Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Қағидаларын бекіту туралы



Түркістан газетінің
бас редакторы
Н.Балтабайға

Оңтүстік Қазақстан облысы маслихаты Облыс көлемі аумағындағы иттер мен мысықтардың ұстау қағидасы 2013 жылдың 26 маусымындағы № 14125-Ү шешімімен бекітілді. Түркістан қаласы аумағындағы иттер мен мысықтарды ұстау осы ережеге сай жүргізілетіндіктен Түркістан газетіне жариялауыңызды сұранамын.
Қосымша 3 парақта қағида мәтіні жолданады.

Түркістан қаласы
ветеринария бөлімінің бастығы П.Мусаев

Орын:У.Баимбетов
Тел 4-03-73

Қосымша 1
Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Қағидаларын бекіту туралы
Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы № 14125-V шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының әділет департаментімен 2013 жылғы 31 шілдеде № 2351 болып тіркелді
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына сәйкес, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Қоса беріліп отырған Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Қағидалары бекітілсін.
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыстық мәслихат сессиясының төрағасы Д.Ахметов
Облыстық мәслихат хатшысы Қ.Ержан
Оңтүстік Қазақстан облыстық
мәслихатының 2013 жылғы 26 маусымдағы
№ 14125-V шешімімен бекітілген
Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау ҚАҒИДАСЫ
1. Жалпы ережелер
1. Осы Оңтүстік Қазақстан облысының қалаларында және басқа да елді мекендерінде иттер мен мысықтарды ұстау Қағидалары (бұдан әрі -Қағидалар), Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексіне, Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Ветеринария туралы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді.
2. Осы Қағидалар қызметтік иттері бар, қылмысқа қарсы күрес, қоғамдық тәртіпті сақтау және адамдарды құтқару жөніндегі жұмысты атқаратын кәсіпорындар, ұйымдар мен мекемелерден басқа, иттер мен мысықтарды асырайтын (бұдан әрі - Иелері) барлық тұлғаларға қолданылады.
2. Иттер мен мысықтарды ұстау шарттары
3. Иттер мен мысықтарды ұстау санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларды, гигиеналық нормативтерді, ветеринариялық (ветеринариялық-санитарлық) ережелерді және ветеринариялық нормативтерді, сондай-ақ осы Қағидаларды сақтаған кезде жол беріледі:
бір отбасы тұратын жеке тұрғын үйлерде, көп қабатты тұрғын үйлердің пәтерлерінде, тұрғын-үй жайларда;
бірнеше отбасылар мекен еткен тұрғын жайларда тек өзінің тұрғын алаңында ғана, көршілердің дәрігерлік кері көрсеткіші (аллергиясы) болмаған жағдайда, пәтер тұрғындарының барлығының жазбаша келісімімен; кәсіпорындарда, ұйымдарда, мекемелерде, бау-бақша және саяжайлар учаскелерінде, демалыс базаларында - иттерді байлаулы немесе торлы орында ұстаған және қоршаған ортаны мазаламайтын және қауіп төндірмейтіндей жағдайда.
4. Қаладағы көппәтерлі тұрғын үйдегі бір отбасы пәтерінде екі иттен және екі мысықтан артпай, сондай-ақ жасы үш айға дейінгі ұрпақтарын ұстауы мүмкін. Жасы үш айдан асқан күшіктер мен мысықтар жаңа иелеріне немесе қаңғыбас жануарларды аулау және ұстаумен айналысатын арнайы қызметке өткізуге жатады.
5. Иттер мен мысықтарды жалпы пайдаланатын орындарда (кіреберістерде, дәліздерде, баспалдақтар алаңшаларында, жертөлелерде, шатырларда және қосымша жайларда) иелеріне жеке меншік, жалға беру, уақытша пайдалану және басқа мүлік құқығы тиесілі дербес тұрғын үйлердің жанындағы аумақтардан бөлек үйлердің жанындағы аумақтарда ұстауға жол берілмейді.
6. Жекеменшік тұрғын үйлерде тұратын иелері, иттерді оның қашып кетуін, адамдарға және басқа да жануарларға шабуыл жасауын, өтіп бара жатқандарды қауып алуын болдырмайтын қоршауы бар, жеке ауласының шекарасында ұстауды қамтамасыз етеді. Аумақта иттің бар екенін ескертетін тақтайша жазылып аулаға кіреберістегі қақпаларға ілінеді.
7. Иттер мен мысықтардың иелері:
1) ветеринариялық мекемелер мамандарының талаптары бойынша иттер мен мысықтарды қарауға, диагностикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Семей аймағында құтырық ауруының байқалуы және оны болдырмау шаралары
Аймақта құтырық ауруының ақырғы рет орын алған уақыты
Мәслихат туралы
Құтырық ауруының сипаттамасы
АШЖБ - Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
«Аса қауіпті инфекциялық аурулардың алдын алу бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидалары
Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауына мемлекеттік ветеринариялық - санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру
Ауру белгілері
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Облыстағы ветеринарлық қызметті басқару. Шаруашылықтың мал дәрігер мамандарының қажетті санын есептеу әдістемесі
Пәндер