ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ- дидактика категорияларының бірі


ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ- дидактика категорияларының бірі
1. Оқыту әдістерінің жіктелуі.
2. Қолдану мақсатына қарай оқыту әдістерінің жіктелуі.
3. Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны.
Оқыту әдістерінің даму тарихы мен қалыптасуының өзіне тән ерекшеліктері бар . . .
Педагог ғалымдар мектептегі оқыту процесін бақылай отырып, мұғалім мен оқушылардың өзара іс-әрекеттерінің әртүрлілігін байқаған. Осы әртурлі іс-әрекетті ғалымдар оқыту әдістері деп атаған. Мысалы, Mұғалім жаңа тақырыпты / материалды/ түсідіріп тұрады, ол түсіндіру әдісін қолданды, оқушылар жаңа материалды өз беттерінше меңгереді - бұл өз бетінше жұмыс, оқушылар практикалық жұмыс- жаттығуларды орындайды - бұл практикалық, т. с. с болып кете береді.
Әдіс деген ұғым гректің жол, құрал, тәсіл деген мағнаны білдіретін сөзінен шыққан.
Сонымен, оқыту әдісі дегеніміз, мұғалім мен оқушылардың оқыту, оқу мен дидактикалық міндеттерді шешуге бағытталған бірлескен ic-эрекеті. /П. П. Пидкасистый/
Оқыту әдісі - тарихи категория. Ертеректе бipeyгe ұқсау, соның іс-әрекетін қайталау әдici көп қолданылған, әcipece, еңбек әрекеті . . . , сөздік әдістер, сөйлеу іс-әрекеті . . .
50-шы жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көніл бөлінді. Грузин педагогы Д. О. Лордкипанидзе оқыту әдістерін топтастыруға әрекет жасады. Ол әдістерді топтастыру үшін білім көзін негізге ала отырып, үшке бөледі: сөздік әдістер, кітаппен жұмыс істеу әдістері, оқыту-практикалық сабақтар әдістері.
Оқыту әдістерінің жіктелуі
Білім берудің көпжақтылығы секілді оқыту әдістері де көпқырлы. Оқыту әдістерш жіктеу белгілі бip белгілеріне орай жүйеге келтіру болып табылады. Қазіргі кезде оқыту әдістерінің оннан астам классификациясы бар. Оқыту шектен тыс ауыспалы, диалектикалық процесс. Осыған байланысты оқыту
әдістері де сол оқыту процесіне сай, оның қасиеттерін бейнелеуі керек. Төменде көп жағдайда кездесетін, негізделген оқыту әдістерінің жіктелуін қарастырамыз.
Бастауын ертедегі философиялық және педагогикалық жүйелерден алатын д ә с т ү р л i оқыту әдістері. Мұнда жалпы белгісі, негізі ретінде білімнің бастауы алынады. Ал бұған практика, көрнекілік, сөздік әдістер алынған. Мәдениеттің дамуына байланысты кейіннен бұларға кітап, одан кейін ақпараттардың күшті, қайнар көзі в и д е о және компьютер жүйесі қосылды. Сонымен бұл жүйеге практикалық көрнекілік, кітаппен жұмыс және видеоәдістер жатады. Бұл әдістердің әрқайсысы жекеленген әдістерден тұрады.
1. А у ы з ш а әдістер: түсіндіру, әңгіме, әңгімелесу, кеңес беру, лекция, пікірталас, диспут.
2. К ө р н е к i л i к әдістер: иллюстрация, демонстрация, оқушылардың байқауы.
3. П р а к т и к а л ы қ әдістер : тәжірибе, жаттығу, өндірістік -оқу еңбегі.
4. Кітаппен жұмыс - оқу, жаттау, реферат, көріп, оқып шығу, мазмұндама, жоспар құру, конспект жазу.
5. Видео арқылы - қарау, көру, оқыту, бақылау, мұғалімнің бақылауымен жаттығу, бақылау.
Қолдану мақсатына қарай оқыту әдістерінің жіктелуі / М. АДанилов, Б. П. Есипов/
- білімді игеру
- іскерлік пен дағдылардың қалыптасуы
- білімді қолдану
- шығармашылық ic-әрекет
- білмді бекіту
- білмді, іскерлік, дағдыны тексеру
1. Типі мен танымдық қызметіне байланысты оқыту әдістерін жіктеу. Танымдық іс-әрекеттің типтері - мұғалімнің ұсынысымен оқушылардың өздерінің өз бетінше жұмыс істей алу қабілеттерінің деңгейі.
Бұған жататындар
- иллюстрация арқылы түсіндіру
- репродуктивті
- проблемалық тұрғыдан материалды тусіндіру, айту
- жартылай ізденіс
- зерттеушілік
а/ иллюстрациялар арқылы түсіндіру
- оқушыларға білім дайын күйінде беріледі
- мұғалім әртүрлі тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың осы дайын білімді қабылдауларына әрекет жасайды
- оқушылар соны қабылдайды, естеріне сақтайды
Мұнда мұғалім тек қана оқушылардың білімді қабылдауын ғана ұйымдастырушы болып табылады.
ә/ репродуктивті әдіс
- мұнда да оқушыларға білім дайын күйінде хабарлайды
- мұғалім жаңа білімді хабарлап қана қоймай, түсіндіреді
- оқушылар білімді саналы түрде меңгереді, түсінеді, еске сақтайды. Білімді қабылдаудың критериі сол білімді дұрыс есте сақтау болып табылады.
- білімді берік меңгеру қайталаулар арқылы жүзеге асады.
Жоғарыда көрсетілген оқыту әдістерінің басты ерекшелігі уақытты ұтымды пайдалануда, яғни бұл әдістерді пайдалана отырып, қысқа уақыт мерзімі ішінде көп күш-жігерді жұмсамай-ақ білмді беруге болатындығы.
б/ проблемалық тұрғыдан білім мазмұнын баяндау әдісі орындаушылық ic-әрекеттерін шығармашылық ic-әрекетке өту болып табылады.
в/ жартылай ізденісті бейнелейтін әдістер
- білім оқушыларға дайын күйінде берілмейді, қайта оны оқушылар өздері қарауы керек
- мұғалім жаңа білімді хабарламайды, керісінше, әртурлі тәсілдер арқылы жаңа білімдерді іздестіруді, қарастыруды ұйымдастырады
- оқушылар мұғалімнің басшылығы арқылы проблемалық ситуациялар ойластырып, құрастырады, шешеді және талдау жасап, салыстырулар жүргізеді, соның негізнде оларды саналы түрде берік білім қалыптасады.
г/ зерттеу әдістер
- мұғалім оқушылармен бірігіп, белгілі бip уақыт белгіленген мерзімде проблеманы құрастырады
- жаңа білім оқушыларға хабарланбайды, оны өздері зерттеу жургізе отырып, тауып, салыстырады
- мұғалімнің ic-әрекеті шұғыл қажет болғанда ғана көрініс табады
- оқу процесі жоғары жеделдетілген сипатта, алынған мәліметтер өзінің тереңдігімен, қызықтығымен, нақтылығымен ерекшелінеді.
Зерттеу әдістері шығармашылықты қалыптастырғанымен, мұғалім мен оқушылардан төзімділік пен күш-жігерді және уақытты талап етеді.
2. Дидактикалық мақсаттарға байланысты оқыту әдістері екі топқа бөлінеді
1/ оқу материалын меңгерудің бастапқы кезеңі
2/ қабылдаған немесе меңгерген білімдерді бекіту және жетілдіру / Г. И. Щукина, И. Т. Огородников/
Бірінші топқа жататындар ауызша материалды айтып беру, әңгіме, кітаппен жұмыс, ізденіс жұмыстары, диспут, лабораториялық жұмыстар.
Eкінші топқа - жаттығулар, практикалық тапсырмалар.
Соңғы кездерде академик Ю. К. Бабанский ұсынған оқыту әдістері кеңінен қолданылуда. Онда ipi-ipi үш топқа бөлінген оқыту әдістері қолданылады.
1/ оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, іске асыру
- қайнар көздері - сөздік, көрнекілік, практикалық
- логика - индуктивті және дедуктивті
- ойлау - репродуктивті және проблемелық ізденіс
- басқару - өзбетінше жұмыс icтey әдістері мен мұғалімнің басшылығымен жұмыс
2/ оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру
- оқуға қызығушылықтың мотивациясы мен ынталандыру әдютері
- оқу алдындағы жауапкершілік пен борышты ынталандыру
3/ оқу-танымдық іс-әрекеттің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау
- ауызша өзін-өзі бақлыау, жалпы бақылау
- жазбаша бақылау
- лабораториялық - практикалық бақылаулар әдісі.
ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ МӘНІ МЕН МАЗМҰНЫ
Ә ң г i м е әдісі ауызша әдістерге жатады. Бұл әдістің басты қызметі - білім берушілік, қосымша, жанама қызметі - дамытушылық, тәрбие берушілік және бақылау жасау, қозғау салу, ой қозғау.
Ә ң г і м е л е с у - дидактиканың ертеден келе жатқан әдістерінің бipi, бұл әдісті кезінде Сократ қолданған. Бұл әдістің негізгі қызметі - ойға қозғау салу, мәні - белгілі бip бағытта жоспарлы түрде құрастырылған сұрақтар арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, өз беттерінше ойлай білуге, мәселені шешуге дағдыландырады. Әдіс (методос деген грек сөзінен туады-зерттеу немесс таным жолы), тосілдер жиынтығы. Әдіс педагогикалық әдебиеттерде тәсіл деп түсіндіріледі. Мысалы, швейцар энциклопедиясында әдіс ұғымын тәсіл деп түсіндіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz