Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың кәсіби құзыреттілігін дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту.
Куатова Нургуль Ратаевна, Мезибаева Нургуль Асылгазиевна (КМҚК «Бизнес колледж»)

ХХІ ғасыр жаңа заман талаптарын меңгере отырып, жан-жақты дамыған ғасыр. Ал болашақ жастар сол ғасырды басқарып, меңгеретін тұлғалар. Ол үшін әрбір Қазақстан Республикасының азаматы жан-жақты дамыған, білімді, білгір болуы тиіс. Сол үшін әр оқушының кәсіби құзыреттілігінің толықтай дамуы да маңызды. Ең бірінші құзыреттілік ұғымын қарастырайық.

Құзыреттілік латынның «competentis» - бейім сөзінен пайда болған, қандай да бір оқыту үдерісінде қалыптасатын білім, білік, дағдылар жиынтығы, сонымен қатар, қандай да бір қызметті жеке тұлғаның орындай алу қабілеттілігі. Ал, кәсіби құзіреттілік - жеке тұлғаның кәсіби іс - әрекетті арттыруға бағытталған тоериялық және тәжірибелік әзірлігі мен қабілеттілігінің бірігуі. Қазіргі әлеуметтік - экономикалық өзгерістер жағдайында біздің қоғамымызда өздігінше шешім қабылдай алатын және оны жүзеге асыра алатын әлеуметтік белсенді, шығармашыл тұлғаға сұраныс күшейеді. Осыған орай, әр тұлғаның кәсіби құзіреттілігін қалыптастырудың маңыздылығы да арта түседі.

Қазақстан 2015 жылғы білім беру бағдарламасында: Қазақстан Республикасының әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсене қатысуға дайын бәсекеге қабілетті тұлға дайындау деп атап көрсетілген, сондықтан оқу тәрбие үрдісінің алдынды тұрған негізгі міндет табысты және тиімді әрекетке дайын өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс- әрекетін өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті отбасындағы, қоғамдағы, ұжымдағы әлеуметтік ролін сезінетін құзырлы тұлғаны қалыптастыру. Оқушылардың бойында шығармашылық іс-әрекетті, іздемпаздықты қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, дәлелді пікір айту іскерлігін арттыру, оқу материалдарын сараптау, талдап салыстыру іскерліктерін үйрету қажеттілігі туындайды.

Бүгінгі таңдағы ең өзекті міндеттің бірі -еңбек нарығында сұранысқа ие бола алатын, бәсекелестікке қабілетті кәсіби мамандар дайындау. Жеке тұлғаның әлемдік өркениетке ұмтылып, дүниеге Қазақстан Республикасының іргелі ел ретінде танылуына үлес қосатын білімді, білікті, саналы азаматтар тәрбиелеу. Өздігінше еркін ойлау қабілеті бар, тәрбие - білім беру үрдісін модельдей алатын, білім берудің жаңа технологиялары мен жаңа идеяларын өздігінше іске асыра алатын жеке тұлғаның кәсіби құзіреттілігінің деңгейін арттыру - өзекті мәселе, себебі, біріншіден, кәсіби құзіреттілік тәрбие - білім беру процесінде шығармашыл оқушылардың қалыптасуына дұрыс әсер етеді; екіншіден, өзінің кәсіби қызметінде жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады; үшіншіден, кәсіби мүмкіндіктердің іске асуына ықпал жасайды. Бұл міндет білім алушы жастардың шығармашылықтарын арттырып, өздігінен білім алуға және алған білімін іске асыра білуге үйретуді міндеттейді. Осы міндеттерді толығымен қанағаттандыру үшін қазіргі таңда күннен-күнге дамып келе жатқан жаңа ақпараттық құралдардың пайдасы өте зор.

Еліміздің білім беру жүйелерінде ХХІ ғасыр жастарына білім беру мен тәрбиелеу бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Сол себепті, оқушыларға білім беруде жаңа ақпараттық оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Соңғы жылдары жаңа ақпараттық технологиялар заман ағымына сай күнделікті сабаққа компьютер, электрондық оқулық, интерактивті тақта, интернет, электрондық пошта, телеконференция, On-line сабақтар арқылы іске асырылуда қолдану айтарлықтай нәтиже беруде. Мұғалім компьютер желісі арқылы әрбір оқушымен тығыз байланыста болғандықтан, оқытуға тиянақты түрде көңіл бөлініп, әрбір баланың жеке деңгейін анықтап, оларға жеке шаралар қолдануға мүмкіндік береді. Оқытудың интерактивті әдістерін пайдалану, оқыту-тәрбиелеу үрдісін толық жетілдіруге, педагогикалық еңбектің тиімділігін арттыруға, оқушылардың білім, білік дағды сапаларының жақсаруына септігін тигізип, кәсібі бойынша құзыреттілігін қалыптастырады. Бұл кезде оқушылардың ойлау қабілеті іске қосылып, танымдылық іс-әрекеті жинақталып кәсіби құзіреттілігі дамиды. Жаңа ақпараттық технологияның мақсаты - оқушыны біліммен, білім алу тәсілімен қаруландырып, оның өмір салтымен, мінез-құлқын сауықтандыра отырып, өзін үнемі дамитын оқушыны тәрбиелей отырып, саналы білім алуын жүзеге асыру. Егер оқушының кәсібі бойынша жүйелі жан-жақты терең білім берілсе жаңа ақпараттық технология арқылы оқушылардың шығармашылығы қалыптасса, онда логикалық ойлары теңеліп, өздігінен білім алу, сол білімді нәтижелі түрде пайдалану деңгейлері уақыт талабына сай, бәсекеге қабілетті және кәсіби құзыретті тұлға болып қалыптасады.

Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану қызметі дайындығынан мыналарды байқауға болады:

•оқушылардың компьютерлік техниканы пайдалануға қызығушылықтарының артқандығы;

• оқыту құралдары ретіндегі компьютерлік техниканы пайдаланудың ең маңызды психологиялық-педагогикалық ерекшеліктерін сақтау;

• оқушылардың жалпы мәдени, психологиялық-педагогикалық, пәндік және кәсіби-педагогикалық даярлау үрдісінде ЖАТ-ны кешенді пайдалану.

Ғалымдар мен зерттеушілер В. В. Семеновтың, Т. В. Васильеваның, В. В. Рубцовтың және тағы басқалардың түрлі пікірлерін зерттей келе, оқыту үрдісінде компьютер атқаратын функциялардың барлық жиынтығын екі топқа бөлуге болады:

• Үйренушілердің оқу қызметіне байланысты функциялар;

• Әлеуметтік маңызы бар функциялар.

Бірінші топқа мынадай негізгі функциялар жатады: коммуникативтік; танымдық, білімдік, құндылықты-бағдарлаушы, диагностикалық.

Екінші топты мынадай маңызды функциялар құрайды: ізгіліктілік, басқарушылық, теңестірушілік, оңтайландырушылық, оңалтушылық, көңіл көтеруші-тыныштандырушылық.

Жаңа ақпаратты оқыту технологиясының бүгінгі күні интерактивті тақта ерекше орын алып отыр. Оқушы интерактивті тақтамен жаңа материалдарды арнаулы программамен мүмкіндігінше пайдалана алады. Ондағы мақсат - оқушының өзінше ойлау қабілетін арттыру және қазіргі заманғы интерактивті тақтамен жұмыс істеуге үйрету. Жаңа технологиялар оқушының шығармашылық белсенділігімен өзіндік танымдық қызметін ұйымдастырушы болады. Интерактивті тақтамен сабақ берген кезде мұғалім, шәкірт және интерактивті тақтамен қарым-қатынас жүргізіледі. Мұнда компьютер ойына үрдістер арқылы қозғау салып, шәкірттердің құзіретілігін дамытуға әсер етеді. Ең алдымен оқушының ойлау қабілеті мен білімін арттыруға үйретеміз. Сонан соң оқушы кейінгі және бүгінгі өмірді салыстырмалы түрде тани білуге тырысады.

Білім берудің кез келген саласында «Электрондық оқулықтарды» пайдалану оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауына жағдай жасайды. Тек мұғалімнің айтқандарын немесе оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында электрондық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.

«Қазіргі заманғы жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, - Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында жаңа ақпараттық технологияны қолдану арқылы оқушылардың танымдылық іс-әрекетін ұйымдастыра отырып кәсіби құзыреттілігін дамыту оқу үрдісінде пайдаланудың маңызы зор. ЖАТ арқылы оқушылардың өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын дамыту арқылы кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру баға жетпес құндылықтардың бірі. Жаттығуларды өз бетінше тексеріп, қорытынды жасай білетін тұлға қалыптастыру мақсатында жаңа технологиялар әдістерін кеңінен қолдану қажет деп білемін. Жаңа ақпараттық қоғам жағдайында оқушылардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру көрсеткіштерін төмендегідей анықтаған:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытуда жаңа инновациялық әдістер мен технологияны қолдана отырып оқушының құзыреттілігін қалыптастыру
Ағылшын тілі сабағында жоғары сынып оқушыларының аудармашылық құзіреттілігін дамыту ерекшеліктері
Биология сабағында сыни ойлау арқылы оқушы құзыреттілігін қалыптастыру
Оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту мәселелері
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Құзыреттілік теориясы
Медиатехнологиялар арқылы оқушылардың құзыреттіліктерін дамыту тәжірибесі
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Бастауыш сынып оқушыларының оқу - танымдық құзыреттілігін қалыптастырудың теориясылық негіздері
Математика сабағында жаңа ақпараттық технологияларды қолдана отырып оқушылардың құзыреттілігін арттыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz