Чили Коммунистік партиясы


ЖОСПАР
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
2, 1. ЧКП-на қысқаша сипаттама
2, 2. Партия тарихы
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Кез келген мемлекеттегі сияқты Чили Республикасында да көптеген саяси партиялар қызмет етеді. Әр партияның өз қағидалары, идеологиясы, ұстанымдары бар. Бірақ соған қарамастан оларды «Демократияға келiсуші партиялар (солшылдар) » және «Өзгерістер үшін коалция (оңшылдар) » деп бөлуге болады.
2009 жылғы мәліметтер бойынша елде төмендегідей партиялар қызмет етеді:
«Демократияға келiсуші партиялардың» қатарында:
- Шаруалар демократиялық партиясы;
- Демократиялық партия;
- Социалистік партия;
- Радикалды социал-демократиялық партия;
- Коммунистік партия;
- Партиясыз солшылдар.
Ал «Өзгерістер үшін коалция» құрамында:
- «Тәуелсіз демократиялық одақ» партиясы;
- «Ұлттық жаңару» партиясы;
- Партиясыз оңшылдар.
Аталған партиялар әрдайым қызмет жасамады. Олардың ішіндегі солшыл партиялардың қызметтеріне мемлекет тарапынан тыйым салынып тұрған. Сондай тыйымдардың ішіндегі ең белгілісі - 1973 жылы болған елдегі әскери төңкерістен кейін болды. Осы жылдан бастап 1989 жылға дейін солшыл партияларға өз қызметтерін тоқтататындығын, ал қалғандарын «белгісіз уақытқа демалысқа жіберетіндері» туралы мәлімдеген. Осы жылдар арасында көптеген партиялар жасырын қызмет жасады, көптеген партиялар бірігіп кетті, кейбіреулері мүлдем қызметтерін тоқтатқан.
Осы аталғандардың ішіндегі ең ерте құрылған партия болып - Чили коммунистік партиясы есептеледі.
Негізгі бөлім.
Чили коммунистік партиясы
Чили коммунистік партиясы бұл- маркстік-лениндік идиологияны ұстанатын, Чилидің саяси партиясы. Бұл жұмысшылардың көзқарасын жақтайтын бейбіт парламенттік жолдағы партия болып табылады. Чили коммунистік партиясының ішіндегі аса танымал және беделді мүшелері олар: Луис Эмилио Рекабаррен, Пабло Неруда, Виктор Хара, Гладис Марин, Виолета Парра, Володя Тейтельбойм, Луис Корвалан, Франсиско Колоан және тағы басқалары.
ЧКП-ның бас хатшылары:
Луис Гонсалес (1915)
Рамон Сепульведа Леаль (1922)
Гальварино Хиль
Макловио Гальдамес (1925-1926)
Хосе Сантос Савала (1927)
Исайас Ириарте (1927-1929)
Карлос Контрерас Лабарка (1931-1946)
Рикардо Фонсека (1946-1949)
Гало Гонсалес Диас (1949-1958)
Луис Корвалан (1958-1990)
Володя Тейтельбойм (1990-1994)
Гладис Марин (1994-2002)
Гильермо Тейльер (2002-2005)
Лаутаро Кармона (с 2005)
Партия тарихы.
Луис Эмилио Рекабаррен, партияны құрушы және лидері.




Чили коммунистік партиясы, ең бастапқы кезеңде Социалистік жұмысшы партиясы деген атпен 1912 жылы 4 маусымда, Латын Америка жұмысшы қозғалысының көрнекті қоғам қайраткері Луис Эмилиомен құрылған болатын. Партияның I съезді 1915 жылы 1-2 мамыр аралығында болған болатын, бұл съезде партияның бағдарламасы мен жарлығы кабылданған болатын.
1922жылы Ранкагуа қаласында өткен Социалистік жұмысшы партиясының IV съезінде, партияны «Чили коммунистік партиясы» деп өзгертілді.
1930-шы жылдың бас кезінде партия жұмысшыларды, шаруаларды және орта тапты біріктіретін, демократиялық кайта құруға күресетін Халық Майданын құруды ұсынған болатын. Келесі кезеңде Чили демократиялық партиясының қоғамға әсері күшейе түсті. 1938 жылғы президенттік сайлауда құрамында Социалистік және Радикалды партиясы
бар Халықтық Майдан кандидаты Педро Агирре Серда, оңшылдардың өкілі Густаво Россоны жеңіп шықты. 1941 жылы Коммунистік және Социалистік партиялар бөлінді, сөйтіп коалиция ыдырады. Оның нақты мирасқоры «Демократиялық альянс»- яғни, 1942 жылы құрылған коммунистер блогы және Радикалды партия болған болатын.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде Чили коммунистік партиясы чилиліктерді біріктірумен және пронацистік топтармен куресумен, оған қоса Кеңес Өкіметі мен антигитлерлік коалицияға қолдау науқанын бастады.
Соғыс аяқталғаннан соң 1946 жылы коммунисттар қысқа уақытқа Радикалды партия өкілі - Президент Гонсалес Видела құрған үкімет құрамына кірді, бірақ аз уақыттан соң үкімет құрамынан шығарылды. Кейін, саны күрт артып келе жатқан (5-дай адам мүше болды) және АҚШ тарапынан қолдау тапқан коммунисттарден қорыққан Видела, антикоммунистік репрессияны бастады. Үкімет құрамына кіретін сол қанаттағы социалистер партиясының қарсылығына қарамастан, елде «Демократияны қорғау туралы» заң қабылданды. Бұл заң бойынша Чили коммунистік партиясы мен бірнеше кәсіподақтарға тыйым салынып, жасырын түрде іс жүргізуге мәжбүр болды.
1952 жылы кезекті президенттік сайлауда коммунисттар мен социалистер партиясы «Ұлттық майдан» құрды. Олар өз аттарынан Сальвадор Альендені ұсынған еді. Бірақ ол 5, 4% пайыз дауыс жинап, президенттікке өте алмай қалады.
1956 жылы солшыл коммунисттар мен социалистер жаңа коалиция - «Халықтық қызмет майданын» құрады. 1958 жылдың тамыз айында «Демократияны қорғау туралы» заң жойылған соң «Халықтық қызмет майданы» құрамында қызмет еткен коммунистік партия президенттік сайлауға өз аттарынан қайтадан Сальвадор Альендені ұсынады. Ол көп дауысқа ие болғанымен оңшылдардың кандидаты - Хорхе Алессандридан ұтылып қалады.
1961 жылдың мамырында Чили коммунисттары жер реформасын жүзеге асыру шарасына қарсы күресуi үшiн шаруалардың және үндістер мен шаруалардың Ұлттық федерациясын құруды бастады.
1960-шы жылдары партия сайлау компанияларына белсене қатысты, атап айтқанда: 1961 жылғы парламент және 1964 жылғы президент сайлаулары. Осының арқасында өз позицияларын күшейтті. Легализациядан кейінгі алғашқы сайлауда коммунистік партия 157000 дауыс жинап, Депутаттар палатасында 16 орынға және Сенатта 4 орынға (оның біреуін ЧКП-ның бас хатшысы - Луис Корвалан алды) ие болды. Ал 1965 жылғы сайлауда ЧКП-ның жинаған дауыс саны 3 дейін артты.
1969 жылғы сайлау нәтижесі бойынша Депутаттар палатасындағы өкілдігін 18 депутаттан 22-ге арттырды және Сенатта 6 орынға ие болды.
1969 жылдың желтоқсан айында солшыл-центризмдік саяси партиялардың арасында «Халық бірлігі» атты коалиция құру туралы келісім жасалды. Оның құрамына коммунисттардан бөлек социалисттер, Радикалды және Социал-демократиялық партия өкілдері, Біріккен халық қызметі қозғалысының бұрынғы христиан демократтары (МАРU), ал 1971 жылы «Солшыл христиандар» болды. Жоғарыда аталған ұйымдар арасындағы жасасқан келісімде шетелдiк империализм өктемдiлiктерімен, ірі жер иеленуші ақсүйектермен, жергілікті монополиялармен күрес және Социалистік даму сатысына көшу мақсаттарындағы үкіметті жаулап алу үшiн бiрлескен күрестері туралы айтылған.
1970 жылғы кезекті президенттік сайлауға «Халық бірлігі» атынан қайтадан Сальвадор Альенде ұсынылып, осы жолы ол жеткілікті дауыс жинап ұтып шығады. Бұл өз кезегінде коммунисттарға солшылдардың бағдарламаларын іске асыруларына жол ашты. Алғашында елде көп жүргізіліп жатқан реформаларды қолдамаған және христиан демократтарымен ымыраласуды жақтаған Чили коммунистік партиясы билікке қол жеткізгеннен соң өзінің радикалды позицияларын өзгерте бастады. Осы мәселе «Халық бірлігі» бағдарламаларына қайшы келді және Чили социалистік партиясы құрамында болған, Альендеге тіреу болып отырған марксисттік қанат өкілдері оған қолдау көрсетуден бас тартты. ЧКП бұл позициясы сонымен қатар үкімет құрамында болған оппозициялы Солшыл революциялық қозғалыс өкілдерінің әрекетіне қайшы келді.
1973 жылғы парламенттік сайлауда ЧКП-ның өкілдері Депутаттар палатасында 25, ал Сенатта 9 орынға ие болды.
1973 жылдың 11 қыркүйегінде елдегі әскери төңкерістен кейін партияның қызметіне тыйым салынып, оның мыңдаған мүшелері мен жақтастары өлтірілді, түрмеге қамалды және елден кетуге мәжбүр болды. ЧКП-сы қайтадан жасырын қызмет етуге көшті, ал Альенденің құрған демократиялық үкіметінің құлауы солшыл радикал күштердің кесірі деп есептеді.
1980-шi жылдардың басында Чили Коммунистiк партиясы қоғамдық режиммен күресу үшін кез келген мүмкiн әдiстердi пайдаланды, соның iшiнде қару пайдаланудан да таянбады. 1983 жылы партия диктатурамен күресу үшін «Мануэль Родригестің Патриоттық майданын» құрды. Бұл қарулы жасақтар еді. Мануэль Родригестің Патриоттық майданының» ең белгiлi акцияларының бірі - 1986 жылғы генерал Пиночетқа жасалған қастандық еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz