Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау


Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу және талдау
Озық педагогикалық тәжірибе туралы үғым, оның маңызды белгілері
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, талдау және тарату
Инновациялық педагогикалық іс-әрекет
1. Озық педагогикалық тәжірибе туралы үғым, оның маңызды белгілері
Педагогикалық тәжірибе дегеніміз мұғалімнің күнделікті оқыту -тәрбие жұмысында алатын тәжірибелері мен білімдерінің жиынтығы, педагогика ғылымын дамытудың бірден бір көзі.
Педагогикалық тәжірибе көпшілік және озық болуы мүмкін. Озық педагогикалық тәжірибе тарихилығымен ерекшеленеді. өйткені әрбір жаңа кезеңде мектептің материалдық, әдістемелік, кадрлық және басқа да мүмкін-діктерінің кеңеюімен педагогикалық қызметтің жаңа талаптары пайда болады. Сонымен бірге озық тәжірибе педагогика ғылымы мен практикасының қазынасын үнемі толықтырушы, жаңартушы қызмет те атқарады. Озық педагогикалық тәжірибені жасау және таратуда мұғалімнің позициясы үлкен рөл атқарады, сондықтан нақты тәжірибенің жетекші ережелеріне талдау жасап, оны қолдануға кіріскенде субъективті факторлардың ықпалын ескеру арқылы оның нәтижесі мен педагогикалық ркымға кірігуіне болжам жасау қажет. Педагогикалық тәжірибеде объективті және даралық құндылықтар бір-бірімен астасып жатады, бірақ педагогикалық қызметтегі даралық ерекшеліктердің бәрі бірдей көпшіліктің игілігі бола алмайды. Тек жеке тұлғаның жаңа тәжірибе жасауға ықпал жасайтын бірегей және қайталанбас ерекшелік-тері ғана назарға алынады. Озық педагогикалық тәжірибе бұқаралық негізде қалыптаса отырып, объективті педагогикалық заңдылықтарды игерудің деңгейін де танытады (Ю. К. Бабанский) . Озық педагогикалық тәжірбиенің бір түрі болып есептелетін жаңашылдық пен зерттеушілік педагогикалық тәжірибе сезімдік тәжірибелер-ден теориялық талдау және жинақтауға алып баратын басқыш сияқты. Жаңашылдық пен педагогикалық зерттеудің бірегей үлгісін көрсеткен Ресейдің И. П. Волков, Т. И. Гончарова, И. П. Иванов, Е. Н. Ильин, В. А. Кериновский, С. П. Лысенкова, Р. Г. Хазанкин, М. П. Шетинин, П. М. Әрдинов, Е. А. Ямбург және т. б. ғалымдар мен педагогтардың тәжірибелі мұғалім қауымының игілігіне айналды.
Загвязинский В. И. педагогикалық тәжірибенің оңтайлы және озық педагогикалық тәжірибе деп ажыратты. Оның пікірінше оңтайлы тәжірибе дәстүрлі қалыптасқан іс-әрекеттерге сүйене отырып, жаңа заманғы талаптарға сай келетін нәтиже алуға мүмкіндік береді. Әрине, бұл жалпы педагогикалық тәжірибеде жеткен жетістіктер денгейін басып озады. Озық тәжірибе - білім беру, тәрбиелеу және әлеуметтік көмек көрсетуде ғылыми жетістіктерге негізделген, жаңашыл, ілгері басқан үрдістер.
Озық педагогикалық тәжірибе сөзін түрліше түсінеміз. Кең мағынада озат педагогикалық тәжірибе - мұғалімнің шеберлігінің жоғары деңгейі, тұрақты педагогикалық нәтиже беретін оқыту және тәрбие тәжірибесі. Мұғалімнің тәжірибесінде жаңалық болмауы мүмкін, бірақ ол ғылымда белгілі принциптерді, әдістерді табысты түрде қолданып, басқа мұғалімдерге үлгі болып, озық тәжірибесі басқа мектептерге таратылады.
Педагогикалық озық тәжірибенің тар мағынасы: шығармашылық ізденіс, жаңалығы бар тәжірибе, жаңашылдардың тәжірибесі. Мұндай педагогикалық тәжірибе өте құнды, себебі ол мектеп тәжірибесіне жаңалық енгізеді. Сондықтан, бірінші кезекте осы тәжірибені талдап, баға беріп, тарату керек. Жай шеберлік пен жаңашылдық арасындағы айырмашылықты көру қиын, себебі мұғалім ғылымда белгілі принциптер мен әдістерді қолданып, қол жеткен жетістіктермен шектелмейді, жаңа әдістерді қолданып, немесе ескі әдіс-тәсілдерді тиімді етіп үштас-тырып, бірте-бірте жаңашыл болады, олай болса кез келген жақсы тәжірибені мектептің тәжірибесіне енгізуге болады, біраң жаңашыл мұғалімдердің іс-тәжірибесін жан-жақты талдап, қорытындылап, тарату керек.
Озық педагогикалық тәжірибенің белгілері, оған қойылатын талаптар. Бірінші белгісі - қоғам дамуының бағытына, әлеуметтік сұранысқа сәйкестігі. Озат мұғалімдер мен білім беру ұйымдарының қызметкерлері өмір талаптарына сай жұмыс істеп, педагогикалық процесті жетілдірудің тиімді жолдарын табады.
Озық тәжірибенің екінші белгісі - педагогикалық қызметтің тұрақты, жақсы нәтижелері. Педагогикалық "өнім" - оқушылардың білім, іскерлік, дағдыларының, жалпы дамуының, тәрбиелілігінің деңгейі. Мұғалім сабақтарын дұрыс бағалап, оқушылардың білім сапасын тексеріп, жауап алынатын сұрақтар:
- оқушылардың бағдарламадағы оқу материалын меңгеруі;
- өз беттерімен білім ала білуі;
- білімдерін шығармашылықпен тәжірибеде қолдануы;
- оқушылардың жалпы дамуы.
Білім сапасы оқушылардың байқампаздығынан, талдау, жинақтау, абстракциялау іскерлігінен, оқу материалымен жұмыс істеу жолдарын анықтаудан, іс-әрекеттің жүйесін белгілеуден, өз іс-әрекетін бақылап, оған керек жағдайда түзетулер енгізуінен көрінеді. Оқушылардың тәрбиелілігі олардың пікірлерінен, мінез-құлқынан, жүріс-тұрысынан байқалады. Озық тәжірибенің үшінші белгісі - оқыту, тәрбие, дамуда тұрақты, жақсы нәтижелерге жету үшін мұғалімдер мен оқушылардың өз күштері және құралдарын орнымен жұмсауы. Оқушыларға шамадан тыс қосымша тапсырмалар беріп, басқа пәндерді меңгеруге зиян келтіріп, білім сапасын көтеретін тәжірибе озат тәжірибе деп есептелмейді.
Жаңалық - озық тәжірибенің төртінші белгісі. Педагогикалық озық тәжірибе оқу-тәрбие жұмысын үнемі дамытып және жетілдіріп отырады. Сондықтан, әрбір мұғалім еліміздегі жаңашыл ұстаздардың бай тәжірибесін, белгілі педагогтар мен психологтардың ғылыми еңбектерін терең зерттеп, олардың ұсынбаларын өз ісінде шеберлікпен пайдаланғаны жөн.
Озық педагогикалық тәжірибе келесідей алғышарттарды қанағаттандыруы қажет: 1. көкейтестілігі және келешектілігі; 2. педагогикалық үрдісті ұйымдастыру, мазмұнын таңдау, мақсатын белгілеудегі жаңашылдық; 3. Қазіргі заманғы әлеуметтік ғылымдар қағидаларымен сәйкестігі; 4. Тәжірибелерді ұқсас жағдайларда басқа да нысандарға пайдалану мүмкіндігі; 5. қажетті нәтижеге жету үшін білім алушылармен ұстаздардың уақыты және басқа да игіліктерді оңтайлы жұмсау. 6. білім алушылардың жанжақты дамуына қажетті түтас жүйені құру. 7. жаңа педагогикалық деректер мен құбылыстарды ашу және жаңа педагогикалық құндылықтар жасау.
Педагогикалық тәжірибені технологияландыру үшін педагогқа келесілер қажет;
Педагогикалық қызметті жүйелі ұйымдастыру;
Алда жасалатын жұмыстардың мақсатымен нәтижесін нақты бағамдау;
Жалпы педагогикалық технологиямен қоса, тәжірибелік жұмыстың әр кезеңінің технологиясы туралы білімінің болуы;
4. Кәсіби қызметте туындайтын мәселелер мен қайшылықтарды
анықтайтын негізгі құрал ретінде педагогикалық рефлексия әдісін
меңгеруі;
Тәжірибені анықтау, меңгеру және талқылау үшін қажетті кешенді әдістемелік құралдардың болуы;
Педагогикалық ойларды концептуализациялау үрдісін қамтамасыз ететін теориялық білімнің болуы;
Озық педагогикалық тәжірибе жеке ұстаздың, топтың, педагогикалық ркымның, тіпті облыстармен қалалардың, аудандардың мектептері мен жоғары оқу орындары ркымының біріккен қызметтерінің нәтижесі болуы мүмкін. Озық тәжірибе оқыту- тәрбиелеу жұмысында салыстырмалы түрде мардымсыз шығындармен жоғары нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Озық тәжірибені зерттеуші өз әріптестеріне жаңа әдістемелік құрал ұсынады. Осының арқасында педагогикалық үрдістің сапасы жоғарылап, көптеген ұстаздар білім беру жұмысын жоғары нәтижемен ұйымдастыруға мүмкіндік алады.
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеуде, ғалым нақты адамның қызметінің мазмұнымен, жұмыс үрдісімен, қызмет сапасымен және нәтижесімен жұмыс жасайды. Озық педагогикалық тәжірибенің негізін құрайтын құрамдас бөліктері келесілер: оқыту-тәрбиелеуге байланысты нақты міндеттер; озық педагогикалық жоба авторларымен мұғалімдердің, оқушылардың және педагогикалық үрдіске басқа да қатысушылардың нақты іс-әрекеттері; ғылыми жаңалықтар, басқа жобалардан артықшылығы; тәжірибенің автордың тұлғалық қасиеттермен ұқсастығы.
Педагогикалық тәжірибені түтастай талдау зерттеушіні оның тиімділігімен қоса, туындайтын қарама-қайшылықтарды анықтауды міндеттейді.
Педагогикалық тәжірибені әр түрлі негізге сай топтау барысында И. К. Журавлев төмендегідей классификация ұсынады:
Сапасына қарай: озық, қалыпты, тиімді, тиімсіз, дұрыс, бұрыс, жағымсыз. Жағымсыз, өз кезегінде, ескі, келеңсіз, артта қалған және қате деген түрлерге бөлінеді.
Ауқымына қарай: бірлік, әдеттегі қалыптасқан өлшемді, жеке, топтық, ұжымдық, бұқаралық.
Жаңашылдығы мен маңыздылығына қарай: жаңа және түрлендіруші.
Жаңашылдық тәжірибе дегеніміз құрамында жаңашылдықтың мардымсыз мөлшеріндей белгісі бар оқыту мен тәрбиелеудің жаңа педагогикалық жүйесін жасау және іске асыру. Түрлендіруші тәжірибеде жаңалықтың белгісі мүлдем аз болады, кейде байқалмайды.
2. Озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау, талдау және
тарату
Озық педагогикалық тәжірибе үлгілерін қарастырудың кезеңдері. Ғылыми жұмыстың бұл кезеңінде озық жобалар туралы дәйекті ақпараттар көзін анықтау маңызды. Артынша, зерттелетін нысандар таңдалып алынады, зерттеушімен жоба авторының арасында тиісті құқықтық байланыстар рэсімделіп, зерттеушінің кейінгі іс-әрекетін жоспарлайтын бағдарлама эзірленеді. Озық жобаларды таңдаудың алғышарттарын белгілейтін, яғни қандай да бір педагогикалық туындыларды озық жобалардың қатарына енгізуге негіз болатын сараптау аппаратын анықтау екінші кезең жұмысы болып табылады.
Озық педагогикалық тәжірибелерді зерттеу туралы деректерге қысқаша түсінік. Барлық деректерді мынадай топтарға бөлуге болады: жазбаша түрде сақталатын деректер; есте сақтау арқылы жеткен деректер; ауызша жеткен деректер және бастысы, сырттай бақылау мен бейнелеуге болатын нақты іс-әрекет.
Ғылыми сараптауда көпшілікті қолжазба түрінде берілетін деректер қызықтырады. Олардың қатарына: 1. Педагогикалық жаңалықтардың қатарын үздіксіз толықтырып отыратын педагогтардың, ғалымдардың, жоғары оқу орындары басшыларының әр түрлі ғылыми-әдістемелік конференцияларға дайындаған баяндамалары. Оларды зерттеп, талдау зерттеушілердің негізгі міндеті. 2. Педагогтардың озық тәжірибелерімен таныстыру жергілікті білім беру басқармаларының, оқу орындарының әдістемелік қызметінің ғылыми конференцияларға дайындаған арнайы басылымдары, әдістемелік құралдары, есеп берулері, сызбалар мен иллюстрациялар, дидактикалық көрнекі құралдар, техникалық және оқу-әдістемелік құралдар арқылы жүргізіледі. Бұл педагогтар тәжірибесімен таныстырудың ауызекі үлгісі болып табылады. Тәжірибеде ғылыми жаңалықтармен бөлісудің бірнеше тұрақты әдістері қалыптасқан. Олардың қатарына жоба авторларының кеңестермен жиындарда, шеберлік сабақтарда, мектеп және жоғары оқу орындары аралық әдістемелік конференцияларда, тәжірибе алмасу семинарларында, ұстаздардың білімін жетілдіру курстарында сөйлеген сөздерін жатқызуға болады. 3. Педагогтардың күнделікті қызметінде пайдалануға мүмкіндік беретін педагогикалық тәжірибенің барлық құнды деректері сақталған ғылыми жинақтар.
Мұғалімдердің Кәсіби шеберлігі, яғни оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыру озық педагогикалық тәжірибелерді танып білудің үшінші тобы болып табылады.
Дегенмен, педагогикалық ркымдағы бағалы тәжірибені анықтау бастапқы қадам. Одан кейін байқалған құбылысты анықтап, мәліметтерді өңдеу, талдау, түсіндіру, жиналған деректерді бағалау үшін келесі кезеңге өтеді. Бұл мақсатта, негізінен педагогикалық үрдіске қатысушылардың іс-әрекеттері, әдіс-тәсілдері, жүргізілген хаттаманың толық мазмұнын біріктіретін стенографиялық бейне пайдаланылады. Зерттеу барысында зерттеу пәніне назар аударып қана қоймай, сонымен қатар, зерттеу құбылысына қатысты толық үрдісті бақылау қажет. Бұл ретте, ең тиімділері педагогикалық қызметке байланысты түсірілген кинотүсірілімдер мен бейнежазбалар.
Жалпы басылымдардағы ғылыми жаңалықтар мазмұны бойынша ғылыми басылымдардағы деректерден айтарлықтай өзгеше болмайды. Ғылыми басылымдарда мәліметтер қысқаша конспект, дәйексөз, анықтамалар, формальды-логикалық үлгі бойынша берілген көрсеткіштерді салыстырулар түрінде жарияланады.
Озық педагогикалық тәжірибені зерттеуде жетістікке жетудің бірден бір шарты қажетті көлемде сапалы, дәйекті мәліметтер жинақтау болып табылады.
Озық педагогикалық тәжірибеге қатысты барлық жинақталған деректер мен мәліметтерді ғылыми жұмыстың қисынына қарай өңдеу қажет. Педагогикалық тәжірибе үлгілерін өңдеудің негізгі мақсаты жинақталған деректерді бір жүйеге келтіріп, мұғалімнің Кәсіби іс-әрекетінің нәтижесін бағалау болып табылады.
Жинақталған деректерді бір ретке келтірудің негізгі жолы - жіктеу болып табылады. Педагогикалық көрсеткіштерді жіктеудің кең тараған түрлері: координата бойынша жіктеу, мағына - мазмұны бойынша жіктеу және өзін-өзі дамытуға қажетті мәліметтер бойынша жіктеу. Координата бойынша жіктеуде зерттеуші бірыңғай мақсаттарды біріктіретін үлкен координаталық жүйе құрады.
Бұл әдісті қолдану кезінде келтірілген мәліметтерді көрнекі бейнелейтін матрица құрылады. Бұл өз кезегінде тәжірибені толық бағалау үшін қажетті жекелеген элементтердің жүйелік - құрылымдық бейнесін жасауға мүмкіндік береді.
Деректерді мағына - мазмұны бойынша жіктеу өзгеше жүзеге асырылады. Бұнда зерттеуші алдымен тақырып бойынша негізгі түсініктерді айырып алады. Осыдан кейін тәжірибеге байланысты жинақталған деректермен мәліметтерді тиісті салаға жіктейді.
Ғылыми жаңалық ашушы белгілі бір педагогтың, педагогикалық ұжымның тәжірибе жұмысын сараптауда келесі бөлімдерден тұратын сұлба жасалады: педагог туралы жеке мәліметтер: жасы, мамандығы, педагогикалық жұмыс өтілімі, ғылыми зерттеу барысында жетекшілік жасаған топтары; іс-әрекетімен қызметі туралы сипаттама: жұмысын жоспарлауы, білім беру барысында әдістемелік құралдарды пайдалануы және т. б.
Тәжірибенің мәнін пайымдау және зерттеушінің эвристикалық қабілеттіліктерін дамыту үшін «контент - сараптама» түрінде өзін-өзі дамыту классификаторы ерекше қызығушылық тудырады.
Педагогикалық тәжірибенің мазмұнын ашушы өңделген деректерді ғылыми талқылаудың соңы - талдап, қорыту болып табылады. Талдау дегеніміз нақты педагогикалық міндеттерді жемісті жүзеге асыру үшін қажетті педагогикалық ойларды дүниеге экелу. Озық педагогикалық тәжірибенің ілгерлетуші қорытындысы, зерттеуші ашқан педагогикалық құбылыстар болуы мүмкін.
Талдау қорытындысы: жаңашылдығы мен қоғамдық маңыздылығына қарай бағалау (мысалы, жаңашылдық немесе түрлендіруші), бағытталуына қарай (тәжірибе кімге арналған, пайдалану шарттары), сонымен қатар тәжірибенге түзетулермен толықтырулар енгізу, одан әрі жетілдіру және дамыту
3. Инновациялық педагогикалық іс-әрекет
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе генезисін әр кезеңдердің бірлігіне байланысты сипаттайды:
кезең - педагогикалық іскерлік (теориялық, практикалық даярлығы) ;
кезең - педагогикалық шеберлік (мұғалімнің гуманистік бағыты, педагогикалық қабілеттері, педагогикалық техникасы) ;
кезең - педагогикалық шығармашылық (оқу-тәрбие жұмысының тәсілінің түр өзгерісі, олардың модернизациясы) ;
кезең - новаторлық кезеңі (оқыту процесіндегі жаңа прогрессивті идеяларды ұсыну мен жүзеге асыру) .
Инноватиканың басталуы: инновациялық процесс - инновациялық іс-әрекет - инновациялық потенциал - инновациялық процестерді басқару.
Жаңалық ғылыми - зерттеу құралы болып көріну үшін, олар ұйымдасқан, көпшілік қолдану, қарама - қайшылық болып қоғам өміріне өзінің қажеттілігін көрсету.
«Жаңа» деген түсінік, жақында пайда болған. Ашылмаған, ғылым аймағына және практикаға қатысты, жаңалық әртүрлі түрде қолдануы. Практикалық идея, лабораториялық іс-тәжірибе, мекемелер мен ұйымдарда жаңа идеяны іске асыру. Соңғы кезде жаңалық «новация» ұғымы ретінде кездеседі.
Новация дегеніміз - бұл лабораториялық емес жаңа идеяны бірінші рет жүзеге асыру, ғылым жүзінде пайда болса да, практикада негізделген. Жаңалық енгізу - мекемеге, ұйымға және жергілікті аймақтық, мемлекеттік мекемелерге енгізілген үлгіге бағытталған.
Инновацияда, жаңалық енгізу, новация бір - бірімен тікелей пән ретінде байланысты. Инновациялық процесс түсінігі, ол барлық динамикалық процестерді қамтып, жаңалық аймағында процесуалдық аспектілер, барлық жаңалықтардың өзгеруіне байланысты.
Лапиннің инновациялық процеске байланысты екі ілімі қолданылады:
қарапайым түрде қолдану, ол яғни ашылу - жаңалық енгізу (новация) -қолданушылардың арасындағы бөлінуі - көпшіліктің қолдануы;
кеңейтілген түрде қолдану - ашылу - новация - таралуы - меңгеруі және модификация - рутинизация, яғни дәстүрге айналуы.
Инновациялық процесті зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу процесіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығын Н. В. Горбунова, М. В. Кларин, А. В. Лоренсов, М. М. Поташник, П. И. Пидкасистый, Л. И. Романова, В. И. Загвязинский, А. Я. Найн, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова және тағы басқа зерттеулерінде қарастырылған.
Лапин басқа қазіргі зерттеушілер сияқты жаңалық айтқандардың (Мор, Роджерс, Сазанов, Шумпотер) осылардың барлығы да негізгі ерекшеліктері болып саналатын жылдамдық, барлық инновациялық процестердің сапасы басқа ортаның спецификасымен анықталып, инновация көмегімен қолданылады. Осы кезде бейімделу процесінде жаңа бейімделу ұйым этаптары бірігіп, жаңалықты қабылдау, оған бейімделу, келесі рутинизация немесе жоққа шығару.
Жаңалықты қабылдап, танып зерттеу, оны қолдану, қабылдау, жаңалықты қалыптастыру, жүзеге асыру, яғни мазмұны психологиялық түсінікке жақын, қабылдау - қабылдау және қорытындысы ретінде жаңалықты қолдану.
Инноватика үш ғылыми пәннен тұрады: социология, психология және басқару теориясы. Жалпы инноватика инновациялық процеске белгілі бір бағытта жаңалықтардың ашылуын тексеру ғана емес, сонымен қатар кеңейтілуі және бағыт пайда болады, яғни спецификалық әлеуметтік бағытта болуы.
Инновацияның педагогика ғылымында дамуы, ғалымдардың айтуы бойынша, диалектикалық процесс. Оның дамуы басқа ғылымдармен тығыз байланыса отырып, мынандай өзгерістерге ұшырайды:
- кез-келген жаңалық, қоғамдық сұранысты өтегеннен кейін үйреншікті нәрсеге айналады;
- инновациялық процесс кезеңдеріне сәйкес инновациялық іс-әрекет;
- шығармашылық қабілет негізінде қаралатын репродуктивті, продуктивті қызметтердің
диалектикалық бірлігі болып табылады;
- инновацияның дамуы бірқатар негізгі және қосалқы қарама- қайшылықтарды шешуге бағытталады.
Бұлардың біреуі әрі қарай тереңдетілуі, біреуі алынып тасталуы мүмкін жаңалықтарды іске асыруда инновация мәселесінінің жаңа қырлары ашылады да, инновация потенциалын жаңалықтарды енгізуде әр түрлі бағыттағы қажеттіліктерді толық қанағаттандырады.
Ғылыми талдаулар негізінде жасалған жалпы жаңалықтардың топтамасы төмендегідей:
жаңалықтар: а) мүлде жаңа, бұрыннан белгісіз педагогикалық идеялар мен әрекеттер; ә) белгілі ортада көкейтесті мәселелерді шешетін, белгілі уақыт көлемінде білім беруді дамытатын, сыннан өткен, кеңейтілген немесе қайта өңделген идеялар мен әрекеттер; б) қайта өңделген (реадаптацияланған) педагогикалық жаңалықтар, яғни өзгерген жағдайларда бұрыннан белгілі идеялар мен әрекеттерді қайталау;
радикалды: а) дәстүрлі бағдарларды жетілдіруші және дамытушы; ә) оларды модификациялау; б) жаңа бағыт ашушы;
көлемді: жалпы, түбегейлі: білім беру жүйесін реформалау, жаңа білім стандартын енгізу; жаңа педагогикалық ашылымдар т. с. с., кіші, аз көлемді: жекелеген оқу орындарындағы өзгерістер, оқу пәндеріндегі мазмұндық немесе технологиялық өзгерістер, оқыту мен тәрбиелеудегі педагогикалық жаңалықтар;
шығу тәсіліне байланысты және іске асу жолдары:
а) ұйымдастырылған арнайы жоспарланған, алдын-ала ойластырылған, мектеп немесе білім беру мекемесі ұсынған сыртқы ортадан келген жаңалықтар; ә) аяқ-асты пайда болған жаңалықтар, шығармашылықпен айналысушы ұстаздардың жұмысында пайда болған ішкі жаңалықтар;
шығуы мен қолданылуы: білім беру мазмұнында (оқу бағдарламалары мен жоспарларындағы өзгерістер, жаңа оқу пәнін енгізу, кіріктірілген пәндер енгізу) оқу пәндері мазмұнындағы өзгерістер, оқыту әдістеріндегі және технологиялық жаңалықтар;
мұғалімнің іс-әрекетінің тәсіліне байланысты: тәсілдері, техникасы, технологиясы (мысалы: сыныптан тыс жұмыстар) әдістемесі (мысалы: тәрбиелеу) ;
ұйымдастыру түріне жеке жұмыстар, сабақты ұйымдастырудың жаңа түрлерінің жаңа кешені мен жүйесі.
Инновациялық процестің кезеңдерін мына суреттен көруге болады.
Инновациялық процестің осы кезеңдеріне байланысты инновациялық іс - әрекеттің үш кезеңін атап көрсетуге болады.
Бірінші кезеңде мұғалім жаңалықтың қажеттілігін дәлелдеу арқылы жаңалық туралы ақпарат жинайды, одан кейін әртүрлі жаңалықтың ішінен қажетті жаңалықты таңдап алып, оны қолдану туралы шешім қабылдайды.
Содан кейін, мұғалім инновациялық іс-әрекеттің екінші кезеңіне көшеді, яғни іске асыру кезеңдерін зерттеп, енгізу жоспарын құрып, жаңалықты қолданады. Бұл кезеңде мұғалім оқу-тәрбие процесіне, жаңалықты енгізуіне кедергі жасап отырған факторларды ескере отырып, өзгерістер енгізеді, жаңалықты уақыты мерзіміне байланысты жұмыстарды өткізеді.
Жаңалықты енгізу уақыты аяқталғаннан кейін инновациялық іс-әрекет үшінші кезеңіне өтеді. Бұл кезеңде мұғалім жаңашыл тұрғыда ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысының нәтижесін көтеруге жасаған ықпалын анықтайды, жаңалықтың оқу - тәрбие жұмысына нәтижелі енгізу шарттарын белгілеп, оны таратуға ұсынады.
Инновациялық процесті болжау барысында қолданылатын инновациялық іс-әрекеттер тереңдетіліп, кеңейтіледі. Сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеу қорытындылары талданады. Алдыңғы қатарлы озық тәжірибені ғылыми талдау негізінде оқып үйренуге, қазіргі кезеңдегі педагогикалық зерттеулер жетістіктерімен танысуға болады. Жаңа педагогикалық технологиялармен инновациялық іс-әрекеттің негізгі заңдылықтары мен қағидаларын дұрыс қолдана білуге, шығармашылық ойлауға, Кәсіби педагогикалық іс-әрекеттің құндылық қарым-қатынасын қалыптастыруға, ұстаз шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсінуге үйрену қажет. Сонымен қатар алдыңғы қатарлы озық тәжірибелер жөніндегі ағымдағы газет-журнал материалдар арқылы танысып педагогтар - новатордың әдістемелерін ғылыми тұрғыдан талдай білуге, инновациялық іс-әрекет ерекшеліктерін айқындап, өз беттерімен сурет, кесте құруға, хабарлама, реферат, аннотация, рецензия жазып, оқу-тәрбие қызметіне педагогикалық талдау жасауға үйренулері қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz