Мысыр мәдениеті. Египеттегі пирамидалар
Жоспары:
Кіріспе.
Негізгі бөлім.
:: Мысыр мәдениеті
:: Египеттегі пирамидалар
:: Шумер - вавилон өркениеті.
Қортытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Кіріспе.
Көне Египет жер шарында тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық - билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін "Раның" ("ра" күн деген мағына береді. Ол - құдайлардың құдайы және "алтын " ұғымына қосылып айтылады. - "Алтын" нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.
Пирамидалар:
Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну - перғауындарды "құдай" деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай - патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі - құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сән - салтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны ғана емес, ұзаққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек, қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.
Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшалар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік күш - "Ка-ға" (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы - көне Египет қоғамындағы адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады.
Б.з.б. ІІІ - ІІғ. Құдай - патшаларға арналған құрылыстар - пирамидалар мен храмдар негізінен тастан жасалды. Пирамидалар салу мемлекеттің экономикасын әлсіретіп, қазынаны тауысты, әсіресе халық тарапынан көп шығын мен жұмыс күшін қажет етті. Сондықтан да, пирамидалар салу - халық қайыршылығының басты себепкері болды. Ал егер пирамидалар салуға жұмсалған қыруар қаржы Египет халқының табанды еңбегін халық игілігіне жұмсағанда (жолдар салғанда және т.б.) Египет сөзсіз экономикасы жоғары дамыған өркениетті елге айналған болар еді деген ой еріксіз келеді.
Бүгінгі ұрпақ осыдан бес мың жылдай бұрын тұрғызыл5ан Египеттің ең көне пирамидасы- перғауын Джосердің пирамидасын жасаушының аты-жөнін білуі - осы ащы шындықтың айғағы болса керек. Оның сәулетшісі-Имхотептің ғалымдық ,дәрігерлік, философиялық еңбектері өз заманында аса жоғары бағаланған. Имхотеп тіптен екі рет құдай деп танылған. Арада екі жарым мың жыл өткенде гректер оған "медицинаның құдайы" ретінде табынған. Оның мүсіндері сақталынбаған, бірақ Мемфисте Имхотептің құрметіне орнатылған ғибадатхана бар.
Джосер пирамидасы көп сатылы құрылыс, ол ұзыннан - ұзақ басқыш тәрізді аспанға өрлей береді. Бұл пирамиданың биіктігі- 60 м. болса, одан кейінгі салынған пирамидалар одан да биік, одан да аумақты.Пирамидалардың өте биік етіп салынуы- өзін құдаймен қатар қойған тәкаппар да, мансапқор перғауынның қарапайым халықтан артықшылығын көрсету мақсатынан да туған сияқты. Египет (Мысыр) мәдениетінің бастауында салынған бұл пирамидалар өз еліндегі ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең құдіретті ғимарат болып қала береді. Перғауын бұрынғысынша құдай саналғандықтан олардың құрметіне сансыз мүсіндер орнатыла бастады, демек перғауындарға құдай есебінде табыну көне Египеттің діни наным-сенімдерінде басты орын алды. Египетте құдайлар өте көп болған, тіпті әрбір қаланың бірнеше құдайы болған. Ең құдіретті құдай, яғни құдайлардың құдайың - Күн құдайы "Ра"болды. Одан кейінгі басты орынға- өлім құдайы "Осирис"шықты. Египеттіктер өздері о дүниеге аттанғаннан кейін Осирис жер асты патшалығының құдайы болатындығына кәміл сенген. Құнарлы жер мен аналықтың құдайы Осиристің әрі қарындасы, әрі әйелі- Исида болды. Ай құдайы екінші жағынан жазу құдайы да болып саналса, ал Маат - шындық пен тәртіптің құдайына айналды.
Осындай сындарлы кезеңде тарих сахнасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (б.з.б.1419-1400 ж.) шықты. Оның басты мақсаты- бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалдыОл жаңа мемлекеттік діни наным- сенім енгізіп, жалғыз құдай деп "Атон"деген ат берілген Күн шарын жариялады.Тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын ІУ Аменхотон өз атын құдай атына сәйкестендіріп "Эхнатон" деп өзгертіп Египеттің астанасын "Атон көкжиегің деген мағынаны білдіретін Ахетотон қаласына көшірді
"Амарн өнері" деген атауға ие болған бұл дәуір мәдениетінде бейнелердің нанымдылығы, жеке бейнелер мен бүкіл композицияның өзара үйлесімділігі, өнер туындыларындағы лирикалық сырластық, сезімдік қасиеттердің пайда болуы- баға жетпес мәнді мәдени құбылыстар болып табылады.
Египет мәдениеті- сан-салалы мәдениет. Солардың бірі- біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар - құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Иероглифтер - көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да, олар иероглифтерге бай болып келеді. Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті (қытайлықтар болса мұндай өзгерістерге ұшырамай өз жазба дәстүрлерін сақтап қалған).
Египет мәдениетіне Криттің, Сирияның, Қосөзен бойындағы құл иеленуші мемлекеттердің мәдениеті өз әсерін тигізе бастады. Б.з.б. 332ж. Македондықтар Египетті өздеріне бағынышты етумен қатар, Александр Македонскийдің (б.з.б. 356-323 ж) құрметіне Александрия қаласының негізін қалады, ол шығыс әлемі мен грек халқының мәдени орталығына айналады, сөйтіп Египетте эллиндік мәдениет кеңінен қанат жайды. Мұнда өз дәуірінің талай ғұлама ғалымдары, ақындары, суретшілері еңбек етті. Бұл қалада "Әлемнің жеті кереметінің " бірі-атақты Александрия шырағы салынды.
ШУМЕР-ВАВИЛОН ӨРКЕНИЕТІ:
XІX ғ. соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге "Шумер өркениеті" деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының "фәлсафалық мәйегі", ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.
Оған дәлел, Қос өзеннің ең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz