Бала тәрбиесіндегі еркектің рөлі



Жоспар

Кіріспе
1.Бала тәрбиесі
2.Тəрбие міндеттері мен қызметтері
3.Қоғамдың институттардың ең күрделі жүйесі бұл . отбасы.
Қолданылған әдебиеттер
Кіріспе
Бағзы заманда бір жас жігіт Меккеге қажылық парызын өтеуге аттанады. Ол кезде қазіргідей көлік жоқ, жігіт көшке ілесіп, жаяу-жалпылап күннің ыстығына, ауа райының қолайсыздығына шыдап, көштен қалмай еріп жүреді. Құдіреттің күшімен ол Қағбаға да жетеді. Сол кезде оған сол жердегі бір ғұламаның көзі түсіпті. Жігіт Қағбаны айналу кезінде де, одан кейін де арқасындағы қомақты бір дорбаны тастамайды екен. Орайы келгенде әлгі ғұлама жігітті шақырып алып, “балам,ана арқаңдағы дорбаң не?” деп сұрайды. Сонда жігіт, “кешіріңіз, бұл дорбаның ішінде менің әкем отыр еді. Ол мені осы жарық дүниеге әкелді. Бағып-қақты, тәрбиеледі. Қазір қартайып, аурушаң болып қалды. Балам, қажылық парызымды өтейінші деген соң, арқама салып әкелдім” деп жауап береді. Сонда ғұлама: – “Сен үлкен жақсылық істеп, сауап алып отырсың, бірақ есіңде болсын. Еліңе қайтқаннан кейін әкеңе бір рет “түһ” деп ренжісең, не кейістігіңді білдірсең,осы жасаған жақсылығыңнан түк қалмайды. Барлық ама¬лың¬ның сауабы жойылып кетеді”, – деген екен. Мұны айтып отырғанымыз, бала үшін әке¬нің алатын орны ерекше. Алайда, әкелер де әртүрлі. Балаларын тірі жетім етіп тастап кете¬тіндер де, шарана іште жатқанда бас тартатын да әкелер бар. Өкінішке қарай, соңғы кезде біздің қоғамда әкенің алатын орны тіпті төмендеп кетті. Бұл сөзімізге өз басын алып жүре алмайтын маскү¬нем, отбасын асырай алмайтын, жұмыс істемейтін ең соңында баласына қарамай, балалар үйіне өткізетін әкелердің көбейіп бара жатқаны нақты дәлел бола алады. Иә, бүгінде жігіттеріміз жеті елдің қамын жемек түгілі, қыз-қырқынның өмірін бір түндік ойынға айналдырып, соңында некесіз туған балалар қаптап кетті. Сәбилер үйіне барсаң қаптаған көгенкөз жетімдер. Олардың басым бөлігі қазақтар екендігін байқағанда, ішің удай ашиды. Тастанды балаға әке фамилиясын бермек түгілі, маңынан да жүрмейді. Бұл жерде тәрбиелеуге, баланы асырап өсіруге мемлекет қана шығын¬данады. Сонда мемлекетіміздің болашағы қандай болмақ деген заңды сұрақ туындайды. Енді бұл мәселені қалай реттеуге болады? Бәлкім, бұл олқылықтың орнын толтыру үшін бірнеше бала тәрбиелеп, өсірген әкелерге де лайықты құрмет көрсетіп, мәселен “Заңғар әке” деген марапат берілсе оның еш айыбы жоқ сияқты. Ең бастысы, әкенің тәрбиесін, отбасын сақтаудағы тәжірибесін үлгі ғып көрсету керек. Себебі, қазіргі жастар жаһандану заманында өмір сүріп отырғандықтан да олар қаптаған батыс фильмдерін көреді. Ал онда негізінен қаталдық, махаббаттың атын жамылған зина¬қорлықты насихаттайды.
Қолданылған әдебиеттер

1. Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев.Педагогика. - Алматы, 2000.
2. Е.Сағындықұлы, Педагогика(дәстүркурсы). - Алматы, 1999.
3. А.О. Пинт. Ата-аналар, сіздер үшін. - Алматы, 1972.
4. Ю.П. Азаров. Отбасы педагогикасы. - Москва, 1985.
5. В.А.Сухомлинский. Ата-ана педагогикасы. -Алматы, 1983.
6. Қ. Жарыңбаев, С.Қалиев. Қазақтың тәлім-тәрбиесі. -Алматы, 1995.
7. К.Ж.Қожахметова. Сынып жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2000.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университеті.
мәдениет және спорт факултеті алғашқы әскери дайндық мамандығы

Тақырыбы: Бала тәрбиесіндегі еркектің рөлі

Орындаған: Даргерхан А
Тексерген:

Өскемен 2012 ж

Жоспар

Кіріспе
1.Бала тәрбиесі
2.Тəрбие міндеттері мен қызметтері
3.Қоғамдың институттардың ең күрделі жүйесі бұл - отбасы.
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе
Бағзы заманда бір жас жігіт Меккеге қажылық парызын өтеуге аттанады. Ол кезде қазіргідей көлік жоқ, жігіт көшке ілесіп, жаяу-жалпылап күннің ыстығына, ауа райының қолайсыздығына шыдап, көштен қалмай еріп жүреді. Құдіреттің күшімен ол Қағбаға да жетеді. Сол кезде оған сол жердегі бір ғұламаның көзі түсіпті. Жігіт Қағбаны айналу кезінде де, одан кейін де арқасындағы қомақты бір дорбаны тастамайды екен. Орайы келгенде әлгі ғұлама жігітті шақырып алып, "балам,ана арқаңдағы дорбаң не?" деп сұрайды. Сонда жігіт, "кешіріңіз, бұл дорбаның ішінде менің әкем отыр еді. Ол мені осы жарық дүниеге әкелді. Бағып-қақты, тәрбиеледі. Қазір қартайып, аурушаң болып қалды. Балам, қажылық парызымды өтейінші деген соң, арқама салып әкелдім" деп жауап береді. Сонда ғұлама: - "Сен үлкен жақсылық істеп, сауап алып отырсың, бірақ есіңде болсын. Еліңе қайтқаннан кейін әкеңе бір рет "түһ" деп ренжісең, не кейістігіңді білдірсең,осы жасаған жақсылығыңнан түк қалмайды. Барлық ама - лың - ның сауабы жойылып кетеді", - деген екен. Мұны айтып отырғанымыз, бала үшін әке - нің алатын орны ерекше. Алайда, әкелер де әртүрлі. Балаларын тірі жетім етіп тастап кете - тіндер де, шарана іште жатқанда бас тартатын да әкелер бар. Өкінішке қарай, соңғы кезде біздің қоғамда әкенің алатын орны тіпті төмендеп кетті. Бұл сөзімізге өз басын алып жүре алмайтын маскү - нем, отбасын асырай алмайтын, жұмыс істемейтін ең соңында баласына қарамай, балалар үйіне өткізетін әкелердің көбейіп бара жатқаны нақты дәлел бола алады. Иә, бүгінде жігіттеріміз жеті елдің қамын жемек түгілі, қыз-қырқынның өмірін бір түндік ойынға айналдырып, соңында некесіз туған балалар қаптап кетті. Сәбилер үйіне барсаң қаптаған көгенкөз жетімдер. Олардың басым бөлігі қазақтар екендігін байқағанда, ішің удай ашиды. Тастанды балаға әке фамилиясын бермек түгілі, маңынан да жүрмейді. Бұл жерде тәрбиелеуге, баланы асырап өсіруге мемлекет қана шығын - данады. Сонда мемлекетіміздің болашағы қандай болмақ деген заңды сұрақ туындайды. Енді бұл мәселені қалай реттеуге болады? Бәлкім, бұл олқылықтың орнын толтыру үшін бірнеше бала тәрбиелеп, өсірген әкелерге де лайықты құрмет көрсетіп, мәселен "Заңғар әке" деген марапат берілсе оның еш айыбы жоқ сияқты. Ең бастысы, әкенің тәрбиесін, отбасын сақтаудағы тәжірибесін үлгі ғып көрсету керек. Себебі, қазіргі жастар жаһандану заманында өмір сүріп отырғандықтан да олар қаптаған батыс фильмдерін көреді. Ал онда негізінен қаталдық, махаббаттың атын жамылған зина - қорлықты насихаттайды.

Бала тәрбиесі

Абай атамыз баланың тәрбиесіне үш жақ әсер етеді: ата-анасы, ұстазы және жүрген ортасы. Қайсысының ықпалы зор болса, баланың мінезі солай қалыптасады деген. Санасы әлі жетіліп үлгермеген балаға отбасындағы тәрбиенің маңызды екені белгілі. Оны Хазіреті Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.а.у.): Балаларыңның намаздарын оқуын қадағалаңдар және жақсылыққа әдеттендіріңдер. Себебі, жақсылық адам баласына тән нәрсе, (Табарани) Әкенің баласы үшін жақсы тәрбие беруден артық сыйы жоқ (Муслим) деген секілді көптеген хадистерінде дұрыс тәрбие беруді үмметіне ерекше міндеттеген. Оның (с.а.у.) тәлімін алған сахабалар да: Тақуалық - Аллаһтан, ал әдептілік - әкеден, - деп айтқан (Бұхари). Себебі жас бала жас шыбық секілді қалай қарай исең, солай өседі. Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі демекші, балаға арнайы үйретпесек те, отбасындағы жасаған әрбір амалымыз тәрбие ретінде беріліп жатады. Сонықтан Хазіреті Айшадан (р.а.) риуаят етілген хадисте Пайғамбарымыз (с.а.у.): Мүміндердің иман жағынан ең күштілері және мінез-құлқы жағынан ең жақсылары - отбасына ілтипатты болғандар (Хаким, Мустадрак), Имам Тирмизи жеткізген хадисте: Мүміндердің ішінде иманы ең кәмілі - мінез-құлығы жақсы болғаны. Ал, сендердің ең жақсыларың - әйеліңмен жақсы мәміледе болғандарың деп айтқан. Демек, отбасында ата-ананың тату-тәтті өмір сүруі иманнан екен. Қазіргі кезде жасыратыны жоқ көп отбасында баланың алдында, оның қалай қабылдайтынына қарамай, әке мен шеше бір-бірінің мінін айтып, бетінен алып жатады. Содан болар бала әкені қалай сыйлау керектігін шешеден, шешені қалай сыйлау керектігін әкеден көріп өседі. Қарапайым мысал, тете өскен екі бала бір затқа таласып қалса, бірден үлкеніне ұрысамыз өгіздей болып, неге кішкентайға бермейсің деп. Бірақ, бұл үлкен қателік. Біріншіден іні ағаны қалай сыйлауды білмей, ал ағасы інісінің алдында намысы тапталып, жасып өседі. Баланы бірінің көзінше екіншісін сөгеміз, саған да сабақ болсын деп. Ол қайдағы сабақ?! Бірге туған бауырының осал тұсын көріп, естіп өскен балалардың сыйласуы екі талай. Ұрысуды да, арақ ішуді де, ашық-шашық жалаңаш жүруді де отбасында көрсетеміз. Тіпті, бала үйде не көріп, не түйіп жатқанына да мән бермейміз. Балам, жаман болма, жақсы адам бол дейміз де, жаман мен жақсының ара жігін айырып түсіндірмейміз. Ал, ұл-қыздарымыз теріс жолға түссе, айтқанды қылмаса, баққаныма айтқан рахметің осы ма деп ренжиміз. Бірақ, балам неге бұлай болды деп себебін ойламаймыз. Осындай отбасылық кикілжің, жат қылықтардың бәрі пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.у.) өсиетінен, оның өсиетін басшылыққа алған ата-бабамыздың тәлімінен алыстағанымыздың айғағы. Енді сол бала әке-шешесі қартайғанда сақалынан сүйреп, қарттар үйіне өткізбегенде, бірге туғанына қастандық қылмағанда не істейді? Алла сақтасын, осындайларды көргенде жүрегің сыздайды. Мұнымыз аздай, баланың тәрбиесін балабақшаға, мектепке беріп қойып, оқытып-тоқытып, қатарынан кем қылмай өсіріп жатырмыз деп, кеудемізді соғамыз. Ертең Аллаһ тағала баламыздың тәрбиесін балабақшадағы тәрбиешіден, мектептегі мұғалімнен емес, әкесінен сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.): айтқандай, "Әкенiң бала алдындағы мiндетi - жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру" (Ибн Аббастан (р.а) Имам Байһақи жеткізген) екенін ескерген отбасындағы ұл мен қыз ғана ата-анасының сенімін ақтайды.
"Таһа сүресiндегі: "Үй-iшiңдi намаз оқуға бұйырып, өзiң де оған көңiл бөл", - деген аяты түсiрiлген уақытта, Омар (р.а): "Ия, Расулуллаһ! Бiз Аллаһ Тағаланың азабынан сақтануға тырысамыз. Ал, бала-шағамызды қалай сақтандырсақ болады?", - деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.с): "Аллаһ Тағала сендердi неден қайтарған болса, сендер де бала-шағаларыңды содан қайтарыңдар! Аллаһ Тағала сендерге ненi iсте деп бұйырған болса, сендер де бала-шағаларыңа соны iсте деп бұйырыңдар!", - деп жауап берген". (Имам Бухари, Имам Муслим)
Хазреті Пайғамбарымыз (с.а.с.): "Сендер әкелеріңе (ата-аналарыңа) жақсылық жасаңдар, балаларың да сендерге жақсылық жасасын." (Табәрани, әл-Хаким)
Тағы бір жәйт, тәрбиенің осалдығының кесірінен бүгінгі таңда көп адам психологтардың көмегіне жүгінуге мәжбүр. Себебі, өмірдегі кез-келген қиындықтан шығатын өзіндік пікір, ерік жігер де жетпей жатады. Ал, жанашырыңдай жан дүниеңе үңілген сол мамандардың көбісі батыстық бағытты ұстанатындар. Бірде бір телебағдарламада некеге, некенің бұзылуына қатысты мәселе талқыланып жатқан болатын. Сонда елге есімі таныс бір психолог маманымыздың пікірін естіп жағамызды ұстадық. Ол: тіл табыса алмай жатқан екі жастың ажырасуы - мәселені шешудің ең тиімді жолы деген мағынадағы ой айтты. Астағфируллаһ! Алланың алдындағы ең ұнамсыз амал ерлі-зайыптылардың ажырасуы. Мұнымен қоймай, өткенде тағы бір телеарнадан сол психологтар 3-4 жасар бала қайдан, қалай пайда болғанын біліп өсуі керек деп, шет елден жыныстық қатынасты үйрететін мультфилмдер де әкелгенін айтты. Бұл не деген масқара! Әйтеуір дер кезінде мамансымақтарға Білім және ғылым вице-министрі тиым саламыз деді. Менің айтпағым, біз отбасында баланың тәрбиесімен өзіміз айналыспасақ, ұрпағымыз көрінгеннің жетегінде кетеді. Ал, малым - жанымның садақасы, жаным - арымның садақасы деген халқымыз, қай кезде де ұрпағының екі дүниесін ойлаған. Соның бір көрінісі көп ата-әжелер баласынан тараған алғашқы немерелерін бауырына басқан. Себебі, ертең өзі жауап беретін ұрпағының арғы дүниесін ойлаған ата-әже бірінші немересінің атын өздері қойып, ата-ана міндетін толық түсініп үлгермеген ұлы мен келініне баланы қалай шомылдырып, киіндіру, қалай тәрбиелеуді үлгі ретінде көрсетеді. Келесі балаларын үйреткеніндей етіп өсіріп, тәрбиелеуді өздеріне жүктейді. Бірақ, сен ата-әженің баласысың әке-шешеңнің атын ата немесе аға-жеңге деп айт демеген.

Тəрбие міндеттері мен қызметтері
Тəрбие педагогикада бірнеше қырларымен танылған:
- əлеуметтік мағынада - бұл аға буын жинақтаған тəжірибені жас ұрпақ өкілдеріне өткізу. Тəжірибе дегеніміз - адамзаттың өз тарихи даму барысында жасаған рухани мұрасы, дəлірек айтсақ : адамдарға белгілі болған білімдер, ептіліктер, ойлау тəсілдері, құқықтық, адамгершілік жəне т.б. нормалар.
- педагогикалық мағынада - бұл тəрбиеленушіге ықпал жасау үшін ұйымдастырылған арнайы іс-əрекет, тұлға қалыптастыруға бағытталған мақсатты процесс.
Тəрбие қоғамдық талаптарға сəйкес болуы міндетті. Егер қоғам құқықтық демократиялық мемлекет құрып жатса, ендеше ондағы адам тəрбиесі адамгершілік, азаматтық заңдар мен қылық-əрекет нормалары рухында жүріп жатуы қажетті. Жалпы адамзаттық құндылықтар қалыптастырудың маңыздылығын ескерумен бірге əлеуметтік ортаның кездейсоқ та, мақсатты бағытта да əсер, ықпал жасайтынын естен шығармаған жөн.
Қазіргі заман тəрбиесі гуманистік негізде болып, тұлғаның əлеуметтік-мəдени (өмір жəне əрекет-қылық кейпін таңдау жəне іске асыру), даралықты (тұлғаның өзіндік қалыптасуы), жауапкерлікті қатынас (құндылықтар таңдау) бағыттарында дамуына орайласады. Мұндай тəрбие технологиялық икемшілдігіменен (адамның қабылдау жəне психологиялық даму заңдылықтарына сай орындалады), көңіл-күйге сəйкестігімен (көңіл-күй тəжірибесін қалыптастырады), сұхбаттастығымен (екінші біреуге ұсыну үшін емес, өз меншікті тəжірибесін құрастыру үшін), жағдайға орай орындалуымен (негізгі құралы - тəрбиелік жағдай), болашаққа бағытталуымен (дамудағы тұлғаға арналады) ерекшеленеді.
Сонымен, тəрбие - бұл жалпы, ортақ міндеттерді іске асыру барысында мұғалім мен оқушының ықпалдасты əрекеттерін қамтамасыз етуші арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе жағдайында мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс.
Берілген анықтаманың мазмұндық құрылымына зер салайық:
мақсаты тұлға қалыптастыру болған əлеуметтік процесс мəні- процесс нақты мақсаты болғанда ғана тəрбие деп аталуы мүмкін.
əлеуметтік процесс мəні - тəрбие əрқашан адамды ұнамды өзгеріске келтіруші көптеген қоғамдық іс-əрекеттердің арнайы түрі.
тұлға қалыптастыру мəні - бұл тəрбиеге басқарым, оны іске асыруға жағдай жасау, тəрбиелік іс-əрекеттерді ұйымдастыру (зорлау, əкімшіл ықпал мүлде болмауы тиіс). Қалыптастыру екі өзара байланыстан тұрады: педагогикалық қызмет жəне тəрбиеленушінің жауап іс-əрекеті.
арнайы ұйымдастырылған тəрбиелік жүйе мəні: неліктен жүйе? Себебі практикалық іс-əрекет процесінде қандай да жалғыз əдіс, тəсіл, жоба қолданумен шектелуге болмайды. Бұлардың бəрі өзара байланыста, бірін-бірі толықтырып, жетілдіретін болса ғана, оқу нəтижесі тиімді болады.
тəрбиелеуші мен тəрбиеленушінің ықпалдасты əрекеттері мəні - тəрбие процесі кері байланысқа міндетті түрде негізделуі тиіс, ол болмаған жағдайда мұғалім қызметінің нəтижесі жөнінде əңгіме болуы мүмкін емес.
Тəрбие процесінде ықпалдасты іс-əрекеттердің арқасында тəрбиеленуші ұсынылған ұйымдастырылып, белгілі тəжірибені игереді. Осыдан, тəрбиелеушінің басты міндеті - оқушыны көргенін, оқығанын қайталап, оларды өз бойына сіңіріп, өзінің меншікті əрекеті ретінде қайта жаңғырта алатындай оқу жұмыстарына қосудың жолдарын табу. Сонымен, тəрбие- бұл əрқилы іс-əрекет түрлерін ұйымдастыру процесі. Тəрбие теориясында мұндай бағыт тұлғалық- іс-əрекеттік атауын алған. Оның мəні: адам барша əлеуметтік тəжірибеден өзіне табиғаты жағынан жақын, əрі қызықтысын таңдайды.
Тұлғалық - іс-əрекеттік бағыттың негізгі мазмұндық бірліктері төмендегідей:
- сан қилы тұлғааралық қатынастардың бəрінің негізі - ортақтасу (общение):
- іс-əрекет барысында тұлға дамуына басшылық жасау;
- тұлға дамуы мен əлеуметтенуі.
Гуманистік педагогикада тəрбие - көзделген мақсатқа жеткізуші тəрбиелеуші мен тəрбиеленуші арасындағы тиімді қызметтестік процесі.
Мақсат - адамның қол жеткізуі тиіс нəтижені саналық деңгейде алдын-ала ниеттеуі.
Тəрбие мұраттарын анықтауда жаңа жағдайлар мен жаңа қоғамға икемдескен адам мұраты арқау етіледі. Тəрбие мазмұны, формасы, əдістері - бəрі де мақсатқа тəуелді. Тəрбие мақсатын түсінуден оны іске асырудың технологияларын таңдауға жол ашылады. Жан-жақты əрі үйлесімді дамыған тұлға тəрбиелеу мақсаты ҚР Білім туралы Заңында бекітілген.
Оның баптары:
- тəрбие процесінің мазмұнын анықтайды;
- тəрбие нəтижесінің шарттарын белгілейді;
- педагог қызметінің өлшемдері ретінде қызмет етеді;
- тəрбие жүйесін толықтай айқындайды.
Тəрбие мақсаттары жалпы (барша адамдарға арналған) жəне даралықты (жеке адамға арналған) болып бөлінеді.
Тəрбие мақсатын белгілеуде жекеленген іс-əрекеттердің ғана емес, бүкіл оқу - тəрбие процесінің де бірлік элементі ретінде психологиялық-педагогикалық диагностика маңызды роль атқарады. Осыдан, тұлғаны зерттеудің əрқилы əдістерін білу жəне олар негізінде тұлға мен ұжымды зерттеудің бағдарламаларын түзе алу қажеттіктері туындайды.
Бір тəрбиелік жүйеде əрдайым бір тəрбие мақсаты көзделеді, ал мақсатқа орай орындалатын міндеттер (жалпы не нақты) көптеген болуы мүмкін. Тəрбие мақсаттары қоғамның даму қажеттерімен айқындалып, əлеуметтік жəне техникалық прогреске, қоғам, ересектер мен балалардың мүмкіндіктеріне тəуелді келеді. Тəрбиелік іс-əрекет нəтижесінде көрініс беретін көкейкесті мақсаттар : əр адамның даралықты дамуы жəне оның əлеуметтенуі, ал бұл өз кезегінде ақыл-ес, адамгершілік, əсемдік (эстетикалық), азаматтық, еңбектік жəне тəн-дене тəрбиесі міндеттерінің орындалуымен анықталады.
Тəрбие міндеттерінің шешімі тұлға мəдениеттілігінің негізін қалайды.

Қоғамдың институттардың ең күрделі жүйесі бұл - отбасы.
Отбасы қарапайым екі адамның бірлесіп шаңырақ көтеруінен басталып, сол шаңырақ арқылы үрім-бұтақ өсіп-өніп, үлкен бір қауымға айналады. Халқымыздың дәстүрінде қара шаңырақтың қасиетін терең сезіндіретін небір ұлағатты сөздер бар. Соның бәрі жайдан-жай емес. Отбасының әрбір мүшесі, ата-ана, бала - үйдің алтын діңгегі. Осылардың ішінде ерекше алып қарайтын негізгі тақырыбымыз, ол - әке. Қандай ұлағатты сөз! Әке әркімде бар. Әке - жаратылыстың бастауы. Алла тағала адам баласын жаратқанда Адам ата, Хауа ана деп о баста бөліп жаратқан. Адамзат баласының жер бетінде көбеюі дәл осы екі жаратылыс иесінен бастау алған. Дін тұрғысынан қарағанда әйел еркектің қабырғасынан жаралған деп айтылады. Адам баласына өз қабырғасынан жақын не бар? Демек, қабырғадан жаратылған ана, яғни әйел - ер адам үшін ең жақыны. Ер мен әйелдің жаратылысы, олардың өмірі жеке бола алмайды. Жеке дами алмайды. Бұл - күллі жаратылыс идеясына сай келмейтін дүние. Олар бірге болғанда ғана ұрпақ пайда болады. Ал дүниеге келген әрбір ұрпақ, келесі ұрпақты жалғастырады. Бұл - қарапайым ғана заңдылық. Бұлардың арасындағы гармониялық үйлесім, рухани байланыс үзілсе, жаратылыстың дамуында қайшылық орнайды. Қазіргі кездегі бір жыныстылардың арасындағы байланыстар өршіп бара жатқаны да - табиғаттың заңдылығына қарама- қайшы келетін нәрселер.
Әке туралы әңгіме қозғағаннан кейін, ардақты аналарға соқпай өте алмаймыз. Әке мен ананың өзара байланысы, олардың бақыты - күллі ұлттың бақыты. Олай болса, әкесіз ананы, анасыз әкені елестетудің өзі қиын. Жер бетінде жақсылық атаулының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халық педагогикасындағы отбасы тәрбиесі
Нарықтық қатынастар жағдайындағы отбасы
Тұрмыс және үй шаруашылығы. Үй шаруашылығындағы әйелдің рөлі
Үй шаруашылығындағы әйелдің рөлі
Қыз баласының психологиялық ерекшеліктері
Бала тәрбиесі-отбасы өмірінің негізгі қызметі жайында
Қыз бала тәрбиесі қазақ халқында
Түркі халықтарындағы әйел болмысының тарихи қалыптасуындағы ерекшеліктерін айқындап, бүгінгі күнгі қыз бала тәрбиесінде қолдану
Тәрбие - отбасынан басталады. Әке мен ана баланың алғашқы ұстазы
Отбасы - рухани тәрбиесі
Пәндер