ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ӘРЕКЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МӘНІ

Жумашева Т.С. - аға оқытушы (Алматы қ., ҚазмемқызПУ)
Бүгінгі таңда егеменді еліміз өзінің қоғамдағы саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-білім парадигмасы жүйесін әлемдік өркениет үлгісінде дамытуда. Білім беру жүйесіндегі болып жатқан реформа жаңа ұлттық модельдегі білімді құрумен және оқу-тәрбие процесінің педагогикалық теориясы мен практикасында елеулі өзгерістермен ерекшеленеді.
Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңында "білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; ... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық комуникациялық желілерге шығу" делінген. Соңғы жылдары практикаға жаңа идея, жаңа тұжырымдама мен жаңа технологияларды енгізу қарқынды жүзеге асырылуда.
Оқыту технологиясы - алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құрал және түрлерінің жүйесі арқылы оқыту мазмұнын жүзеге асыру жолы. Сөйтіп, оқыту технологиясында мазмұн, әдіс және құралдардың өзара байланысы мен себептілігі жатыр, ал қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес іріктей білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты. Барлық берілген анықтамалардан біз технология - tehno - өнер, шеберлік және logos - ғылым, заң, бір сөзбен айтқанда технология дегеніміз - шеберлік (өнер) туралы ғылым екенін көреміз.
Қазіргі заманғы оқыту технологиялары педагогикалық және психологиялық ілімдер негізінде жасалған дамытушы, тұлғалық бағдарлы, мақсатты технология болып табылады. Педагогикалық технология ғылым мен тәжірибенің арасынан аралық орын алады. Осы мәселені зерттеушілердің бірі Н.Ф.Талызина: Ғылым мен тәжірибенің арасында айрықша ғылым болуы тиіс, ол арқылы ұстанымдар, әдістер дүниеге келіп, олардың қолданылу жүйесі анықталуы керек - деп жазды. Оқыту технологиясы оқыту теориясын бейнелейді және оқытудың технологиялық деңгейін көрсететін стратегиясы мен тактикасы болып табылады.
Өсіп келе жатқан жас ұрпақты сан алуан жаңа педагогикалық технологияларымен таныстырмайынша олардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру мүмкін емес. Жаңа педагогикалық технология негізінде оқушылардың оқу-танымдық әрекетін қалыптастыру проблемасы білім беру жүйесі талаптарының бірі болып табылады. Оқушылардың танымдық әрекетін арттыру қазіргі заман педагогикалық теориясы мен практикасының даму кезеңінде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Оқытудың жаңа технологияларының өсіп келе жатқан жас ұрпақтың танымдық әрекетін қалыптастыруға мүмкіндігі зор. Оқушылардың танымдық әрекетін педагогикалық колледждерде қалыптастырудың маңызы ерекше. Оқушылардың таным процесін тиімді ұйымдастыру арқылы оқу белсенділігін арттыру және танымдық әрекетін дамыту мәселесі бірқатар ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің нысанасына айналған.
Жеке тұлға тәрбиесінде таным әрекетінің маңызы туралы ой-пікірдің қалыптасуына Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев секілді қазақ халқының ағартушы-ғалымдарының қосқан үлесі әлі күнге дейін үлкен маңызын жойған емес. Танымды қалыптастыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz