Отбасының заңдық белгілері


Ж О С П А Р
І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2. 1 Отбасы құқығы
2. 2 Неке қию
ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз - бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүікке қатысты емес жекебастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы - неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы болып абылады.
Неке - отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі - зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты - неке деп түсінуіміз қажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата - анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе - бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата - анасыз бірге тұрып, бір - біріне қамқорлық жасайтын болса - бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу) .
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей - тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты.
Отбасы құқығы
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатыныстар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатыныстар құқықтың басқа да саласының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құрайды. Бірақ, аталған қатыныстардың басымдылығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынсатарды реттеу болып табылады. Ол әзіндік қатыныстарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасы өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осыда жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сез қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О. С. Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыдан номалдаудың обьективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқына шығып кетеді.
Отбасы кұқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е. М. Ворожейкин: «Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек», деп жазды.
Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы «Неке және отбасы туралы» Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6-тамызда Республиканың Жоғары Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.
«Неке және отбасы туралы» Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213- баптан тұрады.
Бірінші бөлімдегі «Жалпы ережелерде» неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
«Неке» деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
«Отбасы» деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
«Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары» деген 5 бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналардың бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Отбасы құқығы бойынша неке - бұл «ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқы одақ»
Неке қию
Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына мынадай мәліметтер:
Ст. 234 Неке (ерлi-зайыптылық) және отбасы туралы 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 518-ІV
1) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) әрқайсысының тегі (неке қиылғанға (ерлі-зайыпты болғанға) дейінгі және одан кейінгі), аты, әкесінің аты (егер бар болса), туған күні, айы, жылы мен туған жері, жасы, азаматтығы, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса, ұлты, табыс көзі немесе жұмыс орны, тұрғылықты жері және заңды мекенжайы, білімі, отбасылық жағдайы;
2) ортақ балалары туралы мәліметтер;
3) некеге отыратындардың (ерлі-зайыпты болатындардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың деректемелері;
4) акт жазбасының жасалған күні және нөмірі;
5) неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы берілген куәліктің нөмірі енгізіледі.
2. Неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған немесе жарамсыз деп танылған жағдайда неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы акт жазбасына қажетті мәліметтер енгізіледі. Мұндай мәліметтерді енгізу некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу немесе жарамсыз деп тану туралы сот шешімінің не ерлі-зайыптылардың бірлескен өтініші бойынша тіркеуші органдарда некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы жазбаның негізінде жүргізіледі.
Некені бұзу, ажырасу. АХАТ органдарында некені бұзу
Ерлі - зайыптылардың көзі тірі кезінде неке, олар ажырасса ғана тоқтатылады. Ажырасу арқылы некенің тоқтатылуы, АХАТ органдары немесе сотта заңда белгіленген тәртіп бойынша іске асырылуы мүмкін. Некені бұзу АХАТ органдарында ерлі - зайыптылардың біріккен және жекелеген ерекше жағдайларда - жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіледі. Ал сотта некені бұзу ерлі - зайыптылардың екеуінің бірлескен, сондай - ақ жұбайлардың біреуінің өтініші бойынша жүргізіле береді. Некені бұзу үшін мынадай үш шарттың болуы қажет:
АХАТ органдарында ерлі - зайыптылардың некені бұзу жөніндегі өзара келісімі;
кәмелетке толмаған балаларының болмауы;
бір - біріне мүліктік және өзге де талаптарының болмауы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz