Балаларды ойын арқылы оқыту технологиясы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Ойын арқылы оқыту технологиясы.
Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметгендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімдік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.
Ойын еңбек пен оқумен бірге - адамның ең негізгі іс-әрекеттерінің бірі, біздің тіршілігіміздің ерекше феномені.
Ойын дегеніміз - өзін-өзі басқаруы қалыптасатын және жүзеге асатын, қоғамдық тәжірибені меңгеруге және жаңғыртуға бағытталған шартты жағдайдағы іс-әрекеттің түрі.
Адамның тәжірибесінде ойын мынадай қызмет атқарады.
ойын-сауық (бұл ойынның негізгі қызметі - қызықтыру, жаңғырту, қызығушылық тудыру);
комуниқативті: қарым-қатынас диалектикасын меңгеру;
өзін-өзі дамыту;
ойын терапевтикалық: өмірдің түрлі жағдайларында кездесетін түрлі қиындықтарды жеңе білу.
Диагностикалық: ойын барысында өзін-өзі тануы, өзін жақсы қылықтармен тәрбиелеу;
Коррекциялау қызметі: жеке қабілеттеріне жағымды өзгерістерді ендіре білу.
Халықаралық коммуниқативті: барлық адамдарға қатысты әлеуметтік-мәдени кұндылықтарды меңгертуі;
әлеуметтенуі: қоғамдық қатынастарға қатыстыра білу, жалпы қоғамдық нормаларға үйрету;
Ойынның маңызын бала өмірінде алатын сауықтыру -белсенділік мүмкіндіктерінің орны жайлы айтып бітіру мүмкін емес. Ойынның негізгі феномені де осы - ойын-сауық арқылы әрі демалады, әрі дамиды, сол арқылы ол оқытуға айналып, шығармашылыққа, терапияға, адамдардың қарым-қатынас моделіне, еңбектегі алатын орны болып табылады.
Ойынды оқытудың әдісі ретінде ерте заманнан үлкеннен кішіге беріліп келе жатыр. Ойын әдісін қолдану халықтық педагогика мен мектепке дейінгі мекемелерде кең түрде қолданылады. Қазіргі таңда осы заманға лайықты мектеп пен оқытудың жаңа технологиялары ретінде ойынның алатын орны ерекше, келесі жағдайларды ойын іс-әрекеті колданылады:
тақырыпты немесе оқу пәнінің бір бөлімін түсінуде меңгеру
үшін өз бетінше қолданылатын технология ретінде;
жалпы технологияның элементтері ретінде;
сабақтың немесе оның бір белігінің (кіріспе, түсіндіру, бекіту, жаттығу орындау, бағалау) ретінде;
сабақтан тыс қолданылатын технология ретінде (түрлі ұлттық ойындар, интеллектуалды ойындар т.б.);
Ойын технологиясының ерекшеліктері:
Барлық мектепке дейінгі кезеңнен бастап негізгі іс-әрекеттің түрі ретінде (кіші мектеп жасында-оқу іс-әрекетінде, орта жаста-қоғамдық жағымды іс-әрекеттерінде, үлкен мектеп жасында-оқу-кәсіби іс-әрекетінде) болып табылады және оны оқыту үдерісіне қосып келеді.
Тірек белгілері (сызбасы, сигналы) арқылы оқыту технологиясы.
(Шаталов В.Ф.) мынаны көздейді:
білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
барлық баланы оқыту (жеке әлеуметік өміріне қарамастан);
оқытуды жеделдету (орта мектепті 9 жылда аяқтау);

асыру
материалды оқу топтарын беруі
ұйымдастыруы
Еілімді меңгерту
нәтижесін бағалау
Атқарылған жұмыстар нәтижесі бойынша оқушыларды бағалау (Кері байланыстың дұрыс орнатылуы)
Нәтижелері бойынша өзара және өзін-өзі бағылауды жүзеге асыру

Деңгейлеп оқыту технологиясының басты артықшылығы:
әрбір оқушының даму деңгейіне сай оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ететіндігі болып табылады;
деңгейлеп оқыту - оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі
арқылы жүзеге асады. Топтарға бөлуде оқушылардың даму ерекшеліктерін қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау, т.б. ескеру керек;
мұғалім әрбір топ үшін талаптардың ара жігі айқындалған нақты жүйелерін құрып ұсынып отыруы тиіс.
Оқушылар біліміндегі ақаулықтарды жоюға бағытталған жұмыстар уақтылы жүргізіліп отырылғаны жөн.
Сонда оқушылар өздерінің шамасы келетін тапсырмаларды орындай алатын болғандықтан, тапсырмаларды орындауға қызығып кіріседі.
Деңгейлеп оқыту- оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі
арқылы жүзеге асады. Топтарға бөлуде оқушылардың даму ерекшеліктерін: қабылдау, ойлау, зейін, есте сақтау
т.б. ескеру керек.
Мұғалім әрбір топ үшін талаптардың ара жігі айқындалған нақты жүйелерін құрып ұсынып отыруы тиіс.
Оқушылар біліміндегі ақаулықтарды жоюға бағытталған жұмыстар уақтылы жүргізіліп отырылғаны жөн.

Ойын технологиясы
Бастауыш сыныпта дұрыс сөйлеуге машықтандыруда, ойын логикалық жүйелі түрде жаза білуге үйретуде оқытудың интерактивті формаларын қолданудың маңызы зор.
Интерактив (ағыл. іп1ег-бірлескен, activ-epeKeT) өзара әсер ету деген мағынаны білдіреді. Интерактивті оқыту әдісі - оқушының оқу үрдісін ұйымдастыруға толық қатысатын белсенді тұлға болып қалыптасуына мүмкіндік ашатын тиімді оқыту әдісі. Мұнда мұғалім бұрыңғыдай дайын білімді бермейді, оқушыларға өз бетімен ізденуге нұсқау ғана беріледі. Дәстүрлі оқыту әдісімен салыстырғанда интерактивті оқытуда мұғалім мен оқушының өзара әрекеттесуі өзгереді, мұғалім белсенділігі оқушы белсенділігімен ауысады. Мұғалімнің міндеті - оқушының ынта-ықыласына жағдай туғызу. Мұғалім оқу үрдісін ұйымдастыруда оқушының тек көмекшісі болады. Интерактивті оқыту әдісін соңғы кездері қарқынды оқыту технологиясында кеңінен қолдануда. Оқушы белсенділігін арттыратын, алған білімін іс-тәжірибесінде қолдануға жағдай жасайтын тәсілдер интерактивті оқыту әдісіне жатады. Оқыту үрдісінде бұл әдісті қолдану үшін мұғалім оқушыларды ұжымдык, жұптық топтарға бөліп, өзара септесіп, белсенді жұмыс жасауына жағдай жасайды.
Оқушыны ойлау мен сөйлеу дағдыларына төселдіруді ойын түрінде ұйымдастыру, интерактивті оқыту әдісінің бір түрі болып саналады. Өйткені ойын үстінде мұғалім мен оқушы арасында байланыс пайда болып, оқушылардың ұжымдық түрде жұмыс істеуіне мүмкіндік ашылады.
Американдық философ Герберт Спенсер ойын әрекеті баланың бойында жиналған қуатты (энергияны) сыртқа шығару тәсілі деп санаса, атақты австрия психологі З.Фрейд баланың сыртқа шықпай қалған ішкі арманын қанағаттандыру тәсілі деп түсіндірген. Совет психологі Л.С.Выготский ойын әдісі баланың ақыл-ойын дамыту құралы деп санаған. Ойын әдісін қолданғанда Ахмет Байтұрсынұлының ... баланы ойынға үйрету, ойынға қатыстыру арқылы ойыны қайсы, үйретуі қайсы екенін балалар айырмастай, сезбестей етіп үйрету керек деген қағидасын басшылыққа алуымыз керек. Мысалы, бастауыш не орта сатыдағы қазақ тілі сабағында жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуді ойын түрінде ұйымдастырудың бір үлгісін ұсынамыз.
Ойын - үйрету әдісінің ерекше бір түрі. Ойын үйренуді мәжбүр етпейді, баланың өз еркімен, ынтасымен орындалады. Ойында оқушылардың бәрі бірдей, жақсы оқушы не нашар оқушы деп бөлінбейді, бір-бірін тек ойыншылар ретінде қабылдайды. Қазақ тілі сабақтарында оқушыны жазбаша байланыстырып сөйлеуге ойын арқылы үйрету мынадай бағытта жүргізіледі: үйретудегі оқушының міндеті ойын арқылы шешіледі; байланыстырып сөйлеу әрекеті ойын ережелеріне бағындырынады; байланыстырып сөйлеуге үйрететін қажетті оқу материалы ойынның құралы ретінде пайдаланынады;
үйрету де, үйрену де ойын-жарыс түрінде орындалады; мәселені шешу тетігін іздейді, шығармашылық ойлауы қалыптасады.
Шығармашылық ойлау оқушыларды сөз өнеріне, сөздерді дұрыс таңдауға, көркем әдеби сөздерді қолдануына көмектеседі. Ойын көзінде ойлануға, ойын байланыстырып жазуға, шығармашылықпен айналысуға, топта бір-біріне көмектесуге мүмкіндік ашылады. Оқытудағы білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсаттары ортақ мақсатқа, тиімді нәтижеге жетуге бағытталады. Тиімді нәтижеге жету дегеніміз - ойын арқылы оқу сапасын арттыру. Қазақ, тілі сабағында тіл дамытуға қатысты жүргізілетін ойын қызметі мынадай міндеттерді шешуге: біріншіден оқушының тілін дамыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету сабақтың басты мақсаты болса, ойын осы мақсатқа жетуге деген оқушының эмоциялық қатынасын, ықыласын арттыруға; екіншіден, ойынның шарты, түрі, тәсілі міндетті түрде оқушыны дұрыс сөйлеуге, өз ойын байланыстырып жазуға, логикалық және шығармашылық мүмкіншілігін ашуға; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ САУАТ АШУ ЭЛЕМЕНТТЕРІНЕ ОҚЫТУДЫҢ ЗАМАНАУИ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
4-5 жастағы балалардың Н.А.Зайцев технологиясы арқылы тілін жетілдіру жолдары
Инновациялық педагогикалық технология ұғымының мәні
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде инновациялық технологияларды қолдану
ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР
«Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды мектепке дейінгі балалардың оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану ерекшелігі»
Дамыта оқыту технологиясы - баланы оқыта отырып, дамыту
Тәй - тәй технологиясы негізінде баланың даму ерекшеліктері
ТӘЙ - ТӘЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Балаларды конкурстарға қатысуға дайындау
Пәндер