Оқыту барысында бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту
Оқыту барысында бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың танымдық белсенділігін дамыту мен жетілдірудең теориялық негіздері.
Білім беру жүйесі қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының жетекші рөлін атқарады, сондай-ақ оны әрі қарай айқындай түседі. Ал білімнің қалыптасып дамуының жалпы шарттары философияның негізгі мәселесі - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетін ілім - таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбірлі айырмашылығы: ол - білімнің қалыптасуы мен негізделуінің жалпы ұстанымдарын, объективтік қатынастарды қалыптастыру.
Танымдық әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті Танымдық әрекет танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізіндө оқушыларда танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.
Танымдык, қызығу ұғымы және оны қалыптастыру мәселесіне педагогтер психологтердің, әдіскерлердің көптеген ғылыми зерттеу еңбектері арналған Бұл мәселенің кейбір қырлары тамыры тереңге бойлайтын көне замандардан бастау алады.
Көне замандағы Антика дәуірінің өзінде-ақ ойшылдар мен педагогтер оқушылардың өзіндік ой тұжырымдарын жасау және оны дамыту үшін репродуктивті және эвристикалық әдістер жайлы мәселелерге көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл-ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясында айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып-білуін қамтамасыз етуі мен қоғамға, адамға дұрыс қарым-қатынастың қалыптастырылуын қарастырды.
Ежелгі Греция мен Римде құл иеленушілік құрылыс кезінде басқа мемлекеттермен салыстырғанда қоғамдық даму деңгейі жоғары болды. Антика дәуірі мемлекеттерінде өскелең ұрпаққа тәрбие беру ісіне көп көңіл бөлінді. Құл иеленуші қоғамына мемлекетті қорғай алатын, қажет кезінде басқыншылық әрекеттерге икемді, күшті, жігерлі және білікті адамдар қажет болған. Нәтижесінде ежелгі грек тәрбие теориясы пайда болып, бұл идеялар Платон, Аристотель, сондай-ақ ежелгі рим философтері Плутарх, Пацит, Квинтимин еңбектерінде одан әрі дами түсті.
Бұл теорияда ақыл-ой тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді, әсіресе, шәкірттің өз ой тұжырымын дамытуға ерекше мән беріледі.
Сократтың өзі оқыту барысында шәкірттердің танымдық белсенділігі мен ізденімпаздығын арнайы басқарудың маңыздылығын атап көрсеткөн еді. Ол шәкірттердің танымдық ізденімпаздығын арттыратын арнайы оқыту әдісін -эвристикалық әңгімелесуді алғаш рет қолданды. Сократ білімді жай ғана бере салмай, шәкірттеріне сұрақ қоя отырып олардың ойлау қабілетін, қызығуын арттырып, өз ой тұжырымын жасай білуге үйретті. Эвристикалық сұрақтарды алдын ала дайындай отырып танымдық ізденімпаздықты оқыту құралы ретінде қалыптастырады.
И.Гербарт танымдық ізденімпаздықты дамыту - оқытудың негізгі міндеттерінің бірі деген пікірде болды. Ол оқу материалы жеңіл болмауы керек, баланың психикалық іс-әрекеті нәтижесіне сәйкес бірте-бірте күрделендіру идеясын ұсынды. Өзінің оқыту теориясы негізінде Гербарт адамның алуан салалы қызығуларын алады. Адамдарға қызығулар айналасын қоршаған дүниесін танып білуге немесе қоғамдық өмірге араласуға байланысты болады. Біріншісіне жататын қызығу - эмпирикалық, бұл айналасын қоршаған дүниенің кейбір оқиғаларын білуге бағытталады, ойлауға негізделген ақыл-ой қызығуы эстетикалық қызығу - оқиғаларды көркемдік жағынан бағалай білушілікті көрсетеді. Қызығудың екінші тобына жататындар - симпатикалық қызығу, бұл жеке адамдар арасында қатынас туғызады; әлеуметтік қызығу -әр түрлі қоғамдық ұйымдардың арақатынасын анықтайды; дінге қызығу -діни ұғымды күшейтеді. Осы алты түрлі қызығу оқушылардың меңгеретін білім мазмұнын анықтайды.
Қызығу (латынша негізі - мәні бар, маңызды) - адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі. Қызығуды жеке тұлғаның өз әрекетіне бағалық қатынасы деп анықтауға болады. Оқушының танымдық қызығуы танымдық саласына қатынасынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы екені белгілі. Л.Выготский бұл жөнінде былай деген: Ең алдымен, баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса сол әрекетті басқарып, бағыттап отыру керек. Оқушылардың танымдық қызығуы олардың білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына тәуелді.
Танымдық қызығу оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Оның негізі оқу үрдісін белсендіру жолдары мен оқушылардың қызығуын дамытуды ұсынады, оқытудың белсенді әдістері танымдық қызығуды дамытуды көздейді. Сабақтың қай түрі болсын қызығушылық уәждемеге бағытталады. Білім беруді ізгілендіру оқушының танымдық ой-өрісін кеңейтуді негізгі орынға қояды.
Педагогтер, психологтер, әдіскерлер танымдық іс әрекет ұғымы мен танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселесіне ерекше көңіл бөлген. Оқушылардың ақыл ой тәрбиесіне негізделген тәрбие теориясы айналасындағы дүниені шынайы ақиқат тұрғыда танып білуін қамтамасыз етуді және қоғамға, адамдарға дұрыс қарым қатынасын қалыптастыруды қарастырады.
Танымдық белсенділік туралы анықтамаларға талдау жасай отырып оқушылардың танымдық белсендік белгілері анықталады. Оған мына үш белгі тән:
- Оқу танымдық әрекеттің қоғамдағы маңыздылық бағыты;
- Оқу танымдық әрекеттің интелектуалдық сипаты;
- Оқу танымдық әрекеттің реттеушілік сипаты;
Сондай ақ, танымдық белсенділігін дамыту тиімділігі мынадай жетекші факторлармен анықталады:
- оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алу;
- оқу үрдісіне мәселелік оқытуды кеңінен енгізу;
- материалдарды айтып түсіндіруде жүйелік ұстанымын қамтамасыз ету;
- бірте-бірте күрделене түсетін тапсырмалар кешенін шешудегі қол жеткен табыстарды нығайтуды қамтамасыз ету, т.б.
Оқу үрдісі оқушылардың танымдық әрекеті нәтижесінде жүзеге асады, ал танымдық әрекеті негізінде оқушыларда танымдық белсенділік қалыптасады. Демек, оқушылардың танымдык, белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру - оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты.
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыруда оқу материалдарының маңыздылығы дәрежесіне қарай оның құндылығын анықтап, сабақ беру мен оқу үрдісін ұйымдастыра білудің маңызы зор. Оқытудың мазмұнына фактілерден, әрекет тәсілдерінен басқа оқытудың шын мазмұнымен бірге оқу үрдісіне қатысушылардың арасында ақпарат алмасу қорын құратын және оқушылардың осы мазмұнды игеруіне әрі оны өмірде қолдануына қызмет ететін мәліметтер кіреді.
Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар мына төмендегілер:
- оқу үрдісіне қатысушыпардың екі жақты сипаты әсері негізінде мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті арқылы (Т.Сабыров, Н.Хмель, Е.Галант, Л.Аристова, М.Данилов, Г.Щукина, Р.Лемберг);
- танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы (Б.Есипов, Т.Сабыров, М.Скаткин, Б.Айтмамбетова, т.б.);
-танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы (Н.Меньшинская, П.Пидкасистый, Т.Шамова, А.Әбілқасымова, Р.Омарова, А.Мустояпова);
- оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы (И.Лернер, Б.Коротяев, М.Құдайқұлов);
- іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы (П.Гальперин, Н.Талызина);
- оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы (Л.Рувинский, А.Қазмағамбетов).
Оқыту үрдісінде оқушының танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.
Оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда мұғалім танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе оқушыға шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде оқушыға белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.
Танымдық ізденімпаздык, пен белсенділік жеке тұлғаның алуан қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол - сезімталдық, танымдық және еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық уәж пен өз бетінше әрекет тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып табылатын танымдық әрекетке бейімделуі.
Оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудың негізі факторларына олардың өз мүмкіндігін сезінуі, оқушылардың өз тандауымен жұмыс істеуі, оқу үрдісінде баланың өз әрекетінен қанағаттануы; оларға мұғалім тарапынан қойылатын талап пен қабілеттерінін, сәйкес болуы; мұғалімнің өзіндік жұмысты ұйымдастыра алуы, т.б. жатады. Бұл факторлар оқу мотивтерінің өрісін кеңейтіп шығармашылық әрекетіне негіз қалайды. Қабілеттер оқушыға дайын түрінде берілмейді, ол оқыту барысында жүзеге асатын дамудың нәтижесі. Оқу, білім алу қабілеттерінің өзі оқушының іс-әрекетінсіз пайда болуы мүмкін емес. Қабілеттердің деңгейі әр оқушыда әр түрлі болғандықтан, мұғалім танымдық тапсырманы беру кезінде оны ескеруі тиіс.
Оқушылардың танымдық белсенділігі - баланың жеке дамуын қамтамасыз ететін, танымдық тапсырмаларды шешу кезінде игерілген білімдер мен біліктерді іс жүзінде қолданылатын, ең бастысы, саналылықпен білімдеріне, дағдыларына және интеллектуалдық бейімділіктеріне сүйеніп, өз бетімен кәсіптік бағдар мәселесін анықтайтын және өзіндік шығармашылық ой-өрісін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz