КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ШӘКӘРІМ атындағы СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
3 деңгейлі СМЖ құжаты
ПОӘК

ПОӘК 042-14.05.01.20.03
03-2013
Кәсіптік педагогика және психология негіздері пәні бойынша
оқу-әдістемелік материалдар

Басылым №

ПӘННІҢ ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ
5В021000 - Шетел тілі мамандығына арналған

ОҚУ ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013

Мазмұны
1 Глоссарий
2 Дәрістер
3 Практикалық және лабораториялық сабақтар
4 Курстық жұмыс (проект)
5 Студенттің өздік жұмысы

1 ГЛОССАРИЙ
Педагогика- жеке адамның дамуы қалыптасуындағы тәрбие және оқыту теориясын зерттейтін ғылым саласы
Даму - сандық және сапалық өзгерістер жиынтығы
Тәрбие - қоғамдық құбылыс,адамның саналы әрекеті
Тәрбие заңдылықтары - тиімді нәтижеге жеткізетін тәрбиелік процестегі орнықты, қайталап отыратын қажетті байланыстар
Мақсат - субъект санасында оның қоршаған ортамен өзара ықпал байланысынан туындайтын әрекеттің нәтижесі туралы ой болжамы
Тәрбие процесі - бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуін кірістіре жүргізілетін тұлға қалыптастыру, дамыту процесі
Тәрбие формасы - тәрбие рпроцесінің сыртқы көрнісі
Әдіс - ("metodos"-грек сөзі) ақиқатқа,шындыққа,мақсатқа жетудің жолдары
Ұстаным (позиция) - ішкі наным
Дидактика - (didaktikas-оқытушы,didasko-оқушы)б ілім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы
Оқыту процесі - білімді,біліктілік пен дағдыны меңгертетін,дамытатын іс-әрекет барасы.
Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын,ұйымдастыру түрлерін,әдістерін,оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар жүйесі
Рейтинг - ағылшын тілінде "torat" - "жетістік өлшемі"деген ұғымды білдіреді
Инновация - педагогикалық процестегі жаңашылық,өзгерісті енгізу
Адаптация - сыртқы орта заттары мен құбылыстарының ерекшеліктеріне сезім мүшелерінің бейімделуі
Ассоциация - психикалық құбылыстардың өзара байланысы
Аутагенді жаттығулар - адамның өз психикалық құбылыстары мен әрекет қылығын басқаруға бағытталған өзін-өзі сендіру, бағыттауға арналған арнайы комплексті жаттығулар
Топ - қандайда бір ортақ ерекшеліктері немесе белгілеріне қарай жиналған адамдар жиынтығы
Инстинкт - ағзаның белгілі тіршілік ортасына бейімделу негізіндегі әрекет-қылықтың тума, көп өзгермейтін формасы
Интеллект - Ақыл-ой қабілеттерінң жиынтығы
Интуиция - күрделі өмірлік жағдаяттардан шығу жолдарын дұрыс шешу немесе бағыттала алу қабілеттілігі
Білім беру - Бұл мақсат оқушылардың танымдық іс-әрекеті тәсілін меңгеріп, олар арқылы ғылым негіздерін игерілуін, белгілі бір білімдердің, дағдылар мен іскерлікті үйренулерін, өздерінің рухани, денелік және еңбек қабілеттерін детілдірулерін, еңбек және кәсіби дағдыларды игеруін көздейді.

2 ДӘРІСТЕР
1-тақырып. Педагогиканың ғылымдық мәні. Педагогиканың әдіснамалық негіздері.
1. Педагогиканың ғылымдық мәні. Оның зерттеу аймағы.
2. Педагогиканың көрнекті өкілдері.
3. Педагогиканың негізгі зерттейтін проблемалары.
4. Педагогикалық теориялардың метадологиялық негіздері.

Тәрбиенің негізі ұрпақтың болашақ өмірге дайындаудан басталады. Қоғамдық құбылыс өрістеген сайын, тәрбиенің мазмұны да өзгере бастайды. Ендеше, адамзат қоғамының белгілі кезеңінде, дәлірек айтсақ, құл иеленуші дәуірдің аяғына таман тәрбие қоғамдық қызметке айналып, арнайы тәрбиелеуші мекемелер пайда болып, кәсіби мамандықтарға балаларды оқытып, тәрбиелейтін адамдар шыға бастады. Біртіндеп тәрбиенің қоғамдық қызметі өрістеп, тәжірибе жинақтау, оны жүйелеу қажеттілігі туындады.
ХІІ-ғасырдың басына дейін педагогика филосфияның бір бөлігі ретінде қарастырылды. "Ғылымның қадір-қасиеті және жетілуі" деп аталатын Фрэнсис Бэконның трактаты Жариялануымен қатар, педагогика ғылыми білімдердің дербес саласы ретінде бөліне бастады. Осы ғасыр кезеңінде педагогиканың өзіндік статусы аса көрнекті чех педгаогі Ян Амос Коменский (1592-1670) еңбектерінде беки түсті. Ал оның теориялық идеялары әлі күнге дейін өзінің маңызын жойған емес. "Ұлы дидактика" - балаларды оқытудың негізгі теориялық мәселелері мен оларды ұйымдастырудың жолдары баяндалады. "Аналар мектебінде" адамгершілік тәрбиесіне, отбасы тәрбиесіне үлкен мән беріп, отбасы тәрбиесінің маңызын анықтайды.
Сондай- ақ, педагогика тарихында елеулі еңбегімен көрінген ғылым өкілдері: ағылшын педагогі Джон Локк (1632-1704), француз педагогі Жан Жак Руссо (1712-1781), швед педагогі Иоганн Генрих Песталоцци (1746-1827), неміс педагогі Адольф Дистерверг.
Д.Локк тәрбиенің психологиялық негіздеріне және адамгершілік қалыптасу мәселелеріне үлкен мән берді. Баланы "таза тақтамен " теңеді. Ж.Ж.Руссо, тәрбие баладағы тума қасиеттердің дамуына кедергі болмай, оған толық еркіндік беріп, оның қызығулары мен құмарлықтарын ескеру қажет екендігін айтты. Песталоцци педагогикада алғашқыфлардың бірі болып тәрбие мекемелерінде теориялық қызмет пен тәрбие іс-әрекеті бірлігінің маңыздылығын көре білді. А. Дистерверг өзінің идеяларын прогрестік-демократиялық бағытта өрістете отырып, балалардың оқу жұмысының белсенділігін арттыру, шәкірттердің өзіндік оқуына мән беру, халық мұғалімдерін дайындау мәселелерін көтерді.
ХҮІІІ-ғасырда германияда алғаш мұғалімдер даярлайтын арнайы оқу орындары ашылды.
Педагогика ғылымының ілгерлеуіне өз үлестерін қосқан орыс педагогтары: К.Д.Ушинский (1824-1870) ,Н.И.Пирогов(1810-1881), В.И.Водовозов(1825-1886), А.Ф. Лесгафт(1837-1909), Л.Н. Толстой(1828-1910) және т.б.
Педагогиканың шұғылданатын объектісі - жеке адамның дамуы мен оның арасында болған заңдылықтарды зерттеу және соның негізінде тәрбиелік жұмыстардың теориялық, әдістемелік проблемаларын шешу, яғни педагогика адам дамуы мен қалыптасуының мән мағынасын зерттейді. Бұл педагогика зерттейтін негізгі теориялық проблемаларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді. Олар:
a) Жеке адамның арнайы ұйымдастырылған тәрбие жағдайында дамуы және қалыптасуының мән-мағнасы мен заңдылықтарын зерттеу;
b) Тәрбиенің мақсатын анықтау;
c) Тәрбиенің мазмұнын белгілеу;
d) Тәрбие тәсілдерін зерттеу.
Педагогиканың ғылым саласы ретінде өрістеуіне себеп болатын - әдіснамалық шарттар.
Ғылым әдіснамасы бұл-табиғат пен қоғам құбылыстарын зерттеуге негіз болатын әрі сол құбылыстардың теориялық түсіндермесіне шешімді ықпал етуші философиялық бастау идеялар жиынтығы.
Негізінен екі әдіснамалық идея бағытының маңызы үлкен. Әдіснамалық алғы шарттарының ішінде аса маңыздыларының бірі тәрбиенің барша табиғи және қоғамдық құбылыстар сияқты себепті-салдарлы байланыс сипатында екендігі.
Бұнда-тәрбие қоғамның және оның даму бағытының қажетінен туындайды.
Материалистік тәрбие теориясының шешімі үшін ең маңызды идея - бұл адамның жеке тұлға болып дамуының көзі тіршілік иесінен сыртта, әрі оның қалыптасуы "әлеуметтік" бағдарламаға сәйкес, қоғамдық ықпалдың соның ішінде тәрбиенің нәтижесінде қалыптасады. Мұнда жеке тұлғаның жандүниелік белсенділігі жоққа шығарылмайды.
Бүгінгі педагогика тағылымы қоғамдық дамудың объективті заңдылықтарына жүгіне отырып қоғамдық ілгерлеуге қызмет ету кажеттігін, адамды қоғамның ең жоғарғы құндылығы деп тануды міндет санайды. Бұл жағдайда әрине идеалистік бағыттарды да, имандық шарттарды да өз орнымен үйлесімді пайдалану қажет.
Педагогика өзінің ғылыми қалыптасуында философия, тарих, этнография, эстетика, әлеуметтану және т.б. ғылымдардың идеяларын пайдаланып жетілуде.
К.Д.Ушинский педагогикалық антропология еңбегінде былай деген: "Егер педагогика адамды әр тараптан тәрбиелегісі келсе, ол ең алдымен сол адамды жан жақты танып алу тиіс" дейді.
Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі және үнемі жетіліп отыруында. Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртүрлі әдістердің бүтін бір жүйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педагогикалық тәжірибені үйрену және қорытындылау, әлеуметтік талдау, математикалық статисканы талдау, педагогикалық идеяларды теориялық талдаудан өткізу.
Қандай да болмасын ғылым саласы өзінің мазмұны мен теориялық жүйесінің толығуына және зерттеу бағыттарына сәйкес жеке салаларға таратыла бастайды.
Өз алдына дербестік сипатқа ие болған педагогика салаларын келесідей бөлуге болады.
1. Жалпы педагогика.
2. Мектеп жасына дейінгі балалар педагогикасы.
3. Мектеп педагогикасы.
4. Судро, тифлопедагогика, олигофренопедагогика.
5. Жеке пән әдістері.
6. Педагогика тарихы.
Сонымен қатар, жаңа педагогика салалары да даму үстінде: мектептану, отбасы тәрбиесінің педагогикасы, басқару педагогикасы, ішкі істер органдарының педагогикасы. Дербес педагогикалық пән ретінде әскери педагогика, жоғарғы мектеп педагогикасы, кәсіби техникалық білім беру педагогикасы да өзінің маңыздылығы жағынан басқа салалардан кем түспейді.
Негізгі ұғымдар: педагогика, әдістеме, философиялық бастаулар, тәрбие, әлеуметтену, педагогика салалары.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Осы заманғы педагогиканың дамуы қандай әдіснамалық шарттарға негізделеді?
2. Педагогика жүйесіне енетін ғылыми салалардың түрі мен олардың мазмұны қандай?
3. Педагогиканың негізін салушы ғалымда кімдер және олардың идеялары қандай болды?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) - М.,2003
3. Бабанский Ю. Педагогика. - М.,1988
4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. - Алматы: Қазақ университеті, 2006

2-тақырып. Тәрбие процесі.
1. "Тәрбие процесі" ұғымының анықтамасы.
2. Тәрбие процесінің ерекшеліктері
3. Тәрбие процесінің жүйесі мен құрылымы
4. Тәрбие процесінің мазмұны

Тәрбие процесі - бұл сыртқы мақсат бағдарлы ықпал мен тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудің кірістіре жүргізілетін тұлғаны қалыптастыру, дамыту процесі.
Тәрбие процесі - бұл өзара байланыстылығы ұдайы дамып отыратын тәрбиелеу жүйесінің тізбегі, мұндағы әрбір тізбек алдыңғы нәтижелер есебінен құралады. Тәрбие процесі көп қырлы. Фархиялық, статистикалық, өзін-өзі басқару алыпты қасиеттерімен сипатталады. Тәрбие процесі мазмұндық және процесуалдық жақтары да жеке анықталады. Оқу пәні мұғалімінің, сынып жетекшісінің, ұжымның тәрбиелік іс-әрекеті - бұлардың бәрі тәрбие процесі болып табылады.Біртұтас педагогикалық процесте тәрбие процесі ерекше орын алады.
Тәрбие процесі - белгіленген мақсатқа бағытталған тәрбиелеушілер мен тәрбиешілер арасындағы өзара бірлескен әрекет болғандықтан, бұл процесс ең алдымен, мақсат-бағдарлы болып табылады.
Тәрбие процесі көп факторлы процесс. Алдағы көптеген объективті, субъективті фактордың әрекеттері бұл процесті өте күрделі екендігін көрсетеді. Субъективті факторлар тұлғаның ішкі қажеттіктерін білдіріп, тұлға қалыптасып, өмір сүретін объективті жағдай білдіре отырып, тәрбие міндеттерін табысты көруге қажеттеседі.Ал объект жағдай мазмұны мен бағыты ұйымдастырылған тәрбие іс-әрекетімен қаншалықты сәйкес келсе, жеке тұлғаның қалыптасуы да соншалықты табысты болуына тұлға әртүрлі жерлердің ықпалына түседі. Жағымды тәжірибе ғана емес, түзетуді қажет ететін мағынасыз тәжірибені де қамтиды. Тәрбие процестің қиындығы оның өзгермелі, динамикалық, қозғалмалы болуымен ерекшеленеді. Тәрбие процесі үшін тәрбиенің ықпал ету басталғаннан бастап соңғы нәтижелер арасының ара-қашықтығы тәрбие процесінің ұзақтылығымен айқындалады.
Тәрбие процесі - үзіліссіз процесс. Мектептік тәрбие процесі - бұл тәрбиеші мен тәрбиешінің өзара жүйесі, үздіксіз әрекеттесу процесі. Тәрбие - тұрақты әдетке айналғанда ғана нәтижеге жетуге болады.
Тәрбие процесі - комплекстік процесс. Тәрбие жұмыстарының мақсаты, мазмұны, формалары және әдістерінің бірлігін, яғни бір уақытта өзара әрекеттесуі комплекстік процесс д.а.
Тәрбие процесі - аймақты сипатымен ерекшеленеді. Олар: тәрбиешіден тәрбиеленушіге (тікелей байланыс) және тәрбиеленушіден тәрбиешілеуге қарай (кері байланыс).
Тәрбие процесі - күрделі динамикалық жүйе. Бұл жүйенің әр компоненті, өз кезінде, өзіндік компоненттері бар жүйе ретінде қаралады. Сондықтан, қолайлы анықтау шектерін қолдану арқылы, әрқилы жүйе мен құрылымы біртұтас түзуге байланысты.Қазіргі теориялық педагогикада тәрбие процесінің талаптары мен құралған келесі жүйелер белгілі:
oo тәрбие міндеті;
oo теория процесінің міндеті;
oo теория процесінің мазмұны;
oo процестің өту жағдайлары;
oo тәрбиеші мен тәрбиеленушінің қарым-қатынасы;
oo тәрбие іс-әрекеттерінің қолданылатын әдістері мен формалары;
oo процестің даму кезеңдері: т.б.;

Негізгі ұғымдар: қоғамдық тәжірибе, тәрбие процесі, тәрбие заңдылықтары.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Тәрбие түсінігінің педагогикадағы анықтамасы қандай?
2. Тәрбиенің жалпы заңдылықтары қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) - М.,2003
3. Бабанский Ю. Педагогика. - М.,1988
4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. - Алматы: Қазақ университеті, 2006
5. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. - А.,1991
6. Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. - М.; 1991
7. Педагогикалық басшылық.БМ. Т1,1987

3-тақырып. Тәрбие принциптері.
1.Тәрбие принциптерінің ерекшеліктері.
2.Тәрбие принциптерін жекеше талдау.

Тәрбие процесінің принциптері - тәрбие процесінің мазмұнына, әдістеріне және оны ұйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері.Бұнда жалпы және нақты тәрбие принциптері деген ұғымдар бар. Нақты принциптердің өзгешілігі - тәрбие міндеттерін шешудегі педагогтар ұсынатын ортақ ережелер екендігі және бұл принциптерге қойылатын талаптар:
1.Міндеттілік. Тәрбие принциптері бұл кеңес нұсқау емес, керісінше олардың толық және міндетті түрде тәжірибеге ұласуы талап етіледі. Негізінен тәрбие принциптерін бұзу және ондағы міндеттерді орындамау тәрбие принциптерінің тиімділігін кемітеді, түп негізін мүлдем өзгертеді.
2.Комплекстілік талап. Тәрбие принциптері комплексті бөлінбеген талаптар түрінде тәрбие принциптерінің барлық кезеңдерінде өзара байланысты түрде қолданылуы қажет.
3.Бір мәнділік. Тәрбие принциптері жалпыға бірдей ортақ ережелер ретінде бір мәнді болып келеді. Олардың ешқайсысын ертеңге қалтыруға немесе кезекке қоюға болмайды, яғни қосалқы принциптер болмайды.
Тәрбие принциптері белгілі жүйені құрайды. Қазіргі тәрбиелеу жүйесі мынадай принциптерді ұстанады;
oo тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы.
oo тәрбиенің өмірмен еңбекпен байланысы.
oo тәрбиеде дұрыстыққа арқа сүйеу.
oo тәрбие гумманизацияы
oo тәрбиеге тұлғалық тұрғыдан қарау.
oo тәрбиелік ықпалдардың бірлігі.
+ Тәрбие мемлекеттік құрылыстың, ондағы үкімет билігі мен мекеменің қуатына арқа сүйеп, сонымен бірге мемлекетте қабылданған және жүргізіліп жатқан саясатпен ұштасып жатады. Бұл принцип педагог тәрбиелеп жатқан өскелең ұрпақты мемлекеттік тәрбие стратегиясына сәйкес тәрбиелеу міндеттеріне бағындыруды көздейді. Мемлекеттік қызметте жұмыс жасағандықтан тәрбиеші тәрбие саласы бойынша мемлекеттік тапсырысты орындайды.
Мектеп қоғамдық, мемлекеттік мекеме ретінде тек мемлекет демеуімен ғана өмір сүре алмайды, мектеп сондай-ақ қоғамның және тұлғаның білімдік сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған әлеуметтік мекеме. Сондықтан педагогтар тәрбие билігінің жалғыз иегері деп ұғынбай, тәрбие ісіндегі халық өкіліміз деп түсіну керек.
+ Өмір мектебі ең күшті тәрбие мектебі. Сондықтан тәрбиенің өмірмен байланысты болу принципі көптеген тәрбие жүйелерінің негізгі принципі болып табылады. Ол тәрбиенің мынадай екі бағыттағы белсенді іс-әрекетін талап етеді:
1.Әртүрлі өзгерістері мол қоғамдық және еңбектік өмірмен тәрбиеленушілерді кең және нақтылай таныстыру.
2.Тәрбиеленушілерді өмірлік қатынастарға әртүрлі қоғамдық пайдалы еңбектерге араластыру.
+ Дұрыстыққа, яғни өнеге, өмірге арқа сүйеу принциптері қарапайым педагог адамдағы жағымды қасиеттерді анықтауға міндетті және әлі толық қалыптаспаған немесе кері бағыттағы қасиеттерді үнемі дамытып, оларды қажетті деңгейге жеткізуі қажет.
+ Гумманизация принциптерінің талаптары:
1.Тәрбиеленуші тұлғасына кісілік тұрғысынан қарау.
2.Оның құқықтарымен тәуелсіздігін сыйлау.
3.Тәрбиеленушіге саналы ойластырылған талаптар қою.
4.Қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде оның ұстанымын құрметтеу, санасу.
5.Адамның өзімен-өзі болу құқығын қолдау.
6.Тәрбиеленушінің санасына тәрбиенің нақты мақсатын жеткізу.
7.Қажетті сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы.
8.Тұлғаның қадір-қасиетін төмендететін дене және басқа да жазалаулардан бас тарту.
9.Тұлғаның нанымдарына қандай да бір себептерімен қайшы келетін қасиеттерді қалыптастырудан аулақ болу (ЮНЕСКО "адам құқығы деклорациясының" 1-ші бабы).
+ Тәрбиелеу процесінде тәрбиеші тәртіптің жеке тұлғамен есептесуі өте маңызды. Бұл тұлғалық сапалық сүйену припципі. Бұнда тәрбиешіден объективтілік жан жақты білім және педагогикалық жоғары шеберлілік.
+ Бұл принцип ұрпақ тәрбиесіндегі мектеп отбасы және қоғамдық орындар талпыныстарын реттеу принципі деп те аталады.

Негізгі ұғымдар: тәрбие принциптері, принцип талаптар, міндеттілік, комплекстілік, бірмәнділік.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Тәрбие принциптерінің негізгі ерекшеліктері қандай?
2. Тәрбиенің қоғамдық бағытта болуы және оның өмірмен байланысын дәлелдеңіз.
3. Тәрбиенің тұлға дамуындағы маңызы қандай?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) - М.,2003
3. Бабанский Ю. Педагогика. - М.,1988
4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. - Алматы: Қазақ университеті, 2006
5. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. - А.,1991
6. Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін жұмысының жүйесі.-А.,1999

4-тақырып.Тәрбие технологиясы.
1. Тәрбие технологиясы туралы түсінік.
2. Тәрбие процесінде тәрбие технологиясының маңызы.
3. Тәрбие технологиясын жүзеге асыру.
Теориялық білімнің дәйектілігі тәжірибеде анықталады. Бұған технология ұғымы бірге қарастырылады. "Технология" сөзі "техно және "логос", яғни "өнер", "шеберлік" және "ғылым" сөздерінен құралған. Бұл термин көбінесе өндірістік салада көп қолданылады. Өндірістік тұрғыдан алғанда, технология - түрлі ғылыми жетістіктерді енгізудің тәсілі мен нәтижесі. Кез-келген іс-әрект негізінде технология және өнерлік сипат болады. Өнер - интуицияны, технология - ғылымды арқау етеді.Технология жоқ жерде жеке шеберлік үстемдік етеді. Дегенмен"ұжымдық шеберліктің" жинақы көрінісі технологияға айналады.
Тәрбие ордасы мектеп пен өндіріс түсініктері бір-бірінен алыс емес. Екеуі де белгілі тапсырысты орындайды, сәйкес материалдық базасы болуы қажет. Тәрбие жүйесі қоғамдық мақсаттар жолында материалдық базаны іске қосып, оқу-тәрбиелік міндеттерді шешуге, сондай-ақ педагогтар ұжымына арналған процестер бағдарын құрастырады. Ерекшеліктері:
+ Тәрбие процесін жеке операцияларға бөлуге болмайды, сондықтан ол - біртұтас.
+ Біртұтас болғандықтан тәрбие жалпы технологияға негізделгенімен жеке шеберлікпен ұштасады.
+ Тәрбие технологиясы барлық тәрбиешілерге ортақ.
Қазіргі кезде жеке интуитивті жасалған әдістерден гөрі, ғылыми негізделген жаңа технологиялар бойынша жұмыс істеу өз нәтижесін көрсетіп отыр. Тәрбие бойынша тұлғаның жеке-дара қасиеттерін қалыптастыруға көп көңіл бөлініп, тұлғаны жан-жақты, үйлесімді дамыту принципі кейінгі кезде бұзылды. Бұл олқылықты толықтыру бағытында тәрбие технологиялары мына талаптарды орындайды:
1. Тәрбиеленушілерге үш бағытта: санасына, сезіміне, қылықтарына әсер ету;
2. Тәрбие және өзіндік тәрбиенің бірігуі арқылы дұрыс нәтижеге қол жеткізу;
3. Тәрбиеге қатысты барлық формалардың бірлігі мен реттілігі - кезек күттірілмес шарттылығында;
4. Тәрбиеге комплексті қарау тәрбие процесінің және оны басқарудың жүйелілігін талап етеді. Бұнда тәрбиедегі сыртқы және ішкі факторлар, олардың өзара байланысы міндетті түрде ескерілуі қажет.
Тәрбие технологиясын жүзеге асыру, бірнеше кезеңдер арқылы жүргізіледі және олар кез-келген тәрбие істерінде қолданылады:
І. Мақсатты анықтау.
ІІ. Жоспарлау.
ІІІ. Дайындық және ұйымдастыру.
ІҮ. Жұмыстың міндетті түрде іске асырылуы немесе барысы.
Ү. Нәтижелерді талдау.

Негізгі ұғымдар: өнер, шеберлік, технология, тәрбиелік істер, әлеуметтік бағдарлар.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Технологиялық білімнің мәні қандай?
2. Тәрбие өнері мен тәрбие технологиясының айырмашылығы неде?
3. Тәрбиелік істердің өзіндік ерекшеліктерін атаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) - М.,2003
3. Бабанский Ю. Педагогика. - М.,1988
4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. - Алматы: Қазақ университеті, 2006
5. Ұзақбаева С. Эстетикалық және экономикалық тәрбие негіздері. - А.,1991
6. Фридман Л.М., Кулагина И.Ю. Психологический справочник учителя. - М.; 1991
7. Педагогикалық басшылық.БМ. Т1,1987
8. Ілиясова А. Класс жетекшісінің жүргізетін жұмысының жүйесі.-А.,1999

5-тақырып. Дидактика - білім беру және оқыту теориясы.
1.Дидактика пәні және категориялары.
2.Оқыту процесінің ерекшеліктері.
3.Педагогикалық процестің құрылымы.
Дидактика- (didaktikas-оқытушы, didasko-оқушы) сөзі, грек тілінен аударғанда "оқыту" немесе "үйрету" деген мағынаны білдіреді.
Ғылымға бұл ұғымды алғаш енгізген неміс педагогі-Вольфганг Ратке. Ал Ян Амос Коменский 1657 жылы осы ұғыды пайдалана отырып "Ұлы дидактика" еңбегін жазды. Оның ойынша, дидактика "нені оқыту" және "қалай оқыту" керек деген сұрақтарға жауап береді.
Сонымен, дидактика "кімді, қашан, қайда, неге оқыту" сұрақтарына жауап іздейді.Дидактика - білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы.Оны "оқыту теориясы" деп те атайды.
Дидактиканың зерттеу пәні - оқыту мен оқудың себептері , барысы , нәтижелері. Зерттеу пәні аясына байланысты жалпы және жеке дидактикалар айқындалады. Жалпы дидактика- оқытудың жалпы заңдылықтарын , принциптерін қарастырады. Жеке дидактика- жеке оқу пәнінің мазмұнын, барысын, түрі мен әдістерін зерттеуіне қарай оқыту әдістемесі деп аталады.М-ы: тарихты оқыту әдістемесі.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теориялық және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-теориялық қызметі: білім беру оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу. Дидактиканың қолданбалы қызметі: білім мазмұнын оқыту мақсатына сәйкестендіру, оқыту принциптерін белгілеу, оқытудың тиімді әдістері мен ұйымдастыру формаларын анықтау,жаңа технологияларды жасап енгізу.
Дидактика жалпы педагогиканың категорияларын пайдаланады.Сонымен қатар, өз категориялары бар: білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері,әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Оқыту - оқушыны білімдендіру, тәрбиелеу, дамыту мақсатына бағытталған алдын-ала жоспарланған іс-әрекет.
Оқыту мазмұны - еңбек ету үшін қажетті адамзат тәжірибесінің бөлшегі.Ол- оқытудың нәтижесі болатын білім,дағды, білік, тұлғалық қасиеттер жиынтығы.
Оқыту процесі - білімді, біліктілік пен дағдыны меңгертетін, оқушылардың дүниетанымын, күш-қайратын, қабілеттерін тәрбиелеп дамытатын іс-әрекет барысы.
Оқытудың психологиялық, педагогикалық ерекшеліктеріне назар аударатын болсақ:
1)Оқыту - мақсатты процесс. Оның басты мақсаты қоғам талабынан туындап, ұдайы өсіп, жаңарады.
2)Оқыту - таным процесі.Оқушыда білімге деген қызығушылығы артқан сайын оның таным ерекшелігі де арта түседі.Оқытудың міндеті- оқушыны айнала ортамен және адам дамуының негізгі заңдылықтарымен қаруландыру.
3)Оқыту - даму негізі. Пед. процесс өзіне тән негізгі екі белгіні:организмнің өзіндік дамуына жүйелі түрдегі көмек және жеке бастың жан-жақты жетілуін түйістіреді.Негізінен оқушының жалпы психикалық дамуы - оқыту мен өздігінен оқуына тығыз байланысты.
4)Оқыту - екі жақты процесс. Ол оқушы мен оқытушыныңөзара бірлесіп жасайтын әрекетінен тұратын күрделі процесс.Өйткені, оқыту- мұғалімнің білім берудегі негізгі іс-әрекеті болса, оқу - баланың өзінің танымдық, практикалық әрекеті.
5)Оқыту - жоспарлы процесс. Мұғалім оқушылардың жалпы рухани дамуын жүйелі қамтамасыз ету үшін оқыту процесін жоспарланған, ұйымдастырылған, түрде жүзеге асырады. Оқыту процесі оқушылардың жас ерекшеліктерінің сәйкестігін ескере отырып, таным қызметінің формасы мен әдістерін соған қарай өзгертіп отырады.
6)Оқыту - күрделі процесс. Ол тұлғаға білім беру, тәрбиелеу және ақыл-ойы мен творчествалық қабілетін , яғни біліктілігі мен дағдысын дам
ыту негізінде жүзеге асырылады.Жеке тұлғаға комплексті ықпал жасауды көздейді.
Осының негізінде, оқыту процесінің бірінші қызметі - оқушыға білім беру.Ол оқушыны ғылым негіздеріне сай нақты фактілермен,қағида және түсініктермен заңдылықтармен қаруландырады және қоршаған орта құбылыстарына олардың ғылыми көзқарастарын қалыптастырады. Екінші қызметі - тәрбиелеу.Оқытуда тәрбие мен оқытудың байланысы біржақты қарастырылмайды, керісінше біртұтастық принципкенегізделіп, бірлікте қолданылады. Тәрбие процесі дұрыс ұйымдастырылған жағдайда оқытудың барысына қолайлы ықпал етеді, соның негізінде тұлғаның танымдық қызметі мен оқуға деген қызығушылығы артады. Үшінші қызметі - дамыту. Даму өз алдына жеке өмір сүрмейді, керісінше оқытудың білім беру мен тәрбиелеу қызметінің жалғасы болып есептеледі. Дамудың қарқынды болуы білім беру мен тәрбиенің қандай дәрежеде іске асырылуына байланыст,даму- білім беру мен тәрбиелеу қызметінің нәтижелі болуына ықпал етеді.
Педагогикалық процесс - тәлім-тәрбиелік қарым-қатынастарды ұйымдастырудың тәсілі. Педагогикалық процесс - бірнеше элементтен құралатын жүйе. Педагогикалық процестің үш құрылымы болады: педагогикалық, әдістемелік, психологиялық.
Педагогикалық құрылым: мақсат - принциптер - мазмұн - әдістер - құралдар - түрлер.
Мақсат - ұстаз бен шәкірт арасындағы педагогикалық қатынастардың нәтижесі.
Принциптер мақсатқа жету жолдарын анықтайды.
Мазмұн - мақсатқа жету жолында оқушыларға берілетін тұлғалар тәжірибесінің бөлігі.
Әдістер - мұғалім мен оқушының мазмұнды жетілдіру-қабылдауға арналған іс-әрекеттері.
Құралдар - мазмұнмен жұмыс жасйтын материалдық тәсілдер.
Әдістемелік құрылым: ұстаз бен шәкірт іс-әрекеттерінің кезеңдерін анықтайды.
талдау; экскурсияның әдістемелік. құрылымы: дайындық, керекті жерге бару, бақылау, көргенді бекіту, нәтижені талдау.
Психологиялық құрылымы: танымдық процестер, оқуға қызығушылық, ерік-жігер қасиеттері.
Оқыту процесі тек мұғалім мен оқушылар арасындағы оқу әрекетімен шектелмейді, сонымен бірге оқытудың басқа да элементтері бар. Олар:
1. Оқытудың мақсаттылығы. Мұнда мұғалімнің оқылатын тақырыбының мақсат-міндетері айқын қарастырылуы көзделеді.
2.Оқытудың мазмұны. Жас ұрпақты ғылымның жетістіктерін меңгеруді, білімдерін дамытуды міндеттейді.
1. Оқыту формалары мен тәсілдері. Оқыту мазмұнын қандай амал-тәсілдермен, нақтылы практикалық жолдармен меңгеруді баяндайды.
2. Оқыту нәтижесін талдау және бағалау.
Осыған сәйкес оқыту,оқушылардың білімдер жүйесін меңгеруі белгілі бір дидактикалық буындардан немесе кезеңдерден тұрады:
1. Оқушыға берілетін білім мақсаты мен қажетін түсіндіру және оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді туғызу.
2. Оқушыға жаңа берілетін білімді баяндау және оны қабылдауға жағдай туғызу.
3. Оқушының білімді қабылдауы және оның санасында жаңа білімнің қорытылып , ғылыми ұғымдар ментұжырымдардың қалыптасуына мүмкіндік беру.
4. Берілген білімді бекітуге басшылық ету.
5. Білімді практикада қолдануға тырысу.
6. Оқушының білімі мен дағдысының сапасы және деңгейін есепке алу, тексеру және бағалау.
Оқыту процесінде мұндай басқару жүйесі оқушылардың білім алудағы таным әрекетінің ерекшеліктеріне байланысы, білімді жүйелі түрде ұғынуға мүмкіндік туғызады. Аталған әр кезеңнің өзіне тән ерекшеліктері болады .
Бірінші кезеңді талдайтын болсақ.оқушының білім алудағы әрекеті түрткі және мақсатқа сәйкес жүзеге асады. Түрткі - әрекеттің себебін анықтайды. Оқуда негізгі түрткінің бірі - қызығу. Бала оқуға талаптанбаса, күшпен зорлап оқыту мүмкін емес.Қызығушылықтың тууына жағдай жасау қажет. Бұның шарттары мен амалдары жеткілікті.Олар:оқу материалдарының мазмұны, оқуды ұйымдастыру, мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне байланысты.Екінші кезең тікелей баланың психикалық танымдық процестеріне байланысты. Оқушының білімді меңгеруі жаңа оқу материалдарын қабылдаудан басталады. Ал қабылдау түйсік арқылы жүзеге асады (жеке тоқталып өту). Білімді жан-жақты меңгеру үшін қабылдау жеткіліксіз.Бұл олардың білім мазмұнын жете түсініп, ұғынуы және терең ойлау әрекетінің нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Бекіту - білімді жадыда қалдырудың әдіс-тәсілі. Ол әртүрлі практикалық, лабараториялық жұмыстар негізінде жүзеге асады.
Білім мен дағдының сапасы мен нәтижесінің көрсеткіші - практика.Бұл жағдайда оқушылар өздігінен бақылау, тәжірибе жасау, іздену әрекеттеріне негізделген жұмыстарды орындайды.

Негізгі ұғымдар: дидактика, білім беру теориясы, білім беру, оқыту, оқу, оқыту принциптері, оқыту процесі, мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері,әдістері, құралдары, оқытудың нәтижесі.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Дидактика қандай мәселелерді қарастырады?
2. Оқытудың ғылыми негіздерін атап көрсетіңіз?
3. Оқыту процесінің құрылымын және оның буыындарын сипаттаңыз.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) - М.,2003
3. Бабанский Ю. Педагогика. - М.,1988
4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. - Алматы: Қазақ университеті, 2006

6-тақырып. Мектептегі білімнің мазмұны.
1. Білім беру мазмұны.
2. Оқу жоспарлары, бағдарламалар және оқулықтар.
Білім беру мазмұны - оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі типтегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Оқу мазмұны қоғамның әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық қажеттіліктеріне сай қалыптасады. Еліміздің тәуелсіздігі, Республикамыздағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер мектеп түлектері жаңа қоғам құруға, мәдени және рухани өрлеуге дайын болуын талап етеді.
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны адамдандыру, момпьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделеді.
Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта, қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді.Білім берудің мазмұны оқу жоспарларында, жеке пәндердің оқу бағдарламаларында және оқулықтарда, электрондық оқу құралдарында нақтыланады.
Оқу жоспары.
+ Оқу жылының, тоқсандардың, демалыс күндерінің мерзімін;
+ Оқытылуға тиісті оқу пәндерінің тізімін;
+ әрбір оқу жылы (сыныптар) бойынша оқу тәртібін және ретін;
+ әрбір пәнге бүкіл оқу мерзімінде және апта сайын әр пәнге бөлінетін сағаттардың мөлшерін көрсететін мемлекеттік құжат;
Оқу жоспары қоғамның мектеп алдына қойған мақсатымен тығыз байланысты. Оқу жоспарында жеке пәндер педагогикалық заңдылықтарға, бірізділік және ижүйелілік
принциптеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктеріне, санитарлық-гигиеналық талаптарға сай орналасады. Жеке пәндердің белгілі бір реттілікпен оқу жоспарында берілуі олардың өзара логикалық байланыстылығына тәуелді.
Оқу бағдарламалары оқу жоспары негізінде құрастыралады. Оқу бағдарламасының құрамы:
+ аталмыш пән бойынша оқытудың мақсатын, оқушылар білімдеріне, біліктер мен дағдыларына қойылатын талаптарды, олардың білімін бағалау жолдарын,, оқытудың түрлері мен әдістері туралы нұсқауларды, бағдарламаның басты ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтайтын түсінік хат;
+ пәннің мазмұнын анықтайтын тараулар мен тақырыптар;
+ негізгі дүниетанымдық сұрақтар, басты ғылыми проблемалар тізімі;
+ әр тақырыпқа қажетті сағат мөлшері
+ пәнаралық байланыстар туралы ұсыныстар;
+ әдістемелік оқу құралдары мен көрнекіліктер тізімі;
+ ұсынылған әдебиет;
Сонымен, оқу жоспарының негізінде әрбір жеке пәндер бойынша бағдарлама құрылады.
Ол түсінік хат, негізгі бөлім әдістемелік аппаратынан тұрады.
Қоғамның дамып, жаңаруына, ғылыми жаңалықтардың өсуіне байланысты оқу бағдарламалары қайта қаралады. 1990 жылдан бастап ҚР-ның тәуелсіздігіне, ұлттық идеяға бағытталған бағдарламалар дүниеге келуде. Бағдарлама жасауда кейбір кемшіліктерді атап өткен жөн болар:
+ оқушылардың түсінігіне қиын оқу материалын енгізу;
+ курсаралық байланысты ұмыту;
Оқу бағдарламасы оқушыларға оқу әдебиеті арқылы жетеді. Оқу әдебиетіне оқулықтар, анықтамалар, қосымша кітаптар, есептер мен жаттығулар жинақтары, атластар, карталар, жұмыс дәптерлері жатады.
Оқулық - оқу бағдарламасына сай оқу пәнінің мазмұнын жүйелі түрде баяндайтын кітап. Оқулыққа қойылатын негізгі талаптар:
+ оқу бағдарламасына сәйкес болу;
+ оқушылар үшін ұғымды, қысқа және қызықты болу;
+ көрнекіліктерімен жақсы жабдықталу;
+ тілі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес болу керек;
+
+ тексеру, өзін-өзі тексеру және оқу нәтижелерін түзетуге арналған сұрақтар мен жаттығулардың болуы;
Оқулық оқушылар оқу материалын саналы, белсенді түрде, толық меңгеруін қамтамасыз етуі керек.

Негізгі ұғымдар: білім беру мазмұны, оқу жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, түсінік хат, әдістемелік аппарат.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Білім беру мазмұны дегеніміз не?
2. Қандай мемелекеттік құжаттар оқытудың мазмұнын анықтайды?
3. Оқу пәні және оқулық дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) - М.,2003
3. Бабанский Ю. Педагогика. - М.,1988
4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. - Алматы: Қазақ университеті, 2006

7-тақырып. Оқыту әдістері.
1. Оқыту әдістері туралы түсінік.
2. Оқыту әдістердің көптүрлілігі, оларды топтасытру.
3. Оқыту әдістеріне жалпы сипаттама.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады. Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру формаларының біртұтастығы болып табылады.
Әдіс деген сөз гректің "metodos" деген сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді. Оқыту әдістері туралы әрбір автор өз анықтамасын береді.
Қысқаша психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс" - мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет" - деген анықтама береді.
Оқыту әдісі - оқушыларға білім беру және оларды дамыту мақсатында мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жасайтын қызметі мен қарым-қатынасының тәсіл-амалдары - деген пікір айтылады.
Оқыту әдістері - оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның арқасында білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары.
Оқыту әдістер
і - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
"Әдіске" қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: "белгілі бір мақсатты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және іс-әрекет".
Олай болса оқыту әдістері - оқытудың мақсат-міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуге мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.
Мұғалім оқытудың нәтижесін арттыруда оқыту әдістеріне қатысты амал-тәсілдерімен қатар оның құралдарын да пайдаланады.
Оқу құралдарына оқу кітаптары, көрнекі және техникалық құралдар жатады.
1. Оқу кітаптары - оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.
2. Көрнекі құралдар - кестелер, сызбалар, чертеждер, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық-географиялық карталар т.б.
3. Техникалық құралдар - үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, копьютер т.б.
Сабақтар жүйесінде оқытудың әр алуан әдістерін мұғалімнің пайдалана білуі оқыту процесінің дұрыс ұйымдастырылғандығын сипаттайды. Бұл турасында Л.Н.Толстой былай дейді: "Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, оларды көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Оқушының сабақ түсінуіндегі қиыншылығының қандайын болса да, оның оқушының кемшілігі емес, қайта өзімнің сабақ оқытудағы кемшілігім деп қабылдауға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті".
Сондықтан әрбір мұғалім сабаққа дайындалу барысында оқу материалын оқушыларға қалай меңгертуге болатыны жайында үнемі шығармашылықпен жұмыс істеуі тиіс.
Оқыту процесінде оқушыларға ғылым негіздеріне сай терең білім беру, адамгершілік рухта тәрбиелеу және дамыту міндеттерін шешудегі мұғалімнің басшылық ету тәсілдері, амалдары мен құралдарының біртұтастығы оқу әдісі болып табылады.
Оқыту әдістері педагогика саласында күрделі мәселелердің бірі. Соған орай бүгінгі таңда оқыту әдістерінің анықтамасы және оларды топтастыру мәселесінде ортақ пікір қалыптаспаған. Ғылыми педагогикалық әдебиеттерде топтастырудың жиырмадан астам түрі бар:
1. Оқушылардың таным белсенділігіне қарай (М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер бойынша):
- түсіндірмелі хабарлау әдісі;
- репродуктивтік әдіс;
- проблемалық баяндау әдісі;
- эвристикалық әдіс.
2. Тұтас педагогикалық әрекеттердің тәсілдеріне қарай (Ю.К.Бабанский):
- оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру;
- оқуға ынталандыру;
- оқытудағы бақылау және өзін-өзі бақылау әдістері.
3. Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай:
- ауызша баяндау әдісі;
- есеп шығару әдісі;
- өнер құралдарын пайдалану әдісі.
Ең көп таралғаны - білім беру көздеріне сәйкес (И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант):
- сөздік немесе ауызша баяндау әдісі;
- көрнекілік әдістер;
- тәжірибелік әдістер.
Білімді меңгерту қандай жолдармен немесе тәсілдермен іске асса да, оқыту әдістерін таңдау негізінен, білім берудің мазмұны сияқты, оқытудың жалпы мақсаттары және міндеттеріне сәйкес анықталады.
Сөздік әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекі әдістер: иллюстрация, демонстрация.
Тәжірибелік әдістер: лабораториялық, практикалық, графикалық, әртүрлі жаттығу жұмыстары.

Негізгі ұғымдар: оқыту әдістері, амал-тәсілдер, сөздік әдістер, көрнекі әдістер, тәжірибелік әдістер.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Оқыту әдістерінің педагогикалық және психологиялық негіздеріне талдау жасаңыз.
2. Оқыту әдістерінің түрлерін топтастыру қажеттілігі неде?
3. Қазіргі оқыту әдістеріне қандай талаптар қойылады?
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Әбиев Ж.,Бабаев С.,Құдиярова А. Педагогика.-А. 2004
2. Р.С. Немов Учебник для студентов высших пед. учебных заведений. Т2. (Психология образования) - М.,2003
3. Бабанский Ю. Педагогика. - М.,1988
4. Педагогика: Педагогикалық жоғары оқу орындары мен педагогикалық колледждер студенттеріне арналғаноқулық Ред.басқ. П.И.Пидкасистый. - Алматы: Қазақ университеті, 2006

8-тақырып. Оқыту және тәрбиелеудегі психологиялық білімдердің мазмұны.
1. Психология - ғылым ретінде.
2. Психологиялық білімнің маңызы.
3. Негізгі психологиялық түсініктер және категориялар.
4. Психологияның басқа ғылымдармен байланысы.

Психология аймағында қарастырылатын білімге деген қызығушылық өте ертедегі, б.э.д. соңғы ғасырлардағы философиялық ойлардан әлем жаратылысының, оның ішінде жан мен рух мәселелерінің құпияларын ашуға тырысқандықтарын байқауға болады.
Психология ғылым ретінде басқа пәндерге қарағанда ерекше қасиеттерге ие. Психологияны зерттелген, тексерілген білімдер жүйесі ретінде көпшілік біле бермейді. Түрлі ғылыми және практикалық міндеттерді шешу арқылы ғана психологиямен арнайы айналысуға болады.
Ал өмірлік құбылыс жүйесі ретінде психология кез-келген адамға таныс. Адамға психология өз түйсінігі, бейнесі, елестетуі, ойлауы, сөйлеуі, қиялы, қызығушылығы эмоция-сезімі және т.б. түрінде беріледі.
"Психология"термині алғаш ХҮІ-ғасырда пайда болып, ол адамның өз санасында оңай бақыланатын психикалық құбылыстарды зерттеумен айналысса, ХҮІІ-ХІХ ғасырдың ортасы аралығында психологтардың зерттеу сферасы кеңейе түсіп, бейсаналық процестер мен адамның іс-әрекетін зерттей бастады. Одан кейін психологиялық зерттеулердің аумағы кеңейіп, "психология" атауы бастапқы тар мағынасын жоғалта бастады. Дегенмен ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрдің нәтижесінде бұл ғылым саласы өзінің бұрынғы атауын сақтап келеді.
Психологияның зерттейтін объектісі - өзінде бірнеше көптеген субъективті құбылыстарды енгізетін адам және жануарлар психикасы, психологиялық деректер мен заң, заңдылықтар.
Психика - сыртқы орта заттары мен құбылыстарының адам миында бейнеленуі және соның негізінде адам қылығы мен әрекетін реттестіру. Мысалы, оның бір компоненті ретінде түйсік, ес, ойлау арқылы адам қоршаған ортаны танып біледі. Сондықтан бұларды танымдық процестер деп атайды. Ал кейбір құбылыстар оның басқалармен қарым-қатынасын реттейді, әрекет қылықтарды басқарады. Оларды психиклық қасиет, психикалық кейіптер дейді(қажеттңлік, мақсат, қызығушылық, эмоция ,сезім, икемділік, және т.б..
Адам баласы өзінің танымдық процестері арқылы ортаны танып, біліп қана қоймайды, оған әсер етеді, өзінің түрлі материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға тырысады. Адамның бұндай қылықтарын ұғып, түсіндіру үшін біз келесі "жеке тұлға " ұғымына кездесеміз.
Психикалық процестер, психикалық қасиеттер және қалып негізгі психологиялық категогриялар бола отырып жеке дара зерттелінгенімен, олар өзара бір-бірімен өте тығыз байланыста, және адамның өмір сүру қызметі болып табылады. Адам психологиясын және әрекет- қылығын зерттей отырып, ғалымдар оны бір жағынан адамның биологиялық табиғатынан, екінші жағынанан - оның өзіндік жеке тәжірибесінен, үшінші жақтан - қоғамда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Артпедагогика
Студенттердің өз бетімен жұмыс жасау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру
Бастауыш мектепте еңбекке баулуды оқыту практикумы
Бакалавриаттағы Әлеуметтік педагогика және өзін - өзі тану мамандығының білім беру бағдарламасының мазмұнын жетілдіру мәселесінің ғылыми әдебиеттерде талдануы
Жалпы білім беру пәндер циклы
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығы бойынша ЭЛЕКТИВТІК ПӘНДЕР КАТАЛОГЫ
Сыныптарда информатика пәнін оқытудың оқу бағдарламасының тұжырымдамалық негізі
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер
Дербес әдістемелік пәндерді оқыту барысында студент психологиясының ерекшеліктері
Пәндер