Ұйымның есеп саясатын қалыптастыру


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Ұйымның есеп саясаты

Есеп саясаты ұғымы екі жағдайда: біріншісі - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың белгілеген есеп саясаты, екіншісі -ұйымдардың ішкі есеп саясаты болып ажыратылады. Ендігі жерде біздер ұйымдарда жасалынып, қалыптасатын ұйымдардың ішкі есеп саясатының мәселелерін қарастырамыз.

Есеп саясаты деп қандай мазмұнды түсінеміз?

Халықаралық қаржылық есеп стандартында (ХҚЕС) есеп саясаты:«Қаржылық қорытынды есеп дайындау мен тапсыру жөніндегі ережелер мен тәжірибе» деп анықталған.

Қазақстандық 30 «Қаржылық қорытынды есеп тапсыру» жөніндегі стандарттың 2-ші тарауында: «Есеп саясаты деп -Қазақстан Республикасындағы бухгалтерлік және қаржылық қорытынды есеп, бухгалтерлік есеп стандарттары және бухгалтерлік есептің типтік счеттар жоспарының талаптарына және ұйымдар қызметін жүргізу ерекшеліктеріне сай бухгалтерлік есеп пен қаржылық қорытынды есеп жасау үшін ұйымдардың қабылдаған принциптерін, негіздерді, ережелер мен тәжірибені айтады», - делінген.

Ары қарай осы стандарттың 19-шы бабында: «Ұйымдарда бухгалтерлік есеп стандарттары (БЕС) қабылданбаған жағдайда ұйым басшылары қорытынды есеп ақпараттарын пайдаланушыларды қамтамасыз ету мақсатында, ішкі есеп саясатын жасау мақсатында өз жағдайлары мен ойларын енгізуіне болады» делінген.

Осы заманғы нарықтық экономика жағдайында шаруашылык операцияларының түрлері әр түрлі ықпалдастық жағдайда болады.

Елімізде көптеген типтегі ұйымдардың әр кайсысы әр түрлі экономикалық факторларға тап болады. Әр түрлі типтегі ұйымдар саны аса көп. Осыларға байланысты әрбір ұйым өзінің алға қойған мақсат-мүддесіне жету үшін өз қызметтеріне тән: өнім өндірудің технологиялық ерекшеліктері, басқарудың ұйымдық құрылымы, қызмет көлемінщ түрі мен деңгейі, операциялар жүргізу, клиенттермен жұмыс істеудщ тәртібі, ақпараттарды өңдеу т. б. ерекшеліктерін зерделеуі керек. Мұның барлығы да шаруашылық жүргізу ерекшеліктеріне байланысты ұйымдарда есеп саясатын қалыптастырудың мазмұны мен маңызын ашып көрсетудің негізін қалайды.

Ұйымдар өздерінің есеп саясатын қалыптастыру барысында тәжірибедегі есеп әдістері мен қорытынды есеп жасаудағы ережелердің ішіндегі ең тиімділерін таңдап алуына құқылы. Таңдалып қабылданған ережелер мен әдістерді өз мәнінде қолдану арқылы есеп мәліметтерін жинақтаудың тәртібін, мұны пайдаланушыларға түсіндіріп, шаруашылық процесінің ерекшеліктері жөніндегі ақпараттарды зерделеу және ұйымдар қызметіндегі өзгерістер мен жағдайларды дер кезінде білу мүмкіндіктері туындайды.

Есеп саясатының мазмұны ұйымдардың шаруашылық жүргізу қызметі талабы мен қаржы нәтижесін сипаттауға арналған есеп әдістерін жақсы және тиімді қолданудың жолдарын көрсетеді. Есеп саясаты каржылық қорытынды есеп жасауда ұйымдардың қолданатын есеп принциптері, әдістер мен ережелер, сондай-ақ ұйымдардың шаруашылық қызметі мазмұнын тәжірибеде ашып көрсету үшін қабылданған ережелер жиынтығынан құралады.

Сондықтан әрбір ұйымда бухгалтерлік есеп пен қорытынды есеп жүйесінің қандай жолдармен жетілдірілетінін біліп түсіну үшін бүған әсер етуші факторларды зерделей білу қажет.

Жоғарыда қойылған талаптарға сай, біздер, мейлі студенттер. мейлі атқарушы бухгалтерлер, есеп саясатының мазмұны мен мақсатын, мұндағы шешілетін мәселелерді тереңінен түсініп білуіміз керек.

Есеп саясатының мазмұны белгіленген жағдайда ұйым әкімшілігінің басқару процесін қандай дәрежедегі тиімділікке жеткізгендігі, ұйымның қаржы жағдайы мен мұның өзгеріске түсуін, сондай-ақ шаруашылық қызметінің нәтижесін шындық және сенімді әдістермен дайындау үшін қолданылатын есеп принциптерін таңдап алу бағытында ашылды. Есеп саясатын жасау мен мұның маңызын ашып көрсету мақсатында әрбір ұйым өздеріне тән есеп ережелерін, есеп тәсілдерін таңдап алуға, мұндай ережелерді қорытынды есеп жасау процесіне қолдануға құқылы болып танылады. Мұның өзі ұйымдар мен меншік иесінің өз мүліктеріне иелік ету, пайдалану және әміршілік жүргізу құқысын сипаттайды.

Есеп саясатын жасау мен қалыптастыру барысында есеп әдісіндегі кездесетін жорамал-принциптерді зерделеп білген жөн. Халықаралық қаржылық есеп стандарттарына сай, мұндай жорамал принциптерге: мүліктік жекелену, үздіксіздік, сенімділік, шындық, бейтараптық, байқаушылық және шаруашылық фактілерінің толықтылық принциптері жатады.

Сонымен есеп саясаты деп - ұйымдар шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылынатын, таңдалып алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз .

«Almaty Catering Services» ЖШС өз алдына есеп саясатын жүргізеді және бухгалтерияның басқару формасын құрады.

Операцияларды орындау барысында олардың заңды болуына, бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына ЖШС басшылары және бас бухгалтер жауап береді.

Бас бухгалтердің құрылымдық бөлімшелерді тағайындау мен субъектінің бухгалтерлік есебі жүзеге асырылады. Бас бухгалтердің орнына арнайы жоғары білімі бар тұлғалар тағайындалады. Тауарлы-материалдық қорларға, есеп айырысу және міндеттемелерге, ведомстволарға, материалды жауапкершілік туралы келісім-шарттарға, төлем тапсырмаларына, ақша қаражаттарын беру және қабылдап алу құжаттарына Бас бухгалтер қол қоюға құқығы бар.

Бухгалтерлік жұмыстың мақсаты банктің ішінде болып жатқан шаруашылық процестердің және қаржылық нәтижелердің ақпараттарын қолдану мақсатында, барлық ақпараттарды пайдаланушы тұлғаларға анық, түсінікті және толық ақпараттармен қамтамасыз ету.

Бухгалтерия келесілерді орындайды:

бухгалтерлік есеп формаларының құрастырылуын;

пайда және еңбек ақы қорының есебін;

жабдықтаушылармен есеп айрысу;

ақша қаражаттарының қозғалысының есебін.

Қазақстан Республикасында қолданылатын заңдарына сәйкес «Almaty Catering Services» ЖШС бухгалтерлік есеп стандартының барлық келісілген тәртібі бойынша есебін жүргізеді және қаржылық есептіліктің дұрыс жүргізілуіне жауап береді.

Бухгалтерлік есептің барлық жүйесі келесі принциптерден тұрады: құжаттау, инвентар жүргізу, шоттардың топтастырылуы, екі жақты жазу, баланс және есептілік.

Бухгалтерлік есептің жүру жолы:

алғашқы құжаттардың барлығы ведомстволардағы операциялардан, журнал ордерлер, тіркемелер және т. б. арқылы жиналады.

Есеп жүйесіндегі жазулар жұмыс жоспарының шоттар классификациясымен сәйкес келуі және бас кітапта көрсетілуі керек. Бухгалтерлік есепті жүргізу процесінде «Almaty Catering Services» ЖШС өзінің есеп саясатының дұрыс жүргізілуін сақтайды.

Есеп саясаты - кәсіпорындардың шаруашылық қызметі өрісінің іс-тәжірибесінде қолданылатын, банктің таңдап алынған және сабақтастықпен жүргізілетін бухгалтерлік есеп жүйесіне тән ішкі ережелер жиынтығын айтамыз.

Есеп саясаты қаржылық, салықтық және статистикалық есептіліктердің дайындау процесінде құрылады.

Есеп саясатының мақсаты - бухгалтерлік есеп операцияларын орындау барысында қателер жібермеу, фактілерді бұрмалау, ұйымдардың қаржы жағдайын бағалау, шаруашылық қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету, материалдық активтерді бағалау мен есептен шығару, таза пайда резервін құру бағытындағы мейлінше жоғары дәрежедегі икемді есеп ақпараттарын қалыптастыру болып табылады.

Есеп саясатын қалыптастырған және қолданған кезде есептің мынандай принциптерін сақтау керек:

Есептеу - кәсіпорынның кірістері мен шығыстары олардың келіп түсуіне немесе туындауына қарай танылады және бухгалтерлік есепте көрсетіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есеп саясатының принциптері мен оған қойылатын талаптар
Халықаралық қаржылық есеп стандарт негізінде субьектінің есеп саясатының ашылуын, қазақстандық есептен ХҚЕС-қа көшу ерекшеліктерін, талдауын жан - жақты ашу
Есеп саясатын қалыптастыру негіздері
Барлық ұйымдар қызметіне тән байырғы есеп саясатын жасау өте қиын және ауыр процесс
Есеп саясатының техникалық аспектілері
Есеп саясатын талдау
Есеп саясаты жайында
Кәсіпорынның есеп және салық саясаты
Есеп саясатын қалыптастыру
Есеп саясатын аудиттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz