Оқу іс-әрекетінің құрылымы мен қалыптасуы



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р

І КІРІСПЕ
ІІ НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. Оқу іс-әрекетінің құрылымы мен қалыптасуы
2. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы
3. Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымының компоненттік құрамы
4. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет
5. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар
6. Оқу іс-әрекеттерінің түрлері
7. Оқу іс-әрекеті құрылымындағы бақылау

ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

Оқу іс-әрекетінің жүзеге асуына көмектесетін құралдарды үш тұрғыдан қарастырған жөн. Біріншіден, бұл оқу іс-әрекетінің танымдық және зерттеушілік қызметтерінің негізінде жатқан интеллектуалдық (С.Л.Рубинштейн терминдерінде - ойлау операциялары) әрекеттер: талдау, синтез, жалпылау, жіктеу және т.б. Екіншіден, бұл белгілік, тілдік, вербалдық құралдар, осылардың формасында білім игеріледі, рефлексияланады және даралық тәжірибе өндіріледі. Үшіншіден, бұл негізгі білімдер, оларға жаңа білімдер қосылуы арқылы оқушының даралық тәжірибесі, тезаурусы құрылымданады.
Осы үш құралдардың бірігуі жайлы С.Л.Рубинштейннің жалпы оқу теориясында неғұрлым толығырақ айтылған. Бұл теория бойынша проблеманы шешу немесе шешуге тырысу әдетте бұрыннан бар білімдерден қандай да бір жағдайларды, шешу әдістері немесе құралдары ретінде алуды ұйғарады.
Осыған сәйкес, мектептегі оқу үрдісінде, әсіресе кіші мектеп жасында оқу іс-әрекетке араласу бір мезгілде оның құралдарымен де жұмыс істеуді ұйғарады.
Оқу іс-әрекетінің тәсілдері қайта жаңғыртушы, проблемалық-шығармашылық, зерттеушілік-танымдық әрекеттерді қосатын көпқыр-лы болуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің тәсілдері - бұл қалай оқу керек, қандай тәсілдермен білім алу керек деген сұрақтарға жауап. Тәсілдердің неғұрлым толық және кең түрдегі сипаттауы ақыл-ой әрекеттерінің сатылап қалыптасуы теориясында берілген. Мұнда бағдарлану принципі, сыртқы, заттық әрекеттен ішкі, ақыл-ой әрекетіне көшу және осы көшудің оқушының өзі қалай жасағанына қатысты сатылылығы оқу іс-әрекетінің тәсілдерін толықтай ашып көрсетеді.

Оқу іс-әрекетінің құрылымы мен қалыптасуы

Оқу іс-әрекеті- адамның іс-әрекетінің бір түрі, пәндік және танымдық әрекеттердің әдістерін меңгеруге арнайы бағытталған, теориялық білім түрінде қорытылып, жалпыланған түрі. Оқыту процесінде қоғам ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің екі түрлі формасы қарастырылды. Оның біріншісінде оқыту ісінде, адамзатта жинақталған тәжірибені жеткізу, ал екіншісінде қоғамдық тәжірибені игеріп оны оқушылардың игіліктеріне айналдырумен шұғылданады.
Оқу іс-әрекетінің, оны оқудың басқа формаларынан ажырататын үш негізгі сипаттамалары белгіленеді:
1) ол оқу материалын игеруге және оқу міндеттерін орындауға әдейі бағытталған;
2) онда әрекеттердің жалпы тәсілдері мен ғылыми түсініктер игеріледі (мектепке дейін игерілген тұрмыстық түсініктерге қарағанда);
3) әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын алады.
Оқу іс-әрекетінің жүзеге асуына көмектесетін құралдарды үш тұрғыдан қарастырған жөн.
Біріншіден, бұл оқу іс-әрекетінің танымдық және зерттеушілік қызметтерінің негізінде жатқан интеллектуалдық (С.Л.Рубинштейн терминдерінде - ойлау операциялары) әрекеттер: талдау, синтез, жалпылау, жіктеу және т.б.
Екіншіден, бұл белгілік, тілдік, вербалдық құралдар, осылардың формасында білім игеріледі, рефлексияланады және даралық тәжірибе өндіріледі.
Үшіншіден, бұл негізгі білімдер, оларға жаңа білімдер қосылуы арқылы оқушының даралық тәжірибесі, тезаурусы құрылымданады. Оқу іс-әрекетінің тәсілдері қайта жаңғыртушы, проблемалық-шығармашылық, зерттеушілік-танымдық әрекеттерді қосатын көпқырлы болуы мүмкін. Оқу іс-әрекетінің тәсілдері - бұл қалай оқу керек, қандай тәсілдермен білім алу керек деген сұрақтарға жауап. Тәсілдердің неғұрлым толық және кең түрдегі сипаттауы ақыл-ой әрекеттерінің сатылап қалыптасуы теориясында берілген. Мұнда бағдарлану принципі, сыртқы, заттық әрекеттен ішкі, ақыл-ой әрекетіне көшу және осы көшудің оқушының өзі қалай жасағанына қатысты сатылылығы оқу іс-әрекетінің тәсілдерін толықтай ашып көрсетеді.

Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымы

Оқу іс-әрекеті келесі компоненттерден тұратын сыртқы құрылымға ие, мотивация; кейбір жағдайларда тапсырмалардың түрлі формаларындағы оқу міндеттері; оқу іс-әрекеттері; өзін-өзі бақылауға ауысатын бақылау; өзін-өзі бағалауға ауысатын бағалау. Осы іс-әрекеттің әр компонентінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сонымен бірге, табиғаты бойынша интеллектуалдық іс-әрекет бола отырып, оқу іс-әрекеті кез-келген интеллектуалдық акт сипатталатын құрылыспен сипатталады, дәлірек айтқанда: мотив, жоспардың болуы (пиғыл, бағдарлама), орындау (жүзеге асыру) және бақылау.
Оқу іс-әрекетінің құрылымдық ұйымдасуын Д.Б.Эльконин - В.В.Давыдов теорияларының жалпы контекстінде сипаттай отырып И.И Ильясов былай деп көрсетеді ...оқу ситуациялары мен міндеттерінің сипатталынатыны, мұнда оқушы әрекеттің жалпы тәсілін игеруге тапсырма мен оны игеру мақсатын алады, және де белгілі бір кластағы міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін табу үшін үлгілер мен нұсқау алады. Оқу іс-әрекеттері - бұл оқушылардың ғылыми түсініктер мен әрекеттердің жалпы тәсілдерін алуы мен табуы, және де оларды өндіру мен нақты міндеттерді шешуде қолдану әрекеттері. Бақылау әрекеттері өзінің оқу іс-әрекеттерінің нәтижелерін берілген үлгілермен жалпылауға бағытталған. Бағалау әрекеттері берілген ғылыми білімдер мен міндеттерді шешудің жалпы тәсілдерін игерудің соңғы сапасын белгілейді.
Төменде схемалық түрде көрсетілген оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымының әр компоненттерін жете қарастырайық.

Оқу іс-әрекетінің сыртқы құрылымының компоненттік құрамы

Мотивация - оқу іс-әрекеті құрылымының бірінші компоненті
Мотивация, ары қарай көрсетілетіндей, тек оқу іс-әрекетінің құрылымдық ұйымдасуының негізгі компоненттерінің бірі ғана емес (Э.Торндайктың әзірлік заңын, П.Я.Гальпериннің мотивацияны ақыл-ой әрекеттерінің сатылап дамуының алғашқы міндетті сатысы ретінде қарастыруын еске түсірейік), сонымен қоса осы іс-әрекет субъектінің өзінің маңызды сипаттамасы болып табылады. Мотивация оқу іс-әрекетінің құрылымына бірінші міндетті компонент ретінде енеді. Ол іс-әрекетке қатысты ішкі немесе сыртқы болуы мүмкін, бірақ осы іс-әрекет субъекті ретіндегі тұлғаның әрқашанда ішкі сипаттамасы болады. Дәл осы мотивацияның оқу іс-әрекетіндегі бірінші дәрежелік маңызды-лығымен оның келесі тарауда арнайы жете қарастырылуы түсіндіріледі.

Оқу іс-әрекеті құрылымындағы оқу міндеті

Санақ бойынша екінші, бірақ іс-жүзінде оқу іс-әрекеті құрылымының басты компоненті оқу міндеті болып табылады. Ол оқушыға белгілі бір оқу жағдайындағы белгілі бір оқу тапсырмасы ретінде ұсынылады (оның тұжырымы оның шешілуі мен нәтижесі үшін аса маңызды), олардың жиынтығы тұтастай оқу процесі болып табылады.
Міндет түсінігі ғылым дамуында үлкен тарихқа ие. Психологиялық тұрғыда отандық ғылымда міндеттер категориясын алғашқылардың бірі болып қарастырған зерттеуші М.Я.Басов (1892-1937). Ол баланың іс-әрекетін талдай отырып, түрлі оқу және өмірлік ситуациялар үшін ортақ нәрсе - міндет болып табылады деп көрсеткен. Бұл ортақ сәт адамның әлі білмейтін нәрсесін және затта жай ғана көре алмайтын нәрсені ашуға деген қажеттілігімен байланысты; ол үшін оған осы затпен белгілі бір әрекет жасау қажет. Өз еңбектерінде ол психологияда міндет түсінігімен қатар, әрекет, мақсат және тапсырма терминдерін қатар қолданудың мақсатқа сәйестілігін дәйектеді.
Кейіннен С.Л.Рубинштейн жұмыстарында міндет түсінігі әрекет түсінігімен ара қатынаста және жалпы мақсатты болжау контексінде неғұрлым кең талқылау алды. С.Л.Рубинштейн бойынша адамның ырықты әрекеті дегеніміз - бұл мақсатты жүзеге асыру. Әрекет жасамас бұрын, мақсатты түсіну керек,яғни соған жету үшін әрекеттенетін мақсатты түсіну. Алайда, мақсат қаншалықты маңызды болғанмен де оны сезініп қана қою жеткіліксіз. Оны жүзеге асыру үшін әрекет атқарылатын шарттармен санасу керек. Мақсат пен шарттың арақатынасы міндетті анықтайды, ол әрекетпен шешілу тиіс. Адамзаттық саналы әрекет - бұл азды көпті мөлшерде міндетті саналы түрде орындау.Бірақ әрекетті атқару үшін міндеттің субъект тарапынан түсінікті болу да жеткіліксіз; ол субъект тарапынанқабылданған болу қажет. Айта кететін жайт, А.Н.Леонтьев бойынша міндет - бұл белгілі бір жағдайда берілген мақсат.
Міндет түсінігінің жалпы дидактикалық мазмұнын қарастыра отырып В.И.Гинецинский оны былайша анықтайды...іске асырылып қойған танымдық іс-әрекеттің кейбір үзінділерін сипаттаудың стандартталған сәйкес формасы, ол оқыту жағдайында осы іс-әрекетті қайта өндіру үшін жағдай тудыруға бағдарланған. Міндет шарттарына, оның талаптарына берілген деректер мен іздестіру жатады, сондай-ақ негізгі шарты бар дерек арқылы іздестіруды көрсетеді. Сонымен қатар, тапсырмаларды мүлтіксіз және күрделілік критерийлері бойынша тұжырымдаудың маңыздылығы атап өтіледі, бұл жерде соңғысы объективті көрсеткіш болып табылады, ол субъективті көрсеткіш қиындыққа немесе міндетті орындаудың жеңілдігіне теңестіріледі. Дидактикалық тұрғыда В.И.Гинецинский көрсеткен психологиялық міндеттің екі сипаттамасы да маңызды, мұнда біріншісі оқу материалын игеруді анықтау міндеттеріне теңестіріледі, ал екіншісі - танымдық белсенділікті, танымдық жігерлерді ынталандырумен байланысты.
Оқу іс-әрекетінін, субъекттің өзін-өзі дамуына бағытталған әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін игерудегі өзгеше іс-әрекеті ретіндегі анықтамасына сүйене отырып, атап өтетін жайт, оқу міндеті - бұл оқу іс-әрекетінің негізгі бірлігі. Д.Б.Эльконин бойынша, оқу міндетінің басқалардан негізгі айырмашылығы оның мақсаты мен нәтижесі субъект әрекеттенетін заттардың емес, керісінше субъектің өзінің өзгеруінде тұр.
Оқу міндеттерінің құрамы, яғни берілген оқу уақыты қиындысында оқушы жұмыс істеуі тиіс сұрақтар (әрине, жауаптар да) мұғалімге, оқытушыға, және де оқушыға, студентке белгілі болу керек. Іс жүзінде бүкіл оқу іс-әрекеті оқу міндеттерінің жүйесі ретінде қойылуы тиіс. Олар белгілі бір оқу жағдайларында беріледі және де белгілі бір оқу іс-әрекеттерін ұйғарады - заттық, бақылау және көмекші (техникалық) әрекеттер. Көмекші әрекеттерге сызба жасау, айрықша көрсету, көшірме және т.б. жатады. Сонымен қоса, А.К.Маркованың айтуынша оқу міндеттерін игеру оқушының соңғы мақсатты түсінуі мен берілген оқу міндетін тағайындауы ретінде жұмыспен өтеледі.
Д.Б.Эльконин бойынша, оқу іс-әрекеті игеруге тепе-тең емес - ол оның негізгі мазмұны болып табылады және игеруді қамтитын оның даму деңгейі мен құрылымы арқылы анықталады. Сонымен бірге, оқу іс-әрекеті субъектінің өзінің өзгеруіне бағытталғандықтан, (ол оқу іс-әрекеті жетекші болып табылатын кіші мектеп жасында елеулі мөлшерде, тіпті іс жүзінде кез-келген жаста көрінеді) игеру субъекттілік өзгерісті интеллектуалдық, тұлғалық тұрғыда жанамаланады, бұл да оқу іс-әрекетінің пәніне жатады.

Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекет

Іс әрекеттің құрылымдық компоненттерінің бірі әрекет болып табылады - кез-келген іс-әрекеттің морфологиялық бірлігі. Бұл адамзат іс-әрекетінің маңызды құраушысы. Адамзаттық іс-әрекет әрекет формасы немесе әрекеттер қатарынан өзгеше түрде бола алмайды, ... іс-әрекет әдетте ортақ мақсаттан бөлінген жеке мақсаттарға бағынатын әрекеттердің қандай да бір жиынтығымен іске асырылады. А.Н.Леонтьев бойынша, әрекет - түрткісі оның затымен сәйкес келмейтін (яғни, өзі бағытталған нәрсемен), керісінше осы әрекетті қамтитын іс-әрекетте жататын процесс. Сонымен қатар, әрекет заты оның тікелей, түсінілген мақсаты болып табылады. Басқаша айтқанда, егерде түрткі тұтастай іс-әрекетпен байланыстырылса, онда әрекет белгілі бір мақсатқа жауап береді. Іс-әрекеттің өзі әрекеттерден көрінсе, ол мотивтенген және мақсатты болса, онда әрекет ретінде тек мақсатқа жауап береді.
А.Н.Леонтьевтің іс-әрекет теориясында көрсетілгендей іс-әрекет пен әрекет арасында ерекше бір қатынас бар. Іс-әрекет түрткісі жылжи отырып әрекет затына (мақсатына) айналуы мүмкін. Нәтижесінде әрекет іс-әрекетке айналады... Дәл осы жолмен жаңа іс-әрекеттер туындайды, шындыққа деген жаңа қатынастар пайда болады. Мұндай айналуды А.Н.Леонтьев келтірген мысалмен көрсетейік: бала тапсырманы орындап отыр, оның әрекеттері шешім табу мен оны жазу болып табылады. Егер бұл оқушы болса және оның әрекеттерін мұғалім бағалайтын болса, және де ол оларды орындай бастаса, себебі шешім табу мен нәтиже алудың өзі оған қызықты, онда бұл әрекеттер іс-әрекетке, берілген жағдайда - оқушының іс-әрекетіне айналады. Егерде бұл мектепке дейінгі жастағы бала болса және оның тапсырманы орындауы, нәтижесінде баланың ойнауға баратыны не бармайтынымен мотивтендірілсе, онда тапсырманы орындау тек әрекет болып қалады. Осылайша, кез-келген, соның ішінде оқу іс-әрекеті де әрекеттерден тұрады және де оларсыз іс-әрекет мүмкін емес, ал әрекеттер болса іс-әрекеттен тыс бола алады. Оқу іс-әрекетін осылайша қарастыруда тек оған енетін түрлі оқу іс-әрекеттері ғана талданады.

Оқу іс-әрекеті құрылымындағы әрекеттер мен операциялар

Оқу іс-әрекеттерін талдауда олардың операциялар деңгейіне өтуі маңызды болып табылады. А.Н. Леонтьев бойынша, операциялар - бұл өз мақсаты көрсетілген белгілі бір шарттарға жауап беретін әрекеттер тәсілі. Оқытудағы саналы мақсатқа бағытталған әрекет көп рет қайталана отырып, басқа неғұрлым күрделі әрекеттерге қосыла отырып, біртіндеп оқушының саналы бақылау объекті болудан қалады да, неғұрлым күрделі әрекеттерді орындау тәсіліне айналады. Бұлар операцияға айналған бұрынғы саналы әрекеттер, аталмыш саналы операциялар. Мысалы, шет тілін меңгеруде ана тіліне үйреншікті емес дыбысты ауызша айту (артикуляциялау) әрекеті (мысалы, орыс тілі үшін таңдаймен, мұрынмен шығаратын дыбыстар) жеткілікті түрде қиын болып табылады. Ол мақсатты, саналы түрде тәсілі мен іске асыру орны бойынша қадағаланады, оқушының ерік-жігер күшін талап етеді. Осы әрекетті өңдеу мөлшеріне байланысты айтылған дыбыс буынға, сөзге, сөз орамына енеді. Оны айту әрекеті автоматтандырылып, санамен қадағаланбайды, сана іс-әрекеттің басқа одан да жоғары деңгейлеріне бағытталады және басқа әрекеттерді орындау тәсіліне айнала отырып, фондық автоматизм деңгейіне өтеді.
Қарапайымдалған әрекет басқа, неғұрлым күрделі әрекеттерді орындау шартына айналады және операциялар деңгейіне, яғни сөздік іс-әрекетті орындау техникасына өтеді. Бұл жерде операцияларды басқару оның фондық деңгейімен жүзеге асады. Н.А.Бернштейн бойынша қозғалыстың техникалық компоненттерінің төменгі, фондық шарттарға ауысу процесі әдетте, жаңа қозғалыстық дағдылардың өндірілуі үрдісінде қозғалыстардың автоматтандырылуы болып табылады және басқа афферентацияға ауысу мен белсенді зейіннің жеңілдетуімен тығыз байланысты. Әрекет деңгейінен операцияларға өту, оқытуды технологизациялаудың негізі екенін айта кету керек.
Саналы операциялармен қатар, іс-әрекетте бұрын мақсатқа бағытталған әрекетер ретінде саналанбаған операциялар да бар. Олар өмірлік іс-әрекеттің белгілі бір шарттарына бейімдену нәтижесінде пайда болған. А.Н.Леонтьев бұл операцияларды баланың тілдік дамуы үлгісі ретінде көрсетеді - оның айтудың грамматикалық өңдеу тәсілдерін үлкендердің сөздік қарым-қатынас нормаларына интуитивті бейімделуі. Бала бұл әрекеттерді саналамайды, соның салдарынан олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың психологиялық мәселелері
Педагогикалық психология бойынша сабақтар
Оқыту процесіндегі танымдық іс-әрекеттердің дамуы
Мектеп пен сыныптың тәрбиелік жүйесі
Психология пәні бойынша дәрістер
Педагогиканың дәрістері
Оқу іс-әрекеті -оқушылардың дүние танымын қалыптастырудың алғышарты
Психологиядағы оқыту, тәрбие және дамытудың сәйкестілік мәселелері жайлы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ пәнінен ЛЕКЦИЯЛАР ЖИНАҒЫ
Сенсорлық білім - сенсорлық танымның қалыптасуын және сезімдер мен қабылдауды жетілдіруді қамтамасыз ететін мақсатты педагогикалық әсерлер
Пәндер