Оқушының көркем еңбек әрекеті негізінде танымдық қызығушылығын ояту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

оқушының көркем еңбек әрекеті негізінде танымдық қызығушылығын ояту

Асилбаева Ф. Б. - п. ғ. к., аға оқытушы (Алматы, қ., ҚазмемқызПУ)

Бүгінгі таңда жастарға осы қызметтерді іске тасыра алатын, әлеуметтік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім беру мен бәсекеге қабілетті, шығармашыл тұлға етіп тәрбиелеу бүгінгі мектептердің басты міндеті. Әрбір адам еңбек арқылы өз орнын тауып, өмірде не нәрсеге қабілетті екенін сезініп, түсіне білуі тиіс. Өз қолымен жасаған нәрсе үшін мақтаныш сезіміне ие болғанда ғана жан-жақты дамуға жол ашылады. Еңбек - алдымен адам мен табиғат арасындағы үздіксіз үдеріс. Мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың алмасуына себепкер болады, оны реттеп, бақылап отырады.

Еңбек - адамның тұлғалық болмысын қалыптастыруда шешуші рөл атқарады. Ал еңбек тәрбиесінің міндеті - жас өспірімдерді еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге, еңбек дағдысына үйрету және олардың еңбек ету шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыру. Қазақ топырағында да еңбек тәрбиесіне баса назар аударған бірқатар ғалымдардың осындай құнды пікірлері қалыптасқан.

Негізінен еңбектің түрлері сан-алуан. Оқу еңбегі және практикалық еңбек деп екіге бөлінсе, практикалық еңбек өзіне-өзі қызмет етуі; қоғамдық пайдалы еңбек; ауылшаруашылық; техникалық; дизайн; көркем еңбегі жатады. Бастауыш сыныптардағы көркем еңбек әрекеті жүйесі өзінің ерекшеліктерімен оқушы қиялына әсер ете отырып, олардың танымдық қызығушылық қабілеттерін арттыруға ықпал жасайды. Сондықтан көркем еңбек - оқушы қабілетін дамытудың негізгі факторы болып табылады.

Қазіргі бастауыш мектептерде танымдық қызығушылық тұрғыда инновациялық білім беру мәселесі - оқытудың танымдық қызығушылық қызметінің сапасын анықтайтын, жаңа білімді тану мен жаңа бұйым жасауға бейімделу арқылы танылатын әрбір жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын интеллектуалдық үдеріс. Оқушының танымдық қызығушылық деңгейі - оның берілген тақырыпқа байланысты өз қиялынан туған бұйым мен оны көркемдеп жасаудың жолдарын табуынан көрінеді. Мұнда жаңа білімді меңгеру үдерісі танымдық қызығушылық ойдың қалыптасуымен және дамуымен бірге жүреді. Демек, танымдық қызығушылық ойдың нәтижесі - белгілі ұғымдарды қайталап, жаңғыртумен ғана емес, сонымен қатар жаңа білімді жасау, тапсырманы орындауда жаңа жолдарды ашу актлері арқылы жасалады.

Танымдық қызығушылықты қалыптастыруда еңбекке балаудан шығармашылық жұмыстардың орны ерекше. Өйткені, онда оқушы шектеулі тапсырманы ғана орындамайды, сыныптан тыс жұмыстары кезінде ол өзінің қиялынан туған идеяны ары қарай жетілдіре отырып, жаңа туынды шығарады. Бұл кез баланың қиялының өте белсенді дамитын кезеңі болғандықтан оның ақыл-ойына ерік беру керек.

Тұрмыстық-шаруашылық еңбек әрекетіне ең алдымен оқушының өзіне-өзі қызмет ету әрекеті жатады. Мұнда олар бала кезден бастап ұқыпты болуға, тазалыққа үйретеді. Сонымен қатар киімдерін таза ұстап, тәртіпті жүретін баланың миы да тәртіппен жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар үй шаруашылығына көмектесу ересек өмірге дайындығын көрсетеді. Бұл әрекеттер негізінде де оқушының танымдық қызығушылығы қалыптасады деп есептейміз.

Қолөнер - бастауыш сынып оқушыларының жан-жақты дамуына мүм-кіндік жасау құралы болып табылады. Сәндік-қолданбалы өнер арқылы оқушылар қолөнердің, дизайнның қарапайым дағдыларын меңгеріп, оны болашақта өз тәжірибесінде танымдық қызығушылықпен пайдалану іскерліктеріне үйренеді. Қолөнердің қай түрі болмасын, ол баланың ұшқыр қиялын дамытып, логикалық ойлауын жетілдіреді. Соңғы кезде қолөнердің түрлерін үйрету мектептегі сабақ жүйесіне енгізу заман талаптарының біріне айналды. Біздің мектептегі еңбекке баулу сабғынан бастауыш сынып оқушысы қағаз қию, сазбалшық, ермексаздан әр түрлі бейнелерді мүсіндеу, өсімдіктерді күту, ағаш, қаңылтыр, сыммен жұмыс істеуді үйреніп, мектеп үлескілерінде еңбек ету, сенбіліктерге қатысуды үйренсе, шетел мектептерінде квиллинг, карвинг, кусудамадан бұйымдар мен композиция жасау арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыруға жағдай жасалады.

Қазіргі кезде мектептерде еңбекке баулудан түрлі бұйымдар жасатып, оқушылардың шығармашылық көрмесін ұйымдастыруға болады. Оның бәрі мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Макаронның түрлерін жиып алып, қатырма қағаздың бетіне гүлдің, күннің, ағаштың т. б. бейнесін келтіре отырып қағаз бетіне жапсыру арқылы түрлі композициялар шығаруға болады. Сосын оның бетін түсті лак, бояулармен сырлар әшекейлеуге болады. Бұл әрекеттерді орындай отырып, оқушылардың ой-өрісі, эстетикалық талғамы дамып, танымдық қызығушылығы қалыптасады. Сонымен қатар өз бетінше еңбек етуге, кез-келген жерде дұрыс шешім қабылдай білуге және рухани-адамгершілікке тәрбиелейді.

Жібек лентамен тігуді үйретудің басты мақсаты оқушылардың өзіне-өзі қызмет ету әрекетіне баулу болып табылады. Мәселен оқушы ескі киімін өздігінен түрлі - түсті лентамен композиция тігіп соңғы үлгідегі киімге айналдыруына болады, немесе жамау жамаған кезде жыртылған жердің орнына лентадан гүл шоғын, ертегі кейіпкерлерін т. б. танымдық қызығушылығына байланысты әдемілеуге болады. Сондай-ақ жібек лентамен картиналардың айналасын, қол сөмке, сүлгілерді әсемдеп, әшекейлей отырып жасуға болады. Мұндай көркем еңбек әрекеті оқушылардың эстетикалық талғамын оятып, еңбек іс-әрекетін жалықпай орындауға қызығушылығын оятады. Сондықтан, оқушыны бастауыш сыныптан бастап, жағымды әрі пайдалы іспен шұғылдануы біздің басты міндетімізге айналуы тиіс деп есептейміз.

Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының көркем еңбек әрекеті арқылы танымдық қызығушылығын қалыптастыруда еңбекке баулу сабағының маңызды рөл атқаратыны тәжірибе жүзінде дәлелденуде. Ғылыми зерттеу жұмысымыз оқытудың ғылыми деңгейін арттыруда еңбекке баулу сабақтарының педагогикалық құндылығы зор екенін көрсетті. Оқушыны оқу еңбегіне үйрету үшін үнемі жаттықтыру арқылы олардың бойында білімді меңгеру дағдыларын қалыптастырып, үздіксіз ой еңбегімен шұғылдануға баулу керек. Жалпы еңбекке деген сүйіспеншілігін туғызу арқылы мектеп оқушыларын қоғамдық пайдалы, өнімдік еңбекке тікелей қатыстыру, оқуға деген саналы көзқарас тәрбиелеу әр сабақта өзекті орын алып отыратын ұстанымға айналуы тиіс. Себебі, еңбексүйгіштік адамның адамгершілік сапасы ретінде өзіндік шынайы сезімін жоғарлатады және қоғамдағы орнын бекітіп оны әрі қарай дамытады. Еңбексүйгіштік және танымдық қызығушылық бір-бірімен сабақтаса байланысып, өзара септігін тигізіп отырады. Баланың еңбек сабағында жасаған жұмысын жоққа шығару дұрыс емес, тіпті бала жұмысы, бұйымды немқұрайлықпен орындаған күнде де оның сол еңбекке жұмсаған күш-жігерін мақтап, мадақтап отыру керек. Әрине, мақтау барысында бұйымның кемшілік жақтарын, өзінің еңбекке салғырт қарағандығының нәтижесінде осындай бұйымның шыққанын ескеріп, түсіндіріп отыру керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп оқушыларының көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыру жолдары
Балаларға әңгіме айтып беру
Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының тұлғасын адамгершілікке тәрбиелеу
БАСТАУЫШ СЫНЫПТА КӨРКЕМ ШЫҒАРМАЛАРДЫҢ КЕЙБІР ТҮРЛЕРІН ОҚЫТУ
Бастауыш мектепте қазақ тілі сабағын оқыту барысында оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту жолдары
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ САБАҚҚА ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Бастауыш мектеп оқушыларының бейнелеу өнері сабағында танымдық қызығушылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
Көркем шығарманың оқытудың тиімді жолдарын қарастыру
Мұғалімнің бағалау қызметі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz