қызықтыратын. Топографтардың қасынан бір елі қалмай, соңдарына еріп жүретін. Әуелі суретті қарындаш және тушьпен салып жүрген Шоқан енді акварельге - бояуға көшті. Әкесі бұл талабын құптап, оны археологиялық қазбалар жүріп жатқан жерлерге өзімен бірге ертіп апаратын болды. Шоқан көне заман аспаптарының, қару-жарақтардың әшекей бұйымдарынң суретін ықыласпен салатын. Батылданған ол енді киіз үйлерді, түйелерді, адамдарды салуға көшті. Жас Шоқан салған жай және бояулы суреттерін, өзінің әскери ұстаздарының біріне еліктеп, циркульмен қоршалған шеңбердің ішіне орналастыратын. Біздің қолымызда бояумен салған Шоқанның екі акварелі бар. Біреуінде өзінің киіз үйінің іргесінде отырған жатақ, екіншісінде-түймелі бейнеленген. Дала тұрғындары ол шақта қағазға бейнеленген суреттің бояумен салынған акварель, картинаның не екендігінен түк түсінігі жоқ бейхабар болатын. Дала жұртының бар көрген білгені бағзы замандардың хас шеберлерінен қалған зират, сағаналардағы өрнек тастар еді. Сөйтіп жас бала, Шыңғыс сұлтанның ұлы, туған халқының тұңғыш суретшісі де болды. Шоқанды бәрінен де бұрын қайран қалдыратыны әке-шешсінің оны ата-анадан, туған жерінен жыраққа, көз көрмеген қиырға, бөтен адамдардың арасына жіберуге жоспар құруы. Бірақ та жаңа заманда орыс білімінсіз аяқ-қолың матаулы-ұзаққа шаба алмасың қақ. Жастайынан кімнің кім екенін ажыратуға, қателеспеуге тануға үйренген кішкентай төренің жиі жолығатын қонағына қалай құмарта қызыға қарағанын көз алдына елестетіп көріңіз. Өсе келе Шоқан

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы (1835-1865)
Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы-демократ Ш. Ш. Уәлиханов
Шоқан уәлиханов туралы
Уәлиханов Шоқан (шын аты-Мұхаммедханафия) Шыңғыс ұлы
Шоқан Уалиханов Шынғысұлы - Қазақтың ұлы ғалымы, ағартушы - демократ
Манас жыры
Шоқан Уәлиханұлы (1835-1865)
Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов (1885-1865)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz