Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұлов
Аса көрнекті тарихи қайраткерлердің
шын мәніндегі мемлекетшілдердің тұтас бір
шоғырының жиырмасыншы ғасырдың бас
кезінде-аққазақ мемлекеттігінің даму
мақсатын тұжырымдап берген тұлғалардың
ұлттық мүдделерге қызмет етуінің ұлы
та - рихи үлгісі көз алдымызда тұр
(Н.Назарбаев )
К і р і с пе
Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңдерде, алмағайын замандарда әсіресе қазақ оқығандары, ұлт зиялылары жанқиярлық еңбек көрсетті. Ұлт болашағын ойлап қам жеген, халқы үшін от пен суға түскен, азап шеккен, керек болса осы мақсатта басын бәйгеге тігіп, жан қиған да осы Алаш арыстары болды. Әсіресе, ұлттық тәуелсіздік үшін күресте олардың бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, тізе біріктіріп, ел санасын оятудағы қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды. Алайда,
1937жылдың қырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз барлығы дерлік қуғын-сүргінге ұшырап, басым көпшілігі ату жазасына кесілді. Ажалдан аман калғандарының өзі ұзақ жылдар бойында ескерусіз қалдырылды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері:
Қазақ ұлтының бүгінгі жарқын болашағын жақындатуға, оның іргетасын қаласуға сонау өткен XXғасырдың алғашқы жылдарында аянбай еңбек еткен, қыруар жұмыс жасаған көрнекті мемлекет және қоғам кайраткерлерінің бел ортасында НәзірТөреқұловтың да есімі жарқырап көрінеді. Алаш идеясы бастарын біріктіретін осынау саңлақтарымыздың қоғамдық және саяси өміріміздің әр саласында еңбек етіп, сол арқылы әр қайсысының түптің түбінде ұлттық тәуелсіздігімізге қол жеткізуге тарихи тұлға екендігіне көз жеткізу.
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы:
Мемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловта осы идея үшін күресті, азабы мен абыройы қатар түсіп жатқан, қатал да қатыгез тағдыр кешті. Оның өмір жолына қарап отырсақ қоғамдық және саяси қызметінің барлық белестерінде алдымен ұлтына, туған халқына аянбай көмек беруге ұмтылғанын көреміз Нәзір Төрекұловтың қазақтан шыққан түңғыш кәсіби білікті дипломат, елші болғандығын бүгін үлкен мақтанышпен айта аламыз, оның көп тіл білгендігі сурет өнеріне де үлесін қосқан тұлға.
Зерттеу жұмысының мерзімдік шеңбері:
Қазақ елінің, қазақ жұртының тағдыры сынға түскен тарихи кезеңде ел санасын оятуға қыруар еңбегін ешуақытта ұмытуға болмайды, 1937жылдыңқырғынында осынау қазақтың қаймағы болған арыстарымыз ату жазасына кесілді.
Зерттеу жұмысының методологиясы мен әдістемесі: Жұмыстың басты методологиялық негіздері болып тарих ғылымында жиі қолданатын негізгі әдістер: тарихилық, жүйелілік жестелік талдау, тарихи салыстыру қолданылды.
1.1 Нәзір Төреқұлов өмірі мен қызметі
Нәзір Төреқұлов (1892-1937ж.ж)- мемлекет пен қоғам қайраткері, дипломат, журналист, аудармашы, публицист. Түркістан ауданындағы Қандөз ауылында дүниеге келген.
1913жылы Қоқан коммерциялық училищесін бітіріп, Мәскеудегі сауда-коммерция институтына оқуға түседі. Ол оқуын тастап,Батыс майданның Бүкіл Ресейлік жер жөніндегі Одағына кіріп, Түркістан халқының ұлт-азаттық қозғалысына көмек көрсету мақсатында Еркін дала атты құпия ұйым құрады.
1917 жылы Торғай облыстық Кеңесінің органы Қазақ мұңы газетінің редакторы болып жұмыс жасайды.
1918 жылы Төреқұлов Қоқан қалаткомының хатшысы және Ферғана облыстық ревкомының мүшесі, Түркістан АКСР OAK төрағасы болды.
1920-1922 жылдары Уақытша ОК Төрағасы, Түркістан майдананың РӘК мүшесі.
1922 жылы Шығыс халықтары Орталық баспасы басқармасының төрағасы болып тағайындалады, Темір қазық журналын шығарды.
1923 жылдан бастап КСРО халықтарының жазуын латын әрпіне көшіру жөніндегі комиссияның мүшесі болды.
1928 жылы Хиджазда (Сауд Арабиясының провинциясы) бас консул болып тағайындалды.
1932 жылдан 1936 жылға дейін ол КСРО-ның Сауд Арабиясыелшісі.
1936 жылы Мәскеу мен Ленинград қалаларындағы жоғарғы оқу орындарында сабақ берді.Төреқұлов Қазақ-қырғыздарға арналған жаңа әліппе, Тілдегі түсінік, Ұлттық көкейкесті мәселелер және Мектеп атты кітаптардың авторы.
Нәзірдің ата-бабасы Оңтүстік Қазақстанның төл баласы.Болашақ кеңес дипломаты 1892жылы мақта саудасымен айналысатын дәулетті отбасында дүниеге келген.
Оның әкесі кезінде сауда қуыш әуелі Самарқанға кейіншілік- Қоқанға орныққан. Дерек көздеріне жүгінсек,бірінші дүниежүзілік соғыс басталарда Төреқұлдың меншігінде 60 мың сом қаражат, жеті десятина мақта егістігі және үш үй болған.
Нәзірдің анасы-тәжік қызы-аса діндар адам болған. Нәзірдің өзініңайтуынша, бала кезінде анасының ықпалымен бірқыдыру діни білім алынған кейінірек, ол өзінің өмірбаянында жазғанындай, Ескі БұқарадағыМұсылман дүниесіне танымал әулие Баһауаддиннің мазарында шақырыларда әлі 12 жасар баланы осынау әулиенін рухани құзырына қабылдайды.
Нәзірдің әкесі тым діндар анасына қарағанда көзі ашық, орыс тіліндегі газеттерді еркін оқитын, ұлдарының (Нәзір, Әбділ, Қадыр) білімді,
жан-жақты болуын, өзінің жолын қуып саудамен айналысқанын қалайтын. Бұл үшін дүниауи білім керек-ақ.
Қуатты интеллект, ерен білімдарлық Н.Төреқұловты туған өлке халықтарын жаңаша жаппай ағартудың басы-қасына алып келді. Шынына барсақ, Ташкенттекейіннен алғашқы қазақтжоғары оқу орындарының бірі - педагогикалықинститутқа айналған Қазақ ағарту институтын ұйымдастыруға тікелей қатысып Қазақстандағы осы заманғы жоғары мектептің негізін қалаған нақ сол.
1.2 Нәзір - қоғам қайраткері
Тәуелсіздік туын көтерген еліміз басынан не өткергенін білмейтін мәңгүртке ұқсамауы үшін, ештен кеш жақсы дегендей өзінің өткен жолының бұралаңдарын, халықтың басына душар болған азап пен қорлықтың түп-тамырын білуі парыз. Есі дұрыс ел азаматтық қоғам орнатамыз деген сынды тағы да бір жалған теорияға елігіп кетпей, дамудың өзіне ғана тән дұрыс жолын іздестіруі қажет. Бұл бағытта бізге халық үшін қабырғасы қайысып еңбек еткен, сондай әрекеттері Мәскеу билеушілеріне ұнамай, өмірлері ерте қиылып кеткен Алаш азаматтарының өнегесі таудай тірек бола алады. Солардың бірі ғана емес бірегейі қатарындағы мемлекет қайраткері, көпқырлы дарынымен артына құнды мұра қалдырған Нәзір Төреқұлұлы.
Н.Төреқұлұлының кең ойлайтын, маңызды мәселелерді екшеп айтатын шын мәніндегі мемлекет қайраткері екені түрлі тақырыптағы үлкенді-кішілі жарияланымдарынан айқын аңғарылады.
Ол тек тапсырманы орындайтын, өзін тиымсыз жағдайларға жоламайтын, үлкен орындарға тағайындалып қойылған, дағбырты зор, істері мәнсіз лауазымдылардан мүлде бөлек көрінеді. Өзінің көзі жетіп көңілі сенген мәселелерді іске асырудан тартынбайтын, қиындықтан жалтармайтын бітімі бөлек тұлға екені танылады. Табиғатынан турашыл адал мінезімен, алғыр ақылының білімдарлықпен ұштасуы оны замандастары қатарына оқшау озық етіп көрсетеді.
Нәзір Ресей отаршылдығының Түркістан халықтарына қаншалықты қасірет болып жабысқанын жан-жүрегімен сезеді.
Түркістан автономиялық республикасы деген еңбегінде бұл туралы ойлағанын ашық та батыл айтады. Патшалық Ресей Түркістанды шикізат өндіретін ел ретінде санап, оның мәдени өркендеуіне зәредей де мүдделі болмағанын қайта жергілікті халықтардың ұлттық дамуын барынша тежеп отырғанын әшкерелейді. Мәселен, 1915-1916 жылдарда Орта Азияда мақта өнімі Ресей тоқыма өнеркісібіне қажетті шикізаттың тең жарымын ендіргенімен, жергілікті халық әлеуметтік теңсіздіктің қыспағында қала бергенін қазақтың ең шырайлы жерлерін тартып алудың тұрпайы зорлықпен дәлелді талдайды. Қазақтардың ең шырайлы жерлерін тартып алып, ондағы шаруашылықты тып-типыл етті. Ақ патшаның әмірін орындаушымыз деген қазақтар мен кулактар күннен күнге жергілікті халықты талан-таражғаұшыратып, елді тонады, күш көрсерті жер-жердегі әкімшілік орындары кулактардың қолтығынан су бүркіп отырады, жергілікті халықтың жеке меншігіне ешқандай кепілдік болмауының, керісінше отаршылдардың жүгенсіздігін қоштасуының салдары 1916жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне әкеліп соқтырды,-деп жазады ол.
Мұндай сөздерді кейіннен республика басқарған, көптеген атақ-мансапты иеленген жергілікті ұлт өкілдерінің көбі айта алған жоқ, қайта қазақ жерінде өндірісті өркендету, тың жерлерді игеру деген жалаң ұранды жамылды.
XX ғасырдың бас кезі елеулі оқиғалар мен саяси текетірестерге толы болғаны тарихтан белгілі. Әсіресе 20-30 жылдар аралығы бүгінгі күні тарихшыларымызбен зерттеушілеріміз үшін қайта-қайта оралып отыратын елеулі кезең болып қалып отыр.
Әр кезең, әр уақыт өзінің дарынды да қарымды ұлдарын, өз қайраткерлерін тудырды. Уақыттың талап етуі бойында қабілеті бар жастардың тезірек өмір сахнасына шығуына негіз қалайды.
Өткен ғасырдың жиырмасыншы жылдары жарқырап көрінген қазақ халқының кемеңгер ұлдары: Әлихан, Ахмет, Міржақып,
Сейтқали, Ораз, Сәкен, Бейімбет, Ілияс ,Мұхтар, Нәзір ,Сұлтанбек, Тұрар және тағы басқалар-уақыт тудырған ұландар. Қазір олардың өмірбаянына үңілер болсақ, небәірі 20-25 жастың арасында үлкен қоғамдық қызмет атқарған екен.
Мысалы:Ғани Мұратпаев жиырма жыл өмір сүреді, алайда бүкіл Орта Азия мен Қазақстан жастарының сол кездегі ең танымал жетекшісі бола білді.Отыз үш жыл ғана ғұмыр кешкен Смағұл Садуақасовта солай. Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Тұрар, Сұлтанбектер бар шаруаларын қырыққа дейін бітіріп үлгеріпті.
Ал осылардың арасынан біз бүгінде 110 жылдығын атап өтіп отырған ерекше жан қазақ халқының біртуар ұлы, қалай айтсақ та мақтауға да, мақтануға да тұрарлықмемлекет және қоғам қайраткері Нәзір Төреқұловтың бейнесі айрықша жарқырап көрінер еді. Оның саяси-қайраткерліқ келбеті, білімдарлық бет-бейнесі күн өткен сайын айқындалып, биіктей түсуде.
Біз осы күнге дейін Нәзір туралы тек біржақты сөз қозғап келе жатырмыз. Оны көрнекті мемлекет қоғам қайраткері, қала берді дипломат етіп көрсетсек, соны көңілге медеу тұтқандай екенбіз.
Ал шын мәнінде Нәзір қайраткер ғана болды ма? Әрине, жоқ. Ол-сегізқырлы, бір сырлы азамат.
Қайраткерлік келбет пен қабателіміздің әдеби,мәдени өміріне, оның өсіп-өркендеуіне тікелей атсалысқаны тарихтан белгілі,Олай болса, оның жарқырай көрінген тағы бір қыры-шығармашылығы. Шығармашылық үғымының ауқымы кең оған журналистік, әдебиетшілік, сыншылық, аудармашылық секілді сан-салалы өлшемдер сын береді.
Нәзірді шығармашылық келбеті дегенде біз ойымызды қалай тиянақтай аламыз? Оны шартты түрде бөліп қарар болсақ, мынадай: Нәзір-журналист-публицист, Нәзір-редактор, Нәзір-баспагер.
Енді жоғарыда айтқандарымызды өз шама-шарқымызша тарата баяндап көрелік. Нәзір-журналист деген тақырыпта сөз қозғай бастасақ, алдымен еске түсетіні-оның 1916жылы Мәскеудегі оқуын тастап, Минскідегі қара жұмысқа алынған қазақ жастары арасына келуі міне, ол сол тұста қазақтың нар ұлдары Әлихан, Міржакыптармен қоян-қолтық араласып, алғаш рет ұлт басылымы Қазақ газетіне мақалалар жариялатты. Қазақ газеті 1917жылы Минскідегі бұратана бөлімінде жүрген бір топ қазақ зиялыларының Алаш ұлына деген жеделхатын жариялаған. Онда былай делінген:
Ресейдегі барша халыққа ағайындық, теңдік, бостандық күні туды. Жаңа құрылғаң үкімет дүкенін сүйеу үшін қазаққа ұйымдастыру керек. Жаңа құрылған ел бағу дүкенін нығайту үшін тегі басқа барша халықтармен үйір боларға керек. Учредительное собрание сайлауларына қазақболыпқамдану керек. Жарамды, жақсы адамдарын ауызға ала беру керек. Енді араздық, өштік, дау, жанжал, таласпартиялық сыйыспауларды тастау керек. Көксерлік жұмыстарың- бірлік, адалдық болсын! Жер мәселесін де қозғап тезірек қолға ала беріңдер.Біз қалайтын патшалық түрідемократическая республика, яғни мал өсіріп, егін салып жерге ие боларлық түрі.
Құдайдан басқа ешкімнен қорықпаңдар! Түзулікпен іс етіңдер, жаңа үкіметті сүйіңдер, министерствоның азық-түлік ісінде жүрген уполномоченныйлары мен өзіміздін майдандағы жүмысшыларымызға болысыңдар. Халықтың көңілін білдіріңдер!
Журналист (немесе публицист) өмірдің өзекті мәселелеріне үн қоса алатын, қалыптасқан стилі баржанрларды меңгерген кісі дейтін болсақ,қайраткер Нәзірдің қаламгерлігін қалай бағалауға болар еді?Нәзір қандай журналист? Қандай публицист ?
1967жылы Ташкентте басылған Революционерлер бұхара жетекшілері деген жинақта Нәзір Төреқұловжурналист ретінде тамашаталантыболған,фельетон,заметк алар жазып басмашылықтың контрреволюциялық мәнін,үгіт-насихатының халыққа қарсы сипатын әшкерелеп отырған...деген жолдар бар. Осы сөздердіңастарында көп мағына жатқан жоқ па? Нәзір басқасын айтпағанда, журналистиканың күрделі жанрларының бірі-фельетон жанрында дақалам тартыпты.
Нәзірдің көзін көрген, ақылын тыңдаған тетелес інісі Жүсіпбек Арыстанов бір естелігінде ...неше алуан саяси, ғылыми мақалалармен қатар очерктер, памфлеттер, сын мен фельтондар, әр түрлі маңызды хабарлар оның дарынды қаламынан тынымсыз туындап жатты,-деп жазған еді көзі тірісінде. Ал оның журналистік мұрасының ерекшеліктеріне келсек, Нәзір негізінен сыни мақалалар жазған.
Олардың ерекше екпінмен, адуынды арынмен сын объектісін ықтыра, бұқтыра жазған. Нысанаға алып, діттеген адамдарын сілкілеп, шаңын қаға, сауырлап-сауырлап тастайтын болған, деп түйеді.
Осындай мысалдардан кейін біз Нәзірдің қандай журналист екенін пайымдай аламыз. Ол-расында төрт аяғын тең басқан, тайпалған жорға журналист, қаламының желі бар, қарымды публицист. Бұған келтірер мысал да,дәйек етер дерек те жетерлік.
Нәзір-журналист деген тақырыпқа келгенде қай зерттеуші де Қазақ газетін айналып өте алмайды. Ал бұл тақырып күні кешеге дейін ауызға алынбай келсе,оған кінәлі Нәзір ғана емес,оның өзге де себептері болды.
Тарихи деректерге сүйенсек, Қазақ 1913-1918жылдар аралығында Орынборда шығып тұрған.
Қазақ газеті әрдайым өзінің алдына зор мақсат қоя білді. Газет сол жылдарда тек қана болған оқиғаны тізуші, уақыт үнін білдіруші басылым ғана болып қойған жоқ,ол сонымен бірге XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ зиялы қауымын біріктіруші, топтастырушы, сөйтіп ұлт мүддесі үшін біріге күресуге уағыздаушыбасылым болғандығымен де әрдайым тарихымызда қала бермекші.
Қазақгазеті жабылған соң, оның орнына шыға бастаған Қазақ мұңы атты басылым да осындай ұлт мүддесін, халық сөзін, ел мұңын жоқтауға тырысты. Мұнда төңкеріс мәселелерімен қатар қазақ ұлтының ендігі тірлігі,алдағы іс-әрекеті үнемі назарда ұсталды.
Осы газеттің әрбір санында Нәзірдің небір келелі мәселелерді ортаға салған көкейтесті мақалалары Жарық көріп жатты.
Мәселен,газеттің бірінші нөмерінде Торғай съезі деген есебі жарияланды. Бұл материал өзініңтілімен,маңыздылығымен ерекшеленеді.
Қазақ мұңы газетінде істеген аз ғана уақытта ірілі-ұсақты саяси оқиғаларға қатысты көптеген мақалалар памфлеттер жариялатты.
Ол 1918жылы Қоқанға келіп, мұнда қалалық Халық газетін ұйымдастырған кезде де сол бағытынан айнымады. Қоқан қалалық партия үйымы мен қалалық Советінің тілі болып саналатын бұл газет сол кезеңнің саясатына батыл үн қосты,үгітші, насихатшы болды. Нәзір Ферғанадағы жаңа өкімет мәселелері туралы бірнеше дүркін мақала жазды. Сол мақалалары арқылы жан-жақты қалыптасқан, терең білімді, саяси сауатты төселген журналист ретінде танылды. Халық газетінің шын мәніндегі халықтық трибуна болуына Нәзірдің басшы ғана емес, публицист ретінде де сіңірген еңбегі ұшан теңіз.
Түркістан Орталық Атқару комитетінде жүргенде де өзбекше шығатын Инкилоб (Реболюция), өзбек, орыс тілдеріндегі Коммунист журналдарының алқа мүшесі, Иштракюнхг, Жаңа өріс, Ак жол газеттерін ұйымдастыруға тікелей мұрындық болды. Жай кұрғақ басшылық жасап,ақылгөйсіген жоқ. Көп реттерде қалай жасау керек екендігін өзі жазып жөрсетіп отырды. Жоғарыда аталған басылымдардың қай-қайсысын да парақтай бастасақ, Нәзір жазған еңбектерге кездесеміз. Олардың жанрлары да әр түрлі.
Ең алдымен Нәзір Ресей отаршылдығының Түркістан халықтарына қаншалықты қасірет әкелгенін жан-жүрегімен езіле жазды. Ол атақты Түркістан автономиялықреспубликасы деп аталатын көлемді мақаласында бұл туралы ойын жасқанбай -жасырмай, ашық, батыл айтады. Онда патшалық Ресейдің Түркістанды шикізат өндіретін ел ретінде санап, онын мәдени өркендеуіне ешқандай да мүдделі болмағанын, жергілікті халықтардың ұлттық дамуын барынша тежеп отырғанын әшкере етеді.
Қазақтардың ең шұрайлы жерлерін тартып алып, ондағы шаруашылықты тып-типыл етті.
Ақ патшаның әмірін орындаушымыз деген қазақтар мен кулактар күннен күнге жергілікті кедейді талан-таражға ұшыратып, елді тонады, күш көрсетті деп жазды ол. Мұндай сөздерді кейіннен атақ-мансап иеленген жергілікті ұлт өкілдерінің көбі айта алған жоқ, қайта қазақжеріне өндірісті өркендету, Тың жерлерді игеру деген ұранды жамылып, орыстандыру саясатын жүргізгендерді жарылқаушылар деп дәріптеумен болды.
Нәзір Төреқұловтың журналистік-редакторлық ерекшелілігі сол-ол біріншіден, көп тіл білетін еді, түркі халықтарының барлығының да тілін білген десе де болады.Екіншіден, ол дарынды журналист,әдебиетші еді.Оның білімділігі әрбір жарияланған мақалаларынан байқалып тұрады.
1920-1922жылдар аралығында Нәзір әдебиетші-журналист ретінде Түркістанда шығып тұрған барлық газет-журналдарға араласып тұрды деуге толық негіз бар.
Нәзір Төреқұловтың 1919-20жылдары өзбек тіліндегі Иштракюн газетінің редакторы болуының өзі де көп жайды аңғартса керек. Бұл газеттің де үнемі айқын максат койып,өткір мәселелер көтеруі алдымен Нәзірдің еңбегі екендігі айқын.Өзі редактор бола отырып,көптеген мақалалар жазды.
Нәзірдің Орта Азия тақырыбында жазылған еңбектерінен оның экономика, тарих, тіл білімі ғылымдарына аса жетіктігі танылады. Оның қай еңбегінен болсын энциклопедиялық жан-жақты білімділігі айқын сезіледі.
1921жылдан бастап Нәзір қазақтың жазу емлесін латынға ауыстыру жөніндегі Орталық комиссиясының тапсырмасы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz