Білім берудің жаңа технологиялары



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Дидактикалық блок
Х ғасырдағы классикалық медициналық білімнің оқытушыдан оқушыға бір жақты ғана
берілуге құрылғаны және бұл дәрістің ең басты құралы болып саналғаны белгілі. Алайда, бұл
әдіс бүгінгі таңдағы талаптарды қанағаттандырмайды. ХХ жүз жылдықта білім алу
оқытушының қатаң басқаруымен жүзеге асып отырған (дәстүрлі білім беру); ал студенттер
селқос тыңдаушы-конспект жазушы (есте сақта, есіңе түсір, елестет) ғана болып қала берді;
білім беру бағдарламасы жеке пәндерді оқуға негізделді; білім алу уақыт жағынан созылып
кететіндіктен, студенттер жеке пәндер бойынша білімдерін жинақтай алмады. Мұндай білім
берудің ең басты кемшілігі, дәрігер-студенттің сыни ойлау қабілетін дамытпауы болып
табылады. ( А.А.Ақанов және серіктес авторлар..., 2009).
ЖОО-ны бітірген мұндай түлектер анатомия, гистология, биохимия т.б. пәндер бойынша
іргелі білім алумен ғана шектеледі де, осы алған білімдерінің тәжірибе жүзінде қаншалықты
қажет екенін толық түсінбей кетеді. Қорытынды білімді бағалауда тест тәрізді әдістер, алған
ақпаратқа сараптама жасау және жүйелеу мүмкіндігінен айырып, барлық ақпараттар пен
алынған білімнің ауқымын құрғақ сұрақ-жауаппен ғана ӛлшейді.
Ұзақ уақыт қолданылып келген, білімді селқос қабылдауда құрылған білім берудің әдіс-
тәсіл жүйесі қазіргі заман талабында ӛзекті емес және оған жол берілмеуі керек. Алдыңғы
қатарлы қоғамы бар, жаңа нарықтық экономикасы, болашағы дамыған мемлекетке, жаһандық
білімге негізделген, жоғары бәсекелестікке бағытталған басқа білім мен басқа мамандар қажет.
ХХІ ғасырдағы жаңа мәселелер мен қоғамның сұранысын қанағаттандыру үшін және
жаңа мәселелерді шешу үшін халықаралық деңгейдегі мамандар қажет. Мемлекет жаһандану
жағдайында бәсекелестікке қабілетті, экономикалық білімге негізделген жаңа мамандарға зәру.
Бүгінгі медицина саласындағы студенттердің ХХІ ғасырдағы медицина мәселелерін
шеше алатындай, денсаулық сақтау мен медициналық тәжірибенің талаптарын қанағаттандыра
алатын, ертеңгі білікті дәрігерлер қатарына қосылуы үшін білім беру дайындығы қайта
қаралуы тиіс.
Кӛптеген алдыңғы қатарлы мемлекеттер дәстүрлі білім беруден бас тартып, ӛнімсіз
дәрістерден ӛздерін жақсы кӛрсететін интербелсенді білім беру тәсіліне кӛшті. Білім берудің
жаңа парадигмасына сәйкес, студенттер енді селқос тыңдаушы емес, олар - білім беру үрдісіне
қатыстырылған - айтыстарға, пікірталастарға, қызу талқылауларға белсенді түрде араласады.
Жаңа білім берудің әдіс-тәсілдерін енгізудің арқасында, студенттер сабақ уақытында алған
білімдерін интеграциялау, сараптау, бағалау және қолдану, яғни мәселелерді ӛз беттерімен
шешу, сонымен қатар шешім қабылдау үшін сыни ойлау сияқты қабілеттерін дамытады,
жоғары деңгейдегі танымдық, ақыл-ой дағдыларын қалыптастырады.
Студенттер білім алу кезінде бұдан басқа аффективті қабілеттерге ие болады, мұның
астарында тұлға аралық қарым-қатынас дағдылары, топта жұмыс жасау, басшылық дағдылары,
үнемі ӛзін-ӛзі дамыту дағдылары жатыр. Жаңа парадигма студенттерге білім алу кезінде ынта
мен кӛбірек тәуелсіздік мүмкіндігін беруді талап етеді.
Қазақстан Республикасының 2006-2010жж. Концепциясына сәйкес, Қазақстанда медициналық білімнің жетілген жаңа үлгісі, дайындық жүйесі, дәрігерлерді қайта дайындау,
білім сапасын бағалау және халықаралық деңгейдегі талаптарды ескере отырып, медицина мен
фармация саласының мамандарының кәсіптік деңгейдегі біліктілігін арттыру шаралары ендігі
жүзеге асырылуы тиіс. Бұл тұжырымдама мақсатқа жету үшін ...Білім мазмұнын ӛзгерту, білім
беруде жаңа технологияларды енгізу сияқты басты мәселені қарастырады. Медициналық және
фармациялық білім бағдарламасының мазмұнын ӛзгерту, сапасын жақсартуға бағытталған,
Медициналық Білімнің Дүниежүзілік Федерациясы жасаған, халықаралық стандартқа жүгінеді.
Медициналық және фармациялық білім дәлелдеулерге негізделген, әлеуметтік-экономикалық
жағдайының ерекшеліктері, денсаулық жағдайы, әр түрлі аймақтардағы Қазақстан халқының
ауруының сипаты, сонымен қатар медициналық кӛмек кӛрсетудің түрлері суреттелген
медицинаның жан-жақты ғылыми негізінде іске асуы тиіс. Білім үрдісіне жаңа технологияны
кеңінен енгізу жоспарлануда.... Жаңа білім беру технологиялары дегеніміз - ол мәселелерге
бағытталған білім беру және білім саласындағы тәжірибе мен инновациялық техника, білім
берудегі интербелсенді әдіс. Білім берудегі жаңа әдістер білім беру үрдісінде дәлелденген
медицина ұстанымдарын, шет тілін терең меңгеру және оқу үрдісінде клиникалық пәндермен
қоса базалық пәндерде де шетелдік баспа және электронды оқулықтарды белсенді қолдану,
қажетті ақпаратты және т.б. іздеу үшін Интернет-ресурстарын кеңірек қолдануды қарастырып
отыр.
Білім берудің жаңа технологиялары дегеніміз - тәжірибелік дағдыларды үйренудегі сӛзсіз
жаңа тәсіл, бұл дегеніміз дәлдебер (муляж), фантом, стандартталған аурулардың әдісін қолдану,
сонымен қатар білім беру тәсілі түлектердің біліктілігін және студенттердің білімін бағалау
жүйесінде негізгі ӛзгерістерін де қарастырады. Дәрігер-студенттерге, ЖОО-ның профессор-
оқытушылар құрамының деңгейіне қойылатын талаптарды жоғарылату - университет
дамуындағы болашағы және жетістігі бар қажетті жағдай болып табылады. ҚазҰМУ,
инновациялық бағдарлама мен жоба аясында жаңашыл ретінде, оқу үрдісінде және
медициналық білім жүйесін жетілдіруде жаңа педагогикалық технологияларды енгізу жағынан
кӛшбасшы болуы керек.
Авторлар барлық ескертулер мен ұсыныстарды қабылдап, келесі басылымдарда
қарастыратын болады.

Қазіргі заманғы педагогикада білім беру әдісінің 250-ден аса түрі бар. Білім беру әдісінің кӛп
бӛлігі ақпараттық сипатта болып отыр. Мұндай білім беру тәсілінде оқытушы ақпаратты тасушы
болып қана табылады және оған білім үрдісінде белсенді рӛл берілген, ал студентке оған берілген
ақпаратты жай ғана қабылдаушы және оны селқос тыңдаушы рӛлі ғана бӛлінген. Білім берудің
осындай әдіс-тәсілдерінің нәтижесінде болашақ мамандар үлкен ауқымды ақпаратты тасушы болып қала береді, нақты жұмыс жасау барысында болған жағдаяттарды ӛз беттерімен шеше алмайды.
Техниканың қарқынды дамуы жас мамандардың жұмысында қосымша қиындықтар туғызады.
Қазіргі заман қоғамы мен уақыт талаптарына сай мамандарды оқыту үшін, оқыту үрдісінде
студенттің, оқытушының рӛлін ӛзгертетін, соған сәйкес, оқушылардың біліктілік деңгейін
бағалайтын жаңа құралдарды, сонымен қатар, ғылыми-техникалық прогресті қолдану жетістіктері
мен жас маманның ӛз пайымын талап ететін, оқытудың жаңа әдістерін енгізуде белгілі-бір
мәселелер туындайтыны сӛзсіз. Бүгінгі күнде білім беру әдістері ЖОО-ның түлектері еңбек
шығармашылығына қажетті біліктілік қорына ие болу үшін бағытталуы керек.
Оқу үрдісіндегі білім беру әдістерінің барлығы тӛмендегідей қызмет атқарады:
* білім беруші (оқытудың мазмұны мен мақсатын тәжірибеде іске асырады);
* дамытушы (оқушылардың даму деңгейін мейлінше жетілдіру);
* тәрбиелік (тәрбие нәтижесіне әсер етеді);
* қозғаушы (танымдық шығармашылыққа жағдай жасаушы, білім алуға қозғаушы құрал
* ретінде қызмет атқарады);
* бақылаушы-түзетуші (анықтау және оқу үрдісін басқару).

Оқытудың әдіс-тәсілдері ӛздерінің қызметін іске асыру кезінде, мынадай қызметтік
міндеттерді алып жүреді:
* ӛзара қарым-қатынастың барлық деңгейдегі жетекші жүйесін анықтау: оқытушы - білім
* алушы, білім алушы - білім алушы, оқытушы - білім алушы топ т.б.;
* білім алушылардың танымдық шығармашылығын ұйымдастыру құралы ретінде қызмет
* атқарады;
* оқытушының іс-әрекеті тәсілдерінің жүйесін анықтайды;
* білім алушылардың оқу шығармашылығының амал жүйесін қалыптастырады;
* ұжымға және жеке білім алушыларға тәрбиелік жағынан әсер ететін құрал болып табылады;

Педагогикалық үрдістің негізі болатын бӛлігі болып
* мақсаты - не үшін оқу керек (оқыту);
* мазмұны - нені үйрену керек (оқыту);
* әдіс-тәсілдері мен құралдары - қалай оқу керек (оқыту);

Білім алудың мазмұнын, әдіс-тәсілдері мен құралдарын таңдау білім алудың мақсатына
негізделген.
Мақсат қойылған келесі талаптарды қанағаттандыруы керек:
* білім алушының мүмкіндігіне барынша зер салып, бейімделу керек;
* орындаушы;
* жете түсіну;
* олардың қол жеткізген мүмкіндіктері мен жағдайларына сәйкес ӛзгергіш, икемделгіш болу;
* білім алу мекемелері нақты болуы және ескерілуі керек;
* бақыланымды.

Алайда, білім берудің әдіс-тәсілдерінің әр түрлілігіне қарамастан, жалпылама түрде
әдістердің барлық жіктелу сипатын беретін біртұтас, дара жіктеу әлі күнге дейін жоқ. Түрлі
авторлар оларды жүйеге келтіру үшін әр түрлі тәсілдер мен әдістерді қолданады. Қазіргі заманғы
педагогикада білім беру әдіс-тәсілдерінің бірнеше жіктеуі бар:
1. Дәстүрлі жіктеу, ақпарат кӛздері негізгі критерий ретінде қарастырылады. Бұл жіктеу білім
беру әдісінің бес тобын бӛліп кӛрсетеді:
тәжірибелік (тәжірибе, жаттығу);
кӛрнекілік (иллюстрация, демонстрация, білім алушыларды бақылау);
ауызша (түсіндіру, ұғындыру, әңгімелесу, сұхбат, дәріс, пікірсайыс, пікірталас);
кітаппен жұмыс (оқу, зерттеу, реферат, дәйексӛз алу, кӛз жүгірте қарау, конспет, эссе);
видеоәдіс (қарау, үйрену, жаттығу, бақылау).
2. Оқыту және дидактикалық мақсат сипатындағы әдіс бойынша жіктеу. Критерий -
дидактикалық үрдіс кезеңдерінің алмасуы. Соған сәйкес білім беру әдіс-тәсілдерін кезең бойынша жіктейді (Е.И.Перовский, Е.Я.Голант, Д.О.Лордкипанидзе):
* білімді игеру;
* шеберлік пен дағдыны қалыптастыру;
* білімді қолдану;
* шығармашылық қызметті қалыптастыру;
* білімді, шеберлікті, дағдыны бақылау және бекіту.
3. Білім алушылардың танымдық қызметінің сипатына қарай әдіс-тәсілдерді жіктеу :
* ізденуші;
* түсіндіруші-иллюстрациялық;
* репродуктивті;
* мәселелік мазмұндау;
* эвристикалық (жеке-ізденуші);
* зерттеуші.
4. Әдіс-тәсілдің бұлай жіктелуі шынайылыққа жетудің әр түрлі кезеңдеріне негізделген:
* жанды пайымдау, абстрактілі ойлау (ұғыну, талдап қорыту, сараптама) және тәжірибе:
* эмпирикалық материалдың жиналуын, бақылауын ұйымдастыру ;
* талдап қорытатын шындыққа негізделген мәліметтерді теориялық ӛңдеу;
* талдап қорыту мен шешімнің дұрыстығын тәжірибелік жағынан тексеру, шынайылықты,
* құбылыс пен болмыстың, мазмұн мен форманың сәйкестігін анықтау.
5. Кейінгі кезде педагогикада білім беру үрдісінің әдіс-тәсілдері былай жіктелуі мүмкін:
* олардың рӛлі және болмыстық күштің дамуы, психологиялық үрдіс, рухани-
* шығармашылық белсенділік;
* білім алушылардың жас ерекшелік үйлесімділігі;
* олардың тәрбиелік ықпалының нәтижелілік дәрежесі, сананы қалыптастыру әсеріне, білім
* алушының іс-әрекетін ынталандыруына және ішкі түрткісіне.
6. Академик Ю.К.Бабанский білім беру үрдісінің әдіс-тәсілдерін үш топқа бӛлуді ұсынды:
* оқу-танымдық шығармашылықты іске асыру және ұйымдастыру әдісі;
* оқу-танымдық шығармашылықты негіздеу және ынталандыру әдісі;
* оқу-танымдық шығармашылықтың нәтижелілігін бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау әдісі.

Ю.К.Бабанскийдің жіктеуіне сәйкес, оқу-танымдық шығармашылықты ұйымдастыру әдіс-
тәсілдерінің тобына тӛмендегідей әдістерді жатқызуға болады:
* перцептивтік (оқу ақпаратын сезім мүшелері арқылы қабылдау);
* ауызша (дәріс, сұхбат, әңгімелесу, жаттығулар және т.б.);
* кӛрнекілік (кӛрсету, иллюстрация, презентация және т.б.);
* тәжірибелік (тәжірибе, жаттығу, тапсырмаларды орындау);
* логикалық, яғни ойлау іс-әрекетін ұйымдастыру және іске асыру (индуктивтік, дедуктивтік,
* аналогиялық және т.б.);
* гностикалық (зерттеушілік, ізденушілік, репродуктивтік);
* оқу іс-әрекетін ӛз бетімен басқару (құрал, кітаппен ӛз бетімен жұмыс істеу т.б.);
* білім берудің ойын түріндегі әдіс-тәсілі (рӛлдік ойындар, идеялар генерациясы т.б.);
* бағдарламаланған білім беру әдісі;
* компьютерленген білім беру әдісі;
* гипнозедиялық әдіс (гипноздық ұйқы кезіндегі білім беру);
* ситуациялық әдіс (жағдайлық тапсырмаларды шешу, әр түрлі жағдайларды бейнелеу т.б.);
Білім алуға ынталандырушы әдіс-тәсілдерге мыналар жатады:
* оқуға деген қызығушылығын қалыптастыру әдіс-тәсілдері (танымдық ойындар,
пікірталастар, мәселелік жағдайлар туғызу т.б.);
* оқуға деген жауапкершілік пен міндеттілікті қалыптастыру әдіс-тәсілдері (ынталандыру,
мақұлдау, жазғыру т.б.)
Бақылау және ӛзін-ӛзі бақылау әдіс-тәсілдеріне - студенттердің білім деңгейін бағалауды
ұйымдастыру емтиханды ауызша, жазбаша және компьютерленген түрде тапсыру, ептілік пен
дағдыны бағалау жатады.

7. Оқытушы мен студенттің рӛлдерін, сонымен қатар оқу үрдісі кезіндегі ӛзара қарым-
қатынасын негізге ала отырып, білім беру әдіс-тәсілдері үш үлкен топ құрайды:
1. Пассивті әдіс-тәсілдер
2. Белсенді әдіс-тәсілдер
3. Интерактивті әдіс-тәсілдер

Пассивті (селқос) әдіс-тәсіл дегеніміз - оқытушы негізгі ықпал етуші тұлға және сабақ
барысының басқарушысы, ал студенттер оқытушыға тәуелді, селқос тыңдаушы рӛлін атқаратын
оқытушы мен студенттің арасындағы қарым-қатынас формасы. Пассивті сабақ барысында
оқытушының студентпен байланысы сұрақ-жауап, ӛзіндік бақылау жұмыстары, тест жұмыстары,
т.б. арқылы жүзеге асады. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың кӛзқарасы жағынан
және селқос әдіс арқылы студенттердің оқу материалдарын меңгеруі нәтижесіз, бірақ, соған
қарамастан, оның да кейбір жақсы жақтары бар. Ол оқытушы жағынан сабаққа жеңіл дайындық пен
сабақтың шектеулі аз уақытында ӛте үлкен мӛлшердегі оқу материалын жеткізу мүмкіндігі.
Осындай жақсы жақтарына қарай отырып, кӛптеген профессор-оқытушылар құрамы басқа әдіс-
тәсілдерге қарағанда селқос әдіс-тәсілді қолдап келеді. Кейбір жағдайларда, әсіресе студенттер
пәнді оқуға бағытталған нақты мақсатты алдына қойған кезде, бұл әдіс тәжірибелі педагогтардың
қолында сәтті іске асуы мүмкін. Дәріс - селқос әдіс-тәсілдің ең кең тараған түрі болып табылады

Белсенді әдіс - сабақ барысында оқытушы мен студент ӛзара бірлесе әрекет ететін және бұл
жерде студент пассив (селқос) тыңдаушы болып қалмай, белсенді түрде қатысып отыратын,
оқытушы мен студенттің ӛзара әрекеттесу формасы. Егер пассивті әдісте негізгі әрекет етуші және
сабақ менеджері оқытушы болса, бұл жерде оқытушы мен студент тең құқыққа ие. Егер оқытудың
пассивті әдісінде ӛзара әрекеттесудің беделге бағытталған стилі ұсынылатын болса, белсенді әдісте
демократиялық стиль басымырақ. Кӛптеген зерттеушілер белсенді және интербелсенді әдіс арасына
теңдік белгісін қояды, алайда, ортақ жақтары кӛп болғанына қарамастан, олардың
айырмашылықтары да кӛп. Интербелсенді әдісті, қазіргі белсенді әдістердің неғұрлым жаңашыл
формасы ретінде қарауға болады .

Интерактивті әдіс. Интерактивті (Inter - ӛзара, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУ САПАСЫН БАҚЫЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Мүмкіндігі шектеулі балаларға қоғамның көзқарасының дамуы
Кәсіптік білім берудің қазіргі технологиялары.
Заманауи білім беру технологиялары негізінде оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру
Бейіндік оқытудың инновациялық әдістері
Білім беру технологиялары негізінде мектеп жасына дейінгі білім алушылардың қабілеттерін дамытып қалыптастырудағы педагогика ғылымындағы зерттелу теориясы
Бастауыш сыныпта оқыту технологиялары арқылы балалардың шығармашылықтарын қалыптастыру
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқару
Жоғары оқу орындарындағы инновациялық білім беру үдерістерін басқаруды кәсіби қалыптастыру. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Пәндер