Студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасы



Пән: Спорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Оқу жұмысы. Студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасы
2. Орта арнаулы оқу орындарындағы сауықтыру-дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмысы
3. Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде әрбір азаматтың бойындағы дене қозғалыстарын, сапалық қасиеттері мен рухани күшін үйлестіріп, олардың еңбек, оқу қабілетін арттыруға, белсенді өмірін ұзартуға бағытталған дене тәрбиесіне зор көңіл бөлініп отыр. Дене тәрбиесі бала-бақшадан бастап, мектеп орта және жоғары оқу орындары мен өндірістік ұжымдарда өткізіліп, оған тиісті бағасы берілуде.
Әрбір адам өзін келешекте өмір сүруге әзірлеп отырады. Алайда, ғылым мен техниканың дамуына байланысты көптеген қол жұмыстары ой еңбегімен алмастырылып, денелік қимыл-қозғалыстар азаяды. Соның салдарынан адам ағзасы көптеген өзгерістерге ұшырап әртүрлі аурулар орын алуда. Сондықтан адамды мұндай күйден арылтудың бірден-бір жолы қимыл-қозғалыс, яғни дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға ынталандыру.
Біз ұсынғалы отырған оқу әдістемелік құралы осы тұрғыда біршама мәселелерді, игі істерді қолға алып отыр. Егеменді елімізде дене тәрбиесі барысындағы жұмыстарды қайта құруда. Әсіресе, дене тәрбиесі мен спорт саласында оқушыларға, студенттерге ана тілімізде сабақ беретін, бәсекеге қабілетті мамандарды қажет етуде. Әрине, мұндай мамандарды дайындау педагогикалық дене тәрбиесі институттары мен университет, колледждер үлесіне тиеді.
Еліміздегі көптеген арнаулы оқу орындарында көпшілік спорт және дене тәрбиесі-сауықтыру жұмыстары жақсы жолға қойылған. Оқу орындарының түлектері жақсы шынықтырылған, әрі дене дамуы жағынан да алдыңғы қатарда. Бұл көптеген түлектер мен тәрбиеленушілерге спортшы болуға мүмкіндік туғызады. Мысалы, бокстан Сидней олимпиадасының күміс жүлдегері М.Ділдәбеков, Москва олимпиадасының чемпионы Ж.Үшкемпіров (грек-рим күресі), Москва олимпиадасының күміс жүлдегері С.Қонақбаев (бокс). Сондай-ақ арнаулы ойындардың жүлдегері мен жеңімпаздары және Европа, Әлем біріншіліктерінің чемпиондары болды; Б.Жұмаділов (Жамбыл), Е.Ибраймов (Ақтөбе), Г.Головкин (Астана), А.Д.Жафаров (Ақтөбе), Т.Хромова (Оңтүстік Қазақстан), Б.Саттарханов (Оңтүстік Қазақстан) және басқалар.

Оқу жұмысы. Студенттердің дене тәрбиесі бағдарламасы
Орта арнаулы оқу орындарына арналған дене тәрбиесі бағдарламасы студенттердің бірнеше теориялық тақырыптарды үйренуін және сонымен бірге тәжірибеде спорттың әр түрінен дене жаттығуларымен шынығып, меңгеруін қарастырады.
Қазақстандағы Дене тәрбиесі және спорт, Жеке және қоғамдық гигиена т.б. басқаларынан студенттер сынақ тапсырады.
Дене тәрбиесі мен спорттық идеологиялық, ғылыми, әдістемелік және ұйымдастыру негіздерін үйрену, сонымен қатар тәжірибелік дағдыларды меңгеру студенттерді алдағы жұмысында қоғамдық-инструктор немесе оқу орнында және жұмыс орнының дене тәрбиесі ұжымындағы спорт төрешісі ретінде болуына керекті біліммен және дағдымен қаруландырады.
Бағдарламаның тәжірибелік бөлімі оқушылардың гимнастикадан, жеңіл атлетикадан, шаңғы спортынан, жүзуден, туризмнен, сонымен бірге Президенттік тест кешені мөлшерінің нормативтер мен бақылау жаттығуларын орындауын қарастырады. Яғни, мектептерде дене тәрбиесінен жақсы бағалар алған студенттер үшін де тұрақты жаттықтыруды қажет етеді. Негізінен гимнастикадан нормативті: тартылу, аунау көпшілігі орындай алмайды. Бұл Президенттік тест кешені мөлшерінің басқа да нормативтеріне қатысты: 100м. жүгіру, кросс, ұзындыққа немесе биіктікке секіру, граната лақтыру, шаңғымен сырғанау, жүзу және туристік жорық. Бұл нормаларды орындау үшін өзіңді-өзің дайындап, шынықтыру қажет.
Дене тәрбиесі бағдарламасының негізгі мазмұнын қимыл қозғалыстардың, жалпы дамытушы және қолданбалы дене жаттығуларының өмірге қажетті түрлерін құрайды. ДТ бағдарламасына баскетбол, волейбол, гандбол, футбол сияқты студенттерге танымал көпшілік спорт ойындары және қозғалыс ойындарының жеке түрлері енеді. Студенттер оқу сабақтарында спорт ойындары бойынша құнды қимыл дағдылары мен дене сапаларын меңгереді. Спорт ойындарынан сынақ нормативтері болғанымен, қозғалмалы-спорт ойындарының жеке тәсілдік элементтерін меңгеру дене тәрбиесінен баға қоюда есепке алынады.
Дене тәрбиесі бойынша оқу жұмысын ұйымдастырудың негізгі түрі жаңа материалды үйрететін, меңгерілген қимыл дағдыларын жүзеге асырып, бекітетін оқу сабақтары болып есептеледі. ДТ бағдарламасы әрбір студенттің күн тәртібін сақтауын, белгіленген уақытта тексеруден өтуін, өзін-өзі бақылау күнделігін жүргізуін, өз денсаулығы мен дене жағдайын қарап, оны жақсарту шараларын қолдануды талап етеді.
Дене тәрбиесі пәні бойынша қорытынды баға студенттерге бір рет семестрде теориялық тақырыптардан алған білімдері, оның тәжірибелік нормативтерді орындауда көрсеткен нәтижесі, сонымен бірге оқу-жаттығу сабақтарға қатысуы және тәртібі бойынша қойылады. Сабаққа себепсіз қатыспаған студенттер сынақ жарыстарына қатысуға жіберілмеуі мүмкін, әрі пәннен жақсы қорытынды баға алмайды.
Денсаулық жағдайына қарай арнайы медициналық топтарға кіретін студенттер тәжірибелік нормалар мен жарыстардан босатылады. Оларға дене тәрбиесі пәнінен бағалар теориялық білімі мен дәрігерлік нұсқау бойынша жеке дене жаттығуларын орындауына байланысты қойылады. Дене тәрбиесі оқытушысының ұйғаруы бойынша сынақ кітапшасына дифференциялды бағасы сияқты сынақ деп те қоюға болады.

Орта арнаулы оқу орындарындағы сауықтыру-дене
тәрбиесі және көпшілік спорт жұмысы
Барлық орта арнаулы оқу орындарында оқуға қосымша сабақтан тыс сауықтыру дене тәрбиесі және көпшілік спорт жұмыстары ұйымдастырылып, өткізіледі. Оқу мен оқудан тыс түрлердің бірлігі жаңа бағдарламалық материалдарды жемісті меңгеруді және өтілгенін бекітуді қамтамасыз етеді. Оқу орыңдарында сабақтан тыс уақытта оқытушының тапсырмасы бойынша оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі жақсы жолға қойылған. Көптеген оқушылар үйлерінде немесе жатақханада таңертеңгі гигиеналық гимнастикамен (ТГГ) айналысады. Оқу күні барысында көптеген колледждер мен кәсіптік-мектептерде "дене тәрбиелік үзілістер" өткізіледі. Бұл шаралар оқушы денсаулығына көп пайда келтіреді.
Денсаулығының мықты болуы үшін және денесінің жақсы дамуы үшін оқушылар белсенді демалыс құралдары, ауыр оқу жұмыстарынан кейін жұмыс қабілетін қалпына келтіру сияқты дәрістерді қарастыра отырып, дене жаттығуларымен және спортпен өз бетінше айналысу керек.
Сауықтыру-дене тәрбиесі, көпшілік спорт шараларына қатысу, дене жаттығуларымен өз бетінше айналысу, ары қарай сабақтарда меңгерген дағдыларды жүзеге асыруға көмектеседі, оқушылардың Президенттік тест кешені мен спорттық нормаларын орындау дайындығын жеделдетеді.
Оның бағдарламасына белсенді демалыс үшін шаралар, көпшілік ойындар, Президенттік тест кешені жаттығулары бойынша жарыстар енеді. Дене тәрбиесі бағдарламасына сай семестрде бір рет оқу орнында Денсаулық күні өткізіледі.
Каникул кезінде (қыста және жазда) жеке колледждер мен кәсіптік-мектептер оқушылардың белсенді демалысы үшін сауықтыру-спорт лагерлерін, еңбек пен демалыс лагерьлерін құрады, бұл лагерьлерде спорт шеберлігін көтеру мен Президенттік тест кешені мөлшерін орындауға дайындау үшін оқушылармен оқу-жаттықтыру жұмыстары жүргізіледі.
Орта арнаулы оқу орындарындағы дене тәрбиесі ұжымы. Қазақстандағы дене тәрбиесі қозғалысының негізгі буыны дене тәрбиесі ұжымы болып табылады. Дене тәрбиесі ұжымы кәсіпорындарда, мекемелерді, құрылыстарда, ұжымшарларда, оқу орындарында құрылады.
Орта арнаулы оқу орындарының дене тәрбиесі ұжымы - дене тәрбиесі мен спортты олардың тұрмысына өндіретін оқушылардың дене тәрбиесі бойынша жұмыс орталығы. Дене тәрбиесі ұжымы өз қызметін оқу орнындағы кәсіподақ ұйымының басшылығымен жүргізеді. Әрине жұмысты дене тәрбиесі ұжымының кеңесі ұйымдастырады.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі (спорт клубы басқармасы) оқу жылының басында дене тәрбиешілерінің жалпы жиналысыңда сайланады. Ол оқушы-дене шынықтырушылар мен педагогикалық ұжым арасындағы барлық ұйымдастыру, сауықтыру, көпшілік спорт жұмыстарын жүргізеді. Кеңес төрағасы дене тәрбиесі және колледждердің (училищенің) алғашқы әскерге дайындық басшылығымен, тығыз байланыста жұмыс істейді.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесінде жеке бағыттарда басшылық жасау жұмысы үшін түрлі комиссия құрылады, мысалы, оқу спорттық, үгіт-насихат, қаржы-шаруашылық және т.б. Оны барынша қабілетті оқушы немесе оқытушы басқарады. Мысалы, үгіт-насихат жұмысы бойынша комиссияны облыстық дене тәрбиесі және спорт комитетінің мүшесі, шаруашылық комиссиясын оқу орнының кәсіподақ комитетінің мүшесі басқара алады.
Оқу топтарында дене тәрбиесі ұйымдастырушылары сайланады, жұмысқа спорт төрешілері, белсенді қоғамдық дене тәрбиесі сабақтарында, спорт секцияларында, сол сияқты арнайы ұйымдастырылған семинарларда жүргізіледі.
Оқу-спорт жұмысы негізгі, өзара тығыз байланысты бағытта жүзеге асырылады:
Көпшілік спортты дамыту және спортшы шеберліктерін көтеру.
Спорт-оқу жұмысы процесінде мына міндеттер орындалады:
1. Спортпен айналысатындардың денсаулығын нығайту, олардың қызмет мүмкіндіктерін, дене дамуын көтеру.
2. Еңбек пен Отанды қорғау үшін қажетті өмірлік маңызды қолданбалы қимыл сапаларын істеуді, дағдыны студенттерде қалыптастыру. Оларға Бүкілодақтық дене тәрбиесі кешенінің талаптары мен нормаларын орындату.
3. Студенттерге дене тәрбиесі мен спорт туралы және таңдаған спорт түрлерінен арнайы теориялық білімдерді меңгерту.
4. Спорт секцияларына қатысатындардың спорт шеберліктерін бірте-бірте көтеру, оларға тандаған спорт түрлерінен Президенттік тест талаптары мен санаттық нормаларды орындату.
5. Спортшыларды Отандық рухта, спорт этикасына, Отан туына адалдыққа тәрбиелеу.
Дене тәрбиесі ұжымының кеңесі (спорт клубы басшылығы), спорт секциясының бюросы, жаттықтырушылар мен қоғамдық инструкторлар, денсаулығы мықты адамдармен жұмыс істейді. Оларға дене тәрбиесімен және спортпен айналысатындардың денсаулығын сақтап қана қоймай, оны нығайту да жүктеледі.
Дене жаттығулары тек оларды дұрыс қолдана білгенде ғана жүзеге асады. Оны дұрыс қолданбау денсаулықтың бұзылуына себепкер болуы мүмкін. Сондықтан, дене тәрбиесі мен спорт оқу жаттығу сабақтарында адамның анатомиялық және физиологиялық ерекшеліктерін, оның жынысын, жасын, денсаулық жағдайын және дайындық деңгейін ескеру қажет, әрі күнделікті дәрігерлік-педагогикалық бақылауды орындаған жөн.
Дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің жұмысында әр алуан спорт түрлерінен спорт секциялары мен командалардың оқу-жаттықтыру үдерісі үлкен орын алады. Студенттер бұл секциялар мен командаларда оқу орны ішіндегі және жоғарғы спорт ұйымдары өткізілетін спорт жарыстарына қатысуға дайындалады және өз спорт шеберліктерін жетілдіріп көтереді.
Оқу орындарында сауықтыру топтары мен спорт секциялары неғұрлым көп ұйымдастырылған болса, студенттер сұранысы соғұрлым қанағаттандырылады және дене тәрбиесі ұжымының саны көбейеді. Ескере кететін жәйт ұжымнан тыс бірде-бір студент қалмауы керек.
Оқу орындарында студенттердің жан-жақты дене дайындығын қамтитын спорт түрлерінен, атап айтқанда, гимнастикадан, жеңіл атлетикадан, бокстан, күрестен, шаңғы спортынан, жүзуден, спорт ойындарынан және т.б. топтар мен секциялар құру ұсынылады.
Оқу-жаттықтыру сабақтары, спорт жарыстары және де басқа шаралар оқу күні тәртібіне сәйкес сабақтан бос уақытта ұйымдастырылады.
Спорт түрлерінен қоғамдық инструкторлар, жаттықтырушылар мен төрешілер арнайы ұйымдастырылған семинарларда белсенді спортшылар қатарында дайындалады, сонымен бірге оқу-жаттықтыру сабақтары мен жарыстарда оқып үйренеді. Олар туристік жорықтарды, шаңғымен сырғанауды, велосипед тебуді және де басқа көпшілік спорт шараларын өткізуге ұсынылуы мүмкін.
Әдіскер (методист) мен команда жетекшілері (капитандары). Әдіскер ұйымдастырушылық және тәрбиелік қызмет атқарады. Оған бірінші кезекте оқытушылар (жаттықтырушылар), қоғамдық инструкторлар сүйенеді. Сондықтан жетекшілікке беделді, барынша дайындалған ұстамды, үлгілі, яғни басқалар үлгі алатындай қадірлі спортшы сайланады.
Спортшылар командасы (гимнастар, жеңіл атлеттер, шаңғышылар, т.б.) жарыстарға қатысқанда команда мүшелерінің арасынан капитан сайланады, ол барлық команданың үлгерімі мен ұйымдастырылуына жауапты болады. Команда капитаны спорт ойындарында үлкен мәнге ие болады. Ол командадан сайланып, оны басқарады. Жарыс кезінде капитанның айтқандары бұлжымай орындалуы тиіс. Ол бір өзі ғана төрешімен сөйлесуге және өз командасының ойыншысын ауыстыруға құқылы. Команда капитаны кеудесінің сол жағына немесе сол қолына белгі байлап алуы керек. Алаңнан кетерде төрешіге ескертіп, өз орнына орынбасарын қалдырып кетуі тиіс.
Жетекшілер мен команда капитандарының міндеттері мыналар: жұмыс есебі күнделігін жүргізу, сабақ басталарда топты (команданы) сапқа тұрғызу, сабаққа қатыспаушылардың себебін білу, кезекшілерді тағайындау.
Кезекшілер сабаққа қажетті спорттық құрал-жабдықтарды дайындайды.
Жетекшілер мен команда капитандары оқушы-спортшылар сабаққа таза спорт киімімен, соған сәйкес аяқ киімімен келуін қадағалайды, оны орындамағандарға шара қолданады.
Команда өкілі. Жарысқа қатысатын әр командадан өкіл тағайындалады. Ол төрешілер алқасына спорт түрінің ережесінде, жарыс туралы ережеге сай каралған қажетті құжаттар мен аталған өтінішті береді. Өкіл қатысушылардың жарыс арасындағы және орын ауыстыруындағы үлгеріміне жауапты болады және әр ойыншының бүкіл команданың жемісті өнер көрсетуіне жағдай жасайды.
Егер команда өкілі болмаса, оның міндетін капитан орындайды.
Дәрігерлік бақылау. Дене тәрбиесі ұжымының спорт секциясының қатысушылары сол оқу орны дәрігерлерінің тексеруінен өтеді. Жарыс ойыншылары өтініште тіркелген жазбаша дәрігердің рұхсатын алуы тиіс.
Оқу-спорт жұмысы бойынша есеп беру. Қазақстанда халыққа білім беру мемлекеттік министрлігі тәртібі бойынша жүргізіледі. Оқу-спорт жұмысының есеп беру түрлері мыналар: оқу топтарының журналы (спорт секциялары, командалардың), спортшылардың жеке карточкалары, спорт жетістіктері мен рекордтарының есеп беру кітабы және басқалары. Сондай-ақ есеп беруге өтілген сабақтар жоспары , спорт жарыстарының хаттамалары, дене тәрбиесі ұжымы кеңесінің қаулысы, спорт секциясының бюросы, жаттықтыру кеңесі және басқалар.
Орта арнаулы оқу орындарындағы барлық дене тәрбиесі, көпшілік-спорт жұмыстары, студенттердің дене тәрбиесі жүйесі студенттердің денсаулығын нығайтып, сақтауға және таңдаған мамандығы бойынша жоғары өндірістік еңбекке, Қазақстан Қарулы күштеріне жемісті қызмет етуге дайындауға бағытталуы керек.
Емтихан алдында және емтихан кезінде спортпен шұғылданатын әрбір студенттің үлгерімін ескеріп, оқытушы, жаттықтырушы, қоғамдық-инструктор сабақ саны мен оның ұзақтығын азайтуына болады.
Спорт секциясының міндеттері мыналар:
- студент жастарды спортпен нақтылы шұғылдануға тарту;
- студенттердің ағзасын шыңдап, денсаулығын нығайту, олардың жан-жақты, қарқынды дене, тәсілдік, тактикалық, психологиялық, қолданбалы және теориялық дайындықтарын қамтамасыз ету;
- студенттерді көпшілік спорт жарыстарына қатыстыру;
- студенттерге Президенттік кешен нормалары мен талаптарын орындату;
- жоғары дәрежелі спортшыларды даярлау, құрама командаларды дайындау;
- спорт секцияларындағы қоғамдық жұмыстарға студенттерді тарту;
- қоғамдық-инструкторларды, жаттықтырушыларды және төрешілерді дайындау.
Дене тәрбиесі ұжымында оқу-спорт жұмысын ұйымдастыру үшін оқу-спорт комиссиясы, жаттықтырушылар кеңесі, спорт төрешілері тобы, спорт секциясының бюросы құрылады, қоғамдық инструкторлар мен жаттықтырушылар дайындалады, оқу топтарының жетекшілері мен команда капитандары сайланады.
Оқу-спорт комиссиясы. Комиссия құрамы дене тәрбиесі оқытушыларынан (жаттықтырушы), спорт төрешілерінен және үздік спортшылардан құралады. Осы құрамнан төраға, төраға орынбасары және хатшы сайланады. Комиссия оқу-жаттықтыру сабақтарын, спорт жарыстарының бағдарламасын жасайды, тәрбие жұмыстарын ұйымдастырады, Президент кешені төсбелгішілерін, санатты спортшыларды, қоғамдық инструкторларды, жаттықтырушылар мен төрешілерді дайындайды, оқу-спорт жұмысының есебін тыңдап-бақылаумен айналысады.
Жаттықтырушылар кеңесі. Оқу орнының дене тәрбиесі ұжымында жаттықтырушылар кеңесі құрылуы мүмкін. Оның құрамына ДТ штаттағы оқытушылары, спорт түрлерінен жаттықтырушылар мен қоғамдық инструкторлар кіреді. Кеңес олардың қызметін оқу-спорт және тәрбие жұмыстарының жоспары, өткізілуі және бақылау бойынша бағыттап отырады. Кеңес жүргізілетін жұмысты орындайтын төраға мен хатшы сайлайды.
Жаттықтырушылар кеңес дене тәрбиесі басшыларының бірігіп, өз мәжілістерінде спорт жарыстарының күнтізбесін, оның бағдарламасын дайындап, жаттықтырушылардың өз жұмыстары туралы есебін тыңдайды; оқу-спорт жұмысының қорытындысын шығарады және т.б.
Төрешілер тобы дене тәрбиесі ұжымының барлық спорт төрешілерін біріктіреді және олардың жұмысына бағдар береді. Оны төраға, орынбасар және хатшы жүргізеді. Toп дене тәрбиесі ұжымындағы (спорт клубындағы) спорт жарыстарының төрешілігін қамтитын жоспар жасайды.
Toп спорт төрешілері дәрежелерін көтеруді, жаңа мамандар даярлауды ұйымдастырады, спорт төрешілігіне дене тәрбиесі белсенділерін тартады, жарысқа төрешілік етуді ұйымдастырады, спорт түрлері бойынша ережелерге сай жүргізеді және т.б. Өз жұмысында спорт төрешілері тобы дене тәрбиесі оқытушыларының тәжірибесі мен білімін пайдаланады, солардың көмегіне сүйенеді. Ең сауатты төрешілер аудан, қала, облыс біріншіліктері жарыстарына төрешілік етуге ұсынылады.
Спорт секциясының бюросы. Секцияның ұйымдастыру, оқу-спорт, тәрбие жұмыстары 3-5 адамнан құралған спорт секциясы бюросында орындалады. Бюро жылына бір рет секция мүшелерінің жалпы жиналысында сайланады. Бюро өз құрамынан төраға мен хатшыны сайлайды. Бюро дене тәрбиесі ұжымының және дене тәрбиесі жетекшісінің басшылығымен жұмыс істейді және секцияға жаңа мүше тартумен айналысады, оқу топтарын (командаларын) ұйымдастырады, топ жетекшілерін (команда капитанын) сайлауды өткізеді, сабаққа қатысуды, Президент кешенінің нормативтерін орындауды қадағалайды.
Белгілі бір кезеңде бюро секция мүшелерінің жалпы жиналысында есеп береді.

Сабақтағы жүктемелерді мөлшерлеп бөлудің әдістемесі
Жүктемені мөлшерлеп бөлу (дозировка) - бұл оның көлемін және қарқынын бағытты реттеу деген ұғым. Мөлшерлеп бөлу мәселесі дене жаттығуларындағы жүктемені белгілеу бойынша ұсыныстармен шектелмейді. Шұғылданушыларға әсер ету күші тек жаттығулардың сипатына ғана емес, сонымен бірге оқу жұмысының мына элементтерімен де байланысты: түсіндіру, жаттығуларды көрсету, оқушыларды ұйымдастыру және т.б.
Әрбір нақтылы жағдайда оқытушы сабақта жүктеменің мүмкін болған үлкен көлемін қамтамасыз етуге ұмтылады (оның педагогикалық ақталғандығы жағдайы ескеріліп). Жүктеменің келемінің көбеюі сабақтың барынша ұтымды жалпы тығыздығы нәтижесінде іске асады.
Сабақтың жалпы тығыздығы деп педагогикалық белгіленген уақыттың барлық сабақтың ұзақтығына қатынасын айтады.
Педагогикалық өтілген уақытқа келесі қызмет түрлері немесе сабақ бөліктері жатады: оқытушылардың түсіндіргені, көрсеткені, оқытушының нұсқауын ұғыну және түйсікпен қабылдау, өз жолдастарының әрекетін ұйымшылдықпен талдау; дене жаттығуларын орындау және одан кейінгі қажетті демалыс; жәрдемші әрекеттер - қайта сапқа тұрғызу; спорт қондырғыларын орнату, секіру шұқырындағы құмды жұмсарту және т.б.
Оқу уақытының ақталмаған шығынына ұйымдастырудағы қойылған оқу-тәрбие міндеттерін шешуге және кемшіліктерге байланысты бос тұрып қалу жатады: сабаққа кешігіп келу және оны ерте аяқтау, тәртіп бұзуға байланысты сабақ үстіндегі үзілістер, спорт құрал-саймандарының жарамай қалуы, мұғалімнің кетіп қалуы.
Оқу-тәрбие міндеттерін шешу үшін сабақтағы педагогикалық өтілген қызмет түрлері маңызды емес. Мысалы, амалсыз демалыс және жәрдемші әрекеттің аз мәні болады, ал сол уақытта оқушылардың өз жолдастарының әрекеттерін зерттеп және сын көзбен талдауы педагогикалық тұрғыдан сабақтың өте маңызды сәттеріне жатады (егер бұл оқытушының арнайы ұйымдастыруымен және оның тікелей қатысуымен өтсе). Мүмкіндігінше босқа тұрып қалуды және жәрдемші әрекеттерді болдырмау жолдарын қарастыру қажет.
Бұл үшін әр түрлі әдістер қолданылады: алдын ала оқушылардың жүретін барынша қысқа жолдарын белгілейді; артық сапқа тұрғызу және қайта тұрғызудан қашу; спорт қондырғыларын орнату және жинауды шұғылданушылардың ішінен арнайы кезекші тағайындап жарыс тәртібімен өткізіледі.
Осы тәртіппен оқытушы түсіндіруге, өз бетінше жұмысқа және тікелей жаттығуды орындауға мүмкіндігінше көп уақыт бөледі. Сабақтың жалпы тығыздығына қолайлы келудің тәсілі осылай жасалады. Жаттығуды орындауға жұмсалған уақыт моторлы тығыздық ұғымымен байланысты, яғни жаттығуды орындауға кеткен уақыттың сабақтың жалпы уақытына қатынасы.
Моторлы тығыздық - дене жаттығуларымен шұғылданудың өнімділігінің барынша ерекше көрсеткіші, сондықтан, әрине, бірдей жағдайда мүмкіндігінше сабақтың үлкен моторлы тығыздығын қамтамасыз ету керек. Сонымен бірге оның ең бастысы оқу-тәрбие міндеттерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары және арнайы орта оқу орындарындағы жастардың дене тәрбиесі
Болашақ дене мәдениеті мамандарының дене мәдениетін кәсіби қалыптастырудағы мәні
Студенттердің кәсіптік - қолданбалы дене дайындығында айналма жаттығу әдісін қолдану әдістемесі
Арнаулы оқу орындары студенттерінің дене тәрбиесі
ЖОО-да оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастырудың ғылыми әдістемелік негіздері
Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі курсын педколледждерде оқытудың ұйымдастыру формалары
Гигиеналық дене шынықтыру
Дене тәрбиесі ғылым ретінде
Болашақ мұғалімдерді оқушылардың дене тәрбиесі жүйесін жүзеге асыруға дайындау
Дене тәрбиесі дайындығы
Пәндер